Физиканы оқыту әдістемесі



бет1/12
Дата26.03.2022
өлшемі30,49 Kb.
#136836
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
фдт лекция
силабус Математикалық физика әдістері, Серікбай Алмас 3ФКО ОЛимп есеп 4-апта, Серікбай Алмас 3ФКО Атомдық физика 7-апта, кб 2, ICT emt 354, Мадениеттану-психология емтихан каз, сессия дшы ответы-1, лаб, ОСӨЖ Мол физика, ОСӨЖ-11. Айсауыт Р. 2МФПКО, 701 800, задание 1, Жұмағалиева Айжан срсп 1, Документ Microsoft Word (3)

Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.

Оқыту технологиясы – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы

Оқытуды гуманизациялау – барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдік көзқарас, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.

Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Физиканы оқыту әдістемесі.


  2. Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.


  3. Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.


  4. Физиканы оқыту әдістемесі, физиканы оқу әдістемесі, оқыту технологиясы ұғымдарының мәнін көрсетіңіз




  1. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері: физика ғылымының негізін меңгеру (бағдарламалық мәселелерді білу, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру)


  2. Оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру




Дәрістің қысқаша мазмұны
1.Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері: физика ғылымының негізін меңгеру (бағдарламалық мәселелерді білу, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру) оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.
Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.
Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.
Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде жоспар бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.

Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.

Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.

Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.
Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:
-физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;
-тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;
-мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру;
-аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу.
Сонымен физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі барысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.
Жалпы алғанда мынадай қорытындыға келеміз:

Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет