II-нұсқа 8 сынып
№1 БЖБ «Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі
қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және
тәжірибені сипаттау
8.3.1.2 – температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий,
Кельвин) бойынша өрнектеу
8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген
жылу мөлшерін анықтау
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін
анықтау
• Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі
қағидаларын қолданады
• Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий,
Кельвин) бойынша өрнектейді
• Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу
мөлшерін анықтайды
• Жылу берілудің түрлерін салыстырады
• Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Қолдану
Орындау уақыты: 25 минут
Тапсырмалар:
Броундық қозғалыс дегеніміз.........
А) Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекула аралық кеңістігіне еніп кетуі;
В) Сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы;
С) денедегі микробөлшектердің үздіксіз және хаосты қозғалыста әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді болуы; [1]
Абсолютттік шкаладағы судың қайнау температурасы нешеге тең?
(формуласымен есептеп көрсет) [2]
Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы .........
А) өзгермейді
В) артады
С) кемиді [2]
а) Дененің ішкі энергиясын қандай әріппен белгілейді? [1]
б) оның өзгерісінің таңбалануы қандай? [1]
а) Жылуөткізгіштігі ең жоғары болатын заттарға мысал келтіріңдер [1]
б) Жылуөткізгіштігі ең төмен болатын заттарға мысалдар келтіріңдер [1]
а) Жылу берілудің неше түрі бар? [1]
б) Жылу берілудің түрлерін ата [1]
250 г суды 5 0 С-қа қызыдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? [2]
440*10 7 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? [2]
Жалпы балл: 15
I-нұсқа 8 сынып
№ 1 БЖБ «Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі
қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және
тәжірибені сипаттау
8.3.1.2 – температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий,
Кельвин) бойынша өрнектеу
8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген
жылу мөлшерін анықтау
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін
анықтау
Бағалау критерийлері
Білім алушы
• Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі
қағидаларын қолданады
• Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий,
Кельвин) бойынша өрнектейді
• Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу
мөлшерін анықтайды
• Жылу берілудің түрлерін салыстырады
• Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Қолдану
Орындау уақыты: 25 минут
Тапсырмалар:
Жылулық қозғалыс дегеніміз.............. [1]
Заттың үш күйінде диффузия қалай жүреді? [3]
Абсолюттік шкала бойынша дене температурасы 20К. Цельсий шкаласы бойынша дене температурасы неге тең? [2]
а) Температураны қандай құрылғымен өлшейді? [1]
б) Оның қандай түрлері бар? [1]
а) Жылу берілу қандай бағытта жүреді? [1]
б) осы кезде жылы дененің ішкі энергиясы мен салқын дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді? [1]
«Конвекция» жылу берілу түрі қалай жүреді? [1]
Таза қармен салыстырғанда лас қар неге тезірек ериді? [1]
Массасы 1 кг қорғасынды 1000C-қа қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалады. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығын анықтаңдар. [2]
Массасы 200г керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? [2]
Жалпы балл: 15
Достарыңызбен бөлісу: |