Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, қазақ әдебиетін оқытудың маңызы, мақсат-міндеті



бет1/12
Дата03.03.2022
өлшемі27,36 Kb.
#134251
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
11 КМЖ кажет акпарат
vliyanie-gormonalnyh-i-substratnyh-preparatov-na-rost-obmen-veschestv-i-adaptivnye-sposobnosti-zhivotnyh, мазмун куратор

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, қазақ әдебиетін оқытудың маңызы, мақсат-міндеті
Негізгі орта білім, жалпы орта білім беру ісінде міндетті түрде басшылыққа алынатын басты мемлекеттік нормативтік құжаттар бар. Олар – «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». «Қазақ әдебиеті» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары осы стандарттар негізінде жасалды.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, қазақ әдебиетінің басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Білім алушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдеби-теориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, қазақ әдебиетін оқытудың мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту. Сонымен қатар жаңартылған оқу бағдарламасында теориялық материалдарға ерекше назар аудартады. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет