Жас ерекшелігі психологиясы



бет6/24
Дата31.01.2018
өлшемі2,5 Mb.
#36708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Дәрістің мазмұны


1. Жас ерекшелігі психологиясы пәні туралы түсінік.

. 2. Жас ерекшелігі психологиясының теориялық және практикалық мәселелері

3 Адам дамуының зерттеу мәселелері.

4. Адам дамуының аймағы, даму туралы түсінік.

5. Даму процестері.Психикалық дамудағы дағдарыс ұғымы.
Мақсаты: жас ерекшелігі,жас кезеңі,даму ұғымдарына анықтама беру, және жас ерекшелігі психологиясының зерттеу аймағымен таныстыру.

Жас ерекшелігі психологиясы – психология ғылымының саласы.Оның зерттейтін обьектісі- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму барысында адамның психмкалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы. бастауыш сынып оқушылары психологиясы ,жеткіншектер психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы,қарт адамдар психологиясы (геронтопсихология) жас ерекшелігі психологиясының тармақтақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа сәйкес мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, әрбір жас кезеңіне қарай психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерін және т.б. зерттейді.

Адам баласының психологиялық, денелік, когнитивті дамуы феномені барлық адамдар назарына ұсыныла отырып, қоғамда толық дамыған тұтас комплексті адамның қалыптасуына назар аударамыз..Жас ерекшелігі психологиясы, әр адамның даму жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әртүрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді.



«Даму» терминімен адамның денесі мен мінез-құлқының ағзаның биологиялық нышандарының және оның ортамен өзара байланысы арқылы уақытпен қатарласа жүретін өзгерістерін анықтайды.

Жас ерекшелігі психологиясы жалпы психологияның бір саласы болып табылады.Жас ерекшелігі психологиясы даму психология-сымен тығыз байланысты,сонымен қатар өзіндік ерекшеліктеріде бар.Жас ерекшелік психологиясы әр түрлі жас кезендеріндегі балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін болса,даму психологиясы баланың психикалық даму заңдарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы баланың бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтердегі сандық,сапалық көрсеткіштерінің салыстырмалы қатынасын анықтайды. Бұл өзгерістер биологилық дамумен,психо-физиологиялық жағдайына, өмір сүру ортасына байланысты. Бұл өзгерістердің эволюциялық, революциялық, ситуа-циялық деп аталатын түрлері бар.



Эволюциялық өзгеріс өмір барысында сандық,сапалық қасиеттерінің қалыптасуы.Адам өмірінің даму барысындағы өзгерістер.

Революциялық өзгеріс терең және тез,аз уақыт аралығында адам өмірінде болатын өзгерістер. Ол баланың дағдарыс кезеңдеріне сәйкес келеді.

Ситуациялық өзгеріс баланың психологиясында ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған үйрету және тәрбиенің әсерінен болады.

Эволюциялық өзгеріс пен революциялық өзгеріс берік,нақты бекінген болып келеді.Ал ситуациялық өзгеріс жаттықтыруды қажет етеді.

Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдарының бірі – жас (возраст).Әрбір жаста сол кезеңге сай ерекшеліктер болады және ол келесі жаста өзгеріп, дамып отырады немесе қайталанбайды.Жас ерекшелігі психологиясы бірнеше бөлімге бөлінеді:мектепке дейінгі жас психологиясы,бастауыш мектеп жасындағылар психологиясы,жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар және қарт адамдар психологиясы т.б.

Жас ерекшелігі психологиясының теориялық және практикалық мәселелері.

Жас ерекшелігі психологиясының негізгі мәселелеріне балалардың психикалық, қарым-қатынастық дамуы,ағзаның анатомиялық-физиологиялық дамуы немесе сыртқы ортаның әсерінен даму барысы жатады.Біріншіден ағзаның даму деңгейі оның анатомиялық құрылысына байланысты.Егер ағзада аномалия болса, адамның психикалық дамуына кедергі келтіреді немесе ми дамуында кемістік болса психикалық процестердің даму барысында ауытқулар мен өзгерістер болады.Екіншіден ағзаның психикалық дамуы және «мен» бейнесінің дамып,қалыптасуы қоршаған ортаға байланысты.



Екінші мәселе балаға оқу мен тәрбиенің ұйымдастырылуы.Ұйымдасдасқан оқу мен тәрбиенің сапалы түрі арнайы мемлекеттік оқу орындарында жүзеге асады. Ол отбасынан басталып, ЖОО –на дейін жалғасады.

Үшінші мәселе, болашақ пен қабілеттіліктің байланысы.Оған баланың қабілеті мен болашақтағы өмірлік жасының сәйкес келуі жатады.

Төртінші мәселе, ол революциялық,эволюциялық,ситуациялық өзгерістердің адам ағзасының дамуына қайсысының әсерінің басым екендігі жатады.Қай кезеңде болмасын қайсысының біріншісі жай, екіншісі аз уақыт ішінде, үшіншісі терең емес даму әсері күшті сол мәселеге байланысты болады.

Бесінші мәселе, баланың жалпы психикалық дамуында интеллектуалдық және жеке өзгешеліктерінің байланыстары жатады.Оны баланың жас ерекшелік кезеңі немесе интеллектуалдық деңгейі анықтайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістерімен сипатталады. Балалардың психикалық дамуында жеке дара елеулі ерекшеліктер болады.Бұл айырмашылықтар ең алдымен психикалық дамудың қарқынына байланысты. Балалар даму қарқынындағы айырмашылықтармен қатар, жасы өскен сайын жеке-дара психологиялық сапалардағы: қызығуларындағы, мінез-құлық белгілеріндегі, қабілеттеріндегі – айырмашылықтар пайда болып, дами түседі. Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады:

1) оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

2) игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

3) жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы;

Дамудың бұл бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге болғанда ғана психикалық даму деп аталатын жеке адамның даму процесін құрайды.

Психикалық даму барысында пайда болған және жаңа қажеттер мен қызығушылыққа итермелейтін, сондай іс-әрекеттің жаңа түрін игеруге бастайтын қайшылықтар психикалық дамудың қозғаушы күштері болып табылады. Психикалық дамудың әр кезеңіндегі балалар бірінен-бірі психикалық сапалары әр тұрлі болғандығымен емес, оларда тәрбие мен оқытудың белгілі жағдайына әр түрлі сапалар қалыптаса алатындығымен өзгешеленеді,ал жас шағының психологиялық мінездемесі алдымен баланың осы жас шағында жасауға болатын қажет психикалық сапаларын анықтаудан тұрады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Жас ерекшелігі психологиясының зерттейтін аймағы?

2. Адамның дамуы қандай бағыттарда қарастырылады?

3. Адам дамуына әсер ететін факторлар?

4. Жас ерекшелігі психологиясының теориялық мәселелері.

5. Жас ерекшелігі психологиясының практикалық мәселелері

6 .Психикалық даму ерекшеліктері.

7. Психикалық дамудың қозғаушы күштері қандай

8. Тұлғалық дамуға не жатады?
Даму туралы түсінік және қозғаушы күштер.

1. Даму туралы түсінік.

2. Адам дамуының мәселелері.

3. Психикалық дамудағы дағдарыс ұғымы.



Мақсаты: Даму ұғымына анықтама беру,даму психологиясының зерттеу аймағымен, даму мәселелерімен таныстыру.Дағдарыс ұғымын түсіндіру.

.

«Даму» терминімен адамның денесі мен мінез-құлқының ағзаның биологиялық нышандарының және оның ортамен өзара байланысы арқылы уақытпен қатарласа жүретін өзгерістерін анықтайды .Әрбір адамның психологиясы көрінісі қайсысы генетикалық құрылым әсерінен болса,ал қайсысы адам өмірінде болып жатқан күнделікті құбылыстар нәтижесі. Даму ұрықтан басталып ,бүкіл адам өмірінің дамуымен жалғасады.

Жас ерекшелігі психологиясы мақсаты – бүкіл өмірлік жолында адам дамуының тенденциясын, заңдылықтарын,процестерді басқа ғылым салаларының зерттеулеріне сүйене отырып, қарастыру, адам дамуына ықпалын тигізетін биологиялық, антропология-лық,әлеуметтік,психологиялық факторларды ескере отырып, оның ағзасын барлық жастық кезеңде, стадиясында зерттеу болып табылады.Біздің кім екенімізді, әлемге қандай қатынаста болатынымызды анықтайтын адамдық қарым-қатынасқа ерекше мән беріледі.Бұл саланың мәні мынада – барлық адамдар өз болмысынан әлеуметтік болып табылады.

Жас ерекшелігі психологиясының кезеңдерге сай өзгеріс пен өсудің негізгі зерттеу бағыттары болады. Ол зерттеу аймағы деп аталады. Зерттеу аймағы төрт бағытқа бөлінеді:



1) денелік өсу және даму;

2) когнитивті және сөйлеудің дамуы;

3) тұлғаның дамуы;

4) әлеуметтік-мәдени дамуы.

Денелік дамуына дене мөлшерінің және формасының өзгерісі, сонымен қатар ми құрылымдары, сенсорлық қабілеттер, моторлық дағдылардың дамуы. Когнитивті даму аймағы қабылдау, ойлау, тапсырманы шешу т.б. анықтайды. Тұлғалық ерекшеліктердің дамуы тұрақты және қалыпты мінез бен сезімнің қалыптасуы, өзіндік тұлға түсінігін қабылдаудан тұрады. Әлеуметтік мәдени даму аймағы әлеуметтенуден тұрады.

Психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық процестер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдаудың, есте сақтаудың,ойлаудың, сөйлеудің ,сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің – басқаруының бастапқы формаларының пайда болуы,өзгеруі және жетілуі құрастырады. Психикалық дамудың әрбір жас шағы кезеңіндегі негізгі міндеті осы дамуды шапщаңдату емес,оны байыту, осы кезең беретін мүмкіндіктерді мейлінше тиімді пайдалану болып табылады. Психикалық даму кезеңдеріне бөлу осы дамудың өзінің ішкі заңдылықтарына негізделеді және психологиялық жас шағы кезеңдерін бөлуді құрайды.

Адамның өмірлік жолы


Пренатальды кезең – ұрықтанғаннан бастап баланың туылуғанға дейін

Нәрестелік – туылғаннан 18-24 айға дейін

Алғашқы өмірдің 2 жылы-12-15 айдан 2-3жасқа дейін

Ерте балалық шақ – 2-3 жастан 5-6 жасқа дейін

Орта балалық шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін

Жасөспірімдік және жастық шақ – шамамен 12жастан 18-27 жасқа дейін

Ерте ересектік – 18-27 жастан 40 жасқа дейін

Орта ересектік - 40-тан 60-65 жасқа дейін

Қарттық – 60-65 тен өлгенге дейін

Бірақ бұл кестеде келтірілген кезеңдер және жастық шектер әмбебап болмайды. Бұл кесте жалпы схеманы суреттейді.

. Адам дамуының мәселелері




Тұқым қуалаушылық және орта

Есею және үйрену

Дағдарыстық және сензитивті кезең

Кейбір даму процестері, прентальды және бастапқы пубертатты кезең немесе, шаштың ағаруы биологиялық даму процесі болып табылады. Адам өмірі барысында болатын даму бөлігі биология мен тәжірибенің өзара әрекетінің жетістігі болып табылады. Адамдағы биологиялық бастама мен оның даму тәжірибесі орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара әрекеті ретінде қарастырылады.»Өсу», «есею», «қартаю» терминдері биологиялық процеске жатады.Үйрету – практиканың немесе жинақталған тәжірибенің уақытқа қатысты болып отыратын өзгерісі. Есею мен үйрену мәселесі белгілі бір өзгеріспен жүретін дағдарыс кезеңдері болама, сонымен байланысты.Туғаннан кейінгі бірнеше сағатқа созылатын дағдарыс сәті импринтинг деп аталады.

Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды, бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың біршама баяу, бірте-бірте өзгеретін кезеңдері және бұрынғы психикалық белгілердің азаюымен және жаңа белгілердің пайда болуымен байланысты,кейде баланы неғұрлым тез, өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі байқалады. Осы секірмелі өзгерістерге өтуді даму дағдарысы деп атайды.Олар жас ерекшелігіне қарай бірнеше кезеңге бөлінеді.Олар балалық шақтағы: 1жастағы және 3, 7, 13-14, 17-18 жастадағы дағдарыс. содан соң 25, 33-35, 45-55, және есейген шақтағы дағдарыстар.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Даму психологиясы

2. Адамның дамуы қандай бағыттарда қарастырылады?

3. Адам дамуына әсер ететін факторлар?

4. Зерттеу аймақтары қандай ?

5. Адамның өмірлік даму барысы ?

6 . Дағдарыс дегеніміз не?

7. Дағдарыс кезеңдері қандай кезеңдерде болады ?

2 дәріс

Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері.

Дәрістің мазмұны:

1. Психологиялық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

2. Жас ерекшелігі психологиясының негізгі зерттеу әдістері.

3. Жас ерекшелігі психологиясының қосымша зерттеу әдістері.
Мақсаты: Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістерінің түрлерімен таныстыру, әдістемелік негіздері мен мақсат-міндеттерін түсіндіру.

Кез-келген ғылымның негізі фактыларды зерттеуден тұрады. Фактыларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, және зерттеу обьектісіне байланысты.Балалар психологиясының әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері

19ғ. Аяғы мен 20 ғ. Ортасына дейін жеке тұлға, жанұя, қоғам туралы жинақталған ақпаратты жинақтауға негізделген , жеке жағдайларды талдау кеңінен қолданды. Осы зерттеу әдістерін жинақтай отырып, қажетті ақпарат көзін алуға болады. Бұл әдістің мақсаты-индивид туралы, бала мен ата-ананың қарым-қатынасы туралы, науқас пен дәрігердің қатынасы туралы, белгілі бір сыныптағы климат туралы толық ақпарат алуға бағытталған.

Жеке жағдайларды талдауда,мысалы «бала күнделігін» қарау. Мысал ретінде Чрльз Дарвиннің өз баласының дамуына күнделік жазған. Веналық дәрігер Зигмунд Фрейд жеке жағдайларды талдау әдісін кеңінен пайдаланып, оны психоанализ теориясын жасауда қолданған. Бірақ бұл әдіс арқылы күрделі жағдайларды талдауда қиыншылыққа кездеседі. Сонымен қатар мұнда себепті-іздік байланыстардың құрылымын көрсету қиын болып табылады.



Жүйелі бақылау. Бақылаудың екі түрі бар. Табиғи немесе далалық бақылау зерттеу кезінде, зерттеуші адамдардың өмір әрекетіне араласпай, күнделікті ортаға ене отырып, адамдардың мінез-құлқы, тіршілік әрекетіне бақылау жүргізіп, тіркеп отырады. Лабораториялық бақылау барысында зерттеуші мақсатты мінез-құлықты оятуға бағытталған бақыланатын жағдайлыр жасап отырады. Бұл әдіс кезінде,жоғары бақылау жүргізе отырып, зерттелінетін мінез-құлықты белсендіретін алуан түрлі техниканы пайдаланады. Сауалнама және сұрақ-жпуап.. Сауалнама және сұрақ-жауап әдісі өткен және қазіргі уақыттағы мінез-құлық, ұстаным, қалауы, пікір, сезім т.б. туралы сұрақтар қоюдан тұрады. Сауалнаманы тек бір индивид қатысқан жағдайда жүргізуге болады. Сауалнама мен сұрақтың тиімділігі, оның көмегімен алынған ақпарат объективті және жүйелі болып келуінде. Сауалнама арқылы үлкен топты адамдарға зерттеу жүргізуге болады. Зерттеуші респонденттердің бергісі келген жауабын еш өзгеріссіз, жаңғыртусыз ала алады.

Психологиялық тестілеу.Зерттеулерде көбіне интеллект тесттері қолданылады.Жас ерекшелігін зерттеу барысында тұлғаны бағалауды да қолданылады. Балаларды тестілеу көп жағдайда сауалнама қағазы арқылы, ата-анасының толтыруымен жүргізіледі. Сөздік ассоциациямен байланысқан, аяқталмаған сөйлем тесттері балалардың өз бетімен толтырылуына берілуі керек. Мысалы, «Менің әкем әрдайым...»деген аяқталмаған сөйлемді жалғастыруы керек.

Жас ерекшелігін мәселелерін зерттеуде әдетте «проективті»тесттер қолданылады. Бұл кезде балаларға әр түрлі мағынадағы суреттер беріліп, ондағы суретке байланысты баланың бір жағдаймен байланыстыруына, интерпретациялауына ұсыныс жасайды. Жауап беру кезінде балалар өз ойларын, ұстанымдарын, сезімдерін кірістіре отырып суретті түсіндіруге тырысады.



Психологиялық тесттің нәтижесін интерпретациялау кезінде келесі ережелерді естен шығармау керек. Біріншіден, тест сенімді болуы керек; әрбір зерттелушінің алынған балдары сәйкес болуы. Екіншіден, тест валидтілікке ие болуы қажет, яғни олар өлшеуге тиісті нәрсеге бағытталуы керек.Үшіншіден, психологиялық тесттер стандартталған болуын қадағалау, яғни тест репрезентативті жолмен топталғандарға емес, қалыпқа сәйкесті индивидтердің жауап бере алуына байланысты тағайындалуы керек.Егер тест сенімді, валидті, стандартталған болмаса, оның көмегімен алынған нәтиженің нені анықтайтынын білу мүмкін емес.

Лонгитюдті әдіс. Бұл әдіс арқылы бір ғана индивидті өмірінің алуан сәтінде зерттеуге бағытталған. Балаларды ересектік жасқа жеткенге дейін бақылап, ересектік жасқа жеткенде қандай қасиеттер сақталатынын, қайсысы жоғалатынын анықтауға болады.

Зерттеушілер индивидті әрбір апта, ай сайын зерттей отырып, дамудың кейбір процесстерін дәл қарай алады. Сонымен қатар лонгитюд ұзақ өмір бойы болатын өзгерістерді де зерттейді. Мысал ретінде Льюис Терманның жүргізген 20 ж.ж. «дарынды» балаларды зерттеудің класикалық әдісі әлі күнге дейін қолданылуда. Сонымен қатар зерттеушінің практикасында лонгитюдті зерттеуді қанша рет жүргізе алатындығы да әсер етеді. Лонгитюдті әдіспен байланысты тағы бір мәселе бұзылыстың болу мүмкіндігі. Бастапқыда зерттеуші өзіне керек репрезентативті таңдау жасайды, жеке тұлғалық дамудағы өзгерістер туралы ақпараттар алуға болады. Бұл әдіс әсіресе, «қолайсыз» жанұядағы балаларды зерттеуде, жанұялық динамиканың бала қалыптасуына әсерін зерттеуде, әлеуметтік жүйе реформасымен қамтуда кеңінен қолданылып келеді.



Көлденең кесінді әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында әр түрлі жастағы топтар бір уақытты салыстырылады. Бұл әдіс арқылы индивидуалды дамуды анықтау мүмкін болмағанымен, лонгитюдті әдіске қарағанда бұл қысқа уақытты қамтиды. Көлденең кесінді әдісін қолдану кезінде зерттелушілерді таңдауға қатаң талап қойылады. Мұның себебі, алынған нәтижелер табиғатының бөтен болғандығынан емес, даму деңгейінің алуандылығымен байланыстылығын қамту.

Когортты-бірізді (комбинированный) әдіс. Қазіргі кезде бұл екі әдістің комбинациясын кеңінен пайдалану байқалады. Осылайша, зерттеуші 4-жасты, 8-жасты, 12-жасты жасөспірімдерді бір уақытты зерттей отырып, әр 8 жыл сайын әрбір кагортты 2 жылда бір рет зерртей алады. Осыдан кейін алынған нәтижелер лонгитюдті немесе көлденең кесінді әдістері арқылы салыстырылады.

Экспериментальды зерттеу. Қарапайым тесттер эксперименттің алғашқылары болып табылады. Даму аймағындағы зерттеу эксперименттерінің екі бағыты бар. Біріншісінде зейін жеке тұлғаға шоғырланады. Екіншісінде зейін адамдар тобына бағытталған.

Жеке тұлғалық эксперименттер. Бір зерттеушіге жүргізілетін эксперимент Б.Ф. Скиннердің эксперименті. Зерттелуші белгілі бір уақыт аралығында оның мінез-құлқы, жүріс тұрысына ықпалын тигізетін ойламаған жағдайларға кірістіріледі. Әуелі жағдайға бейімделі жүреді, кейін ол жағдайларды манипуляциялауға айналады. Мінез-құлықты модификациялау проблемалы мінез-құлықтан айырып, қажеттісін қалыптастырудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Бұл жағдайды мыналар сақталады: біріншіден, мінез-құлықтың үлгісі жазылады, оның көрсетілген базалық жағдайы анықталады; содан кейін, мадақтау немесе жазалау арқылы мінез-құлық өзгерді ме, жоқ па сол бақыланады.

Топтық эксперимент.Экспериментатор психологтар топтық эксперимент жүргізу арқылы адамдарға тән ортақ принципті анықтауға тырысты. Бұндай зерттеу барысында жеке тұлғалық ерекшеліктер қате түсініледі. Мысалы, ес барлық адамдарда бірдей қызмет атқарады деп болжайды. Бұл жағдайда зерттеушілер ортақтау арқылы шешеді. Яғни адамдар тобына еске байланысты зерттеу жүргізеді де, алынған нәтиженің ортасын тауып, оны тест жауаптарынан алынатын ортақ балмен сәйкестендіреді. Топтық экперимент жүргізу даму және мінез-құлық мәселесі бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Топтық эксперименттің элементтері. Балалардың агресивті мінез-құлыққа үйренуін бақылау және имитация арқылы А. Бандураның, қуыршақпен үш топтағы балалардың қарым-қатынасын зерттеді. Фильм көрсету арқылы қуыршақпен үш түрлі қарым-қатынаста болғанын балаларға көрсетеді. Мұнда эффекттің балалар мінез құлқына әсер ететін-тәуелсіз айнымалыларды байқауға болады. Қуыршақпен ойнау барысында балалардың көрсеткен агрессивті мінез-құлықтары-тәуелді айнымалылар.

Эксперименттің келесі үйренуді тексеру этапында балаларға фильмде көрсетілген мінез-құлықты қайталағандары үшін мадақтайтындарын ескерткенде нәтиже өзгергені байқалады. Балалар фильмде көрсетілген агрессивті мінез-құлықты қайталауға тырысты, ер балалар мен қыз балалар арасындағы айырмашылық шамалы болды. Эксперимент келесі кезеңдерден тұрады:

1.Себепті-іздік байланыс құрылымына қатысты гипотеза құру және мәселені анықтау.

2. Тәуелсіз және тәуелді айнымалыларды анықтау.

3. Экспериментті жүзеге асыру және мәліметтер жинау.

4. Алынған мәліметтерді талдау және интерпретациялау, қорытынды шығару.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1 .Жас ерекшелігі психологиясының зерттейтін аймағы?

2. Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері?

3.Сауалнама әдісін қандай мақсатта жүргізуге болады?

4 .Проективті әдіс дегеніміз не?

5. Экспериментәдісінің кезеңдерін ата?

6. Лонгитюдті әдістің ерекшелігі?

7. Когорт эффектісінің ерекшелігі?

8. Тұлғалық эксперимент қалай жүргізіледі ?
3 дәріс

.Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы.

Дәріс мазмұны:

1. Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихына шолу.

2. Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар.

3. Қазақстанда жас ерекшелігі психологиясының даму барысы.

4. Даму мәселелері барысындағы психологиялық тұжырымдамалар мен теориялар.

(Ч.Дарвин, Геккель, Бихевиоризм, Пиаже,Гальперин және гуман.,когнитивт.бағыттар)


Мақсаты: Жас ерекшелігі психологиясының даму барысымен, жас кезеңдеріне қарай эволюциялық идеялар мен ,психологиялық еңбектермен таныстыру.
Х!Х ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиямен бірге дамыды Жас ерекшелігі психологиясының бөлініп, бөлек бір сала болу кезеңі Х!Х ғасырдың екінші жартысы және психология ғылымында генетикалық идеяның пайда болуы үлкен әсері болды. Жас ерекшелігінің бөлек ғылым болып қалыптасуына әсер еткен негізгі себептер мынандай болды:

1. Биологиядағы «даму» туралы идеялар мен жазбалардың пайда болуы.

2. Туылған күннен бастап балаларды зерттеу,талдау,күнделіктер жазу,осы мәліметтерге қарай психологиялық көзқарастар мен

зерттеулер, идеялардың пайда болуы;

3. Балалар психологиясын зерттеуде эксперимент әдістерінің кеңінен қолданылуы.

4. Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары мен балалар психологиясын салыстырмалы зерттеулері;



Ч. Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналысып қана қоймай, өзіне қажет деген материалдармен қатар, жануарлардың баласы мен адам баласы арасындағы ұқсастық барма деген мәселені көтерген.Осыған орай Ч.Дарвин өз баласына күнделік жазды. ХХ ғасырдың басында психологтар арасында балаларға күнделік жазу өріс ала бастады. Сол кезеңде неміс психологы В.Штерн әйелімен бірлесіп өз баласына ұзақ уақыт күнделік толтырып, сол күнделік кейіннен дүние жүзі тілдеріне аударылды.Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар баласымен қатар шимпанзе баласын асырап, бірге тәрбиелеп, үйретті. Төрт жыл қатарынан күнделік толтырып, кейіннен осыған негіздеп «Адам және шимпанзе балалары» атты еңбек жазды.Бұл жүргізілген зерттеудің мақсаты – маймылдың адамға айналуына болатынын не болмайтынын анықтау болды және бала психикасынан жануар психикасының өзгешелігін анықтау еді. Күнделіктер арқылы табылған фактілерден бала психологиясы туралы мәліметтер дамып, соның нәтижесінде бала психологиясының өз алдына бөлек қалыптасуына ықпал етті.

Күнделік жүргізумен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде бала психологиясын зерттеуде эксперимент әдісі кеңінен қолданылып,осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне себепші болды.Бала психологиясын эксперименттік әдіс қолданып зерттеуде еңбек еткен ғалым-психологтар: А.Бине, В.Штерн, К.Кофка, Ж.Пиаже т.б.Бұлар экспериментті әртүрлі жастағы балаларға қолданды. Ж.Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісін зерттеуді бастады.Қазіргі кезеңде оның зерттеулерін дүние жүзінің ғалымдары басшылыққа алады. Ж.Пиаже Женева қаласында балалардың ой - өрісін зерттеуді жалғастырып, эпистемология ілімінің негізін қалады. Өз зерттеулерінде Ж.Пиаже бала ақыл – есінің қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.

Щвейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Зерттеулерін негізге ала отырып,Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интеллектік күрделі ақыл-естің жай психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастады.Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына обьективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға белгілі болды.Бірақ ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады.



ХХ ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының факторларын түсіндіруші екі ағым айқындалды.Бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттары басым екендігін дәлелдеді.Бұл екі бағыт та 30 – жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды. Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағыт пікірінше, даму ,жеке адамның сапалық және сандық жақтары тұқым қуалаушылықпен анықталады,ал орта – бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.

Психикалық дамуда биологияшыларға тән тұқым қуалаушылық факторларды артық бағалауы,олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға бағытталуы анықталды.Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз ХІХ ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті.Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады,ол сыртқы фактор ретінде кейбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процестерін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды.

Социогенетикалық бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді,сондықтан да адамды зерттеп білуі үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті:қоршаған орта қандай болса, адамның жеке басы, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары сондай болады деген ұстанымда болған. Биогенетиктер де,социогенетиктер де баланың психикалық дамуының механизмдері жөнінде дұрыс түсінік бере алмады.

ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде жас ерекшелік психологиясы педология ғылымымен тығыз байланыста дамыды. Педология – балалар туралы ғылым, негізін қалаған американ психологы Г.С.Холл. Педологияның мазмұнын бала дамуының психологиялық, физиологиялық, биологиялық концепцияларының жиынтығы құрастырды.Психологияға эволюциялық идеялардың енуіне байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған (Батыста – С.Холл, Э.Мейман, В.Прейер, Россияда – В.И.Бехтерев, А.П.Нечаев, Г.И.Россолимо ) 20 жылдары және 30 жылдардың басындағы педология балалар туралы ғылымның жеке дара ролін атқаруға талаптана бастайды. Г.С. Холл 1983 жылы Балтимор университетінде алғаш рет эксперименттік лаборатория ұйымдастырды,бұнда балалар психологиясы,әсіресе жасөспірімдер психологиясын зерттеуді бастады, сонымен бірге Г.С.Холл психологиялық даму туралы алғаш рет журнал шығарды.Өз лабораториясында жас өспірімдер мен жеткіншектердің әр түрлі психикалық қасиеттерін зерттей бастады. Г.С.Холл балалар психологиясын зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: бала психикасының негізі Э.Геккель салған биогенетикалық заңда жатыр деп есептеген.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Жас ерекшелігі психологиясы қай кезеңнен бастап бөлек сала болған.

2. Жас ерекшелігі психологиясының бөлек ғылым саласы болуына себепші жағдайлар.

3. Ғылым дамуындағы күнделіктер маңызы.

4. Алғашқы эксперименттердің дамуы.

5. Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының маңызы.

6. Ж.Пиаженің генетикалық концепциясы.

7. Биогенетикалық бағыттың әсері.

8. Социогенетикалық бағыттың пікілері.

9. Педологияның ғылым дамуына әсері.



Психологиялық тұжырымдамалардағы психикалық даму мәселелері

1 .Даму психологиясындағы Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары.

2 .Геккель заңындағы рекапитуляция теориясы.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет