УДК 7.012
Дизайндық логотип жасаудың көркемдік ерекшеліктері
Есеналиева Д.Б. магистр-оқытушы, Жармұханбетова А. студент.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы. dinadar_78@mail.ru
Резюме: В статье рассматривается художественные особенности дизайнерского логотипа.
Ключевые слова: дизайн, логотип, оформление, дизайнер, принципы.
Resume: In the article examined artistic features of designer logotype.
Keywords: design, logotype, registration, designer, principles.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында - Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы [1].
Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда. Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады. Дизайн стиль қалыптастыру процесінде көркемдік пішін қалыптастырудың әр түрлі оспектілеріне тікелей қатысты бола отырып, ұлттық дәстүрді де есепке алады [2].
“Дизайн” атауы 1928 жылы АҚШ–та пайда болды. Дизайнның терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандардан-ақ қалыптасқан [3]. Дизайн – көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.
Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс – тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Қоғамдық – мәдени өмірде дизайнның қолданылмайтын орны сирек. Дизайн өнері орындалу тәсіліне және қолдану саласына байланысты көптеген түрлерге бөлінеді: өндірістік дизайны, қоршаған орта дизайны, графикалық дизайн, киім дизайны, интерьер дизайны, экстерьер дизайны, көркемдеп құрастыру дизайны, жиһаз дизайны, гүл дизайны, компьютерлік дизайны т.б [4].
Болашақ дизайнер өнерінің негізін жобалау графика жолмен қалыптастыруда, берілген көрінісін дизайнның көлемді-кеңістікті түрде құрастыру, композицияның тұтастығын ұстай отыра көркем-мәнерлі орындау. Дизайн маманы бірнеше мамандықтарды кәсіби денгейде оқу процесі барысында қалыптастыра алады. Ол жергілікті жердің, ұлттық дәстүрін ескере отыра көркем безендірілген дизайнын құру, дизайнерлік ойдың өркендеу тарихын жақсы білу, үйдің ішкі-сыртқы құрлымын жақсы меңгеріп игеру қажет.
Сондықтан дизайнның қоғамдық өмір мен өнеркәсіптің, өндіріс пен тұтынушының арақатынасындағы рөлі мен маңызы үлкен, дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады
Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Сонымен қатар қазіргі таңда фирмалардың, жеке кәсіпкерлердің өзіндік логотипін жасау–дизайн өнерімен тығыз байланысты. Осының негізінде өзіндік логотип жасаудың қыр- сырларының маңызын ашу.1.Әлемдік брендтік логотиптерді зерттей келе, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дизайны өнеріне өз тарапымыздан үлес қосу.2. Жас дизайнерлерге өзіндік қолтаңбасы бар логотип жсаудың жаңа қырын таныту. Болащақ дизайнерлердің жасалған логотиптерін көрсету.
Логотип (грек тілінен аударғанда -сөз, таңба) – графикалық белгі, эмблема және рәміз, фирманың немесе ұйымның өз тауарын (өнімін, бұйымын) таңбалау үшін ұдайы пайдаланатын тауар белгісі. Өндірушінің мүдделерін дәл де анық білдіруге тиіс. Логотип термині 19 ғасырдың басында лиготура терминінің синонимы ретінде типографияда пайда болды. Яғни ол екі немесе үш қаріптің біріккен түрінен шықты. Оның пайда болуына өндірістегі өнімнің өсуі, бәсекелестік пен экспортқа шығуы себеп болды.
Тұңғыш ресми тіркелген логотип –Bass фирмасының қаріпті тауар белгісі болды. Ол 1876 жылы қаңтардың 1 күні Британдық паттенті бюрода тіркеліп рәсімделінді.Бұл фирманың логотипі осы күнге дейін қолданыста. Қызықтысы әлемдегі атақты логотиптердің пайда болуына суретшілер мен дизайнерлерге еш қатысы жок, қарапайым адамдардың көмегімен пайда болды.
Логотип – компанияның маңызды элементінің бірі. Логотип бірінші орында сауда нарығында компанияларды анықтау үшін қолданылады. Рәсімделген сауда белгісі компанияны арзанқол бәсікелестіктен құқығын қорғайды. Логотипы немесе сауда белгісі бар компаниялар өнімнің сапалығына кепілдік береді. Логотип — компанияның айнасы саналады. Бұл тек символ емес, біз ойлағаннан салмақты жүк арқалайды. Сәтті логотип брендке айналып, тұтынушылар санын арттыратыны сөзсіз. Ал, тұтынушысы көп компания құлдырауға жиі ұшырамайды. Одан бөлек әр компанияның белгісі астарында өзіндік бір сыр жасырынып жатады. Бүгін сіздерге ұзақ жылдан бері өзінің нақты бір атын қалыптастырған логотиптер мен құрылғанына көп болмаса да, нарықтағы брендке айналған белгілерді тізімдейтін боламыз [5].
Логотиптің көптеген түрлері бар. Жалпы оларды 4 түрге бөліп қарауға болады – таңбалы,мәтінді, аралас, эмблема және әріптік-сандық.
Таңбалы логотип – кәсіпорындар арасындағы ең бір танымыл логотиптердің бірі болып табылады. Логотип көбінесе дерексіз,таңба түрінде ұсынылады. Логотиптің артықшылығы,оны оңай қабылдайды және сол таңба арқылы адамдар ойша белгілі бір тұжырым жасай алады.
Мәтінді логотип – стильдендірілген қаріп түрінде ұсынылады.Сонымен қатар көбінесе кішігірім графикалық элементтерде қолданылады.Бұл логотиптің артықшылығы, ол оңай есте сақталады және бәсекелестерінің арасында ерекшеленуге көмектеседі,әсіресе ол қаріптің басқа түрін қолданылса.
Аралас логотип – бұл логотипте мәтін және белгілерде қолданылыды. Бұл логотиптеде алдыңғы атап өткен екі логотиптің артықшылықтары қолданылады. Ал графикалық элемент логотипті есте қаларлықтай етіп көрсетуге және компанияның атын ерекшелендіруге көмектеседі.
Эмблема – логотиптің бұл түрі компанияның атауын белгілі бір өнер туындысының аясында жазылады. Бұл ең бір қиын логотиптің түрі.
Әріпті – сандық логотипте белгі қолданылады, ол белгіде компания атауының бірінші әріпі көрсететіледі. Көптеген компаниялар осы логотиптің түрін қолдануды жөн көреді,себебі компанияның атауы қиын оқылатын болса бастапқы әріпі компанияны жақсы суреттейді.
Логотип кескіндері
Дөңгелек – қауым,бірлік, достық.
Шеңбер - беріктік,батылдық.
Қисық - икемділік,серпімділік
Шаршы – тұрақтылық.
Үшбұрыш – куш, білім.
Тік сызық – төзімділік,беріктік.
Көлденең сызық – тыныштық,бейбітшілік.
Сауда орталықтарына бара қалсақ, әйгілі брендтердің логотиптерінен көз ала алмай жүреміз. Олардың әрқайсысының астында тарих, мән-мағына бар. Бірі бренд негізін қалаушының есімімен, бірі аяқ астында болған оқиғамен байланысты. Көздің жауын алатын әрі құпияға толы логотиптердің мағынасын осы жазбамыздан оқи аласыздар [7].
Lacoste – әлемдегі беделді әрі стильді брендтердің бірі. Бұл атауды естігінде, ойымызға бірден кішкентай ғана қолтырауынның бейнесі келеді. Бұл қолтырауынның тарихы мынада: брендтің негізін қалушы Жан Рене Лакост (Jean Rene Lacoste) 1993 жылға дейін, яғни, компанияны құрғанға дейін, теннис ойынының спортшысы ретінде танымал болатын. Сол кездегі Жан Рененің лақап аты Аллигатор еді. Компанияның логотипін ұсынар сәтте Жан Рене күтпеген жерден осы кішкене ғана жасыл қолтырауынды бейнелеген екен. Содан бері бұл қолтырауын Lacoste даңқын көтеріп жүр.
Ал мына Polo Fashions компаниясының логотипінің астарында қандай мағына бар екен? 1968 жылы Белоруссиядан шыққан еврей азаматы Ральф Лившиц (Ральф Лорен) Polo Fashions компаниясының негізін құрайды. Компанияның логотипінде ат үстінде поло ойнап келе жатқан адамның сұлбасы бейнеленген. Ральф Лореннің айтуы бойынша, поло ойыны оған дәулеттің, байлықтың белгісі ретінде көрінеді екен. Бала кезін аштықпен өткізген Ральф әлеуетті ортада даңқы асқан тұлға болғысы келген. Ал бүгінгі таңда Ральф Лорен өз арманына жетті.
Paul & Shark компаниясының атауы аяқ астынан қойылған. Бір күні компанияның негізін қалаушы Жан Людовико Динидің Paul & Shark деген жазуы бар яхтаға көзі түседі. Яхтаның атауы Жан Людовикоға ұнаған болса керек, компаниясын өз есімімен байланыстырып, алғашында, Dini&Shark деп атайды, кейіннен, Paul & Shark атауына ие болды. Компанияның фирмалық түсі – теңіздің түсі: көк және көгілдір түстің реңктерінен құралған.
Fendi италиялық сән үйінің логотипі екі әріптен құралған: бірі – F, енді бірі – «төңкерілген» F. Компанияның негізін қалаушылар – ерлі-зайыпты Эдуард және Адэль Фенди. Логотиптің идеясын ұсынған Карл Лагерфельд қос жұптың тектерін негізге алған екен.
Спорт әлемінде Nike компаниясының алатын орны ерекше. Бұл компанияның логотипінде әдемі жазу мен қанат бейнесі суреттелген және оны Ники есімді жебеуші әйелдің қанатымен байланыстырады. Логотипті 1971 жылы Портленд университетінің студенті Кэролайн Дэвидсон салған, және осы еңбегінің ақысы ретінде небары 35 АҚШ долларын берген. Бұл эмблема жарияланған бойда, бренд тез танымал бола бастады. Содан соң, 1983 жылы Nike компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Фил Найт логотип авторы Кэролайнға логотип бейнеленген алтын жүзік пен компания акциясының белгілі бір мөлшерін сыйға тартқан [8].
Дизайнерлік логотипті құрудағы қағидалар
Қарапайымдылық :
Қарапайым логотип жақсы қабылданады және есте сақталады. Сонымен қатар қарапайым логотип жақсы оқылады және аз мөлшердеде жақсы танылады. Қарапайым логотип тануға оңай: тапсырыс беруші клиенттердің сұранысына ыңғайлы, тиімді. Қарапайым логотипті жасауда бөлшектерді, қаріп пен түстерді аз қолданады.
Есте қалу:
Әсерлі логотип есте қаларлықтай болуы керек және оған қарапайымдылықтың арқасында қол жеткізеді. Бұл қағида логотипте маңызды рөл атқарады. Есте қаларлықтай логотипте айқын көрінетін элемент болуы қажет немесе есте қаларлықтай таныс бірдеңемен байланысты болуы керек.
Төзімділік:
Логотип уақыт сынағына қарсы тұрып, болашақтада қолданатынданыста болуы қажет. Дұрыс жасалған логотип 10,20,50 жыл өтседе өзекті және әсерлі болып қалады.
Әмбебап:
Логотип кез-келген қолданыста жақсы көрінуі керек (фирмалық бланкіде,жарнамада,сайттарда) және әртүрлі көлемде. Осы себептіде логотипті векторлық форматта жасап шығару керек,сол кезде кез-келген масштабта сапасын жоғалтпайды [9].
Қазіргі уақытты белгілі брендтердің өз логотиптері бар: Chanel, Cucci, Calvin Klein, VERSACE, Dior және Қазақстандық дизайнерлердің ішінен Aida KaumeNOVA логотипін атап кетуге болады.
Қорыта келе болашақ дизайнерлер әлемдік деңгейде өз орнын табу мақсатында әр қайсысының жеке логотипі болуы керек деген тұжырымға келдік.
Пайдаланған әдебиеттер
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы . Астана, 2014
Әділханова М. Шығармашылық дербестік қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы. Алматы. Қазақстан мектебі №8/2011-38-39б.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Майкл Эвами- Самые современные разработки. Logo. Создание логотипов.
Дэвид Эйри. Логотип и фирменный стиль. Руководство дизайнера.
Борис Поташник. Дизайн логотипа.
Жан Патернотт. Разработка и создание логотипов и графических концепций.
.
Достарыңызбен бөлісу: |