«Саулық -адам сұлулығының білінуі.
Бұл үшін оны құрастыратын үш бөлігі:
рух, жан және дене өзара
сәйкестілікте болып, бірлік құруы керек».
Қоңыр Сопы.
1. ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ
Адамға байланысты көп мәселелерді шешу үшін денсаулық (салауаттылық) ұғымын нақты толық анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Денсаулық адамның өзіне деген қатынасының, яғни жауапкершілігінің қортынды көрсеткіші болып келеді. Екінші жағынан саулық адамның ішкі дүниесінің сәйкестілігінің және оның сыртқы ортамен байланысының да көрсеткіші болып келеді. Әрбір адам үшін оның өзі және тіршілік өмірі ең негізгі нәрсе болып табылады. Адам биологиялық өмірінің екі мөлшері бар: қажетті және нақты. Бірінші, қажетті мөлшер, адам жазмышының негізгі көрсеткішінің бірі жәнеорганизмнің қанша уақыт тіршілік табиғи мүмкіншілігін көрсетеді. Оның ұзақтығы 120 жыл. Екінші, адамның биологиялық өмірінің нақты мөлшері өлшемі оның туған күнінен бастап жаны жойылған уақыт арасы. Оны әдебиеттерде күтілетін тіршілік өмір ұзақтығы деп атайды. Осы екі жастың арасындағы айырмашылық адамның өзінің өміріне деген жауапкершілігініңкөрсеткішінің бірі болып табылады.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ, ВОЗ) Жарғысында: “Денсаулық- тек қана сырқаттардың немесе ақаудың жоқ болуы емес, ол адамның тән, ақыл-ой (психикалық) және әлеуметтік дамуларыныңөзара толық сәйкес болуы”-деп жазылған (БДҰ, 1948).
„Денсаулық – адам бойында сырқаттары мен ақаулары жоқ жағдайда, өзіне тән биологиялық және әлеуметтік (социумдық) қызметтерін артық күш түскенде зиянсыз (шығынсыз)толық орындауы. Денсаулық түрлері: тәнсаулық, ақыл-ой(психикалық) және имандылық». (БДҰ, 1968).
Біздің ата-бабаларымыз денсаулықтың үш түрі бар екені туралы келесі тілекте: «Дертке-шипа, тәнге – саулық, ақылға –жетілу, дінге-тазалық тілеймін»-деп бұрыннан - ақ айтып кеткен. Бұл тілекте адам бойындағы денсаулықтың үш түрінің әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар екені көрсетілген. Тән- сауығады, ақыл – жетіледі, дін – тазарады, ал осы үшеуінің сәйкестілігі бұзылса, адам дертке (ауруға) ұшырайды, бұл жағдайда оған шипалық әсер етіп (емдеп) қалпына келтіруге мүмкіншілік жасау керек.
Адамның биологиялық қасиеттері организмде, тәнде, ал әлеуметтік – кісіде жүзеге асады. Организм объект те, ал кісі- субъект. Жоғарыда көрсетілген денсаулық анықтамаларында адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттерінің негізін құрайтын және ол бейімделетін сыртқы ортадан әсер ететін ақпараттар көрсетілмеген. Адам бейімделетін сыртқы ақпарат қайдан шығатыны және олардың ерекшеліктері нақты анықталмаған жағдайда ұғымдардың мағнасын толық түсіну қиын, олар күңгірт болып келеді. Ал шындығында адам жер жағдайында ақпараттың ерекше, өзіне ғана тән қасиеттерін жинақтаған Жалғыз жаратқан барлық құбылыстар мен құралымдардың ең жоғарғысы. Аспаннан келген теологиялық (метафизикалық) ақпарат жер жағдайына жеткенде физикалық, химиялық, геологиялық, биологиялық, әлеуметтік және адам әсерлері түрлеріне айналады.
Адам жер жағдайындағы барлық әсер түрлерінің ұйымдасуының ең жоғарғы сатысынды болуына байланысты, оның бойында барлық әсерлердің жиынтығы бар және де оның тек қана өзіне тән ерекше қасиеттері де бар. Сол себептен адамда өзі негізінде пайда болған биологиялық және әлеуметтік қызметтер, биохимиялық және биофизикалық қасиеттер бар. Жер жағдайындағы ақпарат түрлерінің өзара қатынастарының ерекшеліктерін толық білмегендіктен барлық философиялық ұғымдарда адамды биологиялық-әлеуметтік (биосоциумдық) қызметтер жиынтығы есебінде қарастырады. Бұл ұғым мәселені толық шешуге мүмкіншілік бермейді. Адам ол екеуінен де жоғары ұйымдасу сатысында орналасуына байланысты онда ол екеуіне тән қасиеттердің қажеттілері бар, бірақта олардың адам организмінде өзара қатынасының тек қана адамға тән ерекшеліктері және мөлшері бар. Сол себептен адам салауаттылығын қарастырғанда бұл екі түрлі әсердің адам затындағы орындарын және маңыздарын жеке –жеке бөліп қарастыру қажет.
Адам денсаулығын анықтау үшін ең негізгісі оның неден құралатынын, қажетті қасиеттер мен ақпараттарды қайдан алатынын талдау қажет. Осы уақытқа дейінгі саулықты талдағанда тек қана оның тіршілік дүниеге келгеннен соңғы қасиеттерін, өте сирек кейбір жағдайларда бейімделу ерекшеліктерін талдап қана қояды. Бұл талдаулар саулықты толық түсіну үшін жеткіліксіз.
Адам дегеніміз кім және ол не үшін жаратылған? Неге кім деген сұраққа қазақтарда неге тек қана адам аты жауап береді? Біз осы және де осылардан туатын адам туралы ұғымдарға өзіміздің түсінігімізді сәздерге ұсынбақшымыз. Адамның кім екенін және ол не үшін жаратылған нақты біліп алмай, ол және оған қатысты ілім салаларында зерттеумен айналысу өте қиын.
Әрбір адам үшін ең негізгі сұрақ, өзінің не үшін жаратылғанын, дүниеге келгенін біліп, соған сәйкес тіршілік өмір сүріп, қызмет ету болып табылады. Адам не үшін жаратылғанына өзіміздің көзқарасымызды қысқаша баяндаймыз. Адам жаратылғанда мақсатына жету үшін жаратылады. Мақсат дегеніміз адам жүріп өткен өмір жолының ең соңғы нүктесі. Адамның мақсаты өзінің жаратылған табиғатына қайтып баруы.
Адам не үшін жаратылған деген сұраққа жауапты оның жаратылу табиғатынан іздеу керек. Жер ғаламшарындағы барлық жаратылған нәрселердің ішінде тек қана адам затыүшбөліктен тұрады. Олар: рух, жан және дене. Рух адамның кісілік қызметін, адамгершілігін, ішкі дүниесін құраса, жан және дене бірігіп оның биологиялық қызметін қамтамасыз ететін жанды денені, организм, тәнді құрайды.
Адамның жаратылу табиғатын және оның не үшін жаратылғанын, жаратылғандағы мақсат, міндеттерін талдап көрейік.
Адам рухының жаратылуы туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар:« Жаратылысын аяқтап, оған (адамға) рухымнан үрлеген сәтте, оған құлдық ұрыңдар (періштелер)!» (Қ. С-15; А-29.) «Адамды Жалғыз Өзіне ұқсас және Өзі тәрізді жаратты; оларды еркек және әйел етіп жаратты.” (Т.Жар.Б-1; Н-27.). Жалғыз адамды рухынан үріп «Өзіне ұқсас және Өзі тәрізді» етіп жаратқанда оған рухын аманатқа тапсырды. Бұл туралы келесі нұсқау бар: «Рас аманатты (рухты) көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан шамамыз жетпейді деп қорықты. Аманат адам баласына жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз...» (Қ.С-33; А-72.). Ол адамды не үшін жаратқаны туралы келесі нұсқау бар: «Жындар мен адамдарды Өзіме құлдықұру үшін ғана жараттым» (Қ.С-51; А-56.). Бұл нұсқауларда көрсетілгендей адамды алғашқы жаратқанда оның рухани тазалық деңгейі періштелер оған құлдық ұратын жағдайда болған. Қазақ: «Аманатқа қиянат жоқ» - дейді. Аманатқа тапсырылған жеке рухын адам Жалғызға қайтаруы керек. Бұл туралы Кітаптарда келесі құсқаулар бар: «Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін.» (Қ.С-29;А-8.).
Адам Ібілістің азғыруына еріп тамақ жеп қойғаннан соң, онда нәжіс пайда болып бөлініп шығуына байланысты ол періштелер құлдық ұрған тазадан күнәкәрға айналып Жердің бетіне шығарылды. Адам Ата мен Хауа Ана осылайша Ібілістің азғырумен күнәкәрларға айналды. Күнәкәрларға айналған Адам Ата және Хауа Ана бұрынғы тұрған жәннаттан қуылып Жердің бетіне шығарылды. Жер бетіне шыққан соң оларға «бала көтеріп, оны ауырлықпен туу, нандарын табан ақы маңдай терімен тауып жеу, Жер бетіндегілерге билік жасау» нұсқалды. Бұл туралы Кітаптарда келесі ақпараттар бар: «Сол уақытта Жалғыз періштелерге: «Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан адам жаратамын»- деді.» (Қ. С-15; А-28.).«Жалғыз Ием адамды жердің топырағынан жаратып, оған жан енгізгенде адам жанды тіріге айналды» (Т.Жар. Б-2;Қ-7.). «Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Содан соң аспанға көңіл бөліп оны оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші.» (Қ.С-2; А-29.). «Жалғыз оларға ризашылығын білдірді, және де Жалғыз оларға айтты: туыңдар және көбейіңдер, ... барлығын ... билеңдер» (Т.Жар.Б-1; Н-28). «16. (Жалғыз) Әйелге айтты: сенің азабыңды көбейтемін; бала көтеріп, оны қиындықпен туасың; еркекке құмар боласың және ол саған билік жүргізеді 19. (Адамға айтты:) өзің жаратылған жерге қайтарылғанша табан ақы маңдай теріңмен наныңды тауып жейсің, себебі сен топырақтан жаратылғансың, сондықтан топыраққа қайтасың» (Б.Ж.Б-2;).
Жоғарыда көрсетілген нұсқауларға сәйкес адамның жеке рухын Жалғыз оған үріп аманатқа тапсырды. Сондықтан адам өмірінің басты мақсаты сол рухты Жалғызға қайтарып, бірлік құру болып табылады. Адам организмі топырақтан жаратылуына байланысты оны биологиялық міндеттері «табан ақы маңдай терімен нанын тауып жеп тіршілік ету, бала туып ұрпақ жалғастыру» болып табылады. Адам биологиялық міндеттерін орындап тіршілік өмірі аяқталған соң жерге көміліп, денесін жаратылған топырағына қайтарады. Қазақ бұл туралы: «Тумақ бар жерде өлмек бар», «Тал бесікке түскен дене, жер бесікке де түседі (көміледі)» - деп тұжырымдап кеткен.
Адам үшін жоғарыдағы көрсетілген үш бөліктің негізін жан құрайды. Жанның материалдық негізі ДНҚ түрінде жазылған тектік, гендік ақпарат. Адам оның бойында тектік ақпарат толық жинақталғанда (46 хромосомдар), яғни аталық және аналық жыныс жасушалары ұрықтанып – ұрық пайда болған кезден бастап қалыптаса бастайды. Адамның тектік ақпараты жүзеге аса бастағанда ол адам денесінде болатын тіршілікті өзіне тән бағытта болуын қамтамасыз етеді. Сондықтанда адамның жанды денесіндегі барлық құбылыстар гендік ақпаратқа тәуелді болып келеді. Адамның жаратылуы оған анасының құрсағында 13 аптада жеке рухы, жазмышы, жеке голограммасы, аурасыаманатқа тапсырылғаннан бастап толық қалаптаса бастайды.
Дүниедегі барлық нәрселер тіршілік етеді. Тіршіліктің негізгі белгісі ортамен ақпарат алмасу, ал Жер ғаламшары жағдайында материалданған құрылымдар үшін физикалық қасиеттерін және химиялық құрылымдарын, яғни энергия және зат, алмастыру болып табылады. Адам өзінің тіршілігін сол тіршілік негізі болып келетін химиялық құрылымдарды тектік, гендік ақпаратта жазылған өзіне тән ақпарат ерекшеліктеріне байланысты тамақтану арқылы жүзеге асырады. Сондықтан әрбір жандының бойындағы зат алмасу ерекшеліктері оның тектік ақпаратына тәуелді болып келеді.
Адам жанының сақталуын жанның негізі болатын тектік, гендік ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа көбею арқылы беріп,өзінен соң ұрпақ қалдырып жүзеге асырады. Мұны күн көру дейді.
Адам өзінің кісілік қасиеті, рухы Жалғыздан аманат есебінде берілгеніне байланысты ол өзінің жеке рухын, жазмышын Жалғызға қайтаруы қажет. Бұл жерде де алғанды кері қайтару тетігі жүзеге асады: «19. (Адамға айтты:)... себебі сен топырақтан жаратылғансың, сондықтан топыраққа қайтасың» (Б.Ж.Б-2;).Осыған байланысты аталарымыз: «Аманатқа қиянат жоқ» -деп айтып кеткен.Ең ауыр нәрсе аманатты орындамау.
Тірі нәрсе тіршілік етеді, жанды - көбейеді және күн көруді қамтамасыз етеді, рух-өмір сүреді. Жандының көбеюі оның түр есебінде сақталып, гендік ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді.
Сонымен адам затын құрайтын үш бөлігі өздеріне тән қызметтерін атқарады:рух- өмір сүреді, жан –көбейеді және күн көруді қамтамасыз етеді, ал дене тіршілік етеді.
Рух мәңгілік. Оны өмір деп те атайды. Мысалы, Жалғыздың рухы, өмірі қазіргі кезде «жалпы голограмма»- деп аталып жүр. Жалпы голограмманың ішінде әрбір субъектің өзіне тән жеке өмірі болады. Оны «жеке голограмма»- дейді. Мысалы, жеке кісінің Жалғыздан оған аманатқа тапсырылған жеке рухы.Жеке голограмма ұғымына періштелер, перілер, жындар және т.б. субъективті ақпарат иелері де кіреді.Бұлар барлығы Жалғыздың оларға берген бір ұғымының әр түрлі қырлары. Кітаптарда нұсқалғандай ондағы әрбір әріптің, сөздің, сөйлемнің толық мағнасын тек қана Жаратушы Жалғыз Ие біледі. Мысалы, Құранның көптеген сүрелеріжеке әріптермен басталуы осының дәлелі болып келеді. Ал әрбір кісі өзінің түсінігіне, сол кездегі жағдайға, ақпарат қабылдау ерекшелігіне байланысты олардың тек қана өзіне тән қырын түсінеді, айтады.Жалғыздан шыққан ақпарат шын түрінде біртұтас ақпараттық өрістің барлық бөлігіне тарайды және де ол мәңгі. Жалғыздан шыққан шынды Жалғыздың рухы деп атайды. Адамның өмірі, жеке голограммасы, жазмышы Жалғыз рухының әрбір кісі үшін амалаға асыруға берілген бөлікшесі болып келеді.
Адамның пайда болу негізін биологиялық табиғат құрайды. Ол адам бойында жанды дене, организм, тән арқылы жүзеге асырылады. Кез келген жанды нәрсенің, соның ішінде адам бойында да жан оның тектік, гендік ақпараты (ДНҚ) түрінде қалыптасады. Жан биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз ету үшін ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан әрбір жандының табиғатта жаратылу міндеті өзінен соң ұрпақ қалдыру. Адамның да тіршілік өміріндегі биологиялық міндеті осы болып табылады. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Жердегі жүрген жандықтар (жәндіктер және жануарлар) және қанатымен ұшқан құстар; сендер ұқсаған топтыктар (жандылар). Жазуда еш нәрседен кенде етпедік. Сонан соң олар Раббыларының алдына жиналады». (Қ.6-С. 38-А.). «Жалғыз Ием адамды балшықтан жасап, оған жан бергенде адам жанды тіріге айналды» (Б.Ж.Б-2; Қ-7). Бұл нұсқаулар адам денесі табиғатының барлық жандылармен бірдей екенінің дәлелі. Адам денесінің қасиеттерін тектік, гендік ақпарат арқылы ата-бабадан алып отырады.Сондықтан әрбір адам биологиялық түрдің бірлігі есебінде өзінен алдындағылардың жалғасы, өзінен кейінгілерге тектік ақпаратты, жанды жеткізуші қызметін атқарады.
Адамның денесі табиғи сыртқы ортамен ырғақ және тамақтану арқылы байланысып тіршілік етеді, оның негізгі мақсаты өзінен кейін ұрпақ қалдыруды көбею арқылы қамтамасыз етуге мүмкіншілік жасау. Адамның тіршілік әрекеттері, күн көруіжәне көбеюі өлшеулі, мерзімді, сондықтан оның сапасын және мөлшерін анықтауға болады және қажет. Соларды анықтау арқылы адамның тәні сау жоқ әлде ауру екенін, өзінен соң ұрпақ қалдырған-қалдырмағанын анықтаймыз. Тіршілікті қамтамасыз ететін тамақтану және ұрпақтың пайда болуын жүзеге асыратын көбею адамның табиғаты (арапша, нафс) яғни нәпсісі болып табылады.Сондықтан Қожа Ахмет Йассауи бабамыз «Хикметінде»:
«Отызда қу нәпсіні қойдым енді,
Рухтар отқа қақтап сойды мені.» - деп жазған.
Адамның басты табиғаты - оның рухы. Адам рухының негізінде қоғамдық қатынастар, әлеуметтену (социализация)арқылы кісі есебінде қалыптасады. Сондықтан оны адамның қоғамдық (социумдік) қызметі деп атайды. Рухани қасиет Жер ғалам шарында тек қана адамда бар, ал қалған жандыларда жоқ. Адамның рухани қасиетін біз оның рухы, ішкі дүниесі, адамгершілігі, кісілігі деп те атаймыз.
Басқару қағидасына сәйкес адам дененің биологиялық қасиеттерін ата- бабадан тектік, гендік ақпарат, жан арқылы алып жүзеге асырса, ал рухты адам қайдан алады? Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Сол уақытта Раббың періштелерге: "Оның жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген сәтте, оған құлшылыққа жығылыңдар!»(Қ.15-С. А-29.)«Жалғыз адамды Өз рухынан ізбасар етіп еркек және әйел түрінде жаратты» (Б.Ж.Б-1; Қ-27). Адам анасының құрсағында даму кезінде 13 аптаның соңында оған жазмыш (аура) түрінде оның рухы аманатқа тапсырылады.
Сонымен адам заты үш бөліктен: рух, жан және дене тұрады. Адамды құрайтын әрбір бөліктің өзіне тән мақсаты, атқаратын қызметі бар. Рух адамның кісілік қызметін тіршілік өмірде қамтамасыз етіп, өзі шыққан Жалғызға қайтып, Онымен бірлік құрауы қажет. Бұл адамның басты, соңғы, қортынды мақсаты. Адам жанын, тектік, гендік ақпаратын шаңырақ көтеріп, отау құру арқылы ұрпақ қалдырып оның сақталуын және күн көруін қамтамасыз етеді. Бұл жыныстық байланыс арқылы жүзеге асады. Ал адамның тәні тектік, гендік ақпаратта (ДНҚ) жазылғандарды заттар және энергия алмасулары арқылы жүзеге асырып тіршілік етеді. Тіршілік тамақтану арқылы жүзеге асады.
Сонымен, адамның денесі балшықтан жасалынған, жаны әке-шешесі арқылы беріледі, ал кісілік қасиетінің негізішынның көзі Жалғыздың рухының үрленген бір бөлшекшесі болып келеді.«Адама» – деген сөз еврей тілінде балшық деген мағына білдіреді. Жоғарыдағы нұсқауларға көрсетілгендей адам бір-біріне тығыз байланысты, бірі бірінсіз жүзеге аспайтын екі бөліктен, табиғаты екі түрлі бастамадан тұрады. Оның біріншісі жерден, саз балшықтан жаратылған жанды дене, организм, пенде және олардың өлшемдері физикалық қасиеттер, екіншісі көктен үрленген рухы, кісілік, адамгершілік, ішкі дүниесі, діні.
Адамның денесі жанды есебінде күн көреді және тіршілік етеді, ал кісілік қасиеті Жалғыздың рухының бір бөлшекшесі болуына байланысты өмір сүреді. Сол себептен адамның күн өкруі және тіршілік өмірі шектелген, уақытша, ал кісілік өмірі - мәңгілік. Адамныңтіршілік өмірі аталақ және аналық жыныс жасушалары ұрықтанып, ұрық пайда болған сәтте басталып, өлгенде аяқталады. Ал оның рухы адамға ол анасының құрсағында дамуының 13 аптасында үріліп, денеге қосылып, адам өлгеннен кейін денеден 40 тәуліктен соң біржола бөлініп шығады. Адам тіршілікті тамақтану арқылы қамтамасыз етсе, жанның жалғасуын өз бойындағы тектік ақпараттарды ұрпақтан ұрпаққа өткізу яғни көбею арқылы жүзеге асырады, кісілік қасиетін жеке рухының негізінде еңбек және қоғамда өзіаралық қатынас арқылы қалыптастырады.
Сондықтан адамның іс-әрекеттерінүш көрсеткішпен бағалайды. Бірінші көрсеткіш оның өзінің жанды нәрсе есебінде дүниеге келгендегі жаратылу міндетін орындап, өзінен соң ұрпақ қалдыруы. Екінші көрсеткіш оның кісі есебінде адал еңбек етуі және өзінен бастап қоғамға дейін адал болуы. Мұны қазақтар: «Табан ақы, маңдай тер» деп атайды.Үшінші, басты, қортынды көрсеткіш кісінің өзіне аманатқа тапсырылған рухын Жалғызға қайтаруы, бірлік құруы.
Адамды тіршілік ету, көбею және шынды мойындау, жердегінің бәрін билеу үшін жаратқан. Адам жанды дене есебінде тіршілік өмірі шектеулі болуына байланысты, ол тектік ақпаратты тек қана көбею арқылы, яғни оны өзінен кейінгі ұрпаққа өткізу арқылы ғана сақтай алады. Сол себептен адамның денесі негізінен оның көбею қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Ал адамның кісілік, рухани қасиеттері оның Жалғызды мойындау арқылы шынға, адалдыққа жету, ең соңында өзі шыққан Жалғызға қайтып бару үшін қажет.
Адам денесі тіршілік ету және күн көру үшін ол Жердегінің бәрін билеп, өзінің қажетіне жұмсауы керек. Адам жаратылғандағы өзін тән негізгі топ қасиеттерді белгілі бір табиғи қызметтер арқылы қамтамасыз етеді. Сондықтан адамның бойында үш топ табиғи қызметі бар: 1) көбею, 2) тамақтану және 3) шынды мойындау, Жалғызға құлшылық. Адам өз бойындағы табиғи қызметтерін келесі жолдармен қамтамасыз етеді: көбеюді – жыныстық байланыс, тіршілік етуді – тамақтану арқылы орындайды. Жалғызды мойындауды шынды түсінуді және оны амалға асыру арқылы қалыптастырады. Адамның биологиялық табиғатын негізін жан құрайды. Жанды еврей тілінде нафаса, араб тілінде нафс деп атайды. Сондықтан қазақта адамның биологиялық қажеттіктерін «нәпсі» - деп атап, «нәпсіні тию», яғни «қажеттілікте шектен шықпау» деген ұғым қалыптасқан.
Бұл адамның еркіндігінің, таңдауының көрсеткіші болып табылады. Табиғатына байланысты адам өзінің өмірін,күн көруін және тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті ойлар, іс-әрекеттерді «шектен шықпай», қажетті деңгейде, мөлшерде жасауы керек. Ал адам маған еркіндік берілген деп, «ойыма келгенін айтамын, қолымнан келгенін істеймін, аузыма келгенін оттаймын» - десе, онда ол өзінің табиғатын, табиғи заңдылықтарды бұзған болып келеді, яғни ол шектен шығып құмарлыққа ұрынады. Адамның өзінің өмір сүруіне, күн көруіне және тіршілік етуіне қажетсіз іс-әрекет жасауын, шектен шығуын құмарлық дейді. Кез келген жасалған құмарлық адам табиғатына байланысты заңдылықтарды бұзған болып саналады, ол адам қрағысқа ұшырайды, ал оны өзінің жазмыштық көрсеткіштерімен өтейді. Біз бұл құбылыспен кәзіргі кезде өте жиі кездесіп жүрміз. Олардың бәрі «еркіндікті қолдану» деген сөзбен бүркемелегенмен, бұл өзі табиғатта шектен шыққандық болып келеді. Сол себептен мұндай ойлар, іс-әрекеттер басқа кісілер жағынан түсінбестік, наразылық тудырады. Адамның табиғатына байланысты «шектен шықпай» жасалынған нәрселер еш уақытта ойы дұрыс кісілердің түсінбеушілігіне тап болмайды.
Жоғарыда көрсетілгендей адам табиғаты бөлек екі бөліктен: биологиялық және әлеуметтік тұрады. Биологиялық қасиеттер объективті, яғни олар ешуақытта өзгеріске ұшырамайды. Оларды өлшеуге, бағалауға болады. Ал әлеуметтік қасиеттердің негізін рух құрайды. Рух мәңгілік, субъективті ұғым. Оны өлшеуге болмайды, оның әсерін тек қана нәтижесі арқылы бағалай аламыз. Біз ұсынған «Басқару қағидасына» сәйкес кез-келген құбылыс үш бөліктен: ақпарат (информация), реттеу (регуляция) және амалға асыру (реализация) тұрады. Осыған сәйкес адамның биологиялық және әлеуметтік негіздерінің әр қайсысы үш бөліктен тұрады.
Адам бойындағы биологиялық құбылыстар барлық жандыларға тән тектік ақпараттың жас ерекшелігіне байланысты амалға асады. Бұл жерде адам биологиялық ақпаратты жан түрінде әке-шешеден алатыны, ал ол ДНҚ құрамындағы ақпараттар жас ерекшеліктеріне сәйкес амалға асатыны нақты байқалады. Бұл туралы қазақта: «Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады» - деген мәтел қалыптасқан. Жас төл, соның ішінде бота да, ойнақтап ойнау арқылы дамиды. Бұл кәрі түйеге қажет жоқ нәрсе. Табиғи ақпараттық ерекешелікке сәйкес әрбір іс-әрекет өз уақытына сәйкес жүзеге асуы керек. Және бір мысал жыл мезгілдеріндегі табиғи құбылыстар. Көктемде жаңбыр жауады, жаз ыстық, күз құрғақ, қыс қарлы болады. Ал егерде бұл заңдылық бұзылса немесе шектен шықса апатқа ұшырайды. Оны күнделікті көріп жүрміз.
Ал адамның кісіесебінде қалыптасуы оның туғаннан кейін әлеуметтенуі (социализация) арқылы қалыптасып,реттеліп, амалға асып отырады. Ал бірақта осы әлеуметтік қалыптасу қандай негізде жүзеге асады, яғни адамның кісілік қасиетінің ақпаратың көзін не құрайды, адам оны қайдан алады деген сұрақ туындайды. Төменде осы сұрақтарға жауап беруге әрекет етіп көреміз.(1 сурет, 2 кесте).
Адамның денесінің ақпараты ұрпақтан ұрпаққа өтіп, адамзаттың сақталуын қамтамсыз ететін жан, тектік, гендік ақпарат түрінде ДНҚ-да жазылып, жасуша түйінінде сақталады. Бұл ақпарат көбею арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп адамзаттың сақталуын, ал басқа жандыларда биологиялық түрдің жойылмауын қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі зерттеулер көрсеткендей адамның 46 хромосомдарында 36х109 (36 000 000 000) қасиеттер бар. Адамдардың тіршілік өмір сүретін нақты табиғи ортасына бейімделуіне байланысты қасиеттер әрбір ұлт өкілдерінде бірдей емес. Соған байланысты белгілі бір қасиеттер көлемі кейбір ұлттарда көбірек болса, ал басқаларында азырақ болып келуі мүмкін. Адам бойындағы барлық қасиеттердің жиынтығы сол ұлт үшін толық, яғни 100% болып келеді. Егерде адам бойында нақты қасиет жоқ болса, онда ол тұқым қуатын ауруға ұшырайды. Мысалы, дальтонизм, гемофилия және т.б. аурулар. Сау адамдардың ішінде бойында қасиеттің біреуі жоғы кездеспейді. Бұл адамдардың жаратылысынан бірімен бірі тең екенін көрсетеді, яғни жаратылыс жағынан адамдар бірінен бірі артық немесе кем емес, бәрі бірдей тең.
Адамның денесінің қалыптасуын және дамуын қамтамасыз ететін ақпарат аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып ұрық пайда болған кезден басталады. Ол тектік ақпараттар ұрықтанған кезден бастап өлгенге дейін адамның тіршілік өмірінде өзінің кезегімен ішкі заңдылықтарға сәйкес жүзеге асып отырады. Біз мұны адамның пайда болған уақытынан өлгенге дейінгі мерзім, «тіршілік өмір», жеке даму, онтогенез деп аталады. Тектік, гендік ақпараттың жүзеге асуы адамның жас ерекшеліктеріне байланысты ішкі заңдылықтарға сәйкес амалға асып отырады. Егерде адам бойындағы гендік ақпарат өзіне тән белгілі тіршілік өмір сатысында жүзеге аспаса, онда адам сырқатқа ұшырайды. Мысалы адамның тез қартаюы, қатерлі ісік ауруларының (обыр) және т.б. пайда болуы. Жанның, тектік, гендік ақпараттың жүзеге асу уақыты тіршілік өмір немесе Жер бетіндегі өмір бөлігі деп аталады. Жан, тектік, гендік ақпарат ешуақытта өзгеріске ұшырамайды, яғни ол табиғаты жағынан шартсыз болып келеді. Сондықтан да ол өзгеріске ұшырамайтын химиялық формула түрінде ДНҚ құрамында жазылған.
Жанды объект қоршаған табиғи ортаға бейімделген жағдайда ғана күн көріп және тіршілік ете алады. Бейімделу дегеніміз жандының ішкі ерекшеліктерін өзгерте отырып сыртқы ортаның талабына сәйкестенуі. Жандының сыртқы ортаға бейімделуі екі жолменен: тамақтану және ырғақ арқылы жүзеге асады. Жанды объект тек қана бейімделген жағдайда ғана тіршілік етіп, көбейе алады. Сонымен, кез-келген жандының екі негізгі белгісі бар: бейімделу және көбею. Бейімделу жандының тіршілік ету деңгейінің көрсеткіші, ал көбею оның биологиялық түрді жалғастыруының негізгі шарты, яғни оның дүниеге жаратылғандағы табиғи негізгі міндеті болып келеді.
Ал адамның рухани қасиеттерін жүзеге асыратын ақпарат жоғарыда жазылғандай оған Жалғыздың жалпы голограммасының бір бөлшекшесі ретінде жеке голограмма түрінде үрленіп беріледі. Оны жазмыш (аура) деп атайды. Әрбір кісінің жеке голограммасы оған ол анасының құрсағында даму кезінде 13 аптада аманатқа тапсырылады (дем салынады). Бұл 13х7 = 91 тәулік құрайды. Ал жыныстық жасуша ұрықтанғанға дейін бір ай (29 тәулік) дамиды. Сонымен барлығы 120 (91+29) тәулік.Адам бойында жыныс жасушасы пайда болып, жетіліп, ұрықтанса, онда оған пайда болған уақытынан бастап 120 тәулікке жеке рухы үрленеді. Осы адамның биологиялық өмірінің 120 жыл екенінің бір дәлелі болып табылады.
Бұл жеке голограмма адам туылғаннан соң тіршілік өмірінде жинақтаған ақпараттармен толықтырылады да, кісінің түпкі мақсатын анықтайды. Адамның биологиялық өмірінің соңында (өлер сәтінде) қалыптасқан қортынды жеке голограммасы және оның өлгеннен соң құямет күніне дейінгі ақпараттары жинақталып кісініңтүпкі мақсатына жеткен немесе жетпегенінің, яғни салауатты өмір салтын сақтағанының немесе сақтамағанынның көрсеткіші болып табылады.
Кісінің рухы оның денесімен байланысты, бірақта ол денеден белгілі бір жағдайларда бөлініп кете алады. Адамның рухын Жалғыз оған тіршілік өмірінде аманат етіп тапсырды. Ол туралы келесі нұсқау бар: «Рас аманатты, (рухты) көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз...» (Қ.С-33; А-72.).
Адамның рухы бар екенінінің келесі дәлелдері бар. Адамның рухы, яғни жазмышы тіршілік өмірде оның денесінің сыртында рухани қорғаныс жасап қалыңдығы 30-70 см болып орналасады. Қазіргі кездегі түсінік бойынша оны ескі үнді тілінде аура деп атап жүр. Адамның осы рухани қорғанысының зақымдануын қазақта көзтиген, иттиген (орысша сглаз, порча) деп атайды. Мұндай зақымдану негізіне рухани болмысқа жатуына байланысты оған химиялық қосылыстармен яғни материалданған ақпаратпен әсер ету мүмкін емес. Бұл жағдай әсіресе жас балаларда көп кездеседі. Баланың көзі кіртиіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл жағдайда дәрі көмектеспейді. Емдеу жолы зақымданған жерді тазарту керек. Оны тек қана қасиетті Кітаптар сөзімен тазартады (дем салады). Ондай оқитын адамға алып барса, оқығаннан соң бала біраз уақыттан соң сауығып кетеді. Қазіргі кездегі емханаларда жиі кездесетін психосоматикалық сырқаттырдың себебінің бірі аураның зақымдануы болып келеді.
Мұның себебі келесіде. Басқару қағидасына сәйкес адам сыртқы ортадан ақпаратты негізінен үш жолмен: көз, құлақ және мұрын қабылдайды. Оның ішінде ақпаратты жаңылмай қабылдайтыны мұрын. Көз және құлақ ақпаратты шатыс қабылдауы мүмкін. Осыған байланысты жаңылысу (иллюзия) құбылысы байқалады. Мұрынның иісті объекті қабылдауы адамның екі танауына кісі көздерінің (чакраларының) екі жағында орналасқан оқ және сол түтіктер келіп ашылуында. Осыған байланысты қазақта «мұрны иіс сезбейді» яғни ешнәрсені түсінбейді, «мұрнына май құйсаңда мал болмайды» яғни мұндайдан жақсылық күту қиын деген ұғымдар қалыптасқан.
Қоршағандарға адамнан ақпарат негізінен үш жолмен: қол басы, тіл (сөз) және көз беріледі. Қол басы арқылы берілуін «қолы жеңіл, қолы ауыр» деп айтады. Мысалы, адамға жай дәрі еккенде, еккен адамның қолы жеңіл болса, ине шаншығанда білінбейді, қолы ауыр болса қатты ауырады. Әсіресе бұл оташылар (хирургтар) және сынықшылар (травматолог-ортопедтер) жақсы байқалады. Олардың қолы жеңіл болса жара тез жазылады, сынық жақсы бітеді. Ал егерде қолдары ауыр болса жара іріңдегіш болады, сынық ұзақ уақыт бітпейді.
Қазақтың «тіл-көзден сақта» - деген тілегі де осыған байланысты. Кісінің қуаты тілінде болса, қазақ оны «дуалы ауыз» - деп атайды. Ондай кісілердің айтқаны көбіне материалданып отырады, яғни бұлжыптай жүзеге асады. Ақпарат көз арқылы берілсе, қазақ «көзі бар»- деп айтады. Мұндай кісілер жас балаға «көзі түссе», бала аяқ астынан ауырып қалады. Сондықтан да ата-бабларымыз мұндай адамдарға қараған баласын «түкіртіп» алатын болған. «Түкіру» дегеніміз жек көргеннің белгісі болып табылады. Мысалы: «мен саған түкіргенім бар». Ауыздан шыққан ақпараттың әсері туралы халқымыз былай тұжырымдайды: «Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Бидің айтқанын құл да айта алады, бірақ құлдың аузы дуалы емес». Бұл жерде бірінші мақал сөздің ақпараттық құндылығының дәрежесін, оның әсерінің нәтижесін көрсетсе, екінші мақал сөздің құны ол шыққан ақпарат көзіне байланысты екенін көрсетеді. Құлдың тегі жоқ болуына байланысты, одан шыққан ақпараттың ешқандай құндылығы жоқ болады. Арақ ішіп бойы арамданған адамдардан шыққан ақпаратта құлдан шыққан ақпаратқа ұқсас болып келеді.Бұл туралы: «Ішіп алған адамның сандырағы ғой»- деген ұғым қалыптасқан.
«Көз тию» балаға қара ниеттің әсер етуі. Сондықтан қазақ «Қардың басын қар алар»- деп, кішкентай балаға көз тимеу үшін оның маңдайына қара күйе жағып қояды. Осыған байланысты кішкентай балаларды «көз тигеннен» қорғауға қолданылатын барлық тұмарлар құрамында қара дақ болуы қажет. Қазақ бесіктегі балаға «көз тимеу» үшін оның бесігіне үкі қауырсынын тағып қояды. Үкі құстардың ішінде түнде, қараңғыда көретін бірден-бір құс. Сондықтан үкінің қауырсына «қара ниеттен (көз тигеннен)» қорғайды. Сал-серілердің «көз тимесін» деп домбыраларына, бас киімдеріне үкі қауырсынын тағатын себебі де осыдан.
Кісі рухының денеден бөлініп тұратынының және бір дәлелі ұйықтап жатқан адамды оятқанда оның бәрі бірден оянбайды. Себебі адам табиғи ұйықтаған кезде оның рухы адам бойынан бөлініп, кеңістікке шығып кетеді. Мұндай адамды оятқанда ол рухы бойына қайтып келгенше оянбайды. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Жалғыз сондай, түнде сендерді рухтарыңды алып, өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз (рухтарыңды қайтарып) оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Жалғыз жақ. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді. (60) Және Жалғыз, құлдарының үстіне өктем. Сендерге қорушы(періште)лар жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді. (61) (Қ. С-6;)
Жансақтау (реанимация) бөлмесінде емделіп шыққан кейбір аурулар өздерінің естерін білмей жатқан уақытта «бөлме ішінде ұшып жүргендерін, төсеніште жатқан денелерін көргендерін, ал көкірегі шаншығанда есін жинағандарын»- айтады. Бұл да адамның рухының оның денесінен бөлінетінін көрсетеді. Реанимациялық шараларды клиникалық өлімнен соң 3-5 минут ішінде уақтылы өткізбесе, онда рух біржола денеден бөлініп кетіп адамды қайтадан тірілту мүмкіншілігі күрт төмендейді. Бұл ми қыртысы жасушаларында декортикация түрінде байқалады.
Адамдар түсінде бұрын дүниеден өткен кісілерді көруін қалай түсіндіруге болады? Оның негізі адам өлгеннен соң оның жазмышы (аурасы) денесінен бөлініп кетеді де көкте мәңгілік өмір сүреді. Адамның аурасын анықтайтын ГРВ-диагностика аппаратының авторының бірі профессор К.Г. Коротковтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей аураның бірінші қабаты адам өлгеннен соң 3 күні, үшінші қабаты – 10 күні, ал барлық қабаттары 40-шы күні толық бөлініп кетеді екен.Сондықтан қазақ серттескенде: «Екі дүние, бір Құдайға тапсырдым» - деп айтады. Адамның өмірі екі бөліктен тұрады. Соны қазақ екі дүние дейді. Бірінші дүние кісі рухының мәңгілік өмірі. Екінші, негізгі дүние, тіршілік өмірірухтың тәнмен бірге болған адам ұрықтан дамып өлгенге дейінгі уақыты.
Математикалық есептеулер көрсеткендей адамның жыныс жасушаларының жетілгеннен соң ұрықтануға жарайтын уақыты 2-3 тәулік, яғни 0,0075 жылды құрайды. Адам анасының құрсағында 9 ай, яғни 0,75 жыл дамиды. Адамның биологиялық өмірінің күтілетін орташа ұзақтығы 75 жыл. Байқап қарасақ бұл үш көрсеткіш геометриялық прогрессия құрайды. Осыдан барып адам өлгеннен соң оның рухының орташа өмірі 7 500 жыл құрайды деп қортындылайды. Бұл есептен адамның тіршілік өмірі оның барлық өмірінің 100 бөлігінен де аз екенін байқаймыз. Бұны қазақ: «Қамшының сабындай қысқа жалған дүние» - деп белгілеген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) миғражға барғанда ол Қожа Ахмет Йасауи тумай тұрып 400 жыл бұрын оның рухын сәуле түрінде көрген. Бұл туралы Қожа Ахмет «Хикметінде» былай деп жазады:
«Миғражда хақ Мұстапа рухымды көрді,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге...
Хақ Мұстафа Жабрейілге қойды сауал:
Бұл неткен рух, тәнге кірмей, тапқан жамал?!. »
Жабрейіл айтты: «Үмбет ісі Сізге бір хақ,
Көкке шығып періштеден алар сабақ,
Жылаушыға сыйға берер жеті табақ»,-
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге!»
Жоғарыда келтірілген мысалдар кісі рухының оның тәнімен байланыста болатынын, бірақ адамда ол денеден бөлініп кету мүмкіншілігі бар екенін көрсетеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Миғражда Қожа Ахмет Йасауи тумай тұрып 400 жыл бұрын оның рухын және адамның түсінде өлген адамдарды көруі кісі рухының мәңгілік екенін мысалы бола алады.
Адамның терісінің сыртындағы рухани қабығы оны басқа кісінің рухани ақпараты енуден қорғайды. Ал адамдар бірімен бірі терісі жанасқанда, сүйіскенде, яғни олар рухани қабықшаның қорғаныс күшін жоққа шығарғанда бір кісінің қасиеті екінші кісіге беріледі. Аура рухани қорғанысты тері қашықтығы 45 см-ден асса ғана қамтамасыз ете алады. Екі адамның терісінің 45 см-ден жақын болуы жыныстық жанасу (интим) деп аталады.
Жоғарыда көрсетілгендей адамда екі түрлі ақпарат бар. Біріншісі гендік ақпарат. Ол адамның биологиялық негізін құрайды. Егерде гендік ақпарат қасиеттері бөлек екі биологиялық түрдің өкілдері қатынасқа түссе, онда олар өздері күн көру үшін екінші топ өкілін жоюға әрекет етеді. Сондықтан олардың біреуі екіншісіне дұшпан, тегі бөлек ақпарат (антиген) болып табылады. Кез келген жанды өзінің тектік ерекшелігін қорғап қалып, күн көру үшін оларда арнаулы қорғаныс жүйесі - иммунитет қалыптасып, антигендерге қарсы антиденелер синтездеп отырады. Бұл құбылыс барлық жандылар үшін әмбебап болып келеді. Адамдар арасында бұл құбылыспен жұқпалы сырқаттарда, қан құйғанда, трансплантация жасағанда және т.б. жағдайларда кездесіп отырамыз.
Ал адамның басқа жандылардан айырмашылығы оның кісілік, адамгершілік қасиеттері бар. Бұл қасиеттердің негізін оның рухани ақпараты құрайды. Әрбір кісі өзіне тән рухани ақпаратын басқа адамның әсерінен қорғау үшін денедегі иммунитет тәрізді оны қоршап орналасқан аура қалыптасады. Аура адамды басқа рухани ақпараттардың әсерінен қорғау үшін жаратылған.
Адамның тектік ақпараты химиялық түрде жазылған ДНҚ-да он қабат электромагниттік өріс болады. Жанасу кезінде бір кісіден екінші кісіге өткен рухани ақпарат ДНҚ-ның электромагниттік өрісінде жазылып, келесі ұрпаққа беріліп отырады. Қазақтың «кіндік шеше», «тұсау кесетін» кісілерді таңдайтыны осыған байланысты. Олар кіндік және тұсау кескен кезде баланың аурасынан өтіп жанасқан соң бұл кісілердің мінезі балаға жұғады. Адам отырған жерде белгілі бір уақытқа дейін кісілік қасиеті сақталады. Сондықтан қазақ: «ат аунаған жерде түк қалады»- деп ырым жасап, жақсы адамдар отырған жерге балаларын аунатып алады.
Еркек және әйелдің терілері біріне бірі тисе, сүйіссе, онда олар жыныстық байланысқа түскен болып табылады. Сондықтан қазақта құда түскеннен соң: «қыздың қолын жігітке ұстату»-салты бар. Орыстарда да құда түсе келгенде: «қолын сұрауға келді (пришли руку просить)»- деген ұғым бар. Сондықтан қыз бірінші денесі тиген (қолын ұстаған) еркекке күйеуге шығуы керек. Домалақ ана туралы аңыздың бірінде, ол кісі құдыққа түсіп кеткенде, қолынан Байдібек тартып шығарғандықтан, соған күйеуге шыққан деген әңгіме бар. Домалақ ананың қазіргі дәрежеге жетуі осы заңдылықты орындағанына байланысты болуы да мүмкін.
2010 жылы дүниежүзілік ақпарат құралдарында Англияда Нигериядан келген екі негрдің от басында терісі ақ, көзі көк қыз туғаны туралы мәлімет болды. «Бұның себебі неде?»- деген сұраққа жауап ізделді. Оның себебі келесіде. Жоғарыда жазылғандай адамдардың терісі жанасқанда олардың кісілік қасиеттері екінші адамға беріледі. Ал берілетін ақпараттың мөлшері кісінің ынтызарлығына байланысты болады. Егер кісі ынтызар болып жыныстық байланысқа түссе, онда ол екінші кісіден ақпаратты көбірек алады. Нигериядан Еуропаға келген қара әйел еуропалық терісі ақ еркекпен ойнас болған кезде, оның ынтызарлығы жоғары болуына байланысты еркектің тері пигментациясына жауапты ақпарат әйелдің ДНҚ-ның электромагниттік өрісінен өтіп, оның пигментацияға жауапты аллеліне әсер еткен. Осының нәтижесінде негрлердің отбасында терісі ақ, көзі көк қыз туған.Мысалы, еркек бірнеше әйелмен ойнастық жасаған болса, осыдан кейін ол еркектен пайда болып некеден туған баланың бойында әкесі ойнас болған әйелдердің мінезі білінеді. Бұл құбылыс еркек әйел үшін бірдей. Бұл телегенизия құбылысын ауыл шаруашылығында селекцияда қолданады. Мысалы, биеге алдымен асыл тұқымды айғырды салады, бірақ ол шаппайды. Одан соң биеге жай айғырды шаптырса, ол биеден асыл тұқымды айғырға ұқсаған құлын туады.
Кісі өмір сүреді. Кісінің өмірі яғни оның жеке голограммасы Жалғыздың жалпы голограммасының бір бөлшекшесі болуына байланысты адамның өмірі мәңгілік болып келеді. Кісінің өмірі мәңгілік. Кісінің жеке голограммасына оның тіршілік өмірдегі барлық іс-әрекеттері жазылып отырады. Соған байланысты кісінің туған сәттегі және өлген сәттегі жеке голограммасында сипаттарында айырмашылық болады. Сондықтан қазақта екі дүние деген ұғым қалыптасқан. Бір дүние мәңгілік өмір, ал екіншісі оның адам қрық пайда болған сәттен бастап өлген уақытына дейінгі Жер бетіндегі бөлігі. Өмірдің жер бетіндегі болатын кесіндісі тіршілік өмір деп аталады. Адам өлгеннен соң оның рухы адам бойынан көкке бөлініп шығады. Дүниеден өткен адамдарды біз түсімізде көргенімізде осы ақпаратты қабылдаймыз. Бұл ақпаратты қазақша рух, орысша дух, латынша эгрегор, физикада жеке голограмма деп атайды. Бұл ақпарат мәңгілік.
Кісінің жеке голограммасында, жазмышында оған тән барлық жер жағдайындағы көрсеткіштердің қажетті мөлшері беріледі. Бірлік қағидасына сәйкес біз адам жазмышының негізгі жеті көрсеткішін топтастырдық. Олар келесілер: 1) 120 жыл тіршілік өмір; 2) ұрпақ сүю; 3) еркіндік, бас бостандық; 4) тіршілік өмірге жеткілікті дүние; 5) тәнсаулық; 6) ақыл және 7) имандылық. Осы көрсеткіштердің қандай бөлігін өзі үшін қолдана алатыны адамның тіршілік өмірінде алған тәлім- тәрбиесіне, негізінен шынды жүзеге асыруына байланысты. Осы көрсеткіштердің нақты жүзеге асқан бөлігін әрбір адамның тағдыры деп атайды. Осыған байланысты әрбір адам өз тағдырына өзі жауапты, оның қалай қалыптасатыны өзіне байланысты екені туралы ұғым қалыптасқан. Тағдырдың қалыптасу механизмдеріне біз келесі тараулардағы зерттеулерімізде толығырақ тоқталамыз.
Адамға Жалғыз жазмышын үргенде, оған дүние қабылдау ерекшелігін де бірге береді. Сондықтан әрбір кісінің дүние танымы әртүрлі дәрежеде болады. Осы байланысты қазақта: «Әркімнің шыққан төбесі биік»- деген ұғым қалыптасқан. Мұның мысалы, телевизордың әртүрлі бағдарламаларды қабылдау ерекшелігі сияқты. Егерде телевизорда бөлме ішіндегі қабылдағыш болса, онда телевизор 5-3 бағдар көрсетеді, қабылдағыш сыртта болса бағдар саны артады, ал егерде телескопиялық қабылдағыш болса онда оның қабылдау мүмкіншілігі жоғары болады. Ал кісіге қандай дәрежедегі қабылдағыш беріледі, ол оның тектік қасиетінің мүмкіншілігіне сәйкес болып келеді. Кісінің дүние таным мүмкіншілігін жаттықтыру арқылы жетілдіруге болады. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқау бар: «Алла (Т) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына.» (Қ.С-2; А-286.)
Жазмыштың негізгі жеті көрсеткішінің қазірге уақыттағы жалпы жағдайына қысқаша тоқталайық. Адамның қажетті тіршілік өмір жасы 120 жылды құрайды. БҰҰ адам дамуы баяндамаларындағы мәліметтері көрсеткендей Жер шарындағы ең экономикалық дамыған елдерде туғаннан күтілетін тіршілік өмір ұзақтығы80 жылдан сәл асады. Мысалы бұл көрсеткіш 2011 жылы бірінші орын алған Норвегияда 81,1 жасты құрады. Бұдан қазіргі кезде адамдарының биологиялық және әлеуметтік қажеттілігін толық қамтамасыз еткен елдерде оларда туғаннан күтілетін тіршілік өмір ұзақтығықажетті мөлшердің 2/3 бөлігін (67%) құрайтыны көрінеді, яғни 120 жастан 80 жас. Дүние жүзі бойынша 2011 жылы бұл көрсеткіш 69,8 жасқа (58,2%) тең, ал Қазақстанда - 67 жас (55,8%) құрады. Ал денсаулықты есептегендегі орташа күтілетін тіршілік өмір жасы туғаннан санағаннан төмен. Бұл көрсеткіш БҰҰ 2011 жылғы мәліметтері бойынша дүние жүзінде 61 жыл (50,8%), Норвегияда- 73 жыл (60,8%), Қазақстанда -56 жылды (46,78%) құрайды. Ал Қазақстанда ерелер және әйелдердің күтілетін орта тіршілік жасының айрырмашылығы 11 жыл құрайтынын ескерсек, онда Қазақстанда әйелдердің күтілетін орта тіршілік өмірі 61 жас (50,8%), ал еркектерде-51 жас (42,5%) болып келеді.
Жазмыштың екінші көрсеткіші өзінен кейін ұрпақ қалдыру, яғни адамның негізгі биологиялық қызметін жүзеге асыруы. Адам өзінен кейін ұрпақ қалдырмаса, онда ол өзінің биологиялық міндетін орындамаған болып табылады. Дүние жүзі бойынша жалпы отаулар ішінде 15% ұрпақ жоқ. Мысалы, бұл көрсеткіш Ұлыбританияда - 22%, Қазақстанда -16%, АҚШ-14% құрайды.
Жазмыштың үшінші негізгі көрсеткіші адамның еркіндігін, бас бостандығын қамтамасыз етуді демократия деп атайды. Демократияның көрсеткіштерінің қатарына медициналық тұрғыдан әрбір елдегі еркектер мен әйелдердің күтілетін тіршілік өмір ұзақтығыжәне сол елдегі байлар мен кедейлердің үлес қатынасы жатады. Мысалы, Норвегияда әйелдер және еркектер жас айырмашылығы 5 жыл, ал Қазақстанда -11 жыл, Ресейде-13,5 жылды құрайды. Норвегияда барлық халықтың 95% орта тұрмысты деп есептеледі.
Төртінші көрсеткіш адам үшін тіршілік өмірге жеткілікті дүние табуы. БҰҰ 2011 жылғы баяндамасы бойынша дүние жүзінде бір адамға орташа табыс 10 082 АҚШ $ құрады. Ең көп табыс тапқан ел Катарда бұл көрсеткіш 107 721 АҚШ $ құраса, Қазақстанда -10 585 АҚШ $, ал ең төменгі көрсеткіш Конго Демократия Республикасында - 280 АҚШ $ құрайды.
Бесінші көрсеткіш тәнсаулығы. Тәнсаулығы жағдайының негізгі көрсеткішінің бірі өлім-жітім болып табылады. БҰҰДБ баяндамасы бойынша 2011 жыл Дүние жүзі бойынша 5 жасқа дейін 1000 тірі туған балалардың 58 қайтыс болады. Бұл көрсеткіш Норвегияда 9, Қазақстанда – 29, ал Конго ДР – 199. Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігінің әскерге шақырылатын ер балаларды тексеретін комиссиясының қортындысы бойынша он ұлдың тоғызының армия қатарында болуына денсаулығы жарамайды. Қазақстан Республикасының Аналар және балалар орталығының мәліметі бойынша Қазақстанда 88,4 % әйелдер тәнінде ауытқуы болып бала босанады.
Алтыншы көрсеткіш адамның ақыл-ой саулығының дәрежесі. Адамдар арасында ақыл-ой дамуының ауытқуларының негізгі көрсеткіштерінің қатарына олардың шизофрения және Альцгеймер ауруына (алжыған, маразм) шалдығулары да жатады. БДҰ-ның мәліметтері бойынша қазіргі кезде дүние жүзінде шизофрениямен 35 миллион адам (халықтың 0,5%-ы), ал Альцгеймер ауруымен 75 миллион адам (халықтың 1%-ы) ауырады.
Жазмыштың негізгі жетінші көрсеткіші имандылық туралы біздің жалпы түсінігіміз бар. Бірақ ол қалай қалыптасадыы және оның негізін не құрайтынын білмейміз.
Жазмыштың негізгі жеті негізінің қазіргі таңда көрсеткіштерінің қаншалықты жүзеге асып отырғанына қысқаша тоқталдық. Әрбір адам өзінің ойлаған ойына, айтқан сөзіне, істеген іс-әрекетіне тікелей өзі жауапты. Оның қалай жүзеге асатынын қысқаша қарастырайық. Өздеріңіз жақсы білесіздер әрбір білім алушы пәнді толық өткеннен соң емтихан тапсырады. Егерде ол пән бағдарламасын толық игерсе, сұрақтарға қатесіз жауап берсе ол ең жоғары көрсеткішпен бағаланады. Білім алушы бағдарламаны толық игермесе, берілген сұрақтарға толық жауап бере алмаса, оған қойылатын баға да соған сәйкес түрде төмендейді. Бұл жағдайда адам өзінің жіберген қатесін бағамен өтеді. Адам тіршілік өмірінде де сәт сайын бірлікке жету және күн көру үшін емтихан тапсырады. Айырмашылығы адам тіршілік өмірде жіберген қателерін бағамен емес, өз жазмышының көрсеткіштерімен өтеп отырады. Сол өтеуден қалғанын тағдыр дейді. Сонымен, әрбір кісі өз тағдырының қожайыны. Сондықтан қазақ: «судың да сұрауы бар», яғни адам әрбір істегеніне жауапты деп тұжырымдаған. Кісі дұрыс орындалмаған амалдарға өзінің жазмышының көрсеткіштерімен өтейтінін ескерсек, онда жоғарыда көрсетілген мөлшерлердің қалай қалыптасқаны түсінікті болады.
Адам заты өзінің қызметтік ерекшелігіне байланысты табиғаты әртүрлі екі: биологиялық және әлеуметтік қызметтерден тұрады. Біріншісі, негізгі биологиялық табиғи құралым адамның әке-шешеден алған тектік, гендік қасиеттерінің күн көру және тіршілік ретінде білініп, жүзеге асып оның пенделік қызметтерін қамтамасыз етеді. Екіншісі, қоғамдық, шартты қасиеттер, тіршілік өмір тәжрибесінің интегралдық шартты жиынтығы әсерінен нақты жүзеге асқан жазмыш бөлігі кісі тағдыры түрінде қалыптасып, оның адамгершілік қасиеттерінің тіршілік өмірде жүзеге асуымен білінеді. Осы екі топ ім-әрекеттің жиынтығы адамның түпкі мақсатына – бірлікке жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Биологиялық қасиеттердің толық сәйкестілікпен жүзеге асуы тәнсаулық, ал рухани қасиеттер жиынтығы – дінсаулық деп аталады. Кісілік қасиеттер барлық уақытта дене қасиеттерін басқарып және реттеп отырады, бірақта тән қасиеттерінің негізінде, іс-әрекет, қозғалыс түрінде білінеді. Сондықтан қазақта: «Діні саудың тәні сау» -деген ұғым қалыптасқан. Рухылас адамның тәні сау болмайды.
Адам болмысының объективті бөлігі биологиялық қасиеттері тәнде, организмде жүзеге асады. Адамның биологиялық қасиеттері екі бөліктен: жан және тән (сома) құралады. Жанды дененің құрылымдарының: жанның және тәннің өз ерекшеліктері бар. Жан, тектік, гендік ақпарат өзінің сақталуын тек қана көбею арқылы жүзеге асыра алады. Тәнсаулықтың адамның көбею мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін түрін репродукциялық, ал тәннің тіршілігін қамтамасыз ететінін - дене (соматикалық) саулық деп атайды.
Адамның рухани қасиеттері ақыл-ой негізінде имандылық түрінде байқалады. Адамның кісілік қасиеттерінің негізі рух – субъективті фактор.
Адам затының екі бөлігінің: биологиялық және әлеуметтік болмысы екі түрлі. Біріншісі – объект, екіншісі – субъект. Адамның болмысын толық қамтамасыз ету үшін бұл екеуін байланыстыратын екі қасиетіде бар: объективті және субъективті құрылым болуы қажет. Ол құрылым ақыл-ой болып табылады. Ақыл – объектив, жүйке жүйесінің жасушаларындағы жады негізінде қалыптасады, ал ақыл негізінде қалыптасатын ой (ес) - субъект. Ой сана түрінде қалыптасып, адамның кісілік қасиетінің негізін құрайды. Ой шартты ұғым, сондықтан ол субъект. Жануарларда тек қана ақыл бар, ал адамда ақылға қоса шартты ұғым негізі ой қалыптасады. Осыған байланысты ақыл-ой адамның жанының және рухының өзара әсерлерін қамтамасыз етуші байланыстыратын құрылым болып табылады.
Осылайша адамның бойында дамудың үш түрі: тәни, ақыл-ой (психикалық) және әлеуметтік (имандылық) қалыптасады.
Қорты келгенде жоғарыда талданған адам затының жалпы сипаттары келесі №1 кестеде көрсетілген.
Сонымен адам заты басқару қағидасына сәйкес үш бөліктен: 1) ақпараттық – рух; 2) реттеуші – жан және 3) амалға асырушы – дене тұрады. Адам затының әрбір бөлігінің өзіне тән ерекшелігі бар. Рух -тазаланады, жан – көбейеді, дене – тіршілік етеді. Рухты таза ұстау арқылы адам басты мақсатына – бірлікке жетеді, жан көбею нәтижесінде - күн көруді, ал дене тіршілікті тамақтану арқылы қамтамасыз етеді. Төменде адамның ұйымдасу деңгейлерінің үлгісі көрсетілген. (№2 кесте).
Адамды зерттеу оны осы үш негізгі саулық түрлерін қарастыру арқылы жүзеге асады. Адамның 1) жанды дене, оның тіршілік және көбею ерекшеліктерін зерттейтін ілімді жандының тіршілігін тану (биология), 2) ақыл-ой ерекшеліктерін зерттейтін ілімді - психология, 3) ал имандылықты зерттейтін ілімді - шынға апаратын жол (религия) деп топтастырады.
Жоғарыда айтылғандай жанды дене ерекшеліктерін зерттейтін ілімді жандының тіршілігін тану (биология) деп атайды. Дененің екі сипаттамасы бар. Оның бірі құрылысы (морфология), екіншісі оның жанының қызметі, функциясы (физиология). Соңғы уақытқа дейін биологияны (латынша bios-тірі + logos-ілім) тірі туралы ілім немесе тіршіліктану деп аударып келді. Ал негізінен биология жанды жүйелердің ерекшеліктерін зерттейтін ілім. Сондықтан биос деген латын сөзін жан деп аударып, осы мағынада қолданған дұрыс тәрізді.
№1 кесте
Адам затының сипаттары
№
|
Аты
|
Табиғаты
|
1
|
Қасиеттер
|
Биологиялық
|
Әлеуметтік
|
2
|
Үлесі
|
40%
|
60%
|
3
|
Амалға асыратын құрылым
|
Организм, жанды дене, тән
|
Кісі
|
4
|
Ақпарат түрі
|
Тектік, гендік, жан
|
Рух
|
5
|
Ақпарат негізі
|
Ата-ана
|
Жалғыз
|
6
|
Сипаты
|
Өлшеулі, шектелген
|
Мәңгілік
|
7
|
Қорғану
|
Иммунитет
|
Аура, жазмыш
|
8
|
Амалға асу
|
Бейімделу
|
Құлшылық
|
9
|
Денсаулық түрлері
|
Тәнсаулық
|
Ақыл
|
Имандылық
|
10
|
Адам құрылымы
|
Дене (сома)
|
Жан,тегі,гендер
|
Рух
|
11
|
Байқалуы
|
Тіршілік
|
Көбею
|
Өмір сүру
|
12
|
Мақсаты,міндеті
|
Тамақтану
|
Күн көру
|
Рухын Жалғызға қайтару, бірлік
|
Қазіргі кездегі жинақталған ғылыми деректердің негізінде табиғаттағы барлық нәрселер тірі. Себебі олардың барлығы атомдардан құралады, ал атомдар өз кезегінде ішінде оң зарядты протоны бар түйіннен және оны қоршаған электрондық орбитадан тұрады. Орбитадағы электрондар барлық уақытта қимылда болады. Олай болатын болса, атомдардан құралатын барлық заттар тіршілік етеді. Ал тіршілік ететін нәрсенің бәрі тірі. Тірінің негізгі белгісі қозғалу және ақпарат алмасу болып табылды. Физикалық құбылыстар үшін бұл энергия алмасуы, химиялық құралымдар үшін –заттар алмасуы, реакциялар.
Табиғаттағы тірі нәрселер жансыз және жанды болып екі топқа бөлінеді. Аттары көрсеткендей жандының жаны бар, ал жансызда жан жоқ. Сонда жан дегеніміз не, оның қандай сипаты бар? Оны түсіндіру үшін келесі екі мысалды қарастырайық.
Бірінші мысал бидайдың дәні. Бидайдың дәнін ексек бидай өніп, өсіп шығады, жанның, ДНК-ның молекула құрамындағы қасиеттеріненмасақ пайда болады. Бір дәннен көп дән пайда болады, яғни өсімдік көбейеді. Ал егерде осы дәнді диірменге салып ұнтақтасақ, онда ол ұнға айналады. Ұнды еккеннен ешнәрсеөнбейді. Мұның себебі неде? Ұн мен дәннің не айырмашылығы бар? Диірмен тасының механикалық әсерінен бидайдың дәні өзінің көбеюін қамтамасыз ететін қасиетін жоғалтты, яғни денатурацияға ұшырады.Дәннің көбею қасиетін оның бойындағы жан, тектік ақпарат қамтамасыз ететін. Механикалық ұнтақтау нәтижесінде дән өзінің көбеюді қамтамасыз ететін қасиетін,жанын жоядыяғниденатурацияға ұшырайды, сол себептен ұннан ұн өсіп шықпайды.
Екінші мысал құстың жұмыртқасы. Егерде оны құстың астына салсақ, онда одан балапан пайда болады, яғни құс көбейеді. Ал егерде жұмыртқаны қайнатсақ ол піседі, тамаққа айналады. Піскен жұмыртқаны құстың астына салсақ, одан балапан пайда болмайды. Шикі жұмыртқа мен піскен жұмыртқаның айырмашылығы неде? Жұмыртқаны қайнатып пісірген кезде жылудың әсерінен оның жаны, гендік ақпараты бұзылып, жылулық денатурацияға ұшырауына байланысты мұндай жұмыртқадан балапан пайда бола алмайды.
Бұл екі мысал жандының жансыздан айырмашылығы оның көбеюін қамтамасыз жанға, тектік ақпаратқа байланысты екенін дәлелдейді. Егерде сыртқы әсерлердің нәтижесінде жандының гендік ақпараты бұзылса, дентаурацияға ұшыраса онда ол жансызға, затқа айналады. Сонымен кез-келген жанды, жай жетілген жүйенің гендік ақпаратын бұзса, онда ол жансызға айналады яғни ол өзінің жанын жояды. Бұл жай жетілген жүйелердің жанының гендік ақпаратта екенін көрсетеді де, жанның әрбір ұрпаққа тән жеке дамуды қамтамасыз ететінін дәлелдейді (№2 кесте).
Жоғары мысалдарды көрсетілгендей жанды көбейеді, ал жансыз көшіріледі, жанды –күн көреді, жансыз тіршілік етеді. Мысалы, дәндегі тектік, гендік ақпараттар көбею арқылы беріледі, кітаптарда жазылған ақпараттарды қолмен немесе арнаулы құралымдар (ксерокс) арқылы көшіреді (№3 кесте).
Жоғарыдағы мысалдар көрсеткендей, жанды жүйелердің жаны гендік ақпаратқа байланысты және жеке сипаттамаларға ие. Адамның жаны аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып ұрық пайда болғанда қалыптасады да, ал ол өлгенде тектік, гендік ақпараттан жасушаларға ақпарат келуі тоқтауына байланысты жойылады. Адам үшін оның жанының бар екенінің белгісі қанның айналуы, яғни жүректің соғуы арқылы оны қамтамасыз ету болып табылады. Сол себептен адам өлгенінің, жаны жойылғанының белгісі қанның қозғалуын қамтамасыз ететін жүрек соғуы тоқтауы болып есептеледі. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: “Кез-келген дененің жаны оның қаны болып табылады”(Б.Лев.17;14.); “Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді балшықтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық.” (Қ.С-22;А-5.).
№2 кесте. Адамның ұйымдасу деңгейлері
№
|
Деңгейі
|
Аты
|
1
|
Ақпарат түрі
|
Тектік, гендік, жан
|
Рухани
|
2
|
Табиғаты
|
Биологиялық
|
Көктен
|
3
|
Жүзеге асатын құрылымы
|
Жанды дене, организм, тәнсаулық 40%
|
Әлеуметтік. кісі, дінсаулық 60 %
|
4
|
Саулық түрі
|
Тәнсаулық
|
Ақыл
|
Имандылық
|
5
|
Тән қасиеттері
|
Көбею
|
Қорғану
|
Қоректену
|
Қозғалу
|
Реттеу
|
Басқару
|
6
|
Қызметтiк-құралым
дық жүйелер
|
1.Аталық жыныс жүйесі;
2.Аналық жыныс жүйесі;
3. Иммундық жүйе;
4. Асқорыту жүйесі;
5. Ауа тамырлары және
өкпе жүйесі;
6. Қан жүйесі;
7. Қан айналу жүйесі;
8. Бауыр және өт жолдары жүйесі;
9. Заттар және қуат алмасу жүйесі. Жылуды реттеу.
|
10. Бөлу жүйелері;
11. Қаңқа;
12. Бұлшықеттер жүйесі;
13. Сезім жүйелері;
14.Он екі мүше;
15. Ішкі секреция бездері жүйесі;
16.Вегетативтік жүйке жүйесі;
17.Орталық жүйке жүйесі.
|
7
|
Мүшелер
|
Ен, жатыр, қынап, талақ, ауыз қуысы, асқазан, өкпе, плевра, ауа тамырлары, жүрек, қан тамырлары, бауыр, өт қабы, бүйректер, қуық, сүйектер, буындар, көз, құлақ, гипофиз, қалқанша безі, түйіндер, жүйке тамырлары, ми, жұлын және т.б.
|
8
|
Ұлпалар
|
Дәнекер, эпителия, ет, жүйке.
|
9
|
Жасушалар
|
Остеоциттер, альвелоциттер, гепатоциттер, нейрондар миоциттер, эндотелия, меланоциттер, және т.б.
|
10
|
Субжасушалар
|
1. Түйiн -ақпарат; 2.Қабықша- реттеу;
3.Цитоплазма- амалға асыру.
|
11
|
Молекулалық
|
ДНҚ, РНҚ.
|
12
|
Субмолекулалық
|
Гендер, аллельдер.
|
Денатурация: бейорганикалық және органикалық қосылыстар, заттар, жансыз дүние
|
№3 кесте
Жанды және жансыздың салыстырмалы сипаттары
№
|
Белгі
|
Жансыз
|
Жанды
|
1
|
Ақпарат
|
Сыртқы, ішінде жоқ
|
Ішкі, тектік, гендік, жан
|
2
|
Міндет
|
Көшірілу
|
Көбею
|
3
|
Мақсат
|
Тіршілік ету
|
Күн көру
|
Жанды, жай жетілген жүйелердің өзінің пайда болуын қамтамасыз ететін ақпарат олардың жаны, гендік ақпараты. Тектік ақпараттар еш уақытта өзгеріске ұшырамайды. Олардың ақпараттық тұрақтылығы олар туралы ақпараттардың ДНҚ және РНҚ құрамында басқару қағидасына сәйкес триплет түрінде жазып сақталу арқылы қамтамасыз етіледі. Ол химиялық формула түрінде ДНҚ және РНҚ құрамында жазылып, қалыптасқан. Барлық жай жетілген жанды жүйелерде тектік, гендік ақпарат бар. Жандының жансыздан айырмашылығы көбею. Өзінен өзі көбейе алатын нәрсе жанды. Жан көзі – тектік, гендік ақпарат. Гендік ақпараттың бұзылуы, жойылуы жанның жойылуына әкеліп соғады. Жан әрбір жүйенің тек қана жеке өзіне тән тіршілігін қамтамасыз етеді.
Дененің құрылысын, құрамын зерттейтін биология бөлігін тән құрылысынтану, морфология (лат. morphe – пішін, құрылыс+ logos- ғылым) деп атайды. Кезкелген объектің құрылысын зерттеу барысында оның жай көзге көрінетін ірі бөліктері - макроскопиялық (грекше macros – үлкен, ірі + skope – көру) және жай көзге көрінбейтін ұсақ бөліктері, микроскопиялық (грекше mikros – кішкене, ұсақ, майда + skope – көру) бар екені байқалады. Дененің құралымын көзбен көру үшін оны кесу, бөлшектеу керек. Кесу, бөлшектеуді латынша анатоме (лат. anatemno –кесу, бұтарлау) деп атайды. Сондықтан да кезкелген нәрсені кескенде көзбен көріп сипаттайтын морфология бөлігін анатомия ілімі зерттейді. Адамның көзге көрінбейтін заттарды ұлғайтып көрсететін құрал – микроскоп ойлап табуына байланысты қазіргі кезде заттарды бірнеше мыңдаған есе ұлғайтып көрсететін сәулелі және электрондық микроскоптар бар. Солардың көмегімен адам құрылысының көзге көрінбейтін ұсақ бөліктерін ұлпалардың, тіндердің құрамын зерттейтін гистология (грекше histos – ұлпа, тін) және жасушалар, ұяшықтар құрамын зерттейтін цитология (грекше kytos – жасуша, ұяшық, тор; латынша cellulae- жасуша, ұяшық, тор) ілімдері қалыптасты.
Биологияның жанды дененің қызметі ерекшеліктерін, оның қызметінің қалай жүзеге асу табиғатын зерттейтін бөлігін физиология (грекше phisis – табиғат + logos- ғылым) деп атайды. Дененің қызметінің, функциясының көзі не болып табылады? Қай уақытта дененің қызметі тоқтайды? Жоғарыда көрсетілгендей дененің қызметі оның ішіндегі тектік, гендік ақпараттың мәніне байланысты. Әрбір жанды нәрсенің бойындағы жүзеге асатын қасиеттер оның гендік ақпаратында, ДНҚ немесе РНҚ құрамында гендер, аллельдер түрінде сақталып, жүзеге асады. Ал гендік ақпарат жойылған кезде дененің қызметі тоқтайды, оның жаны жойылады, ол затқа айналады. Мысалы, адам жаны жойылған кезеңде (өлгенде сәтте) денесі өлікке айналады, тек қана дененің құралымы өзгермей қалады.
Адам бойындағы қызметтерді қамтамасыз ететін үдерістеріне байланысты алты топқа бөлінеді. Олар 1)көбею; 2) қорғаныс; 3) қоректену; 4) қозғалу; 5) реттеу және 6) басқару.
Кезкелген жанды тіршілік ету үшін сыртқы ортаға бейімделуі қажет. Қандай жанды сыртқы ортаға тиімді бейімделе алса, оның тіршілік қасиеттерін жүзеге асыруы мүмкіншіліктері жоғары болады.
Көбею негізіне жан, тектік ақпарат сақтаушы нуклеин қышқылдарының өзіндік екіге бөліну қабілеттілігі жататын, ұрпақтан ұрпаққа осы ақпаратты өткізу арқылы биологиялық түрдің сақталуын жаңа жеке жанды бірліктің (мысалы адамның) пайда болуын қамтамасыз ететін, барлық жандыларға тән негізгі қасиет. Адам жыныстық жолмен көбеюі себепті ондағы жыныс ерекшеліктерін және ұрықтың пайда болып, дамуын қамтамасыз ететін арнаулы жыныс жүйелері: аталық және аналық қалыптасады.
Көбею, яғни өзіне ұқсастың пайда болуын қамтамсыз ету, жанды мен жансыздың айырмашылығының негізгі белгісі болып табылады. Көбеюді қамтамасыз ету үшін жандының құрамында оған тән гендік ақпарат жазылған тек қана ДНҚ немесе РНҚ болса болғаны. Сондықтанда жандылардың ең қарапайымдары тек қана ДНҚ немесе РНҚ-лардан тұрады. Бұларды вирустар және нанобактериялар деп атайды.
Бейімделуді ары қарай жетілдіру үшін жанды қорғана білуі керек. Қорғану дегеніміз өзін-өзі сақтауды қамтамасыз ету. Сондықтанда жанды объектерде көбею қасиетінен соң қорғаныс қалыптасады. Жандының негізі мақсаты өзінің жанын, гендік ақпаратын сақтап оны келесі ұрпаққа жеткізу. Осы себептен жандының қорғанысы өзін өзіне тән емес басқа гендік ақпараттардан, яғни антигендерден, өзінің дұшпандарынан қорғану болып табылады. Бұл үшін жанды жүйеде өзіне жат химиялық ақпараттардан қорғайтын иммундық жүйе және жапқыш ұлпа қалыптасады.
Жанды сыртқы ортаға бейімделу үшін қабылдайтын ақпараттың екі түрі: физикалық және химиялық бар. Химиялық ақпарат өзгеріске ұшырамайды, сондықтан ол негізгі болып табылады. Сол себептен жанды объект сыртқы ортадан химиялық ақпараттар қабылдап, өз құрамына қажеттісін пайдаланып, ал қажеті жоғын қайтадан сыртқы ортаға бөліп шығарып отырады. Бұл топ қасиеттерді жанды жүйе қоректену арқылы жүзеге асырады. Адам денесінде сыртқы ортадан химиялық қосылыстарды қабылдайтын асқорыту және тыныс жүйелері, оны тасымалдайтын және жеткізетін қан мен қан айналу жүйелері, қуат пайда болуын қамтамасыз ететін бауыр, заттар және энергия алмасу, қолданылып болған, денеге қажеті жоқ құралымдарды бөліп шығаратын бөлу жүйелері қамтамасыз етеді. Кезкелген қоректенген жанды нәрсе өседі. Сондықтанда адам бойындағы өсуді қамтамасыз ететін осы жеті жүйені қосып вегететивтік (латынша vegatum - өсу) жүйелер деп те атайды.
Осыған байланысты биологияда көбею, қорғану және өсу қасиеттері бар жандыларды өсімдіктер деп атайды.
Жанды сыртқы ортаға бейімделуін ары қарай жетілдіру үшін оларда қозғалу қасиеті пайда болады. Қозғалу қасиеті бар жандылар тіршілігіне қауып төнсе қашып құтылады да, қажетті қорегін іздеп табуға мүмкіншілік алады. Қозғалуды қамтамасыз ету үшін тірек-қимыл құрамдары: қаңқа және ет ұлпалары қалыптасады. Олардың қызметерін реттеу үшін жүйке нышандары пайда болады. Бұл қасиетті адам денесінде қаңқа және бұлшықеттер жүйелері қамтамасыз етеді.
Биологияда көбею, өсу, қорғану және қозғалу қасиеттері бар жандыларды жәндіктер деп атайды.
Жандының денесі ұлғайып оның мүшелері маманданып, әртүрлі қызметтік-құралымдық жүйелер пайда болуына байланысты оның сыртқы ортаға бейімделуін және ішкі мүшелер мен ұлпалардың қызметтерін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ететін реттеу және басқару қызметтері қалыптасады. Сыртқы және ішкі ортадан өзі бейімделуге қажетті ақпараттарды қабылдау үшін оларды қабылдаушы сезім, он екі мүше, ал ақпаратты жинап сақтау үшін жүйке жүйелері қалыптасады. Дененің ішкі қызметтері мен құралымдардың қатынасын үйлестіретін ішкі реттеу жүйелері: ішкі секреция бездері және вегетативтік жүйке жүйесі қалыптасады.
Биологияда көбею, қорғану, өсу, қозғалу және реттеу қасиеттері бар жандыларды жануарлар деп атайды.
Басқару сананың қалыптасуына байланысты, сондықтан да ол тек қана кісіге тән, оны басқалардан өзгешелейтін қасиет және рухани тазалық негізі болып табылады.
Қазіргі кезде адамның дене қасиеттерін қарастырғанда оны қызметтік – құралымдық жүйелер және мүшелер деңгейінде қарастыру қалыптасқан.
Соңғы уақыттағы жаратылыстанудағы жаңа зерттеулер мен әдістемелік жетістіктерге байланысты жанды құралымдардың негізін құрайтын молекулалар және оның бөліктерін зерттеу, нанотехнология жетістіктерін қолдану кеңінен өріс алап келе жатыр.
Жандылардың қасиеттерін молекулалық деңгейде зерттейтін жаратылыстану бөлігі молекулалық биология деп аталады.
Жанды жүйелерді субмолекулалық және одан да төмен деңгейде зерттейтін жаратылыстану саласы биотехнология, гендік инженерия деп аталады.
Ал егерде ДНҚ, РНҚ-да жазылған тектік ақпараттар денатурацияға ұшыраса, онда жанды жансызға, затқа айналады. №3 кестедеадамның ұйымдасу деңгейлері көрсетілген.
Адам жеке дара тұлға есебінде қалыптасады, адамдардың бойындағы дене және кісілік қасиеттері жинақталып адам затын қалыптастырады.
Адам саулығы түсінігін талдау үшін келесі 3 топ сұрақтарға жауап беру қажет. Бірінші сұрақ - адам қайдан және қалай пайда болады? Екінші сұрақ - адам тіршілік дүниеге келгеннен соң оған қандай нәрселер әсер етеді және соған байланысты ол қалай өзгереді, яғни кісі қалай қалыптасады? Үшінші ең негізгі сұрақ - осының бәрі не үшін қажет?
Адамның пайда болуын қарастырғанда оны құрайтын табиғаты әртүрлі екі бөлігі: организм және кісі пайда болуын ерекшеліктерін жекелей қарастыруымыз керек.
Жандының ең негізгі биологиялық міндеті көбеюді қамтамасыз ету, яғни оны адамға аударсақ адамның жаратылу мақсаты өзінен кейін ұрпақ қалдыру, яғни бала туу. Адамның көбеюі жыныстық жолменен болуына байланысты, адам үшін ең негізгісі, осы үдерісті қамтамасыз ететін қоғамның негізгі бірлігі отау құру болып табылады. Адамның пайда болуы ата-анасынан жыныстық жасушалар арқылы алатын жан, тектік, гендік ақпарат арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл ақпаратсыз адам жарық дүниеге келмейді. Сол себептен адамның пайда болып, дүниеге келуін қамтамасыз ететін, жыныстық жасушалар арқылы ата-анасынан алынатын жанды негізгі ақпарат деп атадық. Бұл ақпаратсыз адам бұл жарық дүниеге келе алмайды.
Бұл ақпарат шартсыз, яғни еш уақытта өзгеріске ұшырамайды. Егерде бұл ақпарат өзгеріске ұшыраса, немесе онда ақау болса, ол адам құрылысы мен қасиеттерінде ауытқулар пайда болуына алып келіп ауруға шалдықтырады. Бұл ақпараттар жасушалардың түйінінде орналасып хромосомдық құралымда сақталады. Адамда 46, яғни 23 жұп хромосом саны бар. Ол оның бірінші жартысын (23–ін) әкесінен, ал екінші жартысын (23-ін) шешесінен алады. 23 хромосомды сыңар (гаплоид) құрылым, ал 46 хромосомды жұп (диплоид) құрам деп атайды. Бұл хромосомдарның 23-ші жұбы жыныстық хромосом, яғни адамның қандай жынысты болатынын анықтайды. Еркектердің жыныстық жасушаларынан және эритроциттерден басқа жасушаларында хромосомның толық құралымының 23-ші жұбы екі түрлі: X және Y болып келеді. Ал әйелдерде жыныстық хромосомның екеуі де X. Жыныстық жасушаларда жыныстық жұп хромосоманың тек қана сыңары болады. Аналық жыныстық жасушада сыңар хромосом барлық уақытта X болып келсе, ал аталық жыныс жасушасында (сперматозоид) X немесе Y, тек қана біреуі болады. Сондықтан аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып ұрық құралғанда, онда Y және X хромосомдар құралса - ұл, ал X және X хромосомдар болса - қыз бала пайда болып, дамиды.
Бала барлық биологиялық қасиеттерін және әлеуметтік қасиеттерінің негіздерін ата-анасынан алады. Сондықтан қазақ: “Тегі қандай?” – деп сұрағанда, бала ата-анасынан қандай қасиеттер алғанын анықтау және бұл адамға сенуге болама соны білу үшін сұрайды. Үйдің негізін іргетасы (фундаменті) құрайтыны тәріздес, адамның барлық қасиеті оның тектік ақпаратына байланысты болады. Ата-анадан алған тектік ақпараттар адамның барлық қасиеттерін анықтайды. Сондықтан қазақ: «Текті жерге қыз беріп, текті жерден қыз ал» - дейді. Тектік, гендік ақпаратты жүзеге асыру нәтижесінде адамда тәнсаулықтың негіздері: дене (сома) және жыныстық дамулар қалыптасады.
Қазақтың түсінігі бойынша екі топ адамдар құлдар және некесіз туған балалар тексіз. Сондықтан да қазақ оларды тексіздер деп атайды. Құлдардың тексіз деп аталатын себебі оларда адам есебінде биологиялық қасиеттер толығымен бар да, ал олардың бас бостандығы жоқ болуына байланысты олар кісі деп саналынбайды. Олардың әлеуметтік қасиеттері толығымен жүзеге аспайды. Қазақ: «Есектің күші адал, еті арам» - деп айтқанындай, құлдың күші күші қолданыс табалы, ал кісілік еркіндігі жоқ. Осыған байланысты құлдардың бойында әлеуметтік ақау бар. Осыған байланысты Орыс империясында Құлдық жойылған 1861 жылға дейін қожайыны құлын өлтіруге де құқықты болатын.
Ал некесіз туған балалардың тексіз деп аталу себебі келесіде. БДҰ анықтамасы бойынша әрбір адамда екі түбір бар: биологиялық және әлеуметтік. Некеден туған баланың бойында әкесінің де, шешесінің де биологиялық және әлеуметтік қасиеттері бар төрт тамыр толығымен қалыптасқан. Некесіз туған балада анасының екі топ қасиеттеріде бар, ал әкесінің биологиялық қасиеті бар, ал некеге тұрмағанға байланысты кісілік қасиеті жоқ, яғни ақауы бар. Қазіргі кезде организмнен тыс жасанды ұрықтандыру және ұрықты жатырға салу әдістері жетілуіне байланысты ата-анасының денсаулығы жарамаса баланы сурагатты ана жатырында дамыту жүзеге асырылып жатыр. Бұл жағдайда егерде ұрық ерлі-зайыптылардан болып, сурагатты ана жатырына салынса, онда бала некеден туған, текті болып саналады. Ал егерде ұрықтану үшін сурагатты ананың жыныстық жасушасы қолданылса, онда бала некесіз туған, тексіз болып саналады. Себебі оның әлеуметтік, заңды анасы жоқ, ақауы бар.
Жоғарыда БДҰ денсаулық анықтамасында көрсетілгендей егерде адамда ақау болса, онда оны толық сау деп атауға болмайды. Ал құлда, некесіз және сурагатты әдіспен туған кейбір балаларда әлеуметтік ақау болуына байланысты олар тексіз деп саналады.Стистика көрсеткендей көптеген жасанды жолмен дүние келген адамдарда ұрпақтың болмауының негізгі себебі тексіздік болып ке леді.
Сонымен бірінші сұрақтың бірінші бөлігі: «адамның биологиялық қасиеттері, организм майдан және қалай пайда болады?» – дегенге, тән адам үшін негізгі ақпарат болып табылатын әке-шешесінен жыныстық жасушалар арқылы берілетін жан, тектік, гендік ақпарат негізінде пайда болады деп жауап қайтарамыз.
Адамның бойындағы әлеуметтік қасиеттер оған Жалғыздан үрленген жеке рухтың негізінде қалыптасады. Көбінесе ол рухтың көрсеткіштері адамның тегіне байланысты болады.Әрбір кісіге оның жеке рухын Жалғыз оның анасының құрсағында даму кезінің 13 аптасында үріп салып оны жазмыш (аура) түрінде аманат етіп тапсырылады. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар. «Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар; тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар.(27) Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар. (28)» (Қ.С-8;)
Адам жарық дүниеге келгеннен соң, ондағы тіршілік өміріне тән, пенделік қасиеттердің барлығы шежірелік, тектік, гендік ақпарат негізінде шартсыз қалыптасатын болса, ал оның өмірге деген көзқарасы, ақыл-ой қабілеті, қоғамдағы басқа адамдармен қарым-қатынасы оның тіршілік өмір сүретін табиғи және қоғамдық ортасының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Қоғамдық қарым-қатынастар әрбір кісінің жеке рухының және сол қоғам тіршілік ететін табиғи ортаның ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Сонымен әлеуметтену арқылы адамда кісілік қасиеттер қалыптасады.
Адамның қалыптасуына көптеген факторлер әсер етеді. Оның негізгісі ата-бабадан алатын жан, тектік ақпараттың сапасы. Адамның қалыптасуына ол анасының құрасында дамыған кезінде анасы тамақ арқылы алған өскен жердің топырағының құрамыда қатысады. Мұндағы аса маңыздысы тәлім-тәрбие ерекшеліктері.
Жер ғаламшарындағы әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән топырағының құрамы және тілі болады. Сондықтан адам дені сау болу үшін оның денесінің құрамы тұрған жерінің топырағы құрамына бейімделіп, сәйкестенуі қажет. Осы тәріздес қоғамдық топта дұрыс қалыптасып жақсы өсіп-өнуі үшін сол жердің «тілін» табуы, яғни сол жердің тілінде сөйлеуі керек. Осыған байланысты «тілін тапты», яғни жақсы бейімделді деген ұғым қалыптасқан.
Жер шарының нақты аймағында қоғамның қалыптасуының өз ерекшеліктері бар. Адам затының екі бөлігі: биологиялық және әлеуметтік қасиеттері болуына байланысты әрбір топ қасиеттердің өзінің қалыптасу ерекшелігі бар. Адамның денесінің құрамы сол адам тіршілік өмір сүретін жердің топырағының құрамына сәйкес болуы қажет. Тек қана осы жағдайда ол дене сол жерге жақсы бейімделе алады, яғни тәнсаулығы жақсы болады. Бала анасының құрсағында өсіп, дамыған кезінде анасы жеген тамақтың құрамы арқылы алынған сол жердің топырағының құрамы оның ДНҚ-ын қоршаған электромагниттік өрісте жазылады. Адам жасы жетіп қартайған сайын ол ақпарат оған хабар беріп, адам туған жерін аңсайды. Оны қазақ: «Кіндік қаны тамған, туған жері тартып жатыр» - дейді. Сондықтан адам дені сау болу үшін өзі тіршілік өмір сүретін жердің топырағына бейімделуі қажет. Бұл бейімделу тек қана тамақ қабылдау арқылы жүзеге асады.
Ал адам дұрысқоғам болып қалыптасу үшін ол да сол жердің «тілін» табуы керек, яғни сол жердің тілінде сөйлеуі керек. Соның негізінде ұлыстар, ұлттар, нәсілдер пайда болады. Адамдардың тектік қасиеттері бірдей болсада, олар нақты жердің тілінде сөйлеуіне байланысты олардан әртүрлі ұлттар қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қазақтар және жапондықтар. Өткен ғасырдың соңындағы жапон ғалымдарының зерттеуі бойынша қазақ және жапон ұлттарының ұлтты анықтайтын тектік қасиеттері 93,7% ұқсас болып шыққан. Бірақта бұл тегі ұқсас топтықтар екі ұлт құрайды. Себебі, қазақтар қазіргі тұрған жерінің тілін тапқан, яғни қазақша сөйлейді. Ал жапандағы ағайындар, жапондықтар, сол жердің тілінде- жапонша сөйлейді.
Қазіргі Қазақстанда тұрып жатқан қазақтардың тікелей ататегі VII ғасырда Орхон өзені бойында Монголия жерінде тұрғанда сол жердің тілінде сөйлеген. Оған куә Құлтегін жазбалары. Сол кездегі ата-бабаларымыздың жазғанын қазіргі тілге аудару үшін 100 жылдан артық уақыт еңбек етуге тура келді. Бұл мысал, біздің ата – бабаларымыз жетінші ғасырда басқа тілде сөйлеген екеніне дәлел болады. Жетінші ғасырдан соң олар қазіргі Қазақстан жеріне көшіп келгенде бірте бірте осы жердің тілін табуға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде жаңа ұлт қалыптасты.
Сондықтан әрбір адам топтары өздері тұрған табиғи жердің тілінде сөйлесе ғана өсіп өнеді, ұрпағы дамиды, ұлт болып қалыптасады. Ал егерде ол жердің тілін таппаса, онда бірте-бірте азғындап, жойылып кетеді. Және бір мысал, Дағыстан. Бұл аймақта 60 аса ұлыстар бар. Кішкентайт таудың күнгейі және теріскейінің өз тілі бар. Сондықтан сол аймақта тұрып жатқан ұлттар, ұлыстар сол жердің тілінде сөйлейді, әйтпесе ұлт, ұлыс есебінде қалыптаспай жойылып кетеді.
Ұлт болып қалыптасу шартсыз, тектік ақпарат негізінде жүзеге асады. Ол үшін келесі белгілер болуы қажет: 1) жан, тектік, гендік ақпарат бірлігі, 2) сол жердің тілін табу, яғни сол жердің тілінде сөйлеу, 3) белгілі бір аймақтық қорғалатын шекара. Ал ел, халық, мемлекет дегеніміз шартты ұғым. Бұл жағдайда кез-келген 1) шартты тіл және 2) шартты шекара болса болды. Ұлттың үш белгісі бар, ал елдің екі белгісі бар. Ұлттың белгілері өзгермейді, ал мемлекет белгілері жиі өзгеріске ұшырап отыруы мүмкін. Мысалы: ҚСРО, Үндістан, Югославия жіне т.б. Ұлттың пайда болуы, қалыптасуы, өркендеуі және жойылуы, яғни этногенезі орта есеппен 1 200 жылға созылады. Мемлекет ұғымы шартты болуына байланысты оның пайда болуы, жойылуы мұндай тұрақты болып келмейді.Мысалы, ССРО-ның 70 жыл ішінде қалыптасып, жойылуы. Қазіргі кездегі кейбір мемлекеттердің жойылып, жаңаларының қалыптасуының куәсі болып отырмыз.
Әрбір қоғамдық топтың тіл, тарихи, табиғи, мәдениет және т.б. қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты өзара айырмашылықтары бар. Бұның бәрі тек қана адамға ғана тән, оның қоғам құрып өмір сүруіне байланысты, оны басқа жанды жүйелерден ажырататын негізгі айырмашылығы. Бұлардың бәрі тек қана қоғамдық ерекшелікке байланысты болуы себепті адамға әсер ететін бұл топ факторлерді біз шартты ақпаратдеп атадық. Шартты ақпарат адам тәрбиесінің, бапталуының, көргенділігінің, яғни адам туғаннан кейінгі оның биологиялық өмір негізінде қалыптасатын ақыл-ой, әлеуметтік қатынасы ерекшеліктері мазмұнының жиынтығы болып келеді. Шартты ақпаратты жеткізу сөз арқылы жүзеге асады. Бұл ақпараттар орталық жүйке жүйесінде жинақталлып, сақталып және жүзеге асып отырады.
Адамның кісілік қасиеттерінің, оның негізі ақыл-ойдың қалыптасуына оның сөйлейтін тілі әсер етеді. Адам өзінің түйсігі қалыптасқанға дейін, яғни бір мүшел толғанға, әсіресе 3 жасқа дейін, сөзді бірінші қай тілде айтса (тілі шықса), тіршілік өмір бойы оның ойлау қабілетінде сол тіл басымдық етіп отырады. Ал кісі қай тілде ойлап – сөйлесе, ол сол тілдегі қоғамның мүшесі болып қалыптасады. Мысалы, егерде баланың әке-шешесі қазақ болса, онда ол тегі жағынан, биологиялық қазақ. Ал егерде осы баланың тілі орысша шықса, ол алғашқыда орыс тілінде ойлап-сөйлейтін болса, онда ол орыс қоғамының мүшесі болып қалыптасады. Бұл жағдайда оның тектік, гендік ақпаратының жүзеге асуы және оның кісі ретінде қалыптасуы біріне-бірі сәйкес, бір бағытта болмайды, қайшылыққа түседі. Бұндай адамдарды: «шала қазақ»- деп атау осы қайшылыққа байланысты. Қайшының қызметі не? Кесу. Сондықтан мұндай қоғамда күтілетін орташа тіршілік өмір жас қысқарады, ол уақтылы шаралар қолданбаса ұлттың, ұлыстың жойылуына әкеліп соғады. Бұрынғы ССРО аймағында 70 жыл ішінде 20 аса ұлыстардың, ұлттардың жойылу себебі осыда болды. Себебі олар ана тілінен айырылды. Ана тілі жоқ жерде ұлтта жоқ.
Тәлім-тәрбие, баптау, көргенділік дегеніміз адам бойындағы ата-баба тегінен, әкесі және анасы арқылы, келе жатқан жанды, тектік, гендік ақпараттарды баптау арқылы жүзеге асырып, ұрпақты тіршілік өмірге және Жалғыздан келетін шынға сәйкес орындап, мойындап, соларға тиімді бейімделуін қамтамасыз ету.
Қоршаған дүниенің шарты әсерлерінен әлеуметтену, социализация нәтижесінде шежірелік тектік (гендік) ақпарат негізінде адамның ақыл-ойы (психика) және қоғамға деген (әлеуметтік) көзқарасы, санасы, имандылығы қалыптасады. Жер бетіндегі жаратылғандардың ішінде тек қана адамға Жалғыз Жаратушы Ием сана беріп, өзінің тіршілік өмірдегі жолын таңдауға мүмкіншілік берген. Адамнан басқа ешқандай жай жетілген жүйелер, жан иесі өзінің өмір жолын таңдай алмайды, олар тек қана солардың жаратудағы дініне байланысты шартсыз (өзгеріссіз) түрде жүзеге асып отырады. Тек қана адам өзінің биологиялық өмір жолын таңдай алады. Жолды таңдау оның бапталуына, тәрбиесіне байланысты. Адам егерде тіршілік өмір жолы Жаратушы иемнің нұсқауларына сәйкес жүзеге асып, бірлікке, ақиқатқа жетсе, онда оны біз оң, тура, әділет жолы (шариа, дао, йога, религия және т.б.) дейміз де, ол адамды сенуші деп атайды. Бұл кісі салауатты өмір салтын сақтаған болады.
Ал егерде адам нұсқауды және табиғи заңдылықтарды орындамай, өз бетімен білгенін істесе онда ол мақсатына бірлікке жетпейді. Оны сол жолдағы, дінсіз, шайтанның досы, сенімі жоқ, өтірікші, алдамшы, иманы аз адам деп атайды. Бұл кісі салауатты өмір салтын сақтамаған болады.
Екінші - адам тіршілік дүниеге келгеннен соң оған қандай әсерлер болады және соған байланысты ол қалай өзгереді? – деген сұраққа адам тіршілік дүниеге келгеннен соң оның шартсыз, шежірелік, тектік, гендік және Жалғыздан үрілген рухани ақпараттар негіздерінде пайда болған қасиеттеріне қоршаған дүниеден әлеуметтікшарттыақпаратәсер етіп, оның ақыл-ой және әлеуметтік қатынасын, яғни адамның кісі есебінде қалыптасуын қамтамасыз етеді деп жауап береміз.
Жоғарыда көрсетілген негізгі және шартты ақпараттардың жүзеге асу нәтижесінде адам заты толық қалыптасып, өзінің негізгі биологиялық міндеттері – көбеюді және тамақтануды, әлеуметтік қызмет көрсеткіші – адал еңбекті жүзеге асыруға дайындалады. Оның бәрі адамның негізгі мақсаты – бірлікке жетуге бағытталған. Ал егерде кісі өзінің басты мақсатына жетпесе, онда ол тек қана адам атында күн көріп, тіршілік еткен болады, «адам заты»- деген атына толық сәйкес келмеген болып саналады. «Адам заты» атын толығымен тек қана басты мақсатына – жеке рухтарын бірлікке жеткізген адамдар ғана ақтай алады.
Ал мұның бәрі не үшін қажет? Адам денесіндегі қасиеттердің бәрі оның қоршаған табиғи ортаға, Жер жағдайына сәйкес бейімделуін қамтамасыз ету арқылы оның өзінен кейін ұрпақ қалдыруын жүзеге асару және жеке рухын бірлікке жеткізу үшін қажет.
Адам денесінің құрамы жерге тәуелді, сондықтан ол өзі тіршілік етіп жатқан аймақтың топырағының құрамына бейімделуі қажет. Адам денесінің құрамының тұрып жатқан жерінің топырағының құрамына сәйкес болуы оның тәнсаулығын қамтамасыз ететін негізгі шарттың бірі болып табылады.Адам денесіндегі ұзақ уақытқа бейімделудің химиялық негізде жүзеге асатыны сондықтан. Бейімделу дегеніміз жанды нәрсенің өзінің ішкі құбылыстары мен құралымдарын сыртқы орта талабына сай келтіруі және күн көру критериясы.
Кез-келген жанды жүйе өзінің ішкі мүмкіншіліктерін тек қана сыртқы орта талаптарына сай келтіріп бейімделе алған жағдайда ғана күн көре алады, ал бейімделе алмаса жойылып кету қаупі пайда болады. Сол себептен, жанды жүйелердің сыртқы ортаға бейімделу мүмкіншілігі оның күн көруін қамтамасыз ету әдісі және тіршілігінің көрсеткіші болып табылады. Кез-келген жанды бейімделе алмаса онда дезадаптация, ауытқулар, патология пайда болып ол ауыруға ұшырайды да, ал ол өлімге алып келуі мүмкін.
Қоршаған орта дегеніміз не және онда бейімделуге қажетті ақпараттар қалай пайда болады? Қоршаған орта деген ұғымға адамға сырттан әсер ететін, тікелей қоршаған ауадан бастап, өзінен басқа, барлық құбылыстар мен құралымдар жатады. Сондықтан бұл өте кең, шексіз ұғым. Адамнан тыс орналасқан барлық әсерлердің жиынтығы басты ақпарат деп аталады. Абсолютті жетілген жүйенің ақпарат көзінен шығатын барлық факторлер жиынтығы қоршаған дүние деп аталады.
Адамның кісілік қасиеттері, жеке голограммасы Жалғыздың жалпы голограммасының, рухының бір бөлшекшесі. Сондықтан да кісі Жалғызды, одан шыққан шынды мойындау арқылы жаратылғандағы басты мақсаты рухын өзінің шыққан орнына қайтып апару болып табылады. Кісінің жеке голограммасы үрленген уақытынан бастап оның өзінің шыққан орнына қайтып бару уақытын адамның жеке өмірі деп атайды. Адамның жеке өмірі, голограммасы Жалғыздың жалпы голограммасының бөлшекшесі болуына байланысты адамның өмірі де мәңгілік болып сипатталады.
Кісінің өзінің жеке голограммасын шыққан орнына қайтып баруын қамтамасыз етсе, онда адам кісі есебінде басты мақсатына -бірлікке жетті, салауатты өмір салтын сақтады, аманатты тапсырды деп саналады. Бұл рух қайтып келген мәңгілік орынды пейіш деп атау қалыптасқан. Ал егерде кісі өзінің тіршілік өмірінде шынды мойындамаса, өтірік айтса, жалған іс-әрекет жасаса онда оның жеке голограммасы сол адамның жасаған қателіктерін өтейді. Оны өтеу қиямет күнінен соң болады. Көбінесе кісінің қателесуіне негізгі себепкер шайтан болуына байланысты, ол шайтанмен достасып отқа жақындайды. Сол себептен тіршілік өмірдегі қателерді (күнәларды) өтеу қиямет күнінен соң айтқан өтірік және істеген жалған іс-әрекет дәрежесіне сәйкес отқа күйдірілумен жүзеге асады. Бұл жағдайда адам өзінің басты мақсатына жетпеген, салауатты өмір салтын сақтамаған, аманатты орындамаған болып саналады. Өтеу жүзеге асатын мәңгілік орынды тозақ деп атау қалыптасқан.
Ал қоршаған ортадағы барлық ақпараттың шығатын жері абсолютті жетілген жүйенің ішкі ақпарат көзі, Жалғыз, Абсолют, Ие болып табылады.
Жалғыз және кісінің арасында көптеген субъективті құбылыстар орналасатынын естен шығармау керек. Олар періштелер, перілер, жындар және т.б. Қазіргі кезде олардың бәрін жинап эгрогорлар деп атайды.
Эгрегорлар (әруақ) деп жеке адамдарға, топтарға, қоғамға реттеуші әсер ететін субъективті ақпараттық құбылыстарды айтады. Олардың әсерлері Жалғыздан басқа деңгейлердің бәрін қамтиды.
Жүйенің бейтараптық қасиетіне байланысты эгрегорлар ақ және қара болулары мүмкін, яғни кісіге оң немесе теріс әсер етеді. Кісілерге қуаныш, имандылық, игілік және ақиқат алып келетін, оларды Бірлік құруға жұмылдыратын эгрегорлар ақ ниеттілер. Эгрегорлар әсерінен кісілер және қоғамдық топтар өздеріне және қоршағандарға зияндарын тигізсе, оладың қара ниетті, теріс болғаны. Жалғыз, ақиқат ақпарат көзі ретінде еш уақытта зиянды әсер етпейді. Бұл туралы Кітапта келесі нұсқау бар: "Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды" (Қ.С-18; А-49.)
Кейбір жағдайларда эгрогорлар адамдар іс-әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасуы да мүмкін. Мысалы, кейбір ұжымдар, қоғамдық топтар ұйымшыл болады, ал кейбірінде береке жоқ. Оның себебі сол қоғамдық топтың әрбір мүшесінің топ туралы ойлаған ойлары, іс-әрекеттерінің нәтижелерінің қалдық ақпараттары жинақталып сол қоғамдық топтың эгрогорын қалыптастырады. Алғашқыда жоқ эгрогор, қалыптасып алғаннан соң өзін пайда болуын қалыптастырған қоғамдық топтан жоғары орналасып олардың іс-әрекеттеріне әсер етеді. Осылайша қоғамдық топтың әрбір мүшесі өздерінің ойларының және іс-әрекеттерінің нәтижесінің дәмін тата бастайды.
Осы тұрғыдан, көктен ақпарат аламын дейтін кісілердің басқа кісіге зияны тисе, онда ол қара ниетті, теріс эгрегордың басқаруында болғаны. Адам үшін қара ниетті эгрегордың мысалы Ібіліс, шайтан. Осы топқа кісілерге және қоғамға зиянын тигізетін қара ниетті жындар, осындай ақпараттық құралымдардың басқаруымен жұмыс істейтін қара ниеттер, сиқыршылар және т.б. жатады.
Үшінші - осының бәрі не үшін қажет? – деген ең басты сұраққа: мұның бәрі адамның өзінің басты мақсаты – Жалғызға қайтып баруы үшін қажет деп жауап береміз. Оны адам өзінің ұлағатты өмір сүруін: пенденің - ұрпақ қалдыруын, адал тамақ жеуін, кісінің – шынды мойындауы арқылы адал еңбегімен өзіне тапсырылған аманатты орнына қайтаруды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.
Жоғарыда көрсетілген түсініктемелер нәтижесінде денсаулықтың келесі анықтамасын және үлгісін ұсынамыз ( сурет).
Денсаулық, салауаттылық – адам бойындағы ақпараттардың сәйкестіліктік нәтижесі, сұлулық. Ол пенеденің ұрпақ қалдыруын, адал тамақтануын және кісінің адал еңбек етуінің, рухани және дене тәрбиесінің сәйкестілігінің нәтижесі болып келеді. Адамның рухани және тәндамуы тектік, гендік ақпарат негізінде қалыптасады. Олардың сәйкестілігі пенденің табиғи қоршаған ортаға, негізінен Күн жүйесіне бейімделуін, ал кісінің, Жалғызды, одан шыққан шынды мойындауын қамтамасыз етеді.
Сонымен, адам денсаулығы екі саулықтан: әлеуметтену нәтижесінде қалыптасқан дін саулығы және тектік қасиеттерінің биологиялық жүзеге асуы арқылы пайда болған тәнсаулығынан құралады.
Тәнсаулығы өз кезегінде екі топқа бөлінеді: дене саулығы, соматикалық және репродукциялық, жыныстық саулық. Соматикалық саулық пенденің ішкі қызметтік-құралымдық жүйелері мен мүшелерінің сәйкестілігінің көрсеткіші болып келеді. Ал репродукциялық саулық пенденің жанының қызметі - өзінен кейін ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ету көрсеткіші.
Дін саулығы, руханият - ақыл-ой (психикалық) саулығынан және имандылықтан тұрады. Ақыл-ой саулығы, дұрыстығы кісінің саналық мүмкіншіліктерінің сәйкестілігі көрсеткіші болса, имандылық - оның рухының, ішкі дүниесінің тазалығы дәрежесін көрсетеді.
Сонымен, жоғарыда БДҰ көрсеткендей денсаулықтың үш түрі бар: тәнсаулығы, ақыл-ой саулығы және имандылық.
Адам затының құрамындағы бөліктерінің оған қосатын үлестері әртүрлі. Адамның рухани қасиеттері оның затының 60%-ға дейін құраса, ал биологиялық қасиеттері - 40 % құрайды. Біздің бұл тұжырымымыз БДҰ қортындысына сәйкес келеді. 1998 жылы БДҰ Еуропадағы бюросының қортындысы бойынша адам саулығының 55-60% жуығы оның өмір салтына, 18-20% жуығы тектік, гендік ақпарат негізіне және 18-20% жуығы адамның табиғи қоршаған ортамен арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болады.
Тәнсаулығы адамның биологиялық қасиеттерінің жүзеге асуының қортынды көрсеткіші. Адамның барлық тектік, гендік ақпараттарды оның жанды денесінде, организмде жүзеге асады. Сондықтан адам денесін шартты екі бөлікке бөледі: оның тәні, сомасы және гені, жаны. Биологияның дене құрылымын зерттейтін бөлігін морфология (лат. morfosis – құрылым, құрылыс) деп атайды. Жан сәйкес құралымдарда жүзеге асатын ақпарат түрінде хромосомаларда ДНҚ және РНҚ түрінде химиялық жолмен жазылған. Жан жүйелер мен мүшелердің әртүрлі қызметтері түрінде білінеді. Тектік, гендік ақпараттың бұзылуы ұлпалар және мүшелердің қызметтерінің жойылуына әкеліп соғады, яғни жан жойылады. Биологияның жанның қызмет түрінде білінуін зерттейтін бөлігін физиология деп атайды. Осы уақытқа дейін физиология латын тілінен тіршілік табиғаттын зерттейтін ғылым деп аударылып келді, ал ол негізінде – жан білінуін зерттейтін ілім деп қарастырылуы керек. Сонымен, физиология – жан әрекеттерін зерттейтін ілім. Бұл туралы түсініктерді сәйкес бөлімдерде толығырақ тоқталамыз.
Адам тәнсаулығы оның тәнкұрылысы, сома және жан ерекшеліктері жиынтығы болуына байланысты, олардың өздеріне тән салауаттылық бөліктері бар. Дене саулығына тән 40% салауаттылықтың 20%-ке дейінгі бөлігін сома құраса, қалған 20%-ке дейінгі бөлігі жанға тәуелді. Тәнқұрылысы жағдайы оны құрастыратын химиялық қосылыстарға тәуелді. Адамға денесі құрылысы құрамында Д.И.Менделеев кестесіндегі элементтердің 60 жуығы қатысады. Олардан басқа адам сыртқы ортадан 8 ауыспайтын аминқышқылдарын және 25-ке жуық дәрумендер қабылдайды. Сонымен адам 90 артық химиялық қосылыстар қабылдауы қажет. Біз оларды тамақ, су және ауа құрамындағы химиялық элементтер түрінде аламыз. Соңғы уақытта біз оларды таза, зиянсыз күйінде емес, ластанған, зиянды қосылыстар есебінде алуымызға байланысты көбінесе оларды экологиялық әсерлер деп атап жүр. Жан – тектік, гендік ақпараттың жүзеге асуы. Сол себептен, адам бойындағы жүйелер мен мүшелердегі гендік ақпараттардың сапалық және сандық өзгеруіне байланысты сырқаттар тұқым қуатын деп аталып жүр.
Ақыл-ой дамуын және оның қалыптасу ерекшеліктерін психология қарастырады. Соңғы кезде саулықтың бұл түріне көңіл аударыла бастады. Ал салауаттылықпен айналысатын ілімдер имандылық мәселесі туралы өте аз зерттеулер жүргізіде. Себебі имандылық сұрағымен әлеуметтік ілімде, религия айналысу керек деген ұғым қалыптасқан. Осы уақытқа дейін медицина негізінен денсаулық мәселелерін, ал ақыл-ой мәселесін тек қана мінезінде және ойлау қабілеттерінде ауытқулар болғанда ғана қарастырып келеді. Осыған байланысты медициналық жіктеулерде, классификацияларда имандылық мәселелері жоқ есебінде, ал ақыл-ой, психикалық саулық туралы аздаған қозғалыстар байқалғанымен, имандылықты зерттеу мәселесі мұз болып қатып жатыр. Адам затының 60% оның ақыл-ой саулығына және имандылығына байланысты екеніне қарамастан бұл сұрақтар күн мәселелерінде жөнді қойылмай жүр.
Адамның ақыл-ой саулығы оның тәнсаулығы және имандылығы арасындағы байланыстырушы қызметіне байланысты салауаттылыққа өте күшті әсер етеді. Ақыл-ой саулығы толық емес жерде имандылықты қалыптастыру мүмкін емес. Жеке адамдардың әлеуметтену ерекшеліктері олардың ақыл-ой саулығына негізделеді.
Адамда сәйкестілік болу үшін ол қоршаған дүниеден қажетті ақпарат қабылдауы қажет. Сыртқы дүние ақпараттарын адамға әсер ету табиғатына байланысты екі топқа бөлінеді. Оның бірінші тобын көктен келетін шын ақпараттар құрайды. Бұл ақпараттар адамды басқарушы қызметін атқарады. Екінші тобына табиғи қоршаған орта ақпараттары жатады. Адам оларды сезім жүйелері арқылы қабылдап бейімделіп тіршілік етуін және күн көруін қамтамасыз етеді.
Екінші топ ақпараттарды қабылдайтын жүйелер бізге жақсы таныс. Оларды сезу жүйесі немесе сезім мүшелері деп айтамыз. Табиғатына қарай бұл ақпараттар 2 топқа: физикалық және химиялық болып бөлінеді. Физикалық табиғатты ақпараттарға адам организмі ырғақтарға бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұлар: жарық, дыбыс, жылу, ылғалдық, механикалық әсерлер, жердің тартылыс күші.
Химиялық ақпараттар қабылдайтын жүйелер қорғаныс қызметін және ұзақ уақыт бейімделуді жүзеге асырады. Олар иіс және дәм сезу жүйелері. Иіс қабылдау жүйесі адам үшін ең объективті ақпарат қабылдаушы болып табылады. Сыртқы ортадан келетін иістер иіс шығарған объектердің адам үшін пайдалы немесе зиянды екенін жеткізеді. Пайдалы объектер жағымды, жанға жайлы, жақсы, хош иісті болса, ал зиянды заттар – мүңкіген, сасық жаман иісті болады. Адам денесінен шыққан иіс оның рухани тазалығының көрсеткіші болып табылады. Мысалы, нәрестелерден шығатын жағымды иіс, күнделікті иіс су қолдану. Егер организмге зиянды химиялық қосылыстар ене бастаса, қорғаныс рефлекстері жүзеге асып, түшкіріп, жөтеліп, лоқсып, құсып олардан құтылуға тырысамыз. Ал тамақ құрамындағы адам бойына сіңетін нәрлер адам денесінің сол тіршілік етіп отырған жерінің топырағының құрамына түпкілікті, тұрақты бейімделуін қамтамасыз етеді. Мұндай қосылыстарды адаптогендер деп атауы осыдан. Адамның барлық шартты іс-әрекеттері тамақ негізінде жүзеге асауы осыған байланысты.
Бірінші топ ақпараттарды қабылдайтын жүйелердін рецепторлары теріде, ал орталықтары чакра түрінде ОЖЖ бойында орналасқан. Адам, жай жетілген жүйе болуына байланысты және көктен 7 ақпарат түрін (кемпірқосақ) ондағы көздер (чакралар) саны да 7. Жапқыш ұлпада орналасқан рецепторлар саны 1 жыл ішіндегі күндердін орта санына тең, яғни 360. Әрбір көз (чакра) басты ақпараттың 7 түрінің тектес ақпарат түрін қабылдауына байланысты, оған ақпарат жеткізетін рецепторлар және сол ақпараттарды жүзеге асыратын мүшелер мен ұлпалар бірігіп сәйкес ақпарат қабылдаушы жүйе құрайды. Чакралардан өңделіп шыққан ақпараттар адам денесін қоршап орналасқан аураларды қалыптастырады. Сондықтан да ауралар саны да жетеу.
Әрбір чакра ақпаратты аспаннан және жерден қос ақпарат қабылдауына байланысты қабылдаушы жүйелер саны 14. Осы негізгі 14 ақпарат қабылдаушы жүйелер бірігіп ақпарат қабылдаудың басты, макрожүйесін құрайды. Қоршаған дүниеден адамға аспан мен жерден негізгі ақпараттың он түрі әсер етуіне байланысты, организмде осы 10 түр ақпаратты тектес жүйелер арқылы қабылдайды. Осы себеппен адам денесінің бір жағында қолы мен аяғында 10 саусақ бар. Әрбір саусақтың екі жақтауы, яғни барлығы 20 жақтау бар. Адамның саусақтары қоршаған дүниеден ақпарат қабылдайтын антенна қызметін атқарады. Бұл жүйелер қоршаған дүниеден метафизикалық ақпарат қабылдап, организмде сәйкестілік болуына зор әсер етеді.
Тектес ішкі жүйелер, мүшелер және ұлпалар қабылдайтын ақпарат көлімі өзгерсе, онда бұл құралымдар сәйкессіздікке, дисгармония ұшырап, аурулар пайда болады. Бұл сәйкессіздікті жою үшін ақпарат түрлерін қабылдайтын нүктелерге саусақтармен (үзу, нүктелік уқалау және т.б.) немесе аспаптар (ине, ток, химиялық қосылыстар, қыздыру және т.б.) әсер етеді. 10 ақпарат түрлерін қабылдайтын бұл нүктелерді ақпарат қабылдаушы нүктелер деп атайды. Негізінен соңғы уақытқа дейін бұл нүктелер ине шаншып емдеуге қолданылғандықтан оларды ине шаншитын немесе акупунктура нүктелері деп атап келген. Бұл нүктелерге аспаптармен әсер ету бір жерде орныққан, көшпейтін халыктарда жақсы дамыған. Мысалы, Кытай, Корея және т.б. Ал көшпенді халыктарда бұл нүктелерге саусақпен әсер ету арқылы емдеу жақсы жетілген. Мысалы, қазақтардың үзіп емдеуі.
Қазіргі кезеңде ауруларды болдырмау немесе жалпы емдеу мәселелерінде ресми (европалық) медицинада организмге ақпаратты химиялық әдіспен енгізу, яғни химиотерапия әдістері мен тәсілдері кеңінен қолданылады. Сондықтан да қазіргі емгерлерді қазақ – дәрігер деп атайды. Шығыс медицинасында (Қытай, Корея, Вьетнам және т.б.) организмге басты, макрожүйе арқылы әсер ету тәсілдері қалыптасып, жақсы дамыған. Кейбір елдерде (Қытай, Корея, Вьетнам және т.б) оның шеткі бөлігіне әсер ету жақсы жетілген болса, ал Үндістанда оның ортаңғы бөлігіне – көздерге (чакраларға) әсер ету жақсы дамыған.
Ақыл-ой, психикалық саулық адамның әлеуметтенуінің, кісі қалыптасуының негізгі бола отырып, дамудағы биологиялық және әлеуметтік қасиеттер, жеке адам және қоғам арасындағы байланыстарды қамтамасыз етеді. Өкінішке орай ақыл-ой саулығына осы уақытқа дейін жеткілікті көніл бөлінбей келді. Бұл мәселе енді-енді жандана бастады.
Кісіні сипаттайтын басты көрсеткіш оның имандылығы болып табылады. Имандылық кісінің рухани тазалығының деңгейі. Басқару қағидасына сәйкес имандылық негізінен үш құрылымнан: сенім, ар-намыс және игіліктен құралады. Егерде имандылықтың құрамындағы осы үшеуі сәйкестілікте болмаса, біреуі аз немесе жоқ болса ад
амды иманды деп айту өте қиын. Мысалы, ретінде өмірде кездесетін, үшеуінін біреуі ғана басым жағдайларды қарастырайық. Егер кісіде тек қана сенім басым болса, ал ар және игілік жеткілікті болмаса, оны онда соқыр сенім деп атайды. Егерде кісіде тек қана намыс басым болса, ал сенім және игілік қажетті деңгейде болмаса, онда ол жалаң патриотизм, ұраншылдыққа алып келеді. Ал тек қана өзінің, жеке басының игілігін ойласа, онда сенім және ар-намыс жеткіліксіз болса, кісі дүниеқоңыз, эгоист болып қалыптасады.
Адамның негізгі құралымдары: рухы, ақыл және тәнінің тек қана өздеріне сәйкес әсер ету ерекшелектері бар (сурет). Рух – тазартылады, ақыл – жетілдіріледі, тән – жанартылады. Тәннің жаңаруы тәнсаулықты қамтамасыз етеді, ақылдың жетілуі адамды тіршілік өмірінде әділдікке, түзу жолға дейін көтереді, ал осының бәрі рухтың тазалығын қамтамасыз етеді. Сонда ғана адам өзінің басты мақсатына жетеді. Тек қана осы үштіктің толық сәйкестілігі болса ғана денсаулық қажетті деңгейде болады.
Адамдағы сәйкестілік тек қана ақпараттың үш тобының өзара әсерлерінің нәтижесінде жүзеге асады. Ақпараттың үш тобы келесілер: 1) рух (басты), 2) жан, тектік, гендік (негізгі) және 3) сана, ОЖЖ (шарты). Бұлардың сонғы екеуі жоғарыда көрсетілгендей ішкі сәйкестілікті қамтамасыз етіп, адамның сыртқы дүниеге тиімді бейімделуіне мүмкіншілік жасайды. Жоғарыда айтылғандай, біз негізгі және шартты ақпараттардың қалай пайда болатының қарастырдық, ал сыртқы дүниеде ақпарат пайда болуын білудің де маңызы өте зор. Сыртқы дүниеде ақпараттардың қалыптасуын білу үшін келесі тарауларда жүйе, оның қасиеттер және түрлері, олардың өзара әсерлері, ақпарат түрлерінің және сыртқы тіршілік ырғақтарының пайда болу табиғаты туралы сұрақтарды қарастырамыз.
“Алланың өзі де рас,
сөзі де рас.” Абай.
2 . ТАРАУ. БІРЛІК ҚАҒИДАСЫ.
ЖҮЙЕ ҚАСИЕТТЕРІ
Құрметті оқырман! Бізді қоршаған дүние қандай тамаша. Оның тамашалығының, көз тоймайтын көркінің негізі біріне-бірі ұқсамайтыны, әр қайсысының өз ерекшелігі, әр түрлі сипаттары болуында. Мысалы: таулар-тастар, жер беті, көкөністер, жануарлар, адамдар және т.б. Дүниені тану олардың жалпы заңдылықтарын, ұқсастығын, ерекшеліктерін білу, оны жеке адам және жалпы адамзат игілігіне қолдану. Бізді қоршаған әр түрлі, қайталанбайтын сыртқы орта түбінде біртұтас, бір көзден тарайды екен. Дүние біртұтастығын, ұқсастығын түсіндіру үшін біз көпшілікке жақсы таныс жүйе ұғымын пайдаланып, оған жаңа анықтама, сипаттама беріп, жан-жақта қарастырып Жалғыз Жаратушы Иемізденризашыдық сұрап, сол арқылы ақ жол тілеп, дүние тануға сапарға аттанып, танысуға бел байладық.
Кез-келген дүниелерді, соның ішінде біздің дүниемізді де құрайтын барлық құбылыстар және құрылымдарды, жансыз бен жандыны жүйе (система) ұғымы арқылы түсіндіруге болады. Жүйе ұғымын нақты, толық түсінбейінше қоршаған ортадағы, дүниедегі болып жатқан құбылыстарды түсіндіру мүмкін емес.
Жүйе ұғымы пайда болған кезден бастап бұл ұғым өте көптеген терминдердің, басқа да ұғымдардың құрамына кіріп кең тарап, дамыды, ол туралы ғылымның арнаулы саласы қалыптасты.
Жүйе (грек тілінде systema – бөлшектен құралған бүтіндік; қосылыс) –ақпараты бар, иерархиялық басқарылатын, өзара байланысқан құрылымдардан тұратын бейтарап бүтіндік.
Жүйе анықтамасында көрсетілгендей, олай аталу үшін негізгі бес қасиетті болуы қажет. Олар: 1) ақпарат; 2) құрылымдық; 3)бейтараптық;4) иерархия және 5) бүтіндік. Әрбір қасиеттің өз ерекшеліктері және өзіне тән сипаттамасы бар. Соның әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық
2.1.Ақпарат
Ақпарат (лат. информация) кез келген жүйе үшін ең негізгі болып табылады. Әрбір ақпараттың өзіне тән құны, бағасы болады. Ақпарат орындалғанда сол бағасы амалға асады. Ақпаратсыз жүйе болуы мүмкін емес! Мысалы, кез-келген биологиялық түрдің жаратылуы үшін жан, тектік, гендік ақпарат болуы қажет. Сол себептен тектік, гендік ақпарат өте қатаң сақталады, еш уақытта өзгеріске ұшырамауы керек. Сондықтан халық:
”Қарғадан қарға туар қарқылдаған
Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.
Кейбірлер жақсымыз деп жүгіріп жүр
Пайдасы өз басынан артылмаған”- дейді.
Ақпарат дегеніміз не? Адамға әсер ететін нәрсенің бәрі ақпарат. Ақпарат өзінің табиғатына және құрамына байланысты негізгі үш топқа: шын, шындық және өтірік болып бөлінеді.
Ақпарат көзі және ақпарат деген ұғымдар бар. Ақпарат көзі деп өзінің құны бар жаңа ақпарат пайда болуын қамтамасыз ететін құралымдарды айтады. Ал ақпарат көбею, алмасу және көшірілу арқылы өзгермей жеткізілуін жай ақпарат берілуі дейді. Мысалы, баланың дүниеге келуі. Баланың пайда болуы аталық және аналық жыныс жасушаларындағы тектік, гендік ақпараттың қосылуы нәтижесінде жаңа кешен құрылуы арқылы жүзеге асады, бірақ онда ешқандай жаңа ақпарат пайда болмайды. Сондықтан адамның пайда болуы ақпараттың көбею арқылы кешен кұрылуының нәтижесі, яғни тектік ақпараттың ұрпақтан ұрпаққа берілуі. Заттар алмасуы нәтижесінде жаңа қосылыстар пайда болуы. Жазбаларды көшіру арқылы олардың санын арттырады.
Ақпарат көзінде мағнасы өзге жаңа ақпарат пайда болады. Жер ғаламшары жағдайында тек қана екі ақпарат көзі бар. Олар Жалғыз және кісі. Басқару қағидасына сәйкес кез келген ақпарат міндетті түрде амалға асуы керек.
Жалғыздан шыққан ақпарат шын, хақ және барлық нәрсені жаратады. Шын ақпараттың бағыты оңнан солға қарай. Шын ақпарат мәңгілік, ол ешуақытта жойылмайды.Шын ақпарат ешуақытта ешнәрсеге зиянды болып келмейді, оны амалға асырғандар тек қана жақсылық, игілік, пайда көреді.Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқау бар:"Әй мүлік иесі Алла! Жақсылық Сенің колыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді" деп айт.» (Қ. С-3; А-26.).
Ол ақпарат қалай пайда болады? Ол туралы келесі нұсқаулар бар: «Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтүн майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші» (Қ. С-24; А-35).
Шын ақпарат амалға аспай қалған жағдайда оны орындамаған жүйе өтірікшіге айналады да, қарғысқа ұшырайды.
Шын, яғни 100% таза ақпарат тек қана Жалғыздан шығады. Жалғыздан басқаның шын ақпарат шығаруға мүмкіншілігі жоқ. Себебі Жалғыздан басқаның бәрі Соның жаратқандары. Шынды кісі толық қабылдап түсіне алмайды, яғни шын біздің қабылдау мүмкіншілігімізден және санамыздан жоғары тұрады. Кісі қабылдаған шынды аян, мистика деп атайды. Шын ақпараттың қозғалу бағыты оңнан солға қарай. Кісі шын ақпаратты орындаса, онда ол тек қана пайда табады. Шын кісіге еш уақытта зиянын тигізбейді. Ал егерде кісі шын нұсқауды амалға асырмаса, онда оның орындалмай қалған бөлігі бұрынғы шыққан жеріне, түйсікке қайтып барап жазылып, қарғысқа айналады. Ал қарғысты кісі өзінің жеке голограммалық ақпараты жазмыштың есебінен өтейді (Сурет ).
Мысалы, Ібіліс Жалғыздың нұсқауын орындамай, жаратылған Адамға құлдық ұрмағаны үшін қарғысқа ұшыраған. Ол туралы Құранда келесі нұсқау бар: «Шынында саған қиямет күніне дейін лағнет (қарғыс) бар...» (Қ.С-15; А-35.).
Ал кісі бірінші рет дұрыс орындамаған ақпаратын қайтадан міндетті түрде толық дұрыс орындауы шарт. Ал бұрын уақтылы орындалмаған шынды қайтадан орындағанда кісі одан пайда көрмейді, ол ақпараттың құнын өзінің жазмышының есебінен өтейді. Өтеу құны бастапқы құннан екі есе көп болады.
Мысалы, кісі құны 100 теңгелік шын ақпарат алды. Ол оны толық дұрыс орындаса 100 теңге пайда (+) түсіреді. Ал егерде кісі осыдан құны 10 теңгеге тең ақпаратты дұрыс орындамаса, ол онда түйсікке барып орналасады. Бұл жағдайда кісі өзіне берілген ақпаратты толық дұрыс орындамағаны үшін 10 теңге зиян (-) шекті. Ол осы ақпаратты қайтадан амалға асыру үшін ол өзінің жеке голограммалық ақпаратынан - жазмышынан 10 теңге беріп (-) орындайды. Олай болса ол 10 теңгеге тең зиян (-) шегеді, ал оған бұрынғы шеккен 10 теңге зиянын (-) қоссақ, онда ол 20 теңге зиян (-) шеккен болып табылады. Сонымен есеп көрсеткендей шын ақпаратты уақтылы толық дұрыс орындамаған кісі ең бірінші рет екі есе зиян шегеді. Шын ақпаратты уақтылы орындамай ары қарай соза берсек, онда оны өтеуге жұмсалатын құнның мөлшері еселене беруіде мүмкін.
Жер ғаламшары жағдайында екінші ақпарат көзі – кісі. Жалғыз тек қана кісіге ойлау арқылы ақпарат көзі болуға рұқсат еткен. Адамнан екінші көз ретінде шыққан ақпарат шындық болып қалыптасып, амалға асқанға дейін сақталады. Толық дұрыс амалға асса күшін жояды. Егерде бұл ақпарат түрі толық дұрыс жүзеге аспаса, онда ол қашан толық дұрыс жүзеге асқанға дейін жинақталып, ДНҚ электромагниттік өрісіне жазылып, өтелгенше ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан оны адамның өзі өтемесе, оның ұрағы өтеуге мәжбүр болады. Мұны ата-бабадан келе жатқан қарғыс деп атайды.
Сондықтан әрбір кісі өзінен шыққан ойға, айтқан сөзіне, істеген іс-әрекеттеріне тікелей жауапты. Шындықтың шыннан айырмашылығы кісіден шыққан ақпарат уақытша, орындалған соң күшін, құнын жояды. Кісіден шыққан сөз іс жүзінде амалға аспаса, онда оның құнын сол адам өзінің жазмышының көрсеткіштерімен өтеп отырады. Себебі ақпарат алдына қойған міндетке байланысты жүзеге аспады, сондықтан өзінің ақпараттық құнын шыққан көзінің есебінен жоюға бағытталады. Кісіден шыққан сөз өзінің міндетін орындап, өз ақпараттық құнын толық жоймаса, ол сол ақпарат көзі, кісі үшін ақпараттық қарыз болып саналады. Бұл туралы ата-бабаларымыз: «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады»- деп тұжырымдама қалдырған. Қазіргі кезде мұны «бумеранг әсері» деп атайды. Осыған байланысты әрбір адам үшін ең негізгісі өзіне өзі жауап беруді үйрену. Адам өзінің ойлаған ойына, айтқан сөзіне, істеген іс-әрекетіне тікелей жауапты. Бұл туралы бабаларымыз: «судың да сұрау бар» - деп қортындылап кеткен. «Адам барлығы үшін жауапты»-деген ұғым осының негізінде қалыптасқан.
Сонымен ақпараттың екінші түрішындық. Дүниедегі барлық құбылыстар мен құралымдар шындықтан тұрады. Шындық барлық уақытта шектелген, сондықтан оны өлшеуге және сапасын анықтауға болады. Шындық өзгеріске ұшырауы мүмкін. Шындық шыннан және өтіріктен тұрады. Адам шындықтың шын бөлігінен, егерде оны толық дұрыс орындаса, тек қана пайда көреді. Ал оны дұрыс орындамаса, онда жоғарыда көрсетілген механизм жүзеге асады. Ал шындықтың құрамындағы өтірікті адам белгілі бір мөлшерден асырып жіберсе, онда оны өзінің жазмышының негізгі көрсеткіштерімен өтейді. Шындықтың құрамындағы өтірікті өтеуге адам сол өтірікке өзі қойған құнына тең шығын шығарады. Ал кісі өтірікті уәдемен айтса, онда ол қарғысқа айналады да, оны өтеу жоғарыда көрсетілгендей қарғысты өтеумен жүзеге асады.
Ақпараттың үшінші түрі өтірік. Өтірік шын ақпараттың амалға аспауы немесе ақпарат көзінен құны жоқ ақпараттың шығуы. Өтірік Жер ғаламшары жағдайында тек қана кісіден шығады. Өтірік адамға еш уақытта пайда алып келмейді, тек қана зиян шектіреді. Адам өзі айтқан өтірікте бар деп ойлаған ақпарат құнын барлық уақытта өзінің жазмышының көрсеткіштерімен толық өтеп атырады.
Қарғыс– Жалғыздан келіп түскен немесе кісінің өзінен шыққан, амалға аспау нәтижесінде жинақталған ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын міндетті түрде өтелуі қажет қарыз ақпарат.
Жүйені қамтамасыз ететін ақпарат оның ішінде де, сыртында да орналасуы мүмкін. Бірақ та барлық жағдайда ол жүйеге ақпараттың үздіксіз келіп тұруын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Платон былай деп жазады: ”Сырттан әсер (ақпарат) алатын әрбір дене – жансыз, ал өз ішінен алатын, өзінде пайда болатын – жанды, себебі ақпараттың табиғаты осындай”.
Ақпараттың жүйенің ішінде немесе сыртында орналасуына байланысты жүйелерді екі топқа бөледі.
Бірінші топ - өзіне тән ақпараты өз ішінде орналасқан жүйелер. Олар жанды, жетілген жүйелер деп аталады. Бұл жүйелердің жаны бар, оларда үш бөлікте: ақпарат, реттеу және амалға асыру түгел, сондықтан олар жеті бастамадан тұрады.
Екінші топ - ақпараты сыртында орналасқан жүйелер. Олар жансыз, жетілмеген жүйелер деп аталады. Бұл топ жүйелер жүзеге асыратын ақпаратты сырттан алады, ал олардың ішінде тек қана өздеріне тән қасиеттері және құрылымдары болады. Бұл жүйелердің жаны жоқ, себебі өзінің ішінде ақпарат жоқ, сол себептен бұлар жалпы жүйелерге тән үш бөліктің екі бөлігінен (“реттеуші” және “амалға асырушы”), соған сәйкес алты жұп құралымнан: бір жұп реттеуші және бес жұп орындаушы - тұрады. Жетілмеген жүйелер абсолютті жетілген жүйенің ішінде орналасады. Жетілмеген жүйелердің барлық құбылыстары мен құрылымдары абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзіне, Жалғызға тәуелді.
Бірінші топ жанды, жетілген жүйелер өзінің ішіндегі ақпараты оның өзін толық, тәуелсіз қамтамасыз ете ала ма, жоқ әлде тек қана ішкі ақпаратты жүзеге асыру аарқылы сырттан әсер ететін ақпараттарға бейімделуін қамтамасыз ете ме, соған байланысты екі түрге бөлінеді.
Жетілген жүйенің бірінші түрінің өзіндегі ақпарат көзі оның өз алдына жеке толық басқалардан тәуелсіз өмір сүруін абсолютті қамтамасыз етеді. Сол себептен жүйенің бұл түрі – абсолютті, шексіз, тәуелсіз, толық жетілген жүйе деп аталады. Абсолютті жетілген жүйенің ішкі ақпарат көзі басты деп аталады, себебі ол еш нәрсеге тәуелді емес, ең алғашқы, бірінші ақпарат осы көзде пайда болады, қосымша ақпарат көзі жоқ, бәрін басқарады. Бұл ақпарат көзі Жаратушы, Ие, Басқарушы – барлығының иесі Жалғыз.
Жетілген жүйелердің екінші түрінің ішкі ақпараты оның жаратылуын және сыртқы ортаға бейімделу қасиеттерін қамтамасыз етеді, ал оның өмір сүруі жүйеден тыс, оның сыртында орналасқан абсолютті жетілген жүйенің ішкі басты ақпарат көзіне, Жалғызға тәуелді. Сондықтан жетілген жүйелердің бұл түрі – салыстырмалы, шектелген, тәуелді, жанды, уақытша, жай жетілген жүйелер деп аталады.
Жай жетілген, жанды жүйелер өте көп. Жай жетілген жүйелердің ішкі ақпараты негізгі деп аталады, ол тек қана осы жүйеге тән, оның биологиялық түр есебінде сақталуын қамтамасыз етеді. Жай жетілген жүйелердің өмір сүруі абсолютті жетілген жүйеден, яғни басты ақпарат көзінен, Жалғыздан келетін ақпаратқа тәуелді. Жер жағдайындағы барлық тіршілік иелері, жандылар, соның ішінде адам да, жай жетілген жүйелер болып табылады. Жай жетілген жүйенің ішкі, негізгі, шежірелік (гендік) ақпараты – жаны, оның көбеюін, яғни оның бойындағы ақпаратын ұрпақтан-ұрпаққа өткізуін қамтамасыз етеді. Сол себептен жандының жансыздан басты айырмашылығы көбею болып табылады.
Сонымен, жай жетілген, жанды жүйелерде екі ақпарат түрі бар: сыртқы – басты, жүйеден тыс орналасқан және ішкі – негізгі, жүйенің өзінде орналасқан. Жай жетілген жүйелер жетілмеген жүйелерде, олармен қосылып абсолютті жетілген жүйе ішінде орналасады. Жай жетілген жүйелер күн көруі және тіршілігі үшін ақпаратты екі жерден: Жалғыздан және Жерден қабылдайды. Жай жетілген жүйелердің тіршілігі барлық үш түрлі жүйелердің өзара әсерінің нәтижесінде жүзеге асады.
Адам барлық Жер бетіндегінің “қожасы” болып жаратылуына және оларды реттеп, қолдануына байланысты тек қана оған тән үшінші ақпарат бар. Ол кісінің ақыл-ой (психикалық) қызметтерінің, имандылығының материалдық негізі болып табылатын орталық жүйке жүйесі қызметі. Адам туғаннан соң, орталық жүйке жүйесінде оның биологиялық негізіне және қоршаған әлеуметтік ерекшелікке тәуелді ақпарат жиналуына байланысты бұл ақпараттарды – шартты деп атадық.
Сонымен барлығынан адамның жаратылғандағы негізгі ерекшелігі – онда үш ақпарат түрі болуы.
Бірінші ақпарат – басты, ол абсолютті жетілген жүйеде орналасады. Ол барлық қалғанын, соның ішінде адамды да Жаратушы, Ие - Жалғыз.
Екінші ақпарат – негізгі, адамның биологиялық түр есебінде жаратылуын қамтамасыз ететін, жан, тектік (гендік) құралымда орналасқан.
Үшінші ақпарат – шартты, ол адамның көргенділігіне (тәрбиесіне), биологиялық және әлеуметтік ерекшелігіне байланысты қоршаған дүниені тануын қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесінде жинақталған, адамның жеке рухы, оның іс-әрекеті, өмір сүру салты.
Адамға әсер ерекшелігіне және онда амалға асу нәтижесіне байланысты ақпарат екі түрге бөлінеді: таза, адал және таза емес, арам. Таза ақпараттар жүйеде өзгеріске ұшырамайды, оның барлық көлемі толық амалға асады, яғни ол жүйеге зиянын тигізбейді. Таза емес (арам) ақпараттар жүйеге енгенде өзгеріске ұшырайды, тек қана олардың таза бөлігі жүзеге асады, ал қалғанынан құтылу үшін жүйе өз күшін жұмсайды. Осыған байланысты ақпараттың таза емес бөлігі жүйе үшін зиянды болып табылады. Мысалы, жеген тамақ. Тамақтың қажетті бөлігі адам бойына сіңеді, ал қажетсіз бөлігі бөлінеді.
Хақ, шын таза ақпарат, сондықтан ол жүйелерге кері әсерін тигізбейді. Ең бастысы барлығын жаратқан ЖалғызЖаратушы Ие болуына байланысты кез-келген іс-әрекет істегенде Оның ризашылығын сұрап: «Жалғыздың ризашылығымен» - деп айтуы қажет. Егер кез-келген нәрсені бастағанда бұл айтылмаса, яғни кісі Жалғыздан ризашылығын алмаса онда басталғаністің арам болғаны.
Табиғатына байланысты адамға әсәр ететін арамды үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа адамның бойынан бөлініп шыққан қосылыстар жатады. Адам тіршілік үшін қажетті қосылыстарды тамақтың құрамында қабылдайды, ал олар адам денесінде өз міндеттерін орындап болған соң адам үшін қажетсізге айналып, мөлшерден тыс көбейген жағдайда денені уландыратын құрылымдарға айналады. Мысалы, қандағы қант, креатинин, мочевина мөлшерлері. Сондықтан оларды адам денесінен уақтылы бөліп шығарып отыруы қажет. Адам денесінен бөлінетін қосылыстарға нәжіс, зәр, етеккір, сілекей, аққан қан, тер және т.б. жаатды. Бұлар қажетсіз болған соң денеден бөлінді, олар өздері шыққан немесе оған ұқсас денелерге енгенде оларды улайды, сондықтан таза емес, арам. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқау бар: «Сендерге: өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды» (Қ. С- 2; А-173.).
Қалған екі тобын адамның күн көруі және тіршілік етуіне қажеті болмағаны үшін оларды қосып құмарлық деп атадық. Құмарлық дегеніміз адамның оларсыз күн көріп, тіршілік ете алатын іс-әрекеттері және адам қабылдамаса тіршілік ете алатын химиялық қосылыстар.
Адам үшін екінші топ арамға адамға әсер еткен соң оның ақыл-ойының дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайтын, оны ауытқытатын, соның нәтижесінде кісі өзі ойлаған ойына, айтқан сөзіне, істеген ісіне жауап бере алмайтын жағдайға жеткізетін қосылыстар және іс-әрекеттер жатады. Бұлар негізінен химиялық қосылыстар түрінде көп кездеседі. Бұл топқа спиртты ішімдіктер, есірткі, анаша, темекі, насыбай және де басқа адамның санасын уландыратын химиялық қосылыстар енеді. Бұлар мүмкін физикалық, геологиялық және биологиялық ақпараттар түрінде де болу мүмкін. Кейбір геологиялық әсерлер, радиация, аса қауыпты жұқпалы аурулар, әсіресе жыныстық жолмен берілетін және т.б.
Құмар дегеніміз шектен шыққандық. Сондықтан бабаларымыз: «Шектен шықпа» деп, шектен шығу дұрыс әрекет еместігін, ауытқу екендігін ескерткен. Адам өзіне қажетті іс-әрекеттерді шектен тыс, қажетсіз орындаса онда олар құмарлыққа айналады. Мысалы, тамақ адам үшін тіршілік негізі. Ал адам тамақты қажеттен тыс көп жесе оны мешкей дейді. Сондықтан бабаларымыз: «Мешкей деген жақсы ат па?»- деген нақыл сөз қалдырған. Мысалыосы негізде қалыптасқан қазіргі кездегі жиі кездесетін семіздік. Жыныстық байланыс та адам үшін қажет. Бірақ оны шектен шыққан түрлерінде жүзеге асырса (ойнастық, гомосексуализм және т.б.) онда ол құмарлыққа айналады. Қазіргі кезде компьютермен жұмыс істеу қажеттілік, ал кісі оған ойын үшін көп қолданса (компьютеромания) ол да құмарлық болып табылады.
Бұлар туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен арақтан, құмардан сұрайды. Оларға: "Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайдасынан көрі күнәсы зорырақ" де. Ал және сенен: "Алла жолында не беретіндіктерін" сұрайды. "Артығы беріледі" де. Алла (Т.) сендер түсінер деп аяттарын өстіп баян етеді. (Қ.С-2; А-219.) Әй мүміндер! Арақ, құмар, бұттар (тігілген тастар) және оқтар (бал ашатын) лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар. (90) Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма? (91)» (Қ.С-5;).
Адам үшін үшінші топ арамға кісінің адал еңбексіз дүние табуы жатады. Бұл туралы бабаларымыз: «Табан ақы, маңдай термен табылған дүние» - деп айтып кеткен. Егерде кісінің тапқан дүниесі адал енбекпен табылмаған немесе еңбексіз табылған болса, онда олар арам болады. Еңбексіз табылған дүниеге ойнастық (зина), ұрлық және өсімге несие беру жатады.
Адам үшін жыныстық байланыс оның негізгі биологиялық міндетінің орындалуын қамтамасыз ететін табиғи құбылыс. Әдебиеттерде кейде мұны «эрос» деп атап жүр. Сол себептен жыныстық байланыс еңбекке жатпайды. Еңбек кісінің арнаулы тәлім-тәрбие алу нәтижесінде туғаннан соң қалыптасатын құбылыс. Ал жыныстық байланысадамның биологиялық қызметінің бірі болып табылады. Некесіз байланыс - жыныстық ойнау, жәлептік (зина) деп аталады. Сондықтан мұндай жыныстық байланыс жасаған адамдарды «ойнастар» деп атайды.
Ұрлық кейде өте көп ойлануды қажет ететін еңбек. Бірақта ұрлық нәтижесінде кісінің тапқан табысы адал емес, арам болатын себебі ол ұрлық нәтижесінде дайын дүниеге ие болады. Сондықтан ұрлықпен тапқан дүние арам. Бұл туралы бабаларымыз: «Ұрлық түбі қорлық»- деп тұжырымдап кеткен. Бұл топқа кейбір кісілер өзі отырған орынын, дәрежесін пайдаланып, басқа кісілердін енбегінің нәтижесінде пайда болған дүниеге ие болуы да жатады. Мысалы, Қазақстанда приватизация нәтижесінде кейбірлердің халық жинаған дүниеге ие болып, байып шыға келуі. Бұл арам болғандықтан олар бұл дүниені өздерінің және ұрпақтарының салауаттылығымен, тіршілік өмірімен өтейді.
Бұлар туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол» (Қ.С-17; А-32). «Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады» (Қ.С-25; А-68). «Негізінде Алла сауданы адал, өсімді арам еткен». (Қ.С-2; А-275).
Ақпараттық тұрғыдан адам өмірі дегеніміз Жалғыз берген ақпаратының рухани жүзеге асуы, ал күнкөру және тіршілік- Жалғыз берген ақпараттың материяға айналып жүзеге асуы. Қорыта келе айтарымыз өмір, жан және тіршілік Жалғыздан деген ұғымды білдіреді. Кім өмір, жан және тіршілік барын мойындаса, ол Жалғыз бар екенін мойындаған болып табылады. Өмір,жан және тіршілікұғымдары Ие ұғымынан бөлінбейді, себебі олар Жалғыз берген ақпараттарының жүзеге асу түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |