химиялық элементтердің электр терістілігі , радиоактивтілігі, валенттік және тотығу дәрежесі
Электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.
Егер байланыс түзуші элементтердің электртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді.
Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі
1
Электр терістігі
Заттың формуласындағы атомдар сандарын білу үшін оны өрнектеуге арналған жаңа түсінікпен танысайық, ол валенттілік деп аталады. Валенттілік дегеніміз бір элемент атомының басқа бір элемент атомының белгілі бір санын қосып алуы. Валенттілік түсінігін ғылымға Э. Франкленд енгізген.
Валенттіліктің бірлігі ретінде сутектің валенттілігі алынған, сутек қосылыстарында әркашан бір валентті деп есептеледі. Өзімізге белгілі судың формуласы Н20 (аш екі о), ол молекуланың сутектің 2 атомы мен оттектің бір атомынан тұратынын көрсетеді. Судың кұрамында оттектің бір атомына сутектің екі атомы сөйкес келеді екен. Оны былай көрсетсек Н-О-Н оттектің валенттілігі екіге тең екенін байқаймыз. Өйткені сутек бір жағымен байланысса, оттек екі жағымен де байланысады.
Валенттілік
Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады. Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп қарастыруға болмайтындықтан, Тотығу дәрежесі шартты түрде алынады. Тотығу дәрежесінің оң мәні (+) берген электрон санын, ал теріс мәні (-) қосып алған электрон санын көрсетеді. Элементтердің Т. д-н белгілегенде алдымен таңбасы, содан соң сандық мәні жазылады. Мысалы, Mn+7, S+6, S-2, Cl+5, O-2, H+1, т.с.с.
Тотығу дәрежесі
Радиоактивті заттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті құлдырау, яғни атомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді.
Радиоактивті заттар альфа, бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер шығара алады, оның залалдау әрекеті адамдар мен жануарлардың сырттай сәулеленуі түрінде көрінеді. Радиоактивті сәулеленудің зиянды биологиялық әрекеті тірі клеткалардың иондануы ағзадағы химиялық өзгерістердің әр түрлі процестері арқылы көрінеді.
Радиоактивті заттар