Жас ерекшелігі психологиясы



бет1/24
Дата31.01.2018
өлшемі2,5 Mb.
#36708
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»

Факультет деканы Муханбеткалиев Х.С.


________________________

«______»______________2011 ж.

Жалпы педагогика және информатика кафедрасы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Бастауыш әскери дайындық

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



5204 топ студенттеріне арналған


Курс

Семестр 2

Кредит саны 1

Дәріс 15 сағат

Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.)

ОЖСӨЖ 15 сағат

СӨЖ 15 сағат

Емтихан 4 -ші семестрде

Барлығы 45 сағат


Орал, 2011


Курс бағдарламасы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінде психология және педагогика факультетінің Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасында құрастырылған типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалып, «050103-Педагогика және психология» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты негізінде құрастырылған. Алматы, 2005 жыл.

Құрастырушы(лар): оқытушы Доскалиева Р.Б.

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Жалпы педагогика және информатика кафедрасы мәжілісінде қаралды


№ ___ хаттама «____»__________________2011...ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Жарылғапова Д.М.
Факультет ОӘК төрағасы __________________ Иргалиев А.С.

1.

Пәннің әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінде психология және педагогика факультетінің Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасында құрастырылған типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.- Алматы, 2005 жыл.

ПОӘК Жалпы педагогика және информатика кафедрасында құрастырылды.

2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
Оқытушы туралы мәлімет

Оқытушының аты–жөні: Доскалиева Роза Бисенқызы.

Офис: « Жалпы педагогика және информатика» кафедрасы.

Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі 4, корп.7,103 каб.

Жұмыс телефоны: 50-53-46
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ.

Пән туралы мәлімет.Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 1 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс ) және бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің аптаға бөліну кестесі:


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Кредит саны –1

Өту орны: мысалы №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семес-

тр


Кре-дит саны

Дәріс-

тер


Семинар-лар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


2

4

1

15

-

15

15

45

емтихан


Кіріспе.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘНІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

Психология ғылымы адам тану ғылымдары арасында жетекші орынға ие.Бұл ерекшелік қазіргі кзеңде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты.

Жалпы психология курсы бойынша адамның жалпы психологиялық заңдылықтарын танып білген болсақ,енді осы заңдылықтардың жас ерекшелігіне қарай дамып қалыптасуын жас ерекшелігі психологиясы пәні бойынша оқып білеміз.

Жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымының ХІХ ғасырда қалыптасқан салаларының бірі.Бір жағынан бөлек дифференцияланған сала болғанымен екінші жағынан басқа салаларымен байланысты интеграциясынан (бірігуінен) аралас ғылымдар шеңберінде көрнеді Жас ерекшелігі психологиясы- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы,даму барысындағы адамның психика-лық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы,бастауыш сынып оқушылары психологиясы,жеткіншектер психологиясы,жас өспірімдер психологиясы,жастық шақ кезеңі психологиясы,ересек адамдар және қарт адамдар(геронтопсихология) психологияс бөлімдері бойынша қарастырылады.Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін,жеке адамның дамуының негізгі факторларын негізгі іс-әрекет ерекшеліктерін,жас кезеңіне қарай тұлғалық қасиеттерін т.б. зерттейді.

Жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі физиологиясымен,жалпы психологиямен,педагоги-камен, философиямен,мектеп гигенасымен,тарихпен,эстетика,этика,саясат тануменмен және басқа да ғылымдардың теориялық және практикалық міндеттерімен байланысты.

Бұл курсты оқи отырып студент әрбір жас кезеңіне қарай психикалық даму заңдылықтарын және соған байланысты әрбір жас ерекшелігінің білімді игеруін,іс-әрекетін,қабілетін,қарым қатынасы мінез-құлқын,іскерлік-дағдысын,танымдық іс-әрекетін,қызығуын т.б. ерекшеліктерін танып біледі.



Жас ерекшелігі психологиясы курсының мақсаты:

Студенттерді қазіргі жас ерекшелігі психологиясының құрылымымен,әдіснамалық негіздерімен,жас құрылымының аспектілерімен,жеке адамның психикалық сфераларының дамуымен,даму диагностикасымен таныстыру.

Студенттерді онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму заңдылықтары бойынша негізгі теорияларын және тұжырымдамаларын, практикалық білімдерімен қаруландыру, олардың кәсіби психологиялық дайындықтарын күшейту, студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру, жас ерекшелігі психологиясы психологиялық бөлімінің бір бөлігі ретінде: онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндіктер береді.

Курс міндеті:

1. Төмендегідей білімдермен қамтамасыз ету:

- жас ерекшелігі психологиясының пәні мен міндеттері туралы;

- жас ерекшелігі кезеңдеріне қарай психологиялық ерекшеліктерімен заңдылықтары туралы;

- жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы жайында;

-жас ерекшелігі психологиясы аумағында құрылған әдістемелік және теориялық зерттеу негізі,

- жас ерекшелігі психологиясында қолданылатын әдістерді жинақтау және эксперименттік зерттеу кезінде қалыптасқан және түзету әсерінен алынған ақпараттық мәліметтерді талдау туралы;

2. Курстың практикалық міндеттеріне жататын:

- баланың психикалық дамуының жағдайлары мен толықтай мазмұнын, жүруін бақылау үшін әдістемелік базасын құру;

- баланың қарым-қатынасы мен іс-әрекетінің тиімді түрлерін ұйымдастыру;

- жас ерекшелігіне қарай дағдарыстық кезеңдерінде психологиялық көмекті ұйымдастыру;

- кәсіптік мақсатта оқушылардың жас кезеңдеріне қарай психологиялық ерекшеліктерін ескеру;



Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер міндетті түрде:

- онтогенез бен филогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктері туралы көзқарастары болуы керек;

-жас ерекшелігі психологиясының пән ретінде және ғылым ретінде сиапттамасы, әдістері мен міндеттері, адамның іс-әрекеті мен тұлғалық құрылымы, даму динамикасын білу керек;

- алған білімдерін практикада қолдана алуы, баланың психикалық дамуының жағдайлары толықтай мазмұнын жүруін бақылау үшін әдістемелік негізін құру.

«Жас ерекшелігі психологиясы» курсы студенттердің психологиялық дайындау жүйесінде ерекше орын алады. Психиканың даму заңдылықтары мен механизмдері туралы білімдері білім беру жүйесінде, сонымен қатар қоғамдық өмірдің басқа да саласында, психологтың практикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады.

Пререквизиттер:

«Жалпы психология»,»Мамандыққа кіріспе»,»Педагогика»



Постреквизиттер:

Жас ерекшелігі психологиясы курсы «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология», «Жасөспірім психологиясы», «Басқару психологиясы»,»Этнопсихология» «Заң психологиясы», «Қарым-қатынас психологиясы» салаларын оқып меңгеруге негіз болады

Бұл пәнді оқу барысында төмендегідей біліктіліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс:

- негізгі даму психологиясы пәні бойынша ұғымдар мен анықтамалардың мәнін түсіну;

- оқу-танымдық іс-әрекет үрдісінде алған білімдерін өз бетімен қолдана білу.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту дәріс ,семинар, практикалық сабақ түрінде өтеді. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, тесттерді орындау , ауызша сұрау түрінде, жеке семестрлік тапсырмалар оларды қорғау түрінде жүзеге асады. Берілген мәліметтерді талдау әдістері, ұйымдастыру, эмпирикалық, интерпритациялау әдістері қолданылады. Курс аяқталғаннан кейін емтихан тесттік түрде өтеді.




Жас ерекшелігі психологиясы пәнін оқыту мазмұны

1 АПТА

1 дәріс



Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясы пәніне кіріспе

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет