Шымкент медицина институты



бет6/6
Дата23.05.2018
өлшемі4,58 Mb.
#40657
1   2   3   4   5   6

Әрбір элементті бір жыл деп есептегенде бұл сан адамның қажетті биологиялық өмір жасының ұзақтығы болып қалыптасады. Бұл туралы Кітаптардамынадай ақпарат бар: “Жалғыз: “Менің дініме деген адамдардың менсінбеушіліктері өрбіп кетпеуі, олардың тек қана жаратылатынын ұмытпауы үшін; олардың тіршілік өмірі 120 жыл болсын”-деді”. (Б.Жар.Б-8;Қ-3.).

Бұл нұсқау қазіргі кезде ғылыми тұжырыммен дәлелденіп отыр. Адам организмі 50х1012 жасушалардан тұрады. Электрондық есеп машинасына салып есептегенде, мұндай параметрлері бар жүйе 120 жыл өмір сүруі қажет екені анықталған.

2009 жылы келесі үш ғалым: Э.Блэкберн, К.Грейдер, Д.Шостак «Хромосомаларды теломералармен қорғау механизмдерін және теломераза ферментін ашқандары үшін» медицина және физиология саласындағы «Нобель силығының иегері» атағына ие болды.

Теломе́ралар (от др.-греч. τέλος -конец и μέρος - часть) -хромосомдардың соңғы бөліктері. Хромосомдардың теломералық бөліктері басқа хромосомалармен немесе олардың бөліктерімен байланыса алмайды және қорғаныс қызметін атқарады.

1965 жылы Леонард Хейфлик адам организміндегі жыныс және өзектік жасушалардан басқаларының бәрі тек қана белгілі сан мөлшерінде бөліне алатынын анықтады. Бұл бөліну санын «Хейфлик шегі»- деп атады. Бірақта жасушалар 52 рет бөлінгеннен соң негізінен жойылатынын, ал жойылмағандары өте күшті мутацияға ұшырайтындарының себебі не екенін белгісіз болды.

Жасушаларда дезоксирибонуклеин қышқылының жіп тәрізді молекулалары жұп болып келеді. Екі жіп бірге бұралып атақты қос шиыршықты құрайды. Қос шиыршықты арнаулы нәруыздар шырмап жатады. ДНҚ кешені мен нәруыздарды қосып «хромосомдар»- деп атайды.ДНҚ молекуласын қосарлау үшін қос шиыршықты тарқату керек. ДНҚ жаңа молекуласын синтездейтін нәруыздар әрбір жіпке «мініп жүреді» де, жаңа молекула синтезделуін қамтамасыз етеді. Жаңа молекула синтезделуінің матрицасы қызметін нәруыз «отырған» жіп атақарады. Басқаша айтқанда, нәруыз өзі «отырған» жіптегі ДНҚ молекуласыны «оқып», соны көшіреді.

Мұндай нәруыздар тек қана бір бағытта жұмыс сітейді. Олар молекуланың бір ұшын танып сол жақтан бастап ДНҚ көшіре бастайды. Синтез үдерісінің ерекшеліктеріне байланысты матрица-молекланың соңғы бірнеше «әрпі» жаңа молекулаға көшірілмей қалады. Соған сәйкес жаңадан синтезделген ДНҚ жібі «толық» болып қалаптаспайды. ДНҚ бөлшегі жойылуы белгілі бір мөлшерге жеткенде жасуша ары қарай бөлінуән тоқтатады. Бұл тетікті алғашқы болып 1971 жылы орыс ғалымы А. Оловников жазды.



Э. Блэкберн және Д. Шостак ДНҚ әрбір молекуласының соңында нәруыз-теломералардың белгілі кезекпен орналасатынын ашты. Хромосомалардың бұл соңғы бөліктері басқа хромосомалармен немесе олардың бөліктерімен қосыла алмайды, тек қана қорғаныс қызметтерін атқарады. Теломералар қысқаша тандемдік қайталанатын арнаулы сызықтық хромосомдық ДНҚ –лардан тұрады. Бөлінудің әрбір циклінде жасуша теломералары ДНҚ-теломеразаларының ДНҚ көшірмесін соңына дейін синтездеуін қамтамасыз ете алмауына байланысты азайып отырады. Бұл құбылыс «соңғы репликацияның аяқталмауы»- деп аталады және биологиялық қартаюдың негізгі тетігінің бірі болып табылады.

К. Грейдер және Э. Блэкберн теломераза ферментін бөлді. Теломеразалар әсері нәтижесінде жасуша хромосомдарының теломералық бөліктері ұзындығы артады немесе тұрақты сақталады. Бұл «соңғы репликацияның аяқталмауының» орнын басып жасушаларға үздіксіз ұзақ уақыт бөлінуіне мүмкіншілік жасап «Хейфлик шектелуінің» жойылуынаәкеліп соғады. Телемеразалар өзектік, жыныстық және тұрақты бөлінуді қажет ететін (мысалы, ішек эпителиясының жасушалары) жасушаларды әрекетті жұмыс істейді. Организмдегі соматикалық жасуларда теломеразалық әрекеттілік жоқ. Осылайша олар жандылардың, соның ішінде адамның да, тршілігін ұзарту мүмкін екенін дәлелдеді.

Қазіргі кезде адамзат тарихында дәлелденген (верификацияланған) тіршілік өмір жасы ең ұзақ әйел Ж.-Л. Кальман 122 жыл (21.02.1875-04.08.1997ж.ж.), еркек Д.Кимура 116 жас (19.04.1897-12.06.2013 ж.ж.), тірілер арасындағы осы сәтте ең ұзақ жастағы М.Окава (05.03.1898 ж.) деп танылып отыр.

Қазақтардың ішіндегі ең ұзақ тіршілік өмір сүргендер: Қожа Ақмет Йассауи 125 жыл, Бұқар жырау Қалқаманұлы 113 жыл (1668-1781 ж.ж.), Жамбыл Жабаев (1846-1945 ж.ж.), Қаз дауысты Қазыбек би 97 жас (1667-1764 ж.ж.).

Сонымен адамның жеке тіршілік өмірі 120 жыл екеніне келесі дәлелдер бар:

1) Кітапта жазылған ақпарат;

2) Аспан және Жер өзара аралық әсерінің толық циклі (10х12=120);

3) ғылыми, математикалық ЭЕМ есептелген адам құралымының мөлшеріне тәуелділігі.

4) жыныс жасушалары пайда болғаннан бастап, олар ұрықтанса 120 тәулікте кісінің жеке рухының үрленуі;

5) қайтадан бала көтерген әйелдің құрсақтағы баласының қозғалуын сезуі ұрық пайда болғаннан соң 120 (18 апта) тәулікте болуы.

6) адамзат тарихында адамдардың верификацияланған тіршілік өмір жастары ұзақтығы;

7)«Хромосомаларды теломералармен қорғау механизмдерін және теломераза ферментін ашқандары үшін» медицина және физиология саласындағы «Нобель силығының иегері» атағы берілуі.

Осыған байланысты жетілмеген және жай жетілген жүйелерде пайда болған ақпараттар толық жүзеге асқанша сақталуына байланысты, олардың өздері шыққан жүйеге қайта әсерлері 120 қайырымдық ырғақпен қайталанып отырады. Мысалы, 120 секунд, 120 минут, 120 тәулік, 120 жыл және т.б. 120 секунд және 120 минут болу себебі, Кітаптардаайтылғандай: “Сендерді жұп-жұп жараттым” (Қ.78;8.)-деп олар жұп минуттар және жұп сағаттар жиынтығы. 120 сағат – бес тәулік және т.б. Қарғыстың да 360 жыл өмір сүруі адам тіршіілк өмір жасының ұзақтығының (120 жыл) және иерархиялық басқару әр деңгейлері санының (3) көбейтіндісі болып келеді.

Адам бойында биологиялық және әлеуметтік қасиеттер болуына байланысты оның биологиялық өмірінің қажетті көрсеткіші – 120 жыл өзара тығыз байланысты, біріншісі екіншісіне өтетін, өзінше ерекшеліктері бар екі 60 жылдық ырғақтан тұрады. Адам дене мен рух, биологиялық және әлеуметтік сияқты жұптар жиынтығы болуына байланысты олардың әрқайсысының өзіне тән 60 жылдық ырғағы бар.

Адам биологиялық өмірінің бірінші жартысы негізінен биологиялық міндеттерін орындауға, негізінен жанды денеге байланысты қызметтерді атқаруға, яғни ұрпақты жалғастыруды және өзінің тіршіліктік игілігін қамтамасыз етуге арналған. Ол адамның өмірінің екінші 60-жылдығы (61 жастан 120 жасқа дейін) кісі өзінің діни (рухани), әлеуметтік міндетін, яғни жинаған шартты ақпараттарын келесі ұрпаққа жеткізу, негізінен, соларды баптау, тәрбиелеу қызметімен айналысуға бағытталған. Бұл, тіршілік өмірдің екінші жартысында, негізгі міндеттін оның рухани жағдайы анықтайды. Сол себептен халықта: “Қарттық - даналық”, «Ақсақалдық»–деп, тіршілік өмірдің екінші жартысының басты сипаттамасын берген. Адамның биологиялық өмірінің әрбір кезеңі оның келесі кезегіне дайындық болып саналады. Сол себептен адам биологиялық өмірінің бірінші кезеңі, оның биологиялық өмірінің рухани, даналық екінші кезеңіне бірқалыпты, сатылап өтуін қамтамасыз етуі қажет.

Адамның биологиялық өмірінің ұзақтығы –120 жыл әрқайсысы 12 құралымы бар 10 ырғақтан тұрады. Әрбір 12 жыл сайын адам дамуының Жер ғаламшарына байланысты жаңа деңгейіне өтіп отырады. Қазақтар мұны «мүшел жас»- деп атайды. Бұл Жердің 12 жылдық жай ырғағы ырғақтық жазықтықтағы бір деңгейден екінші деңгейге сызықтық өту ерешеліктеріне байланысты.

Еуропа физиологтары адамға тән үш ырғақ түрін ажыратады. Дене жағдай ырғағы – 23 тәуліктік, көңіл-күй (эмоциялық) ырғығы – 28 тәуліктік, интелектуалдық ырғақ – 33 тәуліктік. Бұл ырғақтардың өту ерекшелігі олар бала туған күні басталып тек қана 60 жылдан соң бір нүктеде кездеседі. Қалған уақытта қиылысып отырады, бірақта бір нүктеде кездеспейді. Осы үш көрсеткішті көбейтіп, айлық жыл уақытына (355 тәулік) бөлсек 59,87 жыл шығады. 23х28х33= 21 252:355= 59,865.

Осы уақытқа дейін адамның биологиялық өмірінің бұл кезеңдерінің ғылыми негіздері тұжырымдалмағанына және олардың критерияларының жоқ болуына байланысты кісілер негізінен биологиялық өмірінің барлығын тек қана дүние жинауға, қоректенуін жақсы қамтамасыз етуге, өзінен кейін ұрпақ қалдыруға ғана жұмсап келген.

Сол себептен, олардың биологиялық өмірдің екінші жартысына өтуге ақыл-ойы бағытталмауына, өмір салты қалыптаспауына байланысты кісілердің көпшілігі үйреншікті жұмысын қойып, зейнетке шыққаннан соң не істерін білмейді. Олар өзі үйренген – дүние табу машықтануынан айрылып, ”аяғының астындағы қатты жері қозғалып, табан тірейтін жер таба алмай”, уайым-қайғыға (стреске) ұшырап, тез қартаяды. Бұл олардың көпшілігінің әртүрлі сырқаттарға ұшырауын, ал кейбір жағдайларда өлімнің тез болуына әкеліп соғады. Сондықтан адам өзінің биологиялық өмірінің бірінші жартысын тек қана басты міндеттерді: биологиялық - ұрпақ қалдыру және әлеуметтік - өзінің ғұмырының екі жартысын да уайым-қайғысыз өткізуге, соның екінші жартысына бірқалыпты өтуін қамтамасыз ететіндей болып дайындалуы қажет. Ол үшін кісі биологиялық өмірінің екінші жартысында рухани байлығын артыруға және рухани тазалануға, жиған тәжрибесін жас ұрпаққа беруге, игілікті өмір сүруге дайын болуы керек.

Мысалы, жасы қартайған, өзінің рухани байлығын салауаттылық тілеу (ас-сәләт, намаз), ауыз бекіту (жамандыққа жоламау, ораза ұстау), игілікті қызметпен айналысу арқылы арттырып, өз тәжрибесін жас ұрпаққа беру (оқыту) қызметтерімен айналысқан кісілер бұл жағдайға дайын болуына байланысты салауатты өмір сүреді. Мысалы үшін Қожа Ахмет Йассауи, Ақтамберді жырау, Бөгенбай батыр және т.б.

Ал биологиялық өмірінің бірінші 60 жылдық жартысын негізінен дүние, байлық жинауға жұмсаған, екінші рухани 60 жылдық жартысында даналық өмір сүруге дайындалмаған кісілер қартайған соң да ескі әдеті бойынша салауатты өмір салтын сақтай алмайды.

Кез-келген адамның тектік ақпараты 60 жастан соң биологиялық қасиеттерден рухани жағдайға көшуге бағдарланған. Адам бойындағы биологиялық және рухани, әлеуметтік қызметтері біріне бірі сәйкес болып дамуы қажет. Ол деген қандай түсінік? Әлеуметтік қызметтер биологиялық қасиеттер негізінде қалыптасуына байланысты, олар биологиялық қасиеттердің жалғасы және қорғаушысы болуы табылады. Адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса онда оның тектік ақпараты мен мінез-құлқының арасында қарама-қайшылық пайда болады. Мұндай адам бағдарланған тектік ақпаратты толығымен дұрыс жүзеге асыра алмайды. Ал адамдағы тектік, гендік ақпарат кісінің биологиялық өмірінің екінші жартысында даналық өмір сүруге бағдарланған, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыра алмайтын адам өмірдің қарама-қайшылығына ұшырап, соның нәтижесінде жиі ауырып, ерте өмірден өтуіне өзі себепкер болады. Мұның дәлелі халқының тұрмыс жағдайлары жақсы дамыған, қазіргі кезде өркенниетті деп саналатын әртүрлі мемлекеттердегі адамдардың биологиялық өмірінің орта жасы. Өз халқын дұрыс тәрбиелеп, оларды биологиялық өмірінің екінші жартысына бірқалыпты өтуін қамтамасыз еткен мемлекеттерде кісілердің күтілетін орташа биологиялық өмір жасы ұзақ болып келеді.

Сонымен, адамның 60 жылдық екі циклден тұратын 120 жыл қажетті биологиялық өмірі жасының өтуінің аспан және Жер ақпараттарының адамға әсерлері ерекшеліктеріне байланысты өз заңдылықтары мен өзгешіліктері бар.



14. 360 жылдық цикл, Жердің Күнді толық айналу ырғағы. Күндік күнтізбе бойынша бір жылда орташа 365 күн бар, ал айлық күнтізбе бойынша- 355 тәулік. Жердің Күнді айналуының ортша уақыты 360 (365 + 355):2 = 360 тәулік болып келеді. Бұл бірінші дәрежелі немесе жай ырғақ. Ал Жердің Күнді айналуының толық ырғағы, екінші дәрежелі, 360 жылға тең болады (3602, 360 тәулік x 360 тәулік).

Жер жағдайында шындықтың пайда көзі негізінен кісі ғана бола алады. Жерде пайда болған кез-келген шындық амалға асқанға дейін жұмыс істейді, ал орындалған соң күші жойылады. Ал амалға аспаған ақпарат ДНҚ-ның электромагнтік өрісіне жазылып, орындалғанша сақталады.

Шындық пайда болған шарттарына байланысты әр түрлі кезенді күш сақтайды. Кісіден шыққан жай ақпарат: сөз, ой және т.б. амалға асқанша өз күшін 3 жылға дейін сақтайды. Оның себебі иерархиялық басқару үштіктен тұрады. Ол үш жыл ішінде жеке кісі оны жазмышының есебінен өтеп отырады. Ал Жалғыз атымен айтылған ақпарат «уәде» – амалға асқанша 360 жылға дейін күшін сақтай алады. Осыған байланысты Жер жағдайында кісіде уәде түрінде пайда болған ақпараттар қашан жүзеге асқанша 360 жылға дейін құндылығын сақтай алады.

Сондықтан қазақ: «Уәде Құдай аты»- деп бұл ақпараттың ерекшелігін атап кеткен. Өлген адамды көмер алдында жаназасын шығармай тұрып, оның қарызы бар жоқ екенін сұрайтыны осыған байланысты. Егер адамда материалдық және/немесе ақпараттық қарыз болса ол ұрпағының есебінен өтеледі. Ата-бабадан орындалмай қалған, ДНҚ-ның электромагниттік қабықшасында жазылып қалған ақпараттық қарызды қазақ «қарғыс» - деп атайды. Қарғыстың 360 жылға дейін сақталуы осыған байланысты. Қарғыс басқа біреу қарғағаннан пайда болмайды. Басқаның қарғысынан адамды оның жазмышы, аурасы қорғайды. Осыған байланысты қарғыс 10 ұрпаққа дейін жалғасып отыруы мүмкін. Қазақстанда 16% от басында ұрпақ болмауының бір себебі, ол от басылары ата-бабадан келе жатқан қарғыс (ақпараттық қарыз) үшін өз ұрпағының биологиялық өмірімен өтеуіне байланысты болып келеді.



15. Мыңжылдық цикл. 103 (10x10x10).Бұл абсолютті жетілген жүйенін Жер моделінің орындаушы бөлігінің үшінші дәрежесі. Үш саны иерархиялық басқару белгісі. Сол себептен бұл ырғақта басты уақыт өлшемі болып табылады және де сандардың 3 дәрежесі олардың шексіздікке өткендігі белгісі болып таылады.

16. 1200 жылдық цикл, этногенез. (12 x 100). Бұл Жердің 12 туындысының әрқайсысында абсолюттік жетілген жүйенің Жер моделінің толық ырғағының болу нәтижесі. Бұл ырғақ уақыты «этногенез» - деп аталады.

Этногенез – этностың пайда болған кезінен бастап жойылған немесе гомеостаз жағдайына көшкен кездегі қалыптасқан үдеріс. Этнос қалыптасуының негізгін нақты табиғатты, ландшафтты өзінің қажеттілігіне байланысты бейімдеген және сонымен бірге осы жағдайға бейімделе бастаған популяция, пассионарлық топ құрайды. Жүйенің дамуына қажетті күштерді пассионарлық популяциялардан алады. Бұл жағдайда максимальді пассионарлық қантөгіспен жүреді де, минимальдық пассионарлық – этностың жойылуына төте жол - өлімге алып келеді.

Этногенез үдерісі антропоноосфераға сыртқы күштердің: жарылыстардың, қозғалулардың әсер нәтижесі. Антропоноосфера осы импульстардың әсерінен біртектіден, монолиттен мозаикаға, әр түрліге айналады. Бұл біртұтас адамзат тұрақты өзгеріп отыратын топтар және микропопуляциялардың жаңа үйлесімдері нәтижесінде біріне-бірі кейде ұқсайтын, кейде ұқсамайтын әр түрліге айналады. Негізгі өзгеріс мінез-құлық қалыптасуында байқалады.

Этногенез ареалдары Жердің белгілі аймақтарына байланысты емес. Пассионарлық қозғалулар – ені 300 км, шеңбері 0,5 бөлігін құрайтын енсіз жолақтар. Олар геодезиялық сызықтарға ұқсайды. Қозғалулар өте сирек, 1000 жылда 2-3 рет болуы мүмкін, бір аймақта екі рет қайталанбайды. Біздің эрамызға жейін 1000 жыл бұрын екі қозғалу байқалған. VII ғасырда Аквитаниядан бастап Лациум, Эллада, Киликия, Парс арқылы Индияға дейін, ал III ғасырда қазіргі Қазақстан және Монголия далалары арқылы. Бір қозғалыстың өзі, егерде ол әртүрлі физикалық-географиялық аймақтар арқылы өтсе, пассионарлықтың бірнеше ошағы пайда болуы мүмкін.

Этногенездің салыстырмалы ұзақтығы әр түрлі. Онда ұзақтығы 300 жылға жуық көтерілу фазасынан, осыған жуық интенсивті өсу және акматикалық фазасын ажыратады. Бұл фазалардың нәтижесінде этностың өз ерекшеліктері қалыптасады. Бұдан соң 150-200 жылға созылатын бұзылу, одан кейін құлдыру кезеңі пайда болады.

Сонымен, этноәлеуметтік жүйенің пайда болуынан бастап этностың қалдыққа, реликт айналуы арасында 1200 жылға жуық уақыт өтеді. (Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера – М: 1997.)



17. 2 000 жылдық цикл, дәуір (эра). (1000х2).Бұл ырғақтық кезең дәуір (эра) деп аталады. Иса С.(Ғ.С.) туған уақыты жалпы Жер бетіндегі жаңа ырғаққа сәйкес келген. Бұл Жалғыз құдіретінің белгісінің бірі болып келеді. Сондықтан Иса (С.Ғ.С.) туғаннан бергі өткен 2 000 жыл Балықтар дәуірі, ал келесі 2 000 жылдық дәуір Суқұйғыш (Көнек) дәуірі деп аталады. Сондықтан 2001 жылдан бастап Көнек дәуірі басталды. Иса (С.Ғ.С.) туғанға дейінгі дәуір Тоқты дәуірі болды. Оның себебі аспандағы ақпарат ауысу кезегі сағат тіліне қарсы бағытта болуына байланысты.

Әрбір дәуірдің өзінің табиғи тектес ақпарат түріне байланысты ерекшеліктері бар. Мысалы, Тоқты дәуірі – от тектес, Балықтар дәуірі – су тектес, Суқұйғыш дәуірі– ауа тектес. Сондықтан әрбір дәуірдің сипаты тектес ақпарат түріне сәйкес болып келеді.

Қазіргі кезеңде астрологтардың түсінігі бойынша ең ұзақ цикл 1 750 000 жылдан құралады. Бұл Жер ғаламшары орбитасынң эксцентрисетінің өзгеру ырғағы. Бұл цикл 26 000 жылдан аз 68 циклдан тұрады. Бұл циклдардың ішінде Күн жүйесінде орналасқан ғаламшарлардың топтық өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасатын әртүрлі циклдар болуы мүмкін.

Қорыта келе айтарымыз, жүйелердің үш түрінің өзара аралық әсерінің негізінде иерархиялық басқару принцпі: “Аспанмен басқарылып, жерге бейімделеміз” ұғымын жүзеге асыратын циклдар қалыптасады.Бұл бөлімде тек қана үш жүйе түрінің өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасатын кейбір негізгі ырғақтарды қысқаша сипаттадық.



5. ТАРАУ. АҚПАРАТТАР ТҮРЛЕРІН ТАБИҒАТЫНА ҚАРАЙ ЖІКТЕУ

Қоршаған дүниеде және объекттер ішінде олардың ұйымдасу деңгейлеріне байланысты ақпараттар бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Табиғатына байланысты ақпараттарды қандай топтарға жіктеуге болады? Қоршаған орта әсерлерін табиғатына байланысты Басқару қағидасы негізінде табиғатына сәйкес үш топқа: шын, шындық және өтірік - бөлуге болады.

Бірінші, басты ақпарат шын, хақ. Оның көзі Жалғыз болып табылады. Ол ақпарат мәңгілік және толық, 100% таза, қоспасы жоқ, еш уақытта өзгеріске ұшырамайды.

Бұл ақпарат Жер жағдайында жеті арқылы тарайды және толығымен амалға асуы қажет. Мысалы, кемпірқосақтың жеті түр-түсі, жеті нота, аптаның жеті күні және т.б. түрде. Бұл ақпараттарды кісі толық түсіне алмайды, сондықтан да оларды көмескі, басқарушы әсерлер деп атайды. Қазіргі кезде бұл ақпаратты метафизикалық деп атап жүр.

Екінші топ ақпараттар шындықтар. Шындықтың негізгі белгісі, ол құны амалға асқанға дейін уақытша қызмет атқарады. Шындық толық амалға асқаннан соң күшін жояды. Жер ғаламшары жағдайында шындықтың көзі тек қана кісі болып келеді. Кісі өзінен шыққан шындықты толығымен жүзеге асырмаса, онда ол оның ДНҚ-ның электромагниттік өрісінде жинақталып, ұрпағына беріліп отырады. Бұл өтелмеген ақпараттық қарыз ұрпағының есебінен өтеледі. Осылайда адамдарда қарғыс жанақталады.

Шындық шынның негізінде пайда болады. Шын жүзеге асатын ортасының ерекшелігіне байланысты сол ортаны сипаттайтын қосымша ақпараттар түрлерін, қажетті қоспаларды қосып шындыққа айналады. Мысалы, Жер жағдайында шын жеткізетін жетіге Жер жағдайында қосымша ақпарат түрлері қосылып бес жұп элементке айналады. Сондықтан Жер жағдайындағы барлық құбылыстар осы бес жұп элементтердің негізінде жүзеге асады. Келесі мысал дәрі. Дәрінің әсер ететін құрылымы бар. Кейбір жағдайларда бұл құрылым мөлшері өте аз. Дәріні организмге ендіру үшін оған зиянсыз қоспалар қосады.

Шындық ақпараттар Жер жағдайында ішкі ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші тобын жансыз тіршілік иелері, жетілмеген жүйелер құрайды. Оларға физикалық, химиялық және геологиялық әсерлер жатады. Екінші топ – жандылар, жай жетілген жүйелер. Жандылардың өз ішінде тектік, гендік ақпараттары болуына байланысты олар өздері көбейе алатын қасиетке ие. Жанды объектерге вирустар, жәндіктер, жануарлар, адам организмі жатады.

Шындық шыннан және өтіріктен тұрады. Жер жағдайындағы он бастама ақпараттың жетеуі көктен келуіне, ал екеуі Жер жағдайында пайда болуына байланысты кісінің ойлағанда, сөйлегенде және іс-әрекет жасағанда одан шыққан ақпараттың 70-80% шын, ал 30 -20% қоспа ақпарат болуы мүмкін. Егерде кісіден шыққан ақпараттың қоспасы 30%-тен асып кетсе, онда оның өміріне өтірік араласады, онда ол ақпараттың үшінші түрінің - өтіріктің пайда болуына әкеліп соғады.

Ақпараттың үшіншісі ол құны жоқ яғни өтірік ақпараттар. Жер жағдайында өтірік көзі тек қана кісі болып табылады. «Шайтан»- деген арап сөзі өтірікші яғни одан шыққан ақпараттың құны жоқ деген мағна білдіреді. Кісіден шығатын ақпарат ой, сөз және іс-әрекет түрінде болулары мүмкін. Кісі басқаларға осы жолдармен ақпарат бергенде, онда ол оның құны бар деп береді. Берілген ақпараттың құны, бағасы жоқ ол өтірік болуына байланысты адам өзінің негізгі жазмыштық көрсеткіштерімен өзінен шыққан өтірік ақпараттың құнын өтейді, төлейді.

Өтірік ақпарат дүниеде жоқ болуына байланысты біз оны талдамадық. Сол себептен біз бұл тарауда адамға әсер ететін ақпараттың үш тобының: шын, жансыз және жанды - жеті түрінің сипаттарын ұсынамыз.

Олар:І-ші топ- шын, көмескі әсерлер:1) метафизикалық;

ІІ-ші топ- жансыз әсерлер: 2) физикалық; 3) химиялық; 4) геологиялық;

ІІІ-ші топ- жанды әсерлер: 5) биологиялық; 6) әлеуметтік; 7) антропогендік.

Метафизикалық немесе көмескі әсерлер, рух.Метафизикалық немесе рухани әсерлер деп қоршаған ортадан адамға әсер ететін, нәтижесі бар, бірақта адамның сезім мүшелері, санасы қабылдай алмайтын факторлерді айтады. Бұл әсерлер Жалғыздан адамдарға үш жолмен келуі мүмкін. Бірінші рух Жалғыздың өзінен тарап отырады. Екінші тұрақты ақпарат беретін объектерден: айдан, күннен, күн жүйесіндегі планеталалардан, алыстағы жұлдыздар шоғынан және тағы басқалардан келеді. Сондықтан кісі мінезі ырғақ бойынша туған жыл санауына тәуелді болады. "Ал сендер үшін түнді, күндізді әрі айды, күнді істетті, жұлдыздарда оның әміріне бағынысты" (Қ.С-16;А-12.) Үшінші пайғамбарлар арқылы аызша немесе жазбаша нұсқау түрінде жеткізіліп отырылады.

Метафизикалық әсерлердің пайда болуы туралы Құранда: "Аллаh тағала көктер мен жердің нұры. Ол қуыста жанған жарық сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ол әйнек – бейне інжудей жұлдыз. Шығыста да батыста да болмаған берекетті ағаш зәйтүнмен жағылады. Оның майы от тимей-ақ жануға дайын. Нұр үстіне нұр! Аллаһ қалаған кісісін Өз нұрына бөлейді. Әрі Аллаһ адамдарға осылай мысал береді. Аллаһ әр нәрсені толық білуші." (Қ.С-24; А-35.) деп сипатталады.

Метафизикалық факторлардың бір бөлігі «Жер ғаламшары моделіне» жеткен кезде құбылыстарды, тіршілікті және адамды қамтамасыз ету үшін физикалық әсерлерге айналады. Метафизикалық әсерлер, рух мәңгілік болуына байланысты өлшемі жоқ, өлшенбейді, сондықтан олар сезілмейді. Ол әсерді арнаулы Жалғыз берген қасиеттері бар адамдар ғана қабылдай алады. Ол адамдарды пайғамбарлар деп атайды. Олардан басқа кейбір кісілер белгілі бір мөлшерде қабылдай алулары мүмкін. Нәзікті өлшеуге болатын жаңа әдістер және технологиялар жүзеге асқанда кейбір метафизикалық құбылыстар физикалық факторлерге айналып отырады. Мысалы, қазіргі нанотехнология ұғымы, кезінде квантты, жарықты және т. б. өлшеу. Квантты өлшеу әдісі табылғанша (XX ғасырдың басы) бұлар туралы түсінік болмады.

Метафизикалық әсерлерді әсер еткен кезде оларды сезбейміз, себебі оларды қабылдағанда біздің санамыздың оны талдауға шамасы келмейді, бірақта оның нәтижесін көреміз. Олар организмнің күн көріп және тіршілік етуіне қажеті шамалы. Сондықтан организмде оларды қабылдайтын тектес құрылымдар жоқ. Мысалы, күннің ультракүлгін сәулесінің әсерін қарастырайық. Адамның жарықты қабылдау мүшесі – көз күн сәулесі бөлігінің (спектрі) күлгін-қызыл аралығын ғана қабылдай алады. Ал одан қысқа және ұзын бөліктерін қабылдағанмен, олар біздің санамызға жетпейді. Себебі оларды біздің санамыз қабылдайтындай шартты ақпаратқа айналдыратын арнаулы құрылымдар жаратылмаған.

Сол себептен оларды біз арнаулы, қосалқы құралдар арқылы тіркей аламыз. Мысалы, инфрақызыл түсті көру үшін қараңғыда (түнде) қолданылатын арнаулы құралдар. Адамға ультракүлгін сәуле әсер еткенде біз оның әсерін сезбейміз, себебі оны қабылдайтын құрылым бізде жоқ. Ол зиянды болуына байланысты оның зиянды әсерін жойып, сіңіріп отыратын теріде арнаулы сіңіруші қара бояғыш (пигмент) бөліп шығаратын жасушалар – меланоциттер бар. Ультракүлгін сәуле әсерін біз сезбегенмен ол әсер етіп болған соң оның әсерінің нәтижесі – терінің күйгенін көреміз. Сол себептен ультракүлгін сәуле әсер еткенде тері күю дәрежесіне байланысты қызарады немесе үлбіреген ісіктер пайда болады. Соның нәтижесінде тері күйіп қарайады. Бұл мысал, біздің метафизикалық әсерлерді сезбейтінімізді, бірақта олардың адамға әсері зор екенінін, оның әсерін нәтижесінен білетінімізді көрсетеді.

Адам денесінде, әсіресе оның сыртқы ортамен тікелей қатынасын қамтамасыз ететін жапқыш ұлпасында (тері, тері асты шел, бұлшықеттер, сіңірлер) метафизикалық ақпараттарды қабылдайтын арнаулы құралымдар бар. Ол құралымдар жүйе қағидасына және қасиеттеріне сәйкес қоршаған ортадан метафизикалық ақпараттардың қабылдануын қамтамасыз етеді. Адамның жай жетілген жүйе болуына байланысты олар организмде арнаулы жүйе –макрожүйе құрап орналасады.

Бұл жүйелерде метафизикалық ақпарат қабылдаушы арнаулы құралымдар бар. Олардың саны жылдағы орташа күн санына сәйкес (360) және де олар 7 жұп – 14 қабылдаушы жүйе құрып жапқыш ұлпада орналасқан (суреттер). Оларды ақпарат қабылдаушы нүктелер дейді. Қытайда бұл нүктелерді ине шаншып емдеуге қолданғандықтан оларды ине шаншитын -акупунктуралық нүктелер деп атаған. Бұл нүктелер арқылы қабылданатын ақпараттың мөлшері қажетіне сәйкес көлемнен азайса немесе көбейсе онда адам сырқатқа ұшырайды. Ол сырқаттарды осы нүктелер арқылы өтетін метафизиакалық ақпарат көлемін қажетті мөлшерге дейін реттеу арқылы емдейді.

Физикалық әсерлер. Физикалық (гр. physіs-табиғат) әсерлер деп метафизикалық әсерлерден пайда болған, өлшеуге болатын, табиғатта жаратылған барлық нәрселелердің негізі болып келетін факторлерді айтады. Физикалық факторлардың Жер бетінде алғашқы екендігін Кітаптарда былай сипаттайды: " Сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді. Сонда оған әрі Жерге: "Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер" деді. Екеуі де: "Бой ұсынған түрде келдік" деді». (Қ. С-41;А-11.).

Өлшеу әдістері табылғанға дейін барлық физикалық әсерлер метафизикалық болып келген. Мысалы: квант энергиясы, жарық, радиация және т. б. Физикалық ұғымдардың ішіндегі ең негізгілері: уақыт және кеңістік. Бір дүниеден екінші дүниеге ақпарат өткенде ол кеңістіктің жазықтықтары түйіскен жерде нүктеге айналып, басқа бір дүниеге ақпарат болып өтеді. Физикалық әсерлер мысалдары: уақыт, кеңістік (ұзындық), күш, қысым, жарық, энергия түрлері және т. б. Физикалық әсерлерде тек қана өзіне тән бір-ақ қасиеті бар. Ол оның өлшем бірлігімен сипатталады. Осы қасиеттерді яғни табиғат негізін зерттейтін ілім саласын физика деп атайды.

Жалғыз басты ақпарат көзі болып табылатын абсолютті жетілген жүйе барлық қалған жетілмеген және жай жетілген жүйелер үшін қоршаған сыртқы орта болып есептеледі. Сыртқы қоршаған ортадағы 7 түрлі басқарушы ақпараттар Жер жағдайында 10 элемент болып қалыптасады. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: "Үкім Аллаға ғана тән" (Қ.С-12;А-40.); "Бұл Алладан кеңшілік және нығмет. Алла әр нәрсені толық білуші, хикмет иесі" (Қ.С-49;А-8.) "Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестіреді" (Қ.С-32;А-7.).

Мысалы, сыртқы ортадан Күн жүйесіне басқарушы ақпарат әсер еткенде ол күн энергиясы және осы «Жер моделі» ішіндегі 5 жұп элементтер: жел, құрғақ, ылғал, ыстық, суық болып қалыптасады.

Ал адамның Жалғыздың жердегі ізбасары болып жаратылуына байланысты онда жүйе есебінде Жалғыздың жаратуына сәйкес 14 (7 жұп) элемент пайда болады. Олар орталық жүйке жүйесінде орналасқан «ішкі басқарушы» бөлігі, вегетативтік жүйке жүйесіндегі және ішкі секреция бездеріндегі - реттеуші бөлігі және он (бес жұп) жұмысшы жүйелер жиынтығы. Бұл туралы Құран Кәрімде: "Сол уақытта Раббым періштелерге: "Әрине мен жерде бір ізбасар жаратамын!-деген еді" (Қ.С-2;А-30.), ал Тәуратта: «Адамды Жалғыз Өзіне ұқсас және Өзі бейнелес етіп жаратты;..» (Биб.Ж.Б-1; Қ-27.) деп нұсқады.

Аспаннан негізгі ақпарат алып бес жұп және Жер ақпаратының алты жұп түрі ғаламшарға белдеумен әсер етеді. Ал Жер ғаламшары өз білігінде айналғанда осы белдеуді белгілі уақыт аралығында ырғаққа сәйкес кесіп өтіп отырады.



Химиялық әсерлер. Химиялық әсерлер деп химиялық құрамы (формуласы) толық анықталған, құрамы суреттелген қосылыстарды айтады. Физикалық әсерлер Жер жағдайында үшін химиялық әсерлерге айналады. Оның себебі физикалық әсерлерде тұрақталған ақпарат ұзақ сақталмайды, кез-келген уақытта уақытта өзгеріске ұшырауы мүмкін. Жер ғаламшары жағдайындағы барлық үдерістердің негізі болып табылатын заттар алмасуын қамтамасыз ету үшін ақпарат өзгермейтін түрде болуы қажет. Ақпарат тек қана құрылым және формула түрінде жазылған жағдайда ғана тұрақтылығын өзгертпейді. Мысалы, су, формуласы Н2О. Судың формуласы барлық тілдерде өзгерізсіз жазылады, ал әрбір тілде өзінше оқылады. Мысалы, орыс тілінде - вода, латын тілінде-– aqua.

Бұл құбылысты түсіндіру үшін ауызша және жазба сөз түрлерін салыстырып көрейік. Қағазға жазылған сөз еш уақытта өзгеріске ұшырамайды, яғни оның ақпараттық құны өзгермейді. Бұл туралы қазақтар: «Тасқа таңба басқандай», орыстар: «жазылғанды балталап та жоя алмайсың»- деп тұжырымдаған. Ал егерде біз сол ақпаратты ауызша айтатын болсақ әрбір жаңадан қайталап айтқанда оның жалпы мағнасы қалғанымен оны түсіндіретін сөздер тіркестігі, ал кейбір жағдайларда қайсы бір сөздердің өздері де өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда ақпарат құны өзгеріске ұшырайды.

Сондықтан өркенниеттіліктің, мәдениеттің негізгі белгісі жазбаша ақпарат болып саналады. Қай халықта жазба болған, сол халық «өркенниеті» - деп аталады. Бұрын көшпенділерді «жабайы халық» - деп атаған болса, олардың жазбалары табылуына байланысты «көшпенділер өркенниеті (номадизм)»- деген ұғым қалыптасты. Қазіргі кезде «көшпенділер өркенниеті» дүниедегі төрт өркенниеттің біреуі болып саналады.

Әрбір физикалық әсер негізінде оған тектес химиялық әсер қалыптасады, бірақта оның ақпараттық құндылығы өзгермейді. Мұның дәлелі ретінде химиялық қосылыстар мөлшерін олардың спектрі, яғни жұтатын сәуле ұзындығы арқылы анықтау (спектрометрия) әдісі бола алады. Қазіргі кездегі медицинада қолданыс тапқан инновациялық зерттеу әдістерінің негізіне осы принцип жатады. Мысалы, МРТ, ЯМР, компьютерлік томография, УДЗ, рентген сәулесімен зерттеу және т.б.

Химиялық әсерлер физикалық әсерлердің негізінде қалыптасуларына байланысты иерархия саты бойынша олардын жоғарғы орналасады. Осыған байланысты олардың өзіне тән өзара ауысу, яғни химиялық реакцияға түсу қасиеттерімен қоса физикалық қасиеттері де болады. Сонымен химиялық әсерлердің ең кемінде екі: химиялық және физикалық қасиеттері болады. Мысалы кез-келген химиялық реакция жүру үшін оған арнаулы физикалық жағдайлар жасалуы керек. Шайға қант салғанда қант шайда жақсы еру үшін шай ыстық болуы қажет.

Ортадағы кезкелген фактор химиялық әсер деп аталуы үшін оның химиялық құрамы толық анықталып, қандай элементтерден тұратыны (формуласы) толық жазылуы қажет. Мысалы: адам денесіндегі гормондар барлық уақытта болса да, олардың ХХ-ғасырдың басынан бастап құрамы анықталып, әсер ету механизмдері сипатталғанша олардың әсерлері белгісіз болып келді. Мұның мысалы ретінде жиырмасыншы ғасырдың 20-шы жылдарында ашылған инсулин, антибиотиктер, 50-шы жылдарында ашылған кортикостероидаттар және т.б. айтуға болады.

Физикалық әсерлердің химиялық қосылыстарға айналуы жер бетінде тіршіліктің пайда болуындағы өте үлкен, маңызы зор саты болып табылады. Химиялық элементтердің және құрылымдардың пайда болуы табиғатта көптеген қажетті құбылыстардың жүзеге асуын қамтамасыз етті. Біріншіден химиялық қосылыстардың пайда болуы, олардың күрделеніп органикалық қосылыстардың синтезделуін қамтамасыз етті. Органикалық қосылыстардыңпайда болуыөз кезегінде жандылардың қалыптасуына септігін тигізді. Екіншіден ақпараттардың химиялық жолмен өзгермей берілуіне, яғни тектік ақпараттардың шартсыз берілуін қамтаамсыз етті. Үшіншіден жандылардың қоршаған ортаға тиімді бейімделуіне мүмкіндік жасады.

Мысал ретінде РНҚ мен ДНҚ түрінде жазылған гендік ақпараттар. Тектік ақпараттың химиялық жазылуы биологиялық түрлердің қалыптасуының негізін қалайды және де еш уақытта өзгеріске ұшырамайды, яғни шартсыз болып келеді. Егерде бұл ақпараттар өзгеріске ұшыраса онда сырқат пайда болады.

Аспанның негізгі бес жұп түрлі физикалық әсерлері химиялық қосылыстарға айналғанда өздеріне тектес 5 жұпты құрайды. Жел - желектің (ағаш), ыстық - оттың, ылғалдылық - топырақтың (жер), құрғақтық - ауаның (металл, эфир), ал суықтық - судың қалыптасуына әкеліп соғады. Ал бұлардың және бұлардан пайда болатын әртүрлі жүйелердегі туындыларының негізгі түп қасиеттері бірдей болып келеді. Негізгі ақпараттың бір түрінен әртүрлі деңгейде пайда болған құбылыстар мен құрылымдарды тектестер деп атайды. Сондықтан осы тектестік, сәйкестіктілік шығыс медицинасында сырқаттардың түрін анықтауда және оларды емдеуде кеңінен қолданылады.

Сонымен, Жер ғаламшарындағы кез-келген жанды сыртқы ортадан физикалық және химиялық әсерлерді қабылдап, соларға бейімделуге жаратылған болып табылады. Бұл әсерлер барлық жүйелердің құралымдық негізін ұйымдастырады.



Геологиялық факторлер. “Жер - адамзаттың бесігі”. Геологиялық әсерлер деп Жердегі жандылар күн көруін және тіршілік етуін қамтамасыз етуге бағытталған факторларды айтады. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Ол сондай Алла, сендер үшін Жерді бесік қылып, онда сендерге жолдар ашқан және көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрлі өсімдіктерден пар-парымен шығардық». (Қ.С-20; А-53.)

Физикалық және химиялық әсерлер тіршіліктің және күн көрудің негізін құрайды. Тіршілік дегеніміз ақпарат алмасуын қамтамасыз ету. Жер ғаламшары жағдайында тіршілік негізінен химиялық заттар алмасуы арқылы қамтамасыз етіледі. Химиялық реакциялар жүру үшін физикалық және химиялық факторлер соларды жүзеге асыратындай жағдай жасайтын шектен шықпауы қажет. Мысалы, жанды нәрседегі заттар алмасуы болуы үшін оған қажетті тұрақты жылу, ішкі ортадағы рН, осмостық қысым тұрақтылығы, оған қатысатын химиялық қосылыстардың белгілі мөлшері және т.б. жағдайлар болуы қажет. Бұл жағдайларды қамтамасыз ету үшін қажетті физикалық және химиялық факторлерді белгілі бір мөлшерде тұрақты ұстап тұру қамтамасыз етілуі керек.

Физикалық және химиялық факторлардың тіршілікке қажеттілерін жинақтап, шектеп қамтамасыз ету үшін арнаулы құралым Жер ғаламшары жаратылған. Жер жағдайында жандылардың құрамын құрастыратын химиялық элементтердің белгілі мөлшердегі жиынтығы, химиялық реакциялар жүруін қамтамасыз ететін белгілі шектелген физикалық әсерлер болуы қажет. Осының бәрін Жер ғаламшар есебінде қамтамасыз етеді.

Жер химиялық және физикалық әсерлер негізінде пайда болуына байланысты, мұнда геофизикалық және геохимиялық қасиеттер және де Жер ғаламшары жетілмеген жүйе есебіне оның тек қана өзіне тән де қасиеттері бар. Геофизикалық факторлар дегеніміз негізгі ақпараттардың 5 жұп элементтерінен қалыптасқан 3 топ әсердің өлшемдері жиынтығы. Үш топ көрсеткіш олар: жел, салыстырмалы ылғалдылық (құрғақтық+ылғалдылық) және температура (ыстық+суық). Геохимиялық көрсеткішер дегеніміз ауа, топырақ және су құрамындағы химиялық элементтер мөлшері жиынтығы. Жер ғаламшарының өзіне тән қасиеттер: Жердің тартылыс күші, Жер жағдайындағы ырғақтар және т. б. Осылайша өз бойындағы қасиеттер және құрылымдарды тұрақтандыру арқылы Жер ғаламшары барлық жандылардың, соны ішінде адамның да, тіршілік етіп және күн көруін қамтамасыз етеді. Себебі адам балшықтан жаратылуына байланысты тек қана Жер ғаламшары тіршілік ете алады. Сол себептен Жерді «адамзат бесігі»- деп атайды. Жердің адамзат үшін жаратылғаны туралы келесі нұсқаулар бар: “Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты” (Қ.С-43;А-10.).

Адам Жер ғаламшары жағдайындағы Жалғыз жаратқанның ішіндегі ең құдіреті және жетілгені болып табылады. Жалғыз адамзаттың дамуы, өсіп-өнуі және өзара қатынастары үшін барлық жағдайаттар жасады. Сондықтан: “Жер – Жалғыздың алақаны”- деген ұғым қалыптасқан, яғни Жалғыз адамзатты өзінің алақанына салып, мәпелеп отыр. Ал енді біз пендешілікпен осы жақсылықты қажетті деңгейде түсіне алмаймыз. Көбінесе өзімізге зиянды іс-әрекеттер жасауға дайын тұрамыз. Жердегі тіршілікті қамтамасыз ету үшін жанды жүйелердің бейімделу мүмкіншілігінің шегіне байланысты геофизикалық және геохимиялық әсерлер белгілі бір шектелген мөлшерде жасалынды. Ол туралы келесі нұсқаулар бар: "Сондай-ақ ол жердегі әрнәрсені мәлім мөлшерде өсірдік"(Қ.С-15;А-19.). Мысалы: адам өзін қоршаған ортада жақсы сезіну үшін оның жылулығы, ылғалдылығы, ауа қысымы белгілі бір шекте, ал тамақ, ауа және су таза, зиянсыз болуы қажет. Сонда ғана адам нақты қоршаған ортада биологиялық өмірінсалауатты сүре алады.

Егерде адам денесінде қажетті химиялық қосылыстар шектен тыс жинақталса немесе организмге қажеті жоқ қосылыстар (ауыр металдар) енсе онда организм уланды. Мысалы, уремия, дәрімен, ауыр металдармен улану және т.б. Ал химиялық қосылыстар мөлшері жетіспесе әртүрлі сәйкес сырқаттарға ұшырайды. Мысалы, темір жетіспесе анемияға, йод жетіспесе жемсаулыққа және т.б. ұшырайды. Осы тәріздес физикалық әсерлерде шектен шықса зиянды әсер етеді. Адамға ең қажеттінің бірі жылу. Қоршаған ортады жылулық 600С асса жылу соғады, кейде күйіп қалуда мүмкін. Ал егер суықтық -400С төмендесе онда дене үсуі мүмкін.

Жер ғаламшары адамның биологиялық өмірін толық қамтамасыз етуге жаратылған. Сол себептен оны «адамзат бесігі»- дейді. Осыдан түсінетініміз «бесік» дегеніміз адам дамуы үшін барлық жағдайды жасайтын құрылым. Адам үшін алғашқы бесік анасының құрсағы болып табылады. Бала дүниеге келгеннен соң аяғы шыққанға дейін бесікте өсуі міндетті. Сондықтан қазақ: «Тал бесікке түскен адам жер бесікке де түседі»- деп адамның биологиялық өмірінің басталуы мен аяқталуын тұжырымдаған. Адам денесі үшін ең соңғы бесік өзі жаратылған балшық, топырақ.

Биологиялық факторлар. Биологиялық факторлар деп жанды, жай жетілген жүйелерді айтады. Жер ғаламшарыда тіршілік етуге және күн көруге қажетті геофизикалық және геохимиялық жағдайлар қалыптасуына байланысты жанды объектер пайда бола бастайды. Жандының күн көруінің негізгі белгісі көбею, ұрпақ қалдыру.

Көбею, ұрпақ қалдыру деп биологиялық түрдің өзіне ұқсастың пайда болуын жүзеге асыру арқылы жанның, тектік, гендік ақпарат жалғасуының үздіксіз болуын және ұштасып жатуын қамтамасыз ету. Жанды жүйелердің негізгі қасиеттері былай сипатталады: "Жердегі жүрген жандық және қанатымен ұшқан құс сендер құсаған топтықтар"(Қ.С-6;А-38.). "Жалғыз өсіп-өніп көбейіңдер"-деп батасын берді (Биб.Жар.Б-1; Т-22).

Жанды жүйелердің жаратылу мақсаты көбею болса, ал олардың тіршілік ету және өмір струї қоршаған ортаға бейімделу (лат.adaptatіo) арқылы жүзеге асады. Егерде организм сыртқы ортаға бейімделе алса ғана ол күн көріп және тіршілік ете алады, ал бейімделе алмаса жойылады. Осыған байланысты өздерінің көбею қасиеттері бар жүйелер «жанды» деп аталады. Өздік көбею қасиеті жанның бар екенінің негізгі белгісі болып келеді.

Жанды объектердің барлық ерекшеліктерін жинақтап «биологиялық факторлар»- деп атайды. Дүниедегі барлық жанды, жай жетілген жүйелер ерекшеліктерін зерттейтін ілім бөлігін – биология (лат.bios-жан, + logos – ілім) деп атайды. Биологиялық факторлар физикалық және химиялық факторлардың негізінде қалыптасуына байланысты жанды объектерде физикалық және химиялық заңдылықтары жүзеге асады. Организмдегі физикалық және химиялық заңдылықтардың жүзеге асу ерекшеліктерін биофизика және биохимия зерттейді.

Биологиялық объектердің табиғатта жаратылғандағы негізгі міндеті өзінен соң ұрпақ қалдыру, ал олардың күн көру және тіршілік негізі бейімделу болып табылады. Биологиялық обьектердің осы екі міндетін қамтамасыз ететін негізгі бес қасиеттері бар. Олар: көбею, қорғану, қоректену, қозғалу, реттеу. Биологиялық объектерді осы қасиеттердің болу дәрежесіне байланысты бірнеше патшалыққа бөледі.

Жер ғаламшары жағдайында тек қана көбею қасиеті бар жанды жүйелерге вирустар жатады. Олардың көбеюін РНҚ түрінде жазылған жаны, тектік ақпараттары қамтамасыз етеді. Өз бойларында РНҚ және қабықшадан басқа ешнәрсе жоқ болуына байланысты олар өздерін қажетті қорекпен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан вирустар өздері қоректене алмайтын болғаннан соң, тек қана басқа жандылардың есебінен күн көріп және тіршілік етюді және барлығы арамтамақтар (паразиттер). Осыған байланысты олар өздері қоректенетін және көбейетін барлық жанды жүйелерде аурулар пайда болуына себепші болады.

Бейімделу күн көру және тіршілік негізі болуына байланысты тиімді бейімделе алатын жандылар қажетті дәрежеде күн көріп және тіршілік ете алады. Жанды жүйелердің сыртқы ортаға тиімді бейімделуі үшін олар өздерін-өздері қоректік заттармен қамтамасыз ететіндей және қорғана алатындай дәрежеде болулары қажет. Сол себептен жандыларда көбеюден бөлек құрылымы күрделінеуі арқылы жаңа қасиеттер: қорғану және қоректену қалыптасады. Қоректену арқылы жанды өзі тіршілік ететін ортадан соған бейімделуге қажетті химиялық қосылыстарды алып, өзін топырақтың құрамына сәйкестендіріп отыруына толық мүмкіншілік алады. Қорғану қасиеті жандылардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қоректенген жанды - өседі. Өсу (лат.- vegetum) – сыртқы ортаға бейімделудің қажетті мөлшерде қамтамасыз етелгенінің көрсеткіші. Арнаулы қорғаныс иммундық жүйенің қалыптасуымен жүзеге асады. Организмге тектік қасиеті бөлек қосылыстар енуі мүмкін. Оларды антигендер деп атайды. Антигендерден қорғау үшін арнаулы жүйе – иммунитет қалыптасады. Көбею, қорғаныс және қоректену қасиеттері бар жанды жүйелерді - өсімдіктер деп атайды.

Жанды жүйелердің әрі қарай даму сатысында олардың бейімделуін жаңа деңгейде қамтамасыз ету үшін көбею, қоректену және қорғанумен қоса қозғалу қасиеті пайда болады. Өздік қозғалу жандылардың кеңістікте орнын қажеттілікке байланысты ауыстыруын қамтамасыз етеді. Бұл қасиет бейімделу үдерісін тиімдестіріп және де организмнің жалпы қорғану мүмкіншіліктерін арттырады. Ал көбею, қорғану, қоректену, қозғалу қасиеттері бар тіршілік иелерін жәндіктер деп атайды. Қозғалу ет ұлпасының және жүйке элементтерінің пайда болуымен қамтамасыз етіледі.

Жандылар күрделенген сайын олардың қоршаған ортаға бейімделуін жетілдіру үшін, оларға әсер етуші ақпараттарды сақтап, қажетті кезінде пайдаланып отыратын жоғарғы деңгейдегі реттеу қасиеті пайда болады. Реттеу орталық жүйке жүйесі қалыптасумен қамтамасыз етіледі. Көбею, қорғаныс, қоректену (алмасу), қозғалу және реттеу қасиеттері бар жандыларды жануарлар деп атайды. Жануарлардың басқа жандыларға қарағанда сыртқы ортаға бейімделу мүмкіншіліктері әлде қайда жоғары. Мысалы, құстардың ұшып орын ауыструлары, балықтардың уылдырық шашу үшін жорығы және т.б.

Адам қалыптасқанда ол биологиялық қасиеттерге қоса әлеуметтік шартты ақпарат жинайды, яғни оның санасы бар. Сол себептен адамда жоғарыда көрсетілген қасиеттерді жинақтап (интеграциялап) басқаратын – басқару қасиеті қалыптасады. Басқарудың құрылымдық негізін орталық жүйке жүйесі құрайды. Сонымен адамда биологиялық объект есебінде келесі бес қасиеттер: көбею, қорғану, қоректену, қозғалу, реттеу және кісі есебінде басқару қасиеті бар.

Жанның, тектік ақпараттың қасиеттерін жүзеге асыру үшін арнаулы жүйе - жасуша жаратылған. Жасуша (лат.cellulae-тор; гр.kytos-ұяшық, тор; орыс. клетка-тор)- биологияда ең негізгі ұғым болып табылады. Барлық жаныдылардың негізін жасушалар құрайды. Мысалы, адам денесі 50х1012 жасушалардан тұрады.Біз ұсынған жүйе туралы жаңа қағида негізінде жасушаның анықтамасын ұсынамыз. Ол мына ұғымдарға негізделген: 1) жасушаның басты қасиеті көбеюді жүзеге асыру және 2) сол арқылы биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз ету.



Жасуша (ұяшық) – тектік ақпарат негізінде сыртқы ортаға тиімді бейімделу арқылы гендік ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа көбею әдісімен өткізіп, биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз ететін жанды жүйе.

Кез-келген жүйе жанды деп аталу үшін көбеюді қамтамасыз ететін тектік, гендік ақпараты болса болғаны. Ал жандының қалған қасиеттерін жүзеге асыру үшін жасуша және соның негізінде құралатын одан күрделі құрылымдар қалыптасады.

Иерархиялық саты бойынша жанды физикалық және химиялық әсерлер негізінде пайда болуына байланысты олардың барлық заңдылықтары жанды жүйелерде жүзеге асады. Сондықтан биологияда биофизикалық және биохимиялық үдерістер жүзеге асады. Тіршіліктің жоғарғы факторлардан пайда болуы жөнінде Кітаптарда былай сипатталады: "Әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмейме? Сондай-ақ сенбей ме?" (Қ. С-21;А-30.) "Алла, сендерді жерден өсіріп, өндірді" (Қ.С-71;А-17.)

Адам тәніндегі биологиялық үдерістер негізінен жасушаларды жүзеге асады. Күрделі жандыларда жасушалардан ұлпалар, мүшелер, қызметтік-құралымдық жүйелер қалыптасады. Адамның биологиялық бөлігінің бес: көбею, қоректену, арнаулы қорғану, қозғалу, реттеу қасиеттері бар. Әрбір қасиетті жүзеге асыру белгілі қызметтік-құралымдық жүйелер арқылы жүзеге асады. Мысалы: 1) көбею - аталық және аналық жыныс жүйелері; 2) арнаулы қорғану – иммундық жүйе; 3) қоректену (вегетация) - ас қорыту, өкпе- ауа тамырлары, қан, қан айналу, бауыр және өт жолдары, жасушалық алмасу, бөлу (қажетсізден ажырау); 4) қозғалу - қаңқа және бұлшық еттер, 5) реттеу -қабылдау, он екі мүше, орталық және шеткі, вегетативтік жүйке жүйелері, ішкі секреция бездері құрылыстық қызметтік (морфофизиологиялық) жүйелері арқылы жүзеге асады.

Сонымен, адамдағы биологиялық ерекшеліктер оның денесі және жыныс жүйелері арқылы жүзеге асады. Сондықтан адам тәнсаулығы екі бөліктен: 1) соматикалық (соматикалық) және 2) ұрпақ қалдыруды қамтамсыз ету (репродукциялық) құралады.

Адамның биологиялық бөлігі тән, организм, жанды дене құрайды. Организм, жанды дене екі бөліктен – жан және дене (құралым, сома) тұрады. Бұл екеуінің де информациялық негізі ДНҚ-дарынан тұратын тектік ақпараттар болып табылады. Сол себептен кез-келген жанды нәрсені қарастырғанда оның дене ерекшеліктерін - құрылымын және жандық сипаттарын - қызметтерін (функция) зерттейді. Құрылымды латынша morfosіs деп атауына байланысты кез келген нәрсенің құрылысын тексеретін саланы морфология деп атайды. Кез-келген нәрсенің құрылысын көзбен көру үшін оны тілу, сою, жіктеу (лат.anatomae) керек. Осыған байланысты жандының көзбен көрінетін құрылысын сипаттап жазып, зерттейтін морфология саласын анатомия деп атайды. Анатомия организм құрылысын құралымдық жүйелер және мүшелер деңгейінде қарастырады. Микроскоп пайда болғаннан бері жасуша тану (цитология) және ұлпатану (гистология) қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей биологияның тән құрылымын зерттейтін үш бөлігі: анатомия, гистология, цитология – бар. Тіршіліктің білінуін, қызметін яғни оның жан ерекшеліктерін зерттейтін саласын физиология деп атайды.

Сонымен биология екі салаға: бірінші – тән құрылысынтану (морфология), екінші – тән қызметін тану (жантану, физиология) – бөлінеді. Соңғы уақытқа дейін биологияны (латынша bios-тірі + logos-ілім) тірі туралы ілім немесе тіршіліктану деп аударып келді. Ал негізінен биология жанды жүйелердің ерекшеліктерін зерттейтін ілім. Сондықтан «биос» деген латын сөзін жан деп аударып, осы мағынада қолданған дұрыс тәрізді

Әлеуметтік (қоғамдық) факторлар. Адам туылған соң ол қоғамдық ортада кісі болып қалыптасады. Әлеуметтік факторлар деп қоғамдағы, қоршаған ортадан қабылданған ақпараттарды шартты түрде өңдеп, яғни сөзге айналдырып, сақтап және бейімделу үшін пайдалана алатын орталық жүйке жүйесі жоғарғы деңгейде ұйымдасқан және қалыптасқан адам арасындағы қатынас әсерлерін айтады. Әлеуметтік фактор биологиялық негізде шартты ұғымдар қалыптасу арқылы пайда болады.

Ақпарат сақталған кезде өзгеріске ұшырамай ма немесе ұшырай ма соғант байланысты екі топқа бөлінеді: шартсыз (обьекті) және шартты (субьекті). Шартсыз немесе объективті ақпараттар еш уақытта өздерінің құнын, құрылымын және түрін өзгертпейді.

Шартты немесе субъективті ақпараттар белгілі әлеуметтік жағдайларда оларды қолданғанда өзінің құнынын өзгертпейтін, ал құрылымы мен түрі өзгеріске ұшырайтын ақпараттар. Сондықтан шартты ақпараттар, субъекттер тек қана адам қоғамында, кісілердің өзара қатынастары нәтижесінде пайда болады. Шартты ұғым пайда болу үшін қоршаған ортадағы шартсыз әсерлерді (физикалық, химиялық, биологиялық) адам өзінің қабылдау ерекшелігіне байланысты белгілі бір шартты белгімен қабылдап (кодтау), шартты түрде сақтайды. Ақпарттарды кодтау қоғамдық ортадағы нақты шартты жағдайға байланысты. Сондықтан да оларды шартты ақпараттар деп атайды, себебі олар әлеуметтік ортаның шартына байланысты өзгеріп отырады. Бұл топ ақпараттардың шартты белгісі «сөз» болып табылады.

Шартты әсерлер жандының негізінде пайда болуына байланысты олардың да жаны бар. Сондықтан қазақ: «Сөздің де жаны бар» - деп тұжырымдайды. Ол шартты ақпараттар негізінен қоршаған орта әсерлері - сәуле және дыбыс арқылы жеткізіледі және қабылданады. Адам үшін бұл ауызша және жазбаша сөздер түрлері, мәдениеттің және өнердің әртүрлі әдістері болып табылады.

Әрбір адамдар тобында, ұлттар мен ұлыстарда, өздерінің дамыған табиғи ортасына тәуелді тек қана өздеріне тән шартты ұғымдар қалыптасады. Мысалы үшін әріптер. Қазіргі кезде негізнен келсі топ әріптер қалыптасқан: латын, арап, кирилл, иероглиф және т.б.. Жоғарыда көрсетілгендей қазіргі кезде біздің жыл санауымыз үш бастауы болуы және т.б. Бұл ұғымдардың барлығы шартты.

Әлеуметтік факторлар ақылдың негізінде қалыптасады. Ақылдың негізгі көрсеткіші жады. Жады объектің ақпараттың белгілібір көлемін сақтау мүмкіншілігі. Жадысы бар жүйелердің бәрінде ақыл бар. Жансыз объектерде сақталатын ақпарат көлемін арнаулы құрылымдарға жазып атырады. Мысалы, компьютерлер, жасанды интеллекттер және т.б.. Жанды жүйелерде ақпаратты сақтаушы жүйке жасушалары пайда болғаннан бастап ақыл қалыптасады.  1973 жылы үш ғалымға: Конрад Лоренц, Карл фон Фришем және Николаасом Тинбергенге жануарлар мен жәндіктердің ақыл ерекшеліктерін зерттегендері үшін физиология және медицина саласында «мінез-құлықтың құрылымы мен қалыптасуының жеке және әлеуметтік мысалдарын көрсететін жаңалықтары» үшін Нобель силығының иегері деген атақ берілді. Ал жадының көлемі оны сақтайтын жүйке жасушаларының санына тікелей тәуелді болады. Денесінде жүйке түйіндері және тамырлары қалыптасқан жәндіктерде ақыл бар. Мысалы, бал арасы, құмырсқа және т.б. іс-әрекеттері осыны көрсетеді және дәлелі бола алады.Жануарларда бұл орталық жүйке жүйесі болып қалыптасады. Жәндік және жануарларда ақыл олардың сыртқы табиғи ортаға бейімделуін арттырады. Бірақ оларда шартты ұғым негізі болып қалыптаспайды. Жануарлардан шығатын дыбыс нақты ұғымды ғана белгілейді, Жер бетіндегі сол биологиялық түр үшін тұрақты болып келеді, яғни адамдардағы сияқты Жер аймағына байланысты өзгеріске ұшырамайды.

Адамның ақылының жануарлардан айырмашылығы ойлау негізінде сана қалыптасады. Адамның ақылының жануарлардан айырмашылығы ойлауында. Сондықтанқазақ: «ақыл-ой» - деп қосып айтады. Сондықтан да адамда түйсік және сана бар. Жануарларда негізінен түйсік және сананың іздері бар. Сананың қалыптасуы үлкен жарты шарлардың қыртысына байланысты.

Адам миының ескі бөлігі (лимбика жүйесі) арқылы қоршаған ортадағы ақпараттың негізінен барлығы өтеді, ол осы қабылданғанның қаншасы жүзеге асытыны санаға, яғни үлкен жарты шарлар қыртысына байланысты. Егерде адамда табиғи дарын болса, немесе арнаулы жаттығулар арқылы зор еңбек нәтижесінде қабылданған ақпараттардың құпиясын шешуге болады. Бірақта бұл өте қиын да ауыр еңбек.

Әлеуметтік факторлардың адам үшін бағалау нәтижесі оның еңбегі болып келеді. Ол туралы келесі нұсқаулар бар: "Сен тамағыңды өмір бақи көп бейнет көріп, жерден тауып жейтін боласың.... (18) Жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың (19)" (Биб.Т.Жар. Б-3;).

Адамның қоғамдағы қарым қатынасының негізін сөз құрайды. Ол туралы туралы келесі нұсқаулар бар: "Адамзатты жаратты. (3) Оған сөйлеуді үйретті. (4)" (Қ.С-55).

Қоғамдық қарым-қатынас негізінде адамда ақыл-ой (психика) және рухани, әлеуметтік даму қалыптасады. Ал әлеуметтік қатынас негізінде дамуды ақыл-ой және рухани, әлеуметтік тәрбиелер қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қатынас негізінде пайда болатын ақпараттық қалыптасуды әрбір адамның жеке рухы, имандылығы, өмір салты деп атайды.

Әрбір адамдағы жеке рухы Жалғыз рухының бір бөлшекшесі болып табылады. Егерде жеке адам рухы жеткілікті деңгейде таза болып Жалғыз дініне сәйкес келсе онда ол бірлікке ұмтылады, ал егер сәйкес келмесе ол адамды иманы аз дейді. Осыған байланысты: «Діні жоқ адам болмайды, ал діні аз адам болады»-деген ұғым қалыптасқан (Қоңыр Сопы). Діні аз кісі деп одан шыққан ақпарат Жалғыздан шыққан ақпаратқа сәйкес келмегенді айтады. Бұл жағдайда кісі өзінің мақсатына жете алмайды. Діннің негізін рух құрайды.

Адам тіршілігі және оның қызметтері: көбею, қоректену, қозғалу және қорғаныс, реттеу туралы ақпараттар (тән, жан, жыныс) жасушадағы химиялық шежіре (гендік) хромосомдарға байланысты болса, оның дінінің негізін тура сол сияқты рух құрайды. Яғни рухтың негізінде жеке адамның ақыл-ой қабілеті, рухани байлығы және әлеуметтік дамуы қамтамасыз етіледі.

Антропогендік әсер (адам).Барлық жоғарыда сипатталған әсерлер түрлері адамның күн көруін және тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол туралы келесі нұсқаулар бар:«(27)Адамды Жалғыз Өзіне ұқсас және Өзі тәрізді жаратты; оларды еркек және әйел етіп жаратты. (28) Өсіп-өніп, көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар, оны өздеріңе бағындырып және Жердегінің барлығына өздерің иелік етіңдер! "- деп жарылқау айтты. (Биб.Жар.Б- 1; ). «Жындар мен адамдарды Өзіме құлдық ұру үшін ғана жараттым» (Қ.С-51; А-56.).

Жалғыз нұсқағандай адам барлық өзіне дейінгі: метафизикалық, физикалық, химиялық, геологиялық, биологиялық, әлеуметтік - факторлардың иерархиялық ең жоғарғы сатысы болуына сәйкес, онда олардың барлық қасиеттері бар және ол оның барлығын басқаратын және өзгертетін әсер ете алады. Сондықтан қазақ тілінде: «кім?»- деген сұраққа тек қана «адам»- деп жауап беріп, қалғандарының бәрі «не?»-деген сұраққа жауап береді. Себебі адам негізгі, ал қалғандары адамның күн көруіни және тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалады. Осы көрсеткеніміздей адам жердегі барлық нәрсенің ең жоғарғы сатыда дамығаны, яғни жердегі тіршіліктің ең негізгі көркі болып табылады. Осыған байланысты оның жерге байланысты тірішілікке және де басқа да құбылыстартарға етер әсері өте зор. Адам факторы құдіретінің табиғатын білуімізге байланысты, біз өзіміз "меңгеріп билеп алдық" деген жерге соңғы кездегі әсерлеріміздің нәтижесінің "гүлдерін" енді көріп келе жатырмыз. Ал оның "жемістері" әлі алдымызда. Сондықтан егерде біз Жерді сақтап қалып, Жалғыз жарылқауындағыдай оны ұрпақтарымызбен толтырғымыз келсе, онда біз тек қана адамды жаратқандағы нұсқауға сәйкес Жалғыздың тура жолымен ғана жүруіміз керек. Ал егерде басқа жолдармен жүрсек, онда өзіміздің іс-әрекетімізбен қиямет күнін жақындатамыз. Адам жанды жүйелердің шоқтығы болуына байланысты онда биологиялық та, әлеуметтік те қасиеттер кездесіп, тек қана адамға тән жаңа қасиеттер пайда болады.

Сонымен бізді қоршаған барлық дүниелердің басқарушы ақпарат алатын көзі Жалғыз Жаратушы Ием болып келеді. Жердегі барлық нәрселер адаммен реттеледі. Оның себебі адам Жердегі ақпарат түрлерінен: физикалық, химиялық, геологиялық, биологиялық, әлеуметтік жоғарғы сатысында орналасқан.

Адам денесін, оның салауаттылығы мен сырқаттарын және бұларды сақтау, емдеу әдістерімен айналысатын ілім саласын медицина дейді. Медицина биологиялық және әлеуметтік ілімдерден жоғары орналасқан, сол себептен бұл олардың құрамына кіре алмайды. Медицина адамның тіршілігіне және әлеуметтік орнын зерттегенде биология және социологиялық ілімдерді қолданады, олардан басқа мұның өзіне ғана тән арнаулы ерекшеліктері бар. Мысалы: салауатты өмір сүру, адамның жыныстық қатынас ерекшеліктері және т. б.

“Рухы жоқ адам болмайды,

рухы(иманы) аз адам болады ”


ҚоңырСопы.

6. ТАРАУ. АДАМ – БАСҚАРЫЛУШЫ

АҚПАРАТТЫҚ АШЫҚ ЖҮЙЕ

Адам үшін дүние танудағы негізгі сұрақтың бірі оның дүниедегі орны, оның маңызы және қоршаған ортаға әсері болып табылады. Оны шешу үшін ең алдымен біз: адам дегеніміз кім, оның өзін қоршаған дүниедегі орны қандай? - деген сұрақтарға жауап алуымыз керек.

Адамның басқа жанды объектерден өзгешілігі – онда туылғанан соң қоғамдық орта әсеріне, тәрбиеге, бапталуына, көргенділігіне байланысты алынатын ақпараттарды жинақтайтын ішкі жан дүниесінің, шартты ақпарат түрі болуы. Әлеуметтену нәтижесінде адамның өмірге деген көз қарасы, биологиялық өмір салты, әдет-дағдысы, басқа адамдарға деген қарым-қатынасы қалыптасады.

Адамның қалыптасуына әсер ететін ақпарат түрлері:

- Жалғыздан шығатын басты ақпарат;

-ата-бабадан алатын тектік негізгі ақпарат;

- қоршаған табиғи орта әсерлері;

- ақыл-ой жетілуі;

- қоғамдық орта әсерлері;

-ішкі жан дүниесі (имандылық, салауатты өмір салты).

Адам үшін осы ақпарат түрлерінің әрқайсысының қандай маңызы бар екенін қысқаша талдап көрейік.

Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінде, Жалғызда, жаңадан дүниеге келетін адам туралы оның барлық көрсеткіштерінің жан-жақты толық сипаттамасы бар бағдарлама жасалған, яғни адамның жеке діні, жазмышы, рухы бар. Бұл бағдарлама Жалғызрухының бір ұсақ бөлшекшесі болып келеді және оның біртұтас ақпараттық өрісте өзінің орны бар. Бұл бағдарламаны жеке адамның голограммасы, жазмышы, аурасы деп атайды. Оның құрамында әрбір адамға тән барлық қасиеттер толық қамтылған, олардың сол адам үшін қажетті толық мөлшерлері нақты көрсетілген. Жазмыштың негізгі жеті көрсеткіші келесілер: 1) 120 жыл биологиялық өмір; 2) ұрпақ; 3)еркіндік (бас бостандық); 4) биологиялық өмірге жеткілікті дүние; 5) денсаулық; 6) ақыл-ой; 7) имандылық.(сурет).

Бұл мәселе түсінікті болу үшін жеке адам көрсеткіштерінің үшеуін: биологиялық өмірінің ұзақтығы, денсаулық және көбеюін, яғни ұрпақ жалғасуын қамтамасыз етуін - қарастырайық. Жоғарыда көрсетілгендей әрбір адам үшін Жалғыз 120 жыл биологиялық өмір сүру, дені сау болу, өзінен соң салауатты ұрпақ қалдыру бағдарламасын берген.

Ал бұл көрсеткіштер адамның биологиялық ғұмыранда қалай жүзеге асатынын қарастырайық.

Адам ата-анасынан жыныс жасушалардың гендік құралымы арқылы алатын тектік ақпарат сапалы болса, онда жоғарыда айтылған үш көрсеткіш те толық орындалады. Сондықтан қазақ: “Тегі (фамилия) қандай? Текті жерден бе, тексіз жерден бе?”- деп бекер сұрамайды. Екі топ адам: некесіз туған бала және құл тексіз деп есептелінеді. Некесіз туған бала қарғыспен туады.

Адам ата-анадан алған тектік ақпаратта ақау бар болған жағдайда адамда ақауға сәйкес ауытқулар пайда болуы мүмкін. Тектік ақпаратпен келетін ақаулар химиялық және физикалық жолдармен беріледі.

Химиялық жолмен берілетін ақпараттық кемістектер олардың сандық және сапалық сипаттарының өзгерістеріне байланысты. Химиялық ақпараттардағы сандық өзгерістері кезінде хромосомдарының саны 46-дан өзге болуы (45, 47, 48 және басқада), олардың саны 46 болғанымен құрамындағы кейбір аллельдерде гендік ақпараттың жоқ болуы (гемофилия, дальтонизм және т.б.) кездеседі.

Көп жағдайларда хромосомдардың сапалық сипаттары өзгереді. Хромосомдардың сапасының төмендеуі мүшенің немесе жүйенің биологиялық қорының мықтылығының азаюына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл адамдардың биологиялық қоры мықтылығы азайған мүшелері және жүйелері сырттан артық күш түссе оған қажетті деңгейде бейімделе алмайды. Сондықтан ондай адамдар сәйкес сырқаттарға бейім болады. Ата-анасының жыныс жасушаларындағы гендік бағдарламада мұндай сапасы төмен ақпараттың болуы жоғарыдағы көрсеткіштердің міндетті түрде төмендеуіне әкеліп соғады. Мысалы, ата-аналарының біреуінде артериялық гипертензия болса, онда олардың кейбір перзенттері гипертензияға бейім болады.

Екінші топ ақпараттардың табиғаты физикалық, бірақта оларда гендік құралым арқылы беріледі. Бұл топ ақаулар ата-бабаларынан және кісінің өзінен шығып орындамаған ақпараттар (уәделер). Бұл топ ақпараттар ақпарттық қарыз немесеқарғысдеп аталады. Бұл ақпараттар тобы ДНҚ-ның сыртындағы электромагниттік өрісте жазылып қашан толық орындалғанша ұрпақтын ұрпаққа өтіп отырады. Олар адамның рухани қабықшасында – аурада орналасады. Адамның рухани қабықшасында қарғыстың болуы оның осы бөлігі арқылы өтетін ақпараттың сәйкес тектес түрінің мөлшерін азайтады. Организм бейімделуге қажетті ақпарат алмаған соң, ол қажетті деңгейде бейімделе алмайды да, сәйкес көрсеткіштердің төмендеуіне әкеліп соғады.

Мысалы, адамның гендік ақпаратында қарғыстың болуының нәтижесінде оның тіршіліктегі өмір жасы 120-дан 80-ге дейін төмендеді дейік. Оның себебі осы адамның өзіне тиісті жастың 40-ы ата-бабаның жіберген қателерін өтеуге кетті. Ал, ата-баба бодауынан қалған өмірдің 80 жылын қалай жүзеге асырамыз?

Келесі кезеңде, осы қалған биологиялық өмірдегі жасымызды жүзеге асыру адамның орталық жүйке жүйесінде жинақталған шартты ішкі ақпарат және соған сәйкес адамның өзінің биологиялық өміріндегі таңдаған жолына (оң немесе сол), қазіргі кезде көп қолданып жүрген түсінік өмір салтына тәуелді болады. Адам туғаннан соңғы орталық жүйке жүйесінде жинақталатын шартты ақпарат сапасы, ақыл-ой - көргенділікке, тәрбиеге тікелей байланысты. Шартты ақпараттың ең негізгі белгісі онда сөздің жинақталуы.

Сөз- тек қана кісі қабылдау үшін пайда болған, солардың арасындағы рухани қарам-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттың шартты (субъект) ұғымға айналған түрі. Сөз биологиялық ақпарат негізінде (ОЖЖ) пайда болған себепті оның да жаны бар! Сөз адамның ақыл-ойының белгісі, ал оның таразысы әділдік болып табылады. Ақпараттың сөзден басқаға айналған түрлерінің көбішарттсыз (объект) болады. Ақпараттың шартсыз түрлері өзінің мағнасын өзгертпейді. Мысалы, жай жетілген жүйелердің гендік ақпараттары, бізді қоршаған ортадағы барлық жанды, жансыз нәрселердің қасиеттері.

Сөз арқылы адамдар шартты ақпараттарды жинақтайды және алмасады, ол адамдар арасындаға әлеуметтік қатынасты, Жалғыздан оң жолмен жүру үшін қажетті нұсқауларды алуды қамтамасыз етеді және де орталық жүйке жүйесінде сақталады. Ақпараттың шартты түрі – сөз, тіл, қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайына байланысты өзінің шартсыз қасиетін өзгертпей-ақ мағнасын өзгертуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір заттың әр түрлі тілдегі атауы. Шартты ақпараттың сапасы, орталық жүйке жүйесінде жинақталатын ақыл-ойға, тәрбиеге, бапқа, көргенділікке тікелей байланысты.

Тәлім-тәрбие, баптау, көргенділікдегеніміз адам бойындағы ата-бабадан әкесі және анасы арқылы келе жатқан тектік (гендік) ақпараттарды баптау арқылы, ұрпақты биологиялық өмірде қоршаған ортаға бейімделуін және Жалғызданкелетін ақпаратты мойындауын қамтамасыз ету әдісі.

Адамзаттың барлығы Адам Ата және Хауа Анадан, яғни бір әке бір шешеден, тарауына байланысты олардың барлығында бірдей барлық қасиеттер бар. Соңғы ғылыми деректер бойынша әрбір адамның бойында 36х109 (36 000 000 000) қасиет бар. Бірақта содан бері жалғасып келе жатқан әрбір халықтың, ұлттың, рудың, отбасының тіршілік ерекшеліктеріне байланысты нақты тектік тізбекте белгілі қасиеттер немесе олардың топтары әртүрлі дәрежеде дамыған. Сол себептен әрбір адамның ұлтынан және ата-бабасынан келе жатқан өзіне тән ерекшеліктері бар. Адамзаттың биологиялық табиғатына байланысты үш теңдігі: туғанда, биологиялық қасиеттері, өлгенде бар.

Қазіргі кезде баптауды тәрбие деп жүрміз. Негізгі қазақша түсінігі тәлім-тәрбие. Тәрбие дегеніміз біздің не істеу қажеттілігін негізінен ауызша айтуымыз. Тәлім дегеніміз әрбір адамның жасаған қылығы, іс-әрекеті, көз қарасы. Психологтардың зерттеуі бойынша адамның бойындағы ақпараттың 46-48% ауызша, сөз арқылы беріледі. Мұны вервалдық, ауызша берілген ақпарат дейді. Ал басым көпшілігі 54-52% тәлім арқылы беріледі. Осыған байланысты қазақ: «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді»- деп тұжырымдаған.

Қазақтың тәрбиені көргенділік дейтін себебі келесі жағдайларға байланысты. Бала 3 жастан бастап кісі болып қалыптаса бастайды. Себебі осы кезеңде ол өзін қорашаған ортадан бөліп «мен» деген ұғым қалыптаса бастайды, яғни сөз түрінде шартты ақпарат жинай бастайды. Ал 3 жасқа дейін бала ақпаратты көзбен көріп қабылдайды бірақта шартты мағнасын түсіне бермейді.Ал баланың көру арқылы қабылдаған ақпараттары оның түйсігіне толығымен жазылады да, келешек тіршілк өмірдегі түсініктерінің негізін құрайды. Бұл туралы қазақ: «Көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін істейді»- деп тұжырымдаған.

Баптаудың негізгі мақсаты осы бар қасиеттерді ата-ананың, қоғамның тәрбиесі нәтижесінде мүмкіншілігі болғанша неғұрлым толық жүзеге асыру. Бала 3 жасқа толғанға дейін оның бойындағы дұрыс тәрбиелегенде өскенде толық жүзеге асатын қасиеттердің 50%, ал 5 жаста – 80% жүзеге асыруға болады, ал оның биологиялық өмірінің қалған кезеңіне оның 20%-тен азы қалады. Жас өскен сайын оның бойындағы қасиеттерді жүзеге асыру қиындай береді. Егерде адамды жөндеп баптамаса, тәрбиелемесе, онда оның бойындағы қасиеттер жүзеге аспайды. Қасиетті жүзеге асыру тек қана көргенділікке, баптауға тәуелді. Мысалы, бала ата-анадан өте жоғары дәрежеде дыбыс қабылдайтын қасиеттерге ие болды, яғни оның дыбыс қабылдау орталығының мүмкіншілігі өте сиымды болды. Осы қасиетті жүзеге асыру үшін бұл баланы жасынан арнаулы баптауға, тәрбиеге беру керек. Олай болмаса, оның бұл қасиеттері жүзеге аспайды, жай адам деңгейінде қалады. Ал егерде оған сәйкес тәрбие берсе одан өте даңқты орындаушы немесе сазгер шығуы мүмкін еді. Халықта дарынның (талант) 90% еңбек деп бекер тұжырымдамаған. Сондықтан халық біреу туралы білгісі келсе: “Көргенді ме, жоқ па?”- деп сұрайды, немесе: “Көргенсіз екен, көргені жоқ” - деп реніш білдіреді.

Адамның көргенділігін, тәлім-тәрбиесін қалай дұрыс жүзеге асыруға болады? Көргенділік, тәлім- тәрбие дүниеге шыр етіп түскен адамзат баласын тіршілік дүниеде дұрыс өткізуге, басқаға зиянсыз өзінің тіршілік өмірін, игілікті, қанағатты етуге дайындайтын ең негізгі әдіс. Жер жағдайындағының бәрі адамзаттың игілігі үшін жаратылған. Адамзат Жер жағдайындағы жаратылғанның ең жоғарғысы болуына байланысты иерархиялық принцип бойынша оның қоршаған ортаға, әсіресе өзінен төмен орналасқандарға, реттеуші әсері өте зор. Адамзаттың қоршаған ортаға әсері оның ішкі ақпарат көзінен, орталық жүйке жүйесінен, шығатын шартты ақпаратқа, ақыл-ойына, парасатына байланысты. Адамның сыртқы ортамен қатынасы кері байланыс түрінде жүзеге асады. Соңғы жылдардағы адамзаттың табиғатқа жан-жақты, бей-берекет, нәтижесін есептемей әсер етуінің “рахатын” енді көре бастадық. Мысалы, озондық қабатқа әсер, Арал теңізі апаты, Семей атом бомбасын сынау полигоны, Балқаш көлі мәселесіжәне т.б.. Атмосферадағы озондық қабаттың 1 мм жұқаруы күннің ультракүлгін сәулесінің өту мөлшерін көбейтіп, тері қатерлі ісігінің 6%-ке көбеюіне әкеліп соғады. Сондықтан халық: “Әркім өз ниетіне қарай табады” – дейді.

Жоғарыда көрсетілгендей, абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзі, Жалғыз, жаңа адамды дүниеге келтіргенде оның тіршілікте игілікті өмір сүруі үшін барлық қажеттісін береді. Адам үшін тіршілік өмірде біріншісі, ең негізгісі, осы Жалғыз берген несібені өз игілігіңе жұмсап, ешкімге “тырнақтайда” зиянын тигізбеу. Бұл адамға тән барлық қасиеттерді: рух, жан, дене, тапқан дүние, мал – мүлік және т.б. тазалықта, адалдықта ұстау, әділет жолымен жүзеге асыру арқылы орындалады .

Бұлардың бәрін қалай орындау керек екенін Жалғыз пайғамбарлар арқылы әрбір халықтың ерекшеліктерін ескере отырып Кітаптар түсіріп, соларда өте жан-жақты, түсінікті, терең дәріптеген. Кітаптарда көрсетілген нұсқауларды дұрыс орындамау сол адамда ақпараттық қарыз (күна) пайда болуына әкеліп соғады, ал өтелмегенақпараттық қарызадам өлгеннен соң оның ұрпағы үшін қарғыс жинақталуына әкеліп соғады.

Екінші қағида адамның әрбір ойы, сөзі, іс-әрекеті оның өзі жүзеге асыратындай болуы қажет. Олар жүзеге аспаса, онда ақпараттық қарыз болып жиналады. Сондықтан: “Үндемеген үйдей пәледен құтылады”, “Адамның негізгі досы да, жауы да өзінің тілі”, “Бір елі ауызға екі елі қақпақ”- деп бекер айтпаған.

Адамға Жалғыздың негізгі бергендері: 120 жыл тіршілік өмір, ұрпақ, еркіндік, тіршілік өмірге жетер дүние (несібе), денсаулық, ақыл, имандылық. Адам әділ, адал емес әрбір іс-әрекеті, ойы, сөзі үшін жиған дүниесімен, салауаттылығымен, тіршілік өмір жасының қысқаруымен, өз өлімімен, ұрпақсыз қалуымен өтейді. Сондықтан Жалғыз адамға берген негізгі қасиеттердің: имандылық, игілікті салауатты тіршілік өмір сүру, 120 жыл жасау, салауатты ұрпақ болуы оның көргенділігінің, тәрбиесінің, имандылығының көрсеткіші болып табылады. Мысалы, Қазақстанда 16% отбасында ұрпақ жоқ.

Адамның жоғарыда айтылғандарға қатынасының ең негізгі бағасы оның сенімі болып табылады (- сурет). Сондықтан да адамның биологиялық өмірінің өзара қатынасының өзегін құрайтын үш ұғым: сенім, үміт және сүю, сүйіспеншілік (махаббат) – бірінен-бірі ажырамайтын, бірге қайнап тұтасып дамыған, барлық уақытта бірге қолданылатын ұғымдар. Осы үшеуінің басын сенім құрайды, үміт негізі, ал сүю амалға асуы болып табылады.Барлығы амалға асу дәрежесімен, яғни сүю, махабат деңгейімен анықталады.

Сенім - әрбір жүйедегі шын ақпарат көлемінің деңгейіне сену. Әрбір кісі тек қана шынға сенуі керек. Жер жағдайындағы барлық нәрселер шындықтан тұрады, сондықтан олардың құрамындағы шынға ғана сену қажет. Мысалы, дәрінің құрамында әсер ететіні оның негізгі құрылымы тәрізді. Шынның көзі Жалғыз болуына байланысты ең басты, соңғы, түпкі сенім Жалғызға сену болып табылады. Себебі кісінің жеке рухын Жалғыз оған аманатқа тапсыруына байланысты әрбір адам рухын ең соңында Жалғызға қайтаруға мақсатты.

Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Алламен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар». (Қ.С-28; А-88). «Көктер мен Жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді. (93) Расында Алла, оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі. (94) Сондай-ақ олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді. (95) Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендерге; Алла, сүйіспеншілік береді. (96)» (Қ.С-19;). «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар. (21)» (Қ.С-30;) «Міне бұларды Алланың кешірім етуі үміт етіледі. Өйткені Алла, өте кешірімді, ерекше жарылқаушы. (99) Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді. Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана.(120)» (Қ.С-4;) «Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі. (Қ.С-28;С-67.).

Адам заты үш нәрседен: рух, жан, дене құрылуына байланысты осы үшеуінің функцияларын орындауға мүмкіндігі және соның нәтижесінде мақсатына жетуіне үміті бар. Басқару қағидасына сәйкес: рух- басқарушы (ақпарат), жан- реттеуші, ал дене –амалға асырушы болып табылады.

Адам организмінің биологиялық міндеттері күн көруді және тіршілік етуді қамтамасыз ету. Тіршілік ету тамақтану арқылы жүзеге асады. Жанның жаратылғандағы міндеті өзінің тектік, гендік ақпаратын сақтау. Гендік ақпаратты сақтауды ол көбею, ұрпақ қалдыру арқылы орындайды. Бұл адамның биологиялық қасиеттері оның табиғатта жаратылғандағы яғни биологиялық өмірдегі міндеттері, нәпсісі. Бұл екеуі уақытша, туғаннан басталып өлгенде аяқталып отырады.

Жоғарыда сипатталғандай кісінің мақсаты жеке рухын Жалғызға қайтару. Кісі аманатқа тапсырылған өз рухын Жалғызға қайтарса, онда ол басты, түпкі мақсатына жеткен, ал қайтара алмаса мақсатына жетпеген болып саналады. Мұны қазақ: «Үмітсіз шайтан» (орысша «надежда умирает последняя»)-деп айтады. Сондықтан әрбір адам соңғы демі шыққанға дейін жақсылықтан, мақсатына жетуден үмітін үзбейді. Тек қана Ібіліс шайтан (өтірікші) Жалғыздың нұсқауын орындамағаны үшін лағнетке, қарғысқа ұшырайды. Сондықтан тек қана шайтанның(өтірікшінің) Жалғызға қайтуға үміті жоқ, жолы кесілген.

Кімде сенім және үміт бар, ол адам кісіге тән субъективті қатынас – сүю, махабаттың ләззатын алу мүмкіншілігііне ие. Бұл кісінің Жалғызға деген, немесе өз аралық ынтызарлығын толық жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Ал егерде кісіде сенім, соған байланысты үміт жоқ болса, онда олардың арасында субъективті байланыс болмайды, тек қана жыныстық байланыс болады. Мұны қазіргі кезде «жалаң жыныстық байланыс» (орысша, голый секс) – деп атап жүр.

Осыларға байланысты адам үшін негізгі мақсат: шынға сену, бірліктен үміттену, ең асылды сүю. Сондықтан кісі үшін: сенімсіз бәрі тұлдыр, үмітсіз тек шайтан, сүйіспеншіліксіз бәрі бұлыңғыр. Кімге сеніміз? Неден үміттенеміз? Кімді сүйеміз?

Нағыз сүйіспеншілік тек қана шынға сенгенде, бірліктен үміттенгенде ғана болады. Сенім басы, үміт негізі, сүйіспеншілік амалға асуы.

Адамзат үшін Жалғыздан шыққан шын ақпаратты періштелер жеткізеді, ол ақпараттар сақталу үшін Кітап түрінде жазылып, оны халыққа пайғамбарлар түсіндіреді. Сондықтан Жалғыздың Періштелеріне, Оның Кітаптарына, Оның Пайғамбарларына сену де толық сенуге, иман келтіруге жатады. Осыларға толық сенген және Кітаптарда нұсқауларды орындаған адамдарды момындар, сенушілер, имандылар деп атайды. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. "Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындык. Раббымыз! Сенен жарылкау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың" деді». (Қ. С-2; А-285.)

Жалғыз жаратқан әрбір жүйенің тек қана соның өзіне тән ақпараты бар. Сондықтан мұндай шектелген ақпараты бар жүйелерді салыстырмалы, ал ақпаратын - шындық деп атайды. Сол себептен салыстырмалы ақпарат көлемі бар жүйелерге сену салыстырмалы сенім деп аталады. Сонымен салыстырмалы сенім көп. Сонымен сенімнің екі түрі бар: толық және салыстырмалы. Толық сенім – Жалғызға сену.

Кісінің рухани тазалығының деңгейін имандылық дейді. Имандылық үш бөліктен тұрады: сенім, ар-намыс және игілік. Егерде кісіде осы үшеуі сәйкес болмаса, оның береуі кеміс немесе жоқ болса, ол кісіні иманды деп айтуға болмайды. Ал иманы аз кісі шайтанның досы.

Кісінің ойлаған ойы, айтқан сөзі субъективті ақпарат. Осы ақпарат орындалғанда, жүзеге асқанда ол объективті ақпаратқа айналып, өз құнын жояды. Сол себептен адамға сену оның айтқан сөзі мен соны жүзеге асыруының біріне-бірі сәйкес келуімен анықталады. Адамның кісілік дәрежесі айтылған сөз бен орындалған істің сәйкестілігіне байланысты. Айтылған сөз бәрі орындалса, онда ол кемел кісі, идеал. Айтылған сөздің, ойланған ойдың қанша проценті орындалса, адамның сонша проценті кісі. Ал орындалмай қалған бөлігі өтірік, жалған, яғни ол адамның шайтан бөлігі. Әрбір адамға деген сенім оның бойындағы объективті ақпарат көлеміне байланысты. Қоғамда көп жағдайларда кісідегі ақпарат көлемі оның осы қоғамдағы отырған орнына, яғни тағына тікелей тәуелді болып келеді. Бұдан қоғам өте көп зардап шегеді. Сондықтан мұндай адамдар қоғамға пайдалы болу үшін, мүмкіндік болғанша, әрбір орынға соған объективті ақпарат көлемі сәйкес кісілерді отырғызу керек.

Кез-келген заттан шығатын иіс оның қажеттілігінің белгісі болып табылады. Адам денесінен шығатын иіс сол адамның рухани тазалығының көрсеткіші болып табылады. Рухани таза адамдардан басқаларды соларға тартатын жағымды иіс шығып тұрады. Мысалы, сәбилер, рухани таза, дін жолын ұстап жүрген қариялар. Адам рухани ластанған сайын, оның денесінен шығатын жағымсыз иіс те күшейе түседі. Сондықтан халықта жағымды иісті хош иісті, жағымсыз иісті мүңкіген, сасық деп атайды. Мысалы араққа тойып алған немесе темекі тартқанадардан, әйелдерден етеккірі кезінде шығатын иістер. Олар ластықтан сақтандырады. Сонымен, адам денесінен шығатын иіс оның рухани тазалығының бір көрсеткіші, индикаторы болып табылады.

Сенімнің адамға қажетті шынның бөлігін тану дәрежесіне байланысты үш деңгейі бар.

Сенімнің бастапқы деңгейі ол жай сенім деп аталады. Мұнда кісі Жалғызға сенуін тек қана ауызша айтады, ал оның ойлаған ойында және/немесе істеген ісінде басқа адамға деген зұлымдық болуы мүмкін. Жай сенім деңгейіндегі кісіні арабша мүсілім – айтушы, жай сенуші, қазақша мұсылман деп айтып жүр. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Бәдеуилер: "Иман келтірдік" деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: "Мұсылман болдық"деңдер. Өйткені, иман (сенім) жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді" де». (Қ.С-49; А-14.)

Сенімнің екінші деңгейі ол толық сенім (иман) деп аталады. Мұнда адам Жалғыздыжүрегімен қабылдайды және ауызша айтады.Ол ешкімге ойында да, ісінде де арамдық жасамайды, жүрегі таза, барлық адамдарға игілік жасайды. Мұндай адамды арабша – мүмин, қазақша толық сенуші, иманды, момын деп айтып жүр. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Шынында иман келтіргендер құтылды. (1) Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. (2) Олар, бос нәрселерден аулақ болады (3) Олар, зекеттерін береді. (4) Олар, ұятты жерлерін сақтайды. (5) Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы. (8) Олар, намаздарыңа ұқыпты. (9) Міне солар, мұрагерлер. (10) Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады. (11)» (Қ.С-23)«Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші». (Қ.С-64.А-11.)

Ал сенімнің үшінші, жоғарғы, деңгейінде адам Жалғызды ақылымен, санасымен мойындайды, жүрегімен қабылдайды және ауызша айтады. Бұл түпкілікті сенім. Жалғыздың бар екенін шүбәсіз мойындау. Бұл адамдарды арабша тақййун (адал), ал соңғы сенімді - тақуа деп атайды. Қазақша бұл топ адамдарды құлдар деп атап жүр. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар». (Қ.С-2;А-177) «Сондай шынды әкелген және оны мойындаған міне солар; тақуалар. (Қ.С-39; А-33.)«Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы».(Қ.С-49;А-13.)

Кісілерді өздерінің мақсаттарын жетуі немесе жетпеуіне байланысты екі топқа: мақсатына жеткен адамдар және мақсатына жетпегендер. Қазіргі әдебиеттерде кісіні мақсатына жеткізетін әдісті «салауатты өмір салтын сақтау»- деп жазып жүр. Кім өмір салтын сақтайды, сол кісі мақсатына жетеді, ал кім сақтамайды- ол мақсатына жетпейді.

Кімде кім салауат өмір салтын сақтайды ол сенуші, иманды, рухы таза, ал кімде- кім салауатты өмір салтын сақтамайды оның рухы аз, иманы аз, сенімі жоқ. Ең соңында адамдар нәсіліне, мемлекетіне, ұлтына, ұлысына, түрі-түсіне, мемлекетіне, қандай топқа жататынына қарай бөлінбейді тек қана мақсатына жеткен немесе жетпегеніне қарай бөлінеді. Бұдан басқа Кітаптарда көрсетілгендей аса қауіпті, үшінші топ бар, олар екі жүзділер (мұнафықтар).

Ең басты, абсолютті сенімнің белгісі: Жалғызға, шынға сену.

Абсолютті сенім барлық адамзат үшін біреу, ол: “Жалғыздан басқа Жаратушы жоқ.”

Религия (лат. relіgіo – Жалғызға сену, құдайшылық, сиыну) – адамдардың сенімге қатынасы, шынға апаратын жол. Абсолютті сенім Жалғыз- религия Жалғыз, ол Бірлік (Ислам) деп аталады.

Кез-келген қоғамдық құбылыс религия деп аталу үшін оның бес белгісі болуы керек. Оларжоғарыда көрсетілгендей: 1. Абсолюттің Жалғыз екеніне; 2. Оның періштелеріне; 3.Оның кітаптарына және 4.Оның пайғамбарларына толық сену. Бұл төрт белгі барлық адамзат үшін бірдей болып келеді.

Бұл белгілірдің бесіншісі әрбір адам өзінің еркімен, таңдауымен қалаған Кітаптағы нұсқауды орындап, сол Кітап түскен пайғамбардың қоғамына, үммеге кіруі. Ал адамдардың дін тармағына бөлінуі олардың бесінші шартты орындауына байланысты. Бұдан басқа дін тармағына, религияға бөлетін белгі жоқ.

Адам өзінің қалауы бойынша Жалғыздан түсірілген Кітаптардың қайсысында жазылған өсиеттерді, нұсқауларды орындауы, Жаратушыға сол Кітаптағы уағыздар арқылы құлшылық жасауына сәйкес религия түрін, тармағын, бұтағын құрайтын топқа кіреді. Бірлік, религия Жалғыз, біреу, бірақта Алла уахи етуімен Кітап түскен әрбір пайғамбар Кітапқа сәйкес Бірлік бөлігін, религия түрін, тармағын құрған. Нақты Кітапты мойындайтын адамдар өз топтарын ұйымдастырған. Мысалы: Мұса қоғамы (яһуди), Иса қоғамы (христиан), Мұқаммед қоғамы (үмметі, мұсылман) және т.б. Сондықтан Бірлік бөлігі, религия тармақтары Жалғыздан уахи етілген Кітаптар және соны уағыздаушы пайғамбар санына сәйкес болуы қажет. Бұлардан бөтен, басқа Бірлік бөлігі, дін тармағы, түрі болуы мүмкін емес.

Сонымен, Бірлік, религия ағаш тәрізді: түбірі біреу, діңгегі Жалғыз, ал тармақтарының, бұтақтарының саны Алладан уахи етілген Кітап және соны уағыздаушы пайғамбар атына сәйкес болады (сурет).

Нұсқауларда көрсетілгендей Кітаптар түскен дәуірге дейін сенімнің ең басты белгісі Тәңірге (ескі түркі тілінде tang- мәңгілік)) – Жалғыз Жаратушы (Тәңірі) бар екеніне, Оған серік қоспай сену болып келді. Ал әрбір ұрпаққа соларға жіберілген пайғамбар арқылы сәйкес нұсқаулар беріліп отырды. Сол себептен әрбір пайғамбардың үмметі сол пайғамбарға түскен нұсқауды орындаса сенушідеп саналған. Мысалы мен өзім Алланың Жалғыз екеніне толық сенемін, Құран Кәрімде жазылғын нұсқауларды орындаймын, Мұқаммет(С.Ғ.С.)тің үмметімін. Бұл Мұқаммет (С.Ғ.С.) пайғамбар болып, оған Құран Кәрім түскеннен бергі нұсқау. Қазақ даласында тұратын халықтың негізгі басым көпшілігі XІІ-ғасырдан бері қарай Мұқаммет (С.Ғ.С.)тің үмметі болып, Құран нұсқауларын орындай бастады. Ал одан бұрын не орындаған, біздің ата-бабаларымыздың діни көзқарасы қалай болған? Нұх (С.Ғ.С.) кемесі Қазықұртқа (Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан аймағы) тоқтап, одан алғашқы өрбіген ұрпақтар Жалғыз Жаратушыға – Тәңірге (ханифке) сеніп, соған құлшылық қылып, табынған, жалбарынған. Ал одан соң адамзат көбейіп, Жер бетіне шашырап әр түрлі аймақтарда өмір сүре бастағанда, олардың басым көпшілігі Тәңіріні ұмытып әр түрлі сиыну жолдарына түсіп кеткен. Мысалы: ИбраҺим (С.Ғ.С.) дәуіріндегі оның туыстары, Лұт (С.Ғ.С.) тұрған қаласы тұрғындары, Мұса (С.Ғ.С.) дәуіріндегі Египет халқы, Мұқаммет (С.Ғ.С.) дәуіріндегі арабтар, қазіргі кезеңдегі кейбір халықтар. Ал біздің ата-бабаларымыз Тәңіріге жалбарынып, сол кездегі талаптарға сәйкес сенушілер қатарында қалған. Олар Тәңіріге құлшылық жасап, сиынып өздері дәуіріндегі қойылған талаптарды дұрыс жүзеге асырған. Өз дәуірінде қойылған талапты орындағандары себепті оларды сенушілер деп айтуға толық негіз бар. Оның дәлелі ретінде іскі көне жазбалардағы келесі ақпараттарды ұсынамыз. Мысалы, “Төбемізде көк Тәңірі жарылқағандықтан, Төнде майлы жер жебегендіктен, Елім, үкіметім құралды (орнады)” (Елетміш біліге қаған ескерткіші, VІ -VІІІ ғасыр). “Түрк, огуз бектері, халқы тыңдаңдар! Төбеңнен Тәңірі баспаса, Астыңнан жер айырылмаса, Түрк халқы, ел-жұртыңды кім қорлайды?”. “Биікте көк Тәңірі болып, Төменде қара жер жаралғанда. Екеуінің арасында адам баласы жаралған” (Күлтегін ескерткіші, VІ -VІІІ ғасыр)

Сенімнің иерархиялық басқару деңгейіне байланысты сатысы, деңгейі, түрі көп. Мысалы, адамның өзіне, отбасына, ата-анасына, ұлтына, мемлекетке, досына, туыстарына және т.б. Ал түпкілікті, абсолютті сенім біреу. Ол Жалғыздан басқа Жаратушы жоқ екеніне толық сену. Сондықтан да Мұхаммед (С.Ғ.С.)-ға Миғраж түнінде Жалғыз ғұзырына бару рұқсат етілгенде оның алған үш нұсқаудың біріншісі: “Тек Жалғыз құлдық ұратын нәрсе, басқаларға құлдық ұруға тиым салынады! (ЛӘ ИЛЛӘһА ИЛЛӘЛЛАһ)”– деген ақпарат болуы тегін емес шығар. Кім сенсе – оның өзінің жеке рухын құтқаруға, яғни оның біртұтас ақпараттық өрісте өзі жаратылған нүктесіне, орнына қайтып баруын қамтамасыз етуге үміті бар. Жалғыздың алдынан өзінің айтқанды орындамағыны үшін қарғыс алып қуылған Иблистен (шайтаннан) басқа нәрсенің бәрінің құтқарылуға толық мүмкіншілігі бар. Осыған байланысты халықта: “Үмітсіз тек қана шайтан”-деген қанатты ұғым тұжырымдалған. Кімде- кім сенсе, оның үміті бар, ол адамның тіршілік өмірде жаратылғандағы басты міндеті - ұрпақ қалдыруды орындау жолындағы адамдар арасындағы ең жоғары дәрежелі өзара түсініс – сүйіспеншілікке, махабатқа ие бола алады. Кімде сенім жоқ болса, онда ол үмітсіз, сүйіспеншілік пен махаббаттан жұрдай, тек қана жыныстық байланыста шайтанның досы болады.

Сенімжоқ жерде, үміт те, махаббат та жоқ. Сенім барлығының басы.

Сенімі жоқ адам иманы аз деп аталу себебі келесі де: оның қасиеті жоқ емес, бар, бірақта ол қасиеттер оның көргенділігі, тәрбиесінің нәтижесіне байланысты оны Жалғыз жаратқандығы қасиеттерге сәйкес келмейді. Әрбір кісіге Жалғыз рухының бір бөлікшесін үріп, жеке рухын қалыптастырған. Егерде кісі рухын ластаса, онда оның рухы бірте бірте отқа (шайтанға) айналады. Оның ойын толығымен шайтан, өтірік билейді. Сүйтіп ол кісі Жалғыз берген қасиетті жоғалтады. Сондықтан бұл кісіні діні аз, сенімі жоқ деп атайды. Сенімнің жоқтығы Жалғыздың тура, оң жолға түсіретін нұсқауларын тыңдамау, мойындамау, орындамау. Жалғыздың нұсқауын орындамаған адам шайтанға ерген, шайтан тектес болып табылады. Оның себебі, барлық жаратылған нәрседен тек қана шайтан Жалғыз нұсқауын орындамай, аластатылған. Осыған байланысты: “Рухы жоқ адам болмайды, иманы аз адам болады” (Қоңыр Сопы) – деген қанатты сөз қалыптасқан.

Жоғарыда көрсетілген дәлелдер негізінде адамзаттың жаратылу мақсаты: өзінен соң салауатты ұрпақ қалдыру және тіршілік өмір жасы мысалымен жалпы қортынды жасайық. XІ суретте төменгі бағанада үлгі түрінде көрсетілгендей Жалғыз берген адамның тіршілік өмірі 120 жыл.

Егерде адам ата-анасынан негізгі, тектік, гендік ақпарат көзі арқылы ақаусыз, сапалы бағдарлама алса онда ол ортаңғы бағынанының сол шаршысында көрсетілгендей 120 жыл өмір сүруі мүмкін болар еді. Ал егер адам негізгі ақпарат көзінен химиялық (гендік) ақауы бар немесе қарғысы (негізінен әке тармағынан) бар метафизикалық бағдарлама алса, онда оның тіршіліктегі өмірі белгілі бір мөлшерге қысқаруы мүмкін. Ол ортаңғы бағынаның оң жақ шаршысында сұрақ белгімен (?) көрсетілген.

Хромосом құралымында гендік ақаулар болса, онда бала тұқым қуатын сырқатқа ұшырайды немесе белгілі сырқат түріне бейім болып туады. Мысалы, егерде ата-анасы асқазан сырқаттарымен аурушыл болса, онда ұрпақтары да осы сырқаттарға бейім болады. Ал егерде ата-бабадан келе жатқан қарғыс болса онда да жаңа туған балалар сырқатшыл, нәзік болып туады. Егерде сапалы гендік ақпарат болған жағдайдың өзінде де, ата-бабадан келген қарғыс болса нәрестелер нәзік, аурушыл болып туады. Кейбір жағдайларда денсаулығы жақсы, “тепсе темір үзетін”, жастар аяқ астынан күтпеген қазаға ұшырайды. Барлығы қосыла келе, жүйке жүйесінде жай өзгеріс болудан бастап ақыл-ой дамуында ең ауыр түрі-жын сырқаттарына дейін әр деңгейдегі өзгерістер байқалуы мүмкін.

Адамның шартты ақпарат көзінен келетін бағдарлама бұл көрсеткіштерге қалай әсер етеді? Адамның орталық жүйке жүйесінде, тек қана адамға тән шартты ақпарат көзінде, жарық дүниеге келгеннен соң енгізілген бағдарлама жиналады. Әрбір жеке адамға оның өскен қоғамдық ортасына қарай, сол әлеуметтің тарихи даму ерекшеліктеріне байланысты жинақталған ақпарат енгізіледі. Сол себептен әр түрлі мемлекеттерде, ұлттарда, ең бастысы солардың ішіндегі әрбір отбасының өзінің енгізетін ақпарат сапасы, мөлшері алуан түрлі болып келеді. Ал адам туғанан соң оны тәрбиелеудің негізгі мақсаты – оны басты ақпарат көзінен, Жалғыздан, тарайтын бағдарламаны дұрыс орындауға үйрету және тектік (гендік) бағдарламада бар қасиеттерді баптап, салауатты өмірге дайындау болып табылуы қажет. Бұл туралы біздердің қазіргі кездегі түсініктеріміз өте бұлдыр, жеткілікті дережеде, деңгейде қалыптаспаған. Сондықтан көбіне бізге енгізген ақпаратты дұрыс деп тауып, ұрпағымызға соларды енгізіміз. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың”. Әрбір адамдағы шартты ақпараттың қалыптасуында ұрпақты жалғастыру үшін құрылатынбейтарап жүйе – отаудың, отбасының маңызы өте зор. Егерде адам жеткілікті тәрбиеленсе, сапалы, ақаусыз шежірелік, тектік (гендік) бағдарлама алса, ата-бабадан қалған қарғысы жоқ болса, онда оның тіршілікте 120 жыл өмір сүруіне толық мүмкіншілігі бар! Бұл жоғарғы бағынаның сол бөлігінде көрсетілген. Мысалы: Мұса (С.Ғ.С.), Һарон (С.Ғ.С), Қожахмет Яссауи және т.б. 120 жыл өмір сүрген. Жоғарыда көрсетілгендей адам ата-анадан ақаулы шежірелік бағдарлама алса және/немесе ата-бабадан қалған қарғыс болса, солардың ақпараттық құндылығына сәйкес тіршілік өмірі қысқарады. Бұл ата-ананың, ата-бабаның мирас қылып қалдырған қысқарған тіршілік өмірі адамның өз қатесінің, күнәсінің нәтижесінде ары қарай қысқара түседі. Кейде нәресте сырқатшыл болып туылса немесе адам салауатты бола тұрып, жастайында кенеттен қазаға ұшыраса, біз: “Оның күнәсі қанша? Әлі күнә жинап үлгерген жоқ қой.”- деп реніш білдіреміз. Оның себебі, олардың салауаттылығы немесе өмірі ата-анасы және ата-бабасының дұрыс орындамаған іс-әрекетерінің төлемі (бодауы) болып табылады. Бұл жүйеде бейтараптық қасиеттің сақталуының бұзылуының және “қасиетті үкім (иерархия)” екенінің бір дәлелі болып табылады. Біздің ата-анамыз тек қана дүниеге келуімізді қамтамасыз етіп қоймайды, өздерінің дұрыс емес іс-әрекеттерімен теріс карма, қарғыс жинап, ақпараттық қарыз түрінде өткізіп отыруы да мүмкін.

Әрбір адам өзінің тіршіліктегі дұрыс мінез-құлқымен, іс-ірекетімен ата-бабадан келе жатқан қарғыстың әсерін азайтуға, ал кейбір жағдайларда толық жойылуын қамтамасыз ете алуы мүмкін. Егерде адамның тіршілік өміріндегі істегендері дұрыс болмаса, онда ол өзінің тіршілік өмірін қысқартады. Бұл жоғары бағынаның оң бұрышында, ішкі шеңберде көрсетілген. Бұл жағдайда одан сырқатты, аурушыл ұрпақ туады, ал шектен шыққан жағдайларда ұрпақсыз қалуы мүмкін. Біздің көргенсіздігіміздің, дұрыс емес тәлім-тәрбиенің, бұрыс іс-әрекетіміздің құны осындайға әкеліп соғуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, алдыңғы толқын аталар қарғыссыз ақпаратқалдырса, онда қарғысы жоқ ұрпақ “дүниені жалпағынан басып”, адал емес мал тапса да “жолы болып”, “тасы өрге дөңгелейді”. Бұл кезеңдік құбылыс, ал оның “қайтарымын” келесі ұрпақтары көреді. Оның себебі, дүниеде еш нәрсе бейтараптық, тепе-теңдік қасиетті бұза алмайды. Сондықтан қазақта: «Судың да сұрауы бар»- деген тұжырым қалыптасқан. Сыртқы ортаның адамға әсерінің ішінде оның дініне (рухына) өте күшті әсер етіп, оның рухани тозуына және денсаулығының күрт төмендеуіне әкеліп соғатындар арақ (алкоголь) және бәңгілік заттар (наркотиктер). Бұл қосылыстар организмге енетін басты ақпарат түрлерін арнаулы тосқауылдау қасиеттері болуына байланысты, табиғи дарыны жоғары кісілер бұларға тез дағдыланады және олардың ақыл-ой қызметтеріне зиянды әсері тез байқалады.

Сонымен әрбір жеке адамның іс-әрекетінің нәтижесінде отбасылық, топтық, рулық, ұлттық, мемлекеттік, жалпы Жер бетіндегілердің рухы жинақталады. Егерде, осының нәтижесінде от басында белгілі дәрежеге дейін қарғыс жинақталса, онда бұл отауда ұрпақ қалмайды. Сондықтан қатты ренжігенде халық: “Қарғыс атқыр”- дейтін себебі осыдан. Мұндай жағдай тек қана от басында емес ру, ұлыс, ұлт, мемлекет деңгейлерінде кездесуі мүмкін. Ал адамзат шылый шектен шығып, өздеріне Жалғыз жіберген мүмкіншіліктен артып кетсе, онды ахирет күні болып, жердегінің бәрі жойылуы мүмкін. Бәрі тек қана Жалғыз ғұзырында.

Жалғызадамзатты Бірлікте (Ислам), игілікте өмір сүруі, салауатты ұрпағы болуы үшін әртүрлі әдістермен ескертіп келеді.

Соның бірі адамдар ұзақ уақыт бұзықтық жасамауы үшін олардың тіршілік өмірін 120 жылға дейін қысқартуы. Адамдар өздерінің дүние қоңыздығынан өздеріне өздері зор зиян етіп бұл тіршілік өмірді толық пайдалана алмайды! Адамдар өздеріне - өздері, ұрпақтарына зиянкестік жасап, осы ғұмырдың өзінде шамалары келгенше қысқартуда.Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «7Өз күшіне сенген және мыңғыраған байлығымен мақтанатын 8!адам өз бауырынақұн төлеп Жалғыздан сатып ала алмайды; 9олардың рухын тазалау мүмкін емес, ол ешуақытта болмайды, 10«адамның мәңгілік тіршілігі және оның жерге көмілмеуі». 11Әрбірі көреді бұл дүниеде барлығы өледі: данышпан да, надан да, мыңғыраған бай даөз дүниесін басқаларға қалдырып 12Олардың ойынша үйлері, байлықтары мәңгілік тәрізді, (аттарын шығару үшін) жерге өз аттарын береді 13Адам ары болмаса жануар сияқты дүниеден өтеді. 14Бұл жол ессіздер жолы, бірақта арта келе жатқандар оларды дәріптеуі мүмкін (көргенсіздік)»(Биб.І.48;).«Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында». (Қ.С-3;А-14.). Оның дәлелі қазіргі кездегі әртүрлі мемлекеттерде кездесетін адамдар күтілетін биологиялық өмірінің орта жасыжәне халықтың бір бөлігінде ұрпақтың болмауы.

Келесі жалпы ескерту Жер бетін топан су алдырып, онда Жалғыз адамзаттан Өзіне сенген тек қана Нұх (С.Ғ.С.) және оның балаларының отбасын қалдырды. Бұдан соң да шектен шыққандарды шектелген кеңістікте жазалап, мысал етіп, нұсқап отырды. Мысалы, аттас жыныспен жыныстық қатынасқа түскендері кең етек алған елді мекенде Лұт (С.Ғ.С.) және оның қыздарынан басқалардың бәрі жазаға ұшырады, жойылды. Ал екінші қалада бірін-бірі таразыда алдағандары үшін де осындай жазаға ұшырады. Бұл елді мекенде болған жойқын келесідей сипатталады: “24Содом және Гоморраға Жалғыз аспаннан күкірт және оттан жаңбыр жаудырды,.. 28олардың төңрегіне қарасаң айналасында пештен шыққан түтіндей түтін көтерілгенін көресің” (Б.Жар.Б-19.): “Олардың жұрттарында жүріп жүрген өздерінен бұрынғы Біз жоқ еткен нәсілдер (дін үлгісі) жолға салмады ма? Рас мұнда ақыл иелеріне өнеге бар.” (Қ.С-20;А-128.); “Олардың күнәләрінің салдарынан кейбіреулерін; үстіне тас жаудырып, кейбіреулерін; ащы дауыспен, кейбіреулерін; жерге жұттырып және кейбіреулерін де суға батырып, бәрін қолға алдық. Бірақ олар өздеріне залымдық етті. “(Қ.С-29;А-40.). Қазіргі кезде жер бетінде болып жатқан табиғи апаттар негізінен сол жердің тұрғылықты халықтарының немесе ел басыларының дұрыс жолда болмауына байланысты.

Адамға байланысты басты ұғымдардың бірі “салауаттылық”.“Салауаттылық” ұғымын нақты, жан-жақты анықтамай, адамға тиісті мәселерді қарастыру өте қиын. Сол себептен жүйелер қағидасына сүйене отырып “Адам – жай жетілген жүйе” негізінде салауаттылық түсінігін және анықтамасын ұсынып отырмыз.

Адам организміне әсер түрлерін және негіздерін талдау үшін біз: “Адам – басқарылатын ашық ақпараттық жүйе”( - сурет) және “Адам организміне әсер ету деңгейлері және негіздері үлгісі” (- сурет) – деген үлгілер ұсынып, солардың мысалы ретінде талдаймыз. Суреттерде көрсетілгендей адам организмі жүйе есебінде оның ақпаратты қабылдаушы, ішкі “басқарушы”, “реттеуші” және “орындаушы” бөліктері бар. “Орындаушы” бөліктің келген бағдарламаларды қалай жүзеге асыру механизмі және бейімделу нәтижелері көрсетілген.

Адам организміндегі үдерістерді қажетті бағытта өзгерту үшін оларға үш топ әсер етуге болады және де осыған байланысты ауруды емдеудің үш топ әдістері бар.

Бірінші, негізгі жол – адамның жеке-дара рухының қажетті деңгейде таза болуы. Жеке кісінің рухы жалпы рухтың бөлігі болып табылады. Қарғыс– бұл рухтың, жазмыштың, аураның ластануы.Қай уақытта адам рухы ластанады?Кісінің жеке рухы – Жалғызрухының адам жаратылғанда 13 аптада соған арнап берілген бір ұсақ бөлшекшесі. Адам Жалғыз нұсқауын дұрыс орындаса, онда оның нақты діні жаратылған дініне сәйкес болады, жоғарыда көрсетілгендей өзіне тиісті бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіншілік алады. Мұны – тазалық, адалдық, әділдік ұғымымен сипаттайды, адамның Жалғыз нұсқаған тура жолымен (арапша -шариа, қытайша – дао, үндіше- йога, латынша-религия) жүруі деп атайды. Сонымен әрбір адамның жеке рухының тазалығы оның өзі қабылдаған Кітаптағы нұсқауларды дұрыс толық орындауына және өзі айтқан сөзіне, істеген ісін толық жүзеге асыруына байланысты.

Ал егерде адам Жалғыз нұсқауын толық дұрыс орындамаса, амалға асырмаса, айтқан сөзі жүзеге аспаса және бастаған жұмысы аяқталмаса, онда көрсетілген ақпарат жүзеге толық дұрыс аспай қалады. Осы жүзеге дұрыс аспаған ақпарат дін қабықшасында, жазмышты, аурада жинақталады, әрбір адамның тектік, гендік ақпаратының электромагниттік өрісінде ізін қалдырады. Адамның жеке рухани қабықшасында бағдарламадан тыс жинақталған ақпарат қате, өтірік, күнә деп аталады. Қате, өтірік, күнә– адамның жеке рухының ластануына әкеліп соғады. Әрбір адамның құны өтелмей қалған ақпараты (қатесі, өтірігі, күнасы) оның ұрпағына қарғыс болып өтеді. Қарғыс – атадан балаға өтетін, өтелуі қажетті рухани ақпараттық қарыз. Ол туралы Қорқыт бабамыз: “Ата-ананың жасаған жамандығы баласының аузынан сұр жылан болып шығады” – деп айтады.

Қарғыс аураның ішінде терінің ішіндегі ісік тәрізді орналасады. Ал адамның жеке дін қабықшасында қосымша жинақталған бағдарлама ол аймақтан адамға өтуге тиісті ақпараттың өтуіне бөгет жасайды. Мысалы, терезеге перде тұтқан тәрізді. Осы екі түрлі жағдайда өткен жарық мөлшерін салыстырып көріңіздер! Қосымша жинақталған бағдарламаның көлемі неғұрлым көп болса – оның сырттан ішке қажетті ақпараттың өтуіне зияны да зор. Ал оның әсерінің түрі қосымша ақпараттың адам организміне басты ақпараттың қандай түрі өтетін жеріне жинақталғанына байланысты. Бұл жинақталған ақпарат адамның жеке тіршілік өмірінде толық дұрыс жүзеге асып, өтелмесе онда ол келесі ұрпаққа өтеді.

Жеке рухты тазалаудың тек қана екі жолы бар. Ол тек қана тура оң жолмен жүріп, құлшылық жасау, ауыз бекіту (ораза). Сондықтан да Кітаптардарухыңды - салауаттылық тілеу (ас-сәләт, намаз, молитва, мантра) және ауыз бекіту (жамандыққы жоламау, ас саум, ораза, пост), денеңді - адал тамақ жеу және сумен тазалану (дәрет), ал адал тапқан артық дүниеңнің бөлігін мұқтаждарға жұмсауға беру – зекет арқылы тазалау көрсетілген. Рухты құлшылықпен тек қана Жалғыздан уахи етілген Кітаптардағы сөздерді пайдалану арқылы тазалауға болады. Оның себебі Жалғыздан уахи етілген Кітаптардағы әрбірі “Қасиетті сөздер”.

“Қасиетті сөздердің” жай сөздерден айырмашылығы үшеу. Біріншіден олар шын, хақиқат, абсолют, себебі тікелей Жаратушы Жалғыздан шыққан. Екіншіден оларды Жер бетіне арнаулы жеткізуші жүйелер – періштелер жеткізіп, хабарлаған (уахи еткен). Үшіншіден сол сөздерді жеткізген періштелер солардың құнын жүзеге асыратын қызметшісі болып қалады. Сондықтан Кітаптардағы сөздерді олар өздері түскен тілде, түп нұсқасында оқыса қасиетті сөздердің қызметкерлері-періштелер келіп тілектерді орындап, сырқаттарды алып кетіп отырады. Соған байланысты әр-түрлі ауруларды емдегенде соған сәйкес қасиетті сөздер оқылады Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Құраннан сенушілерге шипа және рахмет түсіреміз! Ал залымдардың зияндарын тек қана көбейтеді” (Қ.С-17;А-82.). Ол үшін Кітаптардағы сөздерді алғашқы түскен тілде оқу шарт, ал оның мағнасын басқа тілде оқыса немесе дұрыс оқымаса, онда оның әсері сол аудырылған мөлшеріне сәйкес қана әсер етеді. Мұны халықта “сырқатты байлау” деп атайды. Ол сөздерді аударғанда оның жалпы жобасы қалады, ал бірақта ақпараттық құны күрт төмендейді!

Жеке құлшылықтан, тазаланудан, тура (оң) жолда (шариа) жүруден, әділдіктен, ауыз бекітуден басқа жеке рухты тазартудың басқа жолы жоқ!



Екінші топ әсерлер – жеке дін қабықшасынан өткен басты ақпарат түрлерінің адамның ішкі “басқарушы” бөлігі – орталық жүйке жүйесіне түсу көлемін реттеу.Сол арқылы кісінің көкпен басқарылуын қамтамасыз ету. Бұл реттеу екі түрлі болады. Екінші топтың бірінші түрі - негізгі ақпараттың бес жұп түрін қабылдайтын, гендік бағдарланған арнаулы нүктелерге әсер ету арқылы ақпарат көлемін реттеу. Бұның өзі екі бағытта жүзеге асу мүмкін.

Екінші топтың бірінші түрінің бір бағыты - көктің ақпарат түрлерін қабылдайтын нүктелерге адамға табиғат берген құралдармен, мысалы, қолдың саусағымен әсер ету. Бұл түрлі әсерлер негізінен көшпелі халықтарда жақсы дамыған. Мысалы, қазақтарда ескіден келе жатқан үзу. Осыған байланысты: “Он екі мүше, алпыс екі тамыр” – деген ұғым бар. Ат және түйенің үстінде шаншылған инемен жүре алмайсың. Мұны Европада медицинасында қазіргі кезде мануалдық ( лат. manus - қолдың басы) әсерлер деп атайды. Ал кәзіргі кезде Европада мануалдық терапия патологияларды негізінен тек қана омыртқа бағынасын және буындарға әсер ету арқылы емдеумен шектеліп жүр.

Екінші топтың бірінші түрінің екінші бағыты - басты ақпарат түрлерін қабылдайтын нүктелерге арнаулы құралдармен әсер ету. Мұның ішінде ертеден келе жатқандары ине шаншу, әр түрлі шылымдармен қыздыру немесе күйдіру. Бұларға соңғы уақытта лазермен, әр түрлі табиғатты электр тогымен, фармакологиялық әсерлі қосылыстармен және т.б. әсер ету қосылды. Инемен шаншу және қыздыру, күйдіру негізінен бір жерде отыратын халықтар арасында жақсы өріс алып, дамыған. Мысалы: Қытай, Корея, Жапония, Вьетнам және т.б. Бұл мемлекеттерде, әсіресе Қытайда, жазба әдебиет ерте дамуына байланысты барлық нәрсе жазылып қалдырылған. Сондықтан, бұл әдістің қайтадан жаңғырып, қанат жайып дамуын Қытай жазбалары мұрындық болып отыр.

Екінші топтың екінші түрі – көктің ақпарат түрлерін өңдейтін орталық жүйке жүйесіндегі сәйкес орталықтарға көздерге (шығырларға, чакраларға) ой, сөз арқылы тікелей әсер ету. Чакра ескі Үнді тілінде шығыр, шеңбер, сақина ұғымын білдіреді. Бұл ұғыммен адам организмі - жай жетілген жүйе есебінде жеті жұп құралымды болуына байланысты ішкі, шартты ақпарат көзінің осылардың әр қайсысын бөліп басқаратын - орталық жүйке жүйесінде орналасқан орталықтарын белгілеген. Бұл орталықтарға екі түрлі әдіспен әсер етуге болады. Бірінші түрі – Жалғыз уахи еткен нұсқаулармен. Мұны Үндіше – мантра деп атайды. Бұл сөздерді қолдану рух тазалау деңгейінде өтеді. Салауаттылық тілеу (ас салат) осы топқа жатады. Оны біз жоғарыда атап өттік. Екінші түрі – жай өз тілегіңмен немесе басқа біреулер жүйелі жүзеге асырған тілектермен әсер ету. Мұны – медитация, аутотренинг, өзіңді-өзің жаттықтыру деп атайды.

Үшінші топ әсерлер – адамның ішкі “басқарушы” шартты ақпарат көзі, орталық жүйке жүйесінен шыққан бағдарламалардың “орындаушы“ бөліктегі жүйелер және мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға әсерлерін реттеуге көмектесу. Бұл топ әсерлер негізінен Европа медицинасының емдеу әдістерін құрастырады. Бұл топтада екі түрлі әдісті ажыратуға болады.

Үшінші топтың бірінші түрлі әдістерінің негізін орталық жүйке жүйесінен кейінгі орналасқан морфофизиологиялық жүйелер және мүшелер арасындағы тектестік байланыстарды сәйкестендіру арқылы әсер ету. Бұл түрге организмнің жеке жүйелерінің немесе барлық мүшелерінің қызметін жетілдіруге бағытталған әдістер жатады. Бұл түрлерге цигун, шығыс жекпе-жектері, биоэнергиялық әсерлер, микрожүйелер аймақтары және нүктелеріне әсер ету, дене тәрбиесімен емдеу және т.б. жатады.

Үшінші топтың екінші түріне – реттеу әсерелерін химиялық қосылыстар арқылы жүзеге асыру (жалпы емдеу, терапия) және құралымы өзгерген, қызметін атқара алмайтын немесе бөгет жасайтын мүшелерді отап, алып тастау (отау, хирургия). Бұл түрлер негізінен қазіргі кездегі Европаның медицинасы қолданып жүрген емдеу әдістері, соның ішінде шөппен емдеу (фитотерапия), тамаққа қосындылармен (БӘҚ, БАД) емдеу және т.б. жатады.

Сонымен Шығыс және Батыс медицинасының адамға әсер ету деңгейлері әртүрлі, егер ғылыми негізде істесе олар біріне-бірі қарама-қарсы емес, бір бағытта әсер етіп, көмектеседі. Сондықтан кейбіреулердің Шығыс және Батыс медицинасы біріне-бірін қарсы қою дұрыс емес, қайта олар бірін-бірі толықтырады.

Суретте біз үлгі есебінде жеке адам организміне әсер ету деңгейлері және олардың әсер ету негіздерін ұсынып отырмыз. Суретте көрсетілгендей адам организмінде әсер ететін үш түрлі негіз бар. Олар адамның жеке рухы(жазмышы, аурасы), жаны және денесі.

Иерархиялы олар бірімен-бірі тығыз байланысты және тәуелді және де олардың пайда болу көздері әртүрлі. Адамның рухы оның басты ақпараты, жаны – реттеуші, тәні –сол ақпараттарды амалға асырушы. Адамның болмысының осындай құрылымына байланысты оның алдында басты мақсаты және екі міндеті бар. Мақсаты өмірдегі түпкі, соңғы нәтиже. Міндеттері оның тіршілік өмірде атқаратын қызметтері.

Адамның мақсаты өзіне аманатқа Жалғыздан тапсырылған жеке рухын Жалғызға қайтару. Мұны кісінің жеке рухының Жалғыздың жалпы рухымен бірлік (ислам) құруы дейміз. Егерде кісі аманатын орнына қайтарса, онда оның салауатты өмір салтын сақтағаны, ал қайтара алмаса онда түзу жолда болмағаны.

Адам Ата және Хауа Ана Ібілістің азғырумен тамақ жеп қойып, күнәға батқаннан соң оларға биологиялық қасиеттер: көбею арқылы күн көру және тамақтану бұйырылды. Адам жаратылғанда тіршілік өмірінде осы екеуін орындауы қажет. Көбею жыныстық байланыс жолымен отау құру арқылы жүзеге асырылады. Ал тіршілік ету тамақтану арқылы жүзеге асырылады. Бұл екеуі адамның биологиялық яғни пендешілік қажетті қасиеттері болып келеді. Адамға тіршілік өмірде осы екеуін жүзеге асыру жүктелген. Бұл екеуін адамның биологиялық табиғаты (арабша нафс) деп атайды. Сондықтан қазақта: «нәпсіңді ти, яғни бұл екеуін тек қана қажеттілігіне сәйкес орында»- деген ұғым қалыптасқан. Бұл туралы Қожа Ахмет Йассауи «Хикметінде» былай деп жазады:

«Отызда қу нәпсіні қойдым енді,

Рухтар отқа қақтап сойды мені.

Опасыз дүниеге тойды деді,

Сондықтан хаққа сиынып келдім міне.»

Рухкөкте, яғни абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінде, Жалғызда пайда болады, ал жан және тән жердегі ақпараттық ерекшеліктерге, бірінші кезекте шежірелік (гендік, тектік) ақпаратқа байланысты болады. Адам көктен келетін абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінен, Жалғыздан шыққан ақпараттың 7 түрін қабылдап, солармен басқарылады. Ол үшін басты ақпаратты адамның туғаннан соңғы тіршіліктегі өмірінің басқарушысы “жүрекке” (орталық жүйке жүйесіне) қабылдаушы жүйелер жеткізеді. Ішкі басқарушы орталықтан ақпарат орындаушы морфофизиологиялық жүйелерге жеткізіледі. Ең төменгі организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін негізгі және бірден-бір деңгей – жасушалар болып табылады. Сол себептен ОЖЖ–нен жасушаларға жететін ақпаратты реттеу адам тәнінде болатын бейімделу өзгерістерңн қамтамасыз ететін әсер болып табылады.

Бұл факторлар тәнге тікелей әсер ету арқылы жүзеге асады. Сондықтан бұл топ әсерлерді біз бірінші, ең төменгі деңгейдегі реттеу деп атадық. Бұл деңгейде негізінен химиялық жолмен, яғни дәрі арқылы әсер ету жүзеге асырылады. Бұл деңгейдегі әсер Европа медицинасының жалпы емдеуінің негізін құрайды.

Екінші әсер деңгейінде басты ақпарат қабылдаушы жүйелерге, оның ішінде солардың құрамындағы тікелей нақты ақпарат түрін қабылдаушы (акупунктуралық) нүктелерге әсер ету және арнаулы жаттығулар арқылы сырттан қабылданатын ақпарат көлемін реттеу. Бұл деңгей ақпарат қабылдаушы нүктелерге тікелей саусақтармен немесе арнаулы жабдықтармен (ине, қыздырғыш, физикалық әсерлер және т.б.) әсер ету немесе арнаулы жаттығулар (цигун, шығыс жекпе-жектері, тыныс жаттығулары және т.б.) арқылы жүзеге асады. Бұл топ әдістер Қытай, Корея, Жапония және сол төңіректегі отырықты өмір сүретін халықтардың емдеу әдістерінің негіздірін құрайды.

Бұл екі деңгей емдеу әсер әдістерін кез-келген адам оқып, үйреніп қолдануына болады. Бірақта әсер нәтижесі емдеген адамның жеке қасиетеріне байланысты болып келеді.

Үшінші деңгейдегі әдістер қабылдаушы жүйелерге реттеу деңгейіне араласу, ішкі басқарушы деңгейде орналасқан элементтік басқару орталықтары (чакралар) арқылы әсер ету жатады. Бұл деңгейдегі әдістермен емдеу үшін адамның табиғи ерекшелік қасиеттері болуы қажет. Бұл деңгейге инемен емдеуде “сегіз реттеуші (май) жүйелеріне”, ырғаққа тәуелді және биоэнергиямен әсер ету, қазақша үзу жән т.б. жатады. Бұл әсермен емдеу әдісі Үндістерде жақсы жетілген.

Бұл көрсетілген адам тәніне төрт деңгейдегі әсерлерді оқу, жаттығу арқылы үйреніп, адамның тәнін жетілдіруге, сол арқылы денсаулығын артыруға немесе түзеуге қолдануға болады.

Адам организміне төртінші деңгейдегі әсерлер олар адамның дінін (рухын, жазмышын, аурасын) тазартуға бағытталған. Адамның дінінің тазалығы тек қана оның өзінің іс-әрекеттеріне тікелей байланысты болуына байланысты әрбір адам өз рухын тек қана өзі тазалай алады. Адамның рухының ластануы жеке адам және Жалғыз Жаратушы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Адам жеке рухын әділ жолда таза жүріп, иерархиялық нұсқауларды дұрыс толық орындау арқылы таза ұстап және тазалай алады. Олар рухыңды Жалғызға толық сенімің (имандылық) болып, денеңді тұрақты тазалап және салауаттылық тілеп, құлшылық жасап, жамандыққа жоламай (ауыз бекітіп, ораза тұтып), адал тапқан дүниеңді тазалау (зекет) арқылы жүзеге асады.

Адамның жеке рухын оның өзінен басқа ешкім тазалай алмайды!

Адамға өзінен тыс және екі деңгей әсер топтары бар. Олар бесінші деңгей жындардың және алтыншы деңгей пайғамбарлардың әсері. Адам алғашқы жаратылғанда Жалғыздан кейінгі екінші орындағы таза ақпараттық жүйе болып жаратылған. Оның дәлелі Жалғыздың адамды жаратқанда періштелерге: «Адамға құлдық ұрыңдар»- деген нұсқауы. Адам Жалғыздың оған берген ілімін ұмытып, Әзәзілдің азғыруымен шайнайтын қоректік тамақ жеп, оның денесінен бөлініп шығуына байланысты ластанып, күнакәр болып, болашақ өмір жалғастарының барлығында осы күнәсін құлшылық арқылы тазалу бұйырылуына байланысты ол ең төменгі сатылардың біріне түсіп, бұрын өзінен төмен орналасқан ақпараттық жүйенің бір түрі – жындардың әсеріне тәуелді болып қалды. Сол себептен жындар адамдарға барлық уақытта әсер етіп отырады. Сондықтан халықта есі дұрыс емес адамды “жынды” яғни санасын жын билеген деп атайды. Түбірінде жын және гений (gn) екеуі бір сөзбен белгіленеді. Жындардың әсерінен қорғайтын және емдейтін тек қана ең тиімді әдіс ол Жалғыздан түскен Кітаптардағы қажетті және сәйкес ақпарттарды оқу ғана. Емделудің басты және ең бірінші шарты шипа сұрап тек қана Жалғызға құлшылық ету, жалбарыну және Оған толық сену. Пайғамбарларға және әулие адамдарға берілген емдеу қасиетін тек қана Жалғыз береді және де ол Жалғыз қасиетінің бір бөлшекшесі ғана болып табылады. Одан басқа емдеу жолы жоқ.

Адам үшін жоғары, жетінші деңгейде әсер ететін ол Жалғызадамдарды тура жолға салуды міндеттеген, осы үшін Жаратушыдан періштелер арқылы арнаулы ақпараттар алатын Жалғыздың ерекше сүйген құлдары – пайғамбарлар. Олардың міндеті – Жалғыз берген ақпараттың негізінде адамдардың дінін тазалау жолдарын көрсету, сол арқылы адамдардың рухын тазалауды үйрету.

Сонымен адамға әсер етудің жеті деңгейі бар екен. Оның бес деңгейін адамның өзі тікелей жүзеге асыра алады. Адамның салауаттылығы тек қана оның өзіне тәуелді болады. Халқымыз тілеу атқанда: ”Дертке – шипа, денеге – саулық, ақыл-ойға – жетілу, рухқа – тазалық берсін”- деп тілейді. Осы біздің ата-бабамыдан келе жатқан бата қазіргі кезде өзінің ғылыми тұжырымын тауып отыр. Бүкілдүниежүзілік денсаулық ұйымы (БДҰ, ВОЗ) тұжырымы бойынша адам салауаттылығының 53-60 проценті тікелей оның өмір сүру салтына, 18-20 процентке жуығы тектік ерекшеліктеріне, 18-20 процентке жуығы табиғат әсерлеріне, тек қана 10 процентке жуығы медициналық көмекке, яғни адамдардың бірінің біріне әсеріне байланысты деп тұжырымдаулары тегін болмаса керек! Адамның ең басты жауы тек қана оның өзі! Барлық жамандық тек қана оның өзінен!



7 ТАРАУ.АДАМНЫҢ АҚПАРАТТАР ТҮРЛЕРIН ҚАБЫЛДАЙТЫН МАКРОЖҮЙЕСI ЖӘНЕ МИКРОЖҮЙЕЛЕРI. БЕЙІМДЕЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ.
Жанды жүйелердiң табиғатта жаратылу міндеті өзінен кейін ұрпақ қалдыру арқылы биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз ету. Жыныс жолымен көбейетiн биологиялық түрлерде жаңа ұрпақтың пайда болуы аталық және аналық ақпараттардың қосылуымен жүзеге асады. Бұл жағдайда жаңа ақпарат пайда болмайды, тек қана біріне-бірі ұқсамайтын екі түрлі ақпараттың араласуы болады. Көбею үшiн биологиялық объектер өзі тіршілік етіп жатқан аймақтың топырағы құрамына және Күн жүйесiне, соның iшiнде Жер жағдайына бейiмделулерi керек. Тек осы жағдайда ғана олар күн көріп және тiршiлiк ете алады да, көбею мүмкiншiлiгiн сақтайды. Сондықтан жандылардың күн көруі олардың Күн жүйесi және Жер табиғи әсерлерiне бейiмделе алу мүмкiншiлiктерiне байланысты болады.

Тектiк ақпаратта жазылған жандылардың iшкi қасиеттерiнiң жиынтығы олардың қоршаған ортаның нақты жағдайына бейiмделуiн қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себептен әрбiр биологиялық түр тек қана өзiне тән қасиеттерге ие. Бұл қасиеттер олардың бейiмделу мүмкiншiлiктерiн анықтайды.

Бейімделу деп объектердің ішкі қасиеттерін өзгерту арқылы сыртқы ортаныңақпараттық талабына сәйкестенуін айтады.

Жанды объектер Жер ғаламшары жағдайына физикалық және химиялық ақпарат түрлерiне бейімделу арқылы тіршілік етіп және күн көреді. Организмде оларды қабылдайтын арнаулы қабылдағыштар (рецепторлар) бар. Осы ақпараттарды қабылдайтын организмдегі рецепторлар жиынтығын сезiм, сенсорлық жүйелер деп атайды. Ал адамда, сезім жүйелерінен басқа оның кiсiлiк қасиетiн қамтамасыз ететiн және оны басқаратын ақпаратты қабылдаушы басқа жүйе бар.

Кез-келген жанды объектiң ауытқитын өзгерiске ұшырауы негізінен үш топ әсерлерге байланысты. Бiрiншi топ әсерлер жанның ақпараттық негiзiн құрайтын тектiк, гендік ақпараттың сандық және сапалық көрсеткiштерi. Гендік ақпараттың құрамының сандық өзгеруi, яғни оның көбеюi немесе азаюы, кейбiр жағдайларда жоқ болуы тұқым қуатын хромосомдық сырқаттардың пайда болуына әкелiп соғады. Ал гендік ақпараттың сапасы төмендеген жағдайда, ондай сапасы төмендеген ақпараты бар жүйе немесе мүше оған артық күш түскенде осы ақпаратқа сәйкес бейiмделудi қамтамасыз ете алмайды да, ол бөлiкте ауытқу, патология пайда болады. Сонымен кейбiр ауруларға тектiк бейiмдiлiк негiзiне жүйе немесе мүшенiң биологиялық қорының төмендеуi себеп болады.

Екінші топ әсерлердi дененiң материалдық химиялық құралымы болып келетiн сыртқы ортадан қабылданатын химиялық заттардың сапалық және сандық мөлшерлері мен ырғақтар құрайды. Мысалы, тамаққа тәуелді сырқаттар (семіздік, қант сусамыры, гипертензия және т.б.) көбеюі, десинхроноздар пайда болуы және т.б.

Үшінші топ әсерлер адамның сыртқы ортадан келетін ақпараттарға қажетті деңгейді бейімделуінің қамтамасыз ете алынбауы. Сыртқы ортадағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты сырқаттардың көбеюі. Мысалы, ірі қалаларда қара түнектер (смог) қалыптасуы және т.б.

Осы себептерден адамның ауытқуға ұшырауы мінез-құлықтық, физиологиялық және морфологиялық өзгерiстер арқылы бiлiнiп отырады.

Басқа жанды жүйелерден адамның өзгешiлiгi онда биологиялық объектен (организм) басқа әлеуметтiк субъектің де (кісі) болуы. Кiсiнiң қалыптасуы адам қасиеттерi негiзiнде оның көргендiлiк, баптау, тәрбиелеу арқылы әлеуметтенуiмен (социализация) жүзеге асады. Кiсiнiң негізін құрайтын ақпаратты - жазмышты Жалғыз береді. Осы себептен кiсi өзіне аманатқа берілген рухты таза сақтау үшін Жалғызды мойындауы, Оған құлшылық етуi қажет. Әрбiр кiсiнiң қалыптасуына қажетті Жалғыздан берілетін ақпаратты жазмыш деп атайды. Жазмыш дегенiмiз әрбiр кiсiнiң жеке голограммасы, рухы. Жазмыш Жалғыз рухының бiр бөлшекшесi. Осы себептен де адам рухы мәңгiлiк. Адам рухы оның ақыл-ойын және жанын басқарады. Жазмыш адамға ол анасының жатырында 13 аптада аманатқа тапсырылады. Жазмыш деген Жалғыздың әрбiр адамға берген қасиеттерiнiң жиынтығы. Әрбiр адам өзiнiң жазмышынан өз тағдырын қалыптастырады. Жалғыз және кiсi арасындағы байланыс сол адам рухының тазалығымен анықталады. Кез-келген ақпараттық қарыз, жiберген қателiк, Жалғыздың нұсқауларын орындамау адам рухының ластануына әкелiп соғады.

Адамның табиғаты әр түрлі екі бөлігінің: организм және кісі қызметтері әр түрлі. Организмнің міндеті күн көруді және тіршілікті қамтамасыз ету болса, ал кісінің мақсаты аманатқа тапсырылған жеке рухын Жалғызға қайтару.

Организм өз міндеттерін табиғи сыртқы ортаға бейімделу арқылы қамтамасыз етеді. Ол үшін тән сыртқы ортадан қажетті ақпараттарды қабылдап, дененің соларға бейімделуін жүзеге асырады. Сыртқы ортадан ақпарат қабылдауды сезім жүйелері қамтамасыз етсе, дененің бейімделуі вегетативтік жүйке жүйесі және ішкі секреция бездері арқылы жүзеге асады.

Кісі мақсатына жету үшін Жалғыздан шыққан шынмен басқарылуы қажет. Ол шын ақпарат Жер ғаламшары моделі жағдайында жандылардың бейімделу мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін алдымен 7, одан соң аспанның негізгі 10 элементтері түрінде қалыптасады. Аспанның 10 элементінен Жер ғаламшары өзіне ғана тән 12 элемент қалыптасады. Осыған байланысты кісіде 7 көз (чакра), оларға ақпарат жеткізуді қамтамасыз ететін 12 мүше қалыптасады. Адам денесінің жапқыш ұлпасында тектес ақпарттарды қабылдайтын 360 арнаулы нүктелер орналасқан. Кісіні басқа кісінің рухани әсерінен қорғау үшін 7 көзден шыққан ақпараттар адам денесінің айналасында аура қабаттарын құрып орналасады. 12 мүше, 7 көз және 7 қабат аура қосылып кісінің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ететін макрожүйені қалыптастырады.

Организмнің макрожүйе арқылы қабылданған тектес ақпаратқа сәйкес қызмет атқаруын ондағы әрбір құрылымда және бөліктерде орналасқан микрожүйелер қамтамасыз етеді. Әрбір мүшенің немесе дене бөліктерінің микрожүйелерінң өзіне тән құрылымы және қызметтік ерекшеліктері бар. Микрожүйелер организм iшiнде бiрiмен-бiрi байланысу арқылы iшкi сәйкестiлiктi қамтамасыз етедi. Микрожүйелер өте көп.

Макрожүйенiң және микрожүйелердiң аймақтары мен нүктелерiнiң орналасуында, ақпарат қабылдауында және оларды алмасуында өздерiне тән ерекшелiктерi бар. №11 кестеде көрсетiлгендей макрожүйенiң және микрожүйелердiң табиғаты да, әсер ету ерекшелiктерi де тек қана өздерiне тән болып келедi. Сонымен, дүние оны басқаратын бiр абсолюттiк жетiлген жүйеден және де соған бағынатын жетiлмеген және жай жетiлген жүйелерден құралуы тәрiздi, адамда да қоршаған ортаның ақпараттарын қабылдайтын макрожүйе және өзара байланысқан көптеген микрожүйелерден тұрады екен.

№11 кесте

Макрожүйе және микрожүйелер нүктелерiнің айырмашылықтары



N

Аты

Макрожүйе нүктелерi

Микрожүйелер нүктелерi және аймақтары

1

Орналасқан жерi

Тек қана жапқыш ұлпада

Барлық мүшелер мен ұлпаларда, құрылымдарда

2

Орналасу ерекшелiктерi

Тұрақты, өзгермейдi

Негiзгi жүйенiң әр жерiнде

3

Деңгейi

Аспан және адамды байланыстырады

Организм құрылымдарын өзара байланыстырады

4

Жүйе арнасы

Бар, тұрақты

Жоқ

5

Ақпараттық ерекшелiк

Қоршаған орта ақпараттарын қабылдау

Тектес ақпараттық құр-ылымдар арқылы әсер ету

6

Аты

Ақпарат қабыл-даушы нүктелер

Тектес ақпараттық құралымдар нүктелерi

7

Әсер ету ерекшелiгi

Қабылданған ақпарат көлемiн реттейдi

Организм iшiндегi ақпа-раттардың сәйкестiгiн жақсарту арқылы бейiмделудi жетiлдiредi

Жанды жүйелерде бейiмделу және көбею бiрiгiп жұп құрайды. Бейiмделу сыртқы әсер нәтижесi болуына байланысты, ол ЕН болып келедi да, негізгі, анықтаушы болып табылады. Сондықтан да кез-келген жанды жүйе тек қана сыртқы дүниеге бейiмделген жағдайда күн көре алады. Көбею iшкi, IН жарты. Сондықтан ол тек қана бейiмделу қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асады. Жанды жүйе бейiмделу үшiн неге бейiмделетiнi туралы сыртқы дүниеден ақпарат алуы қажет. Бейiмделудi қамтамасыз ететiн жанды жүйенiң iшкi құралымдарында басты және негізгі ақпараттар түрiне сәйкес орындайтын тектес ақпараттық құралымдар қалыптасуы қажет.

Сыртқы дүние әсерiне бейiмделу үшiн жанды жүйелер iшiнде сәйкес ақпарат түрiне бейімделуге жауап беретiн тектес құралымдар қалыптасуы керек. Абсолюттi жетiлген жүйенiң орындаушы бөлiгiнде ақпараттар Жер жағдайында 10 түрмен тарауына байланысты организм iшiнде де осы 10 ақпарат түрлерiне жауапты әртүрлi ұйымдасу деңгейлерiнде сәйкес құрылымдар: мүшелер, ұлпалар, жасушалар және т.б. қалыптасады. Осыған байланысты ақпарат түрлерiн қабылдайтын антена қызметiн атқаратын адамда 10 саусақ бар.

Сол себептен сыртқы дүние әсерлерiне жанды жүйелердiң ұйымдасу деңгейi ерекшелiктерiне байланысты негізгі ақпараттардың әрбір түрiнiң өзiне тектес ақпараттық құралымдары бар. Д.Менделеев периодтық жүйесiндегi барлық химиялық элементтер осы басты ақпараттың 10 түрiнiң материяға айналған бастамасы, латынша - элемент болып табылады. Осы химиялық бастамалардан (элементтерден) молекулалар құралғанда олар да 10 түрлi тектес құралымдарға бөлiнедi. Адам бойындағы барлық құбылыстар және құрылымдар, адам күн көріп тіршілік ететін Жер ғаламшары және оған әсер ететін оны қоршаған дүниедегі барлық тұрақты объектерде осы ақпараттар жиынтығы болып келеді.

Жанды объектке сыртқы дүние ақпараты әсер еткенде ол жүйе бейiмделу үшiн қажет ақпаратты танып қабылдап, өзiнiң iшкi қасиеттерiн өзгерту арқылы ақпаратқа сәйкес тиiмдi жауап беруi қажет. Осы құбылысты - бейiмделу, адаптация деп атайды. Сырттан әсер еткен ақпаратқа бейiмделу мүмкiншiлiгi төмен болса объект қызметтiк және құралымдық өзгерiстерге ұшырайды. Объекттiң бұл сәйкес емес өзгеруiн шектен шығу, қалыптан ауытқу, патология, ауру деп атайды.

Объект сыртқы ортаның нақты ақпаратына бейiмделе алуы үшiн ол жаратылғанда онда сол ақпаратқа тектес қасиеттер және бейімделуін қамтамасыз ететін құрылымдар қалыптасады. Тек қана өз ішінде тектес ақпарат бар болса ғана жүйе сәйкес сыртқы ақпаратты танып, оған бейiмделе алады. Бейiмделу дегенiмiз жүйенiң сыртқы ақпараттың тектес түрiне сәйкес, тиiмдi жауап беруi. Кітаптарда келесі нұсқау бар: "Маған құлшылық қылыңдар, бейімделіңдер. Тура жол осы!" (Қ. С-36; А-61.) Бұл ақпаратты Жалғыз әрбiр объектке енгiзедi. Сонымен әрбiр объект жаратылғанда тiршiлiк етуiне және күн көруіне қажеттi көлемдегi ақпаратты алады. Тек қана кiсiге шындық ақпарат көзi болуына рұқсат етiлген. Кісіден басқа Жер жағдайындағы жүйелердiң барлығы да олар жаратылған кезден бастап Жалғыздан қатаң, өзгермейтiн, шартсыз ақпарат алады.

Қазақтар: "Дертке - шипа, денеге - саулық, ақыл-ойға - жетiлу, рухқа-тазалық тiлеймiн"- деп тiлек айтады. Егерде рух ластанса және гендік ақпараттың сапасы төмендесе, дене өзiне қажеттi химиялық қосылыстарды мөлшерден аз немесе көп алса, онда адамда шектен шығу, дiмқастық, ауытқу, патология, ауру пайда болады.

Дерттiң негiзгi пайда болу себебiне байланысты ең бiрiншi сол себепке әсер етеуге күш жұмсау керек. Кез келген ауытқу тектес қызметтiк - құралымдық жүйелер мен мүшелерде болатын қызметтiк және құралымдық өзгерiстер арқылы бiлiнедi. Адамда тән құрылысының, гендік реттеудiң және рухани ластанудың шектен шығуының кез-келгенi ауытқуға себеп болады. Кiсiнiң рухани өзгерiстерi оның мінез-құлық ерекшелiктерiнiң, қызметтерiнiң өзгеруi арқылы да бiлiнедi. Адамның негiзiн оның денесiнiң құрылысы құрауына байланысты, одан жоғары орналасқан жан, ақыл және рухтың өзгеруiлерi де құралым өзгерiсi арқылы байқалады.

Адам балшықтан жаратылған, сондықтан оның денесі Жер қыртысының құамындағы химиялық элементтерден құралады. Сол себептен адамның денесiнің құрамын Д.Менделеев периодтық жүйесiндегi элементтердiң 29-ы жуығы құрайды. Элементтерден басқа дене құрылысын қалыптастыруға сегіз ауыспайтын аминқышқылдары, жиырма бестей дәрумендерде қатысады. Адам қалыпты тiршiлiк ету үшiн оның денесiнiң құралымы тұрақты ауысып отыруы қажет. Әрбiр элементтiң жартылай ыдырау уақыты болуына байланысты олардың организмдегi қызметтiк уақыты шектелген. Химиялық қосылыстардың денеде болу уақыты бір тәуліктен үш жылға дейін аралықты қамтиды. Мысалы йод тәулік сайын жойылып отырады. Орташа шартты статистикалық адам 70 кг салмақтан тұрады. Бұл салмақтың бәрi химиялық қосылыстар жиынтығы болып табылады.

Адам денесіндегі химиялық қосылыстар неқұрлым тез ауысып отырса, адам тәнсаулығы соқұрлым жақсы болады. Адамның денесіндегі заттар алмасуын тездететін, қажетті деңгейде қамтамасыз ететін қозғалу болып табылады. Адам көп қозғалған сайын қуат көп жұмасалды да, сол энергияның пайда болуына қажетті химиялық қосылыстар жанып отырады. Бұл денеде заттар жаңаруына негізгі себеп болады. Ал тазалық денсаулық кепілі болып табылады. Осы себептерге байланысты адамның тәнсаулығы негізінен үш нәрсеге: біріншіден тамақтың сапасына, екіншіден заттардың жылдам алмасуын қамтамасыз ететін қозғалу мөлшеріне, үшіншіден тазалыққа байланысты болып келеді. Сондықтанда тамақтың сапасы мен адамның қозғалу мөлшеріне қазіргі кезде жеткілікті деңгейде көңіл бөліп жүр. Сонымен ас адамның арқауы, қозғалу -тәнсаулық негізі, тазалық– денсаулық кепілі болып табылады.

Жер ғаламшарың қызметi негiзiнен жанды жүйелердiң күн көруін және тiршiлiгіне қажетті сыртқы табиғи ортадағы физикалық және химиялық әсерлердiң белгiлi шекарада тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл тұрақтылық орагнизмде болатын биофизикалық және биохимиялық үдерiстердi жүзеге асыру үшiн қажет. Сондықтан да: "Жер - адамзат бесiгi"- деген ұғым қалыптасқан. Оның себебi кез-келген жанды жүйе, оның хромосомдарындаға ақпарат көлемiне байланысты, күн көруінің және тiршiлiгiнiң физикалық және химиялық параметрлерiнiң шегi бар.

Жер ғаламшары жағдайында жанды жүйелерге физикалық және химиялық әсерлерден басқа жай жетiлген жүйелер де әсер етедi. Пенде, адам денесі барлық басқа жанды жүйелер тәрiздi физикалық және химиялық әсерлердiң белгiлi бiр параметрлерiне ғана бейiмделе алады. Бұл әсерлердiң сандық және сапалық мазмұндары адам организмiнiң бейiмделу мүмкiншiлiгiнен жоғары болса, онда организм ол әсерлерге сәйкес, тиiмдi бейiмделе алмайды да стресс жағдайы, шектен шығу яғни бейiмделу мүмкiншiлiгi жоқ жағдай туындайды. Бұл қоршаған дүние мен организм арасындағы тепе-теңдiктiң бұзылуына, яғни ауытқудың пайда болуына әкелiп соғады. Сонымен, жанды жүйелердің күн көруіне қажеттi нақты әсерлердiң өздерi де, олардың сандық және сапалық көлемдерi организм бейiмделу мүмкiншiлiгiнен тыс болса ауру пайда болуына әкелiп соғады.

Организмге өз құрамына кiрмейтiн химиялық фактор әсер етсе, онда ол уланады. Бұл улану кейде организмнiң өлiмiне әкелiп соғуы да мүмкiн.

Ал биологиялық әсерлердiң негiзiне тектік, гендік ақпарат әсерi жатуына байланысты, олар организмге антигендiк әсер етедi. Сондықтан олардан қорғану үшiн антиденелер синтезделедi, яғни иммунитет пайда болады. Бұл қызметтi организмде арнаулы қорғаныс жүйесi - иммундық жүйе жүзеге асырады.

Организм өзiне қажеттi химиялық қосылыстарды сыртқы табиғи ортадан тамақ, ауа және су арқылы алуына байланысты, бұлардың ол үшiн маңызы өте зор. Сондықтанда қазiргi кездегi салауаттылықты қарастыратын барлық жағдайларда осы әсерлерге көп көңiл бөлiнген. Егерде организмге қажеттi химиялық қосылыстар мөлшерi қалыптан, шектен тыс аз немесе көп енсе, онда ол организмде ауытқу, патология, ауру пайда болуына себеп болады. Сондықтан аурудың пайда болуының бiр себебi организмге қажеттi химиялық ақпараттың мөлшерден тыс аз немесе көп енуiне байланысты. Бұл әсерлердi шартты үш топқа бөлуге болады.

Бiрiншi топтағы себептергеқажеттi химиялық қосылыстардың табиғи сыртқы ортадақажеттен көп немесе аз мөлшерде болуы. Мысалы, темiр, йод және т.б. Бұл жағдайда олардың сыртқы табиғи ортада жетiспеуiнен ауру пайда болады. Мұндай ауруларды эндемиялық, яғни жергiлiктi деп атайды. Бұл химиялық элементер кейбiр аймақтардың Жер қыртысында аз болады. Мұның мысалы Қазақстанда кеңінен тараған анемия және жемсаулық(зоб) сырқаттары.

Екiншi топ себептерге қоршаған ортада химиялық қосылыстар жеткiлiктi, бiрiқта материалдық жағдайларға, тамақты дұрыс өңдемеу нәтижесiнде және тағы басқа себептермен организмге олар қажеттi мөлшерден аз немесе көп енедi. Бұларды алиментарлық, тамақтануға байланысты себептер деп атайды. Мысалы, қазiргi кезде жер шарында көптеген халықтар қажеттi химиялық ақпарат көлемiн ала алмаса (ашықса), ал экономикалық жақсы дамыған елдерде семiздiк көп. Деректер бойынша АҚШ халқының 80% жуығының салмағы мөлшерден артық.Бұларды алиментарлық тәуелді сырқаттар деп атайды. Бұл топ сырқаттар қазіргі кездегі ауруларды 40-60% құрайды.

Үшiншi топ әсерлерге адамзаттың қоршаған табиғи ортаға дұрыс әсер етпеуiнiң нәтижесiнде пайда болып, табиғи тепе-теңдiктi бұзатын, соның нәтижесiндi топырақтың, ауаның және судың ластануына әкелiп соғатын әсерлердi жатқыздық. Олардың iшiнде жартылай ыдырау кезеңi өте ұзақ, адам үшiн өте қауiптi қосылыстар бар. Мысалы, ДДТ (дуст), радиоактивтi стронций және цезий, т.б.

Адам үшiн келесi ақпарат тектiк, гендік жазылған жандық қасиеттер болып табылады. Тектiк ақпарат берiлуi бұзылуының үш түрi кездеседi.

Бiрiншi түрігендік ақпараттың сандық параметрлерi өзгеруi жатады. Бұл жағдайда гендік ақпарат мөлшерден тыс көп немесе жоқ болады. Адамда 23 жұп (46) хромосома болуы керек. Хромосомалар саны аз немесе көп болуы байқалады. Мысалы, Дауна сырқаты.

Екінші түрі кейбiр жағдайларда хромосомалар саны дұрыс, ал оның құрамындағы организмге қажеттi химиялық қосылыс синтезiне жауапты ген, аллель жоқ болады. Мысалы, монохромопатия (дальтонизм), дихромопатия, гемофилия және т.б.

Үшінші түрде ауытқуларды берiлетiн гендік ақпарат сапасының өзгеруiнен пайда болатын сырқаттар құрады. Әрбiр мүшенiң, жүйенiң биологиялық мықтылық қоры бар. Биологиялық мықтылық қоры деп мүше мен жүйеге мөлшерден артық күш түскенде қалыптан ауытқымай бейiмделе алатын қалыпты жағдайдағы мүмкiншiлiктiң еселенген қатынасын айтады. Мұны негiзiнен қажеттi мөлшердiң нақты мөлшерге қатынасы ретiнде анықтайды. Қажеттi мөлшер деп мүше немесе жүйенiң сапалы гендік ақпаратта жазылған ең жоғарғы 100% мүмкiншiлiгiн айтады. Организмнiң қалыпты, күш түспеген жағдайда биологиялық қажеттiлiктi қамтамасыз ететiн негiзгi мөлшерiн өлшеу бiрлiгi немесе нақты мөлшер деп қабылдаймыз. Осы екi мөлшердi бiрiне-бiрiн бөлу арқылы биологиялық мықтылық қорын анықтаймыз. Әрбiр мүшенiң және жүйенiң тiршiлiктiк мықтылық қоры жеке адамның тектiк ақпарат ерекшелiгiмен анықталады. Басқаша мұны жазмыш дейдi, яғни әрбiр мүше немесе жүйе мүмкiншiлiгi. Бұл ақпарат гендік бекiтiледi де, ұрпақтан ұрпаққа өтiп отырады. Әрбiр ұрпақ iс-әрекетiне байланысты бұл мөлшердiң төмендеуi мүмкiн. Бұл жағдайда биологиялық мықтылық қоры төмендейдi. Кейбiр жағдайларда бұл құбылыс үлкен аймақтарды: ұлыс, ұлт, белгiлi аймақ, бүкiл адамзатқа дейiн қамтуы мүмкiн. Бұл нақты мүше немесе жүйенiң ауытқуға, патологияға гендік бейiмдiлiгi деп аталады. Мысалы, бауырдың мықтылық қоры 50 есе. Салмағы 70 кг адам үшін тәуліктік май қажеттіліг 100 грамм болса, оның бауырының тәулікте қорытатын май мөлшері 5 000 граммға (5 кг) дейін болуы мұмкін. Егерде адам спиртті ішімдіктер қолданса, онда ол бауырдың майлануына (гепатоз) әкеліп соғып, оның бауырының қоры азаяды. Мысалы, 50 еседен 40 есеге дейін. Ал келесі ұрпаққа осы адамның бойындағы нақты көрсеткіш, яғни 40 есе беріледі де, оның ұрпағында тектік, гендік сапасыз ақпарат пайда болады. Қазіргі кездегі спиртті ішімдіктерді кеңінен қолдану нәтижесінде халықтың көпшілігінің майлы тамақты жөнді қорыта алмайтыны осының нәтижесі болып табылады.



ОН ЕКІ МҮШЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРИНЦИПТЕРI ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТАУЛАРЫ

Он екі мүше қалыптасуындағы адам денесін ЕН және ІН жартыларға бөлу принциптері. Жер ғаламшары жағдайында барлық үдерістер негізінен үш жазықтықтан тұратын кеңістікте жүзеге асады. Осыған байланысты бейтараптық қағидасына сәйкес адам денесінде 12 мүшенің орналасу ерекшеліктері бар. Жер жағдайындағы үш жазықтықтар келесілер: көлденең, маңдай және жебе. Көлденең жазықтық орналасуы барлық уақытта тұрақты болып келеді, ал маңдай және жебе жазықтықтар адам денесінің кеңістікте орналасуына байланысты өзгеріп отырады.

Адам денесін үш жазықтықтың әрқайсысының бөлу ерекшелігіне байланысты 26 мүше әртүрлі топтықтар құрастырып орналасады.

Көлденең (горизонталь, латынь - horizontali) жазықтық деп Жер бетіне параллель жазықтықты белгілейді. Бұл жазықтық тұрақты бір бағытта орналасады. Көлденең жазықтық адам бойында оның табанына параллель орналасады, адам денесін ЕН (жоғарғы) және ІН (төменгі) бөледі. Адам денесінде негізгі көлденең жазықтық көк ет (диафрагма) арқылы өтеді. Сондықтан адам денесінің диафрагмадан жоғары бөлігі ЕН, ал одан төмен бөлігі ІН жарты болып келеді. Бұл жағдайда ЕН бөлікке қол, кеуде, мойын және бас, ал ІН бөлікке аяқ, бел және құрсақ жатады. ЕН бөліктің барлық құрылымдарын қосып «қол», ІН бөліктің барлық құрылымдарын қосып «аяқ» деп атау қалыптасқан.

Сонымен көкет (диафрагма) арқылы өтетін негізгі көлденең (горизонталь) жазықтық адам денесін ЕН (қол) және ІН (аяқ) бөліктерге бөледі. Бұл жағдайды ЕН және ІН бөліктерге он екі жұп мүшелер бөлінеді, ал ортаңғы жалқы мүше бөлінбейді. Себебі бұл мүше қолдан да, аяқтан да басталмайды, бұттан басталады. Сондықтан ол қол және аяқ мүшеліне жатпайды.

Жер ғаламшарының алты жұп ақпараттарының үш жұбы: суық, жел және ылғал «аяқ шеңбері» арқылы қабылданса, ал қалған үш жұбы: ыстық, жылу және құрғақ «қол шеңбері» арқылы қабылданады. Олардың қабылдануына байланысты топқа бөлудің өз заңдығы бар. Біріншіден аяқ шеңбері арқылы Жерден адамға ең зиянды әсер ететін факторлер өтеді. Олар аяқ шеңберінде зиянды әсер күшіне байланысты келесі кезекпен орналасады: суық, жәл және ылғал. Екіншіден аяқ және қол шеңберлерін құратын жұптар Жердің ішкі шеңберінде қатар орналасқан жұптар емес, арасында басқа бір жұп бар жұптар болып келеді.

Қол және аяқ бөліктері арқылы қабылданатын жұп ақпараттар түрлері шеңбер құрып, шеңбер ішінде жұптар бейтараптық және басқару қағидаларына сәйкес орналасады. Осының нәтижесінде ақпараттар түрлерін қабылдайтын «қол» және «аяқ» шеңберлері қалыптасады. Шеңберлердің ЕН жартысында өз кезектерімен ЕН мүшелердің «ақпарат қабылдаушы» блоктары, ал ІН жартысында сәйкес ІН мүшелердің «ақпарат қабылдаушы» блоктары орналасады. «Қол» шеңберінде ақпарат түрлері келесі кезекте орналасады: ЕН ыстық, ЕН жылу, ЕН құрғақ, ІН құрғақ, ІН жылу, ІН ыстық. «Аяқ» шеңберінде ақпарат түрлері келесі кезекте орналасады: ЕН суық, ЕН жел, ЕН ылғал, ІН ылғал, ІН жел, ІН суық.

Маңдай (фронталь, латынь frons- маңдай) жазықтық маңдай сүйекке параллель орналасады, адам денесін ЕН (сырты, арқа) және ІН (ішкі, кеуде-құрсақ) бөлікке бөледі. Сондықтан адам бетінің қай жаққа қарағанына байланысты маңдай жазықтығы орналасуы өзгеріп отырады. Адам денесінде негізгі маңдай жазықтық үлгі түрінде төбе, омыртқа бағынасы және өкше арқылы өтеді. Сондықтан адам денесінің төбе және омыртқа бағынасының артында орналасқаны ЕН (сырты) бөлігі, ал олардың алдына орналасқандары ІН (ішкі) бөлігі болып келеді. Сол себептен омыртқа бағынасының алдында орналасқан мүшелерді «ішкі мүшелер»- деп атайды. Осыдан «Ішкі мүшелер аурулары» деген пән аты қалыптасқан.

Ал іс жүзінде бұл екі ЕН және ІН мүшелердің терідегі аймақтарының шартты шекаралары келесідей орналасады. Шартты шекара тырнақтардың жақтауларынан басталып, ары қарай қолды және аяқты сыртқы және ішкі бөліктерге бөліп жоғары көтеріледі. Сызық тұлға арқылы өткенде оны артқы және алдыңғы аймақтарға бөліп, бастың артымен жоғарғы көтеріліп алдында ауызға дейін төмен түсіп жоғарғы жақ тістері сызығында аяқталады. Бауырымен жорғалаушыларда, мысалы, жыланда негізгі маңдай жазықтық ауыз қуысынан басталып ұзына бойы құйрығына дейін өтіп, оның денесін ЕН (сыртқы) және ІН (ішкі) бөліктерге бөледі. Ал адамда мидың дамуының және көлемінің ұлғаюына байланысты төбе сүйектері ерін сызығынан жоғары көтеріліп шекараны төменде қалдырған. Сондықтан барлық он екі ЕН мүшелердің арналарының сызықтары теріде тырнақ жақтауларынан басталып, қол және аяқтың сыртқы (ЕН) бетінде, арқада орналасып, бас терісі арқылы өтіп жоғарғы жақ тістері сызығында аяқталады. Ал он екі ІН мүшелердің арналарының сызықтары теріде тырнақ жақтауларынан басталып, қол және аяқтың ішкі (ІН) бетінде, құрсақ және кеудеде орналасып, бетте төменгі жақ тістері сызығында аяқталады

Сондықтан барлық 12 ЕН мүшелердің «ақпарат қабылдаушы» блок арналарының сызықтары теріде тырнақ түбірлерінен басталып, қол және аяқтың сыртқы (ЕН) бетінде, арқада орналасып, баста тіс аралық көлденең сызықтан жоғарғы аймақтарда аяқталады. Ал 12 ІН мүшелердің «ақпарат қабылдаушы» блок арналарының сызықтары теріде тырнақ түбірлерінен басталып, қол және аяқтың ішкі (ІН) бетінде, құрсақ және кеудеде орналасып, баста тіс аралық көлденең сызығынан төмен аймақтарда аяқталады.

Еркектердің арқа терісі аймағы ЕН, ал көкірек және құрсақ терілері аймақтары ІН болып келеді. Ал әйелдерде керісінше көкірек және құрсақ терілері аймақтары ЕН, арқа терісі аймағы ІН болып келеді. Оның себебі жыныстық байланыс кезінде ұрпақ пайда болу үшін, жанасатын жыныстар және тері аудандары мәні қарама-қарсы болуы қажет. Жыныстық байланыс кезінде жанасатын жыныстар және аудандар аттас болса, онда ұрпақ пайда болмайды. Себебі жанасқан жыныстар және тері беттері бейтараптықты қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, гомосексуализм.

Жебе (сагитталь, латынь sagitta – жебе) жазықтық маңдай жазықтыққа перпендикуляр орналасқан, жебе тәрізді адам денесін алдынан артына немесе артынан алдына қарай кесіп өтетін жазықтық. Дененің ортасы арқылы өтіп оны екі теңдей бөлікке: оң және сол бөлетін жазықтықты «орталық, медиандық жебе жазықтық»- деп атайды.

Медиандық жазықтықтың оң жағы ЕН, ал сол жағы ІН болып келеді. Бірақта адам денесінің оң жартысы ІН, ал сол жартысы ЕН болып келеді. Неге адамда медиандық жазықтықтың оң жағы ЕН жартыны құрайды, ал дененің оң жағы ІН жартыны құрайды және керісінше? Оның себебі адамның денесінің сол жартысы дененің оң жағында (ЕН) орналасқан бас ми бөліктерімен, ал оң жартысы дененің сол жағында (ІН) орналасқан ми бөліктерімен басқарылады. Бұл құбылысты артқы мидың көпірінде орналасқан, жүйке импульстарын оңнан солға немесе солдан оңға жеткізіп отырған өткізгіш жолдар қамтамасыз етеді. Осыған байланысты адамның жеке цунін өлшегенде еркектерде (ЕН) сол қол басының ортаңғы саусағы екінші сүйегінің буын аралық қыртыс сызығы, ал әйелдерде (ІН) оң қол басының ортаңғы саусағы екінші сүйегінің буын аралық қыртыс сызығы өлшеніп қолданылады.

Ортаңғы жебе (сагитталь) жазықтықтың денені бөлу ерекшелігіне байланысты 26 мүшеден үш топ құрылым қалыптасады. Бірінші топты медиандық жебе жазықтың бойында орналасқан сыңар жұп болып келетін ЕН (артқы) ортаңғы және ІН (алдыңғы) ортаңғы басқару жүйелерінің арналары құрастырады. Басқару қағидасы принципіне сәйкес мүшенің «басқару» блогы адамда жалқы болып келеді. «Басқару» блогына ОЖЖ екі бөлігі мас миы (ЕН) және жұлын (ІН) жатады. Артқы ортаңғы орталық жүйенің (ЕН) арнасы құйымшақтан басталып омыртқа бағнасының жота өсінділері арқылы өтіп бастың ортаңғы сызығымен жалғасып жоғарғы еріннің тіліне жетіп аяқталады. Қытай дәстүрлі медицинасында бұл мүшені Ду-Май деп атайды. Алдыңғы ортаңғы орталық жүйенің (ІН) арнасы бұттың ортасынан басталып құрсақтың ақ сызығы арқылы өтіп төстің және мойынның ортасымен жоғары көтеріліп иектің ойығына жетіп аяқталады. Қытай дәстүрлі медицинасында бұл мүшені Жэнь-Май деп атайды.

Сонымен бейтараптық қағидасына сәйкес адам бойындағы макрожүйенің «басқару» блогы орталық екі арнадан тұратын жүйе қалыптастырады. Медиандық жебе жазықтық адам денесін екі жартыға: оң және сол бөлінеді. Адам денесінің оң және сол бөліктерінің әрқайсысында макрожүйенің «регуляция» және «реализация» блоктары бірігіп 12 мүшелерді қалыптастырады. Сондықтан адам денесінің оң және сол бөліктерінің әрқайсысында 12 мүшеден болады.

Сонымен медиандық жебе жазықтықтың адам денесін бөлуі нәтижесінде 26 мүшеден үш топ қалыптасады: бір тобы жалқы, ал екі тобы қосарланған он екі мүшеден тұрады.



Абсолютті жетілген жүйенің ақпарат көзі Жалғыздан шыққан рухты, шынды Жер ғаламшары жағдайындағы жанды және жансыз жүйелер толығымен қабылдай алмайды. Себебі Жалғыз оларды жаратқанда әрқайсысына өзіне тән қасиеттер ғана берілген. Олар өздерінің ішкі мүмкіншіліктері жеткенінше сыртқы ортаға бейімделіп, өздерінің тіршілік етіп және күн көруін қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты Жер ғаламшарындағы объекттер бейімделе алатындай абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары моделі (аспан) қалыптасады. Жер ғаламшары моделі үшін Жалғыздан шыққан шыннан адамды басқаруға қажетті басты ақпараттың жеті түрі қалыптасады. Жер ғаламшары моделінде көктен келетін жеті басты ақпарат негізінде бес жұп негізгі аспан ақпарат түрлері қалыптасады. Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы үдерістердің барлығы ондық негізінде жүзеге асады. Аспанның негізгі он ақпарат түрлері негізінде Жер ғаламшарының өзінің он екі ақпарат түрлері қалыптастырады. Аспанның бес жұп элементінен Жер ғаламшарының алтыншы жұп элементі қалыптасқанда оның ақпараттық негізін ыстық жұбының ІН бөлігі жылу қалыптастырады.

Жер ғаламшары жағдайындағы барлық объекттер күн көріп және тіршілік етулері үшін осы қоршағын табиғи ортаның ақпараттарын қабылдап, соларға бейімделулері қажет. Объектер қоршаған ортаға бейімделуі үшін олардың ішінде бейімделетін ақпаратын қабылдап, соған бейімделуді қамтамасыз ететін тектес құрылымдар болуы шарт.

Қоршаған табиғи ортадан Жер ғаламшарындағы барлық объектерге екі топ ақпараттар әсер етеді. Бірінші топ аспанға тән он негізгі ақпараттар. Екінші топ Жер ғаламшарына тән он екі ақпараттар. Ал кісіге бұл екеуінен бөлек көктен үшінші топ басты ақпараттың жеті түрі әсер етеді. Бірінші және екінші топ ақпараттар табиғаты объективті, ал үшінші топ ақпараттар табиғаты субъективті.

Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы барлық объекттер тіршілік етіп және күн көрулері үшін алғашқы екі топтың объективті ақпараттарын қабылдап, соларға бейімделулері қажет. Кісі субъект есебінде олардан басқа басты ақпараттың жеті түрін қабылдап солармен басқарылып отырады. Осыларға байланысты адам заты бірімен бірі тығыз байланысты және біріне-бірі тәуелсіз екі жүйеден қалыптасады. Бірінші жүйе объективті. Бұл жүйе организмінің сыртқы ортаның табиғи әсерлеріне бейімделуін жүзеге асырады. Екінші жүйе субъективті. Бұл жүйе кісінің сыртқы ортаның субъективті әсерлерімен басқарылуын қамтамасыз етеді.

Адам затының биологиялық қызметтерінің сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін бірінші жүйенің табиғаты объективті. Сондықтан бұл жүйе құрылымдары материалданған. Олар қазіргі кезде бұл жүйе толығымен сипатталып жазылған. Бұл жүйені организмнің барлық қызметтік-құрылымдық жүйелері құрайды.

Адам затындағы кісілік қасиетін басқаруды қамтамасыз ететін екінші жүйенің табиғаты субъективті. Сондықтан бұл жүйені құрытын элементтер материалданбаған. Сол себептен адамды басқару жүйесі осы уақытқа дейін толығымен сипаттап жазылмаған. Бұл жүйенің негізін үш жүз алпыс нүкте, он екі мүше, көздер және адамның рухани қабықшалары құрайды. Әртүрлі философиялық ағымдарда және дәстүрлі медицинада бұл жүйенің кейбір бөліктері ғана сипатталған. Мысалы Қытайда ақпарат қабылдаушы бөлігі, Үндістанда чакралар және ауралар. (сурет ).

Организмнің сыртқы табиғи ортаға бейімделуінің негізін тектік, гендік ақпарат, жан құрайды. Ал организмдегі қалған әсерлердің барлығы жанның негізінде жүзеге асады. Жер ғаламшары жағдайында сыртқы табиғи ортаның ақпараттары адамға физикалық және химиялық факторлер түрінде әсер етеді. Адам физикалық факторлерге қысқа уақытты, ал химиялық факторлерге ұзақ уақытты бейімделеді. Физикалық факторлер адамға жел, ылғал-құрғақ (салыстырмалы ылғалдылық), ыстық-суық (температура), сәуледен (қараңғы-жарық) қалыптасатын ырғақ түрінде түрінде әсер етеді. Химиялық факторлар организмге тамақ, су және ауа құрамында енеді.

Сондықтан бірінші кезекте бейімделуді қамтамасыз ету үшін қандай ақпараттарға бейімделу керек екенін қабылдайтын және өңдейтін (1) сезім жүйелері жұмысқа кіріседі. Одан соң организмге енген химиялық қосылыстарды энергия және заттар алмасуларын жүйкелік және гуморалдік реттеу (2) арқылы организм жағдайын сыртқы әсерлерге сәйкестендіру жүзеге асады. Осы өтетін үдерістердің талапқа сәйкестілігі және сапасы адамның соматикалық саулығының негізін құрайды. Егер бейімделу сыртқы орта талабына сәйкес қамтамасыз етілсе дені сау болады, сәйкес болмаса ауытқу болады. Осындай амалға асырулардың (3) нәтижесінде адам организмі табиғи сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.

Адам Жер ғаламшарына бейімделу үшін одан организмге әсер ететін әрбір бейімделуге қажетті ақпарат түрін қабылдайтын және оларды талдайтын арнаулы бес сезім жүйке орталықтары қалыптасады. Ол орталықтар келесілер: көру, есту, иіс, дәм және жанасу. Адам денесінде ынталандыратын физикалық энергияға сәйкес бес топ қабылдағыштар (рецепторлар) бар. Олар: хеморецепторлар, механорецепторлар, фоторецепторлар, терморецепторлар, ноцицепторлар. Адамға аспаннан әсер ететін негізгі бес жұп ақпараттар түріне бейімделуіне байланысты сезім орталықтарыда бес түрлі, қабылдағыштарда бес топ. Ал адам денесінде қабылдайтын сезім жүйелері жоқ сыртқы әсерлер организмге зиянын тигізеді, себебі оларға организм бейімделе алмайды. Мысалы, ультракүлгін сәуле, сәулелі радиация, вибрация және т.б. Сонымен организм бейімделетін әрбір сыртқы әсер түріне бейімделу үшін денеде соған тектес (арнаулы сәйкес) қабылдау сезім жүйесі қалыптасқан.

Жануарлардың және адам организмінің Жер ғаламшарына тұрақты бейімделуі дененің он екі жілікке топтасуы арқылы жүзеге асады. Себебі организм Жер ғаламшарына бейімделеді, ал ол он екі элементтен құралған. Осыған байланысты қазақ мал сойғаны оны онекі жілікке топтастырып бөледі. Топтықтың негізі жілік атымен аталады, ал қалған дене құрылымдары салмағы теңдей онекі бөлікке топтастырылады. Жіліктер саны қолда алтау, аяқта алтау, оң жартыды алтау, сол жартыда алтау болып топтасады. Қол жіліктеріне жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, ал аяқ жіліктеріне жам(н)-бас, ортан жілік және асықты жілік жатады. Онекі жіліктің ең үлкені (реттеуші) жамбас болып саналады. Себебі жамбас қуысы жанды объекттің табиғи міндеті ұрпақ қалдыруды жүзеге асыратын, яғни көбеюді қамтамасыз ететін орын болып табылады. Қазақта онекі жіліктен бөлек ерекше орында бас тұрады. Малдың басы жілікке жатпайды, бірақта қазақта ол ең силы адамды құрметтейтін белгі болып табылады (кесте№ , сурет № ).

Сонымен организмде аспаннан келетін бес жұп ақпаратты қабылдайтын бес сезім жүйке орталықтары қалыптасса, ал денені Жер ғаламшарына бейімдейтін онекі жілік тобы қалыптасады. Сондықтан дене бастан және онекі жіліктік топтардан құралады.

Кісіні басқарудың негізін оның жеке рухы құрайды. Кісіге қалған әсерлердің барлығы оған жеке рухы негізінде әсер етіп, соның таза сақтау деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Кісіні басқару жүйесі үш блоктан: қажетті ақпараттарды қабылдау (реттеу, регуляция), басқару (орталық) және амалға асыру (реализация) тұрады.

Жоғарыда сипаталып жазылғандардан заңды сұрақ туады: кісіні басқарыруға қанша және қандай ақпараттар қатысады және де оларды қабылдау мен өңдеу қалай қамтамасыз етіледі?

Кісінің рухани қасиетінің негізін оған Жалғыздан 13 аптада аманатқа тапсырылған жеке рухы құрайды. Жалғыздан шыққан шынның кісіні басқаратын бөлігі біртұтас ақпараттық өріске жеті түрінде тарайды. Кісі осы басты ақпараттың жеті түрлерімен басқарылады.

Көктен келетін басты жеті ақпаратты жинау және өңдеу қызметін ОЖЖ бойында орналасқан сәйкес жеті негізгі орталық көздер (чакралар) атқарады. Әрбір чакра ақпараттарды аспаннан және Жерден қабылдайды. Осыған байланысты сыртқы ортадан әсер еткен ақпараттарды қабылдайтын он төрт (7х2) мүше қалыптасады.

Сыртқы ортадан осы мүшелер арқылы қабылданған ақпараттар чакраларда өңделіп, одан ары қарай екі бағытта қызмет атқарады. Бірінші басты бағыт: әрбір чакрада өңделген ақпарат арнаулы нүкте арқылы адам терісінің сыртына шығып, сол чакраға тән аура қабықшасы қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сондықтан адамның аурасының да жеті қабаты бар. Екінші негізгі бағыт: чакрадан өңделіп шыққан ақпараттар ОЖЖ жетіп, ВЖЖ мен ішкі секреция бездері жүйесі арқылы жоғарыда сипатталған үлгі бойынша организмнің бейімделуін қамтамасыз етеді.

Неге адамда кісіні басқару жүйесінің реттеуші бөлігі он төрт (жеті жұп) мүшеден құралады?

Себебі адамның аспан және Жер ғаламшарының арасында орналасуын байланысты жеті орталықтың (чакра) әрқайсысы ақпараттарды аспаннан да, Жерден де қабылдайды. Соның нәтижесінде адам денесінің әрбір жартысында ақпарат қабылдаушы он төрт мүше қалыптасады. Сондықтан адам бойында әрбір жартыда он төрт мүшеден, барлығы жиырма сегіз қабылдаушы жүйе қалыптасады.

Сонымен жеті чакраға сыртқы ортадан ақпарат қабылдап жеткізу үшін адам денесінің жапқыш ұлпасында 28 қабылдаушы жүйелер қалыптасады. Оның төртеуі (екі жұбы) «басқарушы» блокты, төртеуі (екі жұбы) «реттеуші» блокты, ал қалған жиырмасы (он жұп) амалға асырушы блоктарды қалаптастырады.

Он төрт жұп қабылдаушы жүйелердің «басқарушы» блогының жұбының өзіне тән қалыптасу ерекшелігі бар. «Басқару» блогы барлық уақытта жалқы болуы қажет. Себебі «басқару» жұп болса, онда «басқарудың» әрбір бөлігінен «амалға асыру» блогына әрқайсысынан өзіне тән ақпарат келіп, үдерістердің үйлесімді бір бағытта жүруін қамтамасыз ету мүмкін болмас еді. Бұндай жағдайда организмдегі үдерістердің өту заңдылықтарының сақталуы қиынға соғар еді. Сондықтан жалғыз абсолютті жүйеден басқа жүйелердің бәрінде «басқару» блогы екі сыңардан (жұптан) тұратын жалқы болып келуі шарт. Тек қана абсолютті жетілген жүйеде Басқарушы Жалғыз Ие. Ал қалған жүйелердегі басқарушының бәрі жұптан тұрады.

Организмді «басқару» блогі ОЖЖ-де осы принцип негізінде қалыптасқан. Басқару үдерісі бір бағытта болуын қамтамасыз ету үшін организмнің «басқарушы» блогы – орталық жүйке жүйесі дербес екі бөліктен емес, біріккен екі жартыдан: оң және сол құралады. Сондықтан ОЖЖ бөліктері: мидың да жұлынның да оң және сол жартылары бар. Орталық жүйке жүйесінде бас миы оның ЕН бөлігі, ал жұлын ІН бөлігі болып келеді. Олардың әрқайсысы өз алдына салыстырмалы автономды қызмет ете алады. Осы тәріздес кісіні басқарушы жүйенің «басқарушы» блогының жетінші екі жұбы бірігіп бір жұп құрады. Сол себептен бұл жұптың әрбір ақпарат қабылдаушы нүктесі екі нүктеден: оң және сол құралған болып келеді.

Жоғарыда сипатталған принцип негізінде қалыптасқан жетінші «басқарушы» чакра да жалқы және де адам денесінің сыртында орналасады.

Кісідегі мүшелердің «басқарушы» блогының ақпарат қабылдаушы бөлігі жұп құрып адам денесінің орталық жебе жазықтығы бойында орналасады. Бұл жұптың ЕН бөлігі арнасы құйымшақтан басталып омыртқа жоталарымен көтеріліп, бастың жебе жіктеуі арқылы өтіп, мұрынның қырымен төмен түсіп, жоғарғы еріннің тілшігінде аяқталады. Жұптың ІН бөлігінің арнасы бұттың ортасынан басталып құрсақтың ақ сызығымен көтеріліп, төстің және мойынның ортасы арқылы өтіп иектің ойығына барып аяқталады.

Кісідегі төрт мүшеден тұратын «басқарушы» блок бейтараптық принцпіне байланысты екі жұп құруына байланысты барлық талдауларда адамда 28 мүше емес 26 мүше бар деп қарастырылады.

Жеті чакраның қалған алтауы: бір «реттеуші» блоктікі және бес «орындаушы» блоктікі бірігіп бір тұтас он екі мүше құрайды. Бұл чакралардың әрқайсысының адам денесінің оң және сол жартысында жеке орталықтары бар. Олар өздеріне тән дененің сәйкес мүшелерінен ақпарат жинайды және оларды өңдейді. Бұдан басқа әрбір чакраның оң және сол түйіндерінің қызметін үйлестіретін орталық түйіні бар.

Сонымен бұл жүйе құрамындағы алты чакралардың әрқайсысы үш түйінен тұрады: орталық негізгі түйін, дененің оң және сол жартылары түйіндері.

Бұл алты чакралардың аттас түйіндері ұзына бойы өзара байланысып негізгі үш түтікті қалыптастырады. Олар орталық түтік (сушумна нади), оң жақ түтік (пингала нади) және сол жақ түтік (ида нади).

Оң және сол жақ түтіктер құйымшақтың жанынан басталып алтыншы чакраға барып әрқайсысы өз жағындағы танауда ашылады. Мұрынның ақпарат қабылдағанда жаңылыспайтын себебі және иістің жандының күн көруінде зор маңызы барлығы осыған байланысты. Мысалы, ұрпақтың пайда болуын қамтамасыз ететін жыныстық байланыс еркектің ұрғашының күйлегенін иісі арқылы білуі және т.б. Сондықтан қазақта: «мұрны иісін сезбейді», «мұрнына май құйсыңда мал болмайды» деген мәтелдері осының негізінде туындаған.

Орталық түтік құйымшақтан басталып барлық орталық чакраларды біріктіріп төбенің артындағы ойықшада орналасқан «сүйкеу, құтқару (месих)» нүктесіне барып жалғасады. Адам бойында бұл негізгі үш түтіктен таралатын организмдегі барлық құбылыстар және құрылымдарды өзара байланыстыратын көптеген түтікшелер бар.

Адам денесінің жоғарғы бөлігінде (қол) және төменгі бөлігінде (аяқ), оң және сол жартыларында орналасқан алты чакралардың әрқайсысының аспаннан да, Жер ғаламшарынан да ақпарат қабылдайтын мүшелері бар. Сондықтан адам денесінің әрбір жартысында он екі (6х2) мүшеден болады. Осыған байланысты қазақта адамда 12 мүше бар деген ұғым қалыптасқан. Қазақтың тілек айтқанда «он екі мүшең сау болсын» -деп тілеуі осыған байланысты. Ал адамды емдеу үшін осы осы онекі мүше арқылы әсер етеді. Сондықтан қазақта: «Он екі мүше алпыс екі тамырыңа әсер етеді»-деп айтады.

Жер ғаламшарындағы ақпараттардың алты жұптары қалыптасу механизміне байланысты шеңберде келесі кезекпен орналасады: жел, құрғақ, ылғал, ыстық, суық және жылу. Жоғарыда сипатталғандай адам денесі қол және аяқ жіліктеріне бөлінгені тәрізді, кісідегі мүшелер де қол және аяқ топтарына бөлінеді. Жер ғаламшарының алты жұп ақпараттарының үш жұбы: ыстық, жылу, құрғақ қол мүшелері арқылы қабылданса, ал қалған үш жұбы: суық, жел, ылғал аяқ мүшелері арқылы қабылданады (№12 кесте, сурет).

Қазақта: «Барлығы желден, ыстықтан және суықтан»- деген ұғым бар. Сондықтан қазақта ауырғанның себебін «жел ұстап қалыпты», «ыстығы көтеріліпті», «суық тиіпті» деп айтады. Бұл ұғымның негізі келесі заңдылықтарға байланысты.

Жер ғаламшары жағдайында барлық табиғи үдерістер желден басталады. Мысалы, аспан және Жер ғаламшары жағдайындағы циклдардың басталуы. Аспан циклында оңнан солға қарай жел, құрғақ, ылғал, ыстық, суық болып орналасады. Жер ғаламшарының циклында солдан оңға қарай жел, құрғақ, ылғал, ыстық, суық, жылу болып орналасады. Жер ғаламшарынң негізін құрап бес жұп элемент "Қосу" түрінде орналасқанда барлығының бастамасы жел ортада орналасады.

Жер ғаламшарының 12 ақпараттары адамға әсер еткенде көлденең жазықтық арқылы ЕН (қол ) және ІН (аяқ) бөліктеріне бөлінген дене олардың алтауын қол шеңбері, ал қалған алтауын аяқ шеңбері арқылы қабылдайды. Алты жұп элементтердің адам денсаулығына ең зиянды әсер суық болып табылады. Барлық қабыну үдерістерінің басталуы көбінесе суықтың әсерінің артуына байланысты болады. Сондықтан да Жерден аяқ шеңбері арқылы бірінші қабылданатын суық болып келеді. Осыған байланысты ЕН суық аяқ шеңберінің ЕН жартысының басында (цзу тай-ян) орналасады. Аяқ шеңберінің ЕН жартысында одан ары қарай әсер күшіне сәйкес ЕН жел (цзу шао-ян) мен ЕН ылғал (цзу ян-мин) орналасады. Аяқ шеңберінің ІН жартысында бейтараптық қағидасына сәйкес бұл үшеуіне қарама-қарсы ІН ылғал (цзу тай-инь), ІН жел (цзу цзюе-инь) және ІН суық (цзу шао-инь) өз кезегімен орналасады.

Қазақтың ұғымына сәйкес қол шеңберінің ЕН жартысының басында ЕН ыстық (шоу тай-ян) орналасады. Қол шеңберінің ЕН жартысында одан ары қарай ЕН жылу (шоу шао-ян) және ЕН құрғақ (шоу ян-мин) орналасады. Қол шеңберінің ІН жартысында бейтараптық қағидасына сәйкес бұл үшеуіне қарама-қарсы ІН құрғақ (шоу тай-инь), ІН жылу (шоу цзюе-инь) және ІН ыстық (шоу шао-инь) өз кезегімен орналасады.

Сонымен табиғаттағы барлық үдерістерде шеңбер ЕН желден, қол шеңберінде ақпарат ЕН ыстықтан, ал аяқ шеңберінде ЕН суықтан басталады. Жоғарғы көрсетілген тұжырымда қазақтар негізгі үш шеңбердің: Жер, қол және аяқ басталатын әсер түрлерін жинап көрсеткен. Жоғарыда сипатталғандар негізінде қазақтар: «Барлығы желден, ыстықтан және суықтан»-деген қортынды жасаған.

Қол шеңберінде орналасқан ақпарат түрлері ЕН ыстықтан, ал аяқ шеңберінде - ЕН суықтан басталады. Одан ары қарай Жер ғаламшарының алты жұп ақпараттары қол және аяқ шеңберлеріне алмасып бөлініп бейтараптық қағидасына сәйкес шеңбермен орналасады. Қол шеңберінде ЕН ыстық, ЕН жылу, ЕН құрғақ, ІН құрғақ, ІН жылу, ІН ыстық кезегімен орналасса, аяқ шеңберінде ЕН суық, ЕН жел, ЕН ылғал, ІН ылғал, ІН жел, ІН суық болып кезегімен орналасады (кесте№12, сурет).



Кесте №12 . Адам затында денеде жіліктер және кісіде мүшелер қалыптасып орналасу үлгісі

Адам

1.Дене

Оң жарты бөлігі:

Бас

Сол жарты бөлігі:

Жауырын

Қол

Жауырын

Тоқпан жілік

Тоқпан жілік

Кәрі жілік

Кәрі жілік

Жам(н)-бас (реттеу)

Аяқ

Жам(н)-бас (реттеу)

Ортан жілік

Ортан жілік

Асықты жілік

Асықты жілік

2.Кісі

ЕН

Басқарушы жүйе

ІН

ЕН

Ыстық

ІН

Қол

ЕН

Ыстық

ІН

ЕН

Жылу (реттеу)

ІН

ЕН

Жылу(реттеу)

ІН

ЕН

Құрғақ

ІН

ЕН

Құрғақ

ІН

ЕН

Суық

ІН

Аяқ

ЕН

Суық

ІН

ЕН

Жел

ІН

ЕН

Жел

ІН

ЕН

Ылғал

ІН

ЕН

Ылғал

ІН

Аспаннан келетін он негізгі ақпарат түрлерінің және Жер ғаламшары өзінің он екі ақпараттарының элементтік құрылымының, ақпарат ағымы бағытының және мүшелермен қабылдануының өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Біріншіден бұл екі ақпарат түрлері бейтараптық қағидасына сәйкес жұп құрады. Сондықтан аспанның негізгі ақпаратының он түрі бес жұп құрып бес ЕН және бес ІН болып бөлінеді. Сол тәрізді Жер ғаламшарының он екі ақпараттарыда алты жұп құрып алты ЕН және алты ІН болып бөлінеді. Мысалы, желдің, құрғақтың, ылғалдың, ыстықтың, суықтың және жылу әсерлердің әрқайсысының ЕН және ІН бөліктері болады.

Екіншіден, аспанның негізгі ақпаратының әрбір түрі бес негізгі ақпараттың өзіне аттас жартысының элементтерінен құралады. Ал Жер ғаламшарының ақпаратының аспан негізгі ақпараттарынан өзгешілігі оның әрбір түрі алты ақпараттарының өзіне аттас жартысының элементтерінен құралады. (Кесте №13-16 , суреттер).

Үшіншіден аспан циклінде ақпарат солдан оңға қарай сағат тілі жылжуы бағытына қарсы, ал Жер ғаламшары циклінде –солдан оңға қарай, сағат тілі жылжуы бағытымен беріліп отырады. Бұған дейін айтып келгендей бір элементтік ақпарат екінші элементтік ақпаратқа айналмайды, адам Жердің айналуына байланысты ырғақтық уақытында өзі осы ақпараттық белдеуді кесіп өтеді. Аспан бөлігі құралымы көрсеткендей негізгі ақпарат түрлері біріне-бірі айналмайды, тұрақты уақыт-ырғақтық тәуелділікке байланысты, тек қана циклде келесі кезекке ауысып отырады (үлгі).

Төртінші мүшелердің «ақпарат қабылдау» блогындағы ақпарат қабылдау ерекшелігі бар. Адам аспан және Жер ғаламшары арасында орналасқан. Осыған байланысты бейтараптық қағидасы бойынша адам аспан мен Жердің арасында ораласуына байланысты ол аспан үшін ІН сыңар, ал Жер үшін ЕН сыңар болып табылады. Осының нәтижесінде аспан, адам және Жер өзара бейтараптықтың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бірінші жұп аспан және Жер, екінші жұп аспан және адам, үшінші жұп адам және Жер арасындағы бейтараптық. Бұл бейтараптықтыр және де аспан, Жер және адам бойындағы ақпараттардың ағымы арқылы да қамтамасыз етіледі.

Әрбiр мүшенің «қабылдаушы» блогы аспан мен Жер ғаламшарынан жұп ақпарат қабылдауы керек. Жүйенiң ақпарат қабылдауы бейтараптық қасиет арқылы жүзеге асады. Ал принцип: «Жұптықты қамтамасыз ету үшiн ақпарат қарама-қарсылықпен қабылданады. Тепе-теңдiкті қамтамасыз ету үшiн жүзеге асатын ақпарат көлемi қабылданған көлемге сәйкес болуы қажет. Бәрі бұлар қосылып бiрлiктi жүзеге асырады».



Кесте №13

Аспанның негізгі ақпараттарының ЕН бөліктерінде Жер ғаламшары жағдайында элементтік құрылымдардың орналасуы

Эле

мент

Негізгі ақпарат түрлерінің элементтік құрылымдары

ЕН жел

ЕН ыстық

ЕН ылғал

ЕН құрғақ

ЕН суық

ЕН жел

Жел

Желдің ыстығы

Желдің ылғалы

Желдің құрғағы

Желдің суығы

ЕН ыстық

Ыстықтың желі

Ыстық

Ыстықтың ылғалы

Ыстықтың

құрғағы

Ыстықтың суығы

ЕН ылғал

Ылғалдың желі

Ылғалдың ыстығы

Ылғалдың ылғалы

Ылғалдың құрғағы

Ылғалдың суығы

ЕН құрғақ

Құрғақтың желі

Құрғақтың ыстығы

Құрғақтың ылғалы

Құрғақтың құрғағы

Құрғақтың суығы

ЕН суық

Суықтың желі

Суықтың ыстығы

Суықтың ылғалы

Суықтың құрғағы

Суықтың суығы

Кесте №14

Аспанның негізгі ақпараттарының ІН бөліктерінде Жер ғаламшары жағдайында элементтік құрылымдардың орналасуы

Негізгі

ақпарат

Негізгі ақпарат түрлерінің элементтік құрылымдары

ІН құрғақ

ІН суық

ІН жел

ІН ыстық

ІН ылғал

ІН құрғақ

Құрғақтың құрғағы

Құрғақтың суығы

Құрғақтың желі

Құрғақтың ыстығы

Құрғақтың ылғалы

ІН суық

Суықтың құрғағы

Суықтың суығы

Суықтың желі

Суықтың ыстығы

Суықтың ылғалы

ІН жел

Желдің құрғағы

Желдің суығы

Желдің желі

Желдің ыстығы

Желдің ылғалы

ІН ыстық

Ыстықтың

құрғағы

Ыстықтың суығы

Ыстықтың желі

Ыстықтың ыстығы

Ыстықтың ылғалы

ІН ылғал

Ылғалдың құрғағы

Ылғалдың суығы

Ылғалдың желі

Ылғалдың ыстығы

Ылғалдың ылғалы

Кесте №15 Жер ғаламшары ақпараттарының ЕН бөліктерінде элементтік құрылымдардың орналасуы

Эле

мент


Жер ғаламшары ақпараты түрлерінің элементтік құрамы

ЕН жел

ЕН ыстық

ЕН ылғал

ЕН жылу

ЕН құрғақ

ЕН суық

ЕН жел

Желдің желі

Желдің ыстығы

Желдің ылғалы

Желдің жылуы

Желдің құрғағы

Желдің суығы

ЕН ыстық

Ыстықтың желі

Ыстықтың ыстығы

Ыстықтың ылғалы

Ыстықтың жылуы

Ыстықтың құрғағы

Ыстықтың суығы

ЕН ылғал

Ылғалдың желі

Ылғалдың ыстығы

Ылғалдың ылғалы

Ылғалдың жылуы

Ылғалдың құрғағы

Ылғалдың суығы

ЕН

жылу


Жылу

дың желі


Жылудың ыстығы

Жылудыңылғалы

Жылудың жылуы

Жылудыңқұрғағы

Жылудың суығы

ЕН құрғақ

Құрғақтың желі

Құрғақтың ыстығы

Құрғақтың ылғалы

Құрғақтың жылуы

Құрғақтың құрғағы

Құрғақтың суығы

ЕН суық

Суық

тың желі


Суықтың ыстығы

Суықтың ылғалы

Суықтың жылуы

Суықтың құрғағы

Суықтың суығы

Кесте №16 Жер ғаламшары ақпараттарының ІН бөліктерінде элементтік құрылымдардың орналасуы

Жер ақ параты

Жер ғаламшары ақпараты түрлерінің элементтік құрамы

ІН жел

ІН ыстық

ІН ылғал

ІН жылу

ІН құрғақ

ІН суық

ІН жел

Желдің желі

Желдің ыстығы

Желдің ылғалы

Желдің жылуы

Желдің құрғағы

Желдің суығы

ІНқұрғақ

Құрғақтың желі

Құрғақтың ыстығы

Құрғақтың ылғалы

Құрғақтың жылуы

Құрғақтың құрғағы

Құрғақтың суығы

ІН ылғал

Ылғалдың желі

Ылғалдың ыстығы

Ылғалдың ылғалы

Ылғалдың жылуы

Ылғалдың құрғағы

Ылғалдың суығы

ІН ыстық

Ыстықтың желі

Ыстықтың ыстығы

Ыстықтың ылғалы

Ыстықтың жылуы

Ыстықтың

құрғағы


Ыстықтың суығы

ІН суық

Суықтың желі

Суықтың ыстығы

Суықтың ылғалы

Суықтың жылуы

Суықтың құрғағы

Суықтың суығы

ІН жылу

Жылудың желі

Жылудың ыстығы

Жылудыңылғалы

Жылудың жылуы

Жылудыңқұрғағы

Жылудың суығы

Адам сыртқы ортадан ақпараттарды қабылдауы оның дамуын қамтамасыз етуіне байланысты ақпараттарды қабылдау бес жұп элементтердің даму циклінде орналасуларына сәйкес жүзеге асады.

Аспанның негізгі ақпараттарының ЕН бөлігінің элементтік құрамының негізінде ІН мүшелердің тектес негізгі бес элементтік (у-шу) нүктелер қалыптасады. Олардың орналасуы барлық алты ІН мүшелерде даму цикліндегі ақпарат бағытына тәуелді болып келеді. Аспанның негізгі ақпараттары жалпы қағида бойынша ЕН желден басталады. Сондықтан ІН мүшелерде алғашқы болып ЕН желгетектес көз, содан соң ЕН ыстық тектес бұлақ, ЕН ылғал тектес жылға, ЕН құрғақ тектес өзен (дария) және ЕН суық тектес атырау нүктелері қалыптасады.

Жер ғаламшары ақпараттарының түрлерін құрайтын алты элементтік тектес нүктелер осы негізде қалыптасқанымен, олардың орналасу кезектерінің өз ерекшеліктері бар. Жер ғаламшары ақпараттарының негізгі міндеттерінің бірі объектердің тіршілік негізі болып келетін энергиямен қамтамасыз ету болып келеді. Жер ғаламшары жағдайында сыртқы энергия негізін жел және құрғақ құрайды. ЕН жел ІН мүшелер үшін алғашқы тектес нүкте «көз» қалыптастырды. Жер ғаламшары ІН болуына байланысты одан шыққан ақпараттарды бейтараптық қағидасына сәйкес ЕН мүшелер қабылдайды. Бейтараптық қағидасына сәйкес екі (ЕН және ІН) қарама-қарсы бір кезеңде бір элементтен апарат қабылдауы мүмкін емес. Сондықтан Жер ғаламшары ақпараттарының ІН бөлігін қабылдайтын ЕН мүшелерде ақпарат қабылдау құрғақтан басталады. Ары қарай ақпарат түрін қабылдау қатаң даму циклі шеңбер бойымен орналасады. Жер ғаламшары ақпараттарының реттеуші блогы (жылу) объекттердің биологиялық тіршілігінің негізін қалыптастырады. Сондықтан да жылу тектес нүктені «кіндік нүкте»- деп атайды.

Жер ғаламшарының ақпараттары бейтараптық қағидасына сәйкес ІН құрғақтан басталады. Сондықтан ЕН мүшелерде алғашқы болып ІН құрғаққа тектес көз, содан соң ІН суық тектес бұлақ, ІН жел тектес жылға, ІН жылу тектес «кіндік», ІН ыстық тектес өзен (дария) және ІН ылғал тектес атырау нүктелері қалыптасады. Қытай дәстүрлі медицинасында «кіндік» нүктені «Юань»- деп атау қалыптасқан. Қытай мемлекеті үлкен мұхит жағалауында орналасуына байланысты оларда «өзен» нүктесін – «теңіз» нүктесі, ал «атырау» нүктесін- «мұхит» нүктесі деп атау қалыптасқан.

Сонымен аспанның негізгі және Жер ғаламшары өзінің ақпараттары адамға әсер еткенде өздерінің тектес табиғатына байланысты әсер етеді. Адам организмі тектес ақпараттарды қабылдағанда оларды табиғи ерекшеліктеріне және бейтараптық қағидасына сәйкес қабылдайды. Сондықтан адам денесіндегі ЕН мүшелер өздеріне қарама-қарсы Жер ғаламшары тек тес ақпараттарының алты ІН түрін, ал ІН мүшелер қарама-қарсы аспанның негізгі ақпарат түрлерінің бес тектес ЕН түрін қабылдауға қалыптасқан.

Аспан ақпараттарының бес ЕН түрі келесілер: ЕН жел (күлгін), ЕН құрғақ (ақ), ЕН ылғал (жасыл), ЕН ыстық (қызыл) және ЕН суық (қара). Бұларды қабылдайтын адам бойындағы тектес ІН (толық, паренхималық, чжан) мүшелер: бауыр, өкпе, талақ, жүрек, бүйрек және реттеуші ПЖЖ. Жер ғаламшары ақпараттарының алты ІН түрі келесілер: ІН жел (көк), ІН құрғақ (көгілдір), ІН ылғал (сары), ІН ыстық (алқызыл), ІН суық (қоңыр) және ІН жылу (қызғылт сары). Бұларды қабылдайтын адам бойындағы тектес ЕН (қуыс, фу) мүшелер: өт қабы, тоқ ішек, асқазан, ащы ішек, қуық және реттеуші СЖЖ.



Сыртқы ортаның ақпараттарына бейімделуді қамтамасыз ету үшін органимзнің ішінде әрбір ақпарат түріне сәйкес бейімделуді қамтамасыз ететін тектес құрылымдар жүйелері қалыптасулары қажет. Қазіргі кездегі ғылыми деректер бойынша адам денесінде орта есеппен 50х1012 жасушалар бар. Бұл есеп стандартты адамның орташа салмағы 70 кг., ал әрбір жасушаның орташа салмағы 1,4 нанограмм деп алғаннан шығады. 70 килограмды 1,4 нг-ға бөлгенде 50х1012 жасушашығады. Адам бейімделетін сыртқы ортадағы негізгі аспан ақпараттары түрінің саны 10. Сондықтан адам денесінде аспанның әрбір ақпарат түріне бейімделуді қамтамасыз ететін орташа есеппен 5х1012 жасушалар бар.

Бұл тектес ақпараттық құрылымдарды қалыптастыратын жасушалар дененің барлық бөліктерінде шашырай орналасқан. Олар жасушадан бастап аспанның әрбір негізгі тектес ақпарат түрін қабылдап және соған бейімделуді қамтамасыз ететін құрылым құрап, арнаулы жүйелерді - мүшелер қалыптастырады. Жоғарыда қарастырғандай адам бойындағы мүшелер саны 28. Оның төртеуі бір жұп құрып орталық жебе жазықтықта орналасады да, ал қалған 24-і 12 мүшеден топтасып дененің әрбір жартысында орналасады.

Басқару қағидасына сәйкес әрбір мүше үш блоктан: ақпарат қабылдаушы (реттеу), орталық және амалға асырушы тұрады. Әрбір мүше қалыптасуында келесі үш міндеттерді қамтамасыз етеді. Бірінші міндет кісіні басқаратын және организм бейімделетін тектес ақпарат түрін қабылдауды қамтамасыз ету. Екінші міндет қабылдаушы мүшенің орналасу орнын және түрін қамтамасыз ету. Үшінші міндет бейімделуді қамтамасыз ететін 5х1012 жасушалардан тұратын тектес құрылымдар жиынтығы шартты түрде қалай аталатынын белгілеу.

Мүшелердің ақпараттар қабылдауды қамтамасыз ететін блогы негізінен жапқыш ұлпада орналасқан. 12 мүшелердің «ақпарат қабылдаушы» блоктарында жалпы саны 360-тан асатын тектес ақпаратты қабылдаушы нүктелер бар. Себебі, Жер ғаламшары жылына Күнді бір айналып өткенде құрамында 360 асатын жұлдыздар жиынтығы бар 12 шоқ жұлдыздар тобын кесіп өтеді. Жылдың әрбір күнінің өзінің арнаулы нүктесі бар. Бұл нүктелердің 62-сі негізгі. Бұл келесіге байланысты: 12 мүшенің әрқайсысының 5 арнаулы (у-шу) нүктелері бар, яғни жиынтығы (12х5) 60 нүкте. Ал 7 жұптың (басқарушы) әр сыңарының бір нүктесі бар. Осыған байланысты қазақта: «Он екі мүше алпыс екі тамыр» - деген ұғым қалыптасқан. Біздің ата-бабаларымыз үзген кезде осы 62 тамырға (нүктеге) әсер етіп, оларды үзетін болған . Қожа Ахмет Йассауи Хикметінде:

«Аузы да айтпас, тілі де айтпас, ділі айтар,

Үш жүз алпыс тамырыңды ақтарар»-деп адам бойында 360 тамыр (ақпарат қабылдаушы нүктелер) бар екенін жазған.

Жүйенің шеткі ақпарат қабылдаушы (реттеуші) блогы қоршаған орта тектес ақпараттарының бір түрін құрастыратын әртүрлі элементтерін қабылдайды. Қоршаған ортадағы ақпараттың тектес түрін және оның элементтерін қабылдауды мүшенің шеткі бөлігінде орналасқан адекватты ақпаратты қабылдауға маманданған қабылдағыштар, рецепторлар қамтамасыз етеді. Егерде адам денесінде физикалық және химиялық ақпараттың бір түрін қабылдаушы рецептор «сезім мүшесі»- деп аталса, ал кісідегі негізгі ақпараттың тектес түрлерін қабылдайтын аймақтар «ақпарат қабылдаушы нүктелер»- деп аталады. Рецепторлар тек қана ми талдай алатын объективті шектелген адекватты ақпараттарды қабылдайды. «Ақпарат қабылдаушы нүктелер» субъективті тектес ақпарат түрлерін қабылдайды. Ол «нүктелер» орналасқан аймақтарда рецепторлар сияқты арнаулы құрылым болмайды. Бірақта ол аймақтар басқа аймақтармен салыстырғанда өте сезімтал, электр қозғаушы күштері жоғары болып келеді. Бұл «нүктелер» қабылдаған тектес ақпараттарды ми талдамайды. «Ақпарат қабылдаушы нүктелер» адам денесінің жапқыш ұлпасында орналасады. «Ақпарат қабылдаушы нүктелерге» ине шаншу және уақалау арқылы әсер етіп емге қолданып келеді. Сондықтан оларды «ине шаншитын (акупунктуралық) нүктелер» деп атау қалыптасқан.

Әрбір мүшедегі ақпарат қабылдаушы нүктелер саны сол мүше бейімделуін қамтамасыз ететін тектес шоқ жұлдыздағы жұлдыздар санына сәйкес болып келеді. Сол себептен әрбір мүшедегі ақпарат қабылдау нүктелерінің саны әртүрлі. Әрбір мүшедегі ақпарат қабылдаушы нүктелер саны олардың қабылдайтын тектес ақпараттарының шектен шыққан кезде адамға тигізетін зияндарына тікелей тәуелді. ЕН мүшелерде ақпарат қабылдаушы нүктелер саны келесідей: суық тектес- 67, ылғал тектес-45, жел тектес -44, жылу тектес – 23, құрғақ тектес -20, ыстық тектес – 19. ІН мүшелерде ақпарат қабылдаушы нүктелер саны келесідей: суық тектес 27, ылғал тектес-21, жел тектес -15, жылу тектес – 9, құрғақ тектес -11, ыстық тектес – 9. Әрбір жүйедегі нүктелердің ішінде негізгі ақпараттарға тектес бес бестен элементтік (у-шу) нүктелер бар.

Астрономдардың зерттеуі бойынша әрбір шоқ жұлдыз саны белгілі жұлдыздар жиынтығы. Алғашқы болып Жер ғаламшары бір жылда айналып өтетін 12 шоқ жұлдыздың құрамында 349 жұлдыз бар екенін Орта Азиялық атақты жерлесіміз Самарқанд астрономы Ұлықбек Мұхаммед Тарағай (өзбекшше Mīrzā Mohammad Tāregh bin Shāhrokh (Ulugh Beg) (1394 – 1449 ж.ж.) анықтады. Ұлықбектен 200 жылдан соң поляк астрономы Ян Геве́лий (нем. Johannes Hevel, поляк. Jan Heweliusz,  1611- 1687 ж.ж.)  1690 жылы шыққан «Ураногра́фия («Барлық аспан жұлдыздарының сипаты») (лат. Uranographia: totum caelum stellatum) кітабында бұл 12 шоқ жұлдыздар құрамында 364 жұлдыз бар екенін сипаттады. Осыған байланысты адам бойындағы мүшелерде осы жұлдыздар санына сәйкес ақпарат қабылдаушы нүктелер бар. Жер ғаламшары жаратылғаннан бері шоқ жұлдыздардың бұрыштық жылжулары болуына байланысы қазіргі кездегі шоқ жұлдыздар орналасулары Жер ғаламшары жаратылғандағы орындарына және аттарына сәйкес келе бермейді. 12 шоқ жұлдыздың төртеуіндегі жұлдыздар саны төрт мүше арнасындағы нүкте санымен бірдей болса, ал келесі алты шоқ жұлдыздардағы жұлдыз саны алты мүше арнасындағы нүкте санымен 90% төңрегінде сәйкес келеді. (Кесте №17 )

Кесте № 17

Шоқ жұлдыздардағы жұлдыздар және мүшелер сызығындағы нүктелер саны.

Мүше



Элемент түрі

Шоқ жұлдыздар аты

Ұлықбек

Гевелий

Нүкте саны

Қазақша

Латын

I

ЕН жел

Тоқты

Aries

18

17

44

II

ІН жел

Торпақ

Taurus

43

62

15

III

ІН құрғақ

Егіздер

Gemini

25

38

11

IV

ЕН құрғақ

Шаян

Cancer

13

23

20

V

ЕН ылғал

Арыстан

Leo

35

40

45

VI

ІН ылғал

Бикеш

Virgo

32

40

21

VII

ІН ыстық

Таразы

Libra

17

15

9

VIII

ЕН ыстық

Сарышаян

Scorpius

24

27

19

IX

ЕН суық

Мерген

Sagittarius

31

28

67

X

ІН суық

Ешкімүйіз

Capricornus

28

23

27

XI

ІН жылу

Суқұйғыш

Aquarius

45

38

9

XII

ЕН жылу

Балықтар

Pisces

38

13

23

XIII
















28

X IV
















24













349

364

362

Бұл топтасқан қабылдаушы нүктелердің мүшенің реттеуші бөлігінде орналасу заңдылықтары бар. Тектес нүктелер қол және аяқ тырнақтарының түбінен басталып, ары қарай сәйкес мүшеге тән ақпарат қабылдаушы нүктелерді біріктіріп, денеде ұзына бойы (цзин) орналасып, арна құрайды. ЕН мүшелердің арналары дененің ЕН (артқы) бөлігінде орналасып, басты арқадан алдына қарай айналып өтіп ауыз қуысынан жоғары бөлікте аяқталады. ІН мүшелердің арналары құрсақ және кеудеде орналасып ауыз қуысынан төменгі бөлікте аяқталады. Денеде ұзына бойы орналасқан тектес нүктелерді біріктіретін арнаны қытай дәстүрлі медицинасында цзин, еуропада- мердиан деп атау қалыптасқан. Бұл ұзына бойы байланыстыратын арнадан басқа элементтердің қарама-қарсы (ЕН және ІН) жартыларын көлденең байлыстыратын қысқа арналар бар. Бұл арналар әрбір мүшеде арнаулы нүктеден басталады да, қарама-қарсы жартының өз тұсындағы нүктесімен байланысады. Бұл көлденең қысқа арналар басталатын арнаулы нүктелерді қытай дәстүрлі медицнасында «Ло нүктелер»- деп атау қалыптасқан. Осыған байланысты жапқыш ұлпада орналасқан он екі мүшелер жүйесін дәстүрлі қытай медицинасында «цзин-ло» жүйесі дер атайды.

Жоғарыда сипатталып жазылғандай ақпарат қабылдаушы нүктелер адам денесінде үш шеңбер құрып арналасады. Ортаңғы жебе жазықтықта орналасқан жалқы шеңбер ЕН (артқы) және ІН (алдыңғы) орталық жүйелерден құралған. Ал қалған дененің оң және сол жартыларының орналасқан екі шеңбердің әрқайсысы он екі мүшеден құралады. Үш шеңбердің әрқайсысында энергия түрінде ақпарат айналымы өз алдына бөлек жүреді.

Ал бұдан бөлек он екі мүше құрған шеңбердің ішінде ақпарат айналуының өз заңдылықтары бар. Шеңбер ішінде ақпарат энергия түрінде айналып жүреді. Шеңберді ақпарат энергия түрінде 50 секунд сайын айналып отырады. (Де Моран) Сондықтан ине шаншыған кезде «ине шаншылғанын сезу» шеңбер ішіндегі ақпарат жүру бағытымен беріледі. Осыған байланысты іс жүзінде мүшелерді ақпарат өтуін орталықтан шетке қарай немесе шеттен орталыққа қарай өткізетін жүйелер деп бөлу қалыптасқан.

Мүшенің бұл бөлігінің міндеті сыртқы ортадан тектес ақпараттар қабылдап, олардың қабылданған көлемін реттеп, орталық чакраларға жеткізіп отыру.

Мүшенің сәйкес ақпаратты қабылдап өңдейтін орталық блогы орталық чакралар түрінде ОЖЖ бойында орналасқан.

Мүшенің үшінші қабылданған ақпаратты амалға асыратын блогы адекватты негізгі ақпарат түріне бейілімделуді қамтамасыз ететін денеде орналасқан тектес құрылымдар жиынтығы. Бұл бөлік аспаннан әсер ететін негізгі ақпараттың адекватты түріне бейімделуді қамтамасыз ететін 5х1012 жасушалар жиынтығынан құралған дененің әртүрлі ұйымдасу деңгейлерінде шашырай орналасқан құрылымдардан қалыптасады. Орташа есеппен 5х1012 жасушалардан тұратын, қоршаған ортадан қабылданған тектес негізгі ақпарат түріне бейімделуді қамтамасыз ететін арнаулы амалға асыру құрылымы «тектес құрылымдар жиынтығы» деп аталады.

Негізгі ақпараттың тектес түрін қабылдып және оған бейімделуді қамтамасыз ететін нақты жеке мүше қалай қалыптасады және жалпы аты қалай аталады? Осыны талдайық.

Тектес ақпаратты қабылдап, оны өңдеп және оған бейімделуді қамтамасыз ету үшін сәйкес мүшенің барлық құрылымдары тектес болып келуі қажет. Бір мүше құрамындағы әртүрлі құрылымдардағы ақпараттар тектес болмаса онда олар бірін бірі танымайды, сол себептен қажетті қызметін атқара алмайды. Сондықтан бейімделуді қамтамасыз ететін құрылымдардың функциялары олар бейімделетін тектес ақпараттың қасиетіне сәйкес болуы қажет. Ол себептен әрбір мүшенің барлық бөлігіне ортақ негізгі міндетін атқаруын сипаттайтын бір шартты ат қалыптастыру керек. Осыған байланысты аспанның негізгі он ақпарат түрлеріне бейімделуді қамтамасыз ететін адамдағы он екі мүшені қандай шартты атпен атауға болатынын қарастырайық.

Барлық үдерістер Жер ғаламшары жағдайында жел жұбынан басталады. Сондықтан бірінші желді қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін мүшені шартты түрде бір сөзбен «қалай» деп атауға болатынын қарастырайық. Жел негізгі табиғи қуатты қамтамасыз ететін құбылыс. Ал адам денесіндегі қуаттың пайда болатын негізгі мүшесі бауыр. Ескі қазақша, жалпы түркі тілінде бауырды «жігер» деп атайды. Жігер қуат деген ұғым береді. Орыс тілінде «печень» деген сөздің түбірі ошақ (печь), яғни «энергия пайда болатын жер» деген ұғым білдіреді.

Бауырдын бөлініп шығатын негізгі қосылыс өт. Бойында қуаты көп адам шапшаң мінезді, тез қимылдайтын болып келеді. Денеде өт көп болса адам ашушаң болады, қазақ оны «ашуы мұрнының ұшында тұр»- дейді. Осыған байланысты Гиппократ мұндай бойында өті басым шапшаң мінезді адамдарды «холериктер» деп атаған. Грек тілінде χολή (cholí̱) –өт мағнасын білдіреді. Сонымен адам бойында желді қабылдауды және оған бейімделуді әртүрлі деңгейде ұйымдасқан орташа 10х1012 жасушалардан тұратын «өт», жел тектес мүше қамтамасыз етеді.

Бейтараптық қағидасына сәйкес әрбір элементің ЕН және ІН бөлігі бар. Денедегі мүшелердің ЕН бөліктерін барлық уақытта «қуыс құрылымдар» құрайды, себебі негізінен олар ақпарат жеткізуші, өткізуші функцияларды атқарады. Ал барлық амалға асыруды атқаратын «тығыз (паренхималық) құрылымдар» мүшелердің ІН бөліктерін құрайды.

Өт бауырда синтезделіп өт қабында жиналады. Осыған байланысты ЕН желді қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар қуыс мүшені шартты түрде «өт қабы» -деп атайды. Ал ІН желді қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар тығыз мүшені шартты түрде «бауыр»- деп атайды.

Аспан ақпараттарының түрлерінің циклде орналасу реті бойынша жел жұбынан кейінгі құрғақ жұбы орналасқан. Құрғау, кебу үшін объектен су буланып шығуы қажет. Құрғау үшін қуат жұмсалуы қажет. Қуат объектке жел арқылы келіп құрғау арқылы кетеді. Осыған байланысты организмде қуат балансын жел – құрғақ жұптары бірге қамтамасыз етеді. Адам денесі құрғау үшін одан бу өкпе, тері арқылы бөлінеді, ал тоқ ішекте нәжіс қалыптасуы нәтижесінде белгілі мөлшерде су бөлінеді. Дененің құрғауын қамтамасыз ететін негізгі құрылымдар қатарына осылар жатады. Сондықтан ЕН құрғақты қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар қуыс мүшені «тоқ ішек» деп шартты түрде атайды. Ал ІН құрғақты қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар тығыз мүшені «өкпе» деп шартты түрде атайды.

Шеңбер бойынша орналасқан келесі жұп ылғал. Организм ылғалдану үшін оған су сіңіп, жинақталуы қажет. Су организмге ас қорыту жолы арқылы сіңеді. Ас қорыту жолында судың сіңуі негізінен асқазаннан басталады. Осыған байланысты ЕН ылғалды қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар қуыс мүшені «асқазан» деп шартты түрде атайды. Ал ІН ылғалды қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар тығыз мүшені «талақ» деп шартты түрде атайды.

Аспан циклі шеңберінде ылғал жұптан кейін орналасқан жұп ыстық. Денедегі ыстық қуаттың белгісі болып табылады. Организмдегі қуат қоректік заттар ыдырауы нәтижесінде пайда болады. Ыдырағанда қуат беретін қажетті химиялық қосылыстар негізінен ащы ішек арқылы сіңеді. Осыған байланысты ЕН ыстықты қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар қуыс мүшені «ащы ішек» деп шартты түрде атайды. Денеге қуат қан арқылы тарайды. Қанның айналуын қамтамасыз ететін негізгі мүше жүрек. Сондықтан ІН ыстықты қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар тығыз мүшені «жүрек» деп шартты түрде атайды.

Аспан циклінде ең соңғы орналасқан жұп әсер суық. Суықтың түбірін су құрайды. Себебі бұл екі ұғым бір тектес ақпараттық құрылымға жатады. Олай болса суық әсерге бейімделуді қамтамасыз ететін мүшелер су бөлінуіне қатысы бар болғаны.

Адам денесінен су негізінен бүйректерде қалыптасып, қуықта жиналады. Сондықтан ЕН суықты қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар қуыс мүшені «қуық» деп шартты түрде атайды. Ал ІН суықты қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар тығыз мүшені «бүйрек» деп шартты түрде атайды.

Жер ғаламшары жағдайындағы «реттеуші» блок функциясын жылу жұбы атқарады. Жылу ыстықтан пайда болады, сондықтан ол ыстық жұбының ІН бөлігі болып келеді. Он элементті аспан циклі құрамында жылу ыстық жұбының ІН бөлігін құраса, ал онекі элементті Жер ғаламшары циклінде ол алтыншы жұпты қалыптастырып, өз алдына бөлек орналасады.

Организмде ішкі реттеу қызметі негізін жүйке және гуморалдік әсерлер қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесінің ішкі мүшелердің қызметтерін реттеумен айналысатын бөлігі вегетативтік жүйке жүйесі деп аталады. Гуморалдік әсерлер негізін гормондар құрайды. Гормондардың әсер нәтижесі олардың қандағы мөлшеріне байланысты. Вегетативтік жүйке жүйесінің жоғарғы орталықтары гипоталамуста орналасқан. Ал ішкі секреция бездерінің функциясы да гипоталмустағы орталықтармен реттеледі. Оны арнаулы гипоталамус-гипофиз жүйесі жүзеге асырады. Ары қарай гипофиз гормондары қалған ішкі секреция бездері функцияларын реттеуге қатысады. Сонымен организмнің функцияларын ішкі реттеуді негізінен вегетативтік жүйке жүйесі қамтамасыз етеді.

Вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ)үш бөліктен: метасимпатикалық, симпатикалық, парасимпатикалық тұрады.

Метасимпатикалық бөлігі әрбір мүшенің ішінде орналасып, оның базалық функциясын қамтамасыз етеді. Мысалы, жүректің өткізгіш жүйесі, ас қорыту жолының қабырғасындағы жүйке түйіндер және т.б. . Жүректің өткізгіш жүйесі функциясы нәтижесінде жүрек қалыпты жағдайда бір минутта 60-90 рет ырғақпен жиырылып отырады.

ВЖЖ-сінің симпатикалық (ЕН) және парасимпатикалық (ІН) жартылары құрылымның бейімделуін қамтамасыз етуіне байланысты оның қызметіне әсерлері қарама-қарсы болып келеді. Мысалы, жүрек қызметін симпатикалық әсер күшейтеді, ал парасимпатикалық әсер-төмендетеді. Осыған байланысты ЕН жылуды қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар қуыс мүшені «симпатикалық жүйке жүйесі» деп шартты түрде атайды. Ал ІН жылуды қабылдайтын және оған бейімделуді қамтамасыз ететін «тектес құрылымдар жиынтығы» бар тығыз мүшені «парасимпатикалық жүйке жүйесі» деп шартты түрде атайды. Бұл екі мүше Жер ғаламшары цикліндегі алтыншы жұп болып келеді.

Қытай дәстүрлі медицинасында бұл екеуін Сань-цзяо және Синь-бао деп атайды. Бұл атауларды еуропалық ұғымға аударғанда Үш қуыс және Перикард деп аударған.

«Синь» иероглифы қытай тілінде жүрек, ми деген ұғым білдіреді. Ал «бао» қоршаған, шыққан деген мағына береді. Барлық қалған он орындаушы мүшелердің шартты аттары көкірек және құрсақ қуысында орналасқан құрылымдардың атаулары болуына сәйкес бұл алтынша жұп мүшелер де осында орналасқан құрылымнан болу керек деп ойлап «Синь» иеорглифінің «жүрек» деген мағнасын, ал «бао» қоршаған деп аударған. Осыған сәйкес Синь-бао белгісін «жүректі қоршаған құрылым» яғни «перикард» деп атаған. «Басқару қағидасы» тұрғысынан Синь-бао жүйесі «реттеуші» блокқа жатады және оның ІН мүшесі. Сондықтан бұл жағдайда «Синь» иероглифін «ми», «бао» - «шыққан» деген ұғымымен аударған дұрыс болар еді. Сонда Синь-бао «мидан шыққан» деген түсінік болады. Мидан шыққан онекі жұп жүйке тамырларының ішінде негізінен реттеу қызметін кезген жүйке тамыры (n.vagus) атқарады. Бұл жүйке тамыры денедегі парасимпатикалық жүйке жүйесінің шеткі бөлігінің негізін құрайды.Бұл жағдайда Синь-бао иероглифтері «парасимпатикалық жүйке жүйесі» шартты ұғымына сәйкес келеді.

«Сань» иероглифі қытай тілінде үш деген ұғым білдірсе, ал «цзяо» иероглифін «қуыс», «энергия», «бөлік» ұғымын білдіреді. Осыған сәйкес Сань-цзяо иероглифтерін «үш қуыс (энергия)» деп аударған. «Басқару қағидасы» тұрғысынан Сань-цзяо мүшесі «реттеуші» блокқа жатады және оның ЕН жартысы. Сондықтан бұл жағдайда «цзяо» иероглифін «бөлік» деген ұғымымен аударған дұрыс болар еді. Сонда Сань-цзяо «үш бөлік» яғни симпатикалық жүйке жүйесінің омыртқа бағынасы жанындағы түйіндерінің үш бөлігі: мойын, кеуде, құрсақ болып шығады.

Жер ғаламшарының өзіне тән әрбір ақпарат түрінің элементтеріне бейімделуге адам денесінде қандай ұлпалық және химиялық құрылымдар жауап беретіні №18, 19 кестелерде көрсетілген.



Таблица №18

Жер ғаламшары ақпараттарының ЕН бөліктеріне бейімделуді қамтамасыз ететін ұлпалық және химиялық құрылымдар



Элемент

Жер ғаламшары ақпараты түрлерінің элементтік құралымы

ЕН жел

ЕН ыстық

ЕН ылғал

ЕН жылу

ЕН құрғақ

ЕН суық

ЕН жел

Бұлшықеттер жүйесі, сол аяқтың бұлшық еттері, өт қабы және жолдарының сфинктрі және ет талшықтары, ұршық буыны, барлық буындар.

Өт қабының түбі, бас бұлшық еттері, өт қабы жүйке тамырлары.

Өт қабы денесі, өт қабы қуысындағылар, тұлғаның бұлшық еттері, өт қабы лимфа тамырлары.

Өт жолдары және қабының қан тамырлары, сол қолдың еттері. (

Өт қабы капсуласы, оң қол еттері, буын қалталары, фасциялар.

Оң аяқтың еттері, өт қабы тастары.

ЕН ыстық

Қан тамырларының ет қабаттары, ащы ішек ет талшықтары, сол аяқтың ан тамырлары.

Ащы ішек жүйке тамырлары, бастың қан тамырлары.

Ұлтабардың денесі, ащы ішек лимфа тамырлары, құрсақ қуысының қан тамырлары, ащы ішек бездері.

Дене артериялары, ащы ішек қан тамырлары, сол қол қан тамырлары.

Оң қолдың қан тамырлары, ащы ішек капсуласы, қан тамырлары қабаттары.

Оң аяқтың қан тамырлары.

ЕН ылғал

Асқазанның, ауыздың, жұтқыншақтың, еріннің еттері, тізе буындары.

Асқазан түбі, асқазанның жүйке тамырлары, бездері, ұлтабар, таңдай, құлақ түбіндегі сілекей бездері.

Асқазан денесі, асқазанның лимфа тамырлары, тіласты аймақ, ащы ішек.

Асқазанның қан тамырлары, өңеш, тіл.

Асқазан қыспағы, қызыл иектер, тоқ ішек.

Асқазан қыспағы, тістер, тік ішек, көтен.

ЕН жылу

Көру, жұлынның кеуде бөлігі, жатыр түтіктері, омыртқа бағнасының еттері және байламдары, жатыр еттері.

СЖЖ, соматикалық жүйке жүйесінің орталық бөлігі, жұлын, жатыр түбі, жатыр және қынап жүйке тамырлары, әйел жныс бездері.

Дәм сезу, жұлынның бел бөлігі, жатыр денесі, жатыр және қынап лимфа тамырлары, жатырдың ішіндегілері.

Иіс, жұлынның мойын бөлігі, жатыр бұрыштары, жатырдың қан тамырлары, омыртқа бағнасы қан тамырлары

Жанасу сезімталдығы, омыртқа бағнасының сегізкөз бөлігі, жатыр мойыны.

Есту, құйымшақ, қынап және сыртқы жыныс мүшелері.

ЕН құрғақ

Тоқ ішек ет талшықтары және қыспасы, соқыр ішек және өсіндісі, шашты тікірейтетін еттер.

Тоқ ішек жүйке тамырлары, тері қабылдағыштары, көлденең жиек ішек.



Тоқ ішек лимфа тамырлары, төмендеген жиек ішек, терінің май және тер бездері.

Тоқ ішек қан тамырлары, жоғыралаған жиек ішек.

Тері түктері, көлденеі жиек ішек, тоқ ішек қабаттары.

Тік ішек, шаштың тері асты бөлігі, тырнақтың көрінетін бөлігі, «эпидермис.

ЕН суық

Қуықтың ет қабаты және қыспағы, несеп ағар түтіктің алдыңғы бөлігі, сол аяқтың сүйектері, төменгі жақ сүйектері, асықты жілік-толарсық буыны, омыртқа бағнасының еттері және байламдары.

Қуықтың жоғарғы бөлігі, бас сүйектері және омыртқа бағнасы, қуық және омыртқа бағнасы жүйке тамырлары, жұлын жүйке тамырлары.

Қуықтың ортаңғы бөлігі, беттің ортаңғы бөлігінің сүйектері, қабыртқалар, жоғарғы жақ тістері, қуықтың және омыртқа бағнасының лимфа тамырлары, зәр.

Қуық және омыртқа бағнасы қан тамырлары, несеп ағар түтіктің төменгі бөлігі, сол самай сүйек.

Қуықтың төменгі бөлігі, оң самай сүйек, қуықтың капсуласы.

Қуық сфинктрінің және уретра аймақтары, сүйек жүйесі, шүйде сүйегі, тістер.

Кесте №19

Жер ғаламшары ақпараттарының ІН бөліктеріне бейімделуді қамтамасыз ететін ұлпалық және химиялық құрылымдар


Элемент

Жер ғаламшары ақпараты түрлерінің элементтік құралымы

ІН құрғақ

ІН суық

ІН жел

ІН жылу

ІН ыстық

ІН ылғал

ІН құрғақ

Кеңірдек және ірі ауа тамырлары, оң өкпенің ортаңғы бөлігі, қан тамырлары қабырғалары, ішкі мүшелер капсулалары, жасуша қабықшалары, тері, шаш.

Мұрын, оң өкпенң төменгі бөлігі.

Ұсақ ауа тамырлары, сол өкпенің төменгі бөлігі, тыныс еттері, ауа тамырлары ет тал

шықтары.



Өкпенің қан тамырлары, бронхиолалар, сол өкпенің жоғарғы бөліктері, мұрынның қан тамырлары.

Альвеолалар, өкпе жүйке тамырлары.

Өкпенің лимфа тамырлары, ортаңғы ауа тамырлары, қақырық, оң өкпенің жоғарғы бөліктері, сурфактант.

ІН суық

Бүйрек капсуласы, сегізкөз, тіс эмалы.

Сүйек жүйесі, оң аяқ сүйектері, құйымшақ, омыртқа денелері, тістер.

Сол аяқ сүйектері, омыртқа бағнасының көкірек бөлігі, бүйректің түбек және шүмек ет талшықтары, несеп ағар түтігінің ет тал-шықтары.

Бүйректің және тістердің қан тамырлары, оң қол сүйектері, омыртқа бағнасының мойын бөлігі.

Бас және омыртқа сүйектері, бүйректер және тістер жүйке тамырлары, юкстагломерулярлық аппарат.

Қабыртқалар, омыртқа бағнасының бел бөлігі, бүйректің лимфа тамырлары, зәр, бүйректің май қапшығы, паранефралдық шырпы май.

ІН жел

Оң қол еттері, бауыр капсуласы, көздің ақ және мөлдір қабықшасы, қой көз.

Оң аяқ еттері, көз бұршағы, қара көз.

Талшық еттер жүйесі, сол аяқ еттері, көздің нұрлы қабығы және еттері, көк және жасыл көздер.

Бауырдың артериялары және веналары, сол қол еттері, көздің қан тамырлары, еттердің және буындардың артериялары және веналары.

Арқа және бет еттері, көру жүйке тамыры, көздің тор қабаты, бауыр және еттер жүйке тамырлары.


Өт жолдары, өт құрамы, құрсақ бұлшық еттері, көздің шыны тәрізді денесі, бауырдың лимфа тамырлары.

ІН жылу

Жанасу сезімталдығы, бүйрек үсті бездері, ішкі секреция бездері қабықшалары, ми қабықшасы, сүт безінің тері беті.

Есту, жыныс бездері, бас сүйектері, ішкі секреция бездеріндегі тастар.

Көру, тимус, ми өзегіндегі қан та-мырлары орталығы.

Иіс, ішкі сереция бездері: қалқанша, қалқанша үсті, ұйқы, бүйрек үсті, гипофиз, жыныс бездері, ішкі секреция бездері қан тамырлары.

ПЖЖ, соматикалық жүйке жүйесінің шеткі бөлігі, гипота­ламус, ішкі секреция жүйесі, ми, еркек жыныс бездерінің, простатаның, сүт бездерінің жүйке тамырлары, қызыл кемік.

Дәм, ұйқы безі, дененің лимфа түйіндері, сүт бездері, ішкі секреция жүйесі, еркек жыныс бездерінің, простатаның, сүт бездерінің лимфа тамырлары.

ІН ыстық

Перикард, оң қол қан тамырлары, жүрек және қан тамырлары қақпа-шалары.

Тромбоциттер, оң аяқ қан тамырлары.

Миокард, жүрек қақпашалары, сол аяқ қан тамырлары, лимфо-циттер.

Жүрек қан тамырлары, дене веналары, сол қол қан тамырлары, эритроциттер.

Бастың және жүректің қан тамырлары, жүректің өткізгіш жүйесі (Гисс тармақтары).

Қан, қан плазмасы, лейкоциттер, тәж қан тамырлары, жүректің лимфа тамырлары, құрсақтың қан тамырлары.

ІН ылғал

Ұйқы безінің соңғы түтіктері, талақтың ақ пульпасы, талақтың және ұйқы безінің капсуласы.

Ұйқы безінің соңғы түтіктері.

Ұйқы безінің құйрығы және түтігінің сфинктрі.

Ұйқы безінің сөл бөлі бөлігі, талақтың және ұйқы безінің қан тамырлары, талақтың ақ пульпасы.

Лангерганс аралшықтары, талақтың және ұйқы безінің жүйке тамырлары, инсулин.

Талақтың және ұйқы безінің денесі және лимфа тамырлары.

Әрбір мүшенің аты үш негізден құралады: 1) Жер ғаламшары ақпаратының қандай түрiн қабылдайды; 2) қол немесе аяқтың қандай бөлігімен қабылданады; 3) олар қабылданған соң негiзiнен қандай тектес құралымдар жиынтығы бейімделуді қамтамасыз етеді, яғни қандай шартты құрылымда жүзеге асады.

Мүшелердің кезектi саны рим цифрларымен белгiленедi. Жер ғаламшары жағдайында барлық үдерістер желден басталады. Осыған байланысты мүшелердің кезекті сандарын белгілгенде осы принципті негізге алдық. Сондықтан «ЕНжелтектес өт қабы жүйесін» бірінші мүше деп қарастырдық. Жер ғаламшары жағдайында үдерістер құрғақтан басталуына байланысты Қытай дәстүрлі медицинасында мүше санауды «құрғақ қолдың ІН басы өкпе жүйесінен» бастаған.

Еуропада қытайдың инемен шаншып емдеу әдісі туралы ауқымды еңбекті француз Ж. Де Моран 1929 жылы жазды. Сондықтан барлық Батыс елдерінде жүйелер аттарын негізгі мүшенің қытай тілінен француз тіліне аудармасы қолданған. Осыған байланысты жүйелерді қысқартып атағанда ол жүйенің француз тіліндегі атының бірінші әріптерін қолданып келген. 1990 жылы БДҰ (ВОЗ) жүйелердің аттарын ағылшын тілінде атауды бекіткен. Сондықтан қазіргі кезде жүйелерді белгілеу олардың ағылшын тіліндегі аттарының басқы әріптерімен белгіленеді. Қазіргі кезед көптеген әдебиеттерде онекі мүшенің француз тіліндегі аттары қолданылуы жалғасуына байланысты ол екі тілдегі жүйе атауларын қисық сызық арқылы бөліп көрсеттік. Алғашқыда БДҰ ұсынған ағылшын тіліндегі қысқаша атауы, ал қисық сызықтан соң француз тіліндегі қысқаша атауын жаздық.

Төменде онекі мүшенің кезекті сандарын, қазақ, қытай, ағылшын, француз тілдеріндегі аттарын және қысқартылған атаулары белгілерін көрсеттік:

I - ЕН жел тектес өт қабы жүйесі. Цзу шао-ян дань цзин. Gallbladder (vésicule biliaire) merdian. (GB/VB).

II– IН жел тектес бауыр жүйесi. Цзу цзюе-инь гань цзин. Liver (foie) merdian. (LR/F).

III– IН құрғақ тектес өкпе жүйесi.Шоу тай-инь фэй цзин. Lungs (poumons) merdian. (LU/P).

IV – ЕН құрғақ тектес тоқiшек жүйесi.Шоу ян-мин да-чан цзин. Large intestine (gros intestin) merdian. (LI/GI)

V- ЕН ылғал тектес асқазан жүйесi.Цзу ян-мин вэй цзин.Stomach (estomac) merdian. (ST/E).

VI– IН ылғал тектес талақ жүйесiЦзу тай-инь пи цзин. Spleen (rate pancréas) merdian. (SP/RP).

VII- IН ыстық тектес жүрек жүйесiШоу шао-инь синь цзин. Hearts (cœurs) merdian. (HT/C)

VIII– ЕН ыстық тектес ашішек жүйесiШоу тай-ян сяо-чан цзин.Small intestine (intestin grêle) merdian. (SI/IG).

IX– ЕН суық тектес қуық жүйесiЦзу тай-ян пан-гуан цзин. Bladder (vessie) merdian. (BL/V).

X- IН суық тектес бүйрек жүйесiЦзу шао-инь шэнь цзин. Kidneys (rognons) merdian. (KM/R).

XI– IН жылу тектес парасимпатикалық жүйке жүйесі. Шоу цзюе-инь синь-бао цзин.Pericardium (péricarde)merdian (PC/MC)

XII – ЕН жылу тектес симпатикалық жүйке жүйесі.Шоу шао-ян сань-цзяо цзин. Three energymerdian. (ТЕ/TR)

XIII-Сыртқы ортаңғы басқарушы жүйе. Ду-Май. Conception vessel (CV/JM).

XIV-Ішкі ортаңғы басқарушы жүйе. Жэнь-Май. Governorvessel (GV/ТM).

ҚОРТЫНДЫ

Адам табиғтта бақытты болу үшін жаратылған. Әрбір адамның бақытты болуы негізінен оның өзінің дүние танымына байланысты. Адамды дұрыс дүние тануға үйретсе, ол табиғатты аялай білсе, табиғатта оны аялап өзіне қайтарады. Оның бәрінің негізін денсаулық құрайды.

Адамды сау деп тек қана оның бойындағы денсаулық түрлері:тәнсаулық, ақыл-ой және имандылық біріне-бірі сәйкес, гармонияда болған жағдайда айтуға болады. Егерде адам бойындағы саулықтың үш түрі біріне-бірі сәйкес болмаса онда ол адамды толық денісау деп айтуға болмайды. Адам толық денісау деп аталу үшін оның үш саулығының ақпараттары да біріне бірі сәйкес болуы қажет. Адамның денесі оның тектік ақпаратының жүзеге асуы нәтижесі болса, оның кісілік қасиетінің негізін тіл арқылы қалыптасатын ақыл-ойы құрайды, ал имандылық Жалғыз аманатқа тапсырған жеке рух негізінде баптау, тәрбие арқылы қалыптасады.

Сондықтан адам сау деп аталу үшін оның саулығының үш түрі: тәнсаулық, ақыл-ой және имандылық біріне бір сәйкес болуы қажет. Мысалы, әке шешесі қазақ адамның тегі қазақ, ол қазақша сөйлеп ата бабасы ұстаған дін тармағынын ұстануы қажет. Дін тармағы ұстанымын таңдаудың ерекшелігі бар. Егерде ата -анасы Жалғыз жолында болса, онда ол адам сол дін тармағынұстануы қажет. Ал егерде ата- анасы Жалғызға серік қосатын яғни кәпір болса, онда ол міндетті түрде Жалғыз жолына ауысуы керек.

Адам заты үш бастамадан: жеке рух, ақыл-ой және организм тұрады. Бұлардың негізін организм құрайды. Организм жан және дененің біріккен әрекетін жүзеге асыру түрі. Дене (латынь-soma) тіршілік етеді. Ол үшін адам тамақтануы қажет. Жан гендік ақпарат түрінде жазылып ұрпақтан ұрпаққа берілу арқылы сақталады. Бұл «күн көру» - деп аталады.

Сонымен адамның биологиялық екі: ұрпақ қалдыру және тамақтану міндеті бар. Бұл екі міндет адам туылғанда басталады, ал өлген сәтте аяқталады.

Әрбір кісінің жеке рухы өмір сүреді. Жеке рухты Жалғыз әрбір кісіге анасының құрсағында дамуының 13 аптасында аманатқа тапсырады. Сондықтан адам өмірі мәңгілік. Адамның басты мақсаты өзіне аманатқа тапсырылған жеке рухын Жалғызға қайтару болып саналады. Кім аманатын Иесіне кері қайтарды ол иманды, ал кім кері қайтара алмады оның иманы аз.

Ақыл-ой адамның биологиялық табиғатымен оның имандылығының арасындағы көпір, имандылықтың негізі.

Адам затының табиғатына байланысты оның үш қарызы бар. Бірінші, басты қарызы, жаратылуы Жалғыздан болуына байланысты Жалғыздың аманатқа тапсырған жеке рухын Жалғызға қайтару. Екінші, реттеуші қарыз, өзі ата-бабадан пайда болуына байланысты солардың ризашылықтарын алу. Оны қазақ «ата-баба әруағы» -деп атайды. «Ата-баба әруағы» дегеніміз адамның ары түбінде Адам Ата және Хауа Анадан жаратылуынан басталады. Ал қазақтың түсінігі бойынша бұлар ең жақын орналасқан жеті-онекі ата-бабалар әруақтары болып табылады. Сондықтан қазақ: «Өлі риза болмай, тірі байымайды»-деп тұжырымдап кеткен.Үшінші, негізгі амалға асыру қарызы, адамның дүниеге пайда болғандағы негізгі міндеті өзінен кейін ұрпақ қалдыру борышы. Сондықтан адамның үшінші қарызы отбасы-ошақ қасының берекесі яғни жеке басының іс-әрекеттері.

Басқару қағидасына сәйкес, бірінші қарыз басты болып келеді. Екінші қарыз жалғыз және жеке адам арасындағы қарым-қатынасты реттеуге қатысатын ата-баба әруақтары. Ал үшінші қарыз ол адамның дүниеге келгендегі негізгі биологиялық міндеті ұрпақ қалдыруды амалға асыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

Адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас жүйелер арқылы жүзеге асады. Жүйелердің негізгі бес қасиеті және үш түрі бар. Қоршаған ортадан әсер еткен барлық құбылыстар және үдерістер жүйенің үш түрінде және олардың өзараәсерлері нәтижесінде қалыптасады.

Адам заты екі бөліктен: организм және кісіден құралады. Бұл екі бөліктің сыртқы ортамен қатынастары принциптері әртүрлі негізде жүзеге асады. Адам организмі өзінің негізгі табиғи міндеттері ұрпақ қалдыруды жүзеге асыруды тамақтану және сезім жүйелері арқылы сыртқы ортаға бейімделіп жүзеге асырады. Ал кісінің негізін оның Жалғыздан аманатқа берілген жеке рухы құруына байланысты ол шынмен басқарылып, аманатын Жалғызға қайтаруға міндетті. Осы қызметтерді атқару үшін адам бойында онекі мүше қалыптасады.


Сөздік

Жалғыз- мәңгіліктің ақпараттық көзін белгілейтін субъективті ұғым.

Рух- әрбір жеке нәрседегі субъективті қасиетті белгілейтін ұғым.

Жан- объектердің өздік көбеюін қамтамасыз ететін ДНҚ немесе РНҚ түрінде жазылған гендік ақпарат

Тегі- жандының пайда болуын қамтамасыз ететін ұрпақтақтан ұрпаққа өтетін гендік ақпарат

Өмір – субъектегі үдерістерді сипаттайтын ұғым

Күн көру – жанды нәрсенің өзінің табиғи міндеті ұрпақ қалдыруды жүзеге асыруын белгілейтін ұғым

Тіршілік – материалданған нәрселер арасындағы үдерістерді белгілейтін ұғым


Әдебиеттер:

1.Табеева Д.М. «Руководство по иглорефлексотерапии».-(учебное пособие) М.ФИАР-ПРЕСС. 2006. 752 с..

2.Табеева Д.М.Практическое руководство по иглорефлексотерапии (учебное пособие) М.МЕДпресс-информ. 2004.440 с.

3. Лувсан Г. Очерки методов восточной рефлексотерапии. М., 2006.

4.Клаус К. Шнорренбергер. «Терапия акупунктурой». 2 тома. М. Издатель «Balbe», 2003. 384с.



5.Жорж Сулье де Моран «Китайская акупунктура». 5 томов. М.: Издательский дом «Профит Стайл», 2005.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет