Науқастарды операциядан кейінгі кезеңде жүргізу. Реабилитация.
Қабылдаған: Муздыбаева А. Г.
Орындаған: Ганиева К.
ЖТД -738
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент медицина институты Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті Акушерия – гинекология кафедрасы
Операциядан кейінгі күту: Операция аяқталғаннан кейін жараға заласыздандырылған дәке қойылады;
Операция қынапқа жасалған кезде кейде оның ішіне жұмсақ дәке немесе дренаж салынады, дәкені келесі күні, ал дренажды 5 күннен кейін алынады; Операциядан соң әйелді төсекке жастықсыз жатқызады; Операция жарасына мұзды 1-2 сағатқа қояды, кейін 0,5-1 сағатқа үзіліс жасайды, мұзды 1 тәуліктен артық қоймайды;
Науқас наркоздан оянбағанша оның төсегінің қасында үнемі мейірбике отырып, оны бақылауы керек; Әйелдің жүрегі айнып, құсқан кезде басын бір бүйіріне бұрып, ауыз қуысын құсықтан тазалап, асфиксиядан алдын алады; Операциядан кейінгі кезеңде науқас әйелді ауырсыздандыру қажет; Науқас әйелдің ауыз қуысын тазалап, тісін жуып шаяды; Операция жарасының жіптері 6-8 күні алынады, жіптерін алғаннан кейін әйел төсекте жату керек;