Сабақтың тақырыбы: Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Гидросфера оның құрамдас бөліктерімен оның құрамы және су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:Дүниежүзінің саяси картасы,атлас,кескін карта,кесте