«Ы. Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы» Іс-шараның мақсаты



Дата17.09.2024
өлшемі32,18 Kb.
#204468
Байланысты:
№ 2


«Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы»
Іс-шараның мақсаты:
Шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше Ыбырай
Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар
білімін толықтыру. Тіл білімінің негізін салушы, ұлт мақтанышы
Ы.Алтынсариннің шығармаларынан ғибрат алу, оқушыларды
еңбекке, иманжүзділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ы.Алтынсариннің суреті, өмірі мен шығармашылығы туралы
бейнефильм
1- бейнефильмді тамашаймыз
Мұғалім 1:
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы
демократы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде
дүниеге келген.Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа
бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған... деп он жасар немересі
Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.
Мұғалім 2:
Ы.Алтынсарин – қазақтың тұңғыш педагогы, ағартушысы, қазақ
балалар әдебиетінің атасы, ақын, реалист жазушы, тіл тазалығы
үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер. Ы. Алтынсарин тұңғыш
ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын,
мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған
жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты
тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып,
онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға
Бір Аллаға сиынып, Эдгар
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.


Істің болар қайыры Саша Б
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық, Эмир
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық, Сафина
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық, Тамерлан
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық, Матвей
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Надандықтын белгісі -
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас.
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық, Давыд
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны – ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық, Аймерей
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата–ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата–енең қартайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық, Тимур
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата–енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.
Өнер - білім бар жұрттар Алиса
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді, Лаура
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес Ц. Ваня
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
Мұғалім 1:
Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе,
екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу,
өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы
береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп,
оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін
түсіндіреді.
Мұғалім 2:
Ыбырай атамыздың өміріндегі болған айтулы оқиғалар туралы
бейнефильм тамашалайық
2- Бейнефильм
Мұғалім 1:
Жазушы әңгімелерінің
басты тақырыбы: адамгершілік,
мейірімділік жайлы, еңбек, тәрбие, талаптылық, әдептілік, еліне,
жеріне, ата-анаға деген сүйіспеншілік туралы
Көрініс «Бақша ағаштары»
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен
бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын
көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп
сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық
бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен
өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де
өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек;
мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің
айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып
өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен
ағаштай қисық өсерсің,- деді.
Балалар бұл әңгімеде не туралы айтылған: оқушылардың өз
ойлары.
(Өсіп келе жатқан жас буынды еңбекті сүюге, адалдыққа, жалқау
болмауға шықырады.)
Мұғалім 2:
Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне
ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол
арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне
салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан
Кім сендерді балалар сүйетұғын, Гузель


Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін, Радаев Р
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Г Ярослав
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше, Л Артем
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше
Бала, бала, бала! деп, А Балжан
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргетіп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Мұғалім 1:
Балалар, Ыбырай атамыздың тәрбиелік әңгімелерінен тағы бір
көріністі тамашалайық
Көрініс «Әке мен бала»
Балалар бұл әңгімеде не туралы айтылған: оқушылардың өз
ойлары.
Мұғалім 2:
Ыбырай Алтынсариннің басқа тақырыптарға жазылған өлеңдері
көп. Сол өлеңдерді тыңдайық
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз, Рамазан
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас. Милена
Бас ауырса бақсыларды
Алып келіп бақтырарсың.
Жазықсыз жануарды сойып,
Өкпеменен қақтырырсың.
Жын - бәлекет қашады деп, Кира Ч
Тұмар алып тақтырарсың.
Білмес надан еткен істен.
Ешбір қайыр табылмас.
Алған жарың жаман болса,
Бір Тәңірге көп налырсың.
Жарым сондай болса екен деп, Амир
Көрінгенге көз саларсың.
Әз елде маңдайыңа нені жазса соны аларсың.
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас. Кира Т
Катының өлсе қарыс ұрып қаларсың.
Аны - мұны қармалап,
Және біреуді аларсың.
Бір кеткен соң қамқор әке - шешең табылмас.
Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айлана
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады, Жанкожа
Денеңде бар дертінді қашырады.


Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да София К
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды. С Ален
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жаныбында, Лев Г
Дәм болар алуан - алуан балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Құдіретін құдайымның көресін бе? К Артем
Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
Арыстан демалуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар терісіне...
Мұғалім 1:
Балалар, жазушының достық тақырыбына жазылған «Екі дос»
әнгімесінен көрініс көрейік.
Көрініс «Екі дос»
Балалар бұл әңгімеде не туралы айтылған: оқушылардың өз
ойлары.
Мұғалім 2:
Балалар Ыбырай атамызға арналған шағын әдеби кешіміз осымен
аяқталды. Ыбырай Алтынсарин туралы әлі де айтылмаған көп нәрсе
бар. Бірақ, бүгінгі шарадан өздеріңе «Ыбырай атамыз кім?» деген
сұраққа жауап алған шығарсыңдар деген ойдамыз.
Қош сау болыңыздар!


Ы.Алтынсарин өмірі, шығармашылығы.
Әдеби кеш
Іс-шараның мақсаты:
Шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар білімін толықтыру. Тіл білімінің негізін салушы, ұлт мақтанышы Ы.Алтынсариннің шығармаларынан ғибрат алу, оқушыларды еңбекке, иманжүзділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ы.Алтынсариннің суреті, өмірі мен шығармаларынан шағын көрме.

Кіріспе: Шам жағылып тұрады. Ы.Алтынсарин туралы видео.

1 жүргізуші Карина:
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген.Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен -аман

Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.




2 жүргізуші Сағит:
Ы.Алтынсарин - қазақтың тұңғыш педагогы, ағартушысы, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ақын, реалист жазушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер. Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы -педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

Оқушылар Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығымен таныстырады (буклет)

Фариза:
Бір аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегінің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Настя
Өнер-білім бар жұрттар

Тастан салай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.



1 жүргізуші Карина:
Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым -білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық -білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей -жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.

2 жүргізуші Сағит:
Ыбырай атамыздың өміріндегі болған айтулы оқиғаларымен Дана және Фариза баяндап береді «Жылдар сөйлейді...» (слайд)

1 жүргізуші Карина:
Әңгімелерінің негізгі басты тақырыбы: адамгершілік, мейірімділік жайлы, еңбек, тәрбие, талаптылық, әдептілік, еліне, жеріне, ата-анаға деген сүйіспеншілік туралы. Өсіп келе жатқан жас буынды еңбекті сүюге, адалдыққа, жалқау болмауға шықырады.

Көрініс «Бақша ағаштары»
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.



- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді


түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
Балалар бұл әңгімеде не туралы айтылған: оқушылардың өз ойлары.

2 жүргізуші Сағит:
Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан
Валентин "Ананың сүюі"
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше

1 жүргізуші Карина: Ал енді біз сіздермен сұрақ-жауап ойынын өткізгіміз келеді.
Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?
А) 1842 ж.
В) 1841 ж.
С) 1843 ж.
Д) 1844 ж.
Жауап: В.

2 жүргізуші Сағит: Ыбырай Алтынсарин қай жерде дүниеге келген?
А) Қостанайда
В) Қарағандыда
С) Семейде
Д) Атырауда
Жауап: А.

1 жүргізуші Карина: Ыбырай кімнің қолында тәрбиеленді?

А) Ағасының
В) Әкесінің
С) Атасының
Д) Әжесінің
Жауап: С.

2 жүргізуші Сағит: Ыбырай атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде қай жылы тілмаштық қызмет атқарды?
А) 1850 ж.
В) 1853 ж.
С) 1855 ж.
Д) 1857 ж.
Жауап: Д.
1 жүргізуші Карина: Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлық қызметіне қай жылы тағайындалды?
А) 1879 ж.
В) 1870 ж.
С) 1864 ж.
Д) 1885 ж.
Жауап:С.
2 жүргізуші Сағит: Тұңғыш қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
А) Абай Құнанбайұлы
В) Шоқан Уалиханов
С) Ыбырай Алтынсарин
Д) Ахмет Байтұрсынов
Жауап: С.
1 жүргізуші Карина: Қазақ қыздарына арналған мектеп интернат қай жылы ұйымдастырылды?
А) 1887 ж.
В) 1890 ж.
С) 1891 ж.
Д) 1888 ж.
Жауап: А.

Пән мұғалімі Айтмбетова Ж.М:
Балалар Ыбырай атамызға арналған әдеби кешіміз осымен тәмәмдалды. Ыбырай Алтынсарин туралы әлі де айтылмаған көп нәрсе бар. Бірақ, бүгінгі іс-шарадан өздеріңізге «Ыбырай атамыз кім?» деген сұраққа жауап алған шығарсыңдар деген ойдамын.
Қош сау болыңыздар!






«Ы.Алтынсарин өмірі, шығармашылығы»
әдеби кештің қорытындысы.

2016 жылдың 27 қаңтарында 3 «В» сынып оқушыларымен «Ы.Алтынсарин өмірі, шығармашылығы» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің мақсаты: Шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар білімін толықтыру. Тіл білімінің негізін салушы, ұлт мақтанышы Ы.Алтынсариннің шығармаларынан ғибрат алу, оқушыларды еңбекке, иманжүзділікке тәрбиелеу.
Кеш Ыбырай атамыздың өмірі мен шығармашылығын баяндау түрінде өтті. Алғашқы кіріспе күйінде балаларға Ыбырай атамыз туралы шағын видео көрсетілді. Мұған Сағит және Кабдрахманова Карина кеш жүргізушілері болды. Халимова Анира, Бейсенова Дана, Андрющенко Валентин, Орехов Артем Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Ананың сүюі» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал, Фариза және Алтынай «Жылдар сөйлейді...» бөлімінде Ыбырай атамыздың өміріндегі айтулы жылдармен таныстырып өтті.
Ыбырай атамыз өз шығармаларында жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде мысалға келтірді
«Бақша ағаштары» әңгімесін оқушылар көрініс күйінде көрсетті. Көрініске Овчинникова Арина, Шпилевой Александр және Лисовский Владимир қатысты. Кешті қорытындылай келе жүргізушілер оқушылармен «Сұрақ-жауап» өткізді.
3 «В» сынып оқушылары әдеби кешке асқан жауапкершілікпен дайындалып, кеш жоғары деңгейде өтті деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет