Жас ерекшелігі психологиясы


Нәрестелік шаққа жалпы сипаттама



бет9/24
Дата31.01.2018
өлшемі2,5 Mb.
#36708
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

1 .Нәрестелік шаққа жалпы сипаттама


2 .Нәрестелік шақтағы денелік және моторлық даму

3 .Нәрестелік шақтағы сенсорлық даму

4 .Нәрестелік шақтағы когнитивтік даму

Мақсаты: нәрестелік кезеңнің ерекшелігін ,осы кезеңнің маңызын даму перспективаларын түсіндіру.

Бала дүниеге іштен пайда болған қасиеттермен келеді. Оны қоршаған адамдар оған барлық жағынан көмегін тигізеді. Олар баланың физиологиялық дамуына жағдай жасап, қоғамдық өмірге бейімделуін үйретеді. Нәресте ана құрсағында болғаннан бастап сенсорлы және қозғалу қабілетіне негізделген –инстинкттермен дүниеге келіп әрі қарай дамиды.1-2 күн болған нәресте химиялық заттарды дәмі арқылы айыра алады. Алғашқы бірінші-екінші айларда аузына жақындаған затқа басын бұрады, сырт жағына бір нәрсе тигенде қолын жұмады. Қозғалыстағы обьектіге көзімен қарап, басын бұрады. Туғаннан балада ему, қорғану, бағдарлау, жармасу, қозғалыс әрекеттері дамып отырады.Жаңа туған баладағы бас миының жүйке жасушалары үлкен адамдардікімен бірдей тек олар әлі жетілмеген және бір-бірімен байланысы әлсіз болады.Бірнеше жыл бойына бас миы мен ағзасының мүшелері дамиды да мектепке келегенде аяқталады. Бас миының қалыптасуы және дамуы сыртқы әсерлер, әртүрлі жағдайлар, қоршаған ортаға байланысты болады. Зерттеулердің қорытындысы бойынша жарты күннің ішінде баланың бас миында әртүрлі түстер әсерінен электрлі потенциал пайда болады. Осыдан бастап мида шартты рефлекс қалыптаса бастайды.Нәрісте туғаннан кейін жаңа өмір жағдайларына бейімделе бастайды. Бірінші күндері мынадай өзгерістерді байқауға болады. Терінің қаттты тітіркенуі қоғаныс механизмдерін тудырады, жарықтың көбе юінен баланың көз қарашығы кішерейеді. Бұл реакциялар –қорғаныш рефлекстері деп аталады. Қорғаныш рефлекстерінен кейін нәрістеде бағдарлау рефлекстерін байқауға болады.1-3 күнде бала жарыққа мойын бұрады, жарық сәулесін іздейді. Сонымен қатар бағдарлы тамақтық рефлекстер болады.Бала аузыны салынған кез-келген затты сора бастайды, бұл реакцияны сору рефлексі деп атайды. Сонымен қатар бала қолына жақын затты ұстап алады, бұл реакция жармасу рефлексі деп аталады.

2.Нәрістенің моторикасы туғаннан күрделі қалыптасу жолынан өтеді. Моторика дегеніміз-адамның биохимиалық, физиологиялық, психологиялық аспектілерін байланыстыратын қимыл әрекеті. Туғаннан он екі айға дейінгі баланың қимыл қозғалыс әрекеті өте шапшаң деңгейде дамиды. Нәресте кезінде қозғалыс әрекетінің қиын түрлері, қолмен аяқтың сенсорлы қабілеттері тез қалыптасады. Бұл қимыл әрекетінің дамуы оның алдағы уақыттағы танымдық және интелектуальдық қабілеттерінің қалыптасуына үлкен маңызды болады. Аяғы мен қолының қимылы арқылы бала айналадағы дүние туралы мәлімет алады. Күрделі қол қимылдары ойлаудың бастапқы формасы болып табыла отырып интелектуалдық әрекетінің қалыптасуын қаматамасыз етіп негізгі құрылымы болып табылады.Баланың үлкен импульсивті белсенділігі оның алғашқы әрекетінде бақыланады. 3-4 айлығында заттарға тартылып үлкендердің көмегімен отыра алады. 5 айында қозғалмайтын заттарды ұстай алады. 6-айда отырғышқа өзгенің көмегімен отыра алады. 7 айлығында өзгенің көмегінсіз отырып, ал 8 айлығында еңбектейді де 9 айлығында өзгенің көмегінсіз тұрады, 10 айда өзгенің көмегімен жүреді, 11 айда көмексіз тұрады да 12 айда жүреді.

3.Нәресте жеті айлығына дейін барлық заттарды ұстап алуға тырысады. Ал жеті айдан кейін өзіне ұнаған заттарды ғана ұстайды. Бұдан балада сенсоматорлы координацияның қалыптасқанын көруге болады. Баланың затты қолына ұстауы аузына апару мақсатымен жасалады. Алғашқыда бала кездескен затты ұстайды, содан кейін ол мақсатты түрде ұмтылып онымен ойнайды. Ашық тартымды зат болса ол әрекетін қайталау арқылы қайта жаңғырта алады. Ол алғашқы 6 айда қалыптасады. Ал 6 айдан кейін үлкендердің қимылын қайталап, еліктейді. Көзі арқылы айналадағы дүниеге үйреніп өз қимылын бақылай алатын болады. Нәрестелік кезеңнің соңына қарай балалар өзінің актуальды мәселелерін қанағаттандыру мен үлкеннің көңілін өзіне аудару мақсатында қимыл жасайды. Оған біріншіден үлкенге бағытталған мимикамен понтамимиканың көрсетілуі жестарды қолданылуы жатады. Адамға сезім мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі көз. Қөзбен қабылдау балада тез дамиды. Екі айда қарапайым түстерді айырса, 3-4 айда заттың формасын қабылдайды. 2 айлығында бала адамдарды айыра алады және эмоциональды түрде жауап береді.2-3 айда күлімсіреген анасына күлкімен жауап қайтарады. Оны жадырау комплексі деп атайды.Жадырау комплексінің алғашқы түрлері 2 айда –көңіл аудару, күлімдеу, дыбыс шығару болса 3 айда бұл элементтердің барлығы қосылып бір уақытта көрінетін болады.нәрістенің үлкендермен мұндай қарым-қатынасы- бірінші әлеуметтік қажеттілігі болып саналады.

4. Дүниеге келгеннен бала дауыстың қаттылығын, жоғарылығын, тембірін қабылдай алады.Сонымен қатар заттарды есінде сақтай алу қабілеті де жасқа дейін қалыптасады. 8-12 айда көру аймағындағы затты жалпылай және жеке-жеке айыра алады.Ж.Пиаже баланың сенсорлы дамуын мынадай стадияға бөлді. 1.Қимылсыз заттармен әрекеттесу стадисының құрылымына а) (1-4) бала әрекеті арқылы бұрынғы сезімін қайталайды,б)біріккен операция стадиясы мұнда көрген заттарына құбылысына қарап қайта жаңғыртады. в) (8-12) әртүрлі обьектінің бөліктерін бір әрекетті қайталау арқылы мақсатты әрекет жасайды. г) (12-18) Мұнда сол обьектіні түрлі жаққа қозғалту қабілеті. Бұл стадияға баланың тамақтану, әлеуметтік қарым-қатынасы , сөйлеуі жатады. 1 жастың аяғында балада ойлаудың алғашқы белгілері сенсоматорлы интелект пайда болады. Алғашқы айларда бала үлкендер сөзіне еліктеп адам дауысын өзге дыбыстардан айыра алады. 1 айда қарапайым дыбыстар шығарады мысалы; а-а- а, у-у, ә-ә, 2 айда гуілдейді.6 айда қарапайым сөздер айта бастайды. Нәресте сөзге қарағанда адамның мимикасымен жестін тез түсінеді. Ол мимика мен жестіні қабылдау адамның туа біткен қасиеті. 6 айдан кейін бала қабылданған затты атымен байланыстыра алады.10 айда эмоциональды жестілермен тілдік қатынаспен қатар балада заттық қарым-қатынас дамиды.

2-айда пайда болған дыбыстар қанағаттану, қанағаттанбау дыбыстарын білдірсеал 7 айда өз тілегін интонация арқлы білдіреді. Енді лексикалық жағынан келсек 4-8 айда бала: мама, баба деген бірбуынды сөздер айта алады. 6 айдың соңына қарай айналасындағылармен қатынас жасауы үдей түседі де уақыт өте келе және үлкендерге еліктеудің нәтижесінде адамзатқа ған біткен қабілет сөйлеу пайда болады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар;

1 .Нәрестелік кезең қандай аралықты қамтиды?

2. Нәрестеде пайда болатын рефлекстерді ата?

3 .Нәрестенің үлкендер эмоциясына жауап қайтаруы не деп аталады?

4 .Баланың қандай мүшесі ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді?

5. Сенсомоторлы интелект дегеніміз не?

7 .Нәресте қай айда дыбыс шығарып гуілдейді?

8. Қай айда бір буынды сөздерді айта алады?


7 дәріс

Тақырыбы: Ерте сәбилік шақтағы балалар психологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет