Зороастризм – қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі. Дінді Заратуштра деген адам негізін қалаған. Зороастризм дінінің негізгі табынатын стихиясы – от, қысқаша айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың отпен аластауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші бір қағидасы-дүние екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратыны туралы ұғым. Мысалы, пайдалы-зиян, адал-арам, ақ-қара, жақсы-жаман, т.б. Қазақстан жерінде зороастризм қалдығы Тараздағы Тектұрмас жерлеу орнынан табылған. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жаслаған ыдысқа күлін салып қоятын болған.
Тәңірлік дін
Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түрік заманынан бері белгілі. Көне түріктер “Бір Тәңір” деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды-жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды жаратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір аспандық күш. Бұл жағынан алғанда, тәңір кейінгі мұсылмандық “Алла”, “құдай” ұғымдарына жақын келеді. Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды-жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизм құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар.
Буддизм
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мұқан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Түркі қағандарын буддизмнің “ Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе” деген уағыздары қызытырған болу керек. Будда храмдары Жетісу жерінде Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда табылды.
Несториандық
Қазақ жерінде V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты “құдай емес,-адам, құдайдың жердегі өкілі ғана” дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Христиан дінінің осы ағымы VII-VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде таралып, христиандық шіркеу көптеп салынған. Алдымен христиандықты қарлұқтар қабылдаған. Шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т.б. Қалаларды қазғанд табылды.XIV ғасырда қазақ жерінде болған Рубрук Қойлық қаласында қассиетті Матвейдің монастірі болғанын хабарлайды.
Манихейлік
Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де тараған. Манихей – будда, зороастризм, шаманизм, христиандық діндірдің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопатамиялық жазушы, суретші Мани деген адам ойлап тапқан. Оның қасиетті қағидалары “ Бал ашу кітабында жазылған”. Қазақ жерінде манихейлік діннің орталығы Тараз болған. Манихейліктің негізгі қағидасы-дуализм, ол бойынша дүниеде екі күш бар, оның бірі адалдық күші, екіншісі – арамдық күші. Өмір осы екі қарама-қарсы күштердің күресінен тұрады. Манихейлік дін адамды аскетизмге тәрбилеп, бұл дүниенің қызықтарынын бәрінен бас тартуға шықырады. Олардың ілімі бойынша, үйленуге, бала сүюге, ыстық қанды хайуанаттардың етін жеуге болмайды. Тек суық қанды – жылан мен бақаның, шөп тағамдарды ғана жеуге болады
Ислам
Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам алдымен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға тарады. X ғасырда ислам діні Қарахан мемлекетінің ресми діні болып жарияланды. Ислам діні өте икемшіл дін. Ол Құранда жазылған уағыздар, шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіре отырып, сол халықтардың жергілікті әдет-ғұрыптарына икемделе білген, олармен санасқан. Мұсылмандық: Сүннит, шииттік болып екіге бөлінеді. Қазақтар оның сүнниттік бағытына жатады.
Мұсылмандық этикасының, мәдениетінің қазақ жеріне таралуына әл-Фараби ат- Түрки, әл-Қимани, Исхан әл-Фараби, әл-Жаухари, Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи, т.б. Өлшеусіз еңбек еткен.
Ислам діні – қазақтарды мұсылмандық мәдениетке жақындастырып,ғылым – білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбилеуі – қалың бұқара арсында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасайды.