Қожа Ахмет Ясауи атынадағы Халықаралық қазақ-түрік туниверситеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Журналистика кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: «Сәтті және сәтсіз шыққан бағдарлама, мақала атауы, суреттер»
Қабылдаған: Оспанова Б..
Орындаған: Кенжетаева З.
Журналистика социологиясында маңызды бір дүние бар. Ол – мақсатты аудитория. Мақсатты аудиториясын дұрыс таба білуі бұқаралық ақпарат құралының ұтымды шешім қабылдағаны. Мақсатты аудиторияның басты талабы: жас талғамы мен әлеуметтік топтарды керекті ақпаратпен қамтамасыз ете білу. Қазіргі уақыттағы БАҚ-тың негізгі қызметі – адамдардың санасына
әлеуметтік-психологиялық құндылықтарды, демократиялық және нарықтық
қатынастарға негізделген азаматтық қоғамның талаптарына сай келетін
қоғамдық сананы қалыптастыру мен дамыту болып отыр.
Мақалаға қойылған тақырып сәтті болса, аудитория сенімі күшейеді, оқырман көбейіп, материал қаралымы артады. Ал сәтсіз шықса, керісінше. Күні-түні еңбектеніп дайындаған материалыңыз оқылмай, санаулы көрермен назарына ілінеді. Әйткенмен, “аудиторияны қызықтырудың жолы осы”, – деп сауатсыз, әрі “жаға ұстататын” тақырып қоюға болмайды.
Даун ауруы мүгедек-әйелдерден тарайды
Мигранттар – тыныштыққа қауіп
Кейбір ұлттарда жезөкше гені бар
Бұл тақырыптарды журналист этикасына қайшы деп есептейміз. Неліктен?
Журналист ақпарат таратып, пікірмен бөліскенде оның өшпенділік тудырмайтына, жалған наным-сенімге құрылмағанына сенімді болуы керек. Географиялық, әлеуметтік, этникалық шығу тегіне, нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және тағы басқа да көзқарастарына байланысты кемсітуге жол бермеуі тиіс.
Бірінші Дүние Жүзілік соғыс кезіндегі орыс карикатурасы
Әртүрлі сурет әртүрлі күй сыйлайды. Солардың ішінде адамның езуіне күлкі үйіретіні – карикатура. Карикатура(итал. caricatura, carіcare — ұлғайту, әсіре бейнелеу) – өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, жеке адамдардың бойындағы кемшіліктерді әшкерелеу мақсатында әзіл-оспақ, сын-сықақ, әжуа-мазақ, шарж, гротеск құралдарын қолданатын көркем бейнелеу тәсілі, бейнелеу өнерінің (негізінен, графика) жанры.
Карикатура мен шарж – бейнелеу өнерінде болмысы бөлек жанр ретінде маңызды әлеуметтік сипатқа ие. Қоғамдағы түрлі келеңсіз құбылыстар мен теріс әрекеттерді сыни көзқараспен жеткізуде бүгінгі уақытқа аса қажет. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын, көріп тұрып көрсете алмайтын сәттер болады. Әсіресе, біздің қоғамда. Сондай кездерде, карикатура өнері сол үшін керек пе дейсің. Жоғарыда көрсетілген карикатураларды мен сәтті деп санадым. Байқағанымыздай, барлығы да шындыққа жанасқан шынайы әлеуметтік карикатуралар.
Ендігі кезекте сәтсіз карикатуралар жайында сөз қозғағым келеді. Себебі әзіл-қалжыңға толы болғанымен ол бірнеше топқа басқаша әсер етіп, тіпті намысына тиюі де мүмкін. Жақын арада әлеуметтік желіні шулатқан жаңалық жайында әртүрлі пікір білдірушілер болды. Ол Франциядағы карикатуралардың шебері атанған Charle Hebdo журналына шыққан Пайғамбарымыз жайында әзіл деп шектен тыс суреттер жариялаған.
Достарыңызбен бөлісу: |