«физика» ПӘнінен 8-сыныптың КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары



бет1/6
Дата11.11.2023
өлшемі177 Kb.
#191023
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 сынып


Түсінік хат

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім акадимиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған 2019 жылғы Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген 8-сыныптарда білім берупроцесі: ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары бойынша 8-сынып физика пәніне күнтізбелік тақырыптық жоспары жасалынды. 2019-2020 оқу жылына аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.


Физика пәнін оқыту мақсаты – 8-сыныпта үш бөлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм», «Геометриялық оптика» оқытылады. Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны, негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге бағытталатыны қарастырылады.
Физика пәнінің оқыту міндеттері – оқушылар физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Оқушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай, мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және оның нәтижесін көре білу.
Күтілетін нәтиже - оқушылар практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтап, жобалық тапсырмалар орындап, тәжірибелер мен эксперименттер жасау дағдылары қалыптасады.

«ФИЗИКА» ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
68 сағат, аптасына 2 рет



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырып/ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескертулер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет