Дәріс 2 тақырып: азық-ТҮлік тауарларының жіктелуі және сапасы мен сақталуы дәріскер



бет1/6
Дата11.01.2022
өлшемі195,5 Kb.
#110717
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 ДӘРІС ТАУАР
Лурия ілімі (1), 000358b5-adf7d0f0, Русский 108, Матем СӨЖ, СӨЖ психо

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ Тағам өнімдері технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы 6В07207 - «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандығы

  • «Азық-түлік тауарларын тану» пәні
  • ДӘРІС 2
  • ТАҚЫРЫП: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ
  • САПАСЫ МЕН САҚТАЛУЫ
  • Дәріскер:
  • т. ғ. к., қауымдастырылған профессор С. Қозықан
  • Кілт сөздер: Азық-түлік тауарларының жіктелуі, сапа, сақтау
  • Дәрістің мақсаты: Азық-түлік тауарларының жіктеу және сапасы мен сақталуы туралы мағлұматтармен танысу
  • Дәрістің жоспары:
  • Азық-түлік тауарларын жіктеу
  • Азық-түлік тауарларының сапасы
  • Азық-түлік тауарларын сақтау және сапасына әсер ететін факторлар
  • Азық-түлік тауарларының шығындары
  • Азық-түлік тауарларының жіктелуі
  • Азық-түлік тауарлары жалпы немесе сипатты белгілері, тауарлардың шығу тегі, олардың химиялық құрамы, тағайындалуы, пайдалануы және т.б. көрсеткіштері бойынша топтарға немесе класстарға бөлінеді.
  • Азық-түлік тауарларын негізгі шикізат түріне қарай:
  • Дән-ұн тауарлары;
  • Жеміс-көкөніс тауарлары және саңырауқұлақтар;
  • Крахмал өнімдері;
  • Қант, бал, кондитер өнімдері;
  • Дәмдік тауарлар;
  • Тағамдық майлар;
  • Сүт тауарлары;
  • Жұмыртқа;
  • Ет ;
  • Балық тауарлары;
  • Тағамдық концентраттар.
  • Келтірілген жіктеу тауарларды топтастыруды негізгі шикізат бойынша қарастырады, бірақ оның жеке топтарын (дәмдік, кондитерлік тауарлар, майлар, тағамдық концентраттар) бұл белгі бойынша қосуға болмайды. Бұл классификация сауда тәжірибесіне жақын болғандықтан, оқу орындарында тауартану курсын оқуға ыңғайлы және кеңінен қолданылады.
  • Топ шегінде тауарларды шикізат түріне, өндіру технологиясына, рецептурасына, сапасына және басқа белгілеріне байланысты түрге, сортқа, ал кейде одан да майда жіктеу топтарына (нөмір, марка, т.б.) бөледі. Мысалы, жарманы дәнді дақыл түріне байланысты түрлерге бөледі: қарақұмық, тары, сұлы және т.б.. Өңдеу әдісіне байланысты жарманың әртүрлі түрі болады: ажарланған, бүтін және майдаланған. Сапасына қарай жарма түрлері тауарлық сорттарға бөлінеді: жоғары, І-ші, ІІ-ші. Яғни тауарлық сорт тауардың сапалық белгілерімен анықталады.
  • Тауартануда кейбір тауар қатары үшін (жеміс, көкөніс, дақыл, балық) биологиялық қабылданған классификация қолданылады. Мысалы, балықты - тұқымға, текке, түрге, бөледі, ал дақылдарды – түрге, сортқа бөледі.
  • Тауарлық сорттарға қарағанда табиғи сорттар ботаникалық белгілер бойынша топтастырылған және белгілі бір аттары бар. Мысалы, жемістердің табиғи сорттары – помологиялық, жүзімдікі – ампелографиялық, көкөністердікі – шаруашылық–ботаникалық деп аталады.
  • Саудада кейбір азық-түлік тауарларын шартты түрде бакалея және гастрономдық деп топтастырады. Бакалеяға ұн, жарма, крахмал, қант, макарон өнімдері, шай және шай сусындары, кофе және кофе сусындары, тұз, ашытқы, сұйық май, сірке қышқылы, дәмдеуіштер жатады.
  • Гастрономдыққа тұтынуға дайын тауарлар – шұжықтар, қақталған ет, қақталған балық, ет және ет балық консервілері, сырлар, сиыр майы, қоюландырылған сүт, шыныдағы және пакеттегі сүт, алкогольді сусындар және кейбір тұздықтар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет