Поэзия – сөз өнері. Поэзия деген сөз гректің «poeo» - шығару, жасау деген сөзінен шыққан.Әдебиеттегі көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол – айналамыздағы дүниені, өмірді танып – білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой – санамыздың, көркемдік, эстетикалық Сезіміміздің үлкен өнімді саласы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттелігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып соған тікелей жалғас туады. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз – өмір құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну. Қабілетімен көркем ой-сезім қуаттылығымен терең тамырласып, қабысып жатады.

Гректе және орта ғасырларда, көбінесе, прозаны төмен санап келген. Себебі ол уақытта, өлең эпопейлер белгілі күйге салынып, музыкалық құралдармен ойналған. Ол эпопейлерде ерлердің батырлық істері көрінетін болған. Тыңдаушы халық, айтушы жыраудың даусымен бірге эпопей ішіндегі уақиғаға балқып, ден қойған. Ежелгі әдебиеттің пайымдауынша поэзияның ырғақты әрі әуені болған. Осындағы ырғақ (ритм) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ – жасанды емес, табиғи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән