Адамның Жер ғаламшарындағы басқа жандылардан ерекшелігі оның өзіне тән жеке ішкі рухы бар. Сондықтан да ол жанды, жай жетілген жүйе болуымен қатар, санасының есебінен шындық ақпарат көзі болып табылады.
”Көкпен басқарыламыз, жерге бейімделеміз”
Қоңыр Сопы 4. ТАРАУ. ЖҮЙЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕР ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫРҒАҚТАР ҚАЛЫПТАСУ ТАБИҒАТЫ.
Шексіз дүниелердегі барлық құбылыстар, үдерістер және құралымдар, 18 000 әлемнен бастап көзге көрінбейтін ең ұсақшаға дейін Жалғыздан шыққан шынның, рухтың амалға асу нәтижесінде жаратылған болып табылады. Мәңгілікке бейімделу мүмкін емес. Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы күн көру және тіршілікті етуді жүзеге асыру үшін бейімделуді қамтамасыз ететін абсолютті жетілген жүйенің шектелген, материалданған Жер ғаламшары үшін бөлігінің моделі («Жер моделі») қалыптасады.
Абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделі» дегеніміз Жалғыздың жаратуынан пайда болған Жер ғаламшарына әсер ететін Жалғыз және Жер ғаламшары арасында орналасқан барлық материалданған жүйелер жиынтығы. Қазіргі кезде осы материалданған жүйелер жиынтығын «18 000 әлем» - деп атау қалыптасқан. Бұл жүйелер жиынтығының құрамындағы әрбір жүйе Жер ғаламшарына ырғақ арқылы әсер етіп отырады. Сондықтан Жер ғаламшарындағы әрбір құбылыстың және құралымның күн көруі мен тіршілік етуі негізінен осы ырғақтарға бейімделу арқылы жүзеге асып отырады. Ал Жер ғаламшарындағы жандылар күн көру және тіршілік ету үшін бұдан басқа өзі тіршілік етіп жатқан аймақтың жерінінің құрамына да бейімделуі қажет.
Ырғақ, ритм (лат. rhythmus, грек сөзі ῥυθμός, түбірі ескі грек тілінде ῥέω «ағу», тамшылау, жайылу және т.б.) кез-келген құбылыстардың белгілі бір кезекпен, жиілікпен, жылдамдықпен ауысуы.
Бұл шығарамдағы барлық ырғақтар уақытпен байланысты. «Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі (СИ) (фр. Système International d'unités, SI)» (1960 ж.) шешіміне байланысты уақыт өлшемінің бірлігі есебінде секунд (с) (лат. second, s) қабылданған. Секунд - (лат. secunda dіvіsіo — екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі-С; 1 с – Цезий-133 атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең. Секунд тұрақты өлшем.
Жер ғаламшарына әсер ететін барлық ырғақтар «Жер моделінің» ішінде орналасқан жүйелердің өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Осы өзара әсерлер нәтижесінде жүйелердің басқа Жер ғаламшары жағдайында Абсолютті жетілген жүйеден жүйелердің үш түрі: абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделі», жетілмеген және жай жетілген жүйелер қалыптасады. «Жер моделі» ішінде болатын құбылыстар, үдерістер және құрылымдар осы үш түрдің өзара әсерлері, өзара байланысы және өзара тәуелділігі арқылы қамтамасыз етіледі. Олардың өзара байланысы иерархиялық басқару принцпіне бағынады, сондықтан олар тұрақты болып келеді.
Жүйелер аралық әсерлердің иерархиялық басқарылу принцптері келесілер:
1. Өз алдына тәуелсіз өмір сүре алатын бірден бір жүйе ол басты ішкі ақпарат көзі – Жалғыз болып табылатын абсолютті жетілген жүйе. Басты ақпарат көзінде, Жалғызда, пайда болған ақпарат мәңгілік, ол шын, рух, ақиқат түрінде сәйкестілік арқылы бірлік құрап тарайды. Әрбір жеке адамның рухы Жалғыздан үрленген рухтың өте ұсақ бөлшекшесі болуына сәйкес адам жеке рухы да мәңгілік.
Абсолютті жетілген жүйе үш деңгейде орналасқан үш бөліктен: “басқарушы”, “реттеуші” және “орындаушы”, жеті элементтен құралған. Басты ақпарат көзінде, Жалғызда, яғни “басқарушы” бөлікте пайда болған бағдарламалар біртұтас ақпараттық өріске оның басты 7 түрі арқылы шын түрінде тарайды. Барлық дүниелердегі құбылыстар және құралымдар осы басты ақпараттың 7 түрінің өзара әсерлерінің әр түрлі ұйымдасу сатысы деңгейіндегі белгілі бір сәйкестіліктерінің нәтижесі болып табылады. Жер ғаламшары жағдайында болатын құбылыстарды, құрылымдарды, үдерістерді қамтамасыз ету үшін абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделі» болып табылатын бөлігі қалыптасады. Абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделі» 10 (5 жұп) негізгі ақпарат құрайтын арнаулы жүйе құрып Жерді қоршай орналасады.
Сонымен абсолютті жетілген жүйеден Жер ғаламшарына көктен басты ақпараттың 7түрі, аспаннан негізгі ақпараттың 10 (бес жұп) түрі әсер етеді.
2. Жетілмеген жүйелер абсолютті жетілген жүйе ішінде орналасады, өздерінің ішкі ақпараты болмайды. Жер жағдайында бұлардың ерекшеліктері “реттеуші” және “орындаушы” бөліктері бірігіп бір үлкен шеңбер, бір деңгейлі он екі, алты жұп элементті жүйе құрайды. Сол себептен жетілмеген жүйелерде болатын құбылыстардың барлығының ырғағы 12 және оның туындыларына сәйкес және соған тәуелді болып келеді. Жер жетілмеген жүйе болуына байланысты ондағы болатын жай ырғақтар: сөткеде 12 жұп сағат (24), жылда -12 ай, мүшелде –12 жыл және т.б. болып келеді.
3. Жай жетілген жүйелер жетілмеген жүйелерде орналасқан. Сондықтан олар абсолютті жетілген және жетілмеген жүйелер арасында болады. Мысалы, адам көк пен Жердің арасында орналасқан.
Адам көк пен Жердің арасында орналасуының маңызы өте зор. Әрбір адамның тәрбиесіне байланысты жүзеге асқан іс-әрекетері нәтижесінде оның негізгі қортындысы өзі арасында тұрған көкке немесе жерге қарай бағытталады. Егерде адамның іс-әрекетінің қортынды нәтижесі көкке бағытталса, ол Жалғызға, бірлікке ұмтылса, ешкімге зияны тимесе онда ол сенуші, иманды болғаны. Ал егерде адамның іс-әрекетінің қортынды нәтижесі Жерге, Жер бетіндегі тіршілікке, дүние жинауға бағытталса, онда оның иманы аз болғаны, Жалғызға деген сенімінің нашарлығы. Адамдарды өзі арасында тұрған көкке немесе жерге ұмтылуына байланысты сенуші, иманды немесе сенбеуші, иманы аз деп екі топқа бөледі.
Жай жетілген жүйелердің өзінің ішкі ақпараты бар, сол себептен олар жанды. Бұларда жан болуын қамтамасыз ететін ақпарат негізгі деп аталады да, ол тірі жүйелердің гендік құралымында орналасады. Басқа тірі жүйелердің басқадан адамның айырмашылығы онда сөзді қабылдайтын үшінші ақпарат түрі бар. Оны шартты деп атайды, ол ақпарат орталық жүйке жүйесінде орналасқан кісінің қалыптасуының негізін құрайды.
Адам тәні тіршілік өмір сүру үшін сыртқы табиғи ортаға бейімделеді. Дененің сыртқы ортаға бейімделуі адам тұрып жатқан Жер аймағындағы химиялық құрылымға (топыраққа) химиялық ақпарат қабылдау және ырғақтарға (физикалық құбылыстарға) физикалық ақпараттар қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Химиялық ақпараттар денеге тамақтың құрамынан қанға және лимфаға сіңеді. Бойға сіңген химиялық қосылыстар химиялық реттеу, заттар және энергия алмасуларына қатысу нәтижесінде адам денесінің құрамын өзі тіршілік етіп жатқан аймақтың топырағына сәйкестендіріп бейімдейді. Бұны химиялық бейімделу дейді. Осыған байланысты химиялық ақпараттарды қабылдайтын сезім мүшелері: дәм және иіс денеге қажетсіз қосылыстардың енбеуін бақылау үшін қажет. Сондықтан бұл сезім мүшелер арнаулы қорғаныс рефлекстерін: лоқсу, құсу, түшкіру, жөтелу, қақырық бөлу іске қосу арқылы организмді қорғайды. Химиялық ақпарттар адам организмін тек қана Жер ғаламшарына бейімдеуге бағытталған. Осыған байланысты қазіргі кезде сырқаттардың 60-70% тамаққа тәуелді болып келеді.
Сырттан Жер ғаламшарына әсер ететін барлық физикалық ақпараттар жинақталып ырғақ қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ырғақтар әртүрлі физикалық құбылыстар: жарық, жел, ылғалдылық, жылу, дыбыс, механикалық, Жердің тартылыс күші және т.б. арқылы беріліп отырады. Осыған байланысты адам организмінде әрбір физикалық құбылысты қабылдайтын арнаулы сезім мүшелері: көз, құлақ, вестубилярлық құрылым, арнаулы қабылдағыштар (рецепторлар) бар. Физикалық құбылыстарды қабылдайтын барлық құрылымдар жиналып келіп ырғақтың қабылдануын қамтамасыз етеді. Мысалы, тәулік бойында қараңғы (түн) және жарық (күндіз), жыл кезеңдерінде ылғал (көктем), ыстық (жаз), құрғақ (күз), суықтың (қыс) алмасып келіп отыруы және т.б. Адамның кісілік қасиетінің негізін құрайтын сөз де (дыбыс) физикалық құбылыс. Физикалық құбылыстар Жер ғаламшарының, онда болатын барлық құбылыстар мен орналасқан барлық құрыламдарды, соның ішінде адамды космоспен байланыстыратын ақпарат жолы болып табылады. Бұлардың бәрі түбінде ырғақтар арқылы беріледі.
Жоғарыда көрсетілгендей химиялық ақпаарттар Жерге қатаң бейімделу негізіне жатса, Жер ғаламшарының қоршаған ортамен байланысы ырғақтар арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақта ырғақтардың осындай маңызына осы уақытқа дейін жеткілікті көңіл бөлінген жоқ. Тек қана олардың кейбір түрлерін қарастырғанмен, олардың негізгі пайда болу тетіктері толығымен негізделмеген. Осы тарауда өзіміз ұсынған «Жүйелер қағидасы» негізінде Жер ғаламшары жағдайында қандай биологиялық ырғақтар қалыптасады, олардың қандай түрлері бар екенін қарастырамыз.
Ырғақтар қалыптасу механизмі оның табиғатына байланысты. Қалыптасу табиғатына байланысты адам организміне әсер ететін ырғақтар ішкі сыртқы және болып екі топқа бөлінеді.
Адам организміндегі ішкі ырғақтар тектік бағдарланған. Сондықтан организмдегі әрбір үдерістің, қызметтік-құрылымдық жүйелердің, мүшелердің, барлық құрылымдардың өздеріне тән ырғақтық қызметтері бар. Мысалы, жүректің ырғақты соғуы, қан тамырларының, ас қорыту жолының, өт жолының және т.б. ырғақтық қызметтері. Бұл ішкі ырғақтар сыртқы ырғақтарға бейімделу үшін қажет. Бұл ырғақтар бұзылса, онда организмде сәйкес сырқаттар қалыптасады. Мысалы, жүрек аритмиясы, вегетавтік-тамырлық дистония (гипертензиялық немесе гипотензиялық түрі), өт шығару жолдары мен ас қорыту жолдарының дискинезиялары және т.б.
Жоғарыда көрсетілгендей жүйенің үш түрі бар. Жер ғаламшары жағдайындағы барлық сыртқы биологиялық ырғақтар осы үш түрлі жүйенің әр қайсысына тән және өзара әсерлері нәтижесінде пайда болады.
Барлық жүйелердегі ырғақтарға (цикл) тән бір ерекшелік олардың барлығы да ЕН желден басталады. Әр түрлі жүйелердегі циклда ақпарат өту бағытының өзіндік ерекшеліктері бар. Абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары бөлігінің циклінде ақпарат өту бағыты оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің айналымына қарсы. Жетілмеген және жай жетілген жүйелердің циклінде ақпарат бағыты солдан оңға қарай яғни сағат тілі айналуы бағытында. Бұл жүйелерде ақпарат бағытының қарама-қарсы болуы Жер ғаламшары жағдайында ырғақтардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Адам үшін қоршаған ортаны танудағы маңызды келесі топ сұрақтар: табиғаттағы адамның орны мен атқаратын қызметі және оның басқа жүйелермен қарым-қатынасы. Бұдан шығатын талдауды қажет ететін мәселелер: адамның қалай игілікті тіршілік өмір сүруін қамтамасыз етуге болады? Ол қоршаған ортаны қалай таниды? Адамның сенімге деген қатынасы және ол неге байланысты?
Адам көк пен Жердің арасында орналасуына байланысты бұл қатынастарды қамтамасыз ететін “Адам көкпен басқарылады, ал Жерге бейімделеді” (Қоңыр Сопы) деген негізгі иерархиялық принцип бар. Жерде тіршілік өмір сүргенімен адамның түпкі мақсаты өзінің жеке рухының Жалғыз рухымен қосылып бірлік құруын қамтамасыз ету. Бұны халық: “Малым жаным садағасы, жаным арым садағасы“ – деп тұжырымдаған.
Адам көк және жердің арасында орналасуы туралы орхон-енисей жазуы деп аталатын біздің ата-бабаларымыз VІ-VІІІ ғасырларда қолданған жазулардың ескерткіші болып табылатын Күлтегін ескеркішінде былай деп жазылған: “Биікте көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған”.
Адамның тіршілігі мен күн көруі барлық жандылар тәрізді оның қоршаған дүниеге бейімделуімен анықталады. Қоршаған дүниедегі ақпараттарды жеткізу үш көрсеткішпен анықталады: 1. ақпарат қайдан шығады; 2. ақпараттың қандай түрлері бар және олар қалай жеткізіледі; 3. бұл ақпараттар қалай әсер етеді.
Жоғарыда көрсетілгендей, адам үшін ақпараттар абсолютті жетілген жүйенің басты ішкі ақпарат көзі Жалғыз және Ол жаратқан басқада объекттерден жеткізіледі. Бұл ақпараттар біртұтас ақпараттық өріске тарайды. Жалғыздан шыққан шын ақпараттар 7 түрінде болып тарайды. Абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары бөлігінде бұл 7 түрлі басты ақпараттан 10 (5 жұп) түрлі негізгі ақпараттар қалыптасады. Ақпараттың 10 түрі тектес құбылыстар мен құрамдар арқылы, қажеттілікке байланысты әртүрлі деңгейлерде қажетті формаларға айналып беріліп отырады. Бұларды келесі тарауда қарастырамыз.
Жердегі болатын құбылыстардың барлығы негізінен абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары үшін бөлігінің моделінде орналасқан жүйелердің өзара әсерінен қалыптасатын ырғақтарға қатаң тәуелді болады.
Сыртқы биологиялық ырғақтардың түрлері өте көп. Осы барлық ырғақтарды қалыптасу ерекшеліктеріне қарап шартты үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ: Жер ғаламшарының өзінде қалаптасатын ырғақтар. Екінші топ: Күн жүйесі ғаламшарларының өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасатын ырғақтар. Үшінші топ: Күн жүйесінен тыс орналасқан жүйелердің әсерлерінің нәтижесінде қалаптасатын ырғақтар.
Ең негізгі ырғақ ол Жер ғаламшарының өз білігін бір айналып шығуы – тәулік болып келеді. Қалған ырғақтардың бәрі тәуліктің бөлшектері немесе көбейтінділері болып келеді. Ырғақтардың ұзақтық уақыты тәуліктен бастап бірнеше мыңдаған және миллиондаған жылдарға дейін болуы мүмкін.
Төменде жүйелердің үш түрінің өзара әсерлері нәтижесінде пайда болатын, ең жиі кездесетін негізгі сыртқы биологиялық циклдардың пайда болу механизмдерін қарастырдық.
Цикл (грек сөзі «ciclos» - "шеңбер") – белгілі бір уақыт аралығында жүйенің қатаң даму нәтижесінде азара байланысты құбылыстардың, үдерістердің аяқталған шеңбер құрайтын жиынтығы.
1. Тәуліктік цикл. Бұл ырғақ Жер ғаламшарының өз білігін (осін) айналуы нәтижесінде пайда болады. Бұл Жер ғаламшарының өзінің білігін толық айналып өтуінің уақыт кесіндісі. «Тәуліктің» екі анықтамасы бар. Бірінші «Күн тәулігі» - бұл есеп нүктесі «Күн» деп қарап Жердің бір айналу уақытын анықтау. Екінші «Жұлдыздық (сидериялық) тәулік» (лат. sidus- жұлдыз, көктегі жарық) – есептеу нүктесі шексіздікте орналасқан «нақты тіркелген жұлдыз» деп қаралып, одан шыққан сәулелер «бір-біріне өзара параллель болып келеді» деп қаралады. Тәуліктің екі түрінің ұзақтығы әртүрлі. Жұлдыздық тәулік ұзақтығы 23 сағат 56 минут 4 секунд (86 160 с.) болса, ал күн тәулігін одан сәл ұзақтау, узақтығы 24 сағатқа (86 400 с.) тең. Бұлардың уақыт айырмашылығы Жер ғаламшары өз білігін айналумен қатар Күндіде өзінің орбитасында айналады.
Бұл анықтамаларда тәулік 86 400 (24×60×60) с. тең, ал секунд атомдық стандарт негізінде анықталған СИ бірлігі. Ол ешқандай астрономиялық ырғақтарға қатысы жоқ.Уақыт өлшемінің бірлігі секунд математикалық әдіспен анықталуына байланысты ол тұрақты болып келеді және де ырғаққа қатысы жоқ. Екі түрлі тәуліктің уақыт айырмашылығын салыстырғанда ырғақтық (күн) тәулігі нақтырық болып шықты.
Жер ғаламшары жетілмеген жүйе болуына байланысты құрамында 12 элементі бар екі жартыдан: ЕН және ІН тұрады. Бейтараптық қағидасына сәйкес әрбір элемент жұптан (2) тұрады. 12 элементті 2-ге көбейтсек 24 сағат шығады. Жер ғаламшары тәріздес тәулікте екі бөліктен түн (ІН) және күндіз (ЕН) бөлінеді. Тәулікті Күннің жылдық ырғағымен санағанда ол түнгі 00.00 сағатта басталып «күн» деп аталады, ал Айдың жылдық ырғағымен санағанда күн батқаннан соң басталып «жұлдызы» деп аталады. Мысалы, бүгін 2014 жылдың онекінші айының 23 күні, ал Ай ырғағы бойынша 1436 хиджра жылының үшінші айының 1 жұлдызы.
Жер ғаламшарының 12 белдеулері тұрақты орналасқан, өз орындарын ауыстырмайды. Жер өз білігін ырғақпен айналғанда Жердің белгілі бір нүктесінде тұрған адам осы белдеулер арқылы өтеді. Сондықтан осы уақытта оның организміне белдеуге тән ақпарат әсер етеді. Организм осы уақытта толығымен нақты ақпарат түріне бейімделуі қажет. Организмнің құрамында оның нақты ақпарат түрінің әсеріне бейімделуін қамтамасыз ететін химиялық құрылымдар бар. Ол құрылымдар атом бөлшектерінен басталып қызметтік-құрылымдық жүйелер деңгейіне дейін орналасқан. Сәйкес әсерлер адам денесінен тыс әлемнің барлық деңгейлерінде де бар. Жер ғаламшары жағдайындағы негізгі 12 түрлі ақпаратқа бейімделуді адам бойындағы 12 мүшесі қамтамасыз етеді. Осыған байланысты адам бойындағы он екі мүшенің әрқайсысының өзіне тән 2 сағаттық белдеуі бар. Олар тәуліктің келесі уақыттары: Өт қабы- 00-02; Бауыр -02-04; Өкпе-04-06; Тоқ ішек-06-08; Асқазан-08-10; Талақ-10-12; Жүрек-12-14; Ащы ішек-14-16; Қуық-16-18; Бүйректер-18-20; Парасимпатикалық жүйке жүйесі-20-22; Симпатикалық жүйке жүйесі-22-24 сағат аралығы.
Тәулікті санау кештен (түннен) басталады. Себебі алдымен қараңғылық болған, содан соң жарық жаратылған.
2. 7 тәуліктік цикл, апта.Адамды басқаратыншынның бөлігі 7 санымен белгіленеді. Осыған байланысты Жер ғаламшары жағдайында уақытты өлшеу үшін жеті күннен тұратын апта ұғымы қабылданған. Уақытты өлшеудің одан ұзақ түрлері қолданылғанда, мысалы ай, жыл олардың неше аптадан тұратыны анықталады. Аптаның құрамындағы күндердің әрқайсысының жаратылу кезегі және өзіндік ерекшелігі бар.
Жалғыз Жер ғаламшарын және ондағы барлығын ғарыштық алты күнде жаратты және жетінші күні ризашылын білдірді. Ол туралы келесі нұсқаулар бар: «Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындағыларды алты күнде жаратып сосын ғаршыны меңгерді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра». (Қ.С-25; А-59.). «1. Жалғыз алдымен аспан және жерді жаратты. 5. Қараңғыны түн, жарықты күндіз деп атады. Кеш болды, таң атты: бір күн. 6. Жалғыз: «су ішінде қатты болып, ол суды судан бөліп тұрсын»- деді. 8. Кеш болды, таң атты: екінші күн. 10. Жалғыз құрғақты -жер, ал жиналған суды - теңіздер деп атады. 13. Кеш болды, таң атты: үшінші күн.16. Жалғыз екі үлкен жарық жаратты: үлкен жарық күндізді басқару үшін, ал кіші жарық түнді де, жұлдыздарды да басқару үшін. 19. Кеш болды, таң атты: төртінші күн. 20. Жалғыз айтты: суда жорғалаушылар жаратылсын, жер үстінде құстар ұшсын. 23. Кеш болды, таң атты: бесінші күн. 26. Жалғыз айтты: адамды Өзіме ұқсас және Өзім тәрізді жаратамын; олар барлық теңіздегі балықтарды, аспанда ұшқан құстарды, жануарларды, жердегі барлық нәрсені, жабайының бәрін билейді. 27. Жалғыз адамды Өзіне ұқсас және Өзі тәрізді жаратты; оларды еркек және әйел етіп жаратты. 31. Кеш болды, таң атты: алтыншы күн (жұма).» (Б.Жар.(Б-1;) «1. Осылайша аспан және жер, олардың барлық құрылымдары толығымен аяқталды. 2. Жетінші күні Жалғыз Өзінің істеген жұмысын толық орындады, нәтижесін көрді. 3 Жалғыз жетінші күні Өзі істеген барлық іске батасын берді. 4 Осылайша Жалғыз аспан және жерді жаратты». (Б.Жар.Б-2;)
Аптаның бірінші күні жексенбі. Келесі екінші күн дүйсенбі. Ду (ди) екі деген белгі. Сонымен жексенбі Жер ғаламшарының жаратылу басталуының бірінші күні. Ары қарай рет-ретімен бәрі жаратылып жаратылудың алтыншы күні (жұма) адам жаратылды. Жоғарыда жазылғандай: «Жалғыз жетінші күнге жарылқау тіледі» - деп апта жеті тәуліктен құралады. Осыған байланысты апта күндерінің аттары жаратылу кезегімен келесілер: жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі. Жер ғаламшары үшін негізгі жаратылған күні жексенбі (ағылшынша Sunday- күннің күні) болып табылады.
Аптаның жеті күнінің мысалында осы мәселені талдап көрейік. Аптаның жеті күнінің аты қазақ тілінде тек қана екі аттан: жұма және сенбі - тұрады, ал аптаның қалған күндері сенбінің туындылары болып келеді. Жұма күні – адамзат үшін аптаның басты, қасиетті күні болып саналады. Себебі бұл күні Адам Ата және Хауа Ана жаратылды. Жоғарыда көрсетілген дәлелдерге байланысты адамды жай жетілген жүйе есебінде сипаттап жазғанда жұма күні адам үшін ерекше күн болып саналады және де апта күндері ішінде адам үшін басқарушы бөлік қызметін атқарады. Аптаның басқа алты күні өз алдына жеке шеңбер болып орналасуына байланысты, адам үшін жұма күні өз алдына басқарушы шеңбер құрып орналасады. Күн санауы ай күнтізбегіне сай жүргізілетін мемлекеттерде тәулік санау өткен күннің кешінен басталады. Көптеген діни қағидаларды орындағанда осы есеп пайдаланады. Мысалы, салауаттылық тілеу, ауыз бекіту кезінде.
Адам жұма күні жаратылуына байланысты адамға «басқарушы» (қасиетті) күн жұма болып саналады. Бейсенбіден жұмаға қараған түн жұма күнінің түні. Осыған байланысты қазақ аруақтарда еске алып Құран оқытқанда бейсенбі күні күн батқаннан соң жасайтын болған. Мұны «Бейсенбілік беру»- деп атайды. Мұндай іс-шараны бейсенбі күні күндіз жасаса, онда ол бейсенбілік болып саналмайды. Адам үшін аптаның «реттеуші» күні сенбі. Ал қалған бес күн аттары көрсеткендей 5 орындаушы болып табылады.
Адамзат тарихында аптаның ұзақтығы әртүрлі болды. Мысалы, ежелгі мысырда онкүндік (декада) апта қолданы. Ал ежелгі майяларда апта 13 күннен, ал кейде олар 20 күндік аптаны да қолданған. 1929-1930 жылдары ССРО –да апта бес күннен болды. Барлық жұмысшылар бес топқа бөлінді. Оларды түрлі-түспен атады: сары, қызғылт, қызыл, күлгін, жасыл және де әрбір топьтың өздеріне тән демалыс күні болды. Демалыс күні көбейгенімен (бұрынғыдай жеті күнде бір күн емес, бес күнде бір күн) бұл өзгеріс кеңінен қолдау таппады. Себебі әртүрлі топтардағы сәйкес келмейтін демалыс күндері отбасында, қоғамда және жеке өмірде қиыншылықтар туғызды. Бұған дейінде Францияда 1-ші төңкерістен соң, одан кейін де Қытай Халық Республикасының бірінші басшысы Мао Цзе Дун Қытай он күндік апта енгізген еді. Олар да күтілген нәтиже бермеді.
Жоғарыда сипатталғандай аптаның құрамын жеті тәуліктен басқа сандармен ауыстырғанмен олар қажетті нәтиже бермеді. Бұл қатаң жеті күндік ырғақтың әсерінің нәтижесі болып табылады.
АҚШ-та, Израильде, Канадада және кейбір африка елдерінде аптаның бірінші күні жексенбі болып саналады. Халықаралық Стандарт ISO 8601 (International Standardization Organization – адам қызметінің әртүрлі салаларындағы стандарттарды жоспарлаушы ұйым. Стандарт ИСО 8601 – уақыт және күнді белгілеу стандарты) сәйкес аптаның бірінші күні дүйсенбі, ал жексенбі аптаның соңғы күні болып қабылданған.
Уақыттың белгілі бір бөлігін есептеу үшін күнтізбелер (лат. calendarium) қолданылады. Күнтізбе - уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ыырғақтық қозғалуына негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Несиеге ақша алғандар осы күні қарыз дәптерінде (лат. calendarium) жазылған борыштарын өтеген.
Күнтізбелер Жердің және басқа да ғаламшарлардың Күнді айналуының қайталануына негізделген астрономиялық болуы мүмкін. Бұл периодтар тәулік санымен көрсетіледі, бірақта толық тәулік болмауы да мүмкін. Ал адамның шаруашылық қызметтерін қамтамасыз етуге арналған күнтізбелер де тәулік саны бүтін болып келулері керек.
Бұдан кейінгі үлкен уақыт аралығы ұзақтығын өлшеу тәулік және апта негізінде жүргізіледі. Оларды өлшеу екі жолмен жүзеге асырылады. Уақыт өлшеудің бірінші жол ол табиғи құбылыстардың ырғақтары негізінде астрономиялық өлшеу. Бұл өлшемде өлшеуді ненің негізінді бастауына байланысты әртүрлі варианттары болады. Уақыт өлшеудің екінші жолы күнтізбелерді адам шаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты құрастыру. Әрбір елдің ерекшеліктеріне байланысты мұның да түрлері көп болуы мүмкін.
3. Айлық цикл. Ай (лат. mēnsis, греч. μήνας) – Айдың Жер ғаламшарын бір айналуына байланысты уақыт өлшеу бірлігі.
Жержетілмеген жүйе болуына байланысты оның меншікті саны 12. Сондықтан бір жыл, яғни Жердің Күнді толық айналуы он екі айдан құралады. Ай жылдың онекіден бір бөлігі.
Табиғатта қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты айдың келесі түрлерін ажыратады.
Зодиакалдық ай, көктемгі түн мен күннің тепе-теңдігі күнінен басталатын, тропикалық жылдың 1/12 бөлігі.
Синодикалық (ежелгі грек. σύνοδος «қосылу, жақындау») ай – Айдың кезекті екі фазасының арасындағы уақыт кесіндісі (мысалы, өліаралар арасы, ай туғаннан ай туғанға дейін). Ұзақтығы тұрақты емес. Орташа мәні ұзақтығы 29,53058812 тәулік (29 тәулік 12 сағат 44 минут 2,8 секунд; 2 551 442,8 с.). Барлық уақытта жаңа ай туғанда басталады.
Жұлдыздық (сидериялық) ай – шексіздікте орналасқан «жылжымайтын»- деп табылатын жұлдызбен салыстырғанда Айдың орбитасында бір нүктеге қайтып келу уақыты. Уақыт ұзақтығы 27,3216610 тәулік (27 тәулік 7 сағат 43 минут 11,51 секунд; 2 360 591,51 с).
Тропикалық ай – Айдың Жерді айналғанда бойлықтағы нүктеге қайтып келуі. Уақыт ұзақтығы 27,3215817 орташа күн тәулігіне тең (27 тәулік 7 сағат 43 минут 4,66 секунд; 2 360 584,66 с). Тропикалық ай жұлдыздық аймен салыстырғанда Жер білігінің прецессиясына байланысты сәл қысқалау болып келеді. Бойлық басталады деп саналатын көктемгі тепе-теңдік нүктесі бір ай ішінде Айға жақындап жылжиды.
Аномалистикалық ай – Айдың Жерді айналғанда өзі айналу шеңберінің перигейі арқылы қайтып өту уақытының ұзақтығы. 1900 жылдың басында ұзақтығы 27,554551 орташа күн тәулігіне тең болды. (27 тәулік 13 сағат18 минут 33,16 секунд; 2 380 713,16 с.) . Әрбір за 100 жыл сайын 0,095 секундқа азаяды.
Драконикалық ай – Айдың Жерді айналып өту шеңберінің жоғарғы немесе төменгі бағытындағы нақты түйінінен қайталап өту уақының ұзақтығы. 1900 жылдың басында ұзақтығы 27,2122204 орташа күн тәулігіне тең. (27 тәулік 5 сағат 5 минут 35,84 секунд; 2 351 135,84 с). Әрбір за 100 жыл сайын 0,0035 секундқа ұзарады.
Күнтізбелік ай - адам шаруалықты қолданатын күнтізбелік жыл ішіндегі 12 айдың біреуі.
Жоғарыда көрсетілген айдың түрлерінің ішінде адам тәніне әсер ететін астрономиялық айдың екі: зодиакалдық және синодикалық түрі бар. Ал адамның шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру үшін күнтізбедік ай қолданыс тапқан. Сондықтан төменде айдың осы үш түрінің ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Ай ырғығының бірінші түрі зодиакалдықнегізгі болып саналады. Бұл айлық ырғақ Күн жүйесіндегі көктегі денелердің өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасқан ырқақтық (зодиакалдық) жылдың бөлігі. Сондықтан бұл күнтізбені «Күн күнтізбесі» - деп атайды. Бұл айлардың аттары олардың пайда болу немесе әсер ерекшіліктеріне қарай аталады. Бұл айлардың аттары негізінен жануарлардың атымен аталуына байланысты бұларды латынша зодиак айлары деп атайды.Қазіргі кезде латыннан қазақшаға аударып қолданып жүрген айлар аттары келесілер: I. Тоқты; II. Торпақ; III. Егіздер; IV. Шаян; V. Арыстан; VI. Бикеш; VII. Таразы; VIII. Сарышаян; IX. Мерген; X. Ешкімүйіз; XI. Суқұйғыш; XII. Балықтар. 12 шоқ жұлдыздардағы жұлдыздардың жалпы саны 365, сондықтан бір жылда 365 күн бар. Бұл ырғақтық айлар Жер ғаламшары жаратылғаннан бері бар.
Ескі түркі тілінде бұл айлардың келесі аттары қолданылған: I. Қозы; II. Үді;III. Ерентүз; IV. Қушық; V. Арыстан; VI. Бидай басы; VII. Өлкі; VIII. Шаян; IX. Сұрмерген; X. Ұғылақ; XI. Көнек; XII. Балықтар. Кейбір әдебиеттерде келесі атаулар да кездеседі: I. Дәлу; II. Құт;III. Сәуір; IV. Қамал; V. Саратан; VI. Зауза; VII. Сүмбіле; VIII. Әсет; IX. Ақырап; X. Мизам; XI. Жедді; XII. Қауыс.
Адамның тәнсаулығы негізінен туылған зодиакалдық айының ерекшелігіне байланысты. Оның себебі адамның бойында туылған айының тектес ақпарат түрі көп болады, осыған байланысты организм тектес ақпарат әсеріне осал келеді.
1. Тоқты –бас, самай, маңдай, бет және иммунитетке (әсіресе лейкоциттерге) жауапты. Патология: бас және тіс ауырулары.
2. Торпақ – қас арасы, көмекей, мойын, құлақтар, миндалиндер, лимфа жүйесі (денедегі барлық лимфа бездері), буындар, дыбыс переделері, сіңірлер. Патология: отиттер, ангиналар, ларингиттержәне тамақтың барлық сырқаттары.
3. Егіздер- тіл, қол, иық, бұғана, көру, қас, өкпе, жүйке жүйесі, мидың үлкен жарты шарлары (сұр заты). Патология: кжақыннан және алыстан көргіштік, жадының және сөздің (ми қыртысы) бұзылуы, өкпенің қабынулары, невриттер, невралгиялар (әсіресе қол белдеуі), неврастения.
4. Шаян- еркектерде сол көз, әйелдерде оң көз, кеуде, сүт бездері, асқазан, бас миының ақ заттары (ондағы түйіндер), әйелдің жатыры, ұрықтану, бала көтеру, босану. Патология: асқазан сырқаттары, әйелдерде маститтер, ми шайқалуы, белсіздіктің және бедеуліктің әр түрлері, түсік, ұрықтану және бала көтеру ауытқулары, бронхиттер. Көңіл күйге жауап береді.
5.Арыстан – еркектердің қң көзі, әйелдердің сол көзі, арқаның жоғарғы бөлігі, жауырындар, омыртқа бағнасы, жүрек. Өмірге деген құштарлық, жалпы денсаулық. Патология: остеохондроздар, жүрек сырқаттары.
6. Бикеш – желке, ішектер, ұйқы безі, бауыр (күн) түйіні,көмірсулар алмасуына жауап береді. Патологии: ішек қызметтерінің бұзылуы (іш өту, іш жүрмеу), панкреатит, сусамыр (диабет), ұйқы безі сырқаттары.
7. Таразы- мұрын, бел, бүйректер, әйелдердің жыныс бездері, қыл тамырлар (капиллярлар), көк қан тамырлары (веналар), шаш, түктер. Патология: құяң (радикулит), бүйрек сырқаттары, әйел жыныс бездері сырқаттары, қан тамырларының барлық патологиялары.
8.Сарышаян- сол құлақ, мұрын ұшы, еріндер, ауыз, жыныс мүшелері, көтен, қуық, тер бездері, барлық еттер жүйесі. Патология: мұрын (ринит, гаймориттер), гинекология, жыныстық ауытқулар, тік ішек сырқаттары.
9.Мерген- ұрттар, оғарғы ақ, сегізкөз, бөксе, сан, ұршық буыны, бауыр, артериялар, қан үйесі, липидтер (майлар) алмасуы. Патология: бауыр, қан айналу және қан жүйелері сырқаттары.
10.Ешкімүйіз- самай, оң құлақ, тізе, сүйек жүйесі, тістер, талақ. Патология: тістер нашарлығы, рахит, сүйек жүйесі және буындар сырқаттары, қан қысымы төмендеуі, тері сырқаттары. Бұл белгінің сырқаттары созылмалы.
11.Суқұйғыш- төменгі жақ, балтыр және тобық, өт қабы, әртүрлі аллергиялар. Патология: холециститтер, тырысқақтынықтары, веналар кеңеюі, гормондық ауытқулар.
12.Балықтар-иек, аяқ басы, мидағы орталықтар: ұйқы, ашығу, шөлдеу. Патология: ұйқысыздық, ақыл-ой ауытқулары, галлюцинация.
Ай циклінің екінші түрі Күн, Ай және Жердің өзара әсерлері нәтижесі. Мұның негізінде жасалынған күнтізбені «Ай күнтізбесі» - деп атайды. Ай Жер ғаламшарына ең жақын орналасқан дене болуына байланысты бұл ырғақ жердегі құбылыстарға реттеуші әсер етеді. Мысалы, теңіздің тасуы және тартылуы, әйел организмдегі айлық өзгерістер және т.б. Жаңа Ай тұғаннан соң ол екі апта ішінде толады және екі аптада жұқарып аяқталады, яғни айдың өз ырғағы 28 тәулік болады. Бірақта ескі ай бітіп жана ай туғанша 1,53058812 тәулік өліара болады, яғни Ай көрінбейді, бірімен бірі ауысады. Айдың өзінің ырғағын және өліараны қосып бір ай деп атайды. Сондықтан айлық ырғықтың орташа ұзақтығы 29, 53058812 тәулік. Айдың әсерінің нәтижесінде пайда болған цикл негізінде жасалынған күнтізбені «Ай күнтізбесі»- деп атайды. Ай күнтізбесінде әрбір айдағы тәулік саны өліарадан бастап саналады.
Өліарада ай бойындағы тепе-теңдік бұзылады, бар айлық ырғақтан екінші айлық ырғаққа өткенге байланысты келесі айдың ырғағына өту болады. Осыған байланысты өліарада ауа райы бұзылады. Ай Жерге жақындағында мұхиттың суы құрғақты басады (тасиды), ал ай алыстағанда тартылады. Өліарада және ай толғанда адамдардың ауруларының асқынулары, өзіне-өзі қол жұмсауының (суицидтің) саны артады.
Әйел бойындағы айлық ырғақтық өзгерістің де (менструация, етеккір) ұзақтығы айлық ырғаққа сәйкес 28-30 тәулік болуы қажет. Егер әйел организміндегі бұл ырғақ осы шамадан неқұрлым алыс болған сайын әйел әртүрлі гинекологиялық және экстрагениталдық сырқаттарға бейім болады.
Айлық ырғақ негізінде қалыптасатын айлар да Күнді айналу негізінде қалаптасқан айлар сияқты Жер ғаламшары жаратылғаннан бері қолданылып келеді. Бірақта айлық күнтізбені қолдану жөніндегі алғашқы ақпарат Бабылда кездеседі. Мүмкін одан да басқа күнтізбенің бұл түрін қолдану болуы мүмкін. Қазіргі кезде мұсылман елдерінде айлық күнтізбені пайғамбарымыз Мұхаммед (С.Ғ.С.) Меккеден Мәдинаға мәжбүр болып көшу күнінен бастап (16.07.622 ж.) сану қалыптасып, қолдану тапқан.
Осыған байланысты бұл айлардың аттарын арапша атайды. Олар келесілер: I. Мухаррам; II. Сапар; III. Раби I; IV. Раби II; V. Джумада I; VI. Джумада II; VII. Ережеп; VIII. Шағыбан; IX. Рамадан; X. Шаууал; XI. Зулгагул; XII. Зулхаджа.
Ай күнтізбесінің үшінші түрідүние жүзіндегі көптеген елдердересми қабылданған, шартты. Бұл шартты күнтізбе негізінеадамның шаруашылық қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл күнтізбе бойынша айлардың ресми аттары I. Қантар; II. Ақпан; III. Наурыз; IV. Сәуір; V. Мамыр; VI Маусым; VII. Шілде; VIII. Тамыз; IX. Қыркүйек; X. Қазан; XI. Қараша; XII. Желтоқсан.
4. Жылдық цикл. Жыл Жердің Күнді бір айналып шығу циклі. Жай ырғақ 12 айдан, төрт жыл мезгілінен тұрады. Жер ғаламшары жылдық қозғалуда орта есеппен 29,765 км/с, яғни 100 000 км/сағаттан артық жылдамдықпен қозғалады.
Жылды астрономиялық анықтау Жердің Күнді айналу шеңберіне байланысты әртүрлі астрономиялық құбылыстардың қайталану уақыттарына аралығына негізделген. Бұл периодтар тәулікпен есептеледі, нақты сандар болып келеді, тәуліктің бөлшегімен де сипатталулары мүмкін. Астрономиялық жылдың келесі түрлерін ажыратады.
Зодиакалдық немесе тропикалық жыл- 365,2424 тәулікке (365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд, 31556952 с.) тең көктемгі екі тепе-теңдіктің арасындағы уақыт. Осы кезең жыл мерзімдерінің ауысу кезеңін анықтайды.
Жұлдыздық (сидериялық) жыл – шексіздікте орналасқан «жылжымайтын»- деп табылатын жұлдызбен салыстырғанда Жердің орбитасында бір нүктеге қайтып келу уақыты. 1950 жылы оның уақытының ұзақтығы 365,2564 тәулікке (365 тәулік 6 сағат 9 минут 9 секунд, 31558150 с.) тең болды. Басқа ғаламшарлардың әсерінен, әсіресе Есекқырған (Юпитер) және Қоңырқай (Сатурн) бұл жылдың ұзақтығы бірнеше минутқа өзгеруі мүмкін. Бұдан бөлек бұл жылдың ұзақтығы әрбір жүз жылда 0,53 секундқа қысқарып отырады.
Аномалистикалық жыл –Жердің Күнді айналғанда өзі айналу шеңберінің перигейі арқылы қайтып өту уақытының ұзақтығы. Бұл жылдың орташа ұзақтығы 365,259636 тәулік (365 тәулік 6 сағат 13 минут 52,6 секунд, 31558464 с.) (J2011.0 дәуірінде). Бұл жыл зодиакальдық жылмен салыстарғанда 27 минутке ұзақ. Бұл перигелия нүктесінің орналасуының тұрақты өзгеріп тұруына байланысты. Қазіргі кезде Жер перигелия нүктесін 2-ші қаңтарда өтеді.
Драконикалық жыл Күннің Айй орбитасындағы белгілі бір түйінге қайтып айналу уақытының ұзақтығы. Бұл жылдың орташа ұзақтығы 346,620047 тәулік (346 тәулік 14 сағат 52 минут 86,8 секунд, 29947972,8 с.).
Ай ырғағы бойынша саналатын жыл 12 ай ырғағы айынан тұрады. Бұл жылдың ай күнтізбесіндегі орташа ұзақтығы 354,37 тәулік (354 тәулік 8 сағат 52 минут 48 секунд, 30617568 с.).
Күнтізбелік жылдар астрономиялық жылдардан айырмашылығы олардың құрамындағы тәуліктер саны толық болуы қажет. Тек қана асындай жағдайда қоғамдық іс-әрекеттерді толығырақ сипаттауға және адамның шаруашылық қызметтерін толық есептеуге мүмкіншілік болады.
Жоғарыда көрсетілген жылдар түрлерінің ішінде адам тәніне әсер ететін астрономиялық жылдың екі түрі: зодиакалдық және айлық бар. Ал адамның шаруашылық және қоғамдық қызметтерін жүзеге асыру үшін күнтізбедік жыл қолданыс тапқан. Күнтізбелік жыл шартты есеп негізінде жүзеге асуына байланысты оның да түрлері көп. Сондықтан төменде жылдың үш түрінің: зодиакалдық, айлық, күнтізбелік ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жылдық күнтізбенің бірінші түрі - табиғи, ырғақтық. Жыл ырғақ есебінде 12 айдан шеңбер құрайды. Шеңбердің екі жартыдан: ЕН және ІН тұрады. Жылдың алғашқы екі мезгілі: көктем және жаз оның ЕН бөлігін құраса, ал қалған екі маусымы:күз және қысжылдың ІН бөлігін құрастырады. ЕН жартысы басталғанда тепе-тендік бұзылып, жарық басым бола бастайды. Ал Жер бетіндегі тіршілік көзі Күн сәулесінің қуаты болуына байланысты барлық жанды жаңарады, жаңғырығады. Бұл құбылыс 21 наурызға яғни Қозы шоқ жұлдыздары топтарының әсері басталуына сәйкес келеді. Сол себептен жыл санаудың ырғақтық басталуы қозы шоқ жұлдыздары тобының әсерінен басталады да, сол айдың атымен аталады. Бұл жыл басын санаудың табиғи, ырғақтық, тұрақты астрономиялық жыл санаудың бірінші түрі. Осыған байланысты атам заманнан ата-бабаларымыз 21 наурызды жыл басы, жаңа ырғақтың басталуы деп тойлаған. Сондықтан Наурыз мерекесін қазақтар: «Ұлыстың ұлы күні, яғни Жер ғаламшарының жаратылған күні»- деп атайды.
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Себебі бұл күн Жер жаратылғандағы жаңа күннің қалыптқан уақыты. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа күннің қалыптасқан уақыты»- деген мағна береді. Бұл туралы келесі нұсқау бар: «1 Жалғыз алдымен аспан және жерді жаратты. 5. Қараңғыны түн, жарықты күндіз деп атады. Кеш болды, таң атты: бір күн.». (Б.Жар.Б-2;)
Жердегі барлық құбылыстар 12 және оның көбейтінісіне сәйкес ырғақтарға байланысты болғандықтан зодиактық жылдардың да 12 түрі бар. Олар келесілер: I. Тышқан; II. Сиыр; III. Барыс; IV. Қоян; V. Ұлу; VI. Жылан; VII. Жылқы; VIII. Қой; IX. Мешін; X. Тауық; XI. Ит; XII. Доңыз.
Бұл ырғақпен уақыт санағанда ырғақтық жыл, ырғақтық ай және апта күні аты аталады. Мысалы бұл шығарманы мен Ұлу жылы, Арыстан айының екінші жексенбісінде жаздым.
Қазақ жыл санағанда, оны «жыл қайыру» деп атайды, ырғақтық жыл атауларын қолданады. Адамның мінез-құлқы туылған ырғақтық жылына байланысты болып келеді. Сондықтан ата-бабаларымыз сол жылы туған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығын қарастырып, ол қандай жануардың мінезіне сәйкес келетінін анықтаған. Сол жылды мінезі ұқсас нақты жануардың тегімен атаған. Жер шарында аймақтардың табиғи ерекшеліктеріне байланысты біріне-бірі мінездері ұқсас әртүрлі биологиялық түрлер өкілдері өмір сүруі мүмкін. Мысалы, мұхит қоршаған жерлерде тұратын халықтарда құрғақтың жануарлары жоқ болуына байланысты, олар мінезі соларға ұқсайтын мұқит жануарларының тегімен атаған. Осыған байланысты тұрған табиғаты әртүрлі халықтарда бұл жылдардың шартты әр түрлі аттары қалыптасқан. Мысалы, қазақша ұлу, қытайша-аждаһа (дракон). Түйе (арапша gamel кемел – жетілген) жануарлардың ішінде ең жетілгені болғандықтан, ал кісіде толық жетілген мінез-құлық қалыптасуы қиын болуына байланысты қазақ түйе атын жыл қайыруға қолданбаған.
Зодикалдық жылдардың «амалға асыру» бөлігін құрайтын алғашқы онының әрқайсысының өзіне тән сипаттары бар. «Реттеу» бөлігін құрайтын екі жылда «амалға асырушы» бес бөліктің жиынтық мінезі қалыптасады. Мысалы, ит жылы туған кісілірде бес ІН бөлікті құрайтын: Сиыр, Қоян, Жылан, Қой, Тауық мінездерінің жиынтығы болса, ал Доңыз жылы туғандарда бес ЕН бөлікті құрайтын: Тышқан, Барыс, Ұлу, Жылқы, Мешін мінездерінің жиынтығы болып келеді. Сондықтан қазақта: «Ит- Доңыз»- деп қосарлап атау қалыптасқан.
Жылдық ырғақтың екінші түрі айлық ырғаққа байланысты. Сондықтан бұл «Айлық күнтізбе» - деп аталады. Айлық күнтізбе бойынша жыл санаудың қазіргі кездегі түрі Мұхаммед (С.F.C.) Меккеден Мадинаға көшуі (һиджра) күнінен басталады. Бұл 622 жылы 16 шілде айында болған. Жалғыздың нұсқауына сәйкес бұл көшкен күн айлық жыл ырғағының басталуына сәйкес келген. Мысалы, мен бұл шығарманы 1434 һиджра жылы қасиетті Рамадан (IX) айының 25 жұлдызында жаздым. Айлық ырғақта түн күннің алдында өтуіне байланысты ай ішіндегі уақыт өлшемін жұлдыз деп атайды. Айлық жыл ырғағында 355,37 тәулік бар. Айлық жыл Күндік жылдан 10 тәулік аз. Сондықтан айлық жыл ырғағы жыл сайын 10 тәулікке алға жылжып отырады. Бұл жылдық ырғақта 7 ай 30 тәуліктен, 5 ай 29 тәуліктен тұрады.
Бұл екінші жыл басын санау ай ырғағы, яғни Күн, Ай және Жердің өзара әсерінен қалыптасатын ырғақ негізінде қалыптасқан. Оның себебі Мұхаммед (С.Ғ.С.) өзінің пайғамбарлық қызметін Меккеде бастағанда ол жердің басшылары және басым көпшілік тұрғындары түсінбеулеріне байланысты пайғамбарымызды және оны қолдаушыларды қуғынға ұшыратып, көп бөгет жасап, қинаған. Сол себептен Иса (С.Ғ.С.) туғанының 622 жылы шілде айында Жалғыз рұқсатымен Мұхаммед (С.Ғ.С.) және оның қолдаушылары Меккеден Мадинаға көшкен. Арап тілінде көшуді Һиджра деп атайды. Осы уақыттан бастап саналатын жыл санағын Һиджра деп атайтын себебі осыдан. Мысалы, биыл 1436 һиджра жылы, ол 2015 жылға (миледи) сәйкес келеді.
Жылдық ырғақтың үшінші түрі күнтізбелік жыл. Күнтізбелік жыл қоғамдық құбылыстарды толығырақ сипаттауға және адамның шаруашылық қызметтерін есептеу үшін қажет. Сондықтан күнтізбелік жылдың басталуы есептеу қажеттілігіне байланысты шартты жылдың әртүрлі маусымында болуы мүмкін. Күнтізбелік жылдың негізіне қандай астрономиялық ырғақ алынуына байланысты ол күндік, айлық және күндік-айлық болуы мүмкін.
Ежелгі заманда көптеген халықтар уақытты тек қана жыл маусымдар негізінде есептеген. Әртүрлі күнтізбелерде жыл басталуын және уақытты есептеуді әртүрлі жүргізді. Мысалы, Византия күнтізбесінде жыл басы 1 қыркүйек деп есептелсе, шығыс славяндары христиан дінін қабылдағаннан соң да жыл басын 1 наурыз деп санаған.
Әрбір халық тарихи уақиғаларды белгілеудің өздеріне тән әдістерін қолданған. Кейбір халықтар уақыт санауды дүние жаратылғаннан кезңнен бастаған. Еврейлер бұл уақыт б.э. дейінгі 3761 жылдан басталады десе, александрия есепшілері бұл уақыт б.д. дейінгі 5493 жылдың 25 мамырынан басталады деп есептеген. Римдіктер жыл санауын Римнің негізделуінен (б.д. дейінгі 753 жыл) бастаған. Ал парфяндар, вифиняндар және селеквидтер жыл санауын бірінші патшаның таққа отырған күнінен бастаса, мысырлықтар әрбір келесі биліктің басталған күнінен есептеген. Әрбір дін тармағы өзінің күнтізбесін қолданады. Мысалы Византия күнтізбесіне сәйкес Дүние жартылуының 7523 жылы болса, мұсылмандарда 1436 Хиджра жылы (2014 жылдың 25 қарашасынан бастап), буддистер күнтізбесі бойынша Нирвана эрасының 2558 жылы болып саналады. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған.
Рим императоры Гай Юлий Цезарь күнтізбені ретке келтірді. Юлий күнтізбесі – Созиген бастаған Александрия астрономдары дүние келтірген күнтізбе. Күнтізбені Юлий Цезарь б.д. дейінгі 45 жылы 1 қаңтарда енгізді. Юлий күнтізбесі бойынша жаңа жыл 1 қаңтарда басталады, себебі осы күні комициялар сайлаған консулдар міндеттерін атқаруға кірісетін. Юлий күнтізбесі ескі Рим күнтізбесі негізінде жасалынды. Ал ол өз кезегінде Ежелгі Мысырдың Күн күнтізбесі негізінде жасалынған болатын. Юлий жылының ұзақтығы орташа 365,25 тәулік болып келеді. Бұл тропикалық жылдан 11 минут 14 секундқа артық.
Юлий күнтізбесін жасағанда Созиген ескерусіз қалдырған тропикалық жылдан 11 минут 14 секунд артықшылығы XVI ғасырда көктемгі тепе-теңдік 21-ші наурыздан 11-ші наурызға ауысуына әкеліп соқты. Бұл басқа да табиғи құбылыстардың уақытының өзгеруіне әкеліп соқты.Өз кезегінде бұл өзгеріс ауыршалық жұмыстарын ұйымдастуға, басқа да қоғамдық іс-шараларды жүргізуге бөгетін жасады. Григорий күнтізбесіне («жаңа санат») өту осы қателерді түзеуге арналды. Әрбір жыл сайын «ескі» және «жаңа» санаттар арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Мысалы, 2000-2100 жылдар арасындағы бұл айырмашылық 13 тәулік болса, ал айырмашылық 2100-2200 жылдар арасында 14 тәулікке жетеді.
Григория XIII бұл өзгерісті жүзеге асыруды астрономдар Христофор Клавий және Алоизий Лилийге тапсырды. Григорий күнтізбесі немесе «жаңа санат» юлий күнтізбесінің орнына 1582 жылы 26 қаңтарда Рим папасы Григория XIII шешімімен христиан дінінің католик бағытын ұстанатын елдерде енгізіле бастады. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий күнтізбесі қолданылып келеді. Жыл басын месих Иса (С.Ғ.С.) туған күнінен бастауды 532 жылы Рим монахы Дионисий Малый ұсынған еді. Жаңа жыл санау тек қана 1000 жылдан бастап кеңінен өріс алды. Осы күні көптеген елдерде Григорий күнтізбесі қолданылады.
Қазіргі кезде күнтізбелік жылдарда келесі уақыт ұзақтықтары қоданыс тауып келеді: 365 тәулік – көптеген Күн күнтізбелерін қолданғандағы кісібә емес жылдар ұзақтығы; 366 тәулік – көптеген Күн күнтізбелерін қолданғандағы кісібә жыл ұзақтығы;; 353, 354 немесе 355 тәулік – көптеген Күн-Ай күнтізбелерін қолданғандағы кісібә емес жылдар ұзақтығы; 383, 384 немесе385 тәулік – көптеген Күн-Ай күнтізбелерін қолданғандағы кісібә жыл ұзақтығы;; 365,25 тәулік (нақты) –Юлий күнтізбесіндегі тәуліктердің орташа саны; 365,2425 тәулік (нақты) –Григорий күнтізбесіндегі тәуліктердің орташа саны.
Григорий күнтізбесінде санауы бойынша желтоқсан (12-ші ай) орыс тілінде декабрь деп аталады. Ал латынша дека – он деген ұғым білдіреді. Оныншы ай қазан, орысша октябрь. Октава латынша сегіз. Тоғызыншы ай қыркүйек, орысша сентябрь. Немісше – september, ал септем – жеті деген мағна білдіреді. Ресми қабылданған жыл санауындағы айлардың саны олардың атына 2 қосылғанын көрсетеді. Олай болса желтоқсан – 10-шы ай, қаңтар – 11-ші ай, ақпан -12-ші ай. Олай болса табиғи жыл басы наурыз, көктемнің бірінші айы болып келеді.
Зодиактық және Күн жүйесіне байланысты жылдық ырғақтар 365,25 тәуліктен, ал айдың жылдық ырғағы 354,37 тәуліктен құралуына байлынысты бір жылдағы тәуліктің орта санын сол екеуінің арифметикалық ортасы есебінде қабылданады. Ол 360 тәулікке тең (365+355=720:2=360). 360 10x12x3 сандарының көбейтіндісі. 10 абсолюттік жетілген жүйенің «Жер моделі» бөлігіндегі элементтер және негізгі ақпарат түрлерінің саны, 12 жетілмеген жүйелердегі, сонын ішінде Жердін де, элементтері саны үш иерархиялық басқарудағы элементтер саны. Сондықтан да шеңбер 360 градустан, жылда орташа 360 тәуліктен тұрады, адам денесінде басты жүйенің 12 мүшесінде 360 ақпарат қабылдаушы нүктелері бар.
Басқару қағидасына сәйкес бір жылда үш айдан бір маусым құрылып, бір жылда төрт маусым болады. Ырғақты жылдың басталатын көктемде жаңбыр көп болып, себебі бұл маусымды негізінен ылғал жұп қалыптастырады. Бұл Жер бағытының шығысына сәйкес болады. Жаздың қалыптасуын негізінен ыстық жұп қамтамасыз етеді, бұл оңтүстікке сәйкес болады. Күз маусымын негізінен құрғақ жұп қалыптастырады, бұл батыс бағытқа сәйкес болады. Қысты негізінен суық жұп қалыптастырады, бұл солтүстік бағытқа сәйкес болады. Жел жұбы энергия негізі болуына байланысты барлық бағыттар және жыл маусымындарының құрамдарында болуына байланысты бес жұптың ішінде орталықта орналасады. Осылайша абсолюттік жетілген жүйенің «Жер моделінің» он (бес жұп) бастамасы жылдың маусымдарына айналып, ырғақ арқылы организмдерге әсер етеді.
Жер ғаламшары жағдайында барлық тіршілік үшін қажетті қуат болып табылады. Қуат 10 элементтің негізінде пайда болады. Осыған байланысты қазақтарда: «Барлық ауру суықтан, ыстықьан және желден» - деген ұғым қалыыптасқан. Жыл бойында суықтың және ыстықтың организмге әсер ететін белгілі уақыты болады. Оны қазақтар қысқы және жазғы шілде (сәйкестілік, гармония) деп атайды. Шілденің ұзақтығы 40 тәулік. Қысқы шілде 25 желтоқсаннан басталып 5 ақпанда аяқталады. Жазғы шілде 25 маусымда басталып 5 тамызда аяқталады. Адам организміндегі ішкі реттеуші жүйелер, соның ішінде ішкі секреция бездері жүйелеріде осыларғы сәйкес бейімделеді. Қыста адамға дене жылуын қалыпты ұстап тұру үшін көп қуат қажет, сондықтан адам тамақты көп жейді. Ал жазғы шілдеде керісінше. Адам бойындағы жылдық осы екі сәйкестілік (гармония) күзде және көктемде біріне бірі ауысады. Қазақ бұл ауысу туралы: «Жуан жіңішкереді, жіңішке үзіледі»- деп тұжырымдаған. Бұл өтпелі кезде адам организмінің бейімделу мүмкіншіліктері төмендейді, сол себептен «жіңішке үзіліп», кімде қандай нашар жүйелер, мүшелер бар солардың созылмалы сырқаттыр асқынады. Осыған байланысты бұл кезеңдерде профилактикалық іс-шараларды кеңінен қолдану қажет.
5. 4 жылдық цикл, кібісе жыл. Бұл 1461 тәуліктен тұратын ырғақ. Бұл ырғақ жыл сайынғы артық 0,25 тәуліктің жиналуынан әрбір 4 жыл сайын қайталанып отырады. Бұл жыл ресми жыл санағы бойынша 4-ке бөлінетін жылдары, ал ырғақтық жыл санауы бойынша І Тышқан; V Ұлу; IX Мешін жылдарына сәйкес келеді. Бұл ырғақтың байқалуының бір белгісі самырсын (кедр) балқарағайы шыршалары кібісе жылдары өте жоғары өнім беруі.
6. 7 жылдық цикл. Жай ырғақ. Жеті жылдық ырғақ Жер ғаламшарына көктен басты ақпараттың 7 түрінің әсер етеді. Осы әсерге байланысты адамда оның әртүрлі қызметтерінің жеті жылдық ырғақтары қалыптасады.
Бұл жеті жылдық циклдардың барлығының негізінде чакралар жүйесі қалыптасады, әрбір чакраның қызметі сәйкес ырғақпен тығыз байланысты. Цикл түпкі көзден басталады. Әрбір жеті жыл сайын бір чакра жауапты болады. Өмірдің өзегі сол чакраның қызметі төңрегінде болады. Өз кезегінде бұл жеті жылдық кезең жеті қосалқы циклге бөлінеді. Ол да түпкі чакрадан басталып кезегімен өтеді. Бірінші жеті жылдық қалыптасуды қазақ: «Бала жетіге келгенше Жерден таяқ жейді»- деп қортынлыған.
Бұдан соң келесі жеті жылдық цикл басталады. Бірақта бұл кезекте негізгі келесі чакра болып келеді. Әрбір жыл сайын адамды жаңа қосалқы негізгі өзгеріс жүзеге асады. Әрбір жеті жыл сайын адам дамудың келесі сатысына көтеріледі. Бұл екі даму өзгерістері бірін-бірі үйлесімді толықтырып отырады.
Адам денесінде де жеті жылдық циклмен өзгерістер болады. Мұның биологиялық дәлелі ретінде адам денесінің жеті жыл ішінде толық жаңарып шығуын атап өтуге болады. Әрбір жеті жыл сайын адам денесіндегі әрбір жасуша толығымен жаңасымен алмастырылады. Физикалық тұрғыдан адам денесі толығымен жаңарады. Ал ақыл-ой деңгейі жеті жыл ішінде көп өзгеріске ұшырамаған тәрізді болып көрінуі адамның көңіл-күй жағдайы осы кезеңнің бастапқы стереотиптерінен әлі толық құтыла алмағанның нәтижесі болып келеді. Егерде адам ұзақ уақыттан соң жақсы танысымен кездессе, ол адам бойында көптеген жаңа өзгерістер көп екеніне көңіл аударады. Мұндай өзгерістер негізін жеті жылдық циклдер құрайды.
Ежелгі дәуірден бері жеті саны амалға асырудың, рухани жетілудің және толығудың белгісі болып саналады. Көптеген мәдениеттерде жеті саны ең қасиетті санның бірі болып саналады. Апта жеті тәуліктен, кемпірқосақ жеті түр-түстен, дыбыстың жеті нотадан құралуы осының дәлелі. Жеті Жер ғаламшары жағдайнда жиі кездесетін ырғақтардың бірі болып саналады.
7. 12 жылдық ритм, мүшел жас. 12 жылдық жай ырғақ. Бұл ырғақтың пайда болуы, жердің 12 элементінің әрқайсысы бір жыл деп есептеуге байланысты. Жердің әрбір 12 жылдық ырғағының өзіне тән және келесі тізбектің сатыға өтуіне байланысты ерекшеліктері бар. Бір деңгейден екінші деңгейге өтетін жасты қазақ мүшел, яғни ырғақтық жас деп атайды. Мүшел жастар: 12, 24, 36, 48, 60, 72, 84, 96, 108, 120 болып табылады. Адам бір ырғақтық деңгейден екінші ырғақтық деңгейге өткенде, немесе «мүшел жасқа» толғанда ол келесі ырғаққа тән ерекшеліктерге бейімделуі керек. Осыған байланысты мүшел жаста адам организміндегі сәйкестілік (гармония) өзгеріске ұшырайды. Егер жылдық ырғақта күзде және көктемде сырқаттар қозатын болса, ал мүшел жастағы әсер одан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Сондықтан мүшел жаста, яғни бір ырғақтан келесі ырғаққа өтер жаста адамдағы созылмалы сырқаттар жиі қозады, кенеттен өлім немесе өзін-өзі өлтіру басқа жастарға қарағанда жиірек ұшырасады. Сол себептен барлық уақытта мүшел жаста өте сақ болған дұрыс. Адамның тіршілік өміріне дайындалуда әсіресе алғашқы екі мүшелдің маңызы өте зор. Қазақ «он үште отау иесі» - деп бірінші мүшелге толып, екінші мүшел басталарда жыныстық қалыптасу жүзеге асатынын сипаттаса, ал «қайран жиырма бес» - деп екі мүшелге толып, үшінші мүшелдің басында адам денесі өзінің ең жоғарғы мүмкіншілігіне жететінің сипаттаған. Жиырма бестін және бір ерекшелігі негізгі орындалу саны бестің екінші дәрежесі болып келеді (52, 5x5=25). Қазіргі кездегі ғылыми деректер адам денесіне тән ең жоғарғы көрсеткіштер 25-28 жаста шыңына жетіп, ары қарай бірте-бірте төмендей беретінің дәлелдеп отыр.
8. 49 жылдық цикл. Қырық тоғыз жылдық ырғақ жеті жылдық циклдің толық ырғағының нәтижесі. Ең алғашқыдаадам жарық дүниеге келгеннен соң түпкі көз Муладхараның жеті жылдық циклі басталады. Оның құрамындағы әрбір жыл кезекті көздің қалыптасып дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, адамның тіршілік өмірінің бірінші жылы бірніш көз Муладхара қалыптасуы қамтамасыз етілсе, ал келесі екінші жылы – екінші көз Свадхистана қалыптасады.
Алғашқы жеті жылдық цикл біткеннен соң екінші көздің Свадхистана кезегі келеді. Сондықтан осы жеті жылда қалыптастыру міндетін Свадхистана атқарады. Ол өзінің құрамындағы жеті көздің қасиеттерінің қалыптасуын реттейді. Мысалы, цикл басталғаннан соң үшінші жылы, яғни бала он жасқа келгенде, Муладхара көзінің қалыптасуы қамтамасыз етілсе, ал төртінші жылы (11 жаста) – Анахата көзі қызметі қалыптасады.
Осылайша адам әрбір жеті жыл сайын келесі даму сатысын өтеді. Бұл жеті жылдық даму сатысы өз кезегінде әрбір жылға сәйкес келетін қосымша даму түрінен құралады.
Бес жетіжылдық циклдан соң адам іс жүзінде тіршілік өмір жасының жартысына келеді. Жеті жетіжылдық циклдан соң жай ырғақ бітеді. Бұдан соң, 50 жастан бастап адам тіршілік өмірінде дамудың жаңа сатысы басталады. Бұл сатыда адам тіршілік өмірінде дамуының бұрынғыдан жоғары деңгейдегі жаңа бөлігі басталады. Ол «тіршілік өмірін» жаңадан бастағандай болады. 50 жастан соң адамның алдында орындалуы қажет бұрынғыдан басқа мәселелер тұрады.
Әрбір жыл сайын адам алдында шешуді талап ететін жаңа қосалқы міндет, ал әрбір жеті жыл сайын негізгі міндет пайда болады. Осы кезеңге тән бұл екі міндет айырмашылығына қарамастан бірін-бірі толықтырып отырады. Әрбір көздің маңызын және қызметтерін білу осы уақыт аралығын адамның ары қарай дамуы үшін өтімді пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Әсіресе бұл ақпараттар балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге, сөйтіп олардың белгілі кезеңде дұрыс дамуына мүмкіншілік жасауға жағдай жасайды.
9. 60 жылдық цикл. Алпыс жылдық ырғақ табиғатта жиі кездесетін ырғақтардың бірі. Бұл цикл толық ырғаққа жатады. Оның қалыптасу тетігі келесіде. Жер ғаламшары жетілмеген жүйе есебінде 12 элементті, 6 ЕН және 6 ІН сыңарлардан құралған. Ал аспаннан Жерге әсер ететін 10 бастама 5 ЕН және 5 ІН сыңарлар құрайды. Сондықтан Жер ғаламшарының әрбір элементі аспанның тек қана 5 сыңар элементтерінің әсерін қабылдап және соларға бейімделуді қамтамасыз ете алады. Бейтараптық қағидасына сәйкес Жер ғаламшарының ЕН элементтері аспанның ІН элементтерін қабылдай алады және керісінше. Аттас элементтер бірімен бірі байланыса алмайды. Мысалы, Жердің ЕН элементі аспанның ЕН элементімен, ал Жердің ІН элементі аспанның ІН элементімен байланыса алмайды. Осыған байланысты Жердің әрбір элементі аспанның өзіне қарама-қарсы 5 сыңар элементтерімен байланыса алады. Онекіні беске көбейтсек алпыс болады. Сондықтан Жер ғаламшары жағдайында көптеген ырғақтар 60 санына тәуелді болып келеді. Мысалы, 1 сағатта 60 минут, 1 минутта 60 секунд, шеңбердің периметрінде 360 градус болуы және т.б. Адамның тіршілік өмір жасының қажетті көрсеткіші де (120 жыл) алпыс жылдан тұратын екі жартыдан құралуы.
10. 84 жылдық цикл. Бұл цикл толық ырғаққа жатады. Оның қалыптасу тетігі келесіде. Жер ғаламшары жетілмеген жүйе есебінде 12 элементтен тұрады. Көктен Жерге әсер басты ақпараттың жеті түрінде жүзеге асады. Жоғарыда сипатталғандай адамның тіршілік өміріне бұл екеуінің әрқайсы жай ырғақ түрінде жеке циклмен әсер етеді. Ол осы екі ырғақтың адамға әсері екеуінің көбейтіндісі толық ырғақ түрінде жүзеге асады. Онекі мен жетінің көбейтіндісі сексен төрт болады. Осылайша бұл толық ырғақ қалыптасады.
Бұл ырғақтың кейбір ерекшеліктерін Альцгеймер ауруы (алжыған) тарауы мысалында қарастырайық. Бұл аурудың тарауы көбінесе адамның қартаюы байланысты болып келеді. Статистикалық мәліметтер бойынша 65 жастан асқан соң әрбір бес жыл сайын сырқатқа ұшыру 2 есе жиілейді. Егер 65 жаста мың адам-жылға 3 жағдай кездессе, 85 жасқа қарай бұл көрсеткіш 40-қа жетеді. Альцгеймер сырқатымен ауырудың жыныстық ерекшеліктері де байқалады, әйелдер жиірек ауырады. Әсіресе бұл 85 жастан соң ерекше байқалады.
Аурудың тарау жиілігі көптеген әсерлерге тәуелде болып келеді. Аурушаңдық және өлім-жітімде өз іздерін қалдырады. Ауру жасқа тәуелді болуына байланысты зерттейтін аймақтағы халықтың орта жасына көңіл аудуру қажет. АҚШ 200 жылы барлық топтарында, соның ішінде 65-74 жастар арасында да Альцгеймер сырқатымен халықтың 1,6 % ауруға шалдыққан. Ал 75-84 жастағы адамдар арасында ауру 19 %-ға дейін көбейсе, 84 жастан асқандар арасында бұл көрсеткіш 42 % құрайды. Даму деңгейі төмен мемлекеттерде аурудың тарауы төмен. БДҰ (ВОЗ) мәліметі бойынша 2005 жылы дүние жүзі халықының 0,379 % деменциямен ауырса, бұл көрсеткіш болжам бойынша 2015 жылы 0,441 %, ал 2030 жылы 0,556 % - ға жетуі немесе бұдан да көп болуы мүмкін. Және бір зерттеудің нәтижесі бойынша 2006 жылы дүние жүзінде ауру тарауы 0,40 %, ауыратын абсолюттік адам саны 26,6 млн. болса, бұл көрсеткіш 2050 жылы пайыз жағынан үш есе, ал адам саны жағынан төрт есе асады деп күтілуде.
Жоғарыдағы статистикалық көрсеткіштерді талдай келе, аурушаңдық дамудағы күрт өзгерістер 84 жастың төңрегінде екенін байқаймыз. Бұл өзгеріске ырғақтың әсерінің бар екенін байқауға болады. Және бір бұл талдаудан шығатын қортынды ақыл-ой жаттығуларымен айналысатын адамдар арасында бұл сырқат түрінің дамуының төмен болуы. Ал рухани тазалану әдістері адамның ақыл-ой мүмкіншіліктеріне ең күшті әсер болып табылатынын естен шығармау керек.
11. 98 жылдық цикл. Бұл цикл толық ырғаққа жатады. 98 жаста жетіжылдық ырғақ бойынша адам дамуының екінші толық ырғағы аяқталады. Бұл жастың жүз жасқа өте жақын орналасуына байланысты ырғақтың ерекшелігі ғасырдың көлеңкесінде қалып қойып жүр.
12. 100 жылдық ырғақ, ғасыр.Бұл екінші дәрежелі, яғни толық ырғақ (102). Ырғақтың дәрежесін жоғарылыған сайын оның әсері де күшейе түседі. Бұл абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделі» бөлігінің толық ырғағы. Толық, екінші дәрежелі ырғақ болу үшін барлық құралымдар бір-бірімен өзара әсерге түсуы керек, ол екі дәрежемен белгіленеді. Екінші дәрежелі ырғақ болуы себепті бұл өлшем Жер жағдайында ең қатал белгілердің бірі болып саналады. Сондықтан Жер ғаламшарындағы өлшем уақыты есебінде ғасыр (100 жыл) қолданылады.
13. 120 жылдық цикл, адамның тіршілік өмір жасының қажетті мөлшері.Бұл ырғақ аспанның 10 бастамасы мен Жердің 12 элементінің өзара әсері нәтижесіінде қалыптасады (10x12=120). Сонымен, адамның 120 жыл қажетті мөлшерден тұратын биологиялық өмір жасының аспан және жер ақпараттарының адамға әсерлері ерекшеліктеріне байланысты өз заңдылықтары мен өзгешіліктері бар.
Жердің 12 бастамасының әрқайсысы аспаннан келетін 10 бастаманың әрбіреуімен әрекеттесіп жұмыс істейді. Соның нәтижесінде Жердің әрбір элементі мен аспандағы ақпарат түрлері өзара әрекеттесіп толық циклі құрғанда 120 (12х10) еселенген ырғақ қалыптасады.
Аспан және жер ақпарат түрлерінің өзара әсерлері нәтижесінде, аспан мен жердің арасында болатын барлық үдерістердің көбі 120-қайтарымдық ырғақпен қамтамасыз етілуі мүмкін. Кітаптарда жазылғандай: “Сендерді жұп-жұп жараттық”(Қ.78;8.).- деп барлық 120 қайтарымдық ырғақтар жұп алпыстан құралады (2х60). 2 минут 120 секунд, 2 сағат 120 минут. Сол тәрізді адамның тіршілік өмірі де (120 жыл) екі алпыс жылдық ырғақтан құралады. Бұл екі 60 жылдық ырғақтың бірінші 60 жылы адамның негізінен биологиялық қызметін орындауға, яғни ұрпақ қалдыруға, ал екінші 60 жылдық ырғағы оның рухани қызметін орындауына арналған. 120-қайтарымды ырғақты сызықтық бейнелеу оның уақыттық ырғағын (шеңберде) және қарама-қарсылардың (ЕН және ІН) өзара әсерлерін анық көрсете алмауы себепті оны толық талқылау үшін Жердің жетілмеген жүйе есебіндегі алты жұп құралымдық ырғақ ерекшілігін иірім шеңбермен сипаттадық. Мұның бәрі қалай жүзеге асады? Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзі Жалғыздан басты ақпараттың 7 түрі біртұтас ақпараттық өріске тарайды. Бұл тараған ақпаратта жаңадан пайда болатын жүйенің барлық қасиеттері туралы толық бағдарлама болады. Ал бұл ақпарат Жер ғаламшарына жеткенде жер ерекшелігіне байланысты оған және 2 түр-түс қосылып 10 түрге айналады. Жердің өзінен адамға әсерлер оның алты жұп ақпарат түрі арқылы жеткізіліп отырылады. Сонымен, екі ырғақты 120 жылдық адам биологиялық өмірінің аспан мен жер ақпараттары түрлерінің өзара әсеріне байланысты болатын өз ерекшеліктері және заңдылықтары бар.
120-қайтарымды ырғақты есептегенде барлық жерде бірдей ұғым қалыптасуы үшін басты ақпараттың түрлерінің туындыларын бірден (1) онға (0 немесе 10) дейін араб цифрларымен, ал жер ақпаратының туындыларын І-ден XІІ-ге дейін рим цифрларымен белгілеу қажет деп білеміз. Оларды әрбір елде қабылданғандай белгілей берсек, онда шатасқаннан басқа ешқандай дұрыс нәтижеге жетпейміз. Мысалы, Оңтүстік Корея авторлары латын әріптерімен белгілесе, кейбір Қытайдан шыққан нұсқаларда басқа шартты белгілер бар.
120-қайырымдық ырғақты сызықтық графикамен бергенде үдерістің ерекшеліктерін толық қамтып, түсіндіре алмайды (№11 кесте). Сол себептен қарама-қарсы жұптылықтың (ЕН және ІН) өзара байланысын, ол үдерістер жүзеге асатын жер жағдайын толық қамту үшін Жердің жетілмеген жүйе есебінде он екі құралымдығын сипаттайтын кеңістіктік графикада көрсеткен дұрыс (сурет ). 120-қайтарымдық ырғақты 1 ден бастап 120-ға дейін есептегенде көк және жер ақпараттары туындыларының өзара байланысын қолдану керек. Белгілі бір уақыттың ерекшеліктерін көрсететін осындай негізде жасалынған есептеу нәтижесінде біздің ата-бабаларымыз табиғи құбылыстар ерекшеліктерін болжап, оларды өмірде қолданып отырған. Бұндай болжамдар осы нақты жыл басты ақпараттың сәйкес келетін түрі (күлгін - көк, ақ- көгілдір, жасыл - сары, қызыл -қызғылт, қара - қоңыр) және оның осы жылғы жұбының қайсысы (ЕН немесе ІН) екенін, ал жердің ақпарат туындыларының жылдық ырғақта көрсетілгенінің қайсысына сәйкес келетінін есептеу нәтижесінде жасалынған. Осы өзара әсерлермен адамның мінез-құлқының қалыптасуы, яғни олардың адамның ұрығының пайда болған (туылған) уақытына тәуелді екенін көрсетеді. Осы, көк және Жер ақпараттары туындылырының өзара әсері негізінде есептелетін шығыс гороскоптары және европа астрологиясының нақты адамдардың тағдырын толық сипаттаулары, ал кейбір жағдайларда табиғи және әлеуметтік апаттарды болжамдауы осының дәлелі. Аспан және жер туындыларының өзара әсерлерінің нәтижесін қортындылағанда оның атын ату үшін ең бірінші басты ақпараттың жұп түрін (күлгін -көк, көгілдір - ақ, жасыл - сары, қызғылт - қызыл, қара - қоңыр), екінші оның қайсы жартысы екенін (ЕН немесе ІН), ал одан соң жер ақпаратының жылдық түрін айтады. Мысалы, 2000 жыл - ашық қызыл (қызыл ІН) ұлу жылы, 2001 жыл - қызыл (қызыл ЕН) жылан жылы, 2002 жыл - қара (қара ЕН) жылқы жылы, 2003 жыл - қоңыр (қара ІН) қой жылы және т.б. Кейбір шығыс халықтарында басты ақпараттың түрлері әдеби көркем аталатын сәйкес ұғымдарға айырбасталып айтылады. Мысалы: көк, сары, қоңыр және т.б. Бұл дұрыс емес. А.Л. Чижевскийдің Жердегі апаттардың Күн әрекеттілігінің артуына байланысты болатыны туралы болжамдары негізіне осы өзара әсер ерекшеліктер туралы интуициясы негіз болған болуы керек. Жаңа 120 жылдық ырғақ 1924 жылы басталды. Биылғы, 2001 жыл, кезекті саны бойынша ырғақтың басталуынан бастап 89-шы. А.Л. Чижевскийдің Жердегі апаттардың Күн әрекеттілігінің артуына байланысты болатыны туралы болжамдары негізіне осы өзара әсер ерекшеліктер туралы интуициясы негіз болған болуы керек. Жаңа 120 жылдық ырғақ 1924 жылы басталды Басты ақпараттың түрлері адам үшін сыртқы, жоғарғы, ЕН табиғатты болып келеді. Сол себептен олар организмде оның ішкі (алдыңғы) бетінде оранласатын, ІН қасиетті қабылдаушы жүйелерде орналасқан нүктелермен қабылданып, негізінен ІН қасиетті толық (паренхималық, чжан) мүшелерге әсер етеді. Керісінше, жерден келетін ІН табиғатты сыртқы ақпараттар адам денесінің ЕН (сыртқы) бетінде орналасқан ЕН қасиетті қабылдаушы жүйелермен қабылданып, негізінен ЕН қасиетті қуыс (фу) мүшелердің қызметтерін басқарады. Бұл 66 нүкте көк және жер ақпараты түрлерінің қарама-қарсы жартылары тоғысқан жерінде, кезекті саны 1-ден 120-ға дейін сәйкес келетін 120-қайтарымды ырғақ нүктелерінде орналасады.
Ырғақтық жылмен есптегенде 2000 жыл, кезекті саны бойынша ырғақтың басталуынан 77-ші, яғни Ұлу жылы. Иса (С.Ғ.С.) туалғаннан бастап саналатын 2000 жылды 120 -қайтарымдық ырғаққа бөлсек, онда 2000 жылдың кезекті саны 80-ші яғни Қой жылы болып шығады. Иса (С.Ғ.С.) туған күні мен жылын, пайғамбар туған кездегі көріпкелдер дұрыс болжаған жұлдыздар шоқтықтарының жарқырауымен есептеген кейбір ғылыми деректердің тұжырымы бойынша Иса (С. Ғ.С.) туғанының 2 000 жылдығы 1997 жылы болуы керек еді. Ал бұл ресим аталған уақыттан 3 жыл бұрын. 120 қайырымдық ырғақ негізінде жүргізілген есеп те мұның дұрыс екенін көрсетеді (80-77=3).
Кесте № 11.
120-қайырымдық ырғақты мүшел жас санауға қолдану.
Жер
ғаламшары ақпараттары
түрлері
|
Аспанның негізгі ақпараттары түрлері
|
Жыл
атауы
|
Күлгін
|
Көк
|
Көгілдір
|
Ақ
|
Жасыл
|
Сары
|
Қызғылт
|
Қызыл
|
Қара
|
Қоңыр
|
|
ЕН
|
ІН
|
ІН
|
ЕН
|
ЕН
|
ІН
|
ІН
|
ЕН
|
ЕН
|
ІН
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
0
|
|
Күлгін
|
ЕН
|
І
|
1984
|
|
1996
|
|
2008
|
|
2020
|
|
2032
|
|
Тышқан
| Көк |
ІН
|
ІІ
|
|
1985
|
|
1997
|
|
2009
|
|
2021
|
|
2033
|
Сиыр
|
Көгілдір
|
ІН
|
ІІІ
|
2034
|
|
1986
|
|
1998
|
|
2010
|
|
2022
|
|
Барыс
|
Ақ
| ЕН |
ІV
|
|
2035
|
|
1987
|
|
1999
|
|
2011
|
|
2023
|
Қоян
|
Жасыл
|
ЕН
|
V
|
2024
|
|
2036
|
|
1988
|
|
2000
|
|
2012
|
|
Ұлу
|
Сары
|
ІН
|
VІ
|
|
2025
|
|
2037
|
|
1989
|
|
2001
|
|
2013
|
Жылан
|
Алқызыл
|
ІН
| VІІ |
2014
|
|
2026
|
|
2038
|
|
1990
|
|
2002
|
|
Жылқы
|
Қызыл
| ЕН |
VІІІ
|
|
2015
|
|
2027
|
|
2039
|
|
1991
|
|
2003
|
Қой
|
Қара
|
ЕН
|
ІX
|
2004
|
|
2016
|
|
2028
|
|
2040
|
|
1992
|
|
Мешін
|
Қоңыр
|
ІН
|
X
|
|
2005
|
|
2017
|
|
2029
|
|
2041
|
|
1993
|
Тауық
|
Ашық қыз-т с.
|
ІН
|
XІ
|
1994
|
|
2006
|
|
2018
|
|
2030
|
|
2042
|
|
Ит
|
Қызылт сары
| ЕН |
XІІ
|
|
1995
|
|
2007
|
|
2019
|
|
2031
|
|
2043
|
Доңыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |