Шымкент медицина институты



бет3/6
Дата23.05.2018
өлшемі4,58 Mb.
#40657
1   2   3   4   5   6


2.2.Құрылымдық


Грек тілінде система деген сөз «бөлшектен, құрылымнан тұратын бүтіндік» - деген ұғым білдіреді. Бұл кез-келген нәрсе құрыламнан тұратынын көрсетеді. Құрылымдық (лат. structura - құрылым, орналасу, рет) – бүтіндікті құрайтын бөдшектерді сипаттайтын жүйенің негізгі қасиеттерінің бірі. Мысалы: атом ядродан және электрондық орбиталардан, молекула - атомдардан, ұлпалар – жасушалардан, организм – қызметтік-құралымдық жүйелерден, Күн жүйесі – планеталардан құралады және т.б.

Жүйенің құрамындағы құрылымдар өз кезегінде оның ішінде ұсақ жүйелер құра алады. Керісінше, кез-келген жүйе өзінен күрделі жүйенің құрамында болады. Күрделі жүйелердің құрамына енген кіші жүйелер өздерінің бүтіндік қасиетін жояды. Мысалы: молекула құрамындағы атомдар ионға айналады, молекулалар – органикалық қосылыстар, бос қалдықтар құрайды. Некелесіп отбасын құрған адамдар жұбайлар деп аталады.

Жүйенің құрамындағы құралымдар өздері жеке бірлік – жүйе құруға талаптанады. Ол үшін олар жоғалтқан бейтараптық қасиеттін қайтадан қалыптаструлары керек. Барлық уақытта бұл екі үдеріс белгілі бір тепе-теңдікте сақталуы қажет. Бұл тепе-теңдіктің бұзылуы өте қалыптаспайтын өзгерістерге алып келуі мүмкін. Мысалы: ірі мемлекеттің құрамындағы ұлттар және ұлыстар өз тәуелсіздігін сақтау үшін мемлекет құруға, ол үшін бүтіндік (қорғалатын шекара), еркіндік алуға ұмтылады. Егерде олар өз бүтіндігін қамтамасыз ете алмаса, ол бірте-бірте олардың жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, бұрынғы Одақ кезінде 70 жыл ішінде осы аймақта орналасқан 20 аса ұлыстар жойылып кетті. Сол себептен мемлекет деңгейінде әрбір ұлттың жүйе есебінде бірлігін дұрыс қамтамасыз ету оның сақталуының және дамуының басты кепілі болып табылады. Мұның мысалы Қазақстан халықтар ассемблиясы бола алады. Оның өміршеңдігі, дүние жүзі мойындауы бүтіндік тұғырының дұрыс орындалуының нәтижесі болып келеді.

Ең негізгі мәселенің бірі жүйе және оның элементтерінің өзара қатынасы. Жүйенің әрбір элементі оның басқа бөліктерімен белгілі сәйкестілік тұрақтығын қамтамасыз етуі қажет. Бұл әрбір жүйенің табиғи қажеттілігіне байланысты болып келеді. Ол әрбір жүйе үшін тек қана соған тән құрылымдық қатынас қалыптасады. Ең жақсысы жүйені құрайтын элементтер қатынасы бірдей болғаны.

Мысалдың біреуі ретінде Жер ғаламшарын қоршап орналасқан табиғатты құрайтын 10 элементті қарастырайық. Осы 10 бастама, бейтараптық қағидасына сәйкес 5 жұп құрып Жер ғаламшарындағы барлық негізгі үдерістерді қамтамасыз етеді. 10 бастаманың әрқайсысының меншікті үлесі өзара тең, яғни оның әрқайсысы 10% құрайды.

Біріне бірі тәуелсіз ақпараттың 10 (5 жұп) бастапқы түрінің нақты сәйкестілігінің нәтижесінде әртүрлі деңгейде құбылыстар және құралымдық ұйымдасқан жүйелер: қосылыстар, заттар, мүшелер және т.б. пайда болады. Жүйенің өзіне тән қаиеті бар. Жүйе қасиеттері деп тек қана соған тән, оны басқа жүйелерден ажыратып тұратын ерекшеліктерін айтады. Бұл түрлену ерекшеліктерін күнделікті табиғатта байқап отырмыз. Жаратушы Жалғыздың еркіне тәуелді осы 7 бастамадан барлық дүниелердің әртүрлі деңгейінде өте көптеген құбылыстар мен құралымдар пайда болады. Бұл шексіз тізбек біз қабылдай алмайтын өте ұсақтан бастап өте үлкен құралымдарды қамтиды. Бұл тізбектен біздің сезім мүшелеріміз тек қана адамның Жер бетіне бейімделіп күн көріп және тіршілік етуіне қажетті өте кішкентай бөлігін, шегін ғана қабылдай алады, соларды ғана саналы түрде сезеді. Бұлар Күн жүйесі, басқа ғалам шарлар, жұлдыздар топтары, Жер ғаламшарындағы жандылардың күн көруін және тіршілік ету негіздерін қамтамасыз етушідер.

Қорыта келе айтарымыз, жүйенің құрылымдық қасиеті олардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін, біріне-бірі қатынасын, шексіз кішіден бастап шексіз үлкенге дейін бірін-бірі құрап, пайда болуын түсіндіреді. Жүйенің құралымдық қасиеті көзге көрінбейтіннен бастап 18 000 әлемнің, барлық құбылыстардың бірлігін қамтамасыз етеді.

2.3. Бейтараптық. Бейтараптық қағидасы.

ЕНжәне ІНконцепциясы


Бейтараптық, нейтралдік (лат. neuter – ол да емес, бұл да емес) жүйенің ішкі ерекшеліктерін және оның басқа жүйелермен өзара қатынасын қамтамасыз ететін оның негізгі қасиеттерінің бірі.

Барлық жүйелер сыңар, бейтарап, жалқы. Жүйенің бейтараптығы қарама-қарсы жұптықпен немесе екі жартылықпен қамтамасыз етіледі. Тек қана жүйенің өзі емес оның қасиеттері және құралымдары да қарама-қарсы жұптылықтан құралады және өзара тең болуы қажет. Жоғарыда көрсетілгендей бейтарап болу үшін келесі үш белгі болуы керек: 1) жұптық; 2) теңдік және 3) қарама-қарсылық. Сондықтан халық:”Екі жарты, бір бүтін”, ”Тең-теңімен, тезек қабымен”, ”Екінің бірі, егізінің сыңары” - дейді.

Жалғыз Жаратушы Иеден басқалардың барлығы жұп етіп жаратылған. Бұл туралы қазақ: «Жалғыздық Құдайға ғана жарсқан»- деп тұжырамдаған. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқау бар: «Сендерді жұп-жұп жараттық.» (Қ. С-78; А-8).«Ол сондай Алла, барлық жұптарды жаратты.» (Қ. С-43; А-12), «... жұп қосылып бір құрайды» (Б.Жар. Б.-2; Қ.-24.)

Сонымен, барлық жүйелердің бейтараптық қасиеті қарама-қарсы жұптықпен және олардың теңдігімен қамтамасыз етіледі. Жүйелердегі негізгі қарама-қарсылық онда рухының және құралымның болуы. Рух – субъекті ұғым, құрылым- материалданған, объективті нәрсе.

Дін, рух - әрбір жүйеге тән қасиеттерінің жиынтығы. Жер жағдайында адамда рухтың екі түрі: сыртқы және ішкі бар.

Оның бастысы, біріншісі, сыртқысы абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінен, Жалғыздан басты ақпараттың 7 түрі есебінде шығып сол жүйенің орындаушы бөлігіндегі шын түрінде таратылады. Шын тұрақты, мәңгілік сондықтан ол міндентті түрде толық амалға асуы қажет. Сондықтан аптада 7 күн, дыбыста 7 нота, кемпірқосақта 7 түр-түс, кісіде 7 көз, адамдағы аураның 7 қабығы және т.б. жетіге байланысты ұғымдар осыған байланысты. Қазақтың жеті атадан қыз беріп, қыз алысуы да осыған шыққан. Жалғыздан шығатын бұл ақпарат түрлерін басты деп атайды. Олар шартты белгіленгенде кемпірқосақ түрлерімен: күлгін, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызыл және қызғылт түрінде белгіленеді. Себебі, Көк пен Жердің арасындағы шын ақпарат жеткізу кемпірқосақ түрінде жүзеге асырылады.

Жер ғаламшары жағдайында Көктен келген жеті ақпарат онға жетіп - он түр бастама, элемент құрайды. Оларды шартты түрде түр-түспен сипаттағанда келесілер: күлгін, көк, көгілдір, ақ, жасыл, сары, қызғылт, қызыл, қара, қоңыр. Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы барлық құбылыстар және құрылымдар 10 саны арқылы сипатталады. Мысалы, ондық логорифм, қол және аяқ басында он саусақтар, ондық есептеу жүйесі және т.б. Бұл 10 элемент келесі бес жұпты құрайды: 1) күлгін – көк; 2) ақ – көгілдір; 3) жасыл – сары; 4) қызыл – қызғылт және 5) қара – қоңыр.

Ал кісідегі рухтың екінші түрі оның ішкі рухы, жан дүниесі. Ол адамның санасы және соның нәтижесінде жүзеге асқан іс-әрекетерінің жеке рухына әсері нәтижесінде қалыптасады. Адамның жеке рухын Жалғыз оған анасының құрсағында дамыған кезде 13 аптада аманатқа тапсырады.

Құралым – діннің жүзеге асуын қамтамасыз ететін және соның нәтижесінде пайда болатын, оның сыртқы пішінін анықтайтын құрылыс.

Барлық жүйелерде рухта, құралым да бар.

Бейтараптықтың мысалы ретінде бәріміз білетін атом, молекула және басқа да қосылыстардың электрлік бейтараптығын қарастырайық. Кез-келген жүйедегі оң және теріс зарядтардың саны тең болуы арқылы оның электрлік бейтараптығы қамтамасыз етіледі. Және ескеретін маңызды нәрсе, бұл зарядтар біріне бірі өтпейді, ауыспайды, тек тек қана өзара байланысып, бейтараптанып жұп құрады. Ол егерде оң немесе теріс заряд азайып немесе көбейсе онда ол өзінің бейтараптық қасиетінен айырылыуына байланысты жүйе құра алмайды. Бұл жағдайда атом болса ионға, молекула болса бос қалдыққа (радикаль) айналады, яғни оның жүйелік қасиеті бұзылады, ал жүйе есебінде жойылады, өз алдына жеке бола алмайды. Бейтараптық қасиеті бұзылған жүйелер тек қана өздерінің бейтараптығын қамтамасыз еткен соң ғана қайтадан жүйеге айналады. Мысалы, натрийдің атомы және тұздың құрамындағы натрий ионы. Натрий атомы өз алдына жүйе, ал оның ионы жүйе емес, ол жүйенің, тұздың құрамының бөлігі.

Адамның биологиялық жаратылуының негізгі мақсаты-адамзат ұрпағының үздіксіз жалғасуын, болашақ ұрпақ болуын көбею әдісімен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыру. Адам ұрпағының пайда болуы жыныстық жолменен қамтамасыз етілуіне байланысты, болашақ ұрпақ пайда болуын жалғастыратын кісілердің жыныстық бейтараптылығы, қарама-қарсы жыныстағы адамдардың жұптасып, некелесіп отау құрып, шаңырақ көтеруімен жүзеге асады. Жыныстық бейтараптық дегеніміз қарама-қарсы жыныстағы (еркек-әйел) некелік жыныстық қатынасқа түсуі. Бұл бейтараптық адамдар үшін ең негізгі, қасиетті құбылыс болып табылады. Адамзат ұрпағы жыныстық жолмен жаратылады. Екеуі: ер және әйел - некемен қосылып - бейтараптығын қамтамасыз еткен жүйе аты - отау, отбасы, шаңырақ.

Әртүрлі қоғамдарда неке туралы шартты ұғымдар әртүрлі болуы мүмкін. Религия түсінігі бойынша некені діни қызметкердің қиюы керек. Зиярлы қоғам үшін арнаулы тіркеу орындарында тіркелу қажет. Ал табиғаты бойынша неке дегеніміз ата-ананың ризашылығымен құрылған отау. Еркек және әйел некелессе онда оларды жұбай (жұптық деген сөзден) деп атайды. Олар арасындағы байланыс жыныстық қатынас (орысша половое или любовное отношение) деп аталады. Егерде еркек және әйел некесіз жыныстық байланысқа түссе оны жыныстық ойнау (орысша любовная игра) деп атайды. Сондықтан оларды «ойнастар (ойнау деген сөзден шыққан) (орыс тілінде любовник(ца)» деп атайды. Осыған байланысты «ойнап қойыпты» (доигрались) деген ұғым қалыптасқан. Осыдан барып қазақта: «Ойын арзан, күлкі қымбат» - деген нақыл сөз пайда болған.

Кез-келген жандының жаратылғандағы міндеті өзінен кейін ұрпақ қалдыру. Адам жыныстық жолмен көбейеді. Ал егерде жыныстық байланыс ұрпақ пайда болуына әкеліп соқпаса, онда мұндай жыныстық байланыс қарғыс болып саналады.

Егерде адам аттас жынысты басқа адаммен жыныстық байланысқа (латынша гомосексуализм) түссе немесе отбасын құрса, онда ол екеуі жүйенің негізгі қасиетінің бірі - бейтараптық қамтамасыз етілмейді және де бұл одақ адамның жанды есебінде жаратылуының негізгі міндеті ұрпақ болуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан сыңар жыныстық қатынас адамның жаратылу табиғатына қарсы, сол себептен жоғарыда көрсетілген екі топқа да: ойнас және көт жаза бар. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұқсаулар бар. «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол». (Қ.С-17;А-32.) «Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ахирет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын». (Қ.С-24;А-2.).«13Егер кім де кім еркекпен әйел сияқты жатса екеуі де арсыздыққа барды: ол үшін өлтірілсін» (Б.Лев.Б-20;) «18Иса (С.Ғ.С.) айтты: Сен мені қайырымды деймісің? Жалғыздан басқа ешкім қайырымды емес. 19Нұсқауларды білесің: ойнастық жасама, өлтірме, ұрлама, жалған куәлік берме, ата-анаңды ренжітпе, құрметте.» (Б.І.Лк.Б-18;).

Буддизмде Бес нұсқаудан құралаған адамгершілік кодексі бар. Оның үшіншісі жыныстық байланысты шектеу. Будда жыныстық байланысты адамдағы ең күшті талап деп атаған. Жыныстық байланыс тамаққа деген тәбет сияқты табиғи құбылыс. Бірақта оның қоғамда және әрбір адамда күшеюі құмарлық. масқаралық, шектен шыққандылық. Сонымен буддалық қағида да некесіз жыныстық байланысқа тиым салады.

Жоғарыда айтылғандай адамзат ұрпағының жалғастырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті отбасыны құру және оның жүйе екенін ескере отырып бейтараптық қасиетін міндетті түрде сақтау қажет. Болашақ ұрпақ салауатты болу үшін отбасын құрғанда қажетті қағидаларды сақтау керек.

Ол қағида: отбасын құрғанда тек қана қарама-қарсы жыныспен некелесу және де некесіз жыныстық байланысқа толық тиым салу. Отбасыны жүйе есебінде қарап, ондағы бейтараптықты сақтау жұбайлық адалдық, тазалық деп аталады.

Бұл қағидаларды бұзғанда әрбір адамның жеке рухы, діні, жазмышы ластанып, ол қате жібереді де, соның нәтижесінде қарғыс жинайды. Бұл заңдылықты бұзғанның өлшемді көрсетілген төлемі бар. Ал егерде адам өзі істеген күнәсінің төлемін өз тіршілік өмірінде толық өтемесе, онда күнәсінің өтелмей қалған бөлігі оның ұрпағына қарғыс болып өтеді. Көптеген халықтарда қалыптасқан жаңа түскен келіннің алғашқы некелік түнінде қыз екенін тексеру салты осы ұғымға байланысты. Егерде қалыңдық алғашқы некелі жыныстық қатынасқа дейін некесіз жыныстық байланыста яғни өзінің жұбайынын басқамен ойнаған болса, онда ол жаңаданқұрылған отауға өзімен бірге қарғыс алып келген болып табылады. Сол себептен жаңа отбасына және оның ұрпақтарын қарғыстан қорғау үшін ата-бабаларымыз осындай қарапайым әдіспен отбасының жаңа мүшесінің рухани тазалығын тексеруден өткізетін. Ата-бабалар салтында қалыптасқан түсінік бойынша ерге шыққан қыздың адал болмай ата-анасына қайтарылуы барлық ауыл үшін үлкен айып деп саналып келген.

Қорыта келе айтарымыз, отбасының жүйе есебінде бейтараптығын қамтамасыз ету үшін жұбайлық адалдық, тазалық сақталуы шарт. Некесіз кез-келген жыныстық байланыста болу жүйенің осы негізгі қасиетін бұзу болып табылады. Бұл қағиданы бұзған адам жазаға ұшырайды.

Мұның мысалы жыныстық жолмен таралатын сырқаттардың көбеюі. Жыныстық жолмен таралатын сырқаттардың пайда болу тарихы көрсеткендей, алғашқыда сырқаттың жеңіл түрлері пайда болған, ал бірте-бірте ауыр түрлері тарай бастады, ең соңғы кезде емі жоқ түрі пайда болды. Жыныс жолымен тарайтын сырқат түрін тиімді емдеу әдісі табылса, онда оданда сорақы жаңа түрі пайда болады. Алғашында соз (гонорея) пайда болды, одан соң мерез (сифилис), ал соңғы кезде сатып алатын иммундық дефицит (САИД, СПИД, AІDS) пайда болды. Егерде адамзат СПИД-ті емдеудің тиімді әдісін тапса, онда бұл топ сырқаттырдың бұрын белгісіз, жаңа түрі пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Біздің түсінігімізше, жыныстық жолмен тарайтын жұқпалы аурулардың қоздырғыштары ол адамзаттың жоғары айтылған нұсқауды орындамағаны үшін жіберілген арнаулы ескертуші белгілер болып табылады. Олардың пайда болуының табиғаты Жерден тыста орналасқан.

Жыныстық жолмен тарайтын сырқаттардың мөлшері және жиілік көрсеткіштері белгілі бір дәрежеде қоғамның діни, рухани тазалығының көрсеткіші болып табылады. Жыныстық жолмен берілетін сырқат көп болса, онда дін ластануы деңгейі жоғары болғаны. Мысалы, соңғы 10 жылда (1990-1999 ж.ж.) Қазақстанда мерезбен ауыратын сырқаттардың саны 200 есе көбейген. Осыған орай біз жыныстық жолмен тарайтын сырқаттарды “дінсіздер, иманы аздар” сырқаты деп атуды ұсынамыз. Кімде кім жыныстық жолмен берілетін ауруға шалдықса онда ол иманы аз болғаны.

Жыныстық жолмен тарайтын сырқаттармен күресу жолы тек қана біреу - ол жоғарыда көрсетілген заңдылықты, жұбайлық адалдықты, тазалықты сақтау. Бұдан басқа жол жоқ!

Жоғарыда көрсетілгендей, жүйенің бейтараптығын қамтамасыз ете алмайтын жыныстық қатынастар түрлері, соның ішінде гомосексуализмде, заңдастырылуы мүмкін емес. Ал ойнастықты, жезөкшелікті заңдастырамыз деу шектен шыққандық. Бұларды заңдастырған қоғам қарғысқа ұшырайды.

Жүйелердің және оның құралымдарының бейтарапық қасиеті қарама-қарсы жұптылықпен қамтамасыз етілуіне байланысты оларды белгілеу қажет. Бұл туралы Кітаптарда келесі ақпарат берілген: “Сыртқыны жаратқан Ол, ішкіні де жартқан Сол емес пе?” (Б.Лк.11;40.); “Сондай пәк Аллаһ, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселеріне болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын” (Қ.С-36;А-36.). Сонымен жұптың алғашқы, бірінші жартысы сыртқы, ЕН және соңғы екінші жартысы ішкі, ІН болып белгіленеді.

Жүйенің жұптан немесе екі жартыдан тұратынының мысалы ретінде адамды қарастырайық. Адам затының жүйе есебіндегі бейтараптығы жұптылық: рух және организм арқылы жүзеге асады. Платон айтқандай рух мен дене қарама-қарсы, бірақта екеуі қосылып бірлік құрайды. Сондықтан халықта: “Екі жарты – бір бүтін”, “Діні саудың - дені сау”, “Екінің бірі, егізінің сыңары” - деп сипаттайды.

Рух ақпарат болып табылса, ал дене сол ақпарат амалға асатын құрылым болып келеді. Сондықтан рух – ақпарат есебінде бастапқы, басшы болып келеді. Сондықтан да: ”Ең бірінші Сөз, яғни ақпарат болды” – деп айтады. Сөз тек адам үшін ғана шартты түрге айналған ақпарат түрі. Ол туралы келесі нқсқаулар бар:«3Саған адам Жалғыздан шыққан ақпаратпен (сөзбен) өмір сүретінін, ол тек қана тамаққа тәуелді емесекенін көрсету үшін, Ол сені сынады, сені ашықтырды және өзің, ата-бабаң білмейтін маннамен қоректендірді;»(Б.Екін. Р-8.). «31Жалғыз! – Оның жолы түзу, Иенің сөзі таза, Оған сенгендердің барлығына қорған.» (Б.З.Б-17;). «4Жалғыздың сөзі түзу және Оның әрекеттері адал. 5Ол шынды марапаттайды және билік етеді; Жер Жалғыздың мейірімімен көгерген. 6Жалғыздың сөзінен көк жаратылған, ал Оның рухынан – барлығы (жаратылған)»(Б.І.Б-32;).

Сөзден басқа ақпарат түрлерінің барлығы шартсыз болып келеді. Ақпараттың шартсыз түрлері өзінің мағнасын өзгертпейді. Мысалы, жанды жүйелердегі тектік, гендік ақпараттар. Сол себептен адамнан басқа барлық жандылар өздерінің гендік ақпарат мүмкіндіктері жеткенше бейімделеді де, ол мүмкіншілік жетпесе жойылады.

Тек қана адам Жалғыз берген өзінің санасына, ақыл-ойына байланысты күн көру және тіршіліктік мүмкіншіліктерін рұқсат етілген белгілі бір мөлшерге дейін өзгерте алады. Ал шартты ақпарат түрлері, сөздер, қоршаған әлеуметтік орта ерекшелігіне байланысты өзінің түрін өзгертеді, бірақ оның мағнасы, ақпараттың құны, шартсыз ұғымы өзгерізсіз қалады. Сондықтан, адам арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың болуы үшін оның негізі сөз пайда болуы керек.

Дене ақпараттың мәні немесе бағдарламасы жүзеге асатын құрылыс, яғни сыртқы белгі болып табылады. Жүйенің қасиеті оның дінімен, яғни ақпараттық мәнімен анықталады. Жүйенің діні деп тек қана соның өзіне тән қасиеттерінің жиынтығын айтады.

Кез-келген жүйенің табиғаты оның қасиеттерінің жиынтығымен, яғни дінімен анықталады.

Басында жүйе қалыптасқанға дейін, яғни оның денесі, құралым пайда болғанға дейін, құралымға қарағанда дін алғашқы немесе сыртқы ЕН әсер, ал құрылым діннің жүзеге асу нәтижесі немесе іші ІН болып келеді. Адам заты жүйе ретінде қалыптасқан соң денесі оның құрылымын анықтайтын сыртқы пішіні болып қалыптасады да, рухани қасиеттері жинақталып кісі қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Нәтижеде, сыртқы ақпараттың әсерінен жүйе қалыптасқан соң, оның құрылымы сыртқы белгіге айналады да, жүйенің жеке діні (қасиеттері) ішкі белгі болып қалыптасады. Жер ғаламшары жағдайында сыртқы діннің бір бөлігі сол жүйенің ішкі қасиетіне айналады да, РНҚ немесе ДНҚ түрінде жазылады. Осылайша жан қалыптасады. Рухтың бір бөлігі ішкі қасиетіне айналған, сол ақпаратты ұрпақтан – ұрпаққа көбею арқылы өткізетін және ішінде ұстай алатын қасиет берілген жүйелерді жанды жүйелер деп атайды. Сонымен жан дегеніміз әрбір жанды жүйенің ішкі ерекшеліктерін сипаттайтын сыртқы рухтың бір бөлігі. Жанды жүйелер үшін бұл ақпарат тектік, гендік ақпарат түрінде қалыптасып, әрбір биологиялық түрдің өзіне тән ерекшелігін және көбеюін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандай қазақ сыртқы белгіні “ЕН” деп атайды. Мысалы, әрбір отау өз малын басқалардың малынан ажырату үшін ен салуы. Осы “ЕН” түбірінен дене деген адамның құралымын, сыртқы пішінін белгілейтін ұғым қалыптасқан және де сырттан кіруді ену деп атайды. Қазақта “ІН” ішке кіретін, тереңге енетін деген ұғым. Мысалы, жабайы аңдардың індері, яғни жерді қазып ішіне енуі. Осы “ІН” түбірінен діндеген әрбір жүйенің қасиеттерін белгілейтін ұғым қалыптасқан. Сондықтан жүйедегі және оның құрамдары мен құбылыстарының жұбының сыртқы, алғашқы белгісін “ЕН”, ал ішкі белгісін – “ІН” ұғымдарымен белгілеген.

Адамның сыртқы ЕН жартысын оның биологиялық табиғаты пендешілігі, денесі құраса, ал ішкі ІН жартысын оның ішкі жан дүниесі, әлеуметтік табиғаты, кісілігі, рухы, діні құрайды. Сол себептен адамның сыртқы бейнесін білдіретін ұғым дене (түбірі ЕН), ал ішкі дүниесін, пиғылын, көзқарасын білдіретін ұғым дін (түбірі ІН). Дене адамның тектік, гендік, биологиялық қасиеттерін жүзеге асырса, оның діні, рухы ақыл-ой, кісілік, саналық, имандылық қасиеттерін жүзеге асырады. Адамның діні (руханияты) дегеніміз адамның дүниеге деген көзқарасы, өмірдегі жүретін жолы, өмір салты. Егерде осы адамның көзқарасы Жалғыздың нұсқауына сәйкес келсе, онда оны біз иманды жан деп айтамыз. Бұл туралы Құранда: "Алла шын айтады да. Ол тура жол көрсетеді"(Қ.С-3;А-4.) - деп жазылған.

Қытай философиясында бұл ұғымдарды белгілеу үшін yang (Ян) (қытайша) және yin (Инь) (қытайша) категорияларын қолданады. Орыс тілінің әліпбиінде қытай тіліндегі ng (ң) әрпін белгілейтін әріп жоқ болуына байланысты қытайша yang Ян деп жазылып және оқылады. Қазақ тілінде қытай медицинасы әдебиеттері негізінен орыс тілінен аударылуына байланысты осы ұғымдар қазақшада орыс тіліндегідей белгіленіп жүр. Қытай тілінде yang ()(Ян) жарық, күндіз деген ұғымды білдіреді. Себебі yang () (Ян) белгілейтін қос белгінің біріншісі мағнасы жоқ фонетик, ал негізгі иеорглиф күн (қытайша-rí) деген мағна береді. Сондықтан екі таңбаны қосқанда ол жарық, күндіз деген мағна береді. Yin () (Инь) белгілейтін қос белгінің біріншісі фонетик, ал негізгі иеорглиф ай (қытайша- yuѐ) деген ұғым білдіреді. Сондықтан Yin () (Инь) көлеңке, көрінбейтін, түн, қараңғы деген ұғым білдіреді.

Қазақша және қытайша қарама қарсылықты белгілеудің өз ерекшеліктері бар. Екі тілде бұл қарама-қарсыны белгілейтін ұғымдарды салыстырғанда олардың мағнасы бірдей болып келеді. Ал олардың қазақ және орыс тіліндерінде жазылуы да, айтылуы да шамалас болып келеді. Қазақ және қытай ұғымдарындағы ол ұғымдардың шығу тегі әртүрлі. Қазақша қарама-қарсылықты сыртқы және ішкі деп белгілесі, қытайша - жарық және қараңғы деп белгілейді. Қазақша мағнада ақпараттың қайдан пайда болатынын және қалай бағытталатынын көрсетсе, қытайша ритм бойынша (күндіз және түн) ауысу ерекшеліктерін сипаттайды.

Қытайдың философиясындағы қарама қарсылықты белгілеу негізіне Жер ғаламшары жаратылуы басталған кезеңдегі өзгеріс алынған тәрізді. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: Абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары бөлігі моделі қалай қалыптасатыны туралы келесі нұсқаулар бар: «1. Жалғыз алдымен аспан және жерді жаратты. 2.Жер көрінбейтін және құлазыған болатын, құлазығанның үсті қараңғы болды, ... 3. Жалғыз айтты: сәуле болсын. Сәуле пайда болды. 4. ...Жалғыз сәулені қараңғыдан бөлді. 5. Қараңғыны түн, жарықты күндіз деп атады. Кеш болды, таң атты: бір күн.» (Б.Жар, Б-1;). Бұл нұсқауларда қараңғы мен жарықтың қалыптасу негіздері сипатталған.

Тұқым қуатын аурулардан басқа сырқаттардың себептері сыртқы ортада болады. Сыртқы ортаның факторлері организмге әсер етіп онда аурудың өрбуіне себеп болады. Ол себептер ішке тереңдеген сайын ауру ауырлай түседі. Ішке енген залалды әсерді сыртқа шығарса, онда ауру жазылады. Осыған байланысты қазақта: «Аурудың сыртқа шығуы және ішке түсуі» - деген ұғым бар. Ауру сыртқа шықса адам одан жазылады, ал егерде ауру ішке түссе онда ол асқынып, өлімге әкеліп соғуы мүмкін.

Мысалы қызылша ауруы. Қызылшамен ауырған балада оның вирустары әсері нәтижесінде пайда болатын қанды бөртпелер теріге шықса, онда бала аурудан айығады. Ал егерде ол бөртпелер ішкі мүшелерде (өкпе, бауыр, бүйрек және т.б.) пайда болса, онда бала өлуі мүмкін.

Әсіресе жас балалар аяқ астынан ауырғанда олар жазылар алдында мұрындары қанайды. Аурудың соңында мұрынның қанауы аурудың сырқа шыққанынның белгісі болып табылады. Сондықтан түшкіргенде біз: «Сау бол!»- деп айтамыз. Себебі түшкіру зиянды әсердің сыртқа шыққанының белгісі болып табылады.

Осыған байланысты біз ауруларды емдеген кезде олардың ішке түскен ауруларын (ІН жағдай) сыртқа (ЕН жағдай) шығарып, одан соң ауру себептерін денеден толық шығаруға әрекет етуіміз керек.

Осы тұрғыдан қарағанда қазақтардың қарама-қарсылықты сыртқы (ЕН) және ішкі (ІН) деп белгілеуі олардың адам бойындағы әсерлерінің нәтижелерін толығырақ көрсетін тәрізді.

Адамның ауруға шалдығуының және бір себебі оның бойында арамның жиналуы болып табылады. Арамдану табиғи әсерлерге жатпайды, оны адам өзінің іс-әрекеті нәтижесінде жинақтайды. Ал егерде арам нәрсені қолданса, онда барлығы арамданады, былғанады, адалдық қасиетін жояды. Мысалы, адам мінез-құлқын еріксіз өзгертетін зат (есірткі, алкоголь, анаша, темекі, насыбай, улы қосылыстар және т.б.) қабылдаса, ішсе, онда оның ақыл-ойы, денесі, соны қабылдаған аузы, соның ішінде тілі де, тамағы, көмекейі барлық мүшелері арамданады, былғанады. Ал сол адам былғанған мидан ой шығарып, былғанған ауызбен әңгіме айтса, басқаға нұсқау жасаса, онда оның аузынан шыққан сөз арам, былғанған болып табылады да, өзінің ақпарттық қасиетін жояды яғни жүзеге аспайды. Сондықтан халық мұны: ”Ішкен адамның сандырағы ғой”- дейді. Егерде адам қолын былғасы, мысалы пара алып, пара берсе, онда оның қолы арамданды, былғанды. Ал енді ол қолмен істелген кез-келген тірлік, іс, жазылған нәрсе, былғанышты болып саналады. Ол қолмен істелген тірлік, жазбалар өзінің ақпараттық құнын жояды. Мысалы, кейбір мемлекеттер қабылдаған Заңдардың толық жұмыс істемеуі, іске аспауы осыған байланысты. Себебі ол Заңдарды талқылауға және бекітуге қатысқан ел таңдамаларының ішінде аузы арам, қолы былғанған адамдардың болуына байланысты.

Кез келген өсімдіктің өнім беруі мөлшері және сапасы оны еккен топырақтың құнарлығына байланысты. Өсімдіктің топырақта өссе, баланың ең алғашқы өсетін жері анасының жатыры. Сондықтан баланың денсаулығы, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуы ол әуел баста дамитын жатырға, сол жатырдың иесі әйелге тікелей тәуелді. Ең негізгісі бала бойында алғашқы пайда болғандағы ананың тілеуіне байланысты. Әйел бала көтеруге құштар болса, онда баланың тән және ақыл-ой қалыптасуы жақсы деңгейде болады. Ал бала пайда болғанда анасының пейілі дұрыс болмаса бала кемтар болып туады. Бұл туралы бабаларымыз: «Көңілсіз к..тен, көргенсіз бала туады» - деп тұжырымдап айтып кеткен. Бойында бала пайда болғанда анасының ниеті болмаса, онда тәрбиеге көнбейтін бала дүниеге келеді, яғни анадан жөнге көнбейтін жануар туады. Оның себебі, анасының әрбір ойы оның құрсағындағы баланың болашақ қалыптасатын түйсігіне жазылады. Түйсікке жазылған ақпаратты өшіру мүмкін емес. Жаңадан пайда болған бала анасынан дамуына теріс әсер ететін ақпарат алса, кейін ол өскенде біз осы ақпаратты кері аламыз. Ата-анасы дүниеге келуін қаламаған ұрпақтан кейін олар қандай ақпарат күтуіне болады. Олар өздерін ешкімге қажетсіз деп санайды, сондықтан да оларға да ешкім қажет емес. Баланың түйсігінде осындай ақпараттың қалыптасуы қазіргі кезде етек алып келе жатқан жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың (суицид) негізгі себептерінің бірі болып келеді.

Ұрпақ, бала Анадан, ананың жатырынан, оның жыныс жолдарынан шығады. Олай болатын болса, егерде бұл ұрпақ дамитын, оны дүниеге келтіретін орын адал, таза болмаса, онда ол жерден қандай ұрпақ пайда болып, шығады?! Арам жерден, адал ұрпақ шықпайды. Себебі екеудің біреуі ғана жұмыс істейді. Егерде ұрпағымыздың бір бөлігі арам болып, қарғыспен туса, онда ондай ұрпақтан және олардан тарағандардан не күтуге болады? Сондықтан адамзат үшін ең негізгі, ең маңызды мәселенің бірі Ананы қадірлеу, оның жан дүниесін, тәнін, кез-келген мүшесін марапаттау, бағалау, сыйлау, жоғары ұстау. Ал егерде адам Ананы, оның кез-келген мүшесін, әсіресе бала дамитын, шығатын мүшелерін қорласа, арамдаса, былғаса, онда біздің кісілік, адамгершілік қасиетіміз, белгіміз не болғаны? Ананы, әйелді, қызды силамаған, оның ар-намысын, адалдығын таптаған ел, кісі, орта өзін-өзі қарғысқа ұшыратқан, қарғыс атқан ел, кісі болып табылады. Ананы, әйелді, қызды тек қана ел силап қоюы аз, ең бастысы оларды өзін-өзі қадірлей алатындай етіп, көргенді тәрбиелеу қажет. Сондықтан қазақ:”Барлығы бесігінен басталады”- дейді. Ана, әйел, қыз өзін-өзі силамаса, қадірлемесе, күтпесе, онда басқалардан не күтпекші? Ананы қадірлей алмаған орта ең сорлы, қасіретті, қарғыс атқан топ.

Еркек әйелмен, қызбен некесіз ойнағанда, ойнастық, жәлептік жасағанда ұрпақ дамитын, шығатын орынды арамдайды. Ол сонда болашақтан не күтпекші? Одан не үміт, не қайыр. Еркектің былғанғаны тек қана некесіз ұрпақтың пайда болуына әкеліп соғады, бірақта оның денесінде ұрпақ дамымайды. Сол себептен көбіне мұндай еркектер ұрпақсыз қалады.

Егерде ана былғанса: рухы, тәні, мүшелері - онда ол дүниеге таза ұрпақ алып келе алмайды. Себебі ұрпақтың дамитын орны толығымен былғанды, арамданды!!! Сонда ол орында күнәлі, таза емес ұрпақ дамып, дүниеге қарғыс атқан, тексіз адам келеді. Осы себептерге байланысты ұрпақтың таза болуы негізінен әйелдерге байланысты болады. Сондықтан қазақ іренжігенде: ”Жатқан жатыры оңбаған ғой”-дейтін себебі осыдан. Еркек күнәлі болса ұрпақсыз қалады, әйел күнәкәр болса ұрпақ қарғыспен, аурышаң болып туады. Ал ондай ұрпақтан және одан тарағандардан қандай әділдік, қайырым, мейірімділік күтуге болады. Ұрпағыңның болашағын ойла адамдар!

Сонымен адамды жүйе деп қарастырғанда оның бойында үш ақпарат түрі бар екенін байқаймыз.



Бірінші түрі басты, ақпарат көзі сырттан адамға әсер ететін Жалғыз рухы болып табылады.

Екінші түрі негізгі, басты ақпараттың бір бөлігі болып келетін, биологиялық түрдің қасиеттерін көбею арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын жаны, тектік, гендік ақпараты. Жан тек қана нақты биологиялық түрге тән шартсыз ақпарат.

Үшінші түрі шартты ақпарат. Адамның басқа жанды жүйелерден ерекшелігін сипаттайтын ішкі дүниесі, жеке рухы бар. Адамның ішкі дүниесіоны жаратқанда Жалғыз үрлеген рухының бөлшекшесінің негізінде тіршілік өміріндегі іс-әрекеттері әсері нәтижесінде қалыптасқан өмір салты түрінде байқалады. Осы себептен Жалғыздан басқа тек қана кісі, Жаратушы берген ақпаратқа қосымша жаңа ақпарат пайда болатын қасиетке ие шартты, уақытша ақпарат көзі. Жер ғаламшары жағдайында адамнан басқа ешқандай жүйелерде мұндай жаңа ақпарат көзі болу қасиеті жоқ.

Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты Жер жағдайында кісіден басқа жүйелердің барлығын - объекттер, ал тек қана кісіні –субъект деп атайды. Адам затының ерекшеліктеріне байланысты оның бойындағы биологиялық қасиеттер жиынтығы организм - объект, ал әлеуметтік қасиеттер жиынтығы кісі - субъект болып табылады.



Объект дегеніміз өзіне сырттан келген немесе іштегі ақпараттарды ешқандай өзгерте алмайтын яғни шартсыз, өзгермейтін ақпараттарды жүзеге асыратын жүйелер. Олардың қасиеттері барлық уақытта тұрақты, өзгермейді. Объекттердің негізгі белгісі олардақұрылым және көлеңке бар. Ол туралы келесі нұсқаулар бар: «Көктердегі және жердегі барлық нәрсе және олардың көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ерте де, кешке Алла әміріне бағынады.» (Қ.С-13; А-15) «Олар Алланың жаратқан нәрселерінің көлеңкелерінің оң және сол жақтардан ауытқып, Аллаға бас қойған түрде, олардың бой ұсынғанын көрмей ме?»(Қ.С-16; А-48.).

Субъект дегеніміз ақпараттарды сақтайтын және тасымалдайтын жүйелер. Олардың көлеңкелері болмайды. Жер жағдайында кісіден басқа субъектерге періштелер, жындар, перілер жатады. Оның ішінде уақытша, өзінен шыққан ақпарат орындалғанша ақпарат көзі болуына кісіге ғана рұқсат етілген. Уақытша ақпарат көзі дегеніміз өзіне сырттан келген ақпаратты өңдеп, өзінің ерекшелігіне байланысты өзгертіп бере алатын жүйе. Кісіден шыққан ақпарат оған келген ақпаратқа толық ұқсамауына байланысты, бұл ақпараттарды шартты, өзгеріске ұшыраған ақпараттар деп атайды. Бұндай ақпараттар сөз түрінде қалыптасады. Сөз жанды жүйе негізінде қалыптасуына байланысты оның да жаны болады. Сондықтан да: ”Сөздің де жаны бар”-деген ұғым қалыптасқан. Субъекттер Жалғызға құлшылық ету үшін жаратылған. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар. «Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар» (Қ.С-2; А-21.). «Жындар және адамзатты (кісілерді) өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Қ.С-51; А-56.).

Барлық жүйелерде рух бар екені туралы Кітаптарда келесі ақпараттар бар: “30Сен рухыңды жіберсең - пайда болады, сонымен Сен Жер бетін жаңартасың“ (Б.І.Б-103.). ”Ол жасырындынды да, ашықты да білуші, даңқты да аса мейірімді. (6) Ол сондай Алла, әр нәрсені тамаша көркем жаратты да, адамның жаратылуын балшықтан бастады. (7) Сосын оның ұрпақтарын арзымайтын судың тамшысынан жасады. (8) Содан кейін оны бейнелеп, оған Өз дінінен үрледі де, сендерге есту, көру және жүрек (түсіну қабілетін) берді. Сендер аз шүкіршілік етесіңдер (9) (Қ.С-32;) «Айт: “қасиетті дінді (рухты) Жаратушы иең тарапынан оны (Құранды) шынды толық сенім (иман) келтіргендерді бекемдеу үшін әрі тура жолға салу үшін, айтушыларды қуандыру үшін түсірді”-деп” (Қ.С-16;А-102.).


Жеке адамның кісілігі қалыптасуын және оның Жалғызды мойындауын қамтамасыз ететін ішкі дүние, рух оның жеке субъективті қасиеттерінің жиынтығы болып келеді.




2.4. Иерархия. Басқару қағидасы.


Иерархия (гр.hіeros – қасиетті және arche - заң, үкім, жағдай) - жүйенің қызметін басқару принцпін, жүйе аралық және оның ішіндегі элементтерінің өзара әсерін, өзара байланысын және олардың біріне-бірі бағыну ерекшеліктерін түсіндіретін негізгі қасиетінің бірі. Кейбірде иерархияны бүтіннің бөліктерінің немесе элементтерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу ерекшеліктері деп те түсіндіреді.

Иерархия –ақпараттың ретімен толық дұрыс жүзеге, амалға асуы, басқару қағидасы.

Иерархия “қасиетті заң, үкім” деп түсіндіріледі. Бұл сөз қандай ұғым береді? Бұл жүйедегі және оған түскен ақпарат өзінің мағнасына сәйкес амалға, толық жүзеге асып, ретімен орындалуы қажет деген ұғым. Жүйеге әсер еткен, бірақ дұрыс орындалмаған ақпарат осы жүйеде жинақталып, қашан дұрыс орындалып, амалға асқанша өз әсерін жоймайды. Ал жүйе жойылған жағдайда, дұрыс жүзеге аспаудан жинақталған ақпарат, яғни ақпараттық қарыз сол жүйенің жалғасына, ұрпағына өтеді де өз әсерін соларда жалғастырады. Әрбір жүйе, соның ішінде адам да, ақпаратты дұрыс орындамағаны үшін ақпараттың құнына тең жауапкершілік тартады. Жұбайлық тазалықты сақтауды бұзудың қандай нәтижеге алып келіп соғатыны иерархиялық басқару принцпін дұрыс орындамауы мысалы болып келеді. Бұл жағдайда отбасының жүйе есебінде, оның сақталуы және салауаттылығын қамтамасыз ететін бейтараптық қасиетінің дұрыс жүзеге аспау нәтижесін көрдік. Сол себептен бұл негізгі белгі “қасиетті үкім” деп аталады.

Қорыта келіп айтарымыз, адамға түскен ақпарат міндетті дұрыс толық орындалуы, амалға асуы қажет. Ақпарат дұрыс жүзеге аспаған жағдайда ол жинақталып, қашан дұрыс орындалғанша өз күшін жоймайды. Бұл дұрыс орындалмау нәтижесінде жинақталған ақпарат бөлігін халық “ұрпақтан-ұрпаққа өтетін «қарғыс” деп ат қойып, айдар таққан. Себебі, қашан дұрыс орындылғанша бұл ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа шежірелік, тектік (гендік) ақпарат арқылы беріліп отырады.

Адамның тектік ақпаратының химиялық формуласы ДНҚ-ның 10 қабат электромагниттік қабықшасы бар. Кісілер жанасқанда, яғни рух қабықшасының (жазмыш, аура) қорғаныс қасиетін жойғанда, бір кісінің қасиеті екіншісіне беріліп осы электромагниттік өрісте жазылып отырады. Бұдан бөлек кез келген ақпараттық қарыз да осы қабықшаларға жазылып отырады. Бұл ақпараттың толық дұрыс жүзеге асқанға дейін сақталу уақыты 360 жыл (10 ұрпақ). “Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз - иесін табады”- деп халық бекер айтпаған.

Арнаулы бағытталған ақпарат барып сол бағытталушыға әсер етеді де, жүзеге асып күшін жояды. Мысалы, біреуге айтылған сөз, өсиет. Ал егер ақпарат амалға аспаса, онда ол өзі шыққан көзіне, иесіне, жүйесіне қайтып келеді де, соның есебінен жүзеге асады. . Сондықтан халық: “Біреуге ор қазсаң, өзіңе шақтап қаз”, “Жақсы сөз – жарым ырыс” – деп бекер тұжырымдамаған. Бұл нақыл сөздер адамда оның ойлауына байланысты болатын құбылыстардың нәтижесін көрсетіп тұр. Қазіргі кезде бұл құбылысты “бумеранг әсері” деп атап жүр. Сондықтан қарғыс біреуді-біреу қарғағаннан пайда болмайды, оны дұрыс емес ойлардың, іс-әрекеттердің нәтижесінде адамның өзі өз ойынан табады да, ұрпақтан ұрпаққа тектік, гендік ақпарат арқылы беріп отырады.

Бұл туралы И.В. Гете былай деп жазған: “ Табиғат (ақпарат) “… қатал. Оның әрекеті қатесіз, ешнәрседе, ешкімде ұмытылмайды; оның заңдары шартсыз, өзгерусіз” (Гете И.В. Избраные произведения. М., 1950, с.675).

Иерархиялық басқару принципі қалыптасуы.Жүйедегі жаңа құрылымдар және құбылыстар жаңа ақпарат және өздерінен алдындағыларының негізінде пайда болған. Ақпарат міндетті түрде амалға асуы қажет. Жалғыздан басқаның бәрі жұптан жаратылған болуына байланысты оларда екі бөлік болады: ақпарат және амалға асырушы. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқау бар: «Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын». (Қ.С-36;А-36).

Ақпарат барлығы бірден орындалмайды, ол қажетіне байланысты бөлік-бөлікпен белгілі кезекпен орындалады. Сондықтан да ақпараттың берілуі екі бөлікке: ақпараттың өзі және оның берілуін реттеп отыратын, реттеу, регуляция болып бөлінеді. Ақпараттың берілуінің бөлінуіне байланысты жұптан үштік пайда болады. Осыған байланысты үштік Жер жағдайындағы барлық нәрсенің негізі болып табылады. Үштіксіз ешнәрсе жүзеге аспайды. Дүниедегі барлық нәрсе үштіктен басталады. Оның дәлелдері Құранның сүрелерінде ең азы үш аят болуы, Үнді философиясының негізін үш доша құрауы, қазақтың үш жүзге бөлінуі, геометриядағы – үш бұрыш тұрақты фигура болуы, Жер ғаламшарында Күн, Ай және Жердің өзара әсерінен жылдың қалыптасуы, үдерістерді үш саты немесе деңгейге бөлу, жәндіктердің үш бөліктен құралуы, амин қышқылдарының синтезделуінің трипледік коды және т.б.

Иерархиялық басқару принципі бойынша үдеріс үш деңгейден: ақпарат- басқарушы (информация), реттеуші (регуляция) және амалға асырушы (реализация) құралады.

Бірінші бөлік – “ақпарат (басқарушы)”, мұнда жүзеге асуға қажетті ақпарат орналасады. Кісі үшін ақпараттың үш түрі бар. Біріншісі, Жалғыздан шыққан шын, басты, тұрақты, сыртқы дүниені құрайтын ақпарат, кісі мұны мойындайды. Екіншісі адам әке-шешеден алатын жан, тектік ақпарат. Бұл ақпарат адамның күн көруін және тіршілігін жүзеге асырады. Үшінші, ақыл-ой, ішкі дүние, шартты, уақытша, сана. Бұл адамның өмір салтын қалыптастыруын қамтамасыз етеді.

Екінші бөлік - “реттеуші”, регуляция (лат. regulo - тәртіпке келтіру, орналастыру, реттеу) бөлік. Бұл бөліктің қызметі - “басқарушы” бөліктегі ақпаратты үшінші “амалға асырушы” бөлікте жүзеге асатын нақты қызметтерге қажетті көлемінің жеткізілуін ретімен, кезегімен қамтамасыз ету. Реттеуші деңгейдің атқаратын қызметі өзі ішкі құбылыстарын реттейтін жүйеге арнаулы қажетті ақпараттарды таңдап, талдап өткізіп, жеткізіп отыру.

Жетілмеген және жай жетілген жүйелерде екі түрлі “реттеуші” болады. Оның біріншісі; сыртқысы, бұл жүйелерге абсолютті жетілген жүйеден келетін басты ақпарат түрлерін өткізіп отырады. Бұл “реттеуші” деңгей атқарушы жүйені қоршай орналасады, яғни «басқарушы» деңгей мен атқарушы жүйе арасындағы байланыстыру қызметін атқарады. Бұл жүйелердегі сыртқы реттеуші бөлік жүйеменен өте тығыз қызметтік байланыста болуына сәйкес, ол жүйемен ажырата алмайтын тіршіліктік қатынаста болады. Мысалы: жасуша үшін сыртқы реттеуші бөлік - жасуша қабықшасы, адам үшін – сыртқы рухани қабықшасы (жазмышы, аурасы), Жер үшін - атмосфера қабаты болып табылады. “Реттеуші” бөлікте сыртқы ортадан жүйеге қажетті ақпаратты қабылдаушы және өткізуші арнаулы құралымдар қалыптасады. Жасуша қабықшасында бұл қызметті арнаулы қабылдағыштар (рецепторлар) атқарса, адам денесінде ақпарат қабылдаушы арнаулы нүктелері бар қабылдаушы және орындаушы жүйелер. Ал екінші түрлі “реттеуші” жүйенің өз ішінде болады да сол жүйені “басқарушы” және оның “орындаушы” бөліктері арасындағы ақпарат көлемін реттейді. Мысалы: адамда вегетативтік жүйке жүйесі және ішкі секреция бездері.

Үшінші бөлік - “амалға асырушы, нақты орындаушы” бөлік. Бұл бөлікте “ақпараттың” “реттеуші” деңгей арқылы жеткізілген ақпараттың қажетті бөлігі толық дұрыс жүзеге асырылады. “Нақты орындаушы” бөлік барлық жағдайда да қатаң он (бес жұп) бастамадан, элементтен тұрады.

Сонымен, барлық жетілген жүйелер иерархиялық басқарылатын үш деңгейден, жеті элементтен құралады. Жеті элемент – бірінші мен екінші бөліктердің элементтерінің және үшінші бөліктегі бес жұптың қосындысы. Жеті саны Жалғыздың бар екеніннің, шынның белгісі. Осыған байланысы аптаның жеті күні, дыбыстың 7 нотасы, кемпірқосақтың жеті түр-түсі, жеті қабат көк, жеті қабат жер, қазақтың жеті атадан бастап қыз алысуы және т.б. ұғымдар қалыптасқан. Иерархиялық басқару қағидасы бойынша кез-келген пайда болған ақпарат міндетті түрде амалға асып, толық дұрыс орындалуы, нәтиже беруі қажет.

Иерахиялық басқару үш бөліктен тұрады. Барлық үш бөлік бірінен-бірі ажырамайтын, сәйкестенген бірлік құрайды. Сол себептен бұл “үштік” барлық жағдайда ажырамайтын бірлік болып табылады.

Осы үштік арқылы дүниедегі барлық нәрселер жүзеге асады. Сондықтан мұны «Басқару қағидасы (принципі)» деп атадық. Басқару қағидасы дегеніміз кез-келген ақпарат амалға асу, толық дұрыс орындалуы міндеті.



2.5. Бүтіндік


Бүтіндік – обьектің ішкі бірлігі, оның сыртқы ортадан салыстырмалы тәуелсіздігі, бөлінуі.

Бүтіндік – жүйені сыртқы ортадан бөліп, оған бейімделуін қамтамасыз ететін оның негізгі қасиеттерінің бірі. Жүйенің қасиеттері тек қана оны құрайтын бөліктерінің қасиеттерінің жиынтығы емес. Жүйе бүтін болып жеке құралған соң, онда оны құрайтын бөліктердің жиынтығынан басқа тек қана оның өзіне тән жаңа қасиеттер пайда болады. Соның нәтижесінде ол басқа жүйелерден айырмашылығын қамтамасыз етеді. Қасиет дегеніміз бір жүйенің екінші жүйеден айырмашылық ерекшелігі.

Егерде жүйе бүтін болмаса, онда ол қоршаған ортадан салыстырмалы жеке бөліне алмайды. Сол себептен кез-келген жүйе бүтін болуы қажет. Бүтіндік сыңарлықпен сипатталады, соның нәтижесінде жалпы жүйе - жалқы. Кез келген бүтіндік сыңар, жалқы, бірақ та осы сыңарлық соны құрастыратын қарама-қарсы жұптықтың нәтижесі болып келеді. Осының есебінен бейтараптық қамтамасыз етіледі. Мысалы: фотон, атом, молекула, жасуша, ұлпа, мүше, Жер, планета, күн жүйесі және т.б.

Жүйе бүтіндігін қамтамасыз ету, көлемін белгілеу және оны қоршаған ортадан бөліп тұру үшін оның сыртын қоршай шекара орналасады. Көптеген жүйелерде оны қоршап тұратын құралымдар оның сыртқы ортамен қатынасын реттеуге қатысады. Мысалы: жасушаның сыртқы қабықшасы, жердің атмосфералық қабаты, адамның рух қабықшасы және т.б. Жүйені қоршаған құралымы бұзылғанда ол бүтіндігінен айырылып, соның нәтижесінде жүйенің де жойылуына әкеліп соғады. Мысалы: жасушаның сыртқы қабықшасының бұзылуы (цитолиз), гемолиз, ғимараттың сыртқы қабырғасының бұзылуы, мемлекеттің шекарасының бұзылуы және т.б.

Сонымен, бүтіндік жүйенің сыртқы ортадан салыстырмалы бөлінуін, оның жеке болып өз белгілерін қамтамасыз ететін негізгі қасиетінің бірі. Бүтіндік қасиет жүйеге тән басқа төрт қасиеттінің: ақпарат, иерархия, құрылымдық, бейтараптық басын біріктіріп, тұтас қалпында болуын қамтамасыз етеді.

Қорыта келе тұжырымдарымыз, жүйенің бес негізгі қасиеттері бар: ақпарат, құралымдық, , бейтараптық, иерархия және бүтіндік. Оның біреуі жойылса немесе бұзылса онда жүйе сақталмайды. Жүйенің бес қасиеттерінің сәйкестілік жиынтығы - бірлікдеп аталады(Бірлік қағидасы). Бұл бірлік жүйенің сыртқы ортамен байланысын және өзінің жеке-дара қызметін қамтамасыз ету үшін қажет.

Мысалы: ионның бүтіндік қасиеті бар, бірақ ол жүйе емес, себебі ол жүйе құру үшін қарама-қарсы зарядпен қосылып бейтараптық құруы қажет. Сонда ол атомға айналады. Атом – жүйе. Бос қалдықтар (радикалдар) – бүтін молекулалар, бірақ олар жүйе емес. Олар жүйе құру үшін бейтараптықты қамтамасыз ететін қарама-қарсы зарядты молекулалармен байланысуы қажет. Адамның жеке басы биологиялық бірлік, бірақта ол өзінің басты жаратылу мақсатын орындауға - ұрпақты жалғастыру үшін – оған қарама-қарсы жыныспен некелесіп жүйе – отау, отбасын құруы қажет. Отбасы жоқ адам бойдақ, басы бос, сыңар деп аталады.

Бірлік араб тілінде – Ислам деп аталады. Оның себебі әрбір кісіге аманатқа тапсырылған оның рухыең соңында басында өзін Жалғыз жаратқан біртұтас ақпараттық өрістегі өз орнына қайтып баруға, яғни Жалғызрухымен Бірлік (Ислам) құруға әрекетенеуі қажет және міндетті.



Бірлік - кез-келген жүйенің ішкі қасиеттерінің сәйкестілікпен білінуі.

«Рух – тазарады,

Ақыл-ой – жетіледі,

Дене-сауығады.»
Қоңыр Сопы.
3 ТАРАУ.ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ

«Басқару қағидасына» сәйкес кез келген жүйе үш бөліктен: басқару (ақпарат), реттеу және амалға асыру тұрады. Олар өз ішінде ақпараты бар немесе жоғына байланысты екі топқа: толық, жетілген және толық емес, жетілмеген болып бөлінеді.

Бірінші топ, жетілген жүйелерде барлық үш бөлікте: басқару (информация), реттеу (регуляция) және амалға асыру (реализация) толық. Жер ғаламшары жағдайында амалға асырушы бөлік қатаң 5 жұптан тұрады. Сондықтан жетілген жүйелер 7 элементтен: 1 басқару +1 реттеуші + 5 амалға асырушы құрылады. Бұл жүйелерде 7 элементтен тұратын үш бөліктің де толық болуына байланысты оларды жетілген жүйелер деп атайды.

Жетілген жүйелер ішіндегі басқару бөлігі ішіндегі ақпараты оның тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз етуі немесе олардың күн көріп және тіршілік етуінің сыртқы ортаға тәуелді болуына байланысты бірінші топ екі түрге бөлінеді.

Жетілген жүйелердің бірінші түрі абсолютті, мәңгілік жетілген жүйе деп аталады. Оның себебі өзінің ішкі басқаруы жүйенің абсолютті, тәуелсіз, шексіз өмір сүруін толық көлемде қамтамасыз ете алады.

Бұл топтың екінші түрлері жай жетілген жүйелер деп аталады.Олай деп аталатын себебі, олардың ішкі басқаруы тек қана жүйенің пайда болуын және сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін қасиеттерге ие де, ал олардың күн көріп және тіршілік ету нәтижесі сыртқы ортадан келетін ақпараттарға тәуелді. Сондықтан да бұл жүйелер салыстырмалы, шектелген, жанды, тәуелді.

Екінші топ жүйелердің ішінде басқару бөлігі жоқ. Сондықтан олар екі бөліктен: 1 жұп реттеу және 5 жұп амалға асыру тұрады. Бұл жүйелер тұрақты 12 бастамадан тұрады. Оларды басқару бөлігі жоқ болуына байланысты жетілмеген, толық емес, жансыз жүйелер деп атайды.

Жер ғаламшары жағдайында барлық жүйелер жанының бар немесе жоғына байланысты екі топқа: жанды және жансыз болып бөлінеді.



Жанның (ішкі ақпараттың) негізгі табиғи қызметі көбеюді қамтамасыз ету. Кейбір объектерде ақпарат өзгермейтін түрге айналып олардың материалдануын қамтамасыз етеді. Бұларды «жансыз объекттер» деп атайды. Басқа объектерде жүйе ішіндегі ақпарат жан, тегі, гендік ақпарат түрінде қалыптасып олардың көбеюін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ішкі ақпараттың пайда болуын қамтамасыз етіп көбеюін жүзеге асыратын жүйелер «жанды», ал тек қана қызмет және құрылым түрінде қалыптасқан жүйелер «жансыз» деп аталады.

Сонымен, барлық жүйелер қасиеттеріне және құрылымына байланысты үш түрге: Абсолютті жетілген жүйе, жетілмеген жүйелер және жай жетілген жүйелер болып бөлінеді.



3.1.Абсолютті жетілген жүйе. Он бастама қағидасы.


Абсолютті жетілген жүйе барлық үш бөлігі де: информация, регуляция және реализация бар және соларға сәйкес үш деңгейден тұратын жүйе. Бұл жүйенің басқа жүйелерден басты айырмашылығы «басқарушы» бөлігі оның жеке-дара, мәңгі, шексіз, басқа ешнәрседен тәуелсіз, автономды өмір сүруін абсолютті қамтамасыз ете алатын жүйе. Сол себептен оны мәңгілік, шексіз, тәуелсіз, автономды, абсолютті жетілген жүйе деп атайды. «Басқару» бөлігінің ақпарат көзі бар. Абсолютті жетілген жүйенің ақпарат көзі Жалғыз, Жаратушы, Ие, Абсолют деп аталады. Жүйе өзінің ақпарат көзінен басқа қосымша ақпаратты қажет етпейді (сурет ).

Абсолютті жетілген жүйе - Жалғыз, мәңгілікбұдан басқа мұндай жүйе жоқ.

Абсолютті жетілген жүйе қамтитын барлық кеңістік біртұтас ақпараттық өріс, Шын, Ақиқат, Дүние, Бірлік деп аталады. Себебі Бірліктегі ақпарат оның көзі Жалғыздан тарайды. Сондықтан Жалғыздан шыққан ақпарат бірлік деп аталады. Бұл ақпарат жалпы голограммалық бейне түрінде сақталады, сол себептен жүйенің ішіндегі кез-келген бөлігі – жеке голограмма қасиеті бар нәрселер барлық жүйе туралы хабардар болады. Осыған байланысты микрокосмос макрокосмосты қайталайды деген ұғым қалыптасқан. Барлық қалған жетілмеген және жай жетілген жүйелер осы біртұтас ақпараттық өріс ішінде орналасады. Біртұтас ақпараттық өрісте орналасқан барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелердің ерекшелігі де, тағдыры әр түрлі.

Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінде, Жалғызда пайда болған ақпарат мәңгілік, тірі, ол ешқайда ешқашанда жоғалмайды,барлық уақытта біртұтас ақпараттық өрісте тұрақты болады. Шын мәңгілің субъективті ақпаратты сипаттайтын ұғым. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: “Айт: “Аллаһ - Жалғыз,(1) Аллаһ - мәңгілік;(2) Ол басталмайды да, Ол аяқталмайды да.(3) Ол шексіз, Жалғыздың теңдесі жоқ! (4)” (Қ.С-112;). “4Тыңда, Құдай – біздің Құдіретіміз, Құдай – Жалғыз!” (Б.Т.ЕЗ.б-6.); “10Сен ұлықсың және таңғажайыптарды жасайсың, Сен, Құдай, Сен –Жалғызсың” (Б.І.Б-85.) “Аллаһ - Одан басқа Тәңірі жоқ! Ол тірі, мәңгілік!” (Қ.С-3;А-2.).

Жалғызда пайда болған өзгеріске ұшырамайтын ақпараттар, сөздер “Қасиетті сөздер” деп аталады. Қасиетті ақпараттың басқалардан 3 айырмашылығы бар. Біріншіден олар тікелей Жалғыздан шыққан, сондықтан ақиқат, шын. Екінші ерекшелігі оларды Жерге арнаулы жүйелер – періштелер өзгертпей, хақ күйінде жеткізеді. Үшіншіден оларды Жерге жеткізген періштелер сол сөздердің қызметшісі болып бекітіліп қалады, сол себептен осы сөздерді оқығанда олардың әр қайсысының ақпараттық құндылығын сол періштелер жүзеге асырады. Бұл сөздер толық жүзеге асу үшін алғашқы өздері түскен тілде түпнұсқада оқылуы қажет. Оларды басқа тілге аударғанда мағнасы, аударма түсінігі қалады да, ақпараттық құндылығы төмендейді.

Себебі кісі қасиетті сөздерді аударғанда ол өзінің түсінігі жеткенше аударады. Кісі шынды толық түсіне алмайды сондықтан да ол өз мүмкіншілігінше аударады. Шынның толық мағнасын тек қана Жалғыз біледі. Құранның 114 сүресінің 28 жеке әріптерден басталады. Бұл: «Қасиетті кітаптардағы уахи етілген ақпарат мәнін толығымен тек қана Жалғыз біледі, ал әрбір кісі өз түсінігіне байланысты оның тек қана белгілі бір бөлігін түсіне алады»- деген ұғым білдіреді. Тек қана пайғамбарларға аян (уахи) етілген шынды толық түсінуге рұқсат етілген. Бұл туралы қазақ: «Әркімнің шыққан төбесі биік»- деп тұжырымдап кеткен. Осыған байланысты кісілер аударманы оқыған кезде, сол аударған кісінің түсінігі деңгейінде жазылғанның өзі түсінген бөлігін ғана қабылдай алады. Мұны қазақ: «Сауабы (мағнасы) толық болмады»- деп атайды.

Шын ақпараттар көктен түскен Кітаптарда ғана жазылған. Бұл ақпараттар, сөздер геометриялық фигура ішінде жазылатын болса онда тек қана дөңгелек дұрыс шеңбер ішінде жазылуы керек. Себебі, дұрыс шеңбер абсолют, мәңгілік белгісі болып табылады. Сондықтан оның ішінде тек қана Жалғыздан өзгерізсіз жеткен ақпараттар жазылуы қажет. Ал Жалғыздан басқадан шыққан ақпараттар, сөздер дөңгелек дұрыс шеңбер емес басқа фигуралар (эллипс, көпбұрыштар және т.б.) ішінде жазылуы керек! Дұрыс шеңбер емес фигуралар өзгермелі ақпарат (шындық) болып табылады. Сондықтан әрбір геометриялық фигураның өзіне тән ақпараттық құны бар. Мысалы жұмыртқаның элиппс, Жер ғаламшарының дұрыс емес шеңбер түрінде болуы осының дәлелдері.

Жоғарыда көрсетілгендей адамның кісілік қасиеті, рухы басты ақпарат көзінде – Жалғызда пайда болған рухтың бір бөлшегі болуына байланысты мәңгілік болып келеді. Себебі адамның жеке рухы, жазмышы оған үрілген Жалғыз рухының бөлшекшесі. Адамнан басқа Жер жағдайында барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелерде жаңа ақпарат еш уақытта пайда болмайды, олар өздеріне қажетті ақпараттарды Жалғыздан ғана алады және де тек осы ақпараттарды ғана жүзеге асырады және/немесе өздерінен шығара алады. Сол себептен олардағы барлық қасиеттер өзгермейтін, тұрақты, шартсыз болып табылады.

Ал кісіде пайда болған ақпараттар уақытша жұмыс істейді, өздері толық ақпараттық құнын жойғанға, амалға, жүзеге асқанға дейін, күшін сақтайды,одан соң жойылады. Олардың амалға асқанша сақталуының белгілі мерзімі бар. Мысалы, адамнан шыққан жай ақпарат біртұтас ақпараттық өрісте толық жүзеге асқанша 3 жылға дейін сақталады. Осы 3 жылдың ішінде олар толық жүзеге асып, өзінің ақпараттық құндылығын жояды. Ал уәдемен бекітілген ақпараттың бір тұтас ақпарттық өрісте сақталу уақыты 360 жылға дейін. Оның себебі Жердің толық ырғағының (циклінің) ұзақтығы 360 жылға тең. Сондықтан халық: “Уәде Құдайаты” – деп бекерге айтпаған.

Орындалғанша 360 жылға дейін сақталатын, ұрпақтан-ұрпаққа өтетін ақпараттық қарыз тектік қарғыс деп аталады.

Ақпараттың осындай ерекшеліктерін есептей отырып халық: “Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді”, “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі” – деп адам сөзінің құдіретін сипаттаған. Сөздің жаны бар.

Қарғыс келесі жағдайларда пайда болады. Бірінші– кісі шынды дұрыс орындамағанда. Кісі шынды яғни өзіне тиісті нұсқауларды дұрыс орындамағанда ол ақпараттық қарыз яғни күнә болып табылады. Мысалы, Ібіліс Жалғыздың нұсқауын орындамай, жаратылған Адамға құлдық ұрмағаны үшін қарғысқа ұшыраған. Сондықтан Ібілісті Жалғыздан келген шынды орындамағаны үшін өтірікші, суайт, шайтан деп атаған. Ол туралы Құранда келесі нұсқау бар: «Шынында қиямет күніне дейін лағнетім (қарғысым) саған болсын» (Қ.С-38; А-78.). Ібіліс Жалғыздың нұсқауын орындамағаны үшін періштелердің шайтаны болды. Кісі Жалғыздан келген нұсқауды амалға асырмаса, онда ол адамның өтірікші, суайт, шайтан болады, қарғысқа ұшырайды. Мұндай жағдайлар адам адал тамақ жемеген,жұбайлық адалдықты сақтамаған, ата-ана ризашылығын алмаған, өз ұлтын, тілін қадірлемеген, тұрып жатқан мемлекетінің дұрыс заңдарын орындамағанжағдайларда пайда болуы мүмкін.

Екінші- уәде беріп, оны орындамағанда. Бұны халық: “Адамның ең негізгі досы да, жауы өзінің тілі” - деп ғасырлар тәжрибесінен жинақтаған тұжырыммен қортындылаған. Адамның тілі қылыш тәрізді. Қылышты сабынан ұстасаң дұшпаныңды жоясың, жүзінен ұстасаң өзіңді кесесің. Қылыш тәрідес тіліңді орынды пайдалансаң рақатын көресін, орынсыз пайдалансаң азабын көресің.

Үшінші - ата-бабадан ДНҚ-ның электромагниттік қабықшаларында жиналып, жыныс жасушасындағы шежірілік, тектік (гендік) құралым арқылы ұрпақтан-ұрпаққа, қашан жүзеге асып, күшін жойғанша 360 жылға дейін беріліп отыратын ақпараттық қарыз.

Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінде «Ақпарат қалай пайда болады? Оның аты қандай?» – деген ең басты сұрақтар пайда болады. Бұл ең басты сұрақ болып табылады. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті маймен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ май жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші». (Қ.С-24; А-35.).

Ақпарат пайда болатын көзді әр халықта әр түрлі атайды: Жалғыз, Аллаһ, Тәңірі, Абсолютті Ақыл, Тірі Плазма, Жаратушы, Құдай, Мәңгілік (Иегова), Ие және т.б. Сондықтан халық:”Жалғыздың мың аты бар, бәрі оның сипаттары” – деп айтады. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істейтіндерді қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады». (Қ.С-7; А-180.) «Оларға: "Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең керкем аттар Оған тән" де». (Қ.С-17; А-110.).

Абсолютті жетілген жүйенің “басқарушы” бөлігінің басты ақпарат көзінен ақпарат таралғанда алтын түсті нұр болып сезіледі.

Абсолютті жетілген жүйенің иерархиялық басқарылуы үш деңгейден, барлығы жеті бөліктен тұрады. Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзі, Жалғыз, жүйеде орналасқан және одан біртұтас ақпараттық өріске шын түрінде амалға асатын ақпарат тарайды. Біртұтас ақпараттық өрісте орналасқан барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелердегі бұрыннан орналасқан құбылыстар мен құралымдар туралы ақпараттар, оларда пайда болған ақпараттарды қабылдау, олардың жаңадан пайда болатындарын жарату және басқару, барлығы абсолютті жетілген жүйенің ішкі басты ақпарат көзінде, Жалғызда, жүзеге асады.

Сол себептен Жалғыз біртұтас ақпараттық өрістегі барлық құбылыстар мен құралымдардың Жаратушысы, Иесі, Басқарушысы және Құтқарушысы болып табылады. Ие, жаратушы және басқарушы қызметі түсінікті, ал құтқарушы деген қандай ұғым?

Абсолютті жетілген жүйеде жаңадан пайда болатын құбылыстыр мен құрылымдардың ең бірінші біртұтас ақпараттық өрісте қасиеттері (діні) жинақталады, ал одан соң сол қасиет жүзеге асатын құрылым қалыптасады. Сондықтан, абсолютті жетілген жүйеде басқа жүйелердің бәрінің алдын ала барлық қасиеттерінің шама-шарқы белгілі болады. Мұны біз Жалғызжазған жазмыш дейміз. Сондықтан тағдырдағы жақсы Жалғыздан дейтін себебі осыдан.

Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінде «Ақпарат қалай пайда болады? Оның аты қандай?» – деген ең басты сұрақтар пайда болады. Бұл ең басты сұрақ болып табылады. Ол туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті маймен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ май жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші». (Қ.С-24; А-35.). «Жалғыз мәңгілік. Ол қол жептес дүниеде тұрады. Оны адамдардан ешкім көрген жоқ және көре алмайды да. Оған барлық мадақ және шексіз билік! Аминь».\c 6\\v16 (стр1102)

Ақпарат пайда болатын көзді әр халықта әр түрлі атайды: Жалғыз, Аллаһ, Тәңірі, Абсолютті Ақыл, Тірі Плазма, Жаратушы, Құдай, Мәңгілік (Иегова), Ие және т.б. Сондықтан халық:”Жалғыздың мың аты бар, бәрі оның сипаттары” – деп айтады. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істейтіндерді қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады». (Қ.С-7; А-180.) «Оларға: "Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең керкем аттар Оған тән" де». (Қ.С-17; А-110.).

Абсолютті жетілген жүйенің “басқарушы” бөлігінің басты ақпарат көзінен ақпарат таралғанда алтын түсті нұр болып сезіледі.

Абсолютті жетілген жүйенің иерархиялық басқарылуы үш деңгейден, барлығы жеті бөліктен тұрады. Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзі, Жалғыз, жүйеде орналасқан және одан біртұтас ақпараттық өріске шын түрінде бағдарлама мәні тарайды. Біртұтас ақпараттық өрісте орналасқан барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелердегі бұрыннан орналасқан құбылыстар мен құралымдар туралы ақпараттар, оларда пайда болған ақпараттарды қабылдау, олардың жаңадан пайда болатындарын жарату және басқару, барлығы абсолютті жетілген жүйенің ішкі басты ақпарат көзінде, Жалғызда, жүзеге асады.

Сол себептен Жалғыз біртұтас ақпараттық өрістегі барлық құбылыстар мен құралымдардың Жаратушысы, Иесі, Басқарушысы және Құтқарушысы болып табылады. Ие, жаратушы және басқарушы қызметі түсінікті, ал құтқарушы деген қандай ұғым? Абсолютті жетілген жүйеде жаңадан пайда болатын құбылыстыр мен құрылымдардың ең бірінші біртұтас ақпараттық өрісте қасиеттері (діні) жинақталады, ал одан соң сол қасиет жүзеге асады. Сондықтан, абсолютті жетілген жүйеде басқа жүйелердің бәрінің алдын ала барлық қасиеттерінің шама-шарқы белгілі болады. Мұны біз Жалғызжазған жазмыш дейміз. Сондықтан тағдырдағы жақсы Жалғыздан дейтін себебі осыдан.

Жаңадан пайда болған жүйенің рухы,оның қасиеттерінің жиынтығы, біртұтас ақпараттық өрістің белгілі бір нүктесінде жеке голограммалық бейне түрінде қалыптасады және орналасады, сол жерден жаңа жаратылатын жүйеге жетеді. Сондықтан жаңадан пайда болған жүйенің, мысалы кісінің, рухы тектес нүктелерде орналасқан, дүниеден өткен жүйелердің жағдайы туралы ақпараттар алады. Қазіргі кезде бұл ақпаратты нақты кісінің өткен өмірі есебінде қарастырылып жүр.

«Орындалу» бөлігі бес жұп бастамадан құралуына байланысты әрбір кісінің жеке рухының шеңбері де бес бөліктен тұрады.

Кісі жеке рухы шеңберініңбіріншібөлігі оның адам денесіне үрлегенге дейінгі мәңгілік жағдайы. Шеңбердің бірінші бөлігінің түсі күлгін (жел). Бұл бөлікте Жалғыз адамның рухын қалыптастырады. Жалғыз кісінің рухын жаратып, оған адамның жазмышының барлық көрсеткіштерін жинақтайды. Адамның ата-анасынан алған тектік ақпарат қасиеттеріне сәйкес кісіге жазмыш қалыптастырылады. Бұл туралы аталарымыз: «Құданы құдай қосады» - деп тұжырымдар кеткен. Бір ата-анадағы тектік, гендік ақпараттардың араласуы олардан 4 000 - ға дейін әртүрлі балалар тууын қамтамасыз ете алады. Сондықтан бір жұптан әртүрлі бала туады. Мұны қазақ: “Бір биеден алада туады, құлада туады”- дейді.

Кісі жеке рухы шеңберініңекіншібөлігі оның жердегі өмірі. Шеңбердің екінші бөлігінің түсі ақ (құрғақ). Бұл бөлікте кісінің жеке рухы оның жанды денесімен, организммен бірге өмір сүреді. Бұл кезең сондықтан тіршілік өмір деп аталады. Бала анасының құрсағында дамуының 13 аптасында, яғни жыныстық жасуша пайда болғаннан соң ол ұрықтанса 120 тәулікте оған жеке рухы, жазмышы (аурасы) аманатқа тапсырылады. Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Оның жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген сәтте, оған құлдық ұрыңдар».(Қ. С-15; А-29.) «Жалғыз адамды Өзі тәріздес және Өзіне ізбасар етіп жаратты;». (Б.Жар.Б-1. Н-27;)

Адам тіршілік дүниеге келген соң сөйлеуді үйрену арқылы тіршілік өмірінде шартты ақпараттар жинақтайды. Кісі әлеуметтену арқылы тәлім-тәрбие алып, бапталып, өмірден сабақ алады. Жеке басының өмірдегі тәжрибесі негізінде өзінің өмір жолын таңдайды. Егерде адамның таңдаған өмір жолы оны мақсатына жеткізсе, онда ол оң, дұрыс бағыт таңдаған болады. Ал егерде таңдаған өмір жолы мақсатына жеткізбеген жағдайда ол адасқан, сол, теріс бағыт таңдаған болады.

Әрбір жеке адамның бойында Жалғыз жаратқандағы үрлеген жеке голограммалық бейнесі тіршілік өмірдегі іс-әрекеттері нәтижесінде өзгеріске ұшырап, оның өмір жолының түпкі нәтижесін анықтайды. Адамның әрбір істеген іс-әрекеті тіркеліп отырады. Сол тіркелген жазбалардың жиынтығын бағалау нәтижесінде кісінің жеке рухының төртінші бөлігінде адамның мақсатқа жеткені немесе жетпегені анықталады. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген. (52) Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы. (53)» (Қ.С-54;).«Ғамал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәкарлардың, одан қорыққанын көресің. Олар: "Абырым-ай! Бізге нендей өкінім! Мына Кітапта, кішкенені де үлкенді де тастамай-ақ түгендепті" дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды. (49) (Қ.С-18;) «Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланған кітап және жасалған хайыр құрылыстарының сауабы немесе қалдырған жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р.) (12)» (Қ.С-36;)

Кісі жеке рухы шеңберінің үшіншібөлігі оның бойынан өлгеннен соң бөлініп шыққан рухының ақырзаманға дейінгі өмірі.Шеңбер үшінші бөлігінің түсі жасыл (ылғал, жер). Кісінің жеке рухының ақырзамандағы өмір жағдайы оның тіршілік өмірінде (жер бетіндегі) таңдаған жол (оң немесе сол) ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ақырзаман деп адам дінінің адам өлген уақытынан бастап қиямет күніне дейінгі тіршіліксіз дүниедегі рухының өмірін айтады.

Кісі жеке рухы шеңберінің төртінші бөлігі қиямет күнімен басталады. Шеңбердің төртінші бөлігінің түсі қызыл (ыстық, от). Қиямет күні өлгендердің бәрі тіріледі. Қиямет күні болғанда кісінің жеке рухының туғаннан қиямет күніне дейінгі істеген іс-әрекетеріне, таңдаған жолына (оң немесе сол) байланысты оған қортынды баға беріледі. Қортынды баға шығарылғаннан соң кісінің жеке рухы оттың үстінде керулі тұрған «қыл көпір» арқылы толық ырғақтың бесінші бөлігіне өтеді.

Бұл туралы келесі нұсқаулар бар: «Дәптерлер ашылған сәтте,» (10) (Қ.С-81;) . «Жер жүзі Раббының нұрымен жарық болады. Кітап (ғамал дәптер ортаға) қойылады. Пайғамбарлар, куәлер келтіріледі. Олардың араларына хақиқат бойынша үкім етіледі. Олар әділітсіздікке ұшырамайды. (69) Әркімге не істегені толық төленеді. Алла олардың не істегендерін жақсы біледі. (70) (Қ.С-39;). «(Мұхаммед Ғ.С) барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет ғамал дәптеріне шақырылады да: " Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі." (28) "Бұл Кітабымыз сендерге шындықты сөйлейді. Өйткені, сендердің істегендеріңді жаздырушы едік." (29) Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік. (30) Қарсы болғандарға: "Сендерге аяттарым оқылмап па еді? Сонда тәқаппарландыңдар. Сондай-ақ қылмысты ел, сендер едіңдер." (31) "Расында Алланың уәдесі хақиқат әрі қияметтің келуінде шәк жоқ" делінген уақытта: "Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана деп ойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз" (дер едіңдер.)» (32)(Қ.С-45;)«Қиямет күні кей жүздер ағарып, кей жүздер қараяды. Сонда қара жүзділерге: "Иман келтіргеннен кейін қарсы келдіңдер ме? Ендеше, қарсы келулерің себепті азапты татыңдар",- (делінеді.) (106) Ал енді ақ жүзділер, Алланың рахметінде болады да, олар онда мәңгі калады. (107)» (Қ.С-3;)«Қиямет күніәркім өзін құтқаруға тырысады. Сондай-ақ әркімге істегенінің бодауы беріледі. Оларға әділетсіздік етілмейді.» (Қ.С-16;А- 111.). «Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз.» (Қ.С-21; А-47.). «Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер. (15) Сосын сендер қиямет күні, күдіксіз тірілтілесіңдер. (16)» (Қ.С-23;). «(Мұхаммед Ғ.С.) қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың жүздері қап-қара болғанын кересің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе? (60) Алла (Т.) тақуаларды табысты болғандықтары себепті құтқарады. Оларға жамандық тиіспейді де олар күйзелмейді. (61) Алла (Т.) әр нәрсеге кепіл. (62)» (Қ.С-39;). «Айт: "Сендерді Алла тірілтеді сосын өлтіреді. Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді" де.» (Қ.С-45;А-26.). «Қиямет күні Алла, оларды, тұтас тірілтіп жинағанда, сендерге ант ішкендей Оған да ант ішеді. Расында олар оны пайдалы деп ойлайды. Байқаңдар! Шын мәнінде олар, өтірікші. (18)» (Қ.С-58;). «Негізінен бұзықтар, тозақта болады. (14) Олар қиямет күні тозаққа салынады. (15) Олар, одан ғайып бола алмайды. (16)» (Қ.С-82;).

Кісі жеке рухы шеңберінің бесіншібөлігі оның мәңгілік қалатын соңғы қонысы. Шеңбердің бесінші бөлігінің түсі қара (суық, су). Адамның жеке рухы шеңбердің бесінші бөлігінде қайда ораласатыны туралы Кітаптарда келесідей сипатталады: «Сол уақытта сендер үш топқа бөлінесіңдер; (7) (Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар. (8) (Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар. (9)

(1 –ші топ) Озаттар алдынғы қатарда болады. (10) Міне солар, Аллаға жақын болғандар. (11) Ұжмақта нығметке бөленеді; (12) Бұл істеген ғамалдарының сыйлығы. (24)

(2-ші топ) Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты. (27) Созылған көлеңкенің астында болады. (30) Биік төсектерде болады. (34)

(3-ші топ) Солшылдар, сол солшылдар нендей сұмырай. (41) Олар ыстық бу, қайнар суда болады. (42) Қара түнек көлеңкеде болады. (43) Салқын да емес, жайлы да емес. (44) Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді. (45) Зор күнәда қасарысушы еді. (46) "Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді. (47) "Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді.) (48) "Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.",- де. (49) "Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де.) (50)». (Қ.С-56;).

Жоғарыда сипатталғандай «озаттар» және «оңшылдардың» (1 және 2 топтар) жеке рухы оттың үстіндегі «қыл көпірден» өтеді. Бұлардың әрбірінің жеке рухы бесінші бөлікке жетіп, шеңберді толық аяқтап, өздерінің адам денесіне үрленгенге дейінгі орындарына жетеді. Осылайша әрбір кісіге аманатқа берілген оның жеке рухы Жалғыздың рухымен бірлік (ислам) құрайды. Мұны қазақ: «Аманатқа қиянат жоқ»- деп тұжырымдаған. Бұл жағдайда кісі өзіне аманатқа тапсырған жеке рухын Жалғызға қайтарып, мақсатына жетеді. Ол адам заты атын толық ақтады. Бұл жағдайда кісі жеке рухы өткен жолы толық шеңбер құрады, яғни соңы мен басы қосылады. Бұл кісілер түпкі мақсатына жеткен, салауатты өмір салтын сақтаған, жеке рухын Жалғызға қайтарып жазадан оны құтқарған болып саналады. Кісінің жеке рухының осы келген мәңгілік орнын пейіш деп атайды. (сурет).

Жоғарыда сипатталған «солшылдардың» (3 топ) жеке рухы оттың үстіндегі «қыл көпірден» өте алмайды. Себебі олардың кітаптарында жазылған істеген тірліктерінің теріс жолда және өтірікшілер болуына байланысты салмағы ауыр. Ол салмақты «қыл көпір» көтере алмайды. Сондықтан олардың жеке рухтары шеңбердің төртінші бөлігінде «қыл көпір» үзілген соң отқа түседі. Сол жерде мәңгілік қалады. Бұл жағдайда кісі өзіне аманатқа тапсырған жеке рухын Жалғызға қайтара алмайды, мақсатына жетпейді. Оның жеке рухы толық шеңбер құра алмайды. Бұл кісілер өзінің түпкі мақсатына жетпеген, салауатты өмір салтын сақтамаған болып табылады, олардың жеке рухтары Жалғыздың рухымен бірлік (ислам) құрмайды. Кісінің жеке рухының осы келген мәңгілік орнын тозақ деп атайды. Тозақта адам айтқан өтірігіне, істеген арамдығына отқа қақталып, сасық су ішіп өмір бой жауап береді. (сурет ).

Пейіш және тозақта кісілер қандай күйде болатыны туралы кітапта келсі нұсқаулар бар: «Қарсы келіп аяттарымызды өтірік дегендер, солар, тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады. (39) Керісінше, кім жамандық істесе, қателіктері оны баурап алса, сонда олар тозақтық болады да олар онда мәңгі қалады. (81) Ал және сондай иман келтіріп, түзу ғамал істегендер, ұжмақтық болып, олар онда мәңгі қалады. (82)

Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңгылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар, онда мәнгі қалады. (257)» (Қ.С-2;).«Негізінен қарсы болғандардың малдары, балалары Алладан ешбір нәрсені қорғамайды. Міне солар тозақтық, олар онда мәңгі қалады». (Қ.С-3;А-116.) «Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді. (10) Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі. (56) (Қ.С-4;). «Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит.)(62) Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық. (63) Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш. (64) Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р.) (65) Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады. (66) Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі. (67) Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады. (68 (Қ. С-37;).«(Мұхаммед Ғ.С. әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме? (1) Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады. (2) Қатты қиналған шаршаған болады. (3) Жанып тұрған отқа тасталады. (4) Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі. (5) Олардың ащы, сасық тікеннен басқа ешбір тамағы болмайды. (6) Ол, семіртпейді де аштықты баспайды. (7)»(Қ.С-88;). «Қиямет күні, (1) Ол, Қиямет күні не нәрсе? (2) Ол Қиямет күнінің не екенін білесің бе? (3) Ол күні адам баласы таралған паруанадай болады. (54-С. 7-А.) (4) Таулар үгітілген жүндей болады. (5) Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса, (6) Онда ол, разы болатын өмірде болады. (7) Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, (8) Онда оның орны "тозақ" болады. (9) Ол тозақтың не екенін білесің бе? (10) Ол, жалындаған от. (11)» (Қ.С-101;)

Кісінің жеке рухының Жалғызға қайтатыны туралы Кітаптарда келесі құсқаулар бар: «Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ. (14) Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол да Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін. (15)» (Қ.С-31;).

Адамның өмірінің өтетін сатылары туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: "Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер(1),сендерді тірілтті (2).Тағы өлтіреді (3).Соңыра қайта тірілтеді (4).Сонан соң Оның алдына қайтарыласыңдар (5)" (Қ.С-2; А-28.); "Жалғыз бізге сынақ жібереді, және де тек қана Өзі құтқарады. Жалғыз біз үшін - құтқарушы Құдірет." (Б.З.Б-67;Н-20.21.).

Сонымен әрбір адамды жаратқанда Жалғыз тек қана оған тән қасиеттерді береді де, адамның сол қасиеттерді өзінің және қоршағандардың игілігіне, жақсылығына жұмсауын бағдарлайды. Егер адам жеке басының қасиеттерін әділдікке, жақсылыққа, игілікке, тазалыққа жұмсаса онда ол өлгеннен кейін, қиямет күнінен соң оның рухы біртұтас ақпараттық өрістегі өзінің пайда болған нүктесіне қайтып келіп, өз орнын табады. Міне осына Бірлік (Құтқарылу)дейді.

Адамның жеке рухының біртұтас ақпараттық өрісте, Жалғыз рухына қайтып қосылуын – Бірлікдеп атайды. Ислам сөзі арапшадан аударылғанда көп мағна білдіреді: мойындау, құлшылық, бейбітшілік, бірлік және т.б.. Олардың ішінде жиі қолданылатындары: бейбітшілік, бірлік, құлшылық, тазалық. Жалғыз Жаратушы Ие ислам деген сөзбен біздің рухымыздың жаратылу мақсатын – кісінің жеке рухының Жалғызға қайтуын (Бірлік) және сол мақсатқа жететін жолын нұсқап отыр. Осы уақытқа дейін негізінен басқа тілдерге аударғанда ислам көбіне исламды тек қана құлшылық ету, бейбітшілік деп түсініп келді. Ал шындығында құлшылық, ғибадат соңғы мақсатқа - адам рухының Жалғыз рухымен Бірліккежету жолы болып табылады. Сол себептен Ислам сөзін басқа тілдерге Бірлік деп аударып, осы мағнасын да көбірек қолданған дұрыс тәрізді.

Бірлікке ұмтылу адамды тәртіпке, тазалыққа, қайырымдылыққа бастайды. Құтқарылуға және рухани тазалыққа бастайтын үш басты қасиет бар. Олар:

1). Мейірімділік және төзімділік;

2).Кешірімділік – кешірімді болу, зорлыққа қайырымдылықпен жауап беру керек. “Таспен ұрғанды, аспен ұр”. Егер екі жақтың біреуі кешірмесе, егес ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, өрши түседі. “Өспейтін елдің балалары, өнбейтін дау қуады”. Егер бір жақ кешірсе, онда егес жойылады. Оның себебі қарама-қайшылық жойылады. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, залымдарды жақсы көрмейді». (Қ.С-42;А-40.) «Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді». (Қ.С-64;А-14).

3). Әділдік және өтірік айтпау, ақжолтайлық.

Әділдік – тазалықтың бауыры, адамның барлық іс-әрекетінің өлшемі, ал өтірік, жалған - шайтанның өсиеті. Әділдік адамның барлық қасиеттерінің таразысы. Ақыл-ой, сана, байлық және де тағы басқа адамға тән қасиеттердің өлшемі әділдік. Әділдік жоқ жерде ешнәрсе оң болмайды да, оң аяқталмайды да. Әділдік жоқ жерде тіршіліктің мәні жоқ, яғни “Әділеттіксіз шөп шықпайды, бәрі қу тақыр болады”. Өтірік тегі шайтан, әділдік жоқ жерде шайтан болады.

Жалғыз нұсқаған тура жол араб тілінде шариа, ал қытайша- дао, қазақша -әділет, ақиқат, үнді тілінде - йога, орысша – спасение, латынша – религия деп аталады.

Егер адам Жалғыз өзіне берген қасиетті жақсылыққа жұмсамаса, жеке басының қамы үшін басқаларды қанауға, тонауға, жамандыққа жұмсаса, оны иманы аз деп атайды. Оның рухы біртұтас ақпараттық өрістегі өзінің шыққан орнына қайтып бара алмайды. Бұл жағдайда оның рухы кісінің жіберген қателері үшін жауап беріп, жазаланады, азапқа ұшырайды.

Мәңгілікке бейімделу мүмкін емес. Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы күн көру және тіршілікті етуді жүзеге асыру үшін бейімделуді қамтамасыз ететін абсолютті жетілген жүйенің шектелген, материалданған Жер ғаламшары үшін бөлігінің моделі қалыптасады.

Жер ғаламшары моделін шыннан қалыптасқан басты жеті ақпарат түрімен қамтамасыз етеді. Сондықтан жеті саны адам қыбалдай алатын және кісінің басқарылуын қамтамасыз ететін шынның бөлігі болып табылады. Жер ғаламшары моделінде бар барлық ақпараттар түрлері осы басты ақпараттың жеті түрінің туындылары болып келеді.

Абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары үшін бөлігінің моделі дегеніміз Жалғыздың жаратуынан пайда болған Жер ғаламшарына әсер ететін Жалғыз және Жер ғаламшары арасында орналасқан барлық материалданған жүйелер жиынтығы. Қазіргі кезде осы материалданған жүйелер жиынтығын «аспан» - деп атау қалыптасқан. Бұл жүйелер жиынтығының құрамындағы әрбір жүйе Жер ғаламшарына ырғақ арқылы әсер етіп отырады. Сондықтан Жер ғаламшарындағы әрбір құбылыстың және құралымның күн көруі мен тіршілік етуі негізінен осы ырғақтарға бейімделу арқылы жүзеге асып отырады. Ал Жер ғаламшарындағы жандылар күн көру және тіршілік ету үшін бұдан басқа өзі тіршілік етіп жатқан аймақтың жерінінің құрамына да бейімделуі қажет. Жер ғаламшарына қоршаған ортадан ақпараттар «аспан» арқылы оның 10 элементі құрамымен жеткізіліп отырылады.

Абсолютті жетілген жүйенің басты ішкі көзінен шыққан ақпарат ”орындаушы” бөлікке “реттеуші” бөлік арқылы жеткізіледі. Абсолюттік жетілген жүйенің ішкі басты ақпарат көзі Жалғыздан шыққан ақпарат ол көзден шыға сала қарама-қарсы жұпқа айналады, сондықтан тек қана жаратушы Жалғыз, ал қалғандардың бәрі жұп болып келеді. Абсолютті жетілген жүйенің “реттеуші” бөлігіне ақпарат өткенде ол қарама-қарсы тең жұпқа: ЕН және ІНбөлінеді. Жоғарыда талдағанымыздай ақпарат амалға асу үшін ЕН жарты ақпарат және реттеуші болып бөлінеді. Реттеуші бөлік құрауға ІН жартының белгілі бір бөлігі де қатысады. Осылайша иерархияның үш бөлігі қалаптасады. Барлық Жер бетіндегі құбылыстар және құрылымдар «үштік» негізінде пайда болып жүзеге асады (сурет ).

Келесі сатыда «үштіктен» көктен Жерге келетін 7 бастама болып таралады. Бұл туралы Кітаптарда келесі нұсқаулар бар: «13Менің бұлттардағы кемпірқосағым Менің Жерге жіберген аманатым және Жермен байланысымның белгісі» (Б.Жар. Б-3.). Осыған байланысты кісіні басқару үшін адам бойында осы жеті ақпарат түрін қабылдайтын 7 көз (чакра) қалыптасқан және олардың түсі кемпірқосақтың түр-түсіне сәйкес болып келеді.

Абсолютті жетілген жүйе мәңгілік, ондағы үдерістер шексіз. Жер ғаламшарындағы және ондағы объекттер шексіздікке бейімделе алмайды. Жер ғаламшарындағы құбылыстарды қамтамасыз ету үшін абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшарын қоршай орналасқан оған тән орындаушы бөлігі қалыптасады. Абсолютті жетілген жүйенің бұл бөлігінде Көктен келетін 7 басты элементтерден Жер ғаламшарындағы барлық құбылыстар, құрылымдар, үдерістер негізі болып келетін 10 Жердің негізгі элементтері қалыптасады. Осыған байланысты Жер ғаламшары жағдайындағы барлық нәрселер ондық негізінде жүзеге асады.

Абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары бөлігі моделі қалай қалыптасатыны туралы келесі нұсқаулар бар: «1Жалғыз алдымен аспан және жерді жаратты. 2Жер көрінбейтін және құлазыған болатын, құлазығанның үсті қараңғы болды, ... 3Жалғыз айтты: сәуле болсын. Сәуле пайда болды. 4 ...Жалғыз сәулені қараңғыдан бөлді. 5Қараңғыны түн, жарықты күндіз деп атады. Кеш болды, таң атты: бір күн.» (Б.Жар, Б-1;).

Осылайша шынның бөлігі 7 элементтен Жер ғаламшарын қоршаған сәуле қалыптасты, ал қаратүнек бұрыннан Жерді қоршап тұрды.Ақ сәуленің өзі кемпірқосақтың 7 түр-түсінің жиынтығы, сондықтан оны қосқанда кемпірқосақтың жеті түр-түсімен барлығы 8 элемент болады. Қараңғы өзінің жұбымен (қоңырмен) бірге 2 элемент. Қортындысында сәуле (ақ) мен қараңғы қосылып 10 элементтен құрылатын абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары бөлігі моделін қалыптастырды.

Жоғарыда абсолютті жетілген жүйенің «реттеуші» және «амалға асырушы» бөліктеріндегі ақпараттардың өзгеру ерекшеліктері сипатталды. Шын ақпараттың таралуының бір жолы кемпірқосақ арқылы жүзеге асады. Сондықтан көктен келетін және соның негізінде Жер жағдайында пайда болатын ақпараттарды белгілеу үшін кемпірқосақтың құрамындағы түрлі-түсті пайдаландық. Кемпірқосақ құрамында толқын ұзындығына қарай орналасқан келесі жеті түр-түс бар: күлгін, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызғылт сары, қызыл .

Көктің 7 ақпараты Жерге олардың жиынтығы ақ түс түрінде жеткізіледі. Сондықтан Күн сәулесі ақ түс болып қабылданады. Осыған байланысты ақ түс тазалықтың белгісі болып есептеледі. Ақ түс 7 түрлі-түстің жиынтығы, яғни шығатын жері болып табылады. Егерде 7 түр-түстің шығатын жері болса, онда олардың жиналатын, жұтылатын түр-түсі де болуы шарт. Ол қызметті қара түс атқарады. Сондықтан қара ақтың шартты қарама-қарсысы болып белгіленеді және ластықтың белгісі болып табылады. Барлық нәрсе жұп болып жаратылуына байланысты қара түстің жұбы қоңыр түс болып келеді.

Сонымен Жалғыздан шыққан жеті түр-түспен тарайтын ақпарат Жер жағдайында он бастама, элементке айналады. Ол 10 бастамалардың шартты аттары келесілер: күлгін, көк, көгілдір, ақ, жасыл, сары, қызғылт сары, қызыл, қара, қоңыр. Сондықтан бұл 10 бастаманы «негізгі ақпараттар түрлері» деп атадық. Біртұтас ақпараттық өрістің “орындаушы” бөлігінің ішіндегі абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары бөлігі моделінде барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелер орналасып, өздеріне қажетті ақпаратты “реттеуші” бөлік арқылы абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзі Жалғыздан алып, соны жүзеге асыру үшін жаратылған.

Осылайша көктің басты 7 ақпарат түрінен Жер ғаламшарын қоршаған кеңістікте 10 элементті жүйе қалыптасады.

Жер ғаламшары жағдайында Абсолютті жетілген жүйеден Жер ғаламшарына ақпараттар негізінен екі:объективтік және субъективтікжолдармен беріледі.

Ақпараттарды жеткізудің бірінші объективті жолы жаңадан пайда болатын жүйелердің негізгі қасиеттерін қалыптастыратын тұрақты әсер етуші Жалғыз және Жер ғаламшары арасында орналасқан барлық объектерден шыққан ақпараттар жиынтығының қортынды әсері. Жер жағдайында бұл топқа тұрақты жүйелер: жұлдыздардың топтасып орналасуы, күн жүйесі, ғаламшарлар және т.б. жатады. Бұл жол арқылы шартсыз, өзгеріске ұшырамайтын, объективті ақпараттар беріледі. Ақпараттар берілу әдістері ырғақтар, ритмдер арқылы жүзеге асады. Бұл топ ақпараттар Жер ғаламшарындағы барлық объектерге әсер етеді.

Жер ғаламшарына ақпараттарды жеткізудің екінші субъективті түрінің атқаратын қызметі тек қана адамзат, кісі үшін нұсқалған және де адамның өмір жолын таңдауына көмектесу үшін түрінде жіберіледі. Бұл ақпараттарды Жалғыз адамзатқа арнаулы қасиеттерге ие пайғамбарлар деп аталатын арнаулы қасиеттері бар адамдар арқылы жеткізеді.

Абсолютті жетілген жүйенің басты ақпарат көзінен шыққан ақпарат “реттеуші” бөлік арқылы тарағанда күміс түстіболып сезіледі.

Абсолютті жетілген жүйенің басты ішкі ақпарат көзінен, Жалғыздан шыққан ақпарат теологиялық (гр.theos - Жалғыз) деп аталады. Бұл туралы Аристотель еңбектерінде көрсетілген. Кейіннен, Аристотель еңбектерін таратқанда бұл әсерді метафизикалық деп аударып, атап кеткен. Бұл ақпаратты «Жалғыздың нұры» - деп атайды. Ол алтын түстес.

Алтын және күміс түстер абсолютті жетілген жүйенің басқарушы және реттеуші бөліктерінен шығатын ақпараттардың таралу түрлері болып табылады. Осыған байланысты олар материалдық дүние өлшемі ретінде қолданылады және заласаздандыру қасиетіне ие. Сол себептен қазір кезде іс жүзінде күміс иондарын қосқан көптеген қосылыстар қолданылуда.

Метафизикалық әсер абсолютті жетілген жүйенің басты ішкі ақпарат көзінен, Жалғыздан тарайтын ақпарат. Бұл әсер адамның санасы және сезім мүшелерімен қабылданбайды, біртұтас ақпараттық өрісте орналасқан барлық жүйелерді басқарады.

Жер ғаламшары жағдайында барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелер орналасқан абсолютті жетілген жүйенің “орындаушы” бөлігінде ішкі көзден шыққан ақпарат түрлері негізгі он бастама болып қалыптасады. Метафизикалық әсер тектес физикалық әсерге айналғанда ғана адам сезім мүшелері оларды түйсіктеніп, сезініп қабылдап, тани алады. Көктен келетін ақпараттың 7 түрі Жер ғаламшарын қоршай орналасқан кеңістікте 10 бастаманың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ол 10 (5 жұп) элемент құрайды.

Негізгі ақпараттың әр жұп түрі бірінен-бірі өзгеше және өздеріне тән ерекшеліктері бар ЕН және ІН деп аталатын екі қарама-қарсы жартыдан тұрады. Абсолютті жетілген жүйенің ішкі басты ақпарат көзі, Жалғызда пайда болған ақпарат абсолютті жетілген жүйенің “реттеуші” бөлігі арқылы өтіп Жер ғаламшары жағдайындағы “орындаушы” он ақпарат түрлерін қалыптастырып, барлық жетілген және жетілмеген жүйелерге жеткізіліп отырылады.

Жер жағдайында кез-келген жүйеде ырғақ (цикл) тек қана күлгін - көк жұптан және де оның ЕН жартысынан, күлгіннен басталады. Ақпараттың бұлай берілу ерекшелігі иерархиялық қатаң және өзгермейтін болып табылады. Сонымен Жер ғаламшары жағдайындағы барлық циклдер желмен басталады.

Неге бұл жұптар осындай түрлі-түстермен белгіленеді және барлығы күлгінненбасталады? Оның себебі ақпарат жерге көктен ұзындығы ең қысқа толқын түрінен басталып ұзынымен аяқталады. Осыған байланысты ең ұзын толқындар Жер ғаламшары жағдайында пайда болады. Ал көз қабылдайтын түрлі-түсті сәулелер қысқадан (400µ), яғни күлгіннен басталып, ұзынмен (700µ) - қызылмен аяқталады. Сондықтан ырғақта ақпарат түрлері күлгін түстен басталып, ары қарай толқын ұзындығы бойынша келесі кезекпен орналасады. көк, көгілдір, жасыл, сары, қызғылт сары, қызыл.

Кемпірқосақты құрайтын жеті түр-түстің аттары және олардың шеңбер ішінде кезекпен орналасуы олардың толқын ұзындығына тәуелді. Ақ түс кемпірқосақтың жеті түсінің жалпы жиынтығы. Ақ түс жиынтық болып келуіне байланысты цикл ішінде өзінің туындылары болып келетін 7 түстің ішінде төртінші болып орналасады. Кемпірқосақ деген ұғым кем бір қосақ, яғни біреуі кем қосақ деген ұғымнан қалаптасады. Оның себебі қүлгін-көк, жасыл-сары, қызғылт сары- қызыл үш қосақ құрайды, ал көгілдірдің жұбы (қосағы) ақ ол барлығының жиынтығы болуына байланысты жеке бөлінген. Олар Жерді қоршай шеңбер құрып орналасқанда ақ түс өзінің орнына орналасып көгілдір түспен қосақ (жұп) құрады. Сондықтан шеңберде кемпірқосақтың барлығы қосылып төрт қосақ (жұп) яғни 8 түс құрайды.

Егерде 7 түрлі түс ақтан пайда болса, онда оларды сіңіретін де түс болуы қажет. Ол түс негізінен Жер ғаламшары жағдайында пайда болады. Бұл қызметті қара түс атқарады. Негізінен Күн сәулесі (ақ түс) арқылы берілетін қуатты сіңіру қара түстің табиғи қызметі. Қара түс ақтан пайда болатын түрлі-түстерді жұтып, жойып отыратын оның шартты қарама-қарсысы болып белгіленеді. Сол себептен барлық уақытта ақ-қара жұпталып айтылады, олар қоғамда біріне-бірі қарама-қарсы ұғымды білдіреді. Сондықтан теріні Күннің сәулесінен қорғау үшін терідегі арнаулы жасушалар – маланоциттер қара бояғыш зат – меланин ситездейді. Ақ түс (Күн сәулесі) жоқ кезде ақпарат ағымы оның қарама-қарсысы қара болып қабылданады, яғни Күн сәулесі болмаса түн (қараңғы) басады.

Бейтараптық қағидасына сәйкес қоңыр түс қараның ақпараттық қарама-қарсы жартысы яғни оның ІН жартысы болып табылады. Аспандағы ырғақ қара - қоңыр жұппен аяқталады. Мұны жіті байқаған халқымыз, біреуге өлім тілесе, яғни оның өмірлік циклі бітсін десе: «Қара жер тартсын” – деп ниет айтады. Жер ғаламшары жағдайында ақпарат берілуі шеңбер түріндегіырғақпенқамтамасыз етіледі. Ол шеңбер күлгіннен басталып қоңырмен аяқталып отырады. Осы 10 ақпарат түрлері толқын ұзындықтарына және қалыптасу механизміне байланысты Жер ғаламшарын қоршап шеңбер құрады.

Негізгі ақпараттың “орындаушы” бөлікте ақпарат тарататын 10 түрінің әрқайсысы жаратылудың барлық деңгейінде 10 түрдің жиынтығы болып табылады. Әрбір элементтің өзі одан дәрежесі төмен 10 элементтен құралады. Осылай жалғаса береді.

Негізгі ақпараттың 10 түрінің Жер жағдайында бөлінуінің екі ерекшелігі бар.

Бірінші ерекшелігі барлық деңгейде әрбір элементтегі басты ақпараттың 10 түрінің әрқайсысы өзінен төмен келесі сатыдағы 10 элементтің бастамасы болып келеді, және де онда осы элементтің түсі басқаларынан басым болады. Сол себептен келесі сатылардағы элементтер басым ақпарат түрімен аталады. Мысалы, көк элемент келесі төменгі сатыларда құрамға бөленгенде көк ақпарат түрі басым болады, ал сары элементтер бөлінгенде – сары ақпарат түрі басым болады. Бірақта олар бөліну деңгейінің дәрежесіне қарамай ірбір элемент алғашқы ақпарат түрінің өзіне сәйкес бөлшегін сақтап отырады.Мысалы, бөлінудің 16 деңгейінде алғашқы сары элементтен тараған көк түстің және осы деңгейде орналасқан алғашқы қызыл элементтен тараған көк түстің алғашқы көздеріне сай айырмашылықтары болады.

Ал ақпараттың сатылап берілуінің екіншіерекшелігі, басты ақпараттың қарама-қарсы жартыларының: ЕН және ІН тек қана өз деңгейіне тән қасиеттері болады, ал келесі деңгейге бөлінгенде осы сатыны құрайтын 10 элементтің өздеріне тән ЕН және ІН бөліктерінің өз ерекшеліктері болады, яғни әр деңгейдің басты 10 ақпарат түрлерінің ЕН және ІН жартыларының өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар әрбір элементтің қарама-қарсы жартылары: ЕН және ІН өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар осы деңгейдің бес элементінен құралады.

Сонымен бұл 10 (5 жұп) элементтің бөлінуі Жер әлеміндегі сипаттауға шамамыз келмейтін шексіз құбылыстар және құралымдар негізін құрайды(сурет, №4 кесте).

№4 кесте.

Жер ғаламшары жағдайында абсолютті жетілген жүйедегі тектес ақпараттардың әртүрлі деңгейде ұйымдасу түрлері



Қасиет,

құралым


ТЕКТЕС ОРЫНДАУШЫ АҚПАРАТТАР ТҮРЛЕРІ

Кезек саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Бөлігі

ЕН

ІН

ІН

ЕН

ЕН

ІН

ІН

ЕН

ЕН

ІН

Тектес құрылым

Өт қабы

Бауыр

Өкпе

Тоқ ішек

Ас

қазан


Талақ

Жүрек

Ащы ішек

Қу

ық


Бүй

рек


Негізгі

түр-түс


Күлгін

Көк

Көгілдір

Ақ

Жасыл

Сары

Қызғ сары

Қыз

ыл


Қара

Қоңыр

Жұп басы

Күлгін

Ақ

Жасыл

Қызыл

Қара

Әсер

Жел

Құрғақ

Ылғал

Ыстық

Суық

Құрылым

Желек,

ағаш


Металл,

ауа, эфир



Топырақ,

жер


От, жалын

Су

Өмір са

тылары


Пайда болу

Тіршілік өмір

Ақыр

заман


Қиямет күні

Пейіш, тозақ

Планета

Юпитер

Венера

Сатурн

Марс

Меркурий

Ғаламшар

Болпан 

Шолпан 

Қоңыр қай 

Қызыл жұлдыз

Есек қырған 

Жасуша

Гольджи құрамы

Жасуша ішкі торы

Гиалоплазма

Митохондриялар

Лизосомалар

Ұлпа

Ет жәнежүйке ұлпасы, тырнақ

Тері, шаштар

Дәнекер ұлпа және талшық ет ұлпа

Қан,

тамырлар, дене түгі



Сүйек, тістер, шаш

Бездер

Тимус

Бүйрек үсті

Ұйқы

Қалқан

Жыныс

Мүшелер

Көз

Мұрын

Ауыз

Тіл

Құлақ

Тіс

3

ж.4,5; т.6,7

ж.6,7;т.4,5

8

1,2

Миндалина

Таңдай

Түтік

Көмекей

Тіласты

Жұтқыншақ

Қуыс

Негізгі

Тор ла-биринт

Гаймор

Ішкі құлақ

Маңдай

Омыртқа

ThІX-X

CV-CVІІ,ThІІІ-ІVLІV-V

Th-XІІ LІ

CVІІ,Th SІ-ІІ ThІ,V-VІ,

LІІ-ІІІ .C0 SІІІ-V

Жұлын

сегменті


ThVІІІ-X

CV-VІІ ThІV-VLVV

ThXІ-XІІ, LІ

ThІ,V-VІІ CVІІІSІ-SІІІ

LІІ-ІІІ,SІV-V

Дәм

Қышқыл

Ащы

Тәтті

Өткір

Тұзды

Білінеді

Тырнақта

Дене түгінде

Ерінде

Бетте

Шашта

Эмоция

Ашу

Қайғы

Дабыл

Қуаныш

Қорқу

Менталдік

Бірегейлі

Сана

Ерік

Құмарлық

Даналық

Дене иісі

Шіріген

Күйген

Жұпар иіс

Мүңкіген

Қақталған

Дене сұйығы

Көз жасы

Қақырық

Түкірік

Тер

Зәр

Қазіргі эквивалент

Энергия

Информация

Уақыт

Материя

Кеңістік

Күш

Тәртіп (Ритм)

Жылдам

дық


Өлшем

Форма



Неге бұл 7 түс басты? Себебі Жалғыздан шығатын шын ақпарат Жер ғаламшары моделінде тек қана 7 түрінде таратылады. Осыған байланысты дыбыс 7 нота, сәуле 7 түр түс, аптада 7 күн арқылы таралып, қабылданады. Сондықтан адамда осы ақпараттарды қабылдайтын арнаулы құрылымдар бар.

Көздің торлы қабығында сәуле қабылдайтын екі түрлі: таяқша және сауытша - құрылым бар. Сауытшалардың түрлі - түсті сәулені қабылдайтынын алғашқылардың бірі болып Г. Л. Гельмгольц анықтады. Егерде бұл түрлі құралымның біреуі туралы ақпарат генде болмаса, онда ол синтезделмейді, онда ол адамда сол түсті қабылдайтын құралым жоқ болуына байланысты ол осы түсті қабылдай алмайды, яғни көрмейді. Бұл сырқатты – монохромопатия (дальтонизм) деп атайды. Ал таяқша болса күндізгі жарықты яғни ақты қабылдайды. Күннің жарығының нұры азайғанда, кешке, әсіресе түнде ол ақтың антиподы - қара болып сезіліп, қабылданады. Ал адам көзінің таяқшаларында күн сәулесін қабылдайтын құрылым азайса, онда ол кешке жөнді көрмейді. Оны намазшам көр немесе тауық соқыр деп атайды. Осыған байланысты адам ақпараттың (дыбыс, түр-түс және т.б.) 7 түрін қабылдайды және солармен басқарылады. Себебі басты ақпарат 7 түрі бар.

Көктің басты ақпараттың 7 түрінен Жер ғаламшары жағдайында негізгі ақпараттың 10 түрі қалыптасады. Біртұтас ақпараттық өрісте орналасқан Жер жағдайындағы барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелердегі құбылыстар және құралымдар негізгі ақпараттың 10 түрінің әртүрлі деңгейде сәйкестілік араласуының нәтижесі болып табылады. Олар бес жұп құрады. Осыған байланысты әрбір қолда бес саусақ, іс-әрекеттер нәтижесін бестік жүйемен бағалау, олимпиада бес сақинасы, бес бұрышты жұлдыз, бес мезгіл намаз, бес элемент және т.б. бес саны мен оның көбейтінділеріне сәйкес ұғымдар туған. Жер жағдайындағы сезім мүшелері қабылдай алмайтын өте ұсақ құрылымдардан бастап барлығы осы негізгі ақпараттың бес жұп түрінің өзара әсерлерінің нәтижесі болып табылады. Иерархиялық басқару сатыларына байланысты олар әрбір деңгейде соған ғана тән әртүрлі құбылыстар және құрылымдар болып ұйымдасады. Жер ғаламшары жағдайындағы барлық құбылыстар және құрылымдар осы 10 (5 жұп) элементтердің негізінде пайда болғандықтан соларға бейімделу арқылы ғана күн көріп және тіршілік етеді. (4 кесте).

Негізгі ақпараттың бір түрінің туындысы болып келетін әртүрлі деңгейде орналасқан құралымдар және құбылыстар тектес деп аталады, ал олардың қызметтері ұқсас болып келеді. Негізгі ақпараттың 10 түрі барлық құбылыстар және құрылымдар бастамасы болып келеді. Сондықтан оларды 10 бастама (элемент) деп атайды. Бейтараптық қағидасына сәйкес олар 5 жұп құрады. Осыған байланысты Қытай және Үнді философиясында және медицинасында у-син ұғымы қалыптасқан.

Жер жағдайында абсолютті жетілген жүйе шеңберінде ақпарат бағыты солдан оңға қарай, сағат тіліне қарсы болады. Осыған байланысты Жалғыздан пайғамбарларға ақпарат уахи етілген жазбаларда (арап, еврей тілдерінде) жазу оңнан солға қарай жазылады. Ал Жер ғаламшары жағдайында қалыптасқан жазбаларда (латын, криллица және т.б.) жазу солдан оңға қарай сағат тілі жылжитын бағытта жазылады.

Біртұтас ақпараттық өрістегі барлық құбылыстар белгілі кезекпен және ырғақпен (ритммен) өтеді, яғни қайталанып отырады. Дүниедегі ырғақтық құбылыстар жүйелердегі ақпарат жеткізудің ең негізгі тәсілі болып саналады.

Шеңбер ішінде жұптардың ЕН және ІН жартылары өзара орналасуы қандай негізде жүзеге асады? Жүйенің және оның құралымдарының бейтараптық қасиетіне байланысты негізгі ақпараттың әр түрі қарама-қарсы жұптан: “ЕН” және “ІН” жартылардан - құралады. “Орындаушы” бөлік шеңбері 10 бастамадан немесе бес жұптан тұрады. Шеңбер ішінде жұптардың бірімен бірі ауысу және олардың жартыларының өзара әсерлері заңдылықтары бар. Көптеген табиғи құбылыстар осы заңдылықтарға байланысты болып келеді. Жер ғаламшары жағдайында барлық құбылыстар және құрылымдар осы 10 бастаманың негізінде пайда болады және де соларға бейімделу арқылы күн көріп және тіршілік етеді.

Жоғарыда көрсетілгендей барлық ырғақтар күлгін – көк жұптан, оның “ЕН” жартысынан - күлгіннен, басталады. Одан соң жүйенің бейтараптық қасиетіне сәйкес осы түстің “ІН” жартысының- көктің кезегі келеді.

Жер ғаламшары жағдайында кез-келген құбылыс жүзеге асу үшін қуат керек. Осы қажетті қуаттың негізгі күлгін-көк жұптан келетін энергия болып табылады. Кейіннен бұл жұп транформация ұшырап тектес элемент жел қалыптасады.Ультракүлгін сәуледен кейін көрінетін диапозонда орналасқан толқын ұзындықтары қысқа күлгін мен көктің қуаты күшті болып келеді. Қозғалу күшті жүзеге асыру белгісі. Жер жағдайындағы еркін күш негізін жел қозғалысы құрайды. Осыған байланысты «жел қозғалтты» - деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан энергияны қамтамасыз ететін күлгін-көк жұптан келетін әсер жел деп белгіленген. Бұл әсер қуатты жүзеге асыруына байланысты өзі бейтарап қасиетіне ие. Себебі ол барлығына әсер етеді. Бейтараптық қағидасына сәйкес бейтарап емес нәрсе тек қана өзінің қарама-қарсысына әсер ете алады.

Жалпы жел және оған тектес құбылыстар мен құрылымдар осы жұптың ЕН жартысы күлгін түспен белгіленеді.

Жер ғаламшары жағдайында барлық құбылыстар және үдерістер құрылымдық негізде жүзеге асады. Сондықтан Жерге әсер ететін 10 бастамаға бейімделуді қамтамасыз ету үшін соларға тектес құрылымдар қалыптасулары қажет. Адам денесі 50х1012 жасушадан тұрады. Олай болса 10 бастаманың әрқайсысына бейімделуді қамтамасыз ететін орташа 5х1012 жасуша бар.

Желге бейімделу үшін ол құрылым барлық уақытта қозғалыста болуы қажет. Ондай құрылым жел негізінде пайда болу себепті желек деп аталады. Желек барлық уақытта қозғалыста болу, желкілдеп өсу мағнасын білдіреді. Барлық өсімдіктер, соның ішінде ең көп кездесетін тобы ағашта, желекке жатады. Жел негізінде пайда болған және оған бейімделуді қамтамасыз ететін тектес құрылымдар тобын табиғатта шартты түрде желек, ағаш деп белгілейді. Олар бірінсіз бірі жүзеге аспайтын егіз ұғым. Себебі жел және желек ұғымдары әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі тектес ақпараттар болып келеді. Сонымен желек, ағаш деген ұғым тәндегі өзінің құрамында 1013 жасушалары бар барлық құрылымдардың жиынтығын қамтиды. Бұндай әдіс барлық бес жұп құрылымдарды: желек, ауа, жер, от, су белгіленгенде қолданылады.

Келесі, екінші жұп - ақтың екі жартысы: ақ (ЕН) және көгілдір (ІН) бар. Кезекке сәйкес бұл жұпта ЕН бөлігі ақтан басталуы керек еді. Бірақта бұл жұп ақтан (ЕН) басталса, онда бұл жұптың ЕН бөлігі (ақ) алдыңғы жұптың ІН бөлігімен (көк) қосылып бейтараптық құруға ұмтылар еді. Мұндай жағдайда бірінші жұптың ІН бөлігі (көк) біресе бірінші жұптың ЕН бөлігімен (күлгін), біресе екінші жұптың ЕН бөлігімен (ақ) байланысқа ұмтылып, ешқандай заңдылық сақталмай, ырғақ қалыптаспай, апаттар болар еді. Сол себептен бейтараптық заңдылығы шеңбер ішінде қатаң сақталып, ырғақ қалыптасу үшін күлгін жұптың “ІН” жартысынан соң ақ жұптың “ІН” жартысы- көгілдір орналасады. Бейтараптық заңдылығына сәйкес ІН жартыдан соң осы жұптың “ЕН” жартысы - ақ орналасады (№4 кесте).

Шеңбер бейтараптығын, тұрақтылығын және ырғақ қалыптасуын қамтамасыз ету үшін шеңбер ішіндегі жұптар және олардың жартыларының орналасу заңдылықтары бар. Әрбір жұп екі бөліктен: ЕН және ІН тұрады. Жұп ішінде олар қандай кезекпен орналасса да жұптың бейтараптығы қамтамасыз етіледі. Бірақ шеңбер ішінде қатар орналасқан жұптар арасындағы бейтараптықты қамтамасыз ету үшін олардың шектес жақтауларында аттас, бірбағытты жартылары орналасуы қажет. Осыған байланысты көршілес жұптар арасында ЕН жарты ЕН жартымен, ІН жарты ІН жартымен шектес орналасуы қажет.

Ақ жұптағы ақпарат негізінен кептіріп әсер етеді. Мысалы, су нәрсені күн сәулесіне жайып кептіру. Сондықтан бұл жұп құрғақтықты қалыптастырады. Осыған байланысты бұл әсерді құрғақ деп атайды.

Жалпы құрғақ және оған тектес құбылыстар мен құрылымдар осы жұптың ЕН жартысы ақ түспен белгіленеді.

Табиғатта құрғату негізінен ауа бар ортада жүзеге асады. Олар бірінсіз бірі жүзеге аспайтын егіз ұғым. Себебі құрғақ және ауа ұғымдары әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі тектес ақпараттар болып келеді. Сондықтан құрғаққа бейімделуді қамтамасыз ететін құрылымдар жиынтығын ауа деп белгілейді. Мысалы мұны Қытай философиясында металл, Үнді философиясында эфир деп белгілеген.

Шеңбер ішіндегі бейтараптықты қамтамасыз ету үшін құрғақ және ылғал қарама-қарсы есебінде жұп құрайды. Бұл жұптың ЕН жартысын ылғал, ал ІН жартысын құрғақ құрайды. Осыған байланысты шеңбер ішінде келесі кезекте құрғақтан соң оған қарсы ылғал орналасады. Ылғалдың қалыптасуын жасыл (ЕН) және сары (ІН) жұп қамтамасыз етеді.

Жоғарыда сипатталған заңдылыққа байланысты ақ жұптың ЕН жартысы - ақпен жасыл жұптың ЕН жартысы - жасыл шектеседі. Одан соң жасылдың ЕН жартысы жасыл оның “ІН” жартысы - сарыға жалғасады.

Жалпы ылғал және оған тектес құбылыстар мен құрылымдар осы жұптың ЕН жартысы жасыл түспен белгіленеді.

Жер ғаламшары жағдайындағы барлық құрылымдардың негізін топырақтың құрамы анықтайды. Сондықтан басқаша топырақты жер деп те атайды. Себебі Жер ғаламшарының негізін жер, топырақ құрайды. Осыған байланысты үлкен әріппен басталатын Жер ғаламшар ұғымын, ал кіші әріппен басталатын жер топырақ мағнасын білдіреді. Адама деген сөз ескі еврей тілінде балшық деген ұғым білдіреді. Жер ғаламшары - Жер, топырақ - жер, адам – топырақ (балшық) бұл үш ұғымдардың тектестігінің белгісі. Адам Жер ғаламшарынан басқа ғаламшарда күн көріп және тіршілік ете алмайды, себебі адам денесі жер құрамындағы қосылыстардын жинақталған.

Топырақ ылғал тартады. Себебі ылғал және жер ұғымдары әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі тектес ақпараттар болып келеді. Сондықтан ылғалға бейімделуді қамтамасыз ететін құрылымдар жиынтығын топырақ деп белгілеген.

Шеңбер бойынша келесі қызыл - қызғылт сары жұбы. Алдындағы жұптың ІН жартысы сарымен шектесіп бұл жұптың ІН жартысы қызғылт сары орналасады. Қызыл жұптың ІН жартысы қызғылт сарыдан соң ЕН жартысы қызыл орналасады. Табиғатына байланысты ыстық барлық уақытта қызыл түсті болып байқалады. Мысалы түнде жанды нәрселерді жылу шығаруына байланысты арнаулы құралмен көру, медицинада термограмма әдісін қолдану. Ал жылу ыстықтан пайда болады. Сондықтан бұл жұп ыстық әсердің қалыптасуын жүзеге асырады. Бұл жұптың ЕН бөлігі ыстық - қызыл, ал ІН бөлігі жылу - қызғылт сары болып қалыптасады.

Жалпы ыстық және оған тектес құбылыстар мен құрылымдар осы жұптың ЕН жартысы қызыл түспен белгіленеді.

Жер жағдайында ыстық және жылу от жанғанда пайда болады. Кез келген жанатын нәрсе өз бойына күн энергиясын, ыстығын сіңіріп қалыптасады. Кейін ол жанған кезде осы сіңген қуат ыстық түрінде кері бөлініп шығады. Себебі ыстық және от ұғымдары әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі тектес ақпараттар болып келеді. Сондықтан ыстыққа бейімделуді қамтамасыз ететін құрылымдар жиынтығын от деп белгілеген.

Бейтараптық қағидасына сәйкес шеңбер ішінде ыстық әсерден кейін оның қарама-қарсысы суық әсер орналасуы қажет. Суық әсер қара-қоңыр жұптың есебінен қалыптасады. Шеңбер ішіндегі бейтараптықты қамтамасыз ету үшін қызыл жұптың ЕН жартысы қызылмен шектесіп қара жұптың ЕН жартысы қара орналасады. Қара жұптың ЕН жартысы қарадан соң оның ІН жартысы қоңыр орналасады. Бұл жұп табиғатына сәйкес Жер ғаламшарына тән болып келеді. Сондықтан олар он элементтен құралатын Жерді қоршаған ырғақтың соңы болып табылады. Себебі Жерге әсер ететін барлық ақпараттар осында жүзеге асып, ең соңында қарамен аяқталады. Мысалы, кез келген зат жанғанда негізінен қара түсті күлге айналады.

Жалпы суық және оған тектес құбылыстар мен құрылымдар осы жұптың ЕН жартысы қара түспен белгіленеді.

Қазақ тілінде суық деген сөздің түбірін су құрайды. Бұл су және суықтың тектестігінің белгісі. Жер ғаламшарын қоршаған суықтан Жер жағдайында су қалыптасады. Себебі суық және су ұғымдары әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі тектес ақпараттар болып келеді. Сондықтан суыққа бейімделуді қамтамасыз ететін құрылымдар жиынтығын су деп белгілеген.



Сонымен Көктен келетін басты ақпараттың жеті түрінен негізгі он бастамадан тұратын Жер ғаламшарын қоршай орналасқан шеңбер құрайтын абсолютті жетілген жүйенің Жер ғаламшары моделінің «орындаушы» бөлігі қалыптасады. Шеңбер ішінде он бастаманың кезекпен орналасуының өз заңдылықтары бар. Он бастама бес жұп құрады. Жұп ішінде жартылары қарама-қарсы, жұп арасында бірбағытты орналасады. Жерді қоршаған 10 элементті ырғақта цикл ЕН жартыдан басталып ІН жартымен аяқталады. Ырғақтың соңында бейтараптық заңдылық бұзылып ырғақтың соңы ІН жарты оның бастамасы ЕН жартымен көршілес болады. Мұндай құбылыс әрбір 100 және 1000 жыл сайын немесе он элементтің әрбір келесі дәрежесі сайын (10n) қайталанып отырады.Бұл жағдайда шеңбер ішіндегі элементтердің ауысу тетігі өзгеруіне байланысты ғасырдың жән мыңжылдықтың соңында Жер ғаламшарындағы катаклизмдер көбейеді.

Неге олар 100 және 1000 жыл сайын қайталанып отырады? Жерді қоршаған ырғақ 10 элементтен тұрады. 10 элементтен тұратын жүйенің жай ырғағы –10-ға, ал толық ырғағы (циклі) 100 –ге (10х10) тең. Толық ырғақ қалыптасу үшін ырғақтың әрбір құралымы барлық құралымдармен түйісіп өтуі қажет. БұлЖерді қоршаған ырғақтың тұрақты бағдарланған уақыттық әсерге тәуелді болуына байланысты. Бұл жағдайда кеңістік әсердің ешқандай қатысы жоқ.

Әрбір элемент құны 1 жыл деп есептесек, онда Жерді қоршаған жүйенің жай ырғағы 10 жылға, ал толық ырғағы - 100 жылға тең. Осыдан барып жер бетіндегі уақыттық ырғақтың ең бір тұрақты түрі - 100 жыл, ғасыр деген уақыт өлшемдік ұғым пайда болған. Иерахиялық саты бойынша бұл жүйенің келесі ырғақтық сатысының толық аяқталуына 1 000 (10х10х10) жыл керек.

Жерді қоршаған 10 элементті жүйенің толық ырғағы барлық уақытта қара-қоңыр жұптың “ІН“ сыңары - қоңырмен аяқталып отырады. Жоғарыда сипатталғандай жаңа ырғақ барлық уақытта күлгін-көк жұптың “ЕН” сыңары – күлгінмен басталады. Сондықтан толық ырғақ (100 жыл, 1000 жыл және т.б.) аяқталып, жаңа ырғақ басталғанда көрші жұптар арасында аттас емес жартылары шектесіп, бір жұптан екінші жұпқа ауысу үдерісі бұзылуына әкеліп соғады. Осыған байланысты ескі ғасырдың және мың жылдықтың аяқталуы, келесі ғасырдың және мың жылдықтың басталуы апаттармен, ерекше құбылыстармен байқалады. Оның мысалы, 1999 жылдың 11 тамызында болған Күннің толық тұтылуы, 2000 жылы жыл бойы Күн мен Айдың жалпы 6 тұтылуы болды. Жер ғаламшарында соңғы уақытта ең көп күн-ай тұтылуы 1917 жылы байқалған. Сол себептен дүние жүзінің көп бөліктерінде төңкеріс болды, ал Ресейде екі төңкеріс болды. Бұл сияқты құбылыстар жергілікті жерде болатын апаттардың алдын-ала білдірілген белгісі болып табылады.

Сонымен Жерді қоршай орналасқан 10 элементтің алғашқы төртеуі (екі жұбы) Жер дүниесінде болатын барлық құбылыстардың негізін құрайтын қуат пайда болуын қамтамасыз етуге бағыталған. Бес жұптың тектестіктері келесіше сипатталады: жел соғады, ауа кептіреді, топырақ ылғал сіңіреді, от ыстық береді, су суық тартады.

Бес жұптан үш бейтараптық қалыптасады. Ол үшеуі: жел, ылғал, ыстық. Жел табиғатынан бейтарап. Ылғал бейтараптық ылғал (ЕН) және құрғақ (ІН), ал ыстық бейтараптық ыстық (ЕН) және суық (ІН) қосылу нәтижесінде қалыптасады. Шеңбер ішінде жалпы бейтараптық қалыптастыру үшін қарама-қарсы жұптар қатар орналасады. Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы барлық құбылыстар және құрылымдар қалыптасуы үш бейтараптыққа байланысты болғандықтан үш жағдай, конститутция деген ұғым қалыптасқан. Ол Европалық ұғым бойынша құрылымдық (морфологиялық), Үнді философиясы ұғымы бойынша доша және т.б. комбинацияларда кездесуі мүмкін. Мысалы, ауа райы дегеніміз шеңбердегі бейтараптықты қамтамасыз ететін үш топтың: жел, ылғал-құрғақ және ыстық-суықтың сипаттарының жиынтық көрсеткіштері. Ал ырғақ қалыптасу үшін осы үшеуіне жарық әсері қосылады.

Қорыта келе тұжырымдарымыз, қуат барлығының бастамасы; ылғал, топырақ бұл күн көру және тіршілік негізі; ыстық, от бұл тіршілік қуаты; суық, қара бұл күю, жойылу тіршілік соңы. Ырғақтың басталудан аяқталуға дейінгі негізгі белгілері осылай қалыптасады.

10 бастаманың әрбір жұбының бір жыл ішіндегі ұзақтығы 72 тәулікке, әрбір элементтің әсер уақыты 36 тәулікке тең.

Циклдің әрбір құралымының 1-мен басталып 10-мен аяқталатын, араб цифрларымен белгіленетін, өзіндік кезекті саны бар. Жалпы қабылданған қағида бойынша 0 цифрі 1 санымен ауыстырылады. Онға дейінгі әрбір санның өзіне тән ақпараттық ерекшеліктері бар. Әрбір сан белгілі тектес ақпаратқа жатады.

Жер ғаламшары жағдайындағы барлық құбылыстар және құрылымдар оны қоршаған абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделі» (аспанның) 10 элементінен пайда болады да және сәйкес ақпарат түріне бейімделуді қамтамасыз етеді. Жер жағдайында пайда болған әрбір нәрсе сол өзі пайда болған тектес ақпарат түрін қабылдап және соған бейімделу арқылы күн көріп және тіршілік ете алады. Сондықтан Жер қызметін қамтамасыз ету үшін бұл бес жұптың Жер ғаламшарына ғана тән орналасу ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктердің ең негізгісі Жер ғаламшары және оның төрт құбылысының, төрт жыл мезгілінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған болуы қажет. Бұл жағдай бес жұп бастамалар қосу белгісін құрап, Жер ғаламшары оның ортасында орналасқанда ғана қамтамасыз етіледі. Сол себепті Жер ғаламшарының өзінде бұл бес жұп бастамалар қосу белгісін құрап орналасады. Сондықтан бейтарап жұп (жел, ағаш) ортада орналасады да, қалған төрт жұп бейтараптық құру үшін қарама-қарсылары біріне бірі қарсы орналасады. Мысалы, құрғақ ылғалға қарсы, суық ыстыққа қарсы. Осының нәтижесінде Жер ғаламшарының төрт мезгілі, төрт құбыласы қалыптасады.

Жер ғаламшары жағдайында «Қосу» белгісінің қалай қалыптасу механизмін қарастырайық.Шеңбер ортасынан басталады да содан шыққан сәулелердің қосылуы арқылы қалыптасады. Барлық үдерістер желден басталуына байланысты Жер ғаламшары жағдайында «жел» жұбы центрде орналасады. Ары қарай қажетті жағдайға байланысты қалған төрт жұптардың орналасуының өз ерекшеліктері бар. Сондықтан да қалған төрт жұп Жер ғаламшарында және организмде әрқайсысының ерекшелігіне байланысты әртүрлі орналасады.

Бейтараптық қағидасына сәйкес кез-келген цикл жұптың ЕН бөлігінен басталады. Жер жағдайындағы барлық құрылымдар негізі топырақ, жер құрамына тәуелді. Сондықтан біз тұрып жатқан ғаламшардың аты үлкен әріптен басталатын «Жер» аталады. Жер ғаламшарының негізін құрайтын құралым топырақ кіші әріптен басталатын «жер» деп аталады. Адам ұғымы да «балшық (жерден, топырақтан)» құралған деген ұғымдармен белгіленеді. Бұлар Жер ғаламшары, топырақтың (жердің) және адамның тектес ақпарат түрінен пайда болғанын көрсетеді. Сондықтан адамның күн көріп және тіршілік етуі оның Жер ғаламшарына және тұрып жатқан аймағының жеріне (топырағына) бейімделуіне тікелей байланысты болып келеді.



Абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделі» жағдайында адамның биологиялық өмірін қамтамасыз ету үшін Жер ғаламшары бес жұп элементтің бірі есебінен өзі ортада орналасады. Бес жұп элементтердің қалған төрт жұп элементтері Жер ғаламшарының төрт құбыласының, жылдың төрт маусымының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты абсолютті жетілген жүйенің «Жер моделінің» бес жұп элементтері Жер ғаламшарын және ондағы құбылыстарды қалыптастыру үшін «Қосу» белгісі түрінде орналасады. «Қосу» белгісінің ортасында Жер ғаламшарының өзі, ал оны қоршай шеңбер түрінде кезегімен төрт құбыла, жылдың төрт маусымы орналасады. Жер ғаламшарын қоршай орналасқан төрт жұп элементтердің алғашқысы болып барлығының негізі және бастамасы болып келетін келесі тектес ақпараттық құбылыстар мен құрылымдар: ылғал, жер (топырақ), шығыс, көктем орналасады.

Бұл туралы Кітаптарла келесі нұсқаулар бар: «1Жалғыз ең алдымен аспан және Жерді жаратты. 2Жер көрінбейтін және бос еді, тұңғайықтың үсті қараңғы болды... 3Жалғыз айтты: «сәуле болсын»-деп. Сәуле болды (Күн шықты). 4Жалғыз жарықты қараңғыдан бөлді. 5Жалғыз қараңғыны түн, сәулені күн деп белгіледі. Кеш болды, таң атты: жаңа (бір) күн болды (Б.Жар. Б-1;). Сондықтан Жер жаратылған алғашқы күн «жаңа күн» - наурыз деп аталады. Көне парсы тілінденава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»). Қазақтар бұл күнді: «Ұлыстың ұлы күні, яғни Жер жаратылған күн»- деп атайды.



Жер жағдайында Жер ғаламшары ортада жел тектестік түрінде орналасуына байланысты қалған төрт жұп элемент Жер ғаламшарын қоршай «Қосу» белгісі түрінде орналасып шеңбер құрайды. Бұл шеңбер Жер ғаламшарындағы барлық құрылымдардың негізін құрайтын жерден, топырақтан басталады. Топырақ пен ылғал екеуі тектес ұғымдар. Ылғал элементі бейтараптық қасиетке байланысты екі жартыдан ЕН және ІН тұрады. ЕН ылғал жасыл түске, ІН ылғал сары түске тектес болып келеді. Ақпараттар орналасу заңдылығына қатысты шеңбердің бірінші элементі болуына байланысты алғашқы болып бұл жұптың ЕН жартысы орналасады. Себебі барлық құбылыстар ЕН-нен басталады. Сондықтан Жер ғаламшарының өзіне ғана тән төрт бөлікті шеңберінің бірніш төрттен бірі ылғалдың ЕН жартысы жасыл түстен басталып, ІН жартысы сары түспен аяқталады.

Жылдың басы жаңаның пайда болуын және оның ары қарай жалғасуын қамтамасыз ететін құбылыстардан басталуы шарт. Бұл құбылыстар негізінен кез келген үдерістің өтуін, энергия және заттар алмасуын қамтамасыз ететін жер және ылғал тектес элементтер арқылы жүзеге асады. Сондықтан жылдың басында энергия көзі болатын жарық артады. Бұл түн және күннің тепе-теңдігінде жарық уақыттың көбеюінен, яғни «Ұлыстың ұлы күнінің, наурыздың» басталуына әкеліп соғады. Заттар алмасуын қамтамасыз ету үшін жылдың басындағы маусым ылғал жұппен қамтамасыз етіледі де, жаңбыр көп болады. Өзінің табиғаты бойынша ылғал ЕН жартылық қасиетіне ие, сондықтан ылғал жұбы шеңбердің сағат тілі бағытымен оң жағында, бірінші төрттен бірі бөлігінде орналасады. Бұл маусым жылдың ырғақтық бастамасы көктеммен, төрт бағыттың бастамасы шығыспен тектес болып келеді. Бұл мезгілдің ұзақтығы жылдың төрттен біріне – 90 тәулікке тең және үш айдан тұрады.

Жер ғаламшарына тән ырғақта шеңбер бойынша ылғал, топырақ жұбынан кейін орналасқаны ыстық, от жұбы. От жұбыда өзінің табиғатына байланысты ЕН жартылық қасиетке ие. Сондықтан от жұбы бейтараптық қағидасына байланысты ылғал жұбынан соң шеңбердің сағат тілі бағытымен оң бөлігінде, шеңбердің екінші төрттен бірінде орналасады. От жұбы бейтараптық заңдылығына байланысты екі жартыдан ЕН және ІН тұрады. ЕН от қызыл түске, ІН от қызыл сары түске тектес болып келеді. Шеңбер ішіндегі ақпараттар орналасу заңдылығына байланысты алдыңғы, ылғал жұбының ІН бөлігі сары түстен соң от жұбының ІН бөлігі қызыл сары түс орналасады. Жұп ары қарай қызыл жұптың ЕН бөлігі қызылмен аяқталады.

От Жер ғаламшары жағдайында үдерістерді қамтамасыз етуге қажетті қуат көзі болып табылады. Сондықтан от жұбы құрылымдарды құрайтын топырақ жұбынан кейін орналасады да, құрылымдарда болатын барлық үдерістерді қуатпен жабдықтайды. От жұбы Жер жағдайында жандыны пісіріп жетілдіретін маусым жазбен, үдерістер қуаты болып табылатын жылумен, оңтүстік бағытпен тектес болып келеді. Бұл мерзім де 3 айдан, 90 тәуліктен тұрады.

Жер ғаламшарында 4 бағыт болуына байланысты ырғақта келесі үшінші бағыт болып ылғалдың қарама-қарсысы құрғақ орналасады. Құрғақ табиғатына байланысты ІН қасиетіне ие. Сондықтан құрғақ элемент шеңбердің ІН жартысының бастамасы үшінші төрттен бірде орналасады. Алдыңғы қызыл жұп ЕН бөлігі қызылмен аяқталуына байланысты бейтараптық қағидаға сәйкес бұл жұп ЕН бөлігі ақпен басталып, ІН бөлігі көгілдірмен аяқталады. Бұл жұп Жер жағдайында өсімдіктердің пісіп жетілген, құрғақ маусым уақыты күзбен, барлығының қортындысын шығаруға жақындаған бағыт батыспен тектес болып келеді. Бұл мерзім де 3 айдан, 90 тәуліктен тұрады.

Шеңбердің төртінші бөлігін ыстық жұпқа қарсы орналасқан суық жұп құрайды. Суық табиғатына байланысты ІН қасиетіне ие. Сондықтан суық жұп құрғақ жұппен қосылып шеңбердің ІН жартысын құрайды. Алдыңғы ақ жұп ІН бөлігі көгілдір түспен аяқталуына байланысты қара жұп бейтараптық қағидаға сәйкес ІН бөлігі қоңыр түспен басталып, ЕН бөлігі қара түспен аяқталып, шеңбер басталатын ылғалдың ЕН бөлігі жасыл түспен шектеседі. Бұл жұп Жер жағдайында үдерістің толық аяқталып, қатқан маусым уақыты қыспен, барлығының қортындысы шығып тұрақталған солтүстікпен тектес болып келеді. Бұл мерзім де 3 айдан, 90 тәуліктен тұрады.

Сонымен Жер ғаламшарында он (бес жұп) элемент Қосу белгісін құрағанда пайда болған Жердің ішкі шеңбері ылғал жұптың ЕН бөлігі – жасылдан басталып, суық жұптың ЕН бөлігі - қарамен аяқталады. Бейтараптық қағидасына сәйкес жартылар жұп ішінде қарама-қарсылықты, жұп арасында шектескенде аттастықты сақтайды.

Ылғал (ЕН) және ыстық (ЕН) жұптар қосылып Жердің ішкі ырғағы шеңберінің ЕН бөлігі қалыптасуын қамтамасыз етеді. Құрғақ (ІН) және суық (ІН) жұптар қосылып Жердің ішкі ырғағы шеңберінің ІН бөлігі қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қосу белгісі Жер ғаламшары жағдайындағы барлық ақпараттардың негізі болып келетін бес жұп элементтің жүзеге асуы және Жер үшін құбылыстардың өту бағытын көрсететін белгі болып табылады.

Сонымен Қосу белгісінің қалыптасуы Жер ғаламшары жағдайында Жерді қоршай орналасқан негізгі он (бес жұп) ақпарат түрінің амалға асу шарты болып табылады.

Үдерістің Жер ғаламшарында өтуін қамтамасыз ететін соңғы бастамаға байланысты дүниенің төрт бұрышы, жылдың төрт кезеңі, “қосу”белгісі және екінің көбейтіндісі болып табылатын сандармен сипатталатын құбылыстар туралы ұғымдар қалыптасқан. Мысалы, ай екі жартыдан тұрады: айдың толуы және жұқаруы. Бұның әрқайсысы екі аптаға созылады. Сондықтан бір ай екі жартыдан, төрт аптадан құралады да, кезектісі айдың жаңасынан басталады. Осыған байланысты бағыттар: шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік ұғымдары және жылдың төрт мезгілі: көктем, жаз, күз және қыс қалыптасқан.

“Қосу” белгісі Жер жағдайындағы толық сәйкестіліктің көрсеткіші болып табылады. Ол біріне-бірі перпендикуляр орналасқан, жиынтығы нолге тең болып нүктемен белгіленетін екі қарама-қарсы жұптықпен белгіленген. Сол себептен “қосу” адамның толық салауаттылығын қалыптастыратын әдістердің жиынтық белгісі болып келеді. Қосу белгісінің ортасы, сызықтардың түйіскен жері, екі қарама-қарсының (төрт жақтың) теңдей түйіскен немесе шыққан жері - нүкте бесінші жұпты, яғни барлығы он элемент, құрайды. Сол себептен Қосу белгісі он элементтің толық тепе-теңдігі есебінде салауаттылық белгісі болып табылады. Сондықтан Жер жағдайында шипагерлікпен айналысатын барлық мекемелер және ұжымдарға “қосу” белгісі таңба болып белгіленген. Медицина қызыл қосу белгісімен, ветеринария – көк, ботаника – жасыл таңбаланады.

Жүйедегі үдерістердің өтуінің төрт фазылы болуы тек қанаЖер ғаламшарына тән қасиет. Бұл Жердің Қосу белгісін қалыптастыра орналасқан жұмыс ырғағына байланысты. Сондықтан Жердегі уақыт-кеңістік факторлар (үш жазықты кеңістік және уақыт) басқа жағдайларда, ең арғысы біздің ғарышта да жүзеге аспайды. Сол себептен төрт элементті параметрлер Жерден басқада орналасқан, өздеріне тән кеңістік-уақыттық ерекшеліктері бар жүйелерде жұмыс істемейді.



Осыған байланысты Аристотель философиясында төрт элементтік жүйелер, Гиппократ медицинасында – төрт сүйықтық туралы ұғымдар қалыптасқан.

Бес жұп бастама Жер ғаламшарының ішкі ырғағында «Қосу» белгісін құрып орналасуына байланысты, бес жұптың элементтерінің өзара әсерлері де осы жағдайда «Қосу»белгісінде қалай орналасқандарына тәуелді болады. Бұл жағдайда ылғал – құрғақ және ыстық-суық тек қана қарама-қарсы орналасып, жүйенің бейтараптығын қамтамасыз етеді. Бейтараптық құруға байланысты ылғал-құрғақ және ыстық-суық бір кешенді әсердің ішінде бірге бола алмайды.Осы шеңбер бойында орналасқан жұп әсерлер тек қана көршілерімен бірімен ғана және орталықпен кешен құруы мүмкін. Дүние бағыттары мен жыл маусымдырының кезектері қалыптасуы да төрт жұп элементтердің Жердің ішкі шеңбері бойында орналасуынатәуелді.Мысалы, орталықта орналасқан жел көршілері ылғал, ыстық, құрғақ және суықтың біреуімен ғана кешен құра алады. Осыған байланысты табиғатта желдің бес түрі: жел, ылғал жел, ыстық жел, құрғақ жел және суық жел қалыптасады.Бес жұп элементтердің ЕН бөліктері өз алдына, ал ІН бөліктері өз алдына аттас бөліктерімен ғана ішін-ара кешен құрады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген желдің бес түрінің өз алдына ЕН және ІН түрлері болады. Бес жұпэлементтердің ЕН бөліктері ІН бөлектерімен, ал ІН бөліктері ЕН бөліктерімен кешен құра алмайды. Келесі элемент ылғал жұбы көршілері жел, ыстық немесе суық жұптармен ғана кешен құра алады. Сондықтан ылғал жұптан келесі элементті және кешенді әсер түрлері қалыптасады: ылғал, ылғалдың желі, ылғалдың ыстығы, ылғалдың суығы, ылғалдың желді ыстығы, ылғалдың желді суығы. Бес жұп элементтердің өзара әсерлері нәтижесінде пайда болатын элементтер әсерлері кешендері №5 және №6 кестелерде көрсетілген.

Кесте №5

Бес жұп элементтердің ЕН бөліктерінің Жер ғаламшарының ішкі шеңберінде «Қосу» белгісін құрып орналасқанда қалыптасатын табиғи құбылыстар мен әсерлердің кешендік элементтік құрамдарының түрлері


Негізгі ақпарат түрлерінің элементтік құрылымдары және кешендері

Элементтегі

элементтер

Бес жұптағы элементтер

ЕН жел

ЕН ылғал

ЕН құрғақ

ЕН ыстық

ЕН суық

ЕН жел

Жел

Ылғалдың желі

Құрғақтың желі

Ыстықтың желі

Суықтың желі

ЕН ылғал

Ылғал

жел

Ылғал




Ыстықтың ылғалы

Суықтың ылғалы

ЕН ыстық

Ыстық жел

Ылғалдың ыстығы

Құрғақтың ыстығы

Ыстық




ЕН құрғақ

Құрғақ

жел




Құрғақ

Ыстықтың

құрғағы

Суықтың құрғағы

ЕН суық


Суық жел

Ылғалдың суығы

Құрғақтың суығы




Суық

Кешенді әсер 1




Ылғалдыңжелді ыстығы

Құрғақтың желді

ыстығы

Ыстықтың желді ылғалы

Суықтың желді

ылғалы

Кешенді әсер 2




Ылғалдың желді суығы

Құрғақтың желді

суығы

Ыстықтың

желді

құрғағы

Суықтың желді

құрғағы

Кесте №6

Бес жұп элементтердің ЕН бөліктерінің Жер ғаламшарының ішкі шеңберінде «Қосу» белгісін құрып орналасқанда қалыптасатын табиғи құбылыстар мен әсерлердің кешендік элементтік құрамдарының түрлері

Негізгі ақпарат түрлерінің элементтік құрылымдары және кешендері

Элементтегі

элементтер

Бес жұптағы элементтер

ІН жел

ІН ылғал

ІН құрғақ

ІН ыстық

ІН суық

ІН жел

Жел

Ылғалдың желі

Құрғақтың желі

Ыстықтың желі

Суықтың желі

ІН ылғал

Ылғал

жел

Ылғал




Ыстықтың ылғалы

Суықтың ылғалы

ІН ыстық

Ыстық жел

Ылғалдың ыстығы

Құрғақтың ыстығы

Ыстық




ІН құрғақ

Құрғақ

жел




Құрғақ

Ыстықтың

құрғағы

Суықтың құрғағы

ІН суық


Суық жел

Ылғалдың суығы

Құрғақтың суығы




Суық

Кешенді әсер 1




Ылғалдыңжелді ыстығы

Құрғақтың желді

ыстығы

Ыстықтың желді ылғалы

Суықтың желді

ылғалы

Кешенді әсер 2




Ылғалдың желді суығы

Құрғақтың желді

суығы

Ыстықтың

желді

құрғағы

Суықтың желді

құрғағы

Бес жұп элементтердің «Қосу» белгісін құрып орналасуына және олардың төрт жұбының Жер ғаламшарының ішкі шеңберіндегіауысу кезегіне байланысты дүние бағыттары мен жыл маусымдары қалыптасады. Жоғарыда суреттеп жазылғандай Жер ғаламшары жағдайында барлық үдерістердің өтуін энергиямен қамтамасыз ететін бейтарап жұп жел «Қосу» белгісінің ортасында орналасады. Жер ғаламшары өзін қоршаған материалданған кеңістіктің ортасында орналасады. Осыған байланысты табиғаты әр түрлі Жер ғаламшары және жел тектес элементтер жұбы «Қосу» белгісінің ортасында орналасады. Жер жағдайындағы барлық үдерістерді қамтамасыз ету үшін қалған төрт жұп элементтер өз қажеттілігіне байланысты бейтараптық заңдылығы негізінде ішкі шеңберде орналасады.

Жер ғаламшарындағы материалданған ақпараттың негізін химиялық қосылыстар құрады. Химиялық үдерістер негізінде Жер ғаламшары жағдайындағы тіршілік және күн көру қамтамасыз етіледі. Сондықтан төрт жұп элементтерден тұратын Жер ғаламшарының ішкі шеңбері Жер жағдайындағы барлық табиғи химиялық қосылыстардан құралатын топырақтан, жерден басталады. Топырақ тектес басқа құбылыстар мен құрылымдар да ішкі шеңбердің алғашқы төрттен бірінде орналасады. Топырақ тектес құбылыстар мен құрылымдарға келесілер жатады: элементтерден – ылғал жұбы, жыл мезгілінен-көктем, дүние бағытынан – шығыс және т.б. Бейтараптық заңдылығына байланысты төрт жұп элементтерден құралған Жер ғаламшарының ішкі шеңберінде тектес элементтер келесі кезекпен: ылғал, ыстық, құрғақ, суық орналасады (№ 7 кесте,сурет).

№7 кесте

«Қосу» белгісін құрап орналасқан бес жұп элементтердің Жер ғаламшарының ішкі шеңберіндегі төрт жұбының тектес құбылыстар мен құрылымдары

Құбылыстар,

құрылымдар

Жұп элементтер түрлері

Ылғал

Ыстық

Құрғақ

Суық

Элементтер

Топырақ

От

Ауа

Су

Дүние бағыты

Шығыс

Оңтүстік

Батыс

Солтүстік

Жыл мезгілі

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

Айлар

Наурыз,

Сәуір,

Мамыр

Маусым,

Шілде,

Тамыз

Қыркүйек,

Қазан,

Қараша

Желтоқсан,

Қаңтар,

Ақпан

Темпарамент

Сангвиник

Холерик

Флегматик

Меланхолик

Организм адамның күн көріп және тіршілік етуін заттар және энергия алмасулары арқылы қамтамасыз етеді. Ал заттар алмасуы негізінен сұйық ортада өтеді. Заттар алмасу үшін қуат қажет және де алмасуы нәтижесінде пайда болған бейімделуге қажетті құбылыстар мен құрылымдарды ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін қоймалжың балшық тәріздес құрылым керек. Осыған байланысты басқару қағидасына сәйкес организмдегі құбылыстар және заттар алмасуының өтуін қамтамасыз етіп тұрақтандыру үшін үш жағдай: қуат, сұйық және «балшық тәрізді» орта қалыптасады. «Балшық тәрізді» ортаны қысқаша «балшық» деп белгіледік. Бұл үш жағдай европалық медицинада морфологиялық конституция (астеник, нормостеник, гиперстеник), үнді медицинасында үш доша (вата, капха, питта) және т.б. деп аталып жүр.

Әрбір адамның тектік, гендік ерекшелігіне байланысты бұл үш жағдайдың өзара қатынасы тек қана соған тән болып келеді. Үш жағдайдың өзара әсерлерінің келесі түрлері болуы мүмкін. Үш жағдайдың біреуі басым болуы (3 түр), тең болуы (1 түр) немесе екі жағдай басым болуы (3 түр) кездесуі мүмкін. Осыған байланысты әрбір жеке адам организмінде тек қана соған тән заттар алмасуы ерекшелігі қалыптасады. Сонымен негізгі үш жағдайдың өзара әсерлері нәтижесінде 7 түр қалыптасуы мүмкін.

Организмде заттар және энергия алмасуын жүзеге асырып, оның сыртқы ортаға (аспанға және Жерге) бейімделуін қамтамасыз ету үшін денеге тән бес жұп элементтердің өздерінің орналасу ерекшелігі қалыптасады. Бұл қалыптасу ерекшелігі адамның балшықтан жаратылып, аспан және Жер ғаламшарының арасында орналасуына байланысты. Адам организмі Жер ғаламшарына бейімделу арқылы күн көріп және тіршілік ететін болғаннан соң организмдегі бес жұп элементтің орналасуы Жердің ішкі шеңберіндегі тәрізді «Қосу» белгісін құрып орналасады. Денедегі заттар алмасуын және бейімделуді қамтамасыз ету үшін организм шеңберінде топырақ (ылғал) және су (суық) жұптарының орындары ауысады. Организмде бес жұп элементтердің «Қосу» құрып осындай комбинацияда орналасуы олардың өзара әсерлерінің нәтижесінде жоғарыда сипатталған үш жағдайдың: энергия, сұйық және балшық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Энергия барлық үдерістер негізі болуына байланысты оның қалыптасуының қамтамасыз етілуіне негізінен екі жұп: желкен (жел) және ауа (құрғақтық) қатысады. Ал сұйық қалыптасуын от (ыстық) жұбы, су (суық) жұбының ІН жартысы және желкен (жел) қамтамасыз етеді. Балшық өзінің табиғатына байланысты топырақ (ылғал) жұбы, су (суық) жұптың ЕН жартысынан және желкеннен (жел) қалыптасады. Суретте көрсетілгендей барлық үдерістерді қамтамасыз етуге қуат (жел жұбы) қатысып отырады (сурет).

Бес жұп элементтер Жер ғаламшары жағдайында даму циклінің негізін құрайтын кезектесіп келетін келесі бес үдерісті: өсу, жетілу, толу, қартаю және тозу қамтамасыз ету үшін даму шеңберінде бұл жұптар келесі кезекте: желек, от, топырақ, құрғақ және суық болып орналасады. Адамға әсердің барлығы негізінен оның дамуына әсер ету арқылы байқалады. Осыған байланысты Қытай дәстүлі медицинасында у-син қағидасын қарастырғанда және емдеу шараларын қолдану негізіне бес жұп элементтердің даму циклде орналасу принципі алынған. (сурет, кесте №8 ).

Кесте №8


Жер ғаламшарындағы организмдегі дамуды және оған әсер етуді қамтамасыз ету үшін бес жұп элементтердің орналасу ерекшеліктеріТолықтыру, сипаттап жазу

Қасиет,

құралым


Орындаушы тектес ақпараттар түрлері

Жұп басы

Күлгін

Қызыл

Жасыл

Ақ

Қара

Әсер

Жел

Ыстық

Ылғал

Құрғақ

Суық

Құрылым

Желек,ағаш

От, жалын

Топырақ,жер

Металл,ауа, эфир

Су

Даму сатылары

Өсу

Жетілу

Толу

Қартаю

Тозу

Планета

Юпитер

Марс

Сатурн

Венера

Меркурий

Ғаламшар

Болпан 

Қызыл жұлдыз

Қоңырқай 

Шолпан 

Есек қырған 

Эмоция

Ашу

Қайғы

Дабыл

Қуаныш

Қорқу

Менталдік

Бірегейлік

Сана

Ерік

Құмарлық

Даналық

Негізгі және даму циклдерінде бес жұптың орын ауысуының мысалының бірі еркектер мен әйелдерде қан тамыры соғуы арқылы онекі мүшенің жағдайын анықтау болып келеді. Еркек ЕН жарты болуына байланысты оның онекі мүшесінің жағдайын анықтағанда элементтер негізгі Жер ғаламшарының негізгі шеңберінде орналасуына байланысты анықталады. Алғашқы негізгі шеңберде оң жақта құрғақ және ылғал, ал сол жақта ыстық және суық тектес ақпараттар орналасады. Осыған байланысты еркектерде кәрі жілік артериясында оң білезікте қол басының ұшынан бірінші болып құрғақ тектес мүшелер - тоқ ішек, өкпе; ортада жылу тектес мүшелер - сань-цзяо, синь-бао, соңында ылғал тектес мүшелер - асқазан, талақ; ал сол білезікте бірінші ыстық тектес жүйелер -ащы ішек, жүрек; ортада жел тектес мүшелер - өт қабы, бауыр; соңында суық тектес мүшелер - қуық, бүйректер орналасады (суреттер).

Ал әйелдерде ұрықтың дамуы қамтамасыз етілуіне байланысты оларды даму циклінде әсерлер орналасуы яғни ІН принципі қолданылады. Даму циклінің шеңберінде оң жақта құрғақ және ылғал, ал сол жақта ыстық және суық тектес ақпараттар орналасады. Сондықтан әйелдерде кәрі жілік артериясында қол басының ұшынан бастап оң білезікте бірінші ыстық тектес мүшелер - ащы ішек, жүрек; ортада ылғал тектес мүшелер - асқазан, талақ; соңында жылу тектес мүшелер - сань-цзяо, синь-бао, ал сол білезікте қол басының ұшынан бастап бірінші құрғақ тектес мүшелер - тоқ ішек, өкпе; ортада жел тектес мүшелер - өт қабы, бауыр; соңында суық тектес мүшелер - қуық, бүйректер орналасады.Мұның себебі еркек ЕН жарты есебінде өзіне тән тектік ақпараттың гаплоидты құрамын жеткізеді де, әйел ІН жарты есебінде ұрықтануға қажетті тектік ақпараттың екінші гаплоидты құраммен қамтамасыз етеді. Бұған қосымшаәйел организмі баланың жатырда дамып жетілуін толығымен жүзеге асырады (суреттер).

Көктен келетін 7 ақпарат түрінен Жер ғаламшары жағдайында 10 элементтік ырғақтық жүйе қалыптасады. Бұл жүйе бес жұп элементтер құрып Жерді айнала орналасады. Ал Жер ғаламшарының өзінде бұл бес жұп әсер жыл мерзімдерінің және төрт бағыттың қалыптасуын қамтамасыз ету үшін «Қосу» құрып орналасады. Адам организмі күн көріп және тіршілік етуінің негіздері энергия және заттар алмасуын, бейімделуін қамтамасыз ету үшін бұл бес жұп элемент «Қосу» белгісі негізінде организмге тән ерекшелікпен орналасады. Он элементтің осылай орналасуы организмге қажетті үш жағдайдың: қуат, сұйықтық және балшық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Ал енді организмнің дамуы және оған әсерлердің жүзе асуы қажетіне байланысты 10 элемент дамуды қамтамасыз етуге тән шеңберлік циклде орналасады. Он элементтің Жер ғаламшарын қоршай орналасқан негізгі шеңбер қалыптасуынан бұл шеңбердің айырмашылығы құрғақ және ыстық орындарын ауыстырып орналасады.

Сонымен, көктен келген 7 элемент Жер ғаламшары жағдайында Жерге тән 10 құрады. Жердегі әртүрлі ұйымдасу деңгейіне тән әртүрлі үдерістер өту қажеттілігіне қажеттілікке байланысты бұл он элементтердің комбинациясы өзгеріліп отырылуы мүмкін. Элементтердің комбинациялық ерекшеліктеріне қарамастан әрбір ұйымдасу деңгейінде жүйе және ырғақтар қалыптасу ережелері толығымен сақталады.

Жер ғаламшары жағдайында көктен келген жеті басты элементтен пайда болған он негізгі элемент бес жұп құрып Жерді қоршай шеңбер болып орналасады. Бейтараптықты қамтамасыз ету үшін қарама-қарсы жұптар шеңбер бойында қатар орналасады. Бұл жағдайда шеңбер басында бейтарап жұп жел орналасады. Одан соң құрғақ жұп (ІН) және ылғал жұп (ЕН) қатар болып бейтараптық құрайды. Көршілес жұптар арасынды аттастық болуы қамтамасыз ету үшін келесі бөлік өзінің ЕН жұбы ыстықтан басталады да одан соң ІН жұп суықпен шеңбер аяқталады.

Бес жұп элемент Жер ғаламшарын құрғанда бейтарап жұп жел ортада орналасады. Бұл жағдайда ритм ылғал жұптан (ЕН) басталып, содан соң ыстық жұппен (ЕН) жалғасып Жер ғаламшарының ЕН жартысын құрайды. Шеңбер бойында одан соң ылғал жұптың (ЕН) қарама-қарсысы құрғақ жұп (ІН) орналасады. Құрғақ өз кезегінде ыстық жұптың (ЕН) қарама-қарсысы суық жұппен (ІН) жалғасады. Соңғы екі жұп (құрғақ және суық) Жер ғаламшарының ІН жартысын құрайды. Бұл жағдайда шеңбердегі әрбір жұп жыл мезгіліне және Жер бағытына сәйкес болып келеді.

Организмнің күн көріп және тіршілік етуі оның бейімделу мүмкіншілігіне байланысты. Бейімделуді қамтамасыз ету үшін организмде әсер нәтижесінде болған заттар және энергия алмасуларының өзгерістерін сақтау керек. Сондықтан организмде 10 элементтердің орналасу ерекшелігі осы үдерістерді қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін организмде келесі үш жағдай болуы қажет: заттар алмасуына керек қуат, заттар алмасуының қажетті деңгейде жүруін қамтамасыз ететін сұйық орта және болған құбылыстардың сақтап, бейімделуді жүзеге асыратын тұрақтандырушы «балшық» орта.

Организмде 10 элементтер оған тән бейімделу, күн көру және тіршілік ету ерекшеліктерін қамтамасыз ету үшін Жер ғаламшарының ішкі орналасуы сияқты Қосу белгісін құрып орналасады. Жұптардың орналасуында организмге тән ерекшеліктерді қамтамасыз ететін өзіндік комбинациясы болады.

Кез-келген бейтараптық қарама-қарсы жұптықтың теңдігімен қамтамасыз етіледі. Ол жұптың бірінші жартысы ЕН, бастамасы, сырты оның ақпараты болып келеді де, екінші қарама-қарсы жартысы ІН аяқталуы, іші, ақпараттың жүзеге асу орны болып табылады. Сондықтан циклдің ішіндегі басталатын бірінші жұп оның ЕН жартысымен басталып, оның ІН жартысына жалғасады. Шеңбер ішіндегі келесі жұптың қандай жартысынан басталуы алдындағы жұптың қандай жартымен аяқталғанына тәуелді. Бейтараптықты қамтамасыз ету үшін жұптар біріне бірі аттас жартылықтарымен жанасады. Жұптардың бұлай орналасуы циклдің ішінде болатын үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жер ғаламшары жағдайында барлық құбылыстар және құрылымдар осы он элементтің әртүрлі қатынастар жиынтығының нәтижесінде қалыптасады. Он элемент негізінен бес жұп құрап, яғни 5 ЕН және 5 ІН болып орналасады. Осыған байланысты данышпан Абай:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс білсеңіз» -деп, адамның тіршілік өмірінде оған ең пайдалы және ең зияндыәсер ететін бес жұп іс-әрекеттерін айтып кеткен.

Жер ғаламшары жағдайында барлық құбылыстар және үдерістер негізіне он элементтерге байланысты заңдылықтар жатады. Басқару және бейтараптық қағидаларына сәйкес он элементтердің ең тиімді орналасулары өздерінің табиғатына байланысты бес жұп болып негізгі цикл құруболып келеді. Бірақта Жер ғаламшарының және ондағы объектердің қалыптасулары үшін бұл бес жұп элементтер негізгі орналасудан басқа да комбинациялар құрып орналасулары мүмкін.

Жер ғаламшарындағы барлық объекттер, организмдер Жерді негізгі циклде қоршай орналасқан сыртқы он элементтерге бейімделу арқылы күн көріп және тіршілік етеді. Жер ғаламшарының өзі және онда орналасқан организмдер сыртқы ортаға бейімделіп дамуларын қамтамасыз ету үшін өздеріне тән, негізгі орналасудан өзгеше бес жұп элементтердің ішкі орналасу қомбинацияларын құруы мүмкін. Бұл комбинациялардың кейбіреулерінде бес жұп элементтердің топтасулары бейтараптық қағидасы және де басқа заңдылықтар негізінде қалыптасады. Мысалы, жылдың төрт мезгілін қалыптастыру, жұптасып екі топқа бөліну, үш доша және конститутция құрау және т.б.

Кейбір жағдайларда бес жұп қажетті үдерістерді қамтамасыз ету үшін жұптасып топтасуы да мүмкін. Бес жұп жұптасып топтасқанда екі қатынаста қалыптасуы мүмкін: бір жұп және төрт жұп немесе екі жұп және үш жұп. Бес жұптың табиғатта екі жұп және үш жұп болып екіге бөлінуі жиі кездеседі. Мысал ретінде табиғатта жануарлардың ұрпақ қалдыруға жауапкершілігіндегі еркегі және ұрғашысының үлестерін қарастырайық. Бұл жағдайда көбінесе еркегі шағылысқанда негізінен тек қана ұрықтануға қажетті хромосомның гаплоидты құрамын жеткізуді қамтамасыз етеді. Ұрықтың ары қарай дамуы және төлдің өзін өзі қамтамасыз етуге жетуіне ұрғашы жауапты болып келеді. Осыған байланысты жануарларда еркегі және ұрғашысы арасындағы ұрпақты қалдырудағы үлестері тең болмайды да, 2:3 қатынасы түрінде қалыптасады. Сондықтан жануарлар арасында ұрпақ қалдырудағы қызметтің көпшілігін (60%) ұрғашы атқарады да, ал қалған бөлігі (40%) еркегіне тәуелді болып келеді.

Ал адамдардың жануарлардан ұрпақ қалдырудағы ерекшелігі олар ұрпақты қоғамда тұрақты отау құру арқылы қалдырады. Тұрақты отау дегеніміз еркек және әйелдің ерікті бірігіп некелесіп жұп құруы. Ерлі-зайыптылар шаңырақ көтеріп отау болғанда ең негізгі мәселенің бірі олардың өзара қатынасы. Жеке адам есебінде әрбір жұбай өзінің еркінділігін сақтап қалуы қажет және де жұбай, осы отбасының мүшесінің бірі есебінде, оның ата-аналық және жұбайлық міндеттерін толық орындауға тиіс. Тек осы екеуі қажетті мөлшерде түсінікті мойындалған жағдайда ғана отбасында бірлік, ынтымақ, түсіністік болады. Ал егерде бұл тепе-теңдік дұрыс сақталмаса, онда от басында береке болмайды. Отау қоғамның негізгі бірлігі. Бұл тепе-теңдік бейтараптықтың екінші белгісі теңдік арқылы жүзеге асады. Бұл туралы қазақ: «Тең теңімен, тезек қабымен» - деп айтып кеткен. Бейтараптық қағида бойынша отбасындағы теңдік яғни ерлі-зайыптылырдың құқы, барлығы тең болуы керек. Отауда теңдік 50%:50% болуы қажет.

Жоғарыда көрсетілгендей биологиялық қажеттілік бойынша ұрпақ қалдырудың 60% ұрғашыға, ал 40%- еркекке байланысты. Ал қоғамда, оның негізгі бірлігі отауда, теңдік болу үшін еркекке 10% әлеуметтік артықшылық беріледі. Осының нәтижесінде жануарлар еркегі және ұрғашысы арасындағы биологиялық қажетті теңсіздік, қоғамдағы жұбайлар теңдігіне айналады. Осылайша еркек және әйел екеуінің қатынасының қоғамдағы теңдігі қалыптасады. Сол себептен Қасиетті Кітаптарда еркекке үстемшілік берілген. Бұл теңдікті қамтамасыз ету үшін әйел барлық уақытта ерінің айтқанын істеуі қажет. Отаудың құты, берекесі әйелдің көргенділігіне тәуелді. Осыған байланысты қазақ қыз тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Беттерінен қақпаған, бірақта: «Қызға қырық үйден тию»- деп болашақ ұрпақтың тазалығына зиян келтіретін іс-әрекеттерге тиым салған. Егерде әйел көргенді болса от басында береке, құт болады, әйел көргенсіз болса күнде топалаң болады, шаңырақта береке болмайды. Аталарымыз бұл туралы: «Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді, жаман әйел жақсы еркекті жер етеді» - деп тұжырым айтып кеткен.

Сонымен биологиялық қажеттілікке байланысты жануардың еркегі және ұрғашысының ұрпақ қалдырудағы жауапкершілік қатынасы 40%:60% болса, қоғамда ерлі-зайыптылардың отаудағы ұрпаққа жауапкершілігі 50%:50% болып қалыптасуы қажет.

Бес жұптың екі топқа жұптасып бөлінуінің келесі мысалы адам затында биологиялық және әлеуметтік қасиеттер қатынасының қалыптасуы. Адамды мақсатына жеткізетін оның кісілік, рухани қасиеттері. Адамның мақсаты мәңгі. Ал адамның биологиялық қасиеттері оның тіршілік өмірдегі негізгі міндеттері ұрпақ қалдыру және тамақтануды қамтамасыз етеді. Алдымен адамның рухани қасиеттері қалыптасқан, сондықтан кісінің басты бірден бір мақсаты жеке рухын оны берген Жалғызға қайтару болып табылады. Адамның мақсаты мәңгілік. Адам Ата және Хауа Ана Ібілістің азғыруымен күнә жасап Жер бетіне шыққаннан соң оларға «өлгенше табан ақы маңдай терімен Жерден тамағын тауып жеу», «бала туып ұрпақ қалдыру» міндеттері жүктелген. Бұл міндеттер адам туылғанда басталып өлгендеаяқталады. Осыған байланысты адам болмысының 60% оның кісілік қасиеттері, ал 40% биологиялық қасиеттері қалыптасуларына жұмсалады.

Бес жұп элементтер Жер ғаламшарының жыл мезгілдерін және бағыттарын қалыптастыру үшін төрт топқа бөлініп орналасады. Бұл жағдайда Жер ғаламшарының ішкі жағдайында бес жұптың бір жұбы барлығына бірдей орталықта, ал қалған төрт жұбы «Қосу» белгісін құрап орналасады. Сондықтан төрт жыл мезгілінің әрқайсысы орта есеппен жылдың жалпы қасиеттерінің 25% ие болып келеді.

Он элементтер организмде оның қызметтеріне қажетті қасиеттердің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін үш топқа бөлінеді. Олар топтар келесілер: 1) заттар алмасуын қамтамасыз ететін «қуат»; 2) заттар алмасуына қажетті «сұйық орта» және 3) өзгеріске ұшыраған ортадағы ақпараттарды тұрақтандырып бейімделуді қамтамасыз ету үшін «балшық». Организм үшін ең тиімдісі осы үшеуінің теңдей орналасуы. Ал осы үшеуінің әрбір организмге тән әртүрлі мөлшерде орналасуынан жеті комбинация түрлері қалыптасуы мүмкін.

Организм осы ерекшелігіне байланысты Еуропалық медицинада дененің негізгі үш морфологиялық түрін: астеник, нормостеник, гиперстеник; Үнді медицинасында үш конституциялық дошаны: Вата, Капха, Питта және басқа елдердің медицинасында әртүрлі конституция түрлерін ажыратады.

Адам болмысының рухани бөлігі (60%) оны өмірінің мақсатына жеткізуді қамтамасыз етеді. Адам өмірінің мақсаты аманатқа берілген жеке рухын Жалғызға қайтарып, бірлік құру. Адамның оны мақсатына жеткізетін рухани тазалығын қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін амалға асыруын оның «өмір салты» деп атайды. Осыған байланысты ДДҰ (ВОЗ): «адам затының 60% -ға дейінгі мөлшері оның өмір салтына байланысты» - деген тұжырым шығады. Адамды рухани тазалығын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттерді толық амалға асыруға, сөйтіп өз мақсатына жетуге тәрбиелеуді «салауатты өмір салтын қалыптастыру», «имандылық» деп атайды.

Адам затының екінші бөлігі организм (40%) оның күн көруін және тіршілігін, биологиялық қасиеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Организм жаннан және денеден құрылуына байланысты 40% биологиялық болмыстың 20% жанның, тектік ақпараттың сапасына, ал қалған 20% дененің сыртқы ортамен қарым-қатынасына тәуелді деген ұғым қалаптасқан.

Адам затының биологиялық қасиеттері шартсыз объективті тектік ақпараттарды жүзеге асырудан қалыптасуына байланысты ол негізінен биологиялық өмірде тұрақты болып келеді. Ал адамның рухани іс-әрекеті шартты субъективті негізде жүзеге асуына байланысты оның мөлшері биологиялық өмірде өзгеріске ұшырап отыруы мүмкін. Осы екі бөліктің амалға асу ерекшеліктеріне, олардың өзара қатынастарының өзгеруіне байланысты адам іс-әрекетінің қортынды нәтижесінің үш жағдайын ажыратады.



Бірінші жағдай - қалыпты. Бұл жағдайда адам болмысының, іс-әрекетінің 50- 60% мөлшерін ақылды дұрыс жетілдіруді, рухын тазалауды қалыптастыруға, ал 50-40% күн көруді, ұрпақ қалдыруды және тіршілігін қамтамасыз етуге, яғни биологиялық қызметтеріне жұмсайды. Сондықтан адам заты бөліктерінің негізгі қатынасы 3/2 құрайды.

Бұл жағдайда адам салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған болып саналады. Мұны имандылық деп атайды. Бұл жағдайды қазақтар “адамгершілік, кісілік” деп те атаған. Бұл ең қалыпты, жақсы жағдай. Бұл бағыттағы адамдар өздерінің түпкі мақсатына жетеді. Олар жеке рухын Жалғыздың алдына қайтарады, салауатты өмір салтын сақтаған болып саналады.



Екінші жағдайда - адамның іс-әрекетінің нәтижесі рухани тазалануды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Соған байланысты оның бойындағы рухани іс-әрекеттің мөлшері азаюы мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендей қалыпты жағдайда адамның рухани қасиеті оның болмысының 60 % құрайды. Адам бойындағы биологиялық қасиеттер (40%) шартсыз болуына байланысты олардың мөлшері өзгеріске ұшырамайды. Ал адамның бойындағы рухани қасиет шартты болуына байланысты оның көрсеткіштері өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Мысалы үшін, рухани тазалықтың мөлшері 60 % -дан 40% -ға дейін төмендеді дейік. Бұл жағдайда адам бойындағы оның рухани (40%) және биологиялық (40%) қасиеттері көрсеткіштері мөлшері теңеседі. Осының нәтижесінде олардың салыстырмалы өзара құны теңесіп 50%-дан құрайды. Ал рухани қасиеттер көрсеткіштері бұдан да (˂40%) төмендеген жағдайларда адамның бойында биологиялық қасиеттері көрсеткіштері салыстырмалы басым болып, оның барлық іс әрекеті күн көруге және тіршілік етуге ғана бағытталған болып саналады.

Адамның бойында биологиялық қасиеттердің салыстырмалы көрсеткішінің 50%-дан артық көбеюін қазақ «хайуандыққа беріліп, одан да өтіп кету», “адамгершілікті жою”, “пендешілік”, «дүние қоңыздық» - деп атайды. Бұл жағдайда адам тек қана күн көруге және тіршілік етуге, дүние табуға ауып кетеді де, соған беріледі: ақша және басқа да мүліктер жинайды, ол үшін басқаларды қанайды, оларға зорлық-зомбылық көрсетеді. Сондықтан бұл жағдай адамның тіршілік өмірінде жануарлық қызықтың іс-әрекеті (нәпсі) басым болады. Бұл бағыттағы адамдар өздерінің түпкі мақсатына жетпейді, олардың рухы Жалғыздың алдына қайтпайды, олар аманатты орындамаған, салауатты өмір салтын сақтамаған болып саналады.

Үшінші жағдайда –адам іс-әрекетінің басым көпшілігін (˃60 %) «рухани тазалануға жұмсадым» - деп ойлап, өзінің биологиялық қасиеттерінің жүзеге асыруына көңіл бөлмейді. Бұл жағдайда адамға күн көру “тәркі дүние” болып, отбасы, бала-шаға қамын, ал кейде адам жаратылған негізгі биологиялық міндет - өз ұрпағын өсіруді де ұмытады. Өзінің негізгі еңбегінің нәтижесі жоқ, кейде еңбегін жүзеге аса алмайтын әлеуметтік өзгерістер жасауға бағыттайды.

Сондықтан бұл адамда әлеуметтік әсердің басым болуы, “соқыр сенім”, “фанатизм” деп аталады. Қазақ мұны “әуейілік” деп атайды. Әуе, түркі тілінде хауа, ескі еврей тілінде ева - өмір деп аударылады. “Әуейілік” - мағнасы “тіршілік өмірде адасу” болып табылады.

Бұл бағыттағы адамдар да өздерінің түпкі мақсатына жетпейді, олардың рухы Жалғыздың алдына қайтпайды, бұлар да аманатты орындамаған, салауатты өмір салтын сақтамаған болып саналады.

Жоғарыда көрсетілгендей әрбір адамның жеке рухы мәңгілік, ол тек қана сол кісіге тән, соған ғана аманатқа тапсыралған. Сондықтан әрбір кісі аманатқа тапсырылған жеке рухына өзі ғана жауап береді. Жеке рухын Жалғызға қайтару әрбір кісінің жеке міндеті.

Ал Үнді философиясында рухтың қайтадан пайда болуы – реинкорнация деген ұғым бар. Бұл ұғым бойынша адамның рухы ол өлгеннен соң оның тіршілік өмірдегі істеген жақсылық-жамандығына байланысты басқаларға ауысып отырады. Егерде оның жақсылығы көп болса қайтадан басқа адамның рухына, ал аз болса жануардың,өсімдіктің немесе минералдың рухына айналады. Сонымен адамның рухы жойылмайды, қайтадан басқа түрлер есебінде тіршілік дүниеде қайталанып отырады деп тұжырымдайды.

Реинкорнация ұғымы қандай негізде пайда болған? Оның себебі табиғаттағы барлық құбылыстар мен құрылымдар абсолюттік жетілген жүйенің ақпаратының жеті түрінің туындылары болып келеді. Бұл басты ақпараттың бір түрінен пайда болған, ақпараттың ұйымдасуының әртүрлі деңгейінде әртүрлі құбылыс пен құрылым болып келетін жиынтықтарды тектес құрылымдар деп атайды. Себебі олардың барлығының тегі басты ақпараттың бір түрі. Ал осы тектес ақпараттар ауралары әр түрлі ұйымдасу деңгейлерінде бір текті, түсті аура болып көрінеді.

Сондықтан аура көре алатын қасиеттері бар адамдар (көріпкелдер) бір тектес ақпараты бар адамды, жануарды, өсімдікті және т.б. көргенде олар бірдей түсті ауралар көреді. Ал оның негізгі табиғатын түсіндіре алмағандықтан олар адам өлгеннен соң оның рухы, басқа адамдардың, жануарлар өсімдіктер және минералдардың рухына айналады «қайтып келіп отырады» - деп қате тұжырым қортындылайды да, реинкорнация үғымын қалыптастырады.

Ал реинкорнация құбылысы жалпы кең етек алған құбылыс емес. Ол жоқ есебінде. Үндістанның табиғи ерекшелігіне, оларда көріпкелдер көп болуына байланысты осы ұғым негізінен сонда қалыптасқан. Бұл ұғымның зиянды әсері адам өзінің рухы өлгеннен соң басқаға ауысады, сондықтан ол өз рухына жауапкершілігін түсінбейді. Бұл жағдай адамды әртүрлі жаман әрекеттер жасағанда жауапкершілігін жоққа шығаруға итермелейді.

Осыған байланысты Еуропада пайда болған келесі ұғым адамның «өткен өмірде қандай жыныс өкілі болғаны» туралы. Бұл ұғым бойынша адамның ойында одан бұрын тарихта өткен кейбір адамдардың барлық әдеті, мінезі қайталанды дейді. Оның себебі бұл адамның рухы бұрын басқа адамдікі болған, ал қәзіргі кезде осы адамнан білініп тұр деп тұжырымдайды.

Бұл құбылыстың себебі келесі үдеріске байланысты. Жоғарыда айтылғандай ең бірінші бір тұтас ақпараттық өрісте әрбір адамның жазмышы қалыптасады. Жалғыздан басқаның бәрі жұп. Сондықтан да рухтар жұптан – еркек және әйел (+-) тұрады. Ал ырғағы 1 000 - 2 400 жыл арасынды уақыт өткенде бұрынғы адамның рухы пайда болған нүктеде екінші адамның рухы пайда болады. Ал ол екеуі жұптың сыңары болуына байланысты олардағы ақпараттар біріне - бірі өте ұқсас болып келеді. Алдымен бұл рух еркекте болса, кейіннен әйелде пайда болады және керісінше. Осыңан байланысты “өткен өмір” және онда «қарама-қарсы жыныста жаратылғаны» туралы ұғым қалыптасқан.

Жоғарыда сипатталғандай, ешкімнің өткен өмірі жоқ, әрбір адамның жеке рухы тек қана соған тән және қайталанбайды. Әрбір адам аманатқа тапсырылған жеке рухына Жалғызға қайтаруға тек қана өзі жауапты.

Қорыта келе айтарымыз, абсолютті жетілген жүйе өз ішінде басты ақпарат көзі Жалғыз болуына байланысты еш нәрсеге тәуелсіз, мәңгілік қамтамасыз ете алатын бірден бір жүйе. Оның басты ақпарат көзі біртұтас ақпараттық өрісте орналасқан барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелер үшін сыртқы, басты ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан барлық жетілмеген және жай жетілген жүйелердің жаратылуы, басқарылуы, барлық қасиеттері абсолюттік жетілген жүйенің басты ақпарат көзі Жалғыздан шыққан ақпараттарға тәуелді.

Барлық жүйе түрлеріне бағдарлама абсолютті жетілген жүйенің “орындаушы” бөлігі арқылы басты ақпараттың жеті түрі есебінде жеткізіледі. Көктен келген жеті басты ақпарат түрі Жерді қоршай орналасқан он негізгі ақпараттар түрі бар жүйе құрады. Жер жағдайындағы абсолюттік жетілген жүйе үш деңгейден: 1) ақпарат көзі, 2) бір жұп реттеуші және 3) бес жұп амалға асырушы бөліктерден тұрады. Осы ақпараттардың әр түрінің негізінде иерархиялық сатының әр деңгейінде ақпараттары ұқсас, қасиеттері әр түрлі тектес құбылыстар және құралымдар пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет