Тайман Жазира Ес туралы жалпы түсінік - Ес - бұл бейнелеудің интегралды іздік формасы. Ол кез-келген психикалық процестің негізінде жатыр. Ес психикалық өмірді ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып табылады. Есті танымдық процестердің ядросы деп атайды.
Естің түрлері
Психикалық белсенділікке қарай
Мақсатқа қарай
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай
- Қозғалыс есі
- Сезімдік ес
- Бейнелі ес
- Сөз логикалық ес
- Қысқа мерзімді
- Ұзақ мерзімді
- Оперативті ес
Естің физиологиялық теориясы. Атақты физиолог ғалым И.П.Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндірді. Яғни ми қабығындағы екі қозу үрдісінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Естің негізгі процестері Есте қалдыру Есте қалдырудың бастапқы формасы - ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Ырықсыз есте қалдыру Адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпарат санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады. Механикалық Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Ес процестері Қандай да нысанды тану сол объектіні қабылдау кезінде көрінеді, яғни объектнің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиял елестері негізінде іске асырылады. Ұмыту Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі - уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Естің бұзылуы Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әр түрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |