Әдістемелік нұСҚаулық Талдықорған қаласы


Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібі



бет6/6
Дата31.12.2019
өлшемі1,21 Mb.
#53989
1   2   3   4   5   6

2. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерін адрестеу тәртібі

      7. Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын ала және/немесе тұрақты мекенжайлар беріледі.

      8. Алдын ала мекенжай:

      жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне;

      пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге;

      пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге;

      бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі.

      Жылжымайтын мүлік объектісінің алдын ала мекенжайы туралы ақпарат «Мекенжай» АЖ-да тіркелуге тиіс.

      9. Тұрақты мекенжай:

      барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған, пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттарға, құрылыстарға, бұл ретте бағбаншылық (саябақ) объектілерін адрестеу пайдалануға берусіз сәйкестендіру құжатының негізінде жүзеге асырылады;

      гараждарға, ғимаратқа жапсарлас, жанастыра, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларға, тұрғын үй-жайларға, мансардтық қабаттарға;

      Заңға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілерге;


      меншік құқығы тіркеуші органдарында тіркелген, ғимарат пен құрылыстарды салу және пайдалану үшін берілген жер учаскелеріне беріледі.
      10. Мыналарға:

      өз бетімен тұрғызылған объектілерге;

      жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық құрылыстарға мекенжай берілмейді.

      11. Мекенжайды қалыптастыратын негізгі белгілерге мыналар жатады:

      1) әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтитын әкімшілік-аумақтық бекіту;
      2) мыналарды қамтитын қала құрылысына бекіту:

      елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы;

      жылжымайтын мүлік объектісінің нөмері;

      мекенжайдың тіркеу коды.

      12. Елді мекеннен тыс автомобиль жолының жол бойы жолағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:

      облыс атауын;

      аудан атауын;

      ауылдық округ атауын;

      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;

      автомобиль жолының атауын;

      автомобиль жолының басталуынан километрмен арақашықтықты және құрылыс/ғимарат нөмірін қамтиды.

      13. Қоныстарда (халқының саны 50 адамнан кем) орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:

      облыс атауын;

      аудан атауын;

      округ атауын;

      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;

      қоныс атауын;

      ғимарат/құрылыс атауын қамтиды.

      14. Қоныстарда көшелер болса, объектінің мекенжайында көше атауы да көрсетіледі.

      15. Шаруа қожалықтары, демалыс аймақтары (базалар), лагерьлер, фермалар және басқа қоныстарда орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:

      облыс атауын;

      аудан атауын;

      округ атауын;

      оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын;

      қоныс (демалыс аймағы (база), лагерь, ферма және т.с.с.) атауын;

      ғимарат/құрылыс нөмірін қамтиды.

      16. Өндірістік ғимараттар мекенжайы:

      облыс/республикалық маңызы бар қала атауын;

      аудан/республикалық маңызы бар қала ауданының атауын;

      округ атауын (бар болса);

      елді мекеннің атауын;

      елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауын қамтиды;

      ғимараттар мен құрылыстар нөмірі, блоктарға, корпустарға бөлінген жағдайда қосымша элементтерді көрсете отырып, тиісті нөмір беріледі.

      17. Гараждың, саяжайдың (бақшалық учаскенің) мекенжайы:

      әкімшілік-аумақтық бірлік атауын;

      гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооператив (қоғам) атауын қамтиды, көшелерге (кварталдар, қатарлар) бөлінген жағдайда, көшенің (кварталдың) атауы, қатардың (бокстың) нөмірі бос орын арқылы көрсетіледі.

      18. Мекенжайды жазуда елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы толығымен айтылады.

      19. Елді мекендегі елді мекеннің құрамдас бөлігінің тізбесі электрондық және қағаз түрінде атаулары мемлекеттік және орыс тілдерінде, атаулар транскрипциясы мен құжат-негіздеме көрсетіле отырып жүргізіледі.

      20. Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Елді мекендегі бір елді мекеннің құрамдас бөлігіне бірнеше атау беруге және бір санаттағы елді мекеннің бірнеше елді мекеннің құрамдас бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.

      Даңғыл (көше, орам, өтпе жол) айналымы отыз градустан артық болған жағдайда, айналым орнынан бөлек атау беруге рұқсат етіледі.

      22. Елді мекеннің құрамдас бөліктері табиғи бөгеттермен (өзендер, аңғарлар) бөлінген жағдайда пайда болған учаскелерге жеке атау беруге рұқсат етіледі.

      23. Елді мекен шегінде елді мекеннің құрамдас бөліктері біріктірілген жағдайда елді мекеннің біріктірілген құрамдас бөліктеріне осы елді мекеннің құрамдас бөліктерінің бірінің атауы беріледі.

      24. Объектінің реттік нөмірі объектілерді пайдалануға беру және/немесе қате мекенжайлық деректерді реттеу және жою мақсатында елді мекен аумағындағы объектілерге кешенді түгендеу жүргізу барысында беріледі.

      25. Оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай құрылыстың үздіксіз бағытын түзеген ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмір беру тиісінше оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай елді мекеннің құрамдас бөлігінің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізіледі.

      26. Әртүрлі санаттағы елді мекеннің құрамдас бөліктерінің қиылысында орналасқан ғимараттарға көшелердің жіктегішіне сәйкес жоғары санатты елді мекеннің құрамдас бөліктері бойынша реттік нөмір беріледі.

      27. Тең санаттағы елді мекеннің құрамдас бөлігінің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбеті шығатын елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі бірдей қасбеті шығып тұрса, реттік нөмір елді мекеннің орталығы бағытына қарай жүретін елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша беріледі. Егер ғимараттың басты қасбеті аула ішінде орналасқан болса, ғимарат созылып жатқан бойдағы елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі.

      28. Алаң периметрін түзуші ғимараттарға реттік нөмір беру елді мекеннің орталық жағындағы басты жолдан бастап сағат тілі бағыты бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштық ғимаратта басты қасбеті бар және жалғасушы елді мекеннің құрамдас бөлігі бойында едәуір созылып жатса, оның нөмірленуі елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша жүргізіледі.

      29. Осы Қағидалардың 25-тармағын орындау мүмкін болмаған, елді мекен аумағында жаңа құрылыс жолмен қалыптасқан жағдайда, сол аумақтағы реттік нөмірлерді кері тәртіппен, яғни елді мекеннің құрамдас бөлігінің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен солтүстіктен оңтүстікке немесе шығыстан батысқа қарай беруге болады.

      30. Елді мекендердің құрамдас бөліктерін біріктірген немесе бөлген жағдайда, осы Қағидалардың 25, 26, 27, 54 және 56-тармақтарына сәйкес көрсетілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінде орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды қайта нөмірлеу жүргізіледі.

      31. Жеке меншік, жерді пайдалану (жалға) құқығындағы немесе басқа мүліктік құқықтағы жеке немесе заңды тұлғаға тиісті жер учаскесіне бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектісін қосымша тұрғызған жағдайда, әрбір объектіге сол реттік нөмір беріледі, бірақ корпус немесе құрылыстың (шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке арналған жеке меншік үй жанындағы жер учаскесінде орналасқан құрылысты қоспағанда) қосымша нөмірі қосылады.

      32. Құрылыс салынған жер учаскесіндегі негізгі ғимарат айқындалады, оған қатысты осы аумақта орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды нөмірлеу жүзеге асырылады.

      33. Бір жер учаскесінде бірыңғай сәулет ансамблін құрушы немесе бір сәулет-құрылыс кешенінің бөлігі болып табылатын екі немесе одан да көп объект тұрғызылған жағдайда осы объектілердің реттік нөмірі негізгі ғимараттың нөмірінен корпустың қосымша нөмірінен тұрады. «Корпус» белгісі олар орналасқан жер учаскесі аумағын функционалдық пайдалануды ескере отырып, ғимараттың функционалдық мақсатына және жақын тұрған ғимараттардың қалыптасқан нөмірленуіне байланысты қажеттілік бойынша анықталады.

      Бұл ретте, ғимаратты нөмірлеу негізгі ғимараттың орналасқан жерін ескере отырып, жер учаскесінің аумағына негізгі кіру жолынан бастап жүргізіледі.

      34. Егер объект орам ішінде орналасқан және объектінің ешбір қасбеті көшелерге шықпаған болса, объектінің реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сандар қосылады. Бұл ретте, негізгі реттік нөмір болып объектінің тиісті нөмірленуіне өте жақын объектінің реттік нөмірі жатады.

      35. Бөлшек белгісі арқылы жазылған цифр негізгі реттік нөмірі бар объектіден жойылу мөлшеріне сәйкес өседі. Бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін цифрлар немесе бас әріптер қосуға немесе бөлшек белгісі бар объектінің реттік нөміріне сызықша қосуға жол берілмейді.

      36. Жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне алдын ала мекенжай беріледі және олар мынадай деректемелерді қамтиды:

      әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы, елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы;

      жер учаскесінің реттік немесе жобалық нөмірі.

      37. Бірізді нөмірленген нөмірлері бар екі ғимараттың, құрылыстың аралығында орналасқан ғимараттарды нөмірлеу (объектілер қоюды), осы Қағидаларға сәйкес тиісті объектінің кіші нөміріне бөлшек белгісін қосу қолданыла отырып жүргізіледі.

      38. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алуға байланысты бұзу жүргізіліп жатқан аумақтарда жобаланушы ғимараттар, құрылыстар үшін реттік нөмірлерді резервке қойылады.

      39. Дербес объектілердің (ғимараттар, құрылыстар) белгілері бар жапсарлас салынған, жапсарлас-жанастыра салынған объектілерге негізгі ғимарат нөміріне әріп қосу арқылы дербес реттік нөмір беріледі (қосымша символдар (бос орын, сызықша, бөлшек және т. б.) қолданусыз).

      40. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерге реттік нөмір ғимараттың басты қасбетінен сағат тілі бойымен (төменнен жоғары) беріледі. Нөмірлеу 1-ден (бірден) басталып, әрі қарай рет бойынша, ғимараттың басты қасбетінен сол жақтағы (бірінші) кіреберістен басталуы тиіс. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерге нөмірлеу жүргізу, жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі пайдалануға берілгеннен кейін жасалады.

      41. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне санатына байланысты кейінгі объект түрі беріледі (пәтер, ішкі үй-жай, жанастыра салынған үй-жай).

      42. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне кейінгі объектінің түрі көрсетіле отырып, үй-жайдың реттік нөмірі беріледі.

      43. Жанастыра салынған жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне ол орналасқан негізгі ғимарат нөміріне тіркелген жанастыра салынған үй-жай нөмірі беріледі. Жанастыра салынған жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне негізгі ғимараттан ерекшеленетін дербес реттік нөмір берілмейді.

      44. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерін біріктірген кезде біріктірген объектіге үлкен нөмір беріледі, мұнда кіші нөмір резервте қалады. Кейінгі объектілерді бөлген кезде резервтік нөмір болмаған жағдайда, бөлінген объектіге жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісінің бұрынғы нөмірі кіші әріптік жазбаны біріктіре отырып беріледі.

      45. Бір объектіге бірнеше мекенжай, оның ішінде елді мекеннің бірнеше бөлігіне қатысты бұрыштық мекенжай беруге жол берілмейді.

      46. Объект тиісті шағын ауданның белгіленген шекараларында орналасқан жағдайда шағын аудан атауы объект мекенжайына қосылады.

      47. Соған қатысты объект нөмірленетін елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы елді мекен көшелері атауларының тізбесіне сәйкес белгіленеді.

      48. Мекенжай бір объектінің әртүрлі бөліктері үшін ортақ болып табылады.

      49. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы толық жазылады.

      50. Сәулет және қала құрылысы органы:

      1) қате адрестеу деректерінің болуын анықтау немесе ретке келтіру және жою мақсатында елді мекен аумағындағы МҚҚ ААЖ кезекші жоспарға (болған жағдайда) объектілерді түгендеу деректерін енгізе отырып, объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді;

      2) бұзылған ғимараттардың мекенжайларын жойып, сондай-ақ оған жаңа мекенжай беріп, осы учаскелерде қайта салынған ғимараттардың есебін жүргізеді;

      3) атау беру кезінде пайдаланылатын жол мен көше санатын қоса алғанда, атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын айқындайды;

      4) елді мекендер аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестігін жүзеге асырады;

      5) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты тіркейді және елді мекеннің МҚК ААЖ кезекші жоспарына (болған жағдайда) және «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға енгізеді;

      6) «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға МТК кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын қалыптастырады;

      7) сәулет және қала құрылысы органының бұйрығымен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмір береді;

      8) елді мекендердің құрамдас бөліктерінің:

    атауы жоқтардың;

      атаулары сәйкес келетіндердің;

      орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандардың;

      жеке бұйрықпен бекітілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінің алдын ала мекенжайының (жобалық нөмірінің) тізбесін қалыптастырады және оны елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, жою бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін тілдерді дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді;

      9) реттік нөмірді берген уақыттын бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тіркеуші органға, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін беру, өзгерту, жою туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады;

      10) бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайды уақытында беруді, өзгертуді және жоюды қамтамасыз етеді;

      11) бастапқы және кейінгі объектілерге алдын ала мекенжай (жобалық нөмір) береді.

      51. Алдын ала мекенжайдың атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы объектіге тұрақты мекенжай берілгенге дейін жазбаша түрде уақытша жобалық нөмір беру туралы жазбаша хабарламаны жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.

      52. Елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы бұйрықпен елді мекеннің құрамдас бөлігіне ресми атау берілгенге дейін уақытша жобалық нөмір береді.

      53. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесіне алдын ала мекенжай алу үшін сәулет және қала құрылысы органына жүгінеді. Жер учаскесін беру туралы шешімде объектінің алдын ала мекенжайы және МТК көрсетіледі.

      54. Елді мекеннің бір бөлігіндегі объектілердің нөмірленуі оннан артық бірлікке тоқтатылған (жоғалған) жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы қайта нөмірлеуді талап ететін объектілердің нөмірленуіне өзгерістер енгізуге бастама жасайды.

      55. Қате мекенжайлық мәліметтер (жылжымайтын мүлік объектілерінің нөмірлері) болған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы жылжымайтын мүлік объектісіне МТК көрсете отырып, дұрыс реттік нөмір береді.
     56. Жылжымайтын мүлік объектілерінің атауын жою түгендеу (әрбір ауланы және әрбір үйді тексеру) арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің жоқ екені анықталған кезде, сондай-ақ елді мекеннің құрамдас бөлігіне бекітілген жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін нақтылаған кезде сәулет және қала құрылысы органының жеке бұйрығымен жүзеге асырылады.

      57. Гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооперативтер (қоғамдар) құрамына кіретін гараждар мен саяжайлық (бақшалық) учаскелердің орналасқан жерін анықтауды өтініш берушілердің өтінімдері мен жергілікті атқарушы органның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ұсынған деректер бойынша сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.

      58. Объектілердің реттік нөмірі туралы ұйымдарда дайындалатын және шығарылатын деректер құжаттарын толтыру кезінде жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірлерін ерікті түрде жазылмайды.

      59. Мекенжай деректері жылжымайтын мүлік объектілерінің түгендеу деректерін (аулаларды, үйлерді аралап шығу) ескере отырып, елді мекеннің кезекші жоспарында, МҚК ААЖ (электрондық карта) (болған жағдайда) кезекші мекенжай жоспарында қалыптастырылады.

      60. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлық мәліметтерін сәулет және қала құрылысы органы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы елді мекеннің кезекші жоспарынан, МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспарынан (болған жағдайда) «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға апта сайын енгізеді.

      61. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрамдас бөліктерін, мекенжайларды алуды, өзгертуді, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың электрондық көшірмелерін сәулет және қала құрылысы органы бекітілген уақытынан бастап он жұмыс күнінің ішінде МҚК ААЖ-дегі елді мекеннің кезекші жоспарына (болған жағдайда) енгізеді және содан кейін ақпараттық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға жіберіледі.

      62. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын «Мекенжай тіркелімі» АЖ тіркеу елді мекен аумағында объект мекенжайының бар екенін растау болып табылады. Мекенжай тіркелімін растайтын құжат жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау туралы анықтама болып табылады.

      63. МТК жүйеге мекенжайды тіркеу сәтінде «Мекенжай тіркелімі» АЖ қалыптастырады. МТК әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекеннің құрамдас бөлігінің кодын, бастапқы және кейінгі (болған жағдайда) жылжымайтын мүлік объектілерінің нөмірлерін қамтиды.


Қазақстан Республикасының
аумағындағы жылжымайтын 
мүлік объектілерін адрестеу
қағидаларына 1-қосымша    

   


Елді мекендердің құрамдас бөліктері типтері атауларының тізбесі

1.

Көше

2.

Бульвар

3.

Аллея

4.

Алаң

5.

Даңғыл

6.

Желi

7.

Жол

8.

Жағалау

9.

Тұйық көше

10.

Өтпе жол

11.

Қыстау

12.

Орман шаруашылығы

13.

Әскери бөлiм

14.

Разъезд

15.

Станция

16.

Демалыс базасы

17.

Шағын аудан

18.

Орам

19.

Шекара бекеті

20.

Шоссе

21.

Даңғыл жол

22.

Cаяжай кооперативі

23.

Гараж кооперативі

24.

Алап

25.

Гараж қоғамы

26.

Саяжай қоғамы

27.

Трасса

28.

Гараж алабы

29.

Бау-бақша (Бағбаншылық) қоғамы

30.

Тұрғын үй алабы

31.

Учаске

32.

Өнеркәсіптік аймақ

33.

Бөлімше

34.

Кірме жол

35.

Шаруа қожалығы

36.

Бағбаншылық ұжымы

37.

Гараж иелерінің тұтыну кооперативі

38.

Тұтыну кооперативі

39.

Бағбаншылық серіктестігі

40.

Саяжай алабы

41.

Ферма

42.

Қоныс

43.

Аймақ

44.

Гараж тұтыну кооперативі

45.

Саяжай учаскелері иелерiнің тұтыну кооперативі

46.

Кеден бекеті

47.

Орман шаруашылығы

48.

Кардон

49.

Жеке гараж иелерінің тұтыну кооперативі

50.

Гараж-құрылыс кооперативі

51.

Бағбаншылардың, бағбаншылық серіктестіктерінің тұтыну кооперативі

52.

Заимка

53.

Алаңқай

54.

Аумақ

55.

Қиық

56.

Саяжай кешені

57.

Есептік орам

58.

Гараж пайдаланушылар кооперативі

59.

Кадастрлық орам

60.

Бау-бақша тұтынушылар кооперативі

61.

Бау-бақша қоғамы

Қазақстан Республикасының


аумағындағы жылжымайтын 
мүлік объектілерін адрестеу
қағидаларына 2-қосымша   

    


Адрестеу кезінде пайдаланатын жылжымайтын мүлік объектілері
типтерінің тізбесі


1.

Тұрғын үй қоры

2.

Өндiрiстiк ғимараттар

3.

Ғылым, білім және тәрбие объектілері

4.

Денсаулық сақтау және демалыс объектілері

5.

Әкімшілік және қоғамдық ұйымдар және басқармалар

6.

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілері

7.

Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелері объектілері

8.

Сауда объектілері

9.

Қоғамдық тамақтандыру объектілері

10.

Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

11.

Коммуналдық қызмет көрсету объектілері

12.

Көлікке және халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған өндірістік объектілер

13.

Өнеркәсіптік және қоймалық объектілер

14.

Қала маңы аймағының көгалдандырылған аумақтары

15.

Уақытша тұруға жарамсыз объектілер

16.

Құрылыс

17.

Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мақсатындағы объектілер

18.

Бағбаншылық учаскелер

2018 жылғы 14 наурыз

№13-04-19/621-И

Облыстық,

Алматы және Астана

қалалық әкімдіктерге

(тізім бойынша)


Аса маңызды!
Өздеріңізге белгілі 2017 жылы 28 ақпанда № 17-388-5 Елбасының жергілікті жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою туралы барлық билік тармақтарына қатаң ескерту жөнінде тапсырмасы келіп түсті.

Бүгінгі таңда аталған тапсырмаға сәйкес жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Дегенмен, кейбір өңірлерде әлі де жоғарыдағы тапсырманы сақтамай, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көрсетілген ономастика жұмысының критерийлеріне сәйкес келмейтін кісі есімдерін беру мәселесі кездеседі.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілді. Сондай-ақ аталған тізім жобалары ү.ж. 12 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды. Осыған орай алдағы уақытта объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері басшылыққа алу үшін жолданып отыр.

Сонымен қатар елді мекендерді атау және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 1449-3 ПАБ тапсырмасын (тарихи географиялық атауларды сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыру үшін әкімшілік-аумақтық бірліктерді жаппай кісі есімімен атауға жол бермесін) қатаң бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз.



Қосымша: ___ парақ.

Вице-министр А. Райымқұлова
Орынд.: Е. Төрехан, тел.: 740985

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯҒА

ҰСЫНЫЛАТЫН ДӘСТҮРЛІ АТАУЛАР ТІЗІМІ




Атауы



Абзал – қадірлі, асыл, аяулы. абзал адам (азамат, ана).



Азаттық – еркіндік, еріктілік, бостандық.



Айбалта – ұрыс қаруының түрі.



Айбұғы – мүйізі үлкен, айшықты бұғы.



Айдарлы – тасты төбе, шоқылы жер; сол жердегі қоныс атауы.



Айдын – су алабы, көл беті.



Ақжайлау – сонысы басылмаған, шөбі қалың, жазғы мал жайылымдық жер, қоныс.



Ақбақай – жылқы малының аяғындағы ақ түсі; әнші, серілердің мініс атына қойған атауы.



Ақбаян – әдемі, сұлу (қыз).



Ақберен – 1) бағалы матаның бір түрі. 2) сапалы пистонды мылтық. Аус. мағ. – аса бағалы, құнды зат.



Ақбидай – суармалы жерде өсетін бидайдың түрі.



Ақбозат – жылқы малының ақшыл түсі.



Ақбөкен – бөкеннің түлеген жүннен кейінгі түсі.



Ақбура – арынды, екпінді, өжет; ру атауы; тотем.



Ақбұлақ – суы мөлдір, ағысы қатты бастау-бұлақ; қоныс атауы.



Ақдала – кең-байтақ жазық жер.



Ақдидар – әдемі, сұлу келбет (қыз).



Ақжар – өзен, бұлақ ағып жатқан жарлы өзек, сай.



Ақжелең – желбегей, жұқа жамылғы; әдемі, ақкөңіл, ашық-жарқын (қыз-келіншек).



Ақжүніс – Ер Тарғын жырындағы батырға лайық сұлу әрі ақылды қыз.



Ақжүрек – адал ниет, ақкөңіл, ақ жарқын (адам).



Ақжібек – жұқа, қымбат матаның түрі; қыз есімі.



Ақиық – алғыр қыран құс.



Ақкекіл – әдемі кекіл.



Ақкент – қасиетті мекен, шағын қалашық.



Аққайың – қайың ағашының түрі. 2) өсімдік атауы.



Аққу – қасиетті саналатын су құсы.



Аққулы – аққу мекендейтін өзен-көл.



Ақмоншақ – әдемі ақ түсті моншақ.



Ақотау – жас жұбайлардың жаңа тігілген отау үйі.



Ақсай – бастау, бұлақты сай; қоныс атауы.



Ақсарай – хан ордасы орналасқан қала атауы. (тарихи)



Ақсеңгір – таудың биік, үлкен шоқысы; қоныс атауы.



Ақсу – ағысы қатты, тау өзені.



Ақсу-Жабағылы – ежелгі қорық.



Ақтасты – құрамында әк бар тасты жер.



Ақтерек – терек ағашының көп, аса мол өсетін жері; қолдан еккен ақтеректің атымен аталатын елді мекен.



Ақтоған – өзеннен егістік жерге тартылған үлкен бас арық (канал).



Ақтолқын – ақ көбік атқан судың жал-жалдары.



Ақтөр – таулы, шоқылы жердегі елді мекен.



Ақтүбек – тарихи ұғымдағы жер атаулары.



Ақшам – кеш, күннің жаңадан батқан кезі, ақ пен қызылдың арасы.



Ақшоқы – ақшыл тасты, биік таулы жер, сол жердің баурайындағы қоныс.



Алаша – қолдан тоқылған түрлі-түсті өрнекті төсеніш.



Алдаспан – ұрыс қаруы.



Алдияр – мәртебесі жоғары адамдарға (хан-сұлтандарға) айтылатын ұлықтау сөз.



Алтыбақан – әткеншек, байырғы қазақ жастарының ұлттық ойыны.



Алтынкөл – суы тұнық, сұлу, әдемі көл.



Аманат – өсиет, мойынға алған міндет.



Аманжол – жолы ашық, жолы сәтті (адам).



Анажан – ананы құрметтеу, қасиет тұту мәніндегі сөз.



Аңсар – көксегенi, армандағаны.



Арай – күн нұрының шұғыласы, сәулесі.



Арғанаты – тарихи жер атауы, терістік-шығыстағы тау жоталары.



Арғымақ – асыл тұқымды жылқы малы.



Ардақ – қадipлi, аяулы.



Арқарлы – арқар көп кездесетін таулы аймақ.



Арлан – қасқырдың ең мықтысы, үйірін бастаушысы.



Арман – көкейтестi мақсат, тiлек.



Арна – саға, су ағатын өзегі.



Аруана – нардың таза тұқымды ұрғашысы.



Асқартау – биік, аспанмен астасқан тау.



Астау – отарлы қоныс атауы.



Ата мұра – атадан балаға қалған мирас.



Ашудас – халықтық емде, зергерлік қолөнерде қолданылатын шыңылтыр зат.



Аюлы – аю кездесетін орман-тоғайлы жер.



Аякөз – Қозы Көрпеш жырында айтылатын Ай-Таңсық өзенімен байланысты елді мекеннің тарихи атауы.



Аялы – аясы мол, аясы кең.



Әдемі – сұлу, көркем, әсем.



Әсем – көрікті, әдемі.



Байкент – сауда-саттық орталығы, базарлары бар шаһар.



Байқала – бай, дәулетті шаһар.



Байқоныс – төрт түлік малға жайлы, қырқа-қыратты жер.



Байтақ – кең, ұлан-қайыр жер.




Байғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы.



Балауса – жасөспірім, балғын.



Балдырған – жасөспірім, жеткіншек.



Байшұбар – батырдың мінген жорыққа мінетін аты.



Бақдәулет – бақыт пен дәулеті сай (адам).



Балбырауын – халық арасына кең тараған күй атауы.



Балқантау – тарихи ороним.



Баршынкент – тарихи қала атауы.



Бауыртал – орманды жер.



Баян – тұpақ, тұpлау, тиянақ; Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жырындағы Қозының ғашық жары.



Баянды – тұрақты, тұрлаулы, берекелі.



Баянтау – өзен-суы мол, шөбі шүйгін таулы жер.



Бәйгеторы – жүлде алған жүйрік ат.



Береке – ырыс, молшылық, мол.



Бесжалтау – қолдың саласындай тау жалдары.



Бесшағыл – шағылды жердегі қыстау-қоныстың атаулары.



Бесік – нәpестені бөлеп жатқызуға аpналып жасалған, теpбелмелi ағаш төсек.



Бозай – бетегелі, қауданды қыр оты; жылқы малының жайылымдық жері және осымен байланысты қойылған қоныс атауы.



Бозғанақ – шөптің бір түрі; жайылымдық жер; сол жердегі қоныс.



Бозғұрт – тотем. ақ қасқыр; «Көкбөрінің» — көне, байырғы түрік тіліндегі атауы



Бозкент – ақ кент, ақ қала.



Бозқараған – хош иісті бұтасын ағаштың бір түрі.



Бозойнақ – жүйрік аттың атауы.



Бозінген – ақшыл айыр түйенің ұрғашысы; қоныс атауы.



Бота – түйенiң жас төлi. 



Бөген – жасанды су қоймасы; өзен, көл атауы.



Бөрілі байрақ – бөрі бейнесі салынған байырғы көк түрік жұртының қасиетті байрағы.



Бура – айыр түйенің келеге түсетін еркегі; ру атынан қойылған елді мекен және көл атауы.



Буыршын – келеге түспеген нардың 4 жасар еркегі, үлек.



Бұлан – бұғы тектес қоңыр аң; қоныс атауы.



Бұлбұл – торғай тектес дауысы әдемi әнші құс; сандуғаш. 



Бұлғын – теpiсi аса бағалы, қоңыp-күpең түстi кiшipек жыpтқыш аң.



Бірлік – ынтымақ, ауызбipлiк, татулық; қоныс атауы.



Дауылпаз – ұшқыp қыpан құс, сұңқаp; Үлкен жоpыққа қол аттанаpда соғылатын дабыл.



Дарабоз – елден ерек батыр.



Дәстүр – әдетке айналған салт-сана, ғұpып.



Дидар – жүз, түp, келбет.



Доланалы – долана ағашы мол өсетін жер атауы.



Достық – жақын жора-жолдастық.



Дулығалы –дулығаға ұқсас тау; сол таудан ағатын өзен; қоныс атауы.



Еренқабырға – аса үлкен қаптал, жақтау; Ерен тауының солтүстік қабырғасы, қапталы.



Ерке сылқым – кербез, сәнқой.



Ерулік – көшіп келген үйге берілетін сыбаға.



Жанартау – отты тау.



Жаркент – Жетісу өлкесіндегі тарихи қала.



Жас дәурен – жастық шақ.



Жас қыран – жаңа түлеген қыран.



Желмая – шөлге төзімдi, күштi де жүйpiк түйе түлігінің түрі; аңыздағы Асан қайғының мініп жер шолған түйесі.



Жержидек – жидек тәрізді жемісі бар өсімдік.



Жерұйық – жайлы қоныс, бейбіт мекен.



Жиделі – жиде жиі өсетін аумақ.



Жолашар – жолға шығар алдында жасалатын ырым.



Жуалы – жуа көп өсетін жер-су атауы.



Жусан – ащы, көкшіл бозғылт түсті қыр оты.



Жұпар – еpекше жағымды хош иiс.



Жібек жолы – б.з.б ІІ ғасырдан басталатын тарихи-мәдени байланыс жолы.



Жігер – 1) сексеуілдің жас өскіні. 2) қажыр, кайрат, күш, қуат; ынта, талап, ерік; 3) қоныс атауы.



Кәде – тұрмыс-салтта қолданылатын сый-сияпат.



Кемеңгер – данышпан, асқан ақылды, дана.



Кемер – өзен, көл, су арнасының жағалау жиегі; қоныс атауы.



Кербез – сылқым, сәнқой, сән-салтанатшыл (қыз-келіншек).



Керегетас – қоныс атауы.



Керкиік – құла мен торы аралығындағы қоңыр аңның түсі.



Керме – керіп байланған арқан.



Кертөбел – жылқы малының түр-түсі.



Кершетас – қоңыр түсі басым керге жақын тастың түсі; қоныс атауы.



Киікоты – етті, сабаны ыстайтын, тауда өсетін хош иісті шөп.



Киікті – киік мекендеген жер.



Көгал – өлең шөп өскен жер.



Көкжар – бұлақ-бастау ағып жатқан, жарлы өзек.



Көкорай – шалғынды, көгалды жер.



Көкпар – ұлттық ат ойыны.



Көкпекті – көкпек шөбі өскен жер; өзен, қоныс атауы.



Көксай – таудың теріскей жағындағы бастау-бұлақты жер; сол маңайдағы қоныс атауы.



Көксу – бастауын қардан, мұздан алатын суы ең тұщы тау өзені.



Көктем – жазғытұрым шақ, наурыз, сәуір, мамыр айлары.



Көктерек – теректің бір түрі. Қолдан еккен көктеректің атымен аталатын елді мекен.



Көкшоқы – жасыл-желекті, биік шоқы; қоныс атауы.



Көрімдік – жас нәрестені, жаңа түскен келінді алғаш көргенде берілетін кәде-сый.



Күйкентай – тұрқы кішкене жыртқыш құс.



Күншуақ – шуақты, жылы жер.



Қағанат – тарихи-көне. Қаған иелiгiне қаpайтын ел; саяси бipлестiк, мемлекет. 



Қазанат - жорыққа, алыс жолға шыдамды ат.



Қазығұрт – бір жылдық шөптесін өсімдік; тау, қоныс атауы.



Қазына – 1. түрлі бағалы заттар. 2. қазба байлық.



Қайнар – жерден шығып жатқан су көзі. 2) береке, молшылық көзі.



Қайрат – күш, қуат, жiгеp.



Қайырлы – берекелі, құтты жер.



Қанағат – баpға pизалық, нысап; қоныс атауы.



Қансонар – жаңадан қар түскеннен кейінгі аң аулауға қолайлы кез.



Қарабұлақ – сазды жер астынан шығып жатқан бұлақ; сол жердегі қоныс.



Қарақат – мөлдір қара түсті жидек; қоныс атауы.



Қарашоқы – таудың күнгей бетіндегі шоқы.



Қарқаралы – қарқарасы бар, қарқа киген; таулардың атауы.



Қобыз – түркі халықтарының көне саз аспабы.



Қоғалы – қоға қалың өскен жер-су, елді мекен атауы.



Қоңырөлең – шөптің түрі; қоңырөлең шөбі қалың өсетін өзен, қоныс атауы.



Қордай – көне түркі тілдерінде «қарлы (асу)» немесе «құрдың тауы» мағынасын білдіреді; қоныс, тау т.б. атауы.



Қосалқа – жүрек бейнесіндегі қазақ оюының және күйдің атауы.



Қоскүмбез – қатар екі күмбез тұрған жер; сол жердегі өзен, қоныс атауы.



Қосшоқы – таудың биік қатар тұрған екі шоқысы; сол аймақтағы қоныс атауы.



Құлагер – құла мен кер араласқан түс.



Құлажал – жалы сарғыш ат.



Құлынды – бие байлайтын жер, биебау, жазық жайлау; Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі даланың географиялық атауы.



Құмкент – құмды аймақтағы қала.



Құмсуат – құмды жердегі жерасты суы жақын құдық, суат.



Құндызды – өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы кішілеу аң жиі кездесетін қоныс, өзен-көл атауы.



Қыз Жібек – қазақ эпостық жырының кейіпкері; Төлегеннің ғашық жары.



Қызғалдақ – жазғытұрым кезінде шешек ататын алқызыл түсті дала гүлі.



Қызылжар – топырағы қызғылт түсті, жар-қабақ; сол аймақтағы қоныс.



Қырмызы – ашық қызыл түс; өте әдемі, сұлу.



Лашын – өте жылдам ұшатын, сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс; ержүрек, өжет адам.



Маралды – марал кездесетін таулы аймақтағы қоныс.



Майбұлақ – қой түлігінің май жинайтын ақ от, қара отты күздік жайылымы.



Майлыөзек – қой түлігінің май жинайтын изенді, жусанды күздік жайылымы.



Майлысай – қой түлігінің май жинайтын изенді, жусанды күздік жайылымы.



Майтөбе - қой түлігінің май жинайтын изенді, жусанды күздік жайылымы.



Миялы – мия шөбі жиі өсетін жер.



Мәртөбе – бәйге төбе, ат бәйгесін өткізетін жер.



Медеу - демеу, медет, сүйеніш, тірек; қоныс-жер атауы.



Мейірім – қайырымды көңіл, мейірлі пейіл, жылулық, ыстық ықылас.



Мерген – көздегнін атып түсіретін адам; қоныс атауы.



Мерей – мәртебе, абырой; елді мекен атауы.



Мұзарт – таудың мұз қатқан шыңы.



Мұзтау – қар жатқан, мұз басқан тау.



Мұхит – теңізден де аса үлкен су алабы; қоныс атауы.



Мыңбұлақ – бастау бұлағы өте көп тау алқабы, сондағы қоныс атауы.



Назерке – назды, сылқым (қыз).



Назқоңыр – қазақтың 100 әнінің біріне кіретін халық әні.



Найзалы – найза ұстаған, найзасы бар. Найза – ұшы істік темірден істелген соғыс құралы.



Наркескен – сом болаттан соғылған екі жүзді, түзу қылыш; күйдің атауы.



Наршөккен – тау атауы.



Нарын – піскен етпен бірге дайындалатын қамыр; шөлейт, құмды жер, сондағы қоныс атауы.



Наурызым – атақты қорық; сол жердегі қоныс атауы.



Нәуірзек – ерте көктемде келетін жыл құсы.



Несібелі – ризықты, ырысты, сыбағалы.



Нұрқала – нұрлы, көрікті қала.



Нұрлы – көрікті, гүлденген, жайнаған; қоныс атауы.



Ойқала – ойлы, жазық жерде орналсқан қоныс.



Ойсаз – таулы, сазды, сулы аймақтағы қоныс.



Ордабасы – тарихи. Бұрынғы заманда хан-сұлтандардың, билердің бітім-шешім қабылдайтын жері;хан ордасы тұрған жер, қоныс.



Ордалы – ордадай үлкен, тұқым-тұқияны көп, өсіп-өнген;



Отан – атамекен, туып-өскен жер. Қоныс атауы.



Отау – ұлға енші беріп, бөлек шығарғандағы кіші үй; тоғызқұмалақ ойынының ұялары.



Өренсай - таулы, қыратты жердегі сай; сайдағы өзен.



Өркен – өсімдік сабағындағы бүршіктер түбінен пайда болатын желі, өре.



Рауан – таң шапағы.



Рауғаш – қышқыл дәмі бар, емдік өсімдік.



Сабыр – төзім, шыдам.



Сақиналы – сақинасы бар, сақина тәрізді.



Салауат – діни. Алладан рақым тілеп, Пайғамбарға салауат айту; рақым, кешірім.



Салқынбел – таулы аймақтағы, желді бел, белең.



Самал – баяу ескен жанға жайлы жел.



Самұрық – миф. ғажайып, алып құс.



Сандықтау – үстіңгі жағы сандыққа ұқсас, сандық кейпіндегі тау; қоныс атауы.



Сапаркент – керуен тоқтайтын, дамылдайтын қала; керуен жолындағы қала.



Сарқырама – таудан, биіктен құлап ағатын өзен суы.



Сарыжаз – кең жазық; жайлау.



Сарыөзек – жазға салым бастау-бұлағы, өзен суы тартылып қалатын сайлы үлкен өзек.



Сәйгүлік – жүйрік ат.



Серпін – сыртқа тебетін күш; екпін, қарқын.



Серпер – кең таралған күйдің аты.



Серуен – көңіл сергіту әрекеті.



Сонар – қалың қар жауып, ашылғаннан кейінгі аңға шығуға қолайлы тынық күн.



Сусар – суда жүретін қоңыр түсті терісі бағалы кішірек жыртқыш аң.



Сұлутөр – таудың биік жоғары бөлігіндегі кең жазық, тепсең; қоныс.



Сұлусай – табиғаты көз тартар әсем сай, сол сайдағы қоныс.



Сұңқар – қыран құстардың бір түрі; ержүрек, батыр адам; қоныс атауы.



Сұңқарлы – сұңқар мекен еткен аймақ.



Сүмбіл – хош иісті, пияз текті өсімдік; әдемі, түзу.



Сыбаға – сыйлы, құрметті қонаққа, жақынға арнап сақталған соғы еті, кәделі мүше; әр адамның өзіне тән еншісі, несібесі; пайда, кіріс.



Сыбызғы – қурайдан, ағаштан немесе жезден жасалған үрлемелі аспап.



Сынтас – ерте кездегі тастан қашалып салынған адам бейнесі, балбал; сондай –ақ балбал мүсінді құлпытастар кездесетін қоныс атауы.



Сырбаз – байсалды, байыптылығымен қоса, сәнқой (ер) адам; кербез, сұлу, жайлы, салтанатты.



Сырғалы – жабайы жоңышқаның бір түрі.



Тайбурыл – эпос қаһарманының жорыққа мінетін аты.



Тайқазан – тайдың еті сиятындай үлкен қазан.



Талды – талдың қалың өскен жері, өзен-сулардың бойы; қоныс атауы.



Тамшылы – шөлді, құрғақ аймақтағы жазиралы жер (оазис).



Таң самалы – таңғы салқын жел.



Таукент – таулы аймақтағы қалашық.



Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.



Тегене – үлкен, шұңғыл ыдыс; қоныс атауы.



Телегей – мұхитқа жалғасып жатқан теңіз.



Телқоңыр – енесін құлын, тай кезінде еміп, еркін, бұла өскен жүйрік; күй атауы.



Теңбілкөк – жылқының сиректеу ұшырасатын түсі.



Тобылғы –сабағы өте берік, түзу сай-салалы жерде өсетін бұтасын.



Толқын – көл, теңіз суының жал-жал түріндегі күшті шайқалысы.



Тораңғы – өзен аңғарларында қалың боп өсетін ағаштың түрі; тораңғы өскен жер, қоныс атауы.



Тостаған – ағаштан ойып iстелетiн кiшiлеу дөңгелек ыдыс.



Төрбұлақ – тау беткейлеріндегі бұлақ.



Тұйғын - лашын тұқымдас қыран құстың түрі.



Тұлпар – батырлардың жорыққа мінетін жүйрік аты; Қоныс атауы.



Тұлымды – тұлымы бар, жас балаларға арнайы ырымдап қойылатын шаш.



Тұма – бұлақтың басы, бастауы. Сол жердегі қоныс атауы.



Тұмар – тіл-көзден сақтану үшін ырымдап тағылатын дұғасы бар қасиетті зат.



Тұмарлы – тұмары бар.



Ұшан – көз жетпейтін, ұшы-қиырсыз дала.



Ұялы – қалың, қаулаған, ұясы бар (жер). Өсіп-өркендеген қоныс атауы.



Үшарал – өзен суларының үш тарамға бөлініп ағатын жері, сол жердегі қоныс атаулары.



Үшқара – таудың күнгей бетіндегі жоталары, сол жерлердегі қоныс.



Үшқоңыр – үш биік жота, сол жердегі қоңыр салқын, мал-жанға жайлы қоныс, жайлау.



Ханжайлау – биік таулы жердегі, салқын-самалды қоныс, жайлау.



Ханкөл – хан қоныстанған көл.



Хантау – хан қоныстанған қыстау.



Хантәңірі – таудың аспанмен астасқан биік шыңы; қасиетті тау.



Ханшайым – ханның қызы.



Шалғын – көгорай, құрақты жер, сол жердегі қоныс атауы.



Шалқар – кең, үлкен көл. Сол жердегі қоныс атауы.



Шалқыма – сән-салтанаты асып тасқан.



Шамшырақ – жарық, сәуле.



Шаңырақ – отбасы, тұрғын үй; әулет, үрім-бұтақ; қоныс атауы.



Шапағат – рақым, мейірм, шарапат.



Шарын – арынды, тасқынды, ағысы қатты өзен. Сол жердегі қоныс атауы.



Шаттық – думан, қуаныш-қызық; қызық, қуанышқа кенелген жұртшылық, ауыл-аймақ.



Шекер – майда қант, құм қант; тәтті, дәмді нәрсе.



Шиелі – шиенің мол өскен жері; сол жердегі қоныс.



Шұрайлы – суы, оты мол мал жайылымдық жер; сондағы қоныс.



Шынарым – биік, саялы-көлеңкелі ағаш.



Шырайлы – көрікті, әсем.



Шұбарағаш – тал, жиде, қараған, шілік аралас өскен нулы, бұлақ-бастаулы сулы жер.



Шұбарқұдық – шұбарағаш өскен жер, сол жердегі құдығы бар қоныс атауы.



Ықылас – ниет, пейіл, ынта.



Ырысты – ырыс-несібесі, дәулеті мол.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАРИХИ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Ұлы Дала – түркі тектес халықтардың, соның ішінде, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан материалдық және рухани құндылықтарының, этномәдени жүйесінің тарихи және табиғи тұрпаты;

Мәңгілік Ел – қазақ елінің ұлттық идеясы;

Нұрлы жол – Қазақстанның жаңа кезеңде мақсатты даму бағдарламасы;

Қазақстан – Орталық Азия мен Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет;

Астана – Қазақстан Республикасының астанасы;

Алтын Орда – қазіргі Қазақстан жеріндегі іргелі мемлекет атауы, Қазақ хандығы осы мемлекеттің мұрагері болды;



Сарыарқа – Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймағының бірі;

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Ақ Орданың астанасы болған;

Сарайшық – орта ғасырлық қала, Алтын Орданыңірі сауда және экономикалық орталығы болған;

Сығанақ – ортағасырлық қала, Ақ Орданың астанасы болған;

Түркістан – ортағасырлық қала, Қазақ хандығыныңастанасы болған;

Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы;

Ұлытау– Сарыарқаның оңтүстік-батыс бетінде орналасқан тау, хандар ордасы;

Алаш – қазақ халқының байырғы және ұлт-азаттық қозғалысының атауы;

Ақмола – тарихи қала, өңір;

Алматы – Қазақстандағы ең ірі қала, мәдени орталық;

Алакөл – Қазақстанның шығысындағы ірі көл;

Алатау – Жетісудың оңтүстік бетіндегі тау жүйесі;

Алтай – Азия құрлығының орта тұсындағы тау жүйесі, түркі халықтарының тарихи мекені;

Ақмешіт – Қазақ АССР-інің тұңғыш астанасы, қазіргі Қызылорда қаласының бұрынғы тарихи атауы;

Аңырақай – қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысына бетбұрыс жасаған 1729 жылғы ең ірі шайқасының атауы;

Арал – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы ірі көл;

Алтынемел – Жетісу өңіріндегі тарихи мекен;

Аягөз – Шығыс Қазақстандағы ірі өзен;

Орбұлақ – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы ірі жеңісінің атауы;

Мұғалжар – Қазақстанның батысындағы тау сілемі, мұнда көне дәуірдегі тарихи кешендер сақталған;

Мұзтау – Алтай тауларының ең биік жоталарының бірі, Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолияның шекаралары ұштасатын, кей аңыздарда «жер кіндігі» саналатын мекен;

Байқоңыр – әлемге белгілі ғарыш айлағы;

Баянауыл - Орталық Қазақстандағы ұлттық табиғат паркі;

Бұқтырма – Қазақстанның шығысындағы өзен, су қоймасы орналасқан;

Берел – Алтайдың Қазақстан беткейінен табылған сақ дәуірінің тұрақ;

Бурабай – Орталық Қазақстандағы ұлттық табиғат паркі;

Бұланты – қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы 1727 жылғы ірі шайқасының атауы;

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі көл;

Бозоқ – Астана қаласы маңындағы ортағасырлық қалашық;

Ботай – Солтүстік Қазақстан өңірінен табылған тарихи тұрақ;

Жанкент – Сыр бойындағы ортағасырлық көне қала орны;

Жетісу – тарихи-географиялық аймақ;

Жидебай – Абайдың ата қонысы, табиғи қорық;

Жерұйық – аңыз-әңгімелерде, жырларда айтылатын ұлттық санадағы халық арманының мекендік көрінісі, бұл ұғым халықтың баянды, бақуатты өмірге ұмтылысын бейнелейді;



Жайық – Қазақстанның батысындағы ірі өзен;

Жасыбай – жоңғарларға қарсы соғыста қол бастаған Жасыбай батырдың есіміне байланысты көл атауы;



Ерейментау – Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы алқап;

Ертіс – Қазақстандағы ең ірі өзен;

Қазығұрт – тіршіліктің бастауы жайлы аңыздарға негіз болған көне тау атауы;

Қапшағай – Жетісу өңіріндегі көне дәуірдің таңбалы тастары сақталған мекен;



Қарқаралы – Орталық Қазақстандағы тау және ұлттық табиғи парк атауы;

Қаратау – тау жоталарының атауы;

Қозыбасы – 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған мекен:

Қойлық – ежелгі дәуірдегі Жетісудағы ең ірі қала;

Медеу – Алматы маңайындағы әлемге әйгілі мұз айдыны;

Наурызым – Қазақстанның солтүстігіндегі табиғи қорық;

Ойыл – Жайық алабындағы өзен;

Оқжетпес – Бурабай көлінің жағасындағы тау;

Ордабасы – қазақтың үш жүзі бас қосқан тарихи құрылтай өткізілген орын;

Отырар Қазақстанның оңтүстігіндегі хандық дәуірдегі тарихи қала;

Созақ Қазақ хандығы астаналарының бірі болған тарихи қала;

Сайрам –Қазақстанның оңтүстігіндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі;

Сейхұн – Сырдария өзенінің ортағасырлық тарихи атауы;

Семей – Алашорданың астанасы болғантарихи қала;

Сырымбеттарихи елдімекен, «Сырымбет» тарихи-этнографиялық мұражайы орналасқан;

Талас – Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен, оның бойында көне тарихи ескерткіштер сақталған;

Тараз – тарихи елді мекен атауы.

Тарбағатай – Шығыс Қазақстандағы таулы жота;

Тобыл – Қазақстанның солтүстік-батысындағы өзен;



Торғай – тарихи-мәдени өңір;

Үстірт – Маңғыстау түбегіндегі қыратты аймақ;



Іле - Жетісудағы ең ірі өзен;

Хантау– тау атауы, осы өңірде Қазақ хандығы құрылған;

Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы, тарихи өңір;



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР


VI-XIII ҒАСЫРЛАРДА ӨМІР СҮРГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР



Ер Еділ

(400 - 453 жж. өмір сүрген) Батыс ғұнтайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға;



Тоныкөк

(шамамен 646-731 жж. өмір сүрген) шығыс Түркі Қағанаты заманындағы абыз, қаған кеңесшісі;



Білге қаған

(681-734 жж. өмір сүрген) Шығыс Түркі Қағанатының қағаны;



Күлтегін

(684-731 жж. өмір сүрген) Шығыс Түркі Қағанатының қолбасшысы;



Қорқыт ата

(IXғ.) Түркі дәуіріндегі ұлы жырау;



Әбу Насыр әл-Фараби

(870-950жж.) Орта ғасырдағы түркі әлемінің данышпан ойшылы, энциклопедист ғалым;



Жүсіп Баласағұн

(1017-1075жж.) Түркі дәуіріндегі «Құтты Білік» дастанының авторы;



Махмұд Қашқари

(1029-1101жж.) Түркі дәуіріндегі ғұлама-ғалым, түркітілдерінің сөздігін жасаушы;



Қожа Ахмет Йассауи

(1093-1166жж.) Түркі дәуіріндегі діндар-философ, сопылық ілімнің негізін қалаушы;



Ахмет Иүгінеки

(12 ғасырдыңсоңы –13 ғасырдың басы) Ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл.



Майқы би

(1105-1225 жж. өмір сүрген) Қазақ халқының төбе биі;



Кетбұға

(шамамен 1150 – 1225 жж. өмір сүрген.) Жырау, күйші, аңыз кейіпкер, қазақтың ұлы жыршысы;



Бейбарыс сұлтан

(1223-1277жж.) Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін салушы;



Едіге

(XIII-XIVғғ.) Түркі халықтарына ортақ батыр.

XIV-XVIII ҒАСЫРЛАРДА ӨМІР СҮРГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР



Асанқайғы жырау

(XIV-XVғғ.) Көшпелілер философы, данышпан;



Қазтуған жырау

(XIV-XVғғ.) Жырау;



Алпамыс батыр

Мөлшермен ерте түркі (ғұн дәуірі) және түркі дәуіріндегі есімі мен басқыншы жауға қарсы ерлігі халық арасына кеңінен тараған батыр;



Қобыланды батыр

(шамамен XV ғ.) Қазақ хандығының қалыптасуының бастапқы кезеңіндегі атақты батыр;



Керей хан

1465-1478 жж. билік құрған, Қазақ хандығын негіздеуші;



Шалкиіз жырау

(шамамен 1465-1560 жж.өмір сүрген) Жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі;



Жәнібек хан

1478-1480 жж. билік құрған, Қазақ хандығын негіздеуші;



Доспамбет жырау

(1490-1523 жж.) Жырау, қолбасшы батыр;



Мұхаммед Хайдар Дулати

(1499-1551жж.) Ортағасырлық тарихшы, «Тарих-и Рашиди» кітабының авторы;



Қасым хан

1511-1518 жж. билік құрған қазақ ханы;



Қадырғали Жалайыри

(1530-1605жж.) Ортағасырлық тарихшы;



Хақназар хан

1538-1580 жж. билік құрған қазақ ханы;



Жиембет жырау

(1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы қайтыс болған) Жырау, батыр.



Жалаңтөс батыр

(1576-1656 жж.)Қазақ батыры;



Тәуекел хан

1586-1598 жж. билік құрған қазақ ханы;



Қарасай батыр

(1589-1671 жж.), Қазақтың һас батыры;



Есім хан

1598-1628 жж. билік құрған қазақ ханы;



Салқам Жәңгір

1628-1652 жж. билік құрған қазақ ханы;



Әйтеке би

(1644-1700 жж.) Қазақтың аса көрнекті биі;



Төле би

(1657-1756 жж.) Қазақтың аса көрнекті биі;



Қожаберген жырау

(1663-1762жж.) Жырау-жыршы, қолбасшы, мемлекет қайраткері;



Қазыбек би

(1665-1755 жж.) Қазақтың аса көрнекті биі;



Бұқар жырау

(1668-1781 жж.) Қазақтың аса көрнекті жырауы;



Ақтамберді жырау

(1675-1768 жж.)Қазақтың аса көрнекті жырауы;



Тәуке хан

1680-1718 жж. билік құрған қазақ ханы;



Бөгенбай батыр

(1690-1778 жж.) Қазақтың һас батыры;



Қабанбай батыр

(1692-1770 жж.) Қазақтың һас батыры;



Әбілқайыр хан

1693-1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы;



Үмбетей жырау

(1706-1778 жж.) Белгілі жырау;



Райымбек батыр

(1705-1785 жж.) Қазақтың һас батыры;



Наурызбай батыр

(1706-1781 жж.) Қазақтың һас батыры;



Абылай хан

(1711-1781 жж.) аса көрнекті қазақ ханы;



Сырым батыр

(1723-1802 жж.) Қазақтың һас батыры;



Исатай батыр

(1791 – 1838 жж.)Қазақтың һас батыры.

XIX-XXІ ҒАСЫРЛАРДА ӨМІР СҮРГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР



Жанқожа батыр

(1795 - 1859 жж.) қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресейотаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы;



Кенесары хан

(1802-1847жж.) Қазақ хандығының соңғы ханы Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы;



Дулат Бабатайұлы

(1802-1874 жж.) Көрнекті қазақ ақыны;



Ағыбай батыр

(1802-1885 жж.) Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы;



Адольф Янушкевич

(1803 - 1857 жж.).Қазақ тарихы мен мәдениеті жөнінде бірқатар дерекктер мен жазбалар қалдырған поляк ақыны, этнограф;



Есет батыр

(1803-1889 жж.) Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы;



Махамбет Өтемісұлы

(1804-1846жж.) 1836-38 жылдарғы ұлт-азаттық күрестің жетекшісі, ақын;



Тәттімбет

(1815-1865 жж.) Күйші, композитор;



Сүйінбай жырау

(1815-1898) Қазақтың аса көрнекті ақыны;



Шортанбай ақын

(1818-1881жж.) Ақын;



Құрманғазы

(1818-1889жж.) Күйші, композитор;



күйші Дәулеткерей

(1820-1887 жж.) Күйші, композитор;



Біржан сал

(1834-1897 жж.) Әйгілі ақын, әнші, композитор;



Шоқан Уәлиханов

(1835-1865жж.) Қазақтың тұңғыш ғалымы;



Майлықожа ақын

(1835-1898 жж.) Қазақтың халық ақыны;



Григорий Потанин

(1835-1920жж.) Белгілі өлкетанушы, қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрін зерттеуші;



Жаяу Мұса

(1835- 1929 жж.) Қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақын;



Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889жж.) Ағартушы, педагог;



Мұрат Мөңкеұлы

(1843-1906 жж.) Айтыскер ақын, жырау;



Ақан сері

(1843-1913 жж.) Әйгілі ақын, әнші, композитор;



Ықылас Дүкенұлы

(1843-1916 жж.) Қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор;



Абай

(1845-1904жж.) Қазақтың ұлы ақыны, философ;



Жамбыл

(1846-1945жж.) Қазақтың аса көрнекті ақыны;



Мәшһүр Жүсіп

(1858-1931жж.) Ақын, ағартушы, шежіреші;



Шәкәрім

(1858-1931жж.) Ақын, ағартушы, философ;



Мұрын жырау

(1859 - 1954 жж.) Жырау;



Үкілі Ыбырай

(1860-1930 жж.) Қазақтың халық сазгері, ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының өкілі;



күйші Дина

(1861-1955жж.) Күйші-композитор;



Балуан Шолақ

(1864-1919жж.) Балуан, әнші, композитор, ақын;



Барлыбек Сыртанов

(1866-1914 жж.) Қоғам қайраткері;



Ақыт Үлімжіұлы

(1866-1940 жж.) Қазақ ақыны, халық ағартушысы;



Естай

(1868-1946 жж.) Белгілі халық композиторы, акын.



Александр Затаевич

(1869-1936жж.) Қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеуші;



Әлихан Бөкейхан

(1870-1937жж.) Алаш қайраткері, мемлекет қайраткері;



Қажымұқан

(1871-1948 жж.) Қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің шебері;



Кейкі батыр

(1871-1923 жж.) Қазақ батыры;



Ахмет Байтұрсынұлы

(1872-1937жж.) Алаш қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист;



Мұхамеджан Сералин

(1872-1929 жж.) Ақын, журналист;



Амангелді Иманов

(1873-1919жж.) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, халық батыры;



Жақып Ақбаев

(1876-1934 жж.) Алаш қайраткері, заңгер;



Сейітқали Меңдешев

(1882-1937жж.) Көрнекті мемлекет қайраткері;



Халел Досмұхамедұлы

(1883-1937жж.) Алаш қайраткері, тарихшы;



Кенен Әзірбаев

(1884-1976 жж.) Қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор;



Міржақып Дулатұлы

(1885-1935жж.) Алаш қайраткері, жазушы;



Жанша Досмұхамедұлы

(1886-1931 жж.) Алаш қайраткері;



Әміре Қашаубаев

(1888-1934жж.) 1925 жылы Францияда, 1927 жылы Германияда өнер көрсеткен қазақ әншісі;



Жүсіпбек Аймауытұлы

(1889-1931 жж.) Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист;



Санжар Асфендияров

(1889-1938жж.) Ғалым-тарихшы;



Мұстафа Шоқай

(1890-1941жж.) Алашқайраткері,көрнекті саяси қайраткер;




Әлімхан Ермеков

(1891-1970жж.) Алаш қайраткері, ғалым-математик;



Нәзір Төреқұлов

(1892-1937жж.) Көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат;



Жұмат Шанин

(1892-1938 жж.) Белгілі режиссер, драматург, актер, Қазақ АКСР-інің халық әртісі;



Мағжан Жұмабаев

(1893-1938жж.) Көрнекті қазақ ақыны, жазушы;



Сұлтанмахмұт Торайғыров

(1893-1920жж.) Көрнекті қазақ ақыны, жазушы;



Тұрар Рысқұлов

(1894-1938жж.) Көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат;



Сәкен Сейфуллин

(1894-1938жж.) Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы, мемлекет қайраткері;



Бейімбет Майлин

(1894-1938жж.) Көрнекті қазақ жазушысы;



Ілияс Жансүгіров

(1894-1938жж.) Көрнекті қазақ ақыны;



Мұхтар Әуезов

(1897-1961жж.) Әлемге танымал қазақ жазушысы;



Темірбек Жүргенов

(1898-1939жж.) Көрнекті мемлекет қайраткері;



Сұлтанбек Қожанов

(1899-1938жж.) Көрнекті мемлекет қайраткері;



Қаныш Сәтпаев

(1899-1964жж.) Қазақ КСР ҒА-ның тұңғыш президенті, аса көрнекті геолог-ғалым;



Сабыр Рахимов

(1902-1945 жж.) КеңесОдағының Батыры;



Сәбит Мұқанов

(1900-1973жж.) Көрнекті қазақ жазушысы;



Ғабит Мүсірепов

(1902-1985жж.) Көрнекті қазақ жазушысы;



Әлкей Марғұлан

(1904-1985жж.) Танымал қазақ тарихшысы, археолог-ғалым, академик;



Әбілхан Қастеев

(1904-1973жж.) Қазақтың халық суретшісі;



Евгений Брусиловский

(1905-1981жж.) Қазақ КСР әнұранының авторы;



Ахмет Жұбанов

(1906-1968 жж.) Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі, академик;



Латиф Хамиди

(1906-1983 жж.)  Композитор, КазССР халық әртісі;



Бауыржан Момышұлы

(1910-1982жж.) Кеңес Одағының Батыры, әскери қолбасшы, майдангер жазушы;



Күләш Байсейітова

(1912-1957 жж.) Әнші, қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі;



Шара Жиенқұлова

(1912-1991 жж.) Биші, Қазақстанның халық артисі




Дінмұхамед Қонаев

(1912-1993жж.) Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері;



Шәкен Айманов

(1914-1970жж.) Қазақ киномотографиясының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі;



Ермұхан Бекмаханов

(1915-1986жж.) Қазақтың көрнекті тарихшысы;



Жұмабек Тәшенов

(1915-1986жж.) Мемлекет және қоғам қайраткері;



Ілияс Есенберлин

(1915-1983жж.) Көрнекті жазушы, тарихи романдардың авторы;



Халифа Алтай

(1917-2003 жж.) Қазақ жазушысы және антрополог, түркітанушы, теолог;



Қасым Қайсенов

(1918-2006) Қазақстанның Халық қаһарманы, көрнекті жазушы;



Мәншүк Мәметова

(1922-1943жж.) Кеңес Одағының Батыры;



Хиуаз Доспанова

(1922-2008жж.) Ұлы Отан соғысының майдангері, әскери ұшқыш, Халық Қаһарманы;



Талғат Бигелдинов

(1922-2014 жж.) Кеңес Одағының екі мәрте батыры;



Роза Бағланова

(1922-2011жж.) Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы;



Рақымжан Қошқарбаев

(1924-1988жж.) Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тіккен батыр, Халық Қаһарманы;



Бердібек Соқпақбаев

(1924-1991 жж.) Қазақ балалар жазушысы;



Сағадат Нұрмағанбетов

(1924 - 2013 жж.) Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі, «Халық қаһарманы»;



Әлия Молдағұлова

(1925-1944жж.) Кеңес Одағының Батыры;



Нұрғиса Тілендиев

(1925-1998жж.) КСРО және Қазақстанның халық әртісі, күйші, композитор;



Дәнеш Рақышев

(1926-1992жж.)Әнші, композитор. Қазақстанныңхалықәртісі, әндері «Қазақтың 1000 әні» Мәденимұрабағдарламасыаясындашығарылғанкүйтабаққаенгізілген;



Ермек Серкебаев

(1926-2013 жж.) Әнші, актер, ССР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері;



Шәмші Қалдаяқов

(1930-1992жж.) Қазақстанның халық әртісі, композитор;



Мұқағали Мақатаев

(1931-1976 жж.) Қазақтың лирик ақыны;



Өзбекәлі Жәнібеков

(1931-1998жж.) Мемлекет және қоғам қайраткері;



Әзірбайжан Мәмбетов

(1932-2009 жж.)Қазақстандық және бұрынғы советодағының театр, кино және опера режиссері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан ордені»нің иегері;



Қадыр Мырза Әли

(1935-2011 жж.) Ақын, Қазақстанның халық жазушысы;



Тұманбай Молдағалиев

(1935-2011 жж.) Көрнекті қазақ ақыны;



Асқар Сүлейменов

(1938- 1992 жж.) Жазушы, әдебиет сыншысы, драматург;



Фариза Оңғарсынова

(1939-2014жж.) Қазақстанның халық жазушысы, ақын;



Әбіш Кекілбайұлы

(1939-2015 жж.) Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері;



Оралхан Бөкей

(1943-1993 жж.) Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты;



Қайрат Рысқұлбеков

(1966-1988жж.) Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Халық Қаһарманы.


МАЗМҰНЫ


Кіріспе




Алғы сөз

3

- Әдістемелік нұсқаулық

5

-- Үлгілер

12







III –бөлім




Нормативтік-құқықтық актілер





- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»




Қазақстан Республикасының




1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы

16







- «Қазақстан Республикасының әкімшілік –




аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан




Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы




№2572- XII Заңы

20







- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті




мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»




Қазақстан Республикасының




2011 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы

29







- «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің




құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау,




сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын




нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ




халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы»




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы




24 ақпандағы № 138 қаулысы

38







- «Жергілікті қоғамдастық жиналысының




үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы




Ұлттық экономика министрінің




2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығы

41







- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту




мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған




мемлекеттік бағдарламасы туралы»




Қазақстан Республикасы Президентінің




2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы

47






- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту






мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған




мемлекеттік бағдарламасы туралы»




Қазақстан Республикасы Үкіметінің




2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысы

51







- «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын




өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы»




Қазақстан Республикасы Үкіметінің




2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысы

55







- «Облыстық ономастика комиссиялары және




республикалық маңызы бар қалалардың,




астананың ономастика комиссиялары




туралы үлгі ережені бекіту туралы»




Қазақстан Республикасы Үкіметінің




2013 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы

57







- «Алматы облысының ономастикалық комиссиясын




құру және оның Ережесін бекіту туралы»




Алматы облысы әкімінің




2013 жылғы 29 мамырдағы № 154 қаулысы

61







- «Қазақстан Республикасының аумағындағы




жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу 




қағидаларын бекіту туралы»




Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика




министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783




және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және




даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы




№ 1262 бірлескен бұйрығы

66







- Қазақстан Республикасы Мәдениет және




спорт вице-министрі А. Райымқұлованың




2018 жылғы 14 наурыздағы №13-04-19/621-И хаты

82







- «Дәстүрлі атаулар тізімі»

83







- «Тарихи жер-су атаулары тізімі»

92

- Республикалық ономастикалық комиссияға ұсынылатын тарихи тұлғалардың тізімі

95








- Мазмұны

102






Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау жұмысы бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК

НҰСҚАУЛЫҚ

Басуға 17.10.2018 ж. қол қойылды

Пішіні 29,7х42 1/8. Шарты б.қ.12,25

Лазерлі басылым. Әріп түрі TimesNewRoman

Қағаз 80 гр. Тапсырыс № 223 . Таралымы 336 д.


ЖК «Дизайн-ОТ» баспасында басылған

қ.Талдықорған, Чернышевского көшесі, 16



тел. 8 7282 24-48-31
Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет