Гормондар. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. Метаболизмнің нейрогуморальды реттелуі туралы түсінік. Гормондардың жіктелуі. Гормондардың әсер етуінің екіншілік механизмі. Гипоталамус-гипофиз жүйесінің гормондары және олардың нейроэндокринді реттелудегі



бет1/5
Дата06.12.2022
өлшемі309,95 Kb.
#161526
  1   2   3   4   5
Байланысты:
каз РЗЧ гипофиз, гипоталям гормондары


Гормондар. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. Метаболизмнің нейрогуморальды реттелуі туралы түсінік. Гормондардың жіктелуі. Гормондардың әсер етуінің екіншілік механизмі. Гипоталамус-гипофиз жүйесінің гормондары және олардың нейроэндокринді реттелудегі рөлі
  • Гормондар - эндокриндік жүйенің бездерінде аз мөлшерде синтезделетін, қанға бөлінетін, зат алмасуды реттейтін органикалық заттар боып табылады

Гормондардың жіктелуі
I. Белокты-пептидті гормондар. Олар үшке бөлінеді:
А.- гормондар- пептидтер (вазопрессин, окситоцин - 9, глю­кагон – 29, кальцитонин – 32 аминқышқылдардың қалдықтары);
Б. – гормондар - жай белоктар (инсулин, СТГ)
В. - гормондар – күрделі белоктар, көбінесе гликопротеиндер (ФСГ, ЛГ).
II. Гормондар – аминқышқылдардың тұындылары (катехоламиндер, Т3 және Т4 – тирозиннен түзіледі).
III. Стероидты гормондар:
Бүйрек үсті безінің гормондары (кортикостероидтар);
жыныс гормондары (андрогендер, эстрогендер , прогестиндер)

Олардан басқа:

  • Эйкозаноидтар (простагландиндер, тромбоксандар және лейкотриеныдер) – көп қанықпаған майқышқылдарының туындылары
  • Гормоноидтар: асқазан шырышты қабатының жасушаларында гастрин түзіледі, ол пепсиноген мен тұз қышқылының түзілуін ынталандырады;
  • серотонин - ол ашы ішек шырышты қабатының эпителий жасушалары арқылы түзіледі және оның перистальтикасын реттейді;
  • гистамин – дәнекер тінінің семізше жасушаларында түзіледі және тіндердің сенсибилизация, қабыну және ісіну реакцияларын бақылайды

Гормоналды реттелудің иерархиялық жүйесі

1)гипоталамуста ОЖЖ-дан немесе адам ағзасының ішкі ортасындағы химиялық агенттерінен келетін сигналдардың әсерінен либериндер мен статиндер түзіледі

2) гипофизде гипоталамустың либериндері мен статиндерінің бақылауымен тропты гормондар түзіледі

3) Шеткі эндокриндік бездерде гипофиздің тропты гормондарының әсерінен бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында глюко - және минералокортикостероидтар, бүйрек үсті безінің милы қабатында катехоламиндер, қалқанша безінде – Т3 және Т4, жыныс бездерінде – эстрогендер, прогестиндер, тестостерон түзіледі

  • Перифериялық эндокриндік бездердің гормондары қанға бөлінеді, нысана органдардың арнайы рецепторларымен ұсталады және олардағы зат алмасуды реттейді
  • Бүкіл эндокриндік жүйенің функционалды белсенділігі тікелей ғана емес, кері байланыс принципі бойынша да бақыланады және реттеледі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет