«Қызылдала» жалпы орта білім беретін мектебінің жаратылыстану- техникалық пәндер әдіс бірлесті отырысының
Хаттамасы
Қызылдала жом. 02.11.2018ж
Күн тәртібінде:
www.okulik-edu.kz сайтында жарияланған 9,10- сыныптарға арналған оқулықтар жобасымен танысып, талқылау, сараптау;
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша пән әдіс бірлестік жетекшісі Г.Ағманова сөз алып, өз сөзінде сапалы жазылған оқулықтар- білім мен ғылымның қайнар көзі, рухани құндылығымыз екенін айтып өтті. Еліміздің жаңа буыны үшін оқулықтардың сапасына көңіл бөлуіміз қажет.
Сөз алған математика пәнінің мұғалімі А.Үркінбаев «Атамұра» баспасының оқулықтары сапалы және жаттығулар көлемі де қиындықтар туғызбайтындығын атап өтті.
Биология пәнінің мұғалімі Г.Күндебаева «Атамұра» баспасы өте қолайлы және жүйелі жазылған, сондай-ақ реттілігі жоспар жасауға ыңғайлы деп өз пікірін қосты.
Келесі сөз алған физика пәнінің мұғалімі Ш.Адасова «Атамұра» баспасының оқулықтары қолжетімділігі мен қиындықтарына байланысты оқу материалдары жүйелілік принципін сақтамаған және оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілмегендігін айтып өтті.
Сондай ақ бірлестік мүшелері келіскен түрде талқылаудан соң өз пәндері бойынша «Атамұра» баспасын қолдайтындарын жеткізді.
Пән әдіс бірлестігі отырысы қаулы етеді:
Жаратылыстану- техникалық пәндер бойынша «Атамұра» баспасының оқулықтарын таңдай отырып, аудандық білім бөліміне сұраныс етілсін.
«Атамұра»
География- Авторы: В.Усиков, А.Егорина, А.Усикова, Г.Зәбенова
Химия- Авторы: М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова, Б.Н.Сазариева
Алгебра, геометрия- Авторы: Ә.Н.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев
Информатика- Авторы: С.Т.Мұхамбетжанова, А.С.Тен, Н.Г.Голикова
Биология- Авторы: Н.Г.Асанов, А.Р.Саловьева, Б.Т.Ибраймова
Пән әдіс бірлестік жетекшісі: Г.Ағманова
Достарыңызбен бөлісу: |