Егер ерітіндіде тек бір ғана ион болса (потенциаланықтаушы), ионселективті электродтың потенциалы үшін:
Бұл жерде S – электродтық функцияның иілу бұрышыныі тангенсы (теориялық шамасы – 2,303RT/F), z – ионның заряды. Бірзарядты иондар ұшін эксперименталды шама теориялық шамаға жақын болады. k – нің шамасы салыстырмалы электродтың табиғатына, ерітіндінің құрамына және мембрананың табиғатына тәуелді.
Егер электродты бірнеше иондар бар ерітіндіге батырсақ, электрод ерітіндіде басқа бөгде иондарға сезімтал болуы мұмкін. Мысалы, егер ерітіндіде натрий иондар мен қатар калий иондары болса, электрод екі иондардың бар болуына сезімтал болады. Сонда, (1) теңдеу келесі түрде сипатталады:
Селективті коэффициент реалды жағдайда тұрақты болмау мүмкін, жане оның шамасы бағалау тәсіліне байланысты.
1)Бөлек ерітінділер әдісі.Бұл әдісте әр зерттелетін ионға градуирлеу график тұрғызылады. Нәтижеде екі паралелді
графиктер алынады, потенциаланықтаушы ион үшін сызық жоғарыда жатады. Сонда, селективті коэффициент
потенциалдардың айырымы бойынша есептеледі. Бір зарядты екі иондар үшін:
-ерітіндіде иондардың белгілі концентрациясындағы электродтың потенциалдары. Неғұрлым электрод А иондары бойынша селективті (талғағыш) болса, соғұрлым потенциалдардың айырымы үлкен болады.
2) Аралас ерітінділер әдісі. Бұл әдіс ерітіндіде екі ион бар кезінде электродтық потенциалын өлшеуге негізделген.
Әдетте ерітіндіде бөгде ионның концентрациясы тұрақты болады. Мысал ретінде ерітіндіде натрий иондары бар кезінде
Литийселективті электродтың селективті коэффициентін бағалауын қарастырамыз. Бастапқы құрамында литий ондары
бар стандартты ерітінділерін дайындап, олардың ЭҚК өлшейміз және градуирлеу график тұрғызамыз.
Ионселективті электрод (ИСЭ) арқылы ионның активтілігін өлшейді (концентрациясын емес).
2) ИСЭ арқылы бос иондардың активтілігін өлшейді. (ерітіндіде басқа иондармен байланыспаған).
3) ИСЭ спецификалық емес, олар тек ғана белгілі иондарға жоғары селективті болады. ИСЭ сүтек иондарға сезімтал, сондықтан рН аналығы шектеулі.
4) ИСЭ көмегімен лайланған және боялған ерітінділерді зерттеуге болады.
5) ИСЭ потенциалы ра сызықта пропорционалды, анықтақтайтын концентрация аралығы өте кең болады.
6) ИС электродтың сигнал беру қабілеті өте аз, яғни аз уақытта сигнла улға болады.
7) Өлшеу барысында үлгі ыдырамайды (яғни ионометрия – деструктивті емес әдіс)
8) ИСЭ көмегімен концентрация 10-6 М өлшеуді жүргізуге болады.
9) Сенімді нәтижелер алу үшін электродты градуирлеу қажет.