Ыбырай Алтынсарин



бет1/7
Дата04.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#156513
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ыбырай Алтынсарин..

Ыбырай Алтынсарин

Орындаған: Әнуарбек Ақмарал

Ирисметова Шахноза

Исатай Ақжүніс

Нұржанбай Нұрсұлу

Қабылдаған: Джумасаева Жулдуз

Жоспар:

  • Ы. Алтынсариннің өмірбаяны
  • Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі
  • Ы. Алтынсариннің еңбектері
  • Ы. Алтынсариннің ағартушылық жолы

Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.

Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.

  • Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Арақарағай болысында (бұрынғы Затобол ауданы), ауқатты отбасында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Сол кездің Балқожа би қазақтың халық ауыз әдебиетіне жетік, өлең шығарған, тілі шебер шешені болған.
  • Балқожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашылған жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Оның мектепте оқыған кезі туралы мұрағат құжаттарының бірінде оның табандылығымен, өздігімен жұмыс жасай алатындығымен ерекшелегендігі айтылған.
  • 1857 жылы Ыбырай мектепті аяқтап, Орынбор шекара Комиссиясына тілмаш болып қызмет атқарады. Ол осында білім деңгейін көтеруді жалғастырады, туған елінің тарихын, әдебиетін, шығыс, орыс және батыс – европа мәдениетінің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын ықыласпен оқып үйренеді.
  • Туған халқына қалай пайдамды тигізсем деген зор ынтамен шабыттанған Ы.Алтынсарин өзінің қабілетін байқап, педагогикалық жұмыспен айналысуды армандайды.

Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты.

  • Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты.
  • Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеяларын жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет