Габбасова Самал Саркенқызы «№7 орта мектеп» кмм с. Сейфуллин. «Ақсақ киік»



Дата28.01.2018
өлшемі60,65 Kb.
#35284
Габбасова Самал Саркенқызы

«№7 орта мектеп» КММ


С. Сейфуллин. «Ақсақ киік»


Мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын меңгерту, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру; әдебиет теориясынан мағлұмат алу. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ғылыми жұмысқа баулу, пікірлерін дәлелдей, қорғай білуге, оқығандарын еркін түрде жүйелі әдеби тілмен жеткізе білуге дағдылану. Сөз өнері мен саз өнерін түсіне білуге жетелейді.

Міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді; бір-бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, проблема қою, әңгімелеу, зерттеу.
Пәнаралық байланыс: география, сурет, тарих, ән-музыка, бейнелеу, экология.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның портреті, Қазақстан картасы, жануарлар, бетпақдала суреттері, слайдтар, бейнеролик..

Барысы: Психологиялық дайындық. Тренинг: жылы сөздер, тілектер. Суреттер арқылы оқушыларды үш топқа бөлу, көшбасшы, спикер, тайм скипер, бағалаушы тағайындау. Топтың аттары Экологтар, әдебиетшілер, зерттеушілер. 3 минут.

Үй тапсырмасын сұрау. 5 минут



Сакен Сейфуллин. Көркем табиғаттың сұлулығын суреттеген, оны  қорғай білуге үндеген ақын-жазушылардың бірі – Көкшетаудай  әсем табиғаттан нәр алған Сәкен Сейфуллин. Олай болса,  ақын өмірінен берілген мәліметтерге көз жүгіртейік. Сәкен атамыз туралы не білеміз, соны көрейік.



Картография

Қандай аңның суреті шықты, балалар, көрейікші (киік суреті)

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Киік туралы не білесіңдер?

Киіктің екі суреті таратылады, сол бойынша оқушылар киік туралы мәлімет береді. Мәліметті интернет арқылы іздейді (телефон, планшет, компьютер арқылы) 6 минут.

( Ақбөкен, киік – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.)



Видеоролик. Киіктердің суреттер топтамасы-2 минут

Мұғалім: С. Сейфуллин – айналадағы құбылыстардың күйін қозғап, сезімін өлеңмен өріп өрнектен, әсем жырлар жазған лирик ақын. Жаны нәзік ақын өлең ғана емес, ән де жазған. Оның лирикалық өлеңдері жаныңды баурап, мейіріміңді қандырады. Сәкеннің табиғатты қорғауға, аялауға  үндейтін өлеңінің бірі, бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы «Ақсақ киік» өлеңі, олай болса балалар кәне өлеңді оқып шығайық. Оқылым (Мәтінді оқып шығу)

Өлең бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Сондықтан өлеңді мұқият тыңдаңыздар (домбырамен Құрманғазының «Ақсақ киік» өлеңі)



«Күншуақ ойыны» арқылы мына сұрақтарды қою. Сұрақтар топтарға таратылады.

Микрофон әдісін де қолданамын. 5 минут

1. Өлеңде қандай жерді суреттеген? (Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұтақтардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.)

2. Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, баялыш, жусан шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер)

3. Киікті суреттеу. (Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу)

4. Киіктің портреті қандай?

(Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім

Көздері мөлдіреген ақ бөкенді

Қап-қара екі көзі мөлдіреген

Әдемі екі танау желбіреген).



5. Өлең қалай аяқталған? (Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады)
1 топ – Постермен жұмыс – Экология қызыл кітап туралы.

2 топ – Коллаж – Бетпақдаланы зерттеу.

3 топ – Өлеңнен әдебиет теориясын табу (эпитет, пейзаж, теңеу) 7 минут.

Миға шабуыл. «Конверт сұрақ» әдісі бойынша оқушылардың өлең туралы ой толғауы. 7 минут

1. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,

«Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» деген жолдардан өз ойыңды өрбіт. (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем, ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр).
2. Өлең саған несімен әсерлі болды? (Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені – адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)

3. Егер сен ақын болсаң өлеңді қалай аяқтар едің?

4. Ақсап қалған киікке қандай болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит – құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.)

5. Экология, Қызыл кітап туралы айтып бер.

6. Қазіргі заманмен салыстыру.

СКТТ өлеңге талдау жасау 7 минут. (1.Тақырыбы:киіктің аянышты тағдырына арналған;2.жанр түрі поэзия (өлең); 3.идеясы табиғатты қорғауға, жоғалып бара жатқан жануарларға қамқор болуға тәрбиелейді. 2. Шумақ саны -17; Тармақ саны 68; бунақ саны 3-3 бунақты; буын саны – 11; ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы а-а-б-а.
Балалар киік туралы кім тағы қандай ақын жазушылардың өлеңдерін білеміз.

Бекіту: С. Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады. Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен”өлеңімен толықтырған. Сөзі: Несіпбек Айтұлы Әні: Жалғас Назарұлының өлеңімен аяқтаймыз.

Дертімді менің қозғама

Онсызда ғұмыр аз ғана,

Айталмай кеткен сырың бар

Жадырып тұрған жазға да.

Адасып жүрген ақбөкен!

Қай жаққа ауып барасың

Қай жақтан пана табасың

 Өзегі өксік дүние-ай



Өртеніп, күиіп- жанасың!

Асарсың шаршап сан қырдан,

Ақ боран шығар алдыңнан

Қорғансыз болып тұрған соң

Жақсылық күтпе тағдырдан.

Шексіз ғой мынау қара жер,

Өзіңді өзің пана көр

Ажалдан қашқан тіршілік,

Сағымдай заулап аға бер.

Бағалау парағына көшбасшының бағалауы 3 минут. Мұғалімнің қорытынды бағасы.

Рефлексия 3 минут. Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді. Оқушылар стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі.
Үйге тапсырма

1) Өлеңнен үзінді жаттау



2) Қазақстанның «Қызыл кітапқа» енген жануарлар және құстар туралы мәлімет жинап келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет