Шымкент медицина институты



бет4/6
Дата23.05.2018
өлшемі4,58 Mb.
#40657
1   2   3   4   5   6

3.2. Жетілмеген жүйелер


Жалғыз жанды жүйелер күн көретін және тіршілік ететін жетілмеген жүйелерді алдымен жаратқан.

Жетілмеген жүйелер - өз ішінде “басқарушы” бөлігі жоқ, тек қана құрылымнан тұратын жансыз жүйелер. Оларға ақпараттар сырттан әсер етеді. Оларды иерархиялық қағидаға сәйкес “басқару” деңгейі жоқ тек қана «реттеуші» және «амалға асырушы» бөліктері болуына байланысты – жетілмеген, ал ішкі ақпараты (жаны) болмауына байланысты - жансыз жүйелер деп атайды. (сурет).

Үш деңгейден («басқару», «реттеу», «амалға асыру») және соларды қамтамасыз ететін үш шеңберден құралған абсолютті жетілген жүйеден жетілмеген жүйенің айырмашылығы бір шеңберден және екі деңгейден («реттеу», «реализация») тұрады. Сондықтан жетілмеген жүйелер он екі бастамадан тұратын бір шеңбердіқұрайды. Бейтараптық қағидасына сәйкес 12 бастама алты жұп құрады. Бұл жүйелерді жансыз деп атайды, себебі оларда ішкі ақпарат бөлігі – жаны жоқ. Жаны жоқ болуына байланысты олар көбейе алмайды, тек қана көшіріледі.

Жетілмеген жүйелерде ақпараттың жылжу бағыты, абсолютті жетілген жүйеден басқаша, солдан оңға қарай, яғни сағат тілінің жылжу бағытында болады. Жер ғаламшары жағдайындағы барлық үдерістер өту бағыты осы заңдылыққа бағынады.

Барлық жансыз объекттер жетілмеген жүйелер болып келеді. Жер ғаламшары да жетілмеген жүйеге жатады. Сондықтан жетілмеген, жансыз жүйелерде болатын ерекшеліктерді Жер ғаламшарын мысалға ала отырып қарастырамыз. Бұлай қарастыруымыздың негізгі себебі адам Жер ғаламшарына бейімделу арқылы ғана күн көріп және тіршілік етеді. Жер ғаламшарын жетілмеген жүйе есебінде зерттеу адамның оған бейімделу тетіктерінің заңдылықтарын қарастыруға мүмкіншілік береді.

Ішінде ақпараты жоқ болуына байланысты жетілмеген жүйелердегі болатын өзгерістер негізінен сыртқы әсердің нәтижесінде болады. Олар үшін Жер ғаламшары жағдайында ақпарат көзі Жалғыз және адам (антропогендік) болып табылады. Олардан басқа қоршаған ортадағы объектердің ақпараттары да әсер етеді.

Жетілмеген жүйелер өз ішінде ақпараты жоқ болуына байланысты иерархиялық басқарудың екі бөлігінен: екі (жұп) “реттеуші” және он (бес жұп) “орындаушы” тұрады. Жүйенің бүтіндік қасиетіне сәйкес және тіршіліктің негізі ырғақты қамтамасыз ету үшін «реттеуші» және «амалға асырушы» бөліктер бірігіп он екі элементтік шеңбер құрып орналасады.

Жер ғаламшары жүйе есебінде - Жалғыз жаратқанда берген өз ерекшеліктеріне байланысты жетілмеген жүйеге жатады. Жер жағдайындағы 12 «орындаушы» бөліктің 10 бастамаларындағы ақпараттар түрлері «Жер моделінің» 10 ақпарат түріне сәйкес болады және солардың қасиеттерін сақтайды. Бейтараптық қағидасына сәйкес онның бесеуі ЕН, бесеуі-ІН қасиетті болады. Ал «реттеуші» бөліктегі ақпарат «орындаушы» бөліктегі қызметтерді реттеу үшін оның бойында «орындаушы» бөліктегі әрбір элементінің ақпаратық ерекшелігі болуы қажетті. Сондықтан «реттеуші» бөліктің ЕН жартысында «орындаушы» бөліктің барлық 5 ЕН жартысының, ал ІН жартысында сәйкес «орындаушы» бөліктің барлық 5 ІН жартысының ақпараттары пропорциялы орналасады.

Жетілмеген жүйедегі он екі ақпарат түрлері Жерді қоршай орналасқан 10 элементті жүйенің он ақпарат түрлерінің: күлгін - көк, ақ - көгілдір, жасыл - сары, қызыл сары- қызғылт және қара - қоңыр туындылары болып келеді.

Жер жағдайында бұл 12 бастама келесі түстермен белгіленеді: күлгін, көк, көгілдір, ақ, жасыл, сары, қызғылт, қызыл, қара, қоңыр, қызғылт сары, ашық қызғылт сары. Бұлар келесі алты жұп құрады: күлгін - көк, ақ- көгілдір, жасыл - сары, қызыл –қызғылт, қара - қоңыр және қызғылт сары - ашық қызғылт сары. Жұптар олардың ЕН бөліктері түсімен: күлгін, ақ, жасыл, қызыл, қара, қызғылт сары белгіленеді. Бұлар орналасуына сәйкес Жер ғаламшары жағдайында табиғи алты құбылысқа: жел, құрғақ, ылғал, ыстық, суық, жылу қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Он екі бастаманың бір шеңберде орналасуына байланысты жетілмеген жүйенің ырғағы бірінші күлгін жұптың ЕН жартысы күлгіннен басталып алтыншы қызғылт сары жұптың ЕН жартысы ашық қызғылт сарымен аяқталады. Бұл жағдайда бір ырғақтан екінші ырғаққа өткен кезде жұп аралық қатынас бұзылмайды. Ырғақтың басы ЕН жартыдан басталып, ЕН жартымен аяқталады. Екі ЕН жарты қатар орналасып жұпаралық жақтастықты қамтамасыз етеді.

Жер жетілмеген жүйе болуына байланысты оның өзіне тән “реттеуші” бөлігінің түсін қызғылт сары жұбы құрайды. Неге Жердің “реттеуші” бөлігінің ақпараттары қызғылт сары жұбымен (жылу) белгіленеді?

Оның себебі, біріншіден барлық ақпараттар абсолютті жетілген жүйенің «Жерді моделі» бөлігінің 10 негізгі ақпараттар түрлерінің туындылары және соларға тектес болуы қажет.

Екіншіден адамзаттың Жердің бетінде күн көріп және тішілік етуі, қазіргі жағдайға тап болуы оның шайтанның, азғырушының алдауына түсіп күнаға батуына байланысты.

Бұл туралы Кітаптарда келесі ақпараттар бар: “Біз былай дедік:”Әй, Адам! Сен және сенің жұбайың жаннәтте тұрдыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, жазықтылардан болмас үшін мына ағашқа жоламаңдар.(35) Сонда шайтан оларды өзіне сүріндіруге мәжбүр етіп ол жерден шығарды. Біз айттық: ”Бір біріңе қас болып түсіңдер! Сендер үшін жер бетінде болу және белгілі уақытқа дейін пайдалану бар”(36) (Қ.С-2;).

Шайтан оттан жаратылған, ол қызыл түс, от тектес. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Ол (Ібіліс) "Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да, оны топырақтан жараттың" деді». (Қ.С-38; А-76.) Қызыл жұп (от) ЕН жартысы қызыл (от), ІН жартысы қызғылт сары (жылу) түстерден құралады.

Ал адамның Жер бетіне шығуына шайтан себеп болғандықтан, мұндағы адамның күн көруі және тіршілігі негізінен Жердегі энергия көзі отқа одан шығатын жылуға тәуелді.

Адам күнаға батқаннан соң неге басқа ғаламшар емес Жер ғаламшары бетіне шықты? Себебі адам денесі балшықтан (жерден) жаратылған, оның химиялық құрамы Жер ғаламшарының топырағына (жерге) ғана сәйкес келеді. Сондықтан ол дене тек қана Жер ғаламшарына бейімделе алады. Ал Жерден басқа ғаламшарлардың топырағының химиялық құрамына адам организмі бейімделе алмайды. Адам организмінің химиялық құрамы олардың химиялық құрамына сәйкес келмейді.

Жер ғаламшары үшін қуат көзі Күн болып табылады. Жер ғаламшары жағдайында адам үшін негізгі қуат көзі от болып табылады. Осыған байланысты қазақ адамның өзінен соң ұрпақ қалдыруын «күн көру»- деп атайды. Сондықтан да Жер бетінде қуат көзі от болуына байланысты қазақта адамның ұрпақ пайда болуын қамтамасыз ететін бірлігі – «от-ау», бір тектес адамдар құрған қоғам – «От-ан» деп аталады. Екі сөздің де түбірі от. Қазақтың ең негізгі батасының бірі: «Ошағыңның оты өшпесін». Бұл «сенен кейін де бұл шаңырақта от жағатын адам болсын, яғни ұрпақ жалғастыған қамтамасыз етуді тілеуі»- болып келеді. Қазақ бір еркектің екі әйелі болса оларды «күндес» - деп атауы да, «Күндесімді көргенше күйіп –жанып барамын» деген мәтел де осыған байланысты айтылған.

Барлығы Адамның Жалғыз нұсқаған ілімді ұмытып Ібіліс азғыруына еріп тамақ жеуінен басталған. Сондықтан адам үшін тамақ адам денесіне қажетті химиялық қосылыстардың және энергия көзі болып табылады. Адам бойына сіңген күрделі қосылыстардан тұратын тамақтың құрамы ыдырағанда ең соңында энергию бөлуі де осыған байланысты. Мысалы, адам бойында 1 грам молекула глюкоза толық ыдырағанда 686 000 калория қуат пайда болады. С6Н12О6+6О2=6Н2О+6СО2+ 686 000 калория.

Жерді қоршаған абсолютті жетілген жүйенің 10 элементінің біреуі қызыл жұптың ІН сыңары жылу әсерін қалыптастыратын «қызғылт сары» Жер ғаламшары жағдайында адам үшін күн көру және тіршілік негізі болып табылады. Жылу адамның биологиялық қасиеттерін жүзеге асырып және соған байланысты үдерістерді реттеп отырады. Осы себептерге байланысты «реттеуші» жұптың ақпарат түрі қызғылт сары (жылу) болып келеді. Бұл жағдайда қызғылт сары (жылу) Жерді қоршаған 10 элементті жүйедегі орнын ауыстырып алтыншы жұпқа ауысып, шеңберде бесінші жұптан (суық) соң орналасады. Осылайша жетілмеген жүйенің он бірінші элементі қалыптасады. Жетілмеген жүйелерде қызғылт сары түстің орны оған қасиеттері жақын қызғылтпен ауысады. Алтыншы жұптың және жетілмеген жүйенің бейтараптығын қамтамасыз ету үшін қызғылт сары ІН жартының ЕН сыңары болуы керек. Бұл жағдайда алтыншы жұптың ЕН жартысы қызметін ашыққызғылт сары атқарады. Осылайша өз алдына алтыншы жұп пайда болып, жетілмеген жүйенің толық қалыптасуы аяқталады.

Шайтанның іс-әрекетінің нәтижесінде Адам Ата және Хауа Ана азғырғанға еріп, күнәкар болып жәннаттан қуылған еді. Адам Жердің бетіне азғырғанға еріп шығуына байланысты, Жер бетіндегі адамдардың қателесуі шайтанның әрекетіне байланысты. Мысалы некесіз жыныстық қатынас, гомосексуализм, арам дүние табу, нәпсілерін тия алмауы, шектен тыс тамақтануы, спиртті ішімдіктер және есірткі қабылдауы, темекі тартуы және т.б.Сондықтан адамосы іс-әрекеттерде көбінесе қате жіберіп, күнәға ұшырайды.

Жерде ырғақтар үдерісі солдан оңға қарай - сағат тілінің жылжу бағытында болады. Бұл Жер жағдайында ырғақтардың негізі болып келетін уақыттың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен жетілмеген жүйелерде үдерістер абсолютті жетілген жүйенің Жер моделіндегі ақпарат бағытына қарама қарсы бағытта жүреді. Циклдің Жерде бұлай бағытталуы ондағы ырғақтардың қалыптасуын жүзеге асырады.

Жетілмеген жүйелердің абсолютті жетілген жүйенің Жер моделімен салыстырғандағы өзіне тән құрылымдық ерекшелігі бар. Жер жағдайындағы абсолютті жетілген жүйенің Жер моделінде үш бөліктің әрқайсысының жеке шеңбері бар. Ақпарат көзі Жалғыз, «реттеуші» бөлік шеңбері ЕН және ІН жұптан құралады, ал «орындаушы» бөлігінің 10 (5 жұп) негізгі ақпарат түрлері бар. Жетілмеген жүйелердің тектес элементтері негізгі ақпараттардың 10 түрінің қасиеттерін сақтайды, бірақта олардың тек қана осы жүйеге тән өз ерекшеліктері болады.

Жетілмеген жүйелердің туындыларының шектесу принципі өзгермейді. Алтыншы жұп шеңберге қосылғанда бесінші жұптың ІН жартысы ары қарай алтыншы жұптың ІН жартысымен шектесіп, ырғақ осы жұптың ЕН жартысымен аяқталады. Сонымен жетілмеген жүйелерде цикл бірінші күлгін жұптың “ЕН” жартысынан күлгіннен басталып алтыншы қызғылт сары жұптның “ЕН” жартысы ашық қызғылт сарымен аяқталып ырғақ аттас, бір бағытты ЕН жартылармен шектеседі. Сондықтан жетілмеген жүйелердегі толық ырғақтың ескісінің аяқталып жаңасының басталуы бейтараптық қағидасының сақталуына байланысты абсолютті жетілген жүйенің Жер моделі бөлігіндегідей ерекше өзгерістерге ұшырамайды.

Жер ғаламшарының және онда болатын құбылыстар және құрылымдар үшін Ай реттеуші блоктың қызметін атқарады. Жер ғаламшарынан сыртта орналасқан басқа жетілмеген жүйелердің де өздеріне тән «реттеуші» бөліктері болуы мүмкін.

Жер жетілмеген жүйе есебінде оның он екі туындылары бірінші жұптың “ЕН” жартысынан бастап алтыншы жұптың “ЕН” жартысына дейін І – ден бастап XІІ-ге дейінгі рим цифрларымен белгіленеді. Абсолютті жетілген жүйенің “орындаушы” бөлігінің он бастамасы 1-ден 10 (0) – ға дейінгі араб цифрлары белгіленеді. Жетілмеген жүйелер он екі бастамадан тұруына байланысты ондаға болатын барлық үдерістер 12 және оның көбейтіндісіне сәйкес ырғақтарға тәуелді болады. Жетілмеген жүйелер абсолютті жетілген жүйенің “орындаушы” бөлігінің, біртұтас ақпараттық өрістің ішінде орналасады.Жер ғаламшары өз қасиеттеріне сәйкес жетілмеген жүйе болуына байланысты соның мысалында бұл жүйелерде болатын құбылыстарды қарастырамыз (№6 кесте, сурет).

№6 кесте. Жетілмеген жүйелердегі ақпарат түрлерінің тектес қасиеттері және құралымдары



Қасиет, құралым

ТЕКТЕС АҚПАРАТТАР ТҮРЛЕРІ

Орындаушы

Реттеуші

Бастаушы

Күлгін

Ақ

Жасыл

Қызыл

Қара

Қызғылт

Энергия

Жел

Құрғақ

Ылғал

Ыстық

Суық

Жылу

Планета

Юпитер

Венера

Сатурн

Марс

Меркурий

Ай

Бездер

Тимус

Бүйрекүсті

Ұйқы

Қалқан

Жыныс

Гипофиз

Сезім

Көз

Мұрын

Ауыз

Тіл

Құлақ

Тері

Эмоция

Ашу

Қайғы

Дабыл

Қуаныш

Қорқу

Бақыт

Менталдік

Бірегейлі

Сана

Ерік

Құмарлық

Даналық

Тілек

Жасуша

Гольджи құр.

Ішкі тор

Гиало

плазма


Мито

хондрия


Лизо

сомалар


Қабықша

Сыңары

ен

ін

ін

ен

ен

ін

ін

ен

ен

ін

ін

ен

Саны

І

ІІ

ІІІ

ІV

V



VІІ

VІІІ

ІX

X



XІІ

Түр-түс

Күлгін

Көк

Көгілдір

Ақ

Жасыл

Сары

Алқызыл

Қызыл

Қара

Қоңыр

Қызғылт сары

Ашық ыз

ғылт сары



Қабылдау жүйе

Өт қабы

Бауыр

Өкпе

Тоқ ішек

Ас

қазан


Талақ

Жүрек

Ащы ішек


Қуық

Бүйрек

ПЖЖ

СЖЖ

Шоқ жұлдыз

дар


Тоқты

Торпақ

Егіздер

Шаян

Арыс

тан


Бикеш

Таразы

Сары

шаян


Мерген

Ешкі

мүйіз


Су

құйғыш


Балықтар

Жылдар

Тышқан

Сиыр

Барыс

Қоян

Ұлу

Жылан

Жылқы

Қой

Мешін

Тауық

Ит

Доңыз

Суретте көрсетілгендей Жер он екі туындыдан тұратын жетілмеген жүйе болуына байланысты ондағы болатын үдерістердің барлығы он екіге тәуелді ырғақпен өтеді. Сондықтан бір жыл 12 айдан, соған сәйкес 12 жұлдыздар тобынан (зодиак), мүшел 12 жылдан, тәулік 12 жұп (12х2=24) сағаттан тұрады. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер». (Қ.С-9; А-36.).

«Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла, бұларды шынмен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді. (5) Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар. (6) (Қ.С-10;).

Жоғарыда жазылғандай көктің 7 басты ақпарат түрлері Жер ғаламшары жағдайында 10 бастама құрып оны қоршай орналасады. Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы барлық құбылыстар және құрылымдар осы 10 элементке тәуелді. Олар 10 элементке бейімделу арқылы ғана күн көріп және тіршілік ете алады. Осыған байланысты Жер ғаламшарының өзі де осы 10 бастамаға бейімделіп тіршілік етуге жаратылған. Бейімделуді қамтамасыз ету үшін Жер ғаламшарының ішкі жағдайында бұл 10 элементтер Қосу белгісін құрып орналасады. Он элементтердің осылай орналасуы жыл мерзімдерінің, айлардың және бағыттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Сонымен 10 элементтердің Жер ғаламшарын қоршай және ішкі жағдайында Қосу белгісін құрып орналасуына нәтижесінде үш үдеріс қалыптасады. Бірінші үдеріс Жер ғаламшарын қоршай орналасқан он элемент шеңбер құрып орналасуы, екінші үдеріс – жылдың төрт мезгілінің ауысуы, үшінші үдеріс – он екі айдың жыл ішінді алмасуы.

Шығыс медицинасының теориялық негізінде бұл үш үдерістің: негізгі ақпараттың 10 түрінің әсері, жыл мезгілдерінің және 12 айдың ауысуы Жер жағдайындабасталуы бірдей болуына байланысты олар бірі-біріне сәйкес, бірін-бірі алмастыратын үдерістер деген ұғым қалыптасқан. Олар бір нүктеден басталғанымен әрқайсысының үдеріс кезінде атқаратын қызметі әр түрлі.

Үдеріс (процесс) мысалында бейтараптық қасиетті қарастырайық. Үдерістің бейтараптығы келесі жұптықпен: циклдік және сызықтық - қамтамасыз етіледі. Үдерістер циклдік принциппен өтеді де, сызықтық заңдылығымен дамиды. Үдерістер циклдік өту сатыларында ақпараттың он түрінің (бес жұп) әсерімен басқарылуына байланысты он сатыдан өтеді. Жер жағдайындағы күн көруді және тіршілікті қамтамасыз ететін барлық үдерістер қайталанатын циклге тәуелді. Осыдан биологиялық ырғақтар (биоритмология) ұғымы пайда болған. Барлық циклді үдерістер қарама-қарсы жұптан немесе екі жартыдан: бастапқы немесе сыртқы, бірінші жартысы - “ЕН”және соңы аяқталуы, екінші жартысы -“ІН”құралады.

Өз кезегінде ырғақ циклден тұрады. Циклдің екі жартысы: ЕН және ІН бар. ЕН жартысы екі фазадан: өрлеу және төмендеу тұрады. ЕН жартының бірінші фазасы жоғарылау, көтерілу, жинақтау. Бұл фазада үдерістің жартысы бірте-бірте үдеп, ұлғайып, соңында ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Жартының екінші фазасы төмендеу, құлдырау, азаю. Мұнда үдеріс кері төмендеп, өзінің бастапқы деңгейіне қайтып келеді. Бұдан соң үдерістің екінші, ІН, қарама-қарсы жартысы жалғасады. Үдерістің бұл жартысы да екі фазадан тұрады. ІН жартының бірінші фазасы төмендеу, құлдырау, азаю. Бұл фазада үдеріс бірте-бірте азайып ең төменгі деңгейге жетіп содан кейін үдеп, ұлғайып, ең қалыпты деңгейіне жетеді. Екінші жарты біткен соң үдеріс өзі басталған деңгейге қайтып келеді де, ырғақты цикл аяқталады.”Қалай басталса, солай аяқталады”. Жер жағдайында күн көруді және тіршілік өтуін қамтамасыз ететін үдерістер ырғақты болып келеді де екі жартыдан, төрт фазыдан құралатын болады.

Осыған байланысты Жер ғаламшары жағдайында болатын циклді үдерістердің өтуінде табиғаты бөлек үш түрлі бастама бар.

Бірінші үдеріс бағыты Жерді қоршай орналасқан абсолютті жетілген жүйенің Жер моделі бөлігінің он бастамасы (элементінің) ақпараттары түрлерінің: күлгін, көк, көгілдір, ақ, жасыл, сары, қызғылт, қызыл, қара, қоңыр үдерістің бағдарламалық құндылығын қамтамасыз ететін кезекпен ауысуы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл үдерісте ақпарат өту бағыты оңнан солға қарай. Осыған байланысты көктен Қасиетті кітаптар түскен әріптер (арап, еврей және т.б.) оңнан солға қарай жазылады.

Жер ғаламшары жағдайында бұл үдерістің бір бөлігінің әсеру уақыты 36 тәулік, ал бір жұбының уақыты 72 тәулік болып келеді. Бұл үдеріс бойынша ырғақ жел жұптан басталады да ары қарай құрғақ, ылғал, ыстық жұптармен жалғасып суық жұппен аяқталады. Сондықтан бұл үдерістің басталуында жел басым болады.

Екінші және үшінші түрлі үдерістерде ақпарат өту бағыттары солдан оңға қарай жылжиды. Сондықтан Жер жағдайында адамдар ойлап тапқан әріптер (латын, криллица және т.б.) солдан оңға қарай жазылады.Бұл жағдайда Жер ғаламшары онекі элементті жетілмеген жүйе болуына байланысты айлардың жүйе ерекшілігіне байланысты орналасуы, оларға тән негізгі жұптың жартысы (ЕН немесе ІН) қасиеттері сол күйінде сақталады. Бұларға қосымша айлардың жыл мезгілінің құрамында болуы немесе жеке бірлік есебінде жұмыс істеуіне байланысты жаңа қасиеттер пайда болады. Әрбір айда жаңа қасиеттердің қалыптасуы оның нақты циклдің құрамында ырғаққа тән үдерісті қамтамасыз етуіне байланысты.

Үдерістің екінші түрінің бағытыЖер ғаламшарының ішкі жағдайында он (бес жұп) элементтің Жер ғаламшарына тән ырғақтық құбылыстарды қамтамасыз ету үшін Қосу белгісін құрып орналасуы нәтижесінде қалыптасады. Бұл жағдайда бейтарап жел жұбы ортада (Жер ғаламшарында) орналасады. Ал қалған төрт жұп орталықты а йнала қоршап шеңбер құрып орналасады. Бірінші жұп ылғал (ЕН) Жер бағыты шығысты, жыл мерзімі көктемді қалыптастырады. Келесі жұп ыстық (ЕН) Жер бағыты оңтүстікті, жыл мерзімі жазды қамтамасыз етеді. Үшінші жұп құрғақ (ІН) Жер бағыты батысты, жыл мерзімі күзді жүзеге асырады. Ең соңғы жұп суық (ІН) Жер бағыты солтүстікті, жыл мерзімі қысты қалыптастырып орналасады. Осыдан барып Жер ғаламшары жағдайында болатын фазалық үдерістердің: төрт маусым, төрт құбыла және басқаларының қалаптасуы жүзеге асады.

Үдерістің екініші түрінің өтуін қамтамасыз ететін осы бастамаға байланысты дүниенің төрт бұрышы, жылдың төрт кезеңі, “Қосубелгісі және екінің көбейтіндісі болып табылатын сандармен сипатталатын құбылыстар туралы ұғымдар қалыптасқан. Мысалы, ай екі жартыдан тұрады: айдың толуы және жұқаруы. Бұның әрқайсысы екі аптаға созылады. Сондықтан бір ай екі жартыдан, төрт аптадан құралады да, кезектісі айдың жаңасынан басталады. Шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік ұғымдары, жылдың төрт мезгілі: көктем, жаз, күз және қыс. Үдерістегі бір ақпараттың әсер уақыты 30 тәулік, ал бір маусымның уақыты 90 тәулік болып келеді. Сондықтан бұл цикл көктемнен (ылғалдан) басталады.

Үдерістің төрт фазылы кезекпен өтуі оның бағытын қамтамасыз етеді. Бұл Жер жағдайында болатын үдерістер Айдың “реттеуші” бөлік қызметін атқаруы нәтижесінде жүзеге асады. Жыл бойында 90 күннен тұратын төрт кезең бар. Әрбір фаза негізгі ақпараттың бес түріне бейімделуді қамтамасыз өтеді (кесте№7, сурет).

Кесте №7.

«Қосу» белгісі циклінде жыл мезгілдерінің орналасуы.



  Жыл мезгілдері

Жыл мезгіліне тән айлар

Ылғал

Көктем


Тоқты

21.03 – 20.04



Торпақ

21.04 – 21.05



Егіздер

22.05-21.06



Ыстық

Жаз


Шаян

22.06 – 21.07



Арыстан

22.07 – 23.08



Бикеш

24.08 – 23.09



Құрғақ

Күз


Таразы

24.09 – 23.10



Сарышаян

24.10 – 22.11



Мерген

23.11 – 21.12



Суық

Қыс


Ешкімүйіз

22.12 – 20.01



Суқұйғыш

21.01 – 19.02



Балықтар

20.02 – 20.03



Үшінші үдеріс түрі Жердің жетілмеген 12 элементті жүйе болуына байланысты оны құрайтын он екі айдың қалыптасып алмасу кезегі арқылы қамтамасыз етіледі. Үдерістің бір бөлігінің әсеру уақыты орташа 30 тәулік болып келеді.

Үдеріске бұл үш түрлі факторлар әртүрлі бағытта бір кезеңде әсер етеді. Осы үдерістерге әсер ететін үш фактор де кез-келген үдеріске бір кезеңде кешенді әсер етеді де, үдерістің өтуін қамтамасыз етеді. Бірақ олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Негізгі ақпараттың бес жұп түрі үдерістің өтуін басқарады, жердің алты жұп элементі - қамтамасыз етеді, ал төрт фаза – бағыттайды.

Бес жұп элемент Жер ғаламшарының ішкі жағдайында «Қосу» белгісін құрып орналасады. Сондықтан оның ортасында орналасқан жел жұбының әсері барлығынада тән болып келеді. Оның себебі жел қуат түрінде Жер ғаламшары жағдайындағы барлық құбылыстар және құрылымдардағы үдерістер өтуін қамтамасыз етеді.

Бес жұптың қалған төрт жұбы өздерінің цикл бойында орналасу ерекшеліктеріне байланысты Жер ғаламшарының ішкі жағдайындағы барлық үдерістердің негізі болып келетін ырғақтардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жоғарыда сипаттағандай жылдың төрт мерзімін және төрт бағытын қамтамасыз ету үшін цикл көктемді және шығысты қалыптастыратын ылғал жұптан басталады. Циклде ары қарай жыл мезгілдерін қалыптастыру үшін ыстық (жаз) және құрғақ (күз) жұптарының кезектері келіп, ырғақ суық (қыс) жұппен аяқталады. Бұл жағдайда цикл Жер ғаламшарынының негізін құрайтын ылғалдан (топырақтан, жерден) басталады.

Жылдың онекі айының әрқайсысының жеке қасиетін қалыптастыру үшін бұл цикл Жер ғаламшары жағдайында негізгі қуат көзі болып келетін оттан басталады. Циклде ары қарай әрбір айды қалыптастыру үшін ылғал және құрғақ жұптарының кезектері келіп, ырғақ суық жұппен аяқталады. Мұны «төрттік (квартет) қағидасы» деп атайды. Жоғарыда көрсетілгендей Жер жағдайындағы барлық үдерістердің жүзеге асу негізгін от құрауына байланысты циклдың басы (жылдың бірінші айы тоқты) от қасиетіне ие болады. Ары қарай әрбір кезекті айда төрттіктің (квартет) бір түріне ие болып орналасады. Бірінші төрттік біткеннен соң екінші төрттік жалғасып, одан соң үшінші төрттікпен цикл аяқталады. Осылайша әрбір жұп үш рет қайталанады. Мұны «үштік қағидасы (тригон)» деп атайды. (Кесте № 8).

Он екі айдың жыл мезгілін қалыптастыруы негізінен олардың он элементтің физикалық қасиеттері арқылы қамтамасыз етіледі. Жыл мезгілдері негізінен заттар және энергия алмасуына әсер етіп тәндік қасиеттерді қалаптастырады. Ол әрбір айдың онекі айдың құрамында болғанда әрбір айдың қасиеті он элементтің химиялық әсерлері арқылы қамтамасыз етіледі. Химиялық әсерлердің нәтижесінде адамда негізінен оның психологиялық қасиеттері қалыптасуы қамтамасыз етіледі. Әрбір объектің физикалық және химиялық қасиеттері біріне-бірі сәйкес келмейтіні белгілі. Сол тәрізді әрбір айдың жыл мерзімі және оның онекі айдың құрамындағы жеке қасиеттері олардың әртүрлі негізде пайда болуына байланысты бұлар да біріне- бірі сәйкес келмейді. Бірақ олардың әртүрлі қасиеттерін қалыптастыран ақпараттар тектес болып келеді, олардың тегі бір. Осыған байланысты бұл екі жағдайда циклдің құрамының өзгеруі, айдың әрбір цикл құрамында әртүрлі қасиеттерге ие болуы қалыптасады (№ және № кестелерді салыстыңыздар).

Жоғарыда көрсетілгендей Жер ғаламшары жыл ішінде айналып өтетін онекі шоқ жұлдыздар тобы яғни Зодиак бойынша 12 ай Жердің төрт бағыт әсерлеріне бейімделуді қамтамасыз етулеріне байланысты үштік (тригон) құрайтын төрт топқа (квартет) бөлінеді. Ол төрт топ құрылымына байланысты келесілер: от, жер, ауа, су. Төрт құрылым қосу белгісін құрап орналасады. Желек бейтарап әсер есебінде қосу белгісінің түйіскен нүктесінде барлығына бірдей болып орналасады. Үштіктер келесілер: негізгі (кардиналды), тұрақты (фиксацияланған), құбылмалы (мутабелді). Құрылымдар (төрттік) тұрақты сапалар және темпераменттің, ал үштіктер - адам мінез-құлықтары ерекшеліктерінің, жүзеге асу динамикасының қалыптасуларына әсер етеді. Әрбір қосу белгісі (төрттік) төрт құрылымнан тұрады, ал әрбір құрылым үш қосу белгісінде кездеседі. Сонымен, төрттіктер және үштіктер Зодиак бойынша әрбір айда туған адамдардың темпараментінің және оның толық жүзеге асуының толық сипатын береді (кесте №8, сурет).

Кесте № 8

Жылдың онекі айының төрттік және үштік қағидаларына сәйкес орналасуы.

  Зодиак айларының құрылымдары

Зодиак айларының сапалақ белгілері

Негізгі (кардиналды)

Тұрақты (фиксацияланған)

Құбылмалы

(мутабельді)



От

Тоқты

21.03 – 20.04



Арыстан

22.07 – 23.08



Мерген

23.11 – 21.12



Топырақ

Ешкімүйіз

22.12 – 20.01



Торпақ

21.04 – 21.05



Бикеш

24.08 – 23.09



Ауа

Таразы

24.09 – 23.10



Суқұйғыш

21.01 – 19.02



Егіздер

22.05-21.06



Су

Шаян

22.06 – 21.07



Сарышаян

24.10 – 22.11



Балықтар

20.02 – 20.03



Төменде әрбір айдың оның қандай квартетке және тригонда орналасқанына байланысты қысқаша сипаты берілді. Тригондар астрологияды ұшы жоғары немесе төмен қараған үшбұрыштармен белгіленеді. От және ауа жұп элементтері ұшы жоғары қараған, ал жер және су жұп элементтері ұшы төмен қараған үшбұрыштар құрайды. Ауа және су жұп элементтері үшбұрыштарының ортасынды оны сызған сияқты сызықтары бар.

Әрбір айдың нақты квартетке және тригонға жатуына байланысты олардың сипаттамалары берілді. От жұбы Рухты, ауа жұбы Кеңістікті, су жұбы Уақытты, ал топырақ жұбы Материяны сипаттайды.

Осылайша, Зодиактың барлық12 белгілерінің сапалық сипатамалары қатаң заңдылыққа бағынады, оның біліну күші қайсы элементке жататынына байланысты және ци клде әрбір үш белгіден соң қайталанып отырады. Әрбір жұп элемент үшбұрыштық қатынаста болатын тригон немесе Зодиактың үш тектес белгісін құрайды.

Элементтердің от жұбы- ерік тригоны. Бұл үштікке Тоқты, Арыстан және Мерген жатады. Бұл жұптан құралатын айларда ақылды және жігерлі адамдар, көсемдер, энтузиасттер дүниеге келеді. Олар жоғарғы жігер иелері. Бұл темпараментті интеллектуалдар және суретшілер болып келеді.

Олар қызу қанды, шапшаң, тығырықтан жол тауып отырады. Ұсаққа төзімсіз, ұзақ түсіндіріп жатпайды, негізін бірден көреді, шалт. Олардың жан жылуы және адалдығы басқаларды тартады. Жолы болғыш, жолы болмаса ұзаққа созылады.

От текті белгілірдің астрологиялық сипаттамалары: Тоқты- архитектор, ол бастаушы; Арыстан – ұйымдастырғыш, өмірге жігер беруші; Мерген- құрылысшы, жақсы орындаушы.

Бұл белгінің негізгі ерекшелігі жылу және құрғақпен қосылып метафизикалық энергия, тіршілік және оның күші. Оттың үшбұрышының негізгі қасиеті шығармашылық. Принциптері: әрекеттілік, белсенділік, энергия.

От адамды алға жетектейтін, сенетін, үміттенетін, өзінің көзқарастарын қорғауға мүмкіншілік жасайтын түйсікке, ойға, ақылға, имандылыққа әсер ететін негізгі күш болып келеді. Оттың негізгі жетектеуші күші - арман. От адамға ұнта-жігер, асығыстық, ұқыпсыздық, өзіне-өзі сенушілік, кенеттенот алу, аяқ астынан жасау, рәсімсіздік, батырлық, ерлік, жауынгершілік қасиеттер береді. Адам денесінде тіршіліктің отын тұтатады, дененің жылулығына жауап береді, заттар алмасуын күшейтеді.

Топырақ элементтер жұбы – әсер тригоны. Ұшы төмен қараған үшбұрышпен белгіленеді. Бұл кез келген нәрсені қайла, күрек тәрізді кесіп түседі. Бұл үштікке Ешкімүйіз, Торпақ және Бикеш жатады. Бұл жұп элементтер дәстүрлі жалғастыратын, іскер, табысты, өте сақ, прагматик адамдарды дүниеге келтіреді. Бұл элементтердің өкілі Өкіреш (еркек торпақ). Бұл белгі бекерге шеңбер ішінде Зодиакта тұрған жоқ. Бикештерде «қалқанша безі» қызметі басым, сондықтын олар тез қозады, ашушаң. Ешкімүйізде «гипофизарлық» (реттеуші) темпарамент.

Зодиак белгісіндегі элементтер адамның мінез-құлқын қалыптастырады. Әртүрлі жұп элементтерден қалыптасқан адамдардың тіл табысуы қиын, бірімен бірі келіспеушілік танытады, болмайтын нәрседен от шығып кетуі мүмкін. Көбінесе оларды ішкі келіспеушілік басым болады. Балаларда мұндай келіспеушілік жаңа тілектестер, топтар іздеуге мәжбүр етеді. Есейгенде «көңіл және жүрек» билігімен отау құрулары мүмкін, ал соңында ақыл-ойдың түйінімен ажырасады.

Бұл адамдар нақты, тек қана көргеніне сенеді. От текті белгілірдің астрологиялық сипаттамалары: Торпақ- төзімділік, айтқанын орындау; Бикеш – міндетін толық және нақты орындаушы; Ешкімүйіз- өзіне жауапкершілікті ала алатын басшы.

Ауа элементтері жұбы- ойлау үшбұрышы. Үшбұрыштың төбесі жоғарыда, ортасынан сызылған. Бұларға Егіздер, Таразы және Суқұйғыштар жатады. Бұл жұп ойшыл, дарынды, өзгергішке бейім, жаңалыққа бүйірі жақын кісілерді дүниеге келтіреді.

Бұл жұп элемент адамдары әртүрлі деңгейдегі іс әрекеттерді, кейде қарама-қарсы да идеяларды ұштастырып, жүзеге асыра алады. Олар ойшыл, көңілді, көпшіл адамдар. От текті белгілірдің астрологиялық сипаттамалары: Суқұйғыш- еркек, әке, еркіндік; Таразы – әйел, ана, теңдік; Егіздер- балалар, туысқандық, бірлік.

Су элементтері жұбы – сезім үшбұрышы. Үшбұрыш ұшы төмен қараған, белінен сызылған, артысына дейін қуатпен толтырылған бокал тәрізді. Бұл топқа Шаян, Сарышаян және Балықтар жатады. Бұларда интиуция жақсы етілген. От текті белгілірдің астрологиялық сипаттамалары: Шаян- интуиция, сезімталдығы күшті; Сарышаян – эмоция және сезім күшті; Балықтар- өзінің сезімі мен қайғысын рухани күшке айналдыру.

Онекі ай үш: негізгі (кардиналды), тұрақты (фиксацияланған), құбылмалы (мутабелді) квартет құрайды. Негізгі квартеттің айлары жыл маусымдарының бірінші айларына, тұрақты - екінші айларына, ал құбылмалы - үшінші айларына сәйкес келеді.

Негізгі квартет –Тоқты, Шаян, Таразы, Ешкімүйіз айлары жаңа үдерістің басталуы, сондықтан бұл айларда сәйкес жұп элементтер (от, су, ауа, топырақ) әрекеттері өте күшті.

Негізгі (кардиналды) квартет- бұл дүние танымның материалдық негіздері, жаңа идеялар туындау, ерік квартеті. Оның негізгі қасиеті- амалға асыруға әрекет ету. Бұл адамдар жігерлі, нақтылықпен өмір сүреді, бұлар үшін ең негізгісі қазіргі кезең және «нақты осында» екенін сезу. Сондықтан олардың сезімі және эмоциясы күшті және жарқын. Олардың қуанышы да қайғысы да шынайы және күшті, бірақ кез-келген эмоция қысқа уақытты. Себебі олар тез арада жаңа жұмыс бастап, жаңа сезім тауып алады. Жаспенен олардың көңіл-күйлері қалыптасып жұмыс тәртібін күшейтеді. Кедергіден олар қорықпайды, алдарына қойған міндеттерін орындауға ынталандырады. Бірақта оларда ұзақ күреске жететін күш шамалы болып келеді. Сондықтан күрес ұзаққа созылса немесе нәтижесі жөнді көрінбесе олар міндетін орындай алмайтындай сезініп, тез тұңіледі, күресуге күштері кетіп депресиияға да ұшыраулары мүмкін. Олар үшін өзгерістің болмауы және өздерін көрсете алмауда өте қауіпті. Мұндай адамдар қалғандарды соңынан ертіп тек қана алға және биікке ұмтылады.Олар барлық уақытта көз алдында, қоршағандардан биік көрінеді, алдына қойіан міндеттерін орындап, әлеуметтік жоғары деңгейлерге жетеді.

2. Тұрақты (фиксацияланған) квартетке Торпақ, Арыстан, Сарышаян, Суқұйғыш айында туғандар жатады. Бұл айлар жыл мезгілдерінің ортасы болуына байланысты табиғат тәрізді бұлардың мінездері мен іс-әрекеттері жұп элементтердің сипаттамалырына сәйкес тұрақты болып келеді.

Тұрақты квартет бұл дамудың эволюциясы, тұрақтылығы және төзімділігі, жинақтау, концентрациялау квартеті. Олар өткен тәжрибені дұрыс пайдалана біледі. Ол төзімділік, қаттылық, мықтылық, тұрақтылық береді. Бұлар консерватор, ішкі тұрақты, төзімді, табанды, парасатты адамдар. Олар күштеп таңғанға жаны қарсы, кез-келгенге жауап беруге дайын тұрады. Олар үшін өмірдің кез-келген саласында ең қиыны бір нәрсені өзгерту. Олар нақтылықты, ретімен жасағанды, істеген істері қатесіз, кез-келген кездейсоқтықтан сақтануды жақсы көреді.

Бұлардың шешімі тұрақты, өмір ұстанымдарында және іс-әрекеттерінде нақты, аяқ астынан «жылқы мінез» танытып, тез шешім қабылдамайды. Олар өз жұмыстарын жанындай жақсы көреді, шаршамай, талмай «естен танғанша» жұмыс істеуге дайын. Осы тәрізді олар достарға, бауырларға, кез-келген нәрсеге: материалдық немесе әлеуметтік жағдай болсын мықты және түрақты, айнымас дос, сырлас, өте жақын және сүйікті адамдар. Бұл адамдар сөзінде тұатын, берілген және сенімді. Олардың айтқанына толық сенуге болады. Егерде оларды бір рет алдасаң онда өмір бойы сенімінен айрылуың мүмкін. Тұрақты квартетте тілек, құштарлық өте жақсы жетілген, олар тек қана өздерінің ниетіне және сезіміне қарап жұмыс істейді. Олардың сезімдері, ұнату немесе ұнатпаулары тұрақты, өзгеріске аз ұшырайды. Қиыншылықтар, сәтсіздіктер, тағдардың соққылары оларды қайыстыра алмайды, қайта табандылығы мен төзімділігін күшейтіп, күресуге жаңа күштер қосады.



  1. Құбылмалы (мутабелді) квартетке Егіздер, Бикеш, Мерген, Балықтар айларында туғанда жатады. Бұл айлар жыл мезгілінң соңы, бұл кезде табиғат құбылмалы және тұрақсы, бір мезгілден екінші мезгілге өту жүреді. Бұл жұп элеметтер жағдайы орташа, қозғалғыштығы қалыпты.

Құбылмалы квартет бұл ақыл-ой, байланыс, бейімделу, бөлу. Негіхгі қасиеті – идеяларды транформациялау. Олар барлық уақытта орнында. Бұл оларға құбылмалылық, икемділік, бейімделушілік мүмкіншілігін береді. Олардың ақыл-ойы өткір, интуициясы нәзік. Олар өте сақ, алдын-ала ойлайды, тұрақты өзгеріс күтіп жүреді, сондықтан бұл оларға кез-келген жағдайға тез бейімделуге көмектеседі.Олар үшін ең негізгі ақпарат ағымында болу. Барлық белгілердің ішіндегі ең білгірі болса да, ақпаратты білмесе кез-келген жағдайдан шыға алады. Олар сөзшең, көпшіл, өте жақсы әңгімелесе алады. Олар көзқарастарын тез өзгерте алады, қателерін және мүлт кеткенін мойындай алады, оппоненттермен, сөйлескен адамдармен тіл табысаалады. Бұл квартеттің адамдары ішкі гармонияға, келісімге, делдалдыққа, және қызметтес болуға дайын, бірақта уайымға және сыртқы әсерге тез беріледі. Олардың ең осал жері әуестікке құштарлық, бұл оларды барлық уақытта қозғалыста болуларын талап етеді. Олардың көзқарастыры және дүниетанымы тұрақты емес, сыртқы әсерлерге тәуелді болып келеді. Олардың өміріндегі тұрақсыздықтың, өзгерушіліктің жиі болу себебі осыдан. Олардың шынайы міндеттері мен жоспарларын білу қиын, бірақта олар басқалардың жоспарларын бұлжыптай анықтайды. Олар баспайда алып келетін кез-келген мүмкіншілікті қолдануға әрекет етеді, тағдыр талқысын айналып өтуге ұста. Бұл адамдар табиғи реалистер. Міндеттерін орындау үшін олар кез-келген адамды: достарын, таныстарын, көршілерін, бауырларын, әріптестерін, аз танитын адамдарды да пайдалалануға ұста. Өмір соққылары тез ұмытады және көңіліне терең алмайды. Алдына қойған міндетке төте жол жоқ болса, онда ол әрбір қадамын ойлап, жолдағы барлық бұрыштарды, бөгеттерді айналып өтіп басқа жолмен жетеді. Бұл жағдайда оған оның табиғи тапқырлығы, жағымпаздығы, алдамшылығы, алаяқтылығы көмектеседі. Бұл белгі адамдары кез-келген қолайсыз жағдай қинай қоймайды, олар ашуланбайды, қайта өздерін орнында сезініп, жұмыс істеуге белсене кіріседі. Осыған қарамастан олардың жүйке жүйесі және психикасы жұқа. Күрделі бөгеттер оларды істен шығарып, жолдан тайдырып, міндетін орындауын алыстатып жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда олар күреспейді, ағынмен жүзіп шығады.

Әрбір циклдегі туындылардың әрқайсысының ерекшелігіне байланысты олардың адам организміне өздеріне тән әсерлері бар. Мысалы, адамның мінез-құлқының қалыптасуы туылған ырғақтық жылға (зодиак) тәуелді болса, тәнсаулығы осы циклдегі туған айына тәуелді болады. Олардың зиянды әсерлерінен қалай қорғану керек екені Кітаптарда көрсетілген. Төменде Айлық жылдың (һиджра) кейбір айларының организмге ырғақтық әсерін сипаттадық.

Ережеп (VІІ) айы қызыл жұптың ІН жартысы, сондықтан бұл ай от тектес. Ал шайтан оттан жаралған, сол себептен бұл айда адам организміне оның зиянды әсерлері көп болып келеді. Ережеп (режеп, раджаб) күш көрсетуден алыс жүр, әділетсіз болма деген ұғым білдіреді. Бұл айдың 27 түні пайғамбарымыз Мұхаммед (С.Ғ.С.) Жалғыздың рұқсатымен пырақпен көкке көтерілген. Бұл түнді Миғраж (көтерілу) түні деп атайды. Ережеп айында ауыз бекітудің (ас саум, жамандыққа жоламаудың, ораза тұтқанның) сауабы өте зор.

Шаабан (VІІІ) айы ақпараттық әсері бойынша қызыл жұптың ЕН сыңары болып келеді. Бұл айда 15 түнін Барат түні деп атайды. Барат сөзі «қатысы жоқ», «толық бөліну» деген ұғым береді. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (3) Ол кеште барлық жақсы істер айрылады. (4) Бұлөз қасымыздан бір бұйрық. Расында Біз жіберушіміз. (5) (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші. (6)» (Қ. С-44;).

Мұхаммед (С.Ғ.С.) хадистерінде былай делінді: “Аллаһу тағала, Ол ұлы және даңқты, Ол өзінің жаратқандарына Шабан айының ортасындағы түнде көз салып, көп құдайшылдар (мушрик) және көре алмаушылардан (мушахин) басқаның бәрін кешіреді.» «Аллаһу тағала, өзінің жаратқандарына Шабан айының ортасындағы түнде көз салып имандыларды кешіріп, сенбейтіндерге уақыт беріп, көре алмайтындарды оны қалдыруына мүмкіншілік береді.» “Аллаһу тағала, Ол ұлы және даңқты, Шабан айының ортасындағы түнде жақын аспанға келіп, көп құдайшылдар (мушрик) және көре алмаушылардан (мушахин) басқа Жер тұрғындарының бәрін кешіреді.» Бұл құбла Құддыстан (Иерассалиум) Меккеге ауысқан күн.

Ал Рамадан(ІX) айы қара жұп тектес, әсіресе оның жерден ақпарат алатын ЕН жартысы тектес. Ол жерге, қараға қос тектес. Бұл ақпарат түрінің адам салауаттылығына әсері өте күшті. Екінші жағынан 9 саны 32.Үш басқару белгісі.Рамадан сөзі «жойқын әсер» деген ұғым білдіреді. Осы айда адам жаратылғанын, барлық қасиетті Кітаптардың ақпараттары да осы айда түсірілген. Рамаданайында Құранның ақпараттары түсіп, ауыз бекіту (ас саум) міндеттеліп, 27 түні Құдірет түні ( Ләйләт-ул-Қадр) (33=27) беріліп жер әсеріне (дүниеге жақындық)қарсы күресу өте күшейтілген. Осы айда рухани тазаланудың негізгі әдістері берілген.

Жылдың он екі айының ішіндегі Құранда аты айтылатын, сонда жазылған тек қана Рамадан айының аты. Ал қалған он бір айдың арабша аттары араб тілінің ерекшеліктеріне және табиғатына байланысты аталынған. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. (183) Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. (184) Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық калайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар. (185)». (Қ.С-2;).

Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты Рамаданның алдындағы екі айда қосымша ауыз бекітіп (ас саум), рухани тазаланып қорғануды күшейтуге болады. Егерде адам бұл айда жамандыққа жоламаса, онда ол өзінің рухани тазалығына және дене саулығына жойқын жақсы әсер алады. Ал бұл нұсқауды орындамаса онда керісінше өзіне жойқын зиянды әсер алады. Осы үш айға байланысты пайғамбарымыз Мұхаммед (С.Ғ.С.) былай деп айтып кеткен: «Ережеп айында өзің үшін ауыз бекіт, Шабаан айында – мен үшін, Рамадан айында -Жалғыз үшін». Бұл қанатты сөз осы үш айда ауыз бекітудің қандай дәрежеде адамды қорғайтынын көрсетеді.

АлЗылқажжа (XІІ) айы тек қана Жер ғаламшарына тән алтыншы (жылу) жұпының ЕН жартысы. Зылқажжа қажылыққа бару деп аударылады. Осы айдың 10 күні Адам Ата және Хауа Ана Ібілістің азғыруына еріп, қателесіп тамақ жеп күна жасаған.

Адам денесінен бөлініп шыққан нәрсе арам. Сондықтан Адам тамақ жегенде пайда болған нәжіс денеден бөлінгенде ол арамданады. Жай жағдайда тазалану үшін «іш дәрет» алады. Осыған байланысты Ибраһим (С.Ғ.С.)-ге осы күні жіберілген қатеге кешірім сұрай есебінде құрбандық шалу нұсқалған.

Мұсылмандардың осы уақытта Меккедегі кағбаға барып Адам Ата және Хауа Ананың қателік жібергенге дейінгі жағдайына түсіп құрбандық шалуын «қажылық» - деп атайды. Бұл шара негізінен осы айдың 10, 11, 12 және 13 күндері жүзеге асырылады.

Кітаптарда көрсетілген нұсқауларды толық дұрыс орындау адам затының рухын тазалап, организмінің қорғаныс күштерін арттырып, иманды етеді. Адам көрсетілген нұсқауларды орындамаса онда ол өзіне-өзі зиянкесболып табылады, оның рухы ластанып, тәні әлсірейді.

Халқымыз тілек тілегенде: ”Дертке -шипа, денеге - саулық, ақылға -жетілу және дінге -тазалық” - бер деп тілеген. Қазіргі кезде ғылыми тұжырымдар көрсеткендей адам салауаттылығының 60 % жуығы рух тазалығына яғни діни іс-әрекетіне, 20 % жуығы – жанның негізі гендік ақпарат сапасына, 20% – денсаулық, тән құралымының негізі болып келетін табиғи сыртқы орта әсерлеріне байланысты екені дәлелденіп отыр. Адам затына қазіргі медициналық көмек тек қана 10% дейін әсер ете алады.

Сонымен, қазіргі кездегі қолданып жүрген салауатты өмір сүру ұғымы ұғымы әрбір кісінің өз мінез-құлқына, іс-әрекетіне тікелей байланысты, тәуелді болып келеді. Адамның тіршілік өмір сүруі оның жер жағдайына бейімделуіне тәуелді, ал ол жүйе есебінде көк пен жердің арасында орналасуына байланысты ол көкпен басқарылады да, жерге бейімделеді. Сол себептен оның организмінің барлық деңгейлері жерге бейімделуге тәуелді жаратылған болғандықтан, олардың бәрінің он екі туындылық құрылымы бар. Сондықтан қазақ: “он екі мүше, алпыс екі тамыр”- дейді.Бір жылда 12 ай болуы, шығыста жылды 12 жылдық ырғақпен мүшел жас қайыруы, сөткеде 24 (12х2) сағат болуы, шығыс медицинасында 12 басты ақпаратты қабылдаушы жүйенің болуы, және т.б. ұғымдар осыған байланысты пайда болған.

Қорыта келе айтарымыз, жетілмеген жүйелер - өз ішінде ақпараты жоқ, ақпаратты сырттан алатын жүйелер. Олар үшін ақпарат көзі Жалғыз және Жерде ғаламшары жағдайында адам да (антропогендік) болып табылады.

3.3. Жай жетілген жүйелер


Жай жетілген жүйелер барлық үш бөлігі: ақпарат, регуляция, реализация бар, үшеуі екі ұйымдасу деңгейіне біріккен жүйелер.

Неге бұлар «жай жетілген жүйелер» - деп аталады? Біріншіден олар жетілген, себебі құрамында басқару қағидасына сәйкес үш бөлігі де: ақпарат, реттеу, орындау толық. Екіншіден бұл жүйелердің ішкі ақпараты –жаны тек қана олардың күн көруін және тіршілігін белгілі деңгейде ғана қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты олардың күн көруі және тіршілік етуі негізінен сыртқы ортаның ақпараттарына тәуелді. Сондықтан, бұларды салыстырмалы, тәуелді, жай жетілген жүйелер деп атайды.

Біздің жағдайымызда жай жетілген жүйелер жетілмеген жүйе Жер ғаламшарында орналасады. Сондықтан олар абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары бөлігі және Жер ғаламшары арасында орналасқан. Осыған байланысты «Адам көк пен жердің арасында орналасқан» - дегенұғым қалыптасқан.

Жер ғаламшарындағы барлық жанды жүйелер Жер жағдайына бейімделгенде ғана өздерінің күн көріп және тіршілік етулерін қамтамасыз ете алады. Жанды жүйелер Жер ғаламшарына бейімделулері үшін олардың бір деңгейі Жердің ұйымдасу үлгісіне сәйкес болуы қажет. Жай жетілген жүйелер он төрт (жеті жұп) бастамадан, элементтен тұрады. Оның он екі (алты жұп) бастамасы («реттеуші” бөліктің екі элементі және “орындаушы” бөліктің он элементі) Жер ғаламшары ұйымдасу үлгісі тәрізді өз алдына жеке үлкен шеңбер құрады. Бұл шеңбер жандылардың Жер ғаламшарына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл үлкен шеңбердегі болатын құбылыстар және үдерістер Жер жағдайында болатын ырғақтарға және өзгерістерге тікелей тәуелді. Үлкен шеңбердегі барлық құрылымдар жиынтығын «дене»- деп атайды.

Жүйенің жетінші жұп бастамасында, ішкі “басқарушы” бөлігінде болатын үдерістердің тек қана өзіне тән ерекшеліктері бар. Жетінші жұптан тұратын кіші шеңбер әрбір биологиялық түрге ғана тән жанды, тектік, гендік ақпаратты сақтауға, жинақтауға және реттеуге арналған. Жанның материалдық негізін екі спиральдан тұратын ДНҚ немесе РНҚ құрайды.

Жоғарыда сипатталған жай жетілген жүйенің екі шеңбері: дене және жан бірігіп тән жанды дене немесе организм құрайды. Екі шеңбердің ішінде болатын барлық үдерістер мен құбылыстар бірімен-бірі тығыз байланысты, біріне-бірі тәуелді.

Жер ғаламшары жағдайындаға барлық жанды объекттер: нанобактериялар, вирустар, өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар және адамның организмі – жай жетілген жүйелерге жатады.

Басқа жүйелерден жай жетілген жүйелердің негізгі айырмашылығы оларға екі ақпарат түрінің әсер етуі. Біріншісі түрі – ішкі ақпарат. Платонның анықтамасы бойынша бұл ақпарат жүйенің жанды болуын қамтамасыз етеді. Ішкі ақпаратты негізгі деп атайды, себебі жүйелердің көбеюі, яғни өзіне ұқсастың пайда болуы осы ақпарат бағдарламасына тәуелді. Жер ғаламшары жағдайында бұл ішкі ақпарат әрбір биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз ететін жан, шежірелік, тектік, гендік құралым болып табылады.

Екінші ақпарат түрі - сыртқа ортадағы ақпараттар. Бұл ақпараттар түрлеріне жанды жүйелер бейімделу арқылы өздерінің күн көріп және тіршілік етуін қамтамасыз етеді.

Қоршаған орта ақпараттарын Басқару қағидасына сәйкес үш топқа бөледі: негізгі, реттеуші және басты.

Негізгі топтың ақпараттарын жинақтап «табиғи қоршаған орта» деп атайды. Бұл топ ақпараттар жанды жүйелер күн көріп және тіршілік ететін Жер ғаламшарының нақты бір аймағының ерекшелігіне байланысты қалыптасады. Бұл топ ақпараттар тек қана осы аймақта әсер етеді. Осы нақты ақпараттарға бейімделу нәтижесінде адамзаттың нәсілдері, ұлттары, ұлыстары, басқа жандылардың әртүрлі биологиялық түрлері және олардың содан тарайтын бөліктері қалыптасады. Бұл топтағы ақпараттар жай жетілген жүйелердің ішкі ақпараттарының негізінен жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл топты жинақтап «негізгі» деп атайды. Бұл топтағы ақпараттар Басқару қағидасына сәйкес сыртқы ортаның «амалға асырушы» бөлігі қызметін атқарады.

Екінші топ, «реттеуші» немесе «аралық», Жер ғаламшарына оны қоршаған тұрақты ақпарат беретін Ай, Ғаламшарлар, Күн, жұлдыздар топтары және басқа да объекттердің әсері нәтижесінде қалыптасады. Осылардың әсерінің нәтижесінде ай, жыл мезгілдері, жылдар және басқа да циклдік үдерістер қалыптасады. Олардың қалыптасу ерекшеліктерін астрология ілімі зерттейді. Мысалы, гороскоптар. Бұл топ ақпараттар Жер ғаламшарындағы үдерістерді реттеулеріне байланысты оларды «реттеуші», ал Жалғыз және Жер ғаламшары арасында орналасуына байланысты «аралық» деп атайды.

Үшінші топ, басты ақпараттар көзі ол барлық әлемдердің және солардағы барлық құбылыстар және құрылымдарды Жаратушы Ие Жалғыз болып келеді. Жалғыз барлығын жаратып басқарушы болғандықтан бұл ақпарат көзінен шығатын топ «басты» деп аталады. Басқару қағидасына сәйкес Жалғыз барлық әлемдерді «басқарушы», барлық әлемдер үшін ақпарат көзі болады.

Жер ғаламшары жағдайындағы барлық жанды объектер бірінші және екінші топтардың ақпараттарына бейімделу арқылы күн көріп және тіршілік етеді. Себебі бұл екі топ ақпараттар объективті, сондықтан олардың әсерлеріне нақты жауап қайтарылады. Ал үшінші түрлі Жалғыздан шығатын ақпараттардың табиғаты субъективті болып келеді. Сондықтан бұл топ ақпарат субъекттерді басқарады, әсерінің соңғы нәтижесін ғана байқауға ғана болады.

Адамның тәні, организмі объект болуына байланысты оның күн көріп және тіршілік ету мүмкіншіліктерін көзі тірісінде нақты бағалауға болады. Мысалы, адамнан ұрпақ қалдыма ма жоқ па?

Кісі адамның субъект бөлігі болуына байланысты кісінің өзіне тапсырылған аманатты қандай дәрежеде орындағаны тек қана қиямет күні оның барлық іс-әрекетін таразыға өлшеу арқылы анықтайды. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз». (Қ.С-21;А-47.)«Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі». (Қ.С-17; А-13.)

Адамның басқа жандылардан айырмашылығы онда организмнен басқа субъективті рухани қасиеттер болуында. Адамдағы субъективті ақпараттар негізінде оның қоғамдық қатынасын жүзеге асыратын кісі қалыптасады. Адамның рухани қасиеттері организм арқылы жүзеге асады. Сондықтан адамның организмінсіз одан кісі қалыптасуы мүмкін емес.

Жоғарыда сипатталғандай адамның тәні объект есебіне бірінші және екінші топтардың ақпаратарына бейімделу нәтижесінде оның биологиялық өміріндегі негізгі міндеттері күн көріп және тіршілік етуін қамтамсыз етеді. Биологиялық міндеттерді орындау адам үшін туғанда басталып өлгенде аяқталады.

Адамның рухани қасиеттері шынмен басқарылу арқылы оның салауатты өмір салтын сақтауын, өзіне аманатқа тапсырылған жеке рухын Жалғызға қайтару арқылы кісіні мақсатына жеткізеді. Адамның мақсатқа жетуі мәңгілік үдеріс болып келеді.

Адамның рухани қасиеттері оның тәнінің негізінде жүзеге асуына байланысты бұл екеуінің өздеріне тән ерекшеліктерінен басқа көптеген бірге атқаратын қызметтері бар. Сондықтан оның екі бөлігінің ерекшеліктерін ескере отырып адамды біртұтас жүйе есебінде қарастырамыз.Адам организмі жай жетілген жүйе болуына байланысты жай жетілген жүйелердің қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерімен адам мысалында танысамыз.

Адам жай жетілген жүйе болуына байланысты ол да жеті жұп құралымды элементтерден тұратын үш бөлікті иерархиялық басқару арқылы қызметтерін жүзеге асырады. Абсолютті жетілген жүйе және жай жетілген жүйелер арасында иерархиялық басқару бөліктерінің орналасуында маңызды айырмашылықтар бар. Абсолютті жетілген жүйенің мақсаты жарату, басқару, құтқару болса, ал жай жетілген жүйелердің күн көруі және тіршілік етулері олардың сыртқы ортаға бейімделу мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты болып келеді.

Жалғыздың Адамды қалай жаратқаны туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Сол уақытта Раббың періштелерге: "Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан адам жаратамын" деді. (28) Оның жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген сәтте, оған құлшылыққа жығылыңдар! (29)»(Қ.15-С.) «Адамды Жалғыз Өзінің үлгісімен, Өзіне ұқсас етіп жаратты; еркекті және әйелді жаратты».(Б.Жар.Б-1; Қ-27.) «Жалғыз Ием адамды балшықтан жасап, оған жан бергенде адам жанды тіріге айналды» (Б.Жар.Б-2; Қ-7).

Осы нұсқауларға сәйкес Жалғыз адамды абсолютті жетілген жүйе «үлгісінде» (үш иерархиялық бөлікті, жеті жұп элементті) және «ұқсас» (шындық көзі бола алады, жеке ішкі рухы бар). Адамның басқа жандылардан ерекшелігі оның тек кісіге өзіне тән, оның тәрбиесіне, бапталуына, көргенділігіне байланысты тіршілік өмір жолын таңдауына мүмкіншілік беретін үшінші ақпарат түрі – жеке рухы, ішкі дүниесі, жазмышы (аурасы), санасы бар болып жаратылған. Сондықтан да: “Әрбір адамның Жалғызы өзінде”-деп айтады.

Адамға тән үшінші ақпарат түрін «шартты, субъекті»-деп атайды. Оның себебі адам туылғаннан соң жинайтын ақпарат мәні ол өсетін қоғамның ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын сөз түрінде қалыптасқан шартты ұғымдарына тәуелді болуында. Мұны кісінің әлеументтенуі (социализация) деп атайды. Жануарларда жүйке жүйесі шартсыз ақпараттарды жүзеге асыру арқылы реттеуді және табиғи ортаға дұрыс бейімделуін қамтамасыз етеді. Кейбір жоғары дәрежеде дамыған жануарларда шартты ақпараттарды қабылдаудың нышандары байқала бастайды.

Адам заты бөлек екі құрылымнан: тән, организм (жанды дене) және кісі тұрады. Күн көру және тіршілік үшін организм Жерге бейімделеді, ал кісінің өмір сүруі Көктен басқарылады.

Жерге бейімделу үшін адам тәні ақпаратты сезім, ас қорыту және тыныс жүйелері арқылы қабылдайды. Кісі басқарылу үшін Көктен ақпараттарды он екі мүше арқылы қабылдап, оларды көздерде (чакраларда) талдап гипоталамусқа жіберіп және денені қоршаған рухани қабықшаны (жазмышты, аураны) қалыптастырады.

Организм күн көру және тіршілік етуін қоршаған табиғи ортаға, бірінші кезекте тіршілік етіп жатқан аймақтың топырағына және сыртқы биологиялық ырғақтарға бейімделу арқылы қамтамасыз етеді. Жер ғаламшарының әрбір аймаққа тән топырақтың құрамы және биологиялық ырғақтары бар. Топырақтың құрамына бейімделу негізінен тамақ көмегімен химиялық ақпараттарды қабылдаушы ас қорыту жүйесі және иіс арқылы қамтамасыз етілсе, ырғақтарға бейімделу физикалық ақпараттарды (сәуле, дыбыс, жердің тартылыс күші және т.б.) қабылдау арқылы жүзеге асады. Организмнің бейімделуіне қажетті ақпараттар орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады.

Кісі Көктен рухани ақпарат қабылдау арқылы басқарылады. Көктен келетін Жалғыздан шыққан ақпарат абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделін» қалыптастыру үшін жеті түр-түс арқылы тарайды. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан. Күмәнсыз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері Көк пен Жердің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі әр нәрсені ішіне алады» (Қ.С-65; С-12). «(12) Мен кемпірқосақты бұлтқа қосамын, ол Менің Жерге жіберген аманатымның белгісі. (13) Мен Жерге бұлт түсіргенде, кемпірқосақ соның құрамында көрінеді» (Б.Жар. Б-9;). Көктен кемпірқосақ құрамында келген 7 түрлі ақпаратты және одан қалыптасатын 10 түрлі «Жер моделі» ақпараттарын қабылдау үшін кісі бойында 360 ақпарат қабылдаушы нүктелері бар 12 мүше құралады. Бұл мүшелер қабылдаған ақпараттар орталық жүйке жүйесі бойында орналасқан 7 орталыққа, қазақша көз, үнді тілінде чакра (чакра үндіше-дөңгелек, сақина) жеткізіледі.

Әрбір чакраның өзіне тән атқаратын қызметтері бар. Адамның осы орталықтарының жетілу деңгейіне байланысты әркімде әртүрлі жағдайлар қалыптасады. Кімде бұл көздер жетілмеген, олардың кісілік қасиеттері төмен болады, ал кімде жетілген олардың адамгершілік түсініктер жоғары болады. Біздің санамыздың қалыптасу деңгейі осы көздердің жетілу деңгейіне байланысты болады. Сондықтан қазақта: «Көзі бар»- деген ұғым қалыптасқан. Әрбір чакра негізінен адам денесінің өзі орналасқан аймағындағы мүшелер мен құрылымдардың қызметтерін реттеуге қатысады. Әрбір кісінің өз бойындағы көздері қызметтерін жетілдіруіне болады.

Төменде жазмыш көздердің және қабаттарының қазіргі кездегі ұғым бойынша орналасқан жерлерін және әсер ететін негізгі қызметтерінің қысқаша сипатын бердік.



1. Муладхара құйымшақ деңгейінді орналасқан. Түсі қызыл. Реттейтін қызметтік топтары: + биологиялық потенциалдық энергия; + сенімділік және тұрақтылық; + еңбектену қажеттілігі, күн көру үшін күрес; +өзін сақтаудың жеткілікті болуы; + инстинкттер күшін арттыру; -барлығына теріс қарау(негативизм), агрессия; -жаман дағдылардың барлығы, нақтылықтан (реальность) қашу. Ақпарат шығаратын негізгі нүктесі Хуэй-инь (CV\ JM.1).

2. Свадхистана адамның денесінің ортасының тұсында, кіндіктен үш елі төмен орналасқан. Түсі қызғылт. Реттейтін қызметтік топтары:+ эмоциялық энергия; +жыныс (сексуалдық) энергиясы; + ләззатшылдық; -суықтық(фригидность), белсіздік, бедеулік. Ақпарат шығаратын негізгі нүктесі Гуань-юань (CV\ JM.4).

3. Манипура кіндік және төстің ұшының ортасының тұсында орналасқан. Түсі сары. Реттейтін қызметтік топтары: +жасампаздық мүмкіншіліктер; + адамгершілік дамуы, мойындау қажеттілігі; + қоғамдағы орын; + қаржылық тұрақтылық; + табыс, атақ; + жауапкершілік, бақылау; -жетіспеушілік (инфантильность); -қорқақтық, оңбағандық. Ақпарат шығаратын негізгі нүктесі Чжун- вань (CV\ JM.12).

4. Анахатажүректің тұсында орналасқан. Түсі жасыл. Реттейтін қызметтік топтары:+ ризашылық сезім; + сүю, қайырымдылық сезімдері; +достық, қамқорлық; -екіжүзділік, арамойлылық; -құпиялылық, тұйық болу;-күдікшілдік, өтірік ұялу, қызару. Ақпарат шығаратын негізгі нүктесі Тань-чжун (CV\ JM.17).

5.Вишудха қалқан шеміршегінің тұсында орналасқан. Түсі көгілдір. Реттейтін қызметтік топтары: + үйренушілдік; + шешендік мүмкіншіліктер; +сөз сөйлеу; + өз көзқарасы бар; -құлшылдық (тұнжыраушылық); -диктаторлық (үстемшілдік). Ақпарат шығаратын негізгі нүктесі Тянь-ту (CV\ JM.22).

6.Аджна («үшінші көз») қастың ортасының тұсында орналасқан. Түсі көк. Реттейтін қызметтік топтары: + сезімталдық (интуиция); + шабыттылық; -догматизм, атеизм; -рухани бастаманы жоққа шығару.Ақпарат шығаратын негізгі нүктесі Инь-тан.

7.Сахасрара адам денесінің сыртында орналасқан. Түсі күлгін. Бұл чакра адам денесімен тек қана төбенің артындағы ойықта орналасқан сипайтын, құтқарушы(месих) нүктеарқылы байланысады. Реттейтін қызметтік топтары: +Жалғызға толық сену; + әмбабап ойлану; + шында мойындау; - иманы аздық. Ақпарат шығаратын негізгі нүктесі Бай-хуэй (GV\TM 20).

Ескерту: + қызметтерінің толық болуы; - жетіспеуі.

Сыртқы рухани өріс (жазмыш, аура) жеті қабықтан тұрады. Әрбір қабат басқасынан өзгеше өзіне тән арнаулы қызметтері бар. Жазмыштың әрбір қабаты сәйкес чакрамен байланысқан.

1. Эфирлік дене. Эфирлік қабат денені 5 мм -ден 5 см-ге дейін қоршап орналасады. Бірінші қабық және бірінші көз (чакра) дене қызметтерімен, ауырғанды сезумен және қанағаттанумен байланысты. Бірінші қабат организмнің еріксіз және автономды қызметтерін атқарады.

2. Эмоциялық дене. Бұл қабат терінің бетінен 2,5 - 8 см қашықтықта орналасады. Екінші қабат және екінші чакра толығымен адамның эмоциялық болмысымен байланысты. Осы қабық және чакра арқылы адамның эмоциялық іс-әрекеті жүзеге асады.

3. Менталдық дене. Бұл қабат терінің бетінен 8 см–ден 20 см қашықтықта орналасады. Үшінші қабық менталитетпен, тікелей ойлау қабілетімен байланысты. Себебі үшінші чакра ойлау қабілетімен байланысты.

4. Астралдық дене. Бұл қабат терінің бетінен15 см –ден 30 см қашықтықта орналасады. Төртінші қабат жүрек көзімен байланысқан, біздің жақындарымызды ғана емес барлық адамзатты жақсы көруімізге (сүюімізге) жауапты. Төртінші чакра сүйіспеншілік энергиясының өзгеруіне жауапты.

5. Эфирлік телқосақ (нұсқа, шаблон). Бұл қабат терінің бетінен15 см –ден 60 см қашықтықта орналасады. Бесінші қабат – жоғарғы ерік деңгейі. Ол адамнан Жалғызға жақын. Бесінші чакра сөздің құнын жүзеге асырады, яғни сөзді іске асырады. Соның әсерінен біз басқаларды тыңдаймыз және өз әрекетімізге жауапты екенімізді сезінеміз.

6. Көктік (целестиалдық) дене. Бұл қабат терінің бетінен 60-80 см қашықтықта орналасады. Алтыншы қабат рухани мәнді эмоцияға жауапты. Осы қабаттың қызметінің нәтижесінде намаз оқығанда, медитацияның басқа да түрлерімен айналысқанда рухани экстаз жағдайына түсеміз. Осы жағдайға түскенде біз өзіміздің Көкпен байланысымызды сеземіз. Барлық заттың тазалығын сеземіз, оларға деген сүйіспеншілік пайда болады, болмысымызбен тазалыққа енеміз, өзіміз тазалықтан тұратынымызды және оның бір бөлігі екенімізді сеземіз, Жалғызбен байланыс қабылданады. Бұл жағдайда біздің санамыз аура өрісінің алтыншы қабатына көтеріледі. Алтыншы қабық және алтыншы чакра Жалғызға құлшылықтың не екенін сездіреді. Бұл жағдайда адам тек қана адамзатты емес, жалпы өмірді түсінеді. Алтыншы чакраға және алтыншы деңгейге байланысты барлық тіршілік өмірдегі әрекеттерде құлшылық белгісі болады.

7.Кетерлік, немесе каузалдық дене. Бұл қабат терінің бетінен 40 см –ден 105 см қашықтықта орналасады. Жетінші қабат рухани жоспардағы менталдық жағдай, сондықтан оны катерлік нұсқа (шаблон) деп атайды. Біз жетінші деңгейге жеткенде өзіміздің Жалғызбен бір екенімізді мойындаймыз. Бұл қабаттың түрі жұмыртқа пішінді, ішінде барлық аура қабаттары қасиеттерімен бар. Жетінші саты имандылық сатысы. Ол жоғары дәрежеде қалыптасқан нұсқа (шаблон). Ол алтын-күміс түсті айқасқан сәуле жіптерінен құралған. Бұл нұсқа өте берік, қатты, себебі барлық аураны бүтіндігін қамтамасыз етіп тұрады. Жетінші дене адам денесінің және барлық чакралардың кристалдық торы, адамның жеке голограммасы. Жетінші қабат және жетінші чакра жоғарғы санамен байланысты, адам затының рухани және тән бірлігін қамтамасыз етеді және танытады.

Бұл көздердің қызметтері түсінікті болу үшін олардың кейбіреулері туралы мысалдар келтірейік. Свадхистананың (кіндік көзі) қызметінің бірі биологиялық энергия, соның ішінде ұрпақтың болуына жауапкершілік. Осы көз қызметінде ауытқу болған жағдайда белсіздік, бедеулік пайда болады. Кіндік адамның биологиялық қасиеттеріне жауапты құрылым. Сондықтан жатырдағы бала қоректі кіндік тамырлары арқылы алады. Осыған байланысты: «Сен не Жердің кіндігісің ба?, яғни сенсіз күн көруге болмайды ма?»- деген ұғым қалыптасқан. Әйелдің белі ашық жүрсе, соның нәтижесінде осы чакраға суық, жел, ылғал шектен тыс әсер ететін болса, онда бұл әйел бедеу болып қалады. Себебі әсермен шектен тыс зақымданған көз өз жұмысын толық орындай алмайды. Қазіргі кездегі жас әйелдер арасындағы белі ашық киім кию сәні 2-3 жылда бедеулікке немесе жатырдағы баланың дамуының дұрыс болмауына әкеліп соғуы мүмкін. Себебі зақымданған чакра қызметін дұрыс атқара алмайды.

Кімде-кімнің Аджна («үшінші») көзі жақсы жетілген (ашық болса) болса ол кісінің көріпкелдік қасиеті болады. Бұл көздің қызметі эпифизбен байланысты. Соңғы зерттеулерде балалардың эпифизінде көздің торлы қабаты сияқты құрылымдар барекені анықталған. Сондықтан балаларда көріпкелдік қасиет басымырақ болады. Кейіннен өсе келе эпифиз суалған соң, ол қасиет күрт төмендейді. Бұл көздің қасиетін арнаулы жаттығулар арқылы күшейтуге болады.

Сахасрара көзі адам денесінің сыртында орналасқан. Бұл көз денеден ең жақын қашықтығы 1см-дей. Бұл ең жақын нүкте төбенің артында бастың жебе (сагиталь) қиыспалы жігінің бойындағы ойықшада орналасқан. Бұл нүктені «сүйкеу, құтқарылу нүктесі» деп атайды. Сүйкеу, құтқарылуды арапша-месих, грекше –христос деп атайды. Егерде адам осы нүктесін сипаса ол өзін Жалғызға қосқан, құтқарған болып табылады. Бұл нүктенісипаған адам құтқарылған болып саналады. Сондықтан адам дәрет алғанда басты сипау (мәсих тарту) арқылы өзін жалпы голораммаға қосады. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар (тұрарда), беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңды сипаңдар (мәсих тартыңдар) және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуыңдар» (Қ.С-5; А-6.).

Жеті чакраның әрқайсысы ақпаратты Көктен де, Жерден де қабылдайды. Осыған байланысты адам бойында орналасқан жоғарыда көрсетілген жеті көзге сыртқы ортадан ақпаратты он төрт (7х2) ақпарат қабылдаушы жүйе қабылдап жеткізіп отырады. Жеті жұптың біреуі тақ, басқарушысы, орталық жебе жазықтықтың периметрінде жапқыш ұлпада орналасқан. Ол қалған алты жұп адам денесінің оң және сол бөліктерінде де бар. Себебі адам денесінің оң және сол бөліктерінің өздеріне тән реттелу және бейімделу ерекшеліктері бар, көптеген мүшелер жалқы, тек қана дененің бір жартысынды орналасқан. Жер ғаламшары 12 бастамалы болуына байланысты, онда күн көретін жанды жүйелерде, соның ішінде адамда да Жерге бейімделуді қамтамасыз ететін соларға сәйкес он екі топ құрылым болуы керек. Сондықтан адам денесінің оң және сол бөлігінде 12 ақпарат қабылдаушы және соған бейімделуді қамтамасыз ететін 12 мүше (6х2) орналасқан. Қазақтың мал сойғанда оны он екі жілікке бөлуі де осыған байланысты. Сонымен адам бойында ақпаратарды қабылдаушы және соған бейімделуді қамтамасыз ететін 12 мүше қалыптасады. Оның екеуі «реттеуші» блок, ал қалған оны «амалға асырушы» блокты құрайды.

Абсолютті жетілген жүйенің ақпарат көзі Жалғыз болса, ал жай жетілген жүйелердің ішкі ақпарат түрі –гендік ақпарат. Жай жетілген жүйелердің өзінің пайда болуын қамтамасыз ететін ақпарат олардың гендік ақпараттары. Ол химиялық құралым түрінде ДНҚ немесе РНҚ құрамында жазылып, қалыптасқан. Барлық жанды жүйелерде тектік, гендік ақпарат, жан бар. Жандының жансыздан айырмашылығы көбею. Жан негізі – тектік, гендік ақпарат. Жан әрбір жүйенің тек қана жеке биологиялық өміріне байланысты, жанды өлгенде ол жойылады.

Рухты тек қана сенім, құлшылық, салауаттылық тілеу (ас салат, намаз), ауыз бекіту (ас саум, ораза) арқылы тазартуға болады. Бұлардан басқа рухты тазартудың жолы жоқ!

Рухтың көзі – Жалғыз, жанның қуаты –Күн. Рух- мәңгілік, жан- жеке биологиялық өмірлік. Рух тазарады, жан жүзеге асады.

Жай жетілген жүйелерде де басты ақпарат 7 түрлерінің біреуінің жүзеге асу нәтижесінде әртүрлі ұйымдасу деңгейінде кездесетін тектес құбылыстар және құралымдары бар. Жай жетілген жүйелердің ақпараттық тектес қасиеттер және құрылымдары негізінен Көктен келетін басты ақпараттың жеті түрінен тікелей тарайды. Сондықтан жеті жұп элементті жүйелерде ақпараттар түрлері бес және алты жұпты элементтік жүйлермен аттас болғанымен бұлар басқа деңгейде әсер етеді.Бұл жерде негізінен адамға байланысты ұғымдар қамтылуына байланысты адам үшін ең негізгі қасиеттер және құралымдар алынған. (№9 кесте).№9 кесте

Жай жетілген жүйелердегі ақпараттың әртүрлі деңгейде тектес түрлері

Қасиет

құралым


Тектес ақпараттар түрлері

Басқарушы

Реттеуші

Амалға асырушы

Планета

Күн

Ай

Юпитер

Венера

Сатурн

Марс

Меркурий

Чакра

Сахасрара

Аджна

Вишу

даха


Анахата

Манипура

Свадхи

стана


Мулад

хара


Аура

денелері


Катерлік

Көктік

Эфирлік нұсқа

Астралдық

Менталдық

Эмоция

лық


Эфирлік

Түр-түс

Күлгін

Көк

Көгілдір

Жасыл

Сары

Қызғылт

Қызыл

Нота

си

ля

соль

фа

ми

ре

до

Әсер түрі

Метафи

зикалық


Физикалық

Химия

лық


Геология

лық


Биология

лық


Әлеумет

тік


Адам

Апта күні

Жұма

Сенбі

Жек

сенбі


Дүй

сенбі


Сей

сенбі


Сәр

сенбі


Бей

сенбі


Жасуша

Түйін

Қабық

ша


Гол.

құрамы


Ішкі

тор


Гиало

плазма


Мито

хондрия


Лизо

сома


Жер жағдайында өтетін көптеген үдерістер, циклдар жеті санына байланысты болып келеді. Жер алты жұп құралымды болғанымен, онда орналасқан барлық жай жетілген жүйелер, жандылар жеті жұп құралымды. Оның себебі Жерге Көктен басты ақпарат 7 түрінде әсер етеді. Сондықтан аптаның жеті күні, жеті қабат аспан, адамның жеті түрлі қабықшалары, жеті көз және т.б. жеті санына байланысты ұғымдар кездеседі.

Сонымен барлық жүйелер екі топқа: жетілген және жетілмеген, үш түрге: абсолютті жетілген жүйе, жетілмеген және жай жетілген жүйелер болып бөлінеді.

Абсолютті жетілген жүйе біреу ғана, оның басты ішкі ақпарат көзі, Жалғыз, мәңгілік. Сондықтан да Жалғыздан тарайтын ақпарат рухта мәңгілік.

Кісіде пайда болған шындық түріндегі ақпараттар өздері толық жүзеге асқанға дейін ғана өмір сүреді. Амалға асқанда құнын жояды. Ал амалға аспаған жағдайда олардың жүзеге асу уақыты шектелген. Мысалы, жай ақпараттар: сөз, ой және т.б. 3 жылға дейін, ал уәдемен берілген ақпарат – 360 жылға дейін өмір сүреді. Басты ақпарат көзінен, Жалғыздан, тараған ақпарат дұрыс орындалмаса ол жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа қашан дұрыс орындалғанша гендік құралым арқылы өтіп отырады. Бұл ақпарат ұрпақтың дамуына теріс әсер етеді, сондықтан мұны - қарғыс деп атайды.

Абсолютті жетілген жүйеде үш бөлікке: “басқарушы”, “реттеуші” және “орындаушы” сәйкес үш деңгей, үш шеңбер бар. Ондағы бағдарлама Жер ғаламшары жағдайындағы моделінде Жерді айнала шеңбер құрып негізгі ақпараттың 10 түрі есебінде тарайды. Жетілмеген жүйелерде «басқарушы» бөлігі жоқ болуына байланысты “реттеуші” және “орындаушы” бөліктері бірігіп, бір деңгей, бір үлкен шеңбер құрайды. Мұндағы болатын циклдар 12 қүралымды, сол себептен ақпараттар түрі де 12. Жай жетілген жүйелерде оның он төрт (жеті жұп) құралымы екі деңгей, екі шеңбер құрып орналасады.

Жетілмеген және жай жетілген жүйелер тектес ақпарат түрлерін басты ақпарат түрлерінен алады, бірақта әрбір жүйенің өзіне тән ерекшеліктері бар болып келеді. Олар Көктің «Жер моделінің» ақпаратының 7 түрімен басқарылады да, аспан ақпаратының 10 түріне және Жердің 12 құралымына бейімделеді. Осыған байланысты абсолютті жетілген, жетілмеген және жай жетілген жүйелердегі тектес ақпараттар біріне-бірі тең емес, әрқайсысы өз жүйелерінде иерархиялық басқару принцпіне сәйкес жұмыс істейді. Сол себептен олардың бәрін бір жүйеге біріктіруге болмайды.

Жай жетілген жүйелерде олардың пайда болуын және бейімделуін қамтамасыз ететін ішкі ақпараттары бар. Сондықтан Жер жағдайындағы жандыларда екі ақпарат түрі бар: бірінші – негізгі, ішкі; екінші- басты, сыртқы ортада. Адамның басқа жандылардан ерекше жаратылуы, онда орталық жүйке жүйесінде орналасқан - шартты ақпарат түрінде қалыптасатын үшінші ішкі дүниесі, рухы болуы. Адамның тіршілік өмірінде қосымша шартты ақпарат түрі болуы оның кісі есебінде жаңа ақпарат көзі болуын қамтамасыз етеді. Сол себептен кісі өзінің өмір жолын таңдауына, ойлаған ойына, істеген іс-әрекетіне, мінез-құлқына, өзінің және қоршағандардың тағдырына, ең бастысы өзінің соңғы, басты мақсатының орындалуына - Жалғыздың алдына жеке рухын қайтаруына қатал жауапты.

Сонымен жүйелердің үш түрі: абсолютті жетілген, жетілмеген (жансыз), жай жетілген (жанды) бар. Барлық жүйелер үшін басты ақпарат көзі абсолюттік жетілген жүйенің жаратушысы, басқарушысы, иесі – Жалғыз болып келеді. Мұны Жалғыздың рухы, діні, біртұтас ақпараттық өріс, жалпы голограмма деп атайды. Одан шыққан ақпараттан әрбір жеке жүйеге тән қасиеттер жиынтығын беріп олардың қасиеттерін және құрылымын жеке голограмма түрінде қалыптастырады (сурет, №10 кесте ).

Егерде жүйеде тек қана қасиеттер болса, оларды өлшеуге болатын физикалық құбылыстар деп атайды. Осы қасиеттер негізінде олар материяланып құрамға айналса химиялық құбылыстар деп атайды. Бұл екеуі жинақталап, жанды нәрселер тіршілігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектелген құрылым құрса, оны Жер деп атайды. Бұл үшеуі жансыз. Себебі өздеріне тән қасиеттері және құрылымдары бар, бірақ ішінде ақпараты жоқ. Олардың бойындағы ақпарат тек қана жеке жүйеге тән қасиетте және құрылымдар жиынтығы болып келеді. Олардағы ақпарат алмасу ерекшелігіне байланысты олар тіршілігін жүзеге асырады.

Ал жүйенің ішінде оның өз алдына көбеюін қамтамасыз ететін тектік, гендік ақпараты болса, онда бұл жүйе жанды, жай жетілген деп аталады. Оның тектік қасиеттерді жүйенің сыртқы ортаға бейімделуі қамтамасыз ету арқылы күн көруін қамтамасыз етеді. Сол себептен жанды жүйелер жаннан және құрылымнан тұрады. Бұл екеуі бірігіп жүйенің биологиялық қасиеттерін қамтамасыз етеді.

№10 кесте.

Рух, жанды және жансыздың салыстырмалы сипаттары





Ерекшеліктер

Рух

Жанды

Жансыз

1

Ақпарат

Жалғыздан

Жан, тектік, гендік

Сыртқы, ішінде жоқ

2

Міндеті

Жарату

Көбею

Көшірілу

3

Мақсаты

Өмір сүру

Күн көру

Тіршілік ету

4

Амалға асуы

Имандылық

Қызмет

Заттар алмасуы

5

Ақпарат түрі

Шын

Шындық

Шындық

6

Әсер уақыты

Мәңгілік

Шектелген

Шектелген

7

Қалыптасу түрі

Субъект

Объект

Объект



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет