Ермекова Алия Жумабаевна Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсаң арнайы білім беру ұйымының бастауыш класс мұғалімі



Дата25.08.2017
өлшемі29,56 Kb.
#26619
түріСабақ
Ермекова Алия Жумабаевна
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,

Жайсаң арнайы білім беру ұйымының

бастауыш класс мұғалімі

Қазақ тілі

Тақырыбы: «Отбасы мүшелері»

Мақсаты: 1.Отбасы туралы білімдерін кеңейту. Сөйлемдер, мәтін, диалог құрауды дұрыс сөйлеп, дұрыс түсінуге үйрету.

2. Сөздік қорын байыту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Үлкендерді сыйлай, кішіге қамқор болуға үйрету.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөзжұмбақ, мақал – мәтелдер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Қазір қандай жыл мезгілі?

Күзде неше ай бар?

Бірінші ай қандай? Екінші? Үшінші?

Бүгін ауа райы қандай?

Бүгін қай күн?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Менің атам мен әжем». Бүгінгі сабақта біз отбасы мүшелері туралы танысуды жалғастырамыз.

II. Үй жұмысын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Тұйық және бітеу буындар дегеніміз не?

Қандай отбасы мүшелерін білесіңдер?



III. Жаңа сабақ.

Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша сөйлемдер құрамыз.



Дәптермен жұмыс.

Дәптерлерімізді ашамыз күннің жадын жазамыз.

Көркем жазу.Әә Әже

Әжем шұлық тоқып отыр. Атам газет оқып отыр. Шешем көйлек тігіп отыр. Інім кітап көріп отыр. Қарындасым доп ойнап отыр.



IV. Бекіту.

Кітаппен жұмыс.

Кітаптарымызды ашамыз.

Мәтінмен жұмыс.

Оқу, аудару.



Тақтада жұмыс.

Осы берілген сөздерді екі қатарға бөліп жазасыңдар. Бірінші қатарға – тұйық буындарды, екінші қатарға – бітеу буындарды.

Ат Қар

Ас Бақ


Ай Гүл

Үй Жыл


От Жер

Ақ Жол


Ет Лақ

Сергіту сәті.

2-ші тапсырма

Оқу, аудару.

Сөздік диктант.

Ата, әже, шеше, әке, аға, апа, іні, отбасы, үй.



Сөз тіркесін тап.

Әке балабақша

Шеше кішкентай

Апа дәрігер

Аға дүкенші

Сіңілі студент

Қарындас мұғалім

Іні оқушы



Сөйлемдерді дұрыс құрап жаз

Мен, сыныпта, төртінші, оқимын.

Менің, үлкен, отбасым.

Ағам, оқиды, институтта.

Төртінші тапсырма.

Мақалдар.

Үлкенді сыйла, кішіге қамқор бол.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

Ағасына қарай інісі,

Апасына қарай сіңілісі.



V. Қорытынды.

Отбасы мүшелерін атаймыз. Кімдер?



VI. Үйге тапсырма.

5-ші тапсырма
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет