І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты



бет1/2
Дата05.06.2023
өлшемі19,79 Kb.
#178301
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Шанкулова Гулжазира Кулекеновна В бөлімі


Шанкулова Гулжазира Кулекеновна Тыңдаушы портфолиосы
«B» бөлімі Қарағанды қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы
«Бастауыш сынып пәндері бойынша тапсырмаларын әзірлеу және сараптау курсы

І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Математика» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
3. І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 18
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда білім алушылардың білім, білік, дағдыларын өлшеу құралы ретінде көп таңдауы бар тапсырмалар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сандық мән, сөздер немесе есептің қысқа шешімі түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушы тапсырманың толық шешімін және шешімін табудың қадамдарын көрсетуі қажет. Білім алушылардың математикалық мәнмәтіндер қатарындағы математикалық тәсілдерді қолдану және іріктеу қабілеттері бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.

«І» тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы 4 - сынып





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет