Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Информатика алғырлары»
Мақсаты:
1. информатика пәніне байланысты оқушылардың алған білімдеріннығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіптіұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: слайдтар, тат ақырыптық тапсырмалар жиынтығы
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 7-9 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға
«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие
құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойынымызға әр сыныптың
алғылары мен білімді оқушылары келіп отыр. Олай болса таныс болайық.
Құжаттың терезесін бөлу (Разделение окна документа )
CTRL+S, SHIFT+F12
Құжатты сақтау
CTRL+P
Құжатты баспаға шығару
Ә) «Қатені тап!». Берілген мәтінннен қателікті табу.
Бағалануы – 5 ұпай. 4 ұпай, 3 ұпай
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар. І –топ:
Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .doc форматында сақтаймын.
Жауабы: 3 қате жіберілген
1. Word графикалық редактор емес
2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес
3. Графикалық bmp. форматы векторлық форматқа жатпайды. ІІ -топ.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын. Модемді қосып интернетке шығып, қажетті құжаттарды іздеймін. Компьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін сөндіремін. Жауабы: 8 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады
8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы. ІІІ -топ.
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды менің құжаттарым папкасында сақталады.. Символдық пернелерге әріптер блогы жатады.
Мен мәтіндік редактормен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Суреттерді кірістіріп, мәтін теріп дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы қажетті құжаттарды жазып, компьютерге сақтауға болады..
Жауабы: 4 қате жіберілген
Көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады.
Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, марицалық, сия бүріккіш
Онда әр түрлі слайдтар жасауға болады.
Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады.
VІІ кезең. «Иә, жоқ» - капитандар сайысы. Бұл кезеңде топ басшыларын
сұрақтар қойылады. Иә, жоқ деп жауап бересіздер. Әр жауап – 5 ұпай.