Сабақ Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару. Өткізген : Сейсембина Камила Зиятқызы. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы №1 мектеп-гимназия Пәні математика
бет 1/2 Дата 25.08.2017 өлшемі 102,51 Kb. #26326 түрі Сабақ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару.
Өткізген : Сейсембина Камила Зиятқызы.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы , Қордай ауылы №1 мектеп-гимназия
Пәні математика
сыныбы 5 «Б»
Сабақтың мақсаты :
1. Оқушылар ондық бөлшектерді қосу және азайту алгоритімін біледі. Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдырады, оларды оқы біледі.
2.Оқушылардың ой- өрісі шыңдалады. Есептерлерде тиімді тәсілдерін қолдануға бейімделеді.
3. Адалдыққа , зеректілікке, өжеттілікке , жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: пысықтау сабағы.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ әдісі: ойын технологиясы , өзіндік жұмыс
Көрнекілігі: презентация , қима қағаздар, плакаттар , тест тапсырмалары.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Түгендеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру, көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр оқушыға жауабына байланысты түрлі түсті қима қағаздар таратылады , сабақ соңында жинаған қима қағаздары саналады, түсіне қарай бағаланады. Сабақтың әр кезеңінде таратылып отырады.
Қызыл-өте жақсы, жасыл- жақсы , сары-қанағаттанарлық.
№1288 (тақтада)
Дәптер ауыстыру.
ІІІ. Білімді бекітуге дайындық кезеңі .
«Домино» ойыны
«Қатесін тап» қима қағаздардағы есептердің қатесін табу.
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып алып, есептеңдер.
IV . Оқулықпен жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: