Ғылыми жетекші: Ахметова А. К



Дата06.06.2024
өлшемі67,33 Kb.
#203217
Байланысты:
конференция
5ff3599ac3a62b9e499bbad2ce51af7f original.191488



Автор: Турсынбекова Д.Б
Ғылыми жетекші: Ахметова А.К
Абай облысы, Семей қаласы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі», 4 курс, Бастауыш білім беру мұғалімі
Бағыты: « Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері »

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру»




Зерттеудің өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді тәсілдерін зерттеу;


Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық негіздерін қарастыру;
Зерттеудің міндеттері:
-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын анықтау;
-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру үшін мұғалім тарапынан жасалынатын әрекеттерді айқындау;
-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін зерделеу;
Зерттеу әдістері: интернет ресурстарын қолдану; ғылыми әдебиеттерді оқу; қосымша ақпарат көздерін пайдалану;
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер, оқушы бойына функционалдық сауаттылықты сіңіретін болсақ, онда қазақ халқының азамат, азаматшыларының бойында сауаттылық қабілеттері болар еді.
Кілт сөздер: Функционалдық сауаттылық, бастауыш сынып.

1969 жылы қыркүйек айында Тегеран қаласында өткен сауатсыздықты жою бойынша ағарту саласы министрлерінің Дүниежүзілік конгресінде «функционалдық сауаттылық» термині енгізілген болатын.


Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада, қарым – қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік орта мен қарым – қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым – қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым – қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционал- дық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасын-да ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс - әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет. Сонымен қоса білім беру деңгейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесі не дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына негіз деп құру тиімді болмақ. функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу және тағы басқадай негізгі құзыреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге және де функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
С.Г. Вершилинский мен М.Д.Матюшкина «функционалдық сауаттылық» ұғымын мектеп түлектерінің сауаттылық көрсеткіштері ретінде қарастырады, мәселен;
- жалпы сауаттылық ( шығарма, реферат жазу, есептегішсіз есептерді шығару, анкета толтыру)
-ақпараттық сауаттылық (желіден қажетті ақпаратты таба білу, электронды почтамен хат алмасу, мәтін теру мен шығару)
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу, жазу сауаттылықтарын қалыптастыруда, ең алдымен, кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау мен сөйлеуі маңызды орын алады. Бұл орайда Аймауытов, Б.В.Беляев, Е.И.Пассов, Н.И.Жинкиндердің ойлау мен сөйлеу секілді күрделі психикалық құбылыстар туралы ой-пікірлері талданады. Ой ұйымдасқан сөйлесім үдерісіне айналуы үшін адам өзіне қажетті үлгіні, ойды дәл бейнелейтін сөзді таңдап алатын іштей сөйлеудің кезеңдерінен өтуі тиіс. Сөйлесім – айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуды талап ететін, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас негізінде іске асатын ортақ құбылыс. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда іштей сөйлеу мен сөйлесімнің мәнін назарға алу олар орындайтын жаттығулар мен тапсырмаларды іріктеуде маңызды рөл атқарады.
Қорытындылай келе, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделеніп отыру керек. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымды, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, құзыреттілектерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады. Дәл осындай әрекеттер жүзеге асқанда ғана баланың функционалдық сауаттылығы арта түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет ресурстар:


1.Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (бастауыш сыныптар) әдістемелік журналы, Астана 2013
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған іс – қимыл жоспары. Астана, Әділет, 2012
3. https://bilimger.kz/118469/
4.https://bilimainasy.kz/%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0-%D3%99%D1%80-%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D1%96-%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD-%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BD-%D0%BF%D0%B0/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет