Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі



Дата07.05.2017
өлшемі24,3 Kb.
#15989
  • Есімдік
  • Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі.
  • А.Ысқақов
  • Есімдіктер- сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың атын, сынын, санын атап көрсетпейтіндіктен, осы сөз табына енетін сөздердің нақтылы мағыналары, көбінесе, контексте, яғни өздерінен бұрын не соң айтылатын сөздермен байланысты айқындалады.
  • Ә. Төлеуов
  • Есімдік- лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы. Есімдіктер- мағынасы тым жалпы сөздер.
  • Қазақ тілі грамматикасы

Есімдіктердің шығу төркіні

  • Есімдіктер шығу төркіні жағынан 2 топқа бөлінеді:
  • Өте ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер: мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, сол, т.б.
  • 2. Соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер:
  • 2.1 Лексикалық жолмен жасалған: бар, біреу, бүкіл, түгел, әр, күллі, пәлен.
  • 2.2 Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған: мына-у, ана-у, сона-у; барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші.
  • 2.3 Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған: бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, ешкім, кімде-кім, қай-қайсы, т.б.
  • Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
  • Есімдіктердің мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мысалы: мен, сен, кім?, біреу, өзі, т.б.
  • Есімдіктердің жалпылама мағыналары белгілі бір сөйлемдерде, контексте қолдану ретіне қарай және сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдың жүйесіне қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отырады. Мысалы: Арман бес жаста. Ол оқи да, жаза да біледі.
  • Есімдіктер әрқашан субъектімен байланысты болады. Олар сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары мен қасиеттеріне қатынасын көрсетуші сөздер болып саналады. Мысалы: Кідірмей-ақ, Қартқожа, сен құнаныңа мініп, бұ кісіге ер-дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал.
  • Морфологиялық ерекшеліктері
  • Есімдік
  • Субстантивтік-
  • заттық ұғымдағы
  • сөздер
  • Атрибутивтік-
  • заттың белгісі
  • ұғымындағы
  • сөздер
  • Субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданылады. Мысалы: сендер, менің, кімге?
  • Атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда, түрлену формаларының ешқайсысын қабылдамайды. Мысалы: бұл, сол, қай? Түрлену формалары атрибутивтік есімдіктерге тек субстантивтенген жағдайда ғана қосыла алады.
  • Есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі формалары немесе өзгеру тәсілі жоқ.
  • Көптік мағынаны білдіретін з морфемасы. Мысалы: Сіз, біз.
  • Н дыбысы жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалып, барыс септігінде пайда болады.
  • Есімдіктерден жаңа сөз жасалмайды.
  • Синтаксистік қызметі
  • Біз ауылға бірге бардық.- бастауыш
  • Мен үшін сондай достың бірі сенсің.- баяндауыш
  • Кіммен күрес деп отырсыңдар?- толықтауыш
  • Ертең менің әжемнің туған күні.- анықтауыш
  • Кітап дүкендерінен қарап көр, бәлкім, сонда болар.- пысықтауыш
  • Есімдіктің түрлері
  • Белгісіздік
  • Болымсыздық
  • Жалпылау
  • Өздік
  • Сұрау
  • Сілтеу
  • Жіктеу
  • Есімдік

Жіктеу есімдіктері

  • Әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер.
  • Ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады: Ол оқудың жайын сұрады. Ал егер заттар мен құбылыс, іс-әрекет, сан-сапа, т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады: Ол жарыста бәйгеге түсе алатын білімділер, зейінділер.
  • Жекеше түрінде
  • Мен- сөйлеушіні көрсетуші
  • Сен, сіз- тыңдаушыны көрсетуші
  • Ол- бөгде кісіні көрсетуші сөздер
  • Көпше түрде
  • Біз, біздер- сөйлеушіге тән топты көрсетуші
  • Сендер, сіздер- сөйлеушінің сөзі арналған топты көрсетуші
  • Олар- бөгде топты көрсетуші сөздер
  • Жіктеу есімдіктері әрқилы морфологиялық түрлендіруші формаларды қабылдай алады.
  • Атау мен
  • Ілік менің
  • Барыс маған
  • Табыс мені
  • Жатыс менде
  • Шығыс менен
  • Көмектес менімен

Сілтеу есімдіктері

  • Аралық қатынастарды көрсетеді.
  • Сілтеу есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді.
  • Жақын
  • Алысырақ // жақынырақ
  • Алыс
  • Бұл
  • -
  • Ол
  • Міне
  • Әні
  • -
  • Мына
  • Ана
  • Сона
  • Мынау
  • Анау
  • Сонау
  • (Осы)
  • Осынау
  • (Сонау)
  • Осы
  • -
  • Сол
  • -
  • -
  • Түу (түнеу), тонау

Сөз таптарының орнына қолданыла алады:

  • Зат есім: 80-жылдарда жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп кетіп жүрген.
  • Сын есім: Кіші үйдің бозінгені бүгін тағы өлді. Мойнақтан ол үй енді таза болды.
  • Сан есім: Жұмыс басталуына он екі күн қалған екен. Бұл күндердің ішінде талай іс бітіруге болады.
  • Есімдік сөздер: Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады.
  • Етістік: Жармұхамет кешіккен соң, оның үйінде күтіп отырған болыс пәтеріне қайтты. Мұны көріп тұрған Берікбол мен Малтабар сарттың дүкенінен шықты.
  • Өзге сөздер орнына қолданылатын есімдіктер
  • Өзге сөздердің орнына қолданылмайтын есімдіктер
  • Бұл, ол, мына, ана, мынау, анау, осы, сол
  • Міне, әне, сона, сонау, түу

Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қабылдай алады.

  • Міне
  • Әне
  • Осынау + Тәуелдік жалғауы
  • Сонау
  • Түу
  • Міне
  • Мынау
  • Әне
  • Анау Септелмейді
  • Осынау
  • Сонау
  • Түу

Көптік жалғауын қабылдайды:

  • Бұл- бұлар
  • Ол- олар
  • Мына- мыналар
  • Ана- аналар
  • Осы- осылар
  • Сол- солар

Сұрау есімдіктері

  • Заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын, т.б. білдіретін сөздер.
  • Кім? Не? Қай? Қайсы? Қандай? Қалай? Қайда? Қайдан? Қашан? Қанша? Неше? Нешінші? Қаншасы?
  • Бірыңғай морфологиялық түрленуі не синтаксистік қызметі жоқ.
  • Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері ғана тәуелденеді.
  • Жіктік жалғаулары тек кім? қандай? қалай? қайсы? есімдіктеріне ғана жалғанады.
  • Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері септеледі.
  • Көптік жалғауы кім? не? қайсы? неше? есімдіктеріне жалғанады.

Өздік есімдіктері

  • Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер.
  • Өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері.
  • Тәуелдік жалғауының –нікі, -дікі формасы жалғанып қолданылады.
  • Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі. Мысалы: өзіммін, өзімсің, өзімсіздер
  • Септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалғанады.
  • Атау өзім
  • Ілік өзімнің
  • Барыс өзіме
  • Табыс өзімді
  • Жатыс өзімде
  • Шығыс өзімнен
  • Көмектес өзіммен

Жалпылау есімдіктері

  • Белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты-жалпылау мағынадағы сөздер.
  • Бәрі есімдігі атау формада субстанциялық ұғымды білдіреді. Басқалары өзінің негізгі формасында қолданылғанда атрибуттық ұғымды білдіреді.
  • Тәуелдік жалғаулары бар, барлық, барша, бәрі сөздеріне ортақ тәуелдеу түрінде ғана жалғанады. Мысалы: баршамызға, бәрің.
  • Атрибуттық мәндегі күллі, бүкіл, тамам есімдіктері тәуелденбейді.
  • Жіктік жалғауы жалпылау есімдіктеріне жалғанбайды.
  • Субстантивтенген түрлері ғана тәуелденіп барып септеледі.

Белгісіздік есімдіктері

  • Заттар мен құбылыстарды және олардың сан, сапа белгілерін, мекен, амал тағы басқаларын анық етіп ашып айтпай, тұспалдап қана көрсететін, яғни мағыналары нақтылы түрде берілмей, белгісіз мәнде айтылатын есімдік түрі.
  • Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан күрделі 2 салаға бөлінеді:
  • Лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бір, біреу, кей, әр, әлде.
  • Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бірдеңе, бірнеше, бірнәрсе, кейбіреу, әлдекім, әлдеқайда, әркім, әрқайсы.

Өзге сөз таптарының қызметін атқарулары

  • Сын есім: бір, кей, әр, пәлен, әлдеқайда. Әр ауылдың, әр үйдің бір қазанбұзары, бір биі болады.
  • Зат есім: біреу, әлдене, әлдекім, кейбіреу, әркім, әрнәрсе, әрнеңе. Сыртта біреу жүргендей көрінді.
  • Сан есім: бірнеше, әлденеше. Бірнеше жоба көрсетілді.
  • Үстеу: әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай. Ойы бөлініп, қиялы әлдеқайда отыр еді.
  • Біреу, бірнеше, бір, кей, кейбір есімдіктері тек ортақ тәуелдеу түрінде тәуелдік жалғауларын қабылдайды.
  • Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.
  • Көптік жалғаулары бірдеңе, бірнәрсе, біреу, әлдекім, әлдене, әркім, әрнеңе, кейбіреу есімдіктеріне жалғанады.
  • Бір, бірнеше, кей, кейбір, кейбіреу, әлденеше, әрбір есімдіктері тәуелденіп барып септік жалғауларын қабылдайды.

Болымсыздық есімдіктері

  • Жалпы болымды мағыналарға қарама-қарсы болымсыздық мағыналарда қолданылады.
  • Еш, ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешбір, ешқайсы, ешқашан, бір де, бір де бір, дәнеңе.
  • Болымсыздық есімдіктерінің жасалу тәсілдері
  • Лексикалық тәсіл
  • Морфологиялық тәсіл
  • Синтаксистік тәсіл
  • Түк, дым, еш. Ақсақалдар жиылып, бір-екі рет бас қосса да, дым бітіре алмады.
  • Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқашан, дәнеңе. Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды.
  • Бір де, бір де бір. Ертеңгі ататын таңның бүгінгі батқан күннен бір де бір айырмашылығы жоқ.
  • Болымсыздық есімдіктері жіктік жалғауларын және көптік жалғауларын тікелей қабылдамайды. Көптік жалғаулары ештеңе, ешнәрсе, ешқайсы, дәнеңе, түк есімдіктеріне тәуелдік жалғауларымен бірге жүріп жалғанады: ештеңелері, түктері.
  • Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері жекеше түрде тәуелденеді. Ешбір, бір де бір есімдіктері көпше түрінде тәуелденеді.
  • Болымсыздық есімдіктерінің септелу жүйесі біркелкі емес. Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері жекеше түрінде септік жалғауларының барлық формаларын қабылдайды, көпше түрінде септелмейді. Тәуелденген түрінде жекеше, көпше түрінде септеледі. Мысалы: Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ.
  • Атрибутивтік ешбір, ешқайсы, ешқандай, бір де бір есімдіктері жай түрінде септелмейді. Ал тәуелденген кезде жекеше түрінде 2-3- жақтарда септеледі. Мысалы: ешбірің, ешбіріңнің, ешбіріңе, т.т.
  • Назарларыңызға рахмет!

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет