Шымкент медицина институты



бет1/6
Дата23.05.2018
өлшемі4,58 Mb.
#40657
  1   2   3   4   5   6





ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ


САУЛЫҚ. СЕРИЯ


Ш. ЖАНӘДIЛОВ

ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ

МЕДИЦИНАСЫ ҚАҒИДАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ШЫМКЕНТ 2017

Жалғыздың ризашылығымен!

ББК 53.58

Ж 26


УДК 615.814.4.

Пікір жазушылар:

Даленов Е.Д.- м.ғ.д, профессор, Астана медицина университетінің «Профилактикалық медицина және тағамтану» кафедрасының меңгерушісі;

Абдухалыков А.М.- м.ғ.д., Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институтының «Терапия» кафедрасының профессоры


Ш.Жанәдiлов.

Ж 26 Қазақ дәстүрлі медицинасы негіздері

Шымкент, 2017. 225 бет.12 кесте. 14 б.т.

Қазақстан Республикасында жоғары білімді халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін жүріп жатқан өзгерістер нәтижесінде денсаулық сақтау саласында жаңа мемлекеттік стандарттарға сәйкес жоғары білікті мамандар дайындау жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Кодексінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» осыны жүзеге асыру мақсатында жаңа ұғымдар енгізілген. Соның бірі «Дәстүрлі медицина» ұғымы. Кодексте оның медицина саласы және медициналық қызмет есебінде негізгі бағыттары көрсетілген. Осыған байланысты медициналық оқу орындарының студенттерін медицинаның осы саласымен таныстыру қажет. Бұл оқу құралы денсаулық сақтау саласында дайындалатын жоғары біліктілікті мамандарды «Қазақ дәстүрлі медицинасы негіздерімен» таныстыратын алғашқы шығармалардың бірі. Кiтапты медицина мамандығы бойынша дайындалатын студентер үшiн, инемен емдеу әдiстерiн арнаулы оқыту және үйрету сабақтарында, емгерлердiң өздерi дайындалу және үйрену кездерiнде оқу құралы есебiнде және көпшілік үшін жалпы дүние тануға пайдалануға болады.

Кiтаптың мазмұны және суреттерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi комитетiнде тiркелген. Интелектуальдық меншiк нысанын тiркеу Куәлiктерi №030, №031 02.03. 2000 жыл және №003 08.01.2003 жыл, №ис 002232 21.08.2015 ж., №ис2256 27.08.2015 ж.

Бұл шығарманың кез-келген бөлiгiн автордың жазбаша рұқсатынсыз қандай түрде болса да, ешқандай көбейтушi құралдармен, соның iшiнде суретке түсiру, магниттiк немесе оптикалық есте ұстайтын, электрондық немесе механикалық жабдықтарды қоса көбейтуге болмайды.

ББК 53.58

4108020000

Ж ------------ © Жанәдiлов Ш. 2015

00 (05) - 00


МАЗМҰНЫ

Мазмұны




Қысқартылған сөздер тізімі




Кiрiспе




Алғы сөз




1тарау. Саулық. Оның ақпараттық көздері және олардың табиғаты




2 тарау. Бірлік қағидасы. Жүйе қасиеттері




2.1 Ақпарат




2.2 Иерархия. Басқару қағидасы




2.3 Құрылымдық




2.4 Бейтараптық. Бейтараптық қағидасы.ЕН және ІН концепциясы




2.5 Бүтіндік




3 тарау. Жүйе түрлері




3.1 Абсолютті жетілген жүйе. Он бастама қағидасы.




3.2 Жетілмеген жүйелер




3.3 Жай жетілген жүйелер




4 тарау. Сыртқы биологиялық ырғақтар табиғаты және қалыптасу механизмдері. Бейімделу механизмі




5 тарау. Ақпараттар түрлерін табиғатына қарай жіктеу




6 тарау. Адам - басқарылушы ақпараттық ашық жүйе




7 тарау. Адамның ақпараттар түрлерін қабылдайтын басты (макро) жүйесі және негізгі (микро) жүйелері




8 тарау. Он екі мүшенің қалыптасу принциптері және олардың атаулары




Қортынды




Сөздік




Әдебиеттер




Қосымша. Суреттер




Қысқартылған сөздер тізімі

Қ.-Құран


А.-аят

С.-сүре


Биб.-Библия

Жар.-Жаратылу

Б-Библияның сәйкес тарауларының бөліктері

Н-Библияның сәйкес тарауларының бөліктеріндегі сөйлемдер номері

ОЖЖ- орталық жүйке жүйесі

ВЖЖ- вегетативтік жүйке жүйесі

СЖЖ- симпатикалық жүйке жүйесі

ПЖЖ- парасимпатикалық жүйке жүйесі

МЖЖ- метасимпатикалық жүйке жүйесі

БДҰ(ВОЗ)- Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы

БҰҰ (ООН)-Біріккен Ұлттар Ұйымы

”Адам көкпен басқарылады,



Жерге бейiмделедi.”

Қоңыр Сопы

Кіріспе

Қәзiргi кезде iлiмде өмiрге көзқарасты түпкiлiктi өзгертетiн, бұрынғы ұғымдардың жаңа пайда ғылыми жетістіктер негізінде түсіндіруді талап ететiн жағдай қалып алып отыр. Ол үшiн ескi және жаңа ұғымдарды бiрiктiрiп, ұштастырып, интеграция жасау керек. Бұның негізгібiр бағыты: ескi ұғымдарды осы кездегi ғылымдар жетiстiгiне байланысты қалыптасқан пiкiрлерге сай түсiндiру. Қазіргі уақытта адамзаттың қолы жеткен табыстарының арқасында қоғамда өте күрделі және жалпы маңызы бар өзгерістер жүруде. Мұндай өзгерістер адамзат тарихында әрбір дәуірдің ерекшелігіне тәуелді болады.

Дәстүрлі медицина ұғымы не білдіреді. Оны түсіну үшін мысалы ретінде қатар жатқан үш ұлт: қазақ, орыс және қытай дерттерді емдегендегі қолданған әдістерін салыстырып көрейік. Әрбір ұлт, ұлыс адамдардың күн көріп және тіршілік етіп отырған Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа бейімделулеріне тәуелді қалыптасады. Әрбір ұлт аурудың алдын алу үшін немесе оны емдеу үшін табиғи ортадағы мүмкіншіліктерді қолданады. Орыс ұлтының тұрған жері негізінен орман болуына байланысты қоршаған ортада өсімдіктің түрі көп болады. Сондықтан оларда өсімдіктерді, көбінесе шөптерді, емге қолданады. Сол себептен оларда шөппен емдеу (фитотерапия) жеткілікті деңгейде қалыптасқан. Қазақ ұлты көшпелі халық болуына байланысты оларда мал өнімдерін: қымыз, қымаран, айран және т.б. емге қолдану орын алған. Қытай халқында ине шаншып емдеу, күйдіру, қытайша уқалау(туя) әдістері көп орын алған. Міне, қатар жатқан үш елді салыстырып қарастырғанда олардың әрқайсысында табиғи орта ерекшелігіне байланысты өздеріне тән әртүрлі емдеу әдістері қалыптасқанын байқаймыз.

Табиғат заңдылықтары тұрақты және барлық жерде бірдей жүзеге асады. Бірақта әрбір ұлтта, халықта өздерінің күн көріп және тіршілік ететін табиғи ортасының және қоғамдық қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты сол заңдылықтарды түсіну ерекшеліктері, тілдік айырмашылықтары пайда болуы заңды құбылыс. Ол әрбір ұлттың, елдің сол табиғи заңдылықты қандай қырынан зерттегеніне байланысты. Сондықтан кейбір жағдайларда әртүрлі ұлттар бір заңдылықтың өздеріне қажет қана қырын зерттеуіне байланысты олардың түсініктемелері кейде бірінен-бірі алшақ жатуы да мүмкін. Біз бұл шығармада адам затын және оған байланысты құбылыстарды, соның ішінде ауруларды емдеуді де, қарастырғанда қазіргі қазақ ұлтының ата-бабадан келе жатқан ескі ұғымдарына сүйене отырып сипаттадық. Кейбір жағдайларда ол ұғымдарды шығыста жазба еңбектер жақсы дамып сақталған қазақпен көршілес Қытай және Үнді философиялық және медициналық түсініктерімен салыстырып, толықтырдық. Әрбір ұлттың, елдің табиғи қажеттілігіне және ерекшеліктеріне байланысты табиғии құбылыстарды өзінше түсіндіру мүмкіншіліктерін жоққа шығаруға болмайды.

Филологтардың мәліметі бойынша Жер бетінде алпыс мыңға жуық тіл бар екен. Олай болса Жер бетінде алпыс мың ұлт, ұлыс, ел бар және олардың әрқайсысының өзіне тән медицинасы бар деп айтуға болады. Бұлардың бәрін жинақтап халық медицинасы деп атайды. Қазіргі кездегі ресми қалыптасқан батыс медицинасы. Дүние жүзі негізінен осы медицинаны оқиды, осы салада мамандар дайындайды. Әрбір мемлекет құрамындағы халқының ерекшелігін ескере отырып халық медицинасы ішінен бір бөлігін заңдастырып, мамандар дайындауға рұқсат етеді. Сондықтан әрбір мемлекеттің Заңнамасына сәйкес заңдастырылған халық медицинасының емдеу әдістерін жинақтап «дәстүрлі емдеу» деп атайды. Ал заңдастырылып мамандар дайындамайтын бөлігі «халық медицинасы» деп аталады.

Соңғы ғасырда қол жеткен ғылыми зерттеулердің нәтижесінде БҰҰ 1990 жылы адамзат үшін ең негізгі байлық адам екенін атап өтіп, «Адам дамуы» (БҰҰАД) деген арнаулы бағдарлама қабылдап, адамзаттың барлық күш- жігерін осы бағдарлама аясында жұмсауға жұмылдыруға әрекет етуде. «Адам дамуы (ағылш. «Human development»- сөзінен) – адам тіршілігінің барлық құбылыстарында адамды анағұрлым кең ауқымдағы таңдау мүмкіншілігімен қамтамасыз ету үдерісі. Олардың ішіндегі ең негізгілері ұзақ және ауру-сырқаусыз тіршілік өмір сүру, білім алу және лайықты тұрмыс деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігі. Оның қосымша бастамалары саяси бостандықтан, адамның кепілденген құқығынан және өзіне өзі жауапкершілігінен тұрады.»

Тұжырымдама адам дамуының екі жағын даралайды. Біріншісі адамның денсаулығын жақсарту мен білімін жетілдіру сияқты адам қабілетін қалыптастыруды қараса, ал екіншісі осы қабілеттерді жұмыс, бос уақыт немесе мәдени, әлеуметтік және саяси қызмет үшін пайдалануды қамтиды. Адам дамуының деңгейі осы екі жақтың тепе-теңдігін қамтамасыз етпеген жағдайда, адамның өзінің тіршілік өміріне көңілі толмауы және мақсатына жетпеуі мүмкін.

Адам дамуының тұжырымдамасы даму және ілгерілеу тәсілдеріне қарағанда, нәтижелерге көбірек негізделеді. Адам дамуның негізгі мақсаты-адамдардың салауатты және жасампаз тіршіліктен біршама ұзақ уақыт бойы ләззат алуына мүмкіндік жасайтын саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық лайықты қоршаған орта құру.

Адам дамуын анықтау үшін БҰҰ 1990 жылдан бастап адамның даму индексі потенциалы (АДИП) деген ұғым енгізіп, өзіне мүше мемлекеттер арасында олардың рейтингін анықтай бастады. АДИП анықтау үшін келесі үш топ көрсеткіш қолданылады:


  1. Адамның денсаулығы және ұзақ тіршілік өмір сүруі көрсеткіші есебінде туған кездегі болжамдытіршілік өмір сүру ұзақтығы; 2)Білімділік – ересек адамдардың сауаттылық деңгейі және біліммен қамтылудың құрама коффициентінің көрсеткіші есебінде; 3)Лайықты тұрмыс деңгейі- әрбір адам басына келетін жылдық табыс (АҚШ долларымен есептеледі).

2010 жылы БҰҰДБ (даму бағдарламасы) сарапшылары бұл ұғымды кеңейтіп, келесідей тұжырым ұсынды: «Адамның дамуы – адамдардың ұзақ, салауатты және шығармашылық өмір сүрулерімүмкіндіктерін және де олардың пікірі бойынша құндылығы бар басқа да мақсаттар арқылы еркінділік үдерісін кеңейту; жер бетінде әділеттілік және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге белсенді қатысу».

1990 жылдан бастап БҰҰ жыл сайын жоғарыдағы аталған үш өлшемнің нәтижесі бойынша адамның даму индексін (АДИ) шығарып, әрбір мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. 2011 жылдың қортындысында жалпы көрсеткіш бойынша 187 мемлекеттің ішінде 1 орынды Норвегия (0,943) иемденсе, Қазақстан (0,745) 68 орында орналасқан.

Адамзат үшін қоғамдағы ұзақ және ауру-сырқаусыз тіршілік өмір сүру ең негізгі қортынды көрсеткіш.Бұл әрбір мемлекет үшін адамдардың күтілетін биологиялық өмірінің орта жасы болып табылады. Тарихи деректерге сүйенсек ол өлшем келесідей сипатта болған. Палеолит дәуірі33,3 жас ерлер және 28,7 -әйелдер; неолит- 20 жас; қола және темір - 35 жас; классикалық Греция - 28 жас, ежелгі Рим – 28 жас, Колумбқа дейінгі Солтүстік Америка 25-30 жас, орта ғасырдағы ислам халифаты -35 жас; орта ғасырдағы Англия -30 жас; XVI-XVIII ғ.ғ. Англия-40 жас; 20-шы ғасырдың басы -30-45 жас; қазіргі уақытта – 67,2 жас. 2011 жылғы БҰҰ қортынды баяндамасы бойынша Жер ғаламшарындағы мемлекеттер арасында туылғаннан күтілетін орта биологиялық өмір жастың ең ұзақ ұзақ көрсеткіші (83,4) Жапонияда тіркелген. Қазақстан 67,0 жас көрсеткішпен187мемлекеттің ішінде 132 орында орналасқан.

Әрбір жеке адам үшін табиғат оған берген тіршілік өмір жасының қажетті мөлшері 120 жыл болып табылады. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқау бар: «Адамдар жаратылған болуына байланысты Менің рухымды елемегендері үшін олардың тіршілік өмірі 120 жыл болсын»(Б.Т.Ж. Б-6;С-3.) Бұл туралы Қожа Ахмет Йасауи былай деп жазады:

«Жарандардан ақыл және уағыз ала алмадым,

Жүз жиырма беске кірдім, көп нәрсені біле алмадым.»

Жоғарыда көрсетілгендей қазіргі кездің өзінде ең қажетті деңгейде әлеуметтік қамтамасыздарылған экономикалық дамыған елдерде сол ел адамдарының туғаннан күтілетін тіршілік өмір ұзақтығықажетті өлшемнің үштен екісін құраса, Қазақстанда ол жартысынан сәл артығырақ болып табылады. Ал қазіргі кездегі нақты күтілетін тіршілік өмір ұзақтығыбұдан әлдекайда төмен.

Қазіргі заман талабына сай денсаулық сақтау саласында қабылданған Қазақстан РеспубликасыныңКодексі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» «Дәстүрлі медицина» анықтамасы беріліп, осы салада медициналық қызмет атқару негіздері көрсетілген.

Мұнда «Дәстүрлі медицина – аурулардың алдын алу мен оларды емдеудің қоғамда жинақталған әдістері мен құралдарына негізделген, меди­циналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерімен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерінің қызметі»- деп көрсетілген.

Осы Кодекстің 44-бабында(Медициналық көмекті ұсыну нысандары) медициналық көмек түріне дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)(9)» нысандарында ұсынылуы мүмкін екендігі көрсетілген.Ал 54-бабында(Дәстүрлі медицина, халық медицинасы)дәстүрлі медицина түрлері атап өтілген. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады. Онымен айналысуға «медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина саласындағы қызметке құқығы бар» екендігі атап көрсетілген.

Заңға сәйкес дәстүрлі медицина медицина саласы болып табылады және медициналық қызмет түріне жатады. Қазақстан Республикасында министрліктің бұйрығына сәйкес дәстүрлі емдеу саласында келесі алты түрлі мамандарды дайындауға рұқсат етілген. Олар: ине шаншып емдеу, су-джоктерапия, фитотерапия, гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия. Кодеске сәйкес Қазақстан Республикасында осы алты мамандық дәстүрлі емдеу әдістері болып қарастырылады да, ал қалған әдістердің бәрі халық медицинасы (емшілікке) жатады.

Дәстүрлі медицина медицина саласы және медицина қызметкерлерінің қызметі болуына байланысты бұл денсаулық сақтау саласы туралы барлық медицина мамандарының хабары болуы керек және бұл салада жоғары білікті мамандар дайындау қажет екені сөзсіз. Жоғарыда көрсетілгендерді жүзеге асыру мақсатында біз осы оқу құралын ұсынып отырмыз.

Барлық дәстүрлі медицина салаларын бір кітапта қамтау мүмкінемес. Сондықтан бұл шығармада негізінен қазақ дәстүрлі медицинасының теориялық қалыптасу негіздерін талдауды жөн көрдік.

Кітапта айтылған ойларға оқырмандардың жасаған ұсыныстарын және түзетулерін, алғысымызды айт отырып, шын ниетпен қабылдаймыз. Ондай ұсыныстар жалпы барлығымызға көмек береді деп үміттенеміз. Сондықтан оқырман пікірін күтеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет