Дойбы – ежелгі тарихи ойын. Ең ежелгі дойбы ойынауға арналған құралдар мысыр, ежелгі рим және русьтегі киев аймақтарындағы қазбалардан табылған. Ежелгі римде дойбы ойыны “латрункул” деген атауға ие. Бұл латын сөзі “латро” , қазақшаға аударғанда сарбаз, жауынгер деген мағына береді.
Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған. Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Қазақтан бірінші болып дойбыдан спорт шеберлігіне кандидат болған – Шәкір Әлімбайұлы Жамбыршин
Қызықты ақпарат Күнделікті өмірде ойнап жүрген дойбы “тексіз дойбы” болып есептеледі. Ал “текті дойбы” дегеніміз тек қана хандар мен билер ойнайтын дойбы .Ойынның негізгі атауы «Қазақтың дана би дойбысы». Бірақ, кейіннен халыққа түсінікті болуы үшін арнайы «Хан дойбысы» деген атау берген. Йә, бұл дойбыны тек хандар ойнаған. Ал қара халықтан ойын ережесі құпия ұсталған. Себебі бұл ойынның барлық жүрісі мен қозғалысы хандықтың саясатына тікелей қатысты. Хандар мен билердің ұстанған саясаты, ел басқаруы, жаза қолдану, экономиканы көтеру мен соғыс ашу, бейбіт келісімге келу, көтеріліс жасау, төрелік ету бәрі – бәрі осы ойынға жинақталған. Сол себепті хандар бұл ойынды өте құпияда ұстады.