Экономикалық география
Импорт- басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу.
Экспорт- басқа елге тауар шығару .
Экономикалық аудандастыру – өндіргіш күштерін тиімді орналастыру және территориялық ұйымдастыру үшін елдің экономикасын маманданған территориялық бөліктерге бөлу.
Жалпы өнім-кәсіпорынның немесе бүкіл шаруашылықтын белгілі бір мерзімде ақшаға шаққандағы шығарған өнімі.
Индустрияландыру-шаруашылықтың барлық салаларында, әсіресе өнеркәсіпте ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлық құрамынан индустриялық құрылымға өтуі.
Реэкспорт-шетелден әкелген шикізатты ешбір өндеуден өткізбей сату, сол сияқты тауарларды да қайта сату.
Субсидия-мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға,салаларға бөлінетін ақша қоры.
Сыртқы сауда айналымы- бүкіл немесе бірнеше мемлекетте белгілі бір уақыт аралығындағы сыртқа шығарылған тауарлар мен сырттан әкелінген тауарлар арақатынасы.
Өсім- дер кезінде орындалмаған міндеттеме төлемінен белгілі бір пайыз есебінде айыппұл алынуы.
Экономикалық өсу- өндірістік және өндірістік емес мақсатта өнім шығаруды және қызмет көрсетуді ұлғайту.
Экстенсивті – өндірістің сандық жағынан ұлғаюы.
Интенсивтік– өндірістің өнімділігін арттыру үшін жұмсалатын қаржы мен еңбектің артуына байланысты ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануға негізделген, ғылыми-техникалық прогреске сүйенген экономиканы өркендету.
Консорциум-бірнеше банктердің немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қарызды бірлесіп орналастыруы немесе көп қаржы қажет ететін өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыру үшін уақытша келісімі.
Корпорация-кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысаны.
Қызмет көрсету географиясы-халыққа әртүрлі қызмет көрсету түрлерін ұйымдастыратын экономикалық географияның бөлігі.
Лизинг әдісі- халықаралық келісім бойынша шетелдерден сатып алынатын қымбат бағалы заттардың құның біртіндеп төлеу әдісі.
Магистраль – бірнеше аудандарды байланыстыратын транспорт линиясы.
Еңбек өнімділігі- уақыт бірлігі ішінде бір жұмысшының шығарған өнімінің санымен немесе өнім бірлігін дайындауға жұмсаған уақыт мөлшерімен өлшенеді.
Мемлекеттік меншік –мемлекеттің қоғам байлығының белгілі бір бөлігін өз меншігіне алуы.
Интеграция – субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.
Дифференциация - субъектілерді айырымдау, бөлшектеу, жіктелу, саралау деген мағынаны білдіреді.
Жүк айналымы-белгілі бір мерзімде белгілі бір қашықтыққа тасымалданатын жүктің мөлшері.
Өнеркәсіп торабы-өзара өндірістік байланысы бар жақын орналасқан елді мекендердегі өнеркәсіп кәсіпорындарының тобы.
Бартер- сауда мәмілесі, тауардың белгілі бір мөлшерін басқа тауар мөлшерінің құны бойынша ақшалай төлем жасалмай айырбастау.
Ұжымдастыру- жекелеген шаруа қожалықтарын ұжымдық меншік пен ұжымдық еңбекке негізделген ұжымдық шаруашылыққа біріктіру.
Кооперациялану- белгілі бір өнім шығару үшін көптеген кәсіпорындардың өзара байланысын және ұйымдасуын айтамыз.
Қоғамдық еңбек бөлінісі – қоғамның өз ішінде еңбектің әр түрге (егінші, малшы, сауда, транспорт, т.б.) бөлінуі, кәсіпорындардың белгілі бір өнім шығаруға мамандануы.
Территорияның потенциалы – өндіргіш күштерінің дамуына және орналасуына қажет ресурстардың жиынтығы және мүмкіндік шегі.
Саяси география
Унитарлы мемлекет- барлық аумағында біріңғай заң шығарушы және атқарушы билік орналасқан мемлекет
Республика- мелекетті басқару формасы. Заң шығарушы ұйым- парламент, басқару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады.
Делимитация- мемлекеттік шекараны картаға түсіру арқылы келісімді түрде (көршілес мемлекеттер үкіметтерімен арада) анықтау.
Монархия- жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.
Абсолюттік монархия- жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты аутады.
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі.
Президенттік басқару- мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады.
Федерация- белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады.
Конфедерация- өздерінің кейбір амал- әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одығын айтады.
Теократиялық монархия - бұл саяси билік шіркеудің басшысына немесе діни лидерге жататын монархия.
Протекторат- күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлақ жасау.
Колониялар- экономикалық және саяси тәуелсіздіктен айырылған мемлекеттер.
Доминион - бұрынғы британ империясының өзін-өзі басқарушы бөліктерінің атауы.
Анклав- барлық жағынан басқа мемлекеттің немесе мемлекеттердің аумағының қоршауында қалған мемлекет территориясының бір бөлігі.
Шекараны демокрациялау- шекараны межелеу туралы құжаттар негізінде арнайы шекаралық белгілерді орнатып, мемлекеттік шекара сызығын анықтау.
Саяси география - саяси үрдістердің кеңістік жағдайындағы аумақтық, экономикалық-географиялық, климаттық және т.б. табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейді.
Геосаясат- адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады.
Мажоритарлық жүйе — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі.
Демократиялық сайлаулар- өкілді, яғни ел халқының көпшілік ересек бөлігін қамтуы тиіс.
Мәслихат- тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтық жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган.
Сыртқы саясат – халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат.
Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарын қамтиды
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы.
Референдум— мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу.
Сепаратизм - халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті.
Иррердентизм – халықтық бір бөлшегінің көрші мемлекетке қосылу мақсатында бөлінуі.
Энозис- халықтың кіші бөлігінің мемлекеттен көп бөлігі орналасқан мемлекетке көшу мақсатында бөлінуі.
Сецессия- қандай да бір этникалық топтардың мемлекеттен территориялық бөлініс арқылы өз егемендігін алу мақсатында талаптар қоятын саяси қозғалыс.
Партизан қозғалысы – жау басып алған территорияда өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі және әлеуметтік өзгерістер жолындағы халықтық күрестің бір түрі.
Либерализация – экономиканы әр түрлі шектеулерден босату.
Әлеуметтік география
Кенттену- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралу процесі.
Агломерация – үлкен қаланың халқының өсуі және төңірегіндегі қалалардың топтасуы арқылы болатын қалалардың жүйесі.
Диаспора- саны аз ұлт өкілдерінің басқа мемлекеттерде тұрақты қоныстануы.
Демография- халықтың құрамы мен ондағы өзгерістерді,баланың туылуын, некелесуді, өлім-жітімді зерттеумен айналысатын статистиканың бір түрі.
Депопуляция- халық санының азаюы.
Мегополис- бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы.
Көші-қон (миграция) – адамдардың тұрғылықты жерден қоныс аударуы.
Рекреация- адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту.
Рекреациялық ресурстар- адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, демалыс үшін жағдай жасайтын ресурстар.
Репатриация- түрлі себептермен басқа мемлекеттерге қоныс аударған халықтың өз отанына қайтып оралуы.
Депортация- мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару.
Халықтың табиғи өсімі- туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық.
Халықтың ұдайы өсуі- ұрпақтың үздіксіз ауысуы.
Этнос- адамдардың тайпа, халық ұлт болып тарихи қалыптасқан тұрақты топтары.
Субурбанизация – ірі қалалардың төңірегінде кішігірім қалалардың жылдам өсу процесі
Эмиграция- өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
Иммиграция- бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
Сальдо- көші-қон- белгілі бір мерзімдегі көшіп келушілер мен көшіп кетушілердің айырмашылығы.
Инфрақұрылым- халықтың күнделікті қажетін қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы.
Оралмандар- тарихи отанына қайта оралған этникалық қазақтар.
Туу коэффиценті - бір жылда тірі туған балалардың жалпы санының халық санына қатынасының промилде көрсетілген демографиялық көрсеткіші.
Демографиялық жарылыс - әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.
Әлеуметтік география – адамдардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.
Геоурбанистика- қалалық қоныстануын зерттеу.
Экистика- халықтың орналасу жүйесін зерттеу.
Рурлизация- ауыл халқының орналасуын зерттейтін геодемография ғылымының саласы.
Социум – белгілі бір территорияда бір-біріне жақын орналасқан елді-мекендерге қоныстануы арқылы пайда болған адамдардың территориялық ортақтығы.