Жеке даму биологиясы



бет1/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

ЖЕКЕ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ

оқу құралы

Шымкент, 2021 ж.


ЖОК
ББК

Құрастырғандар: Бердалиева А.М., Сенкебаева А.А.


«Жеке даму биологиясы» оқу құралы жұмыс бағдарламасы мен оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған және жеке даму биологиясының мәселелері: организмдердің көбею типтері, ұрықтану, эмбриогенез механизмдері қарастырылған.
6В01503 - «Биология» Білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге арналған
Пікір жазғандар:

Жусипова Г.Т. – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті,


биология ғылымдарының кандидаты

Сартбаева Г.М. - Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті,


ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Муминова К.Ш. – Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті,


биология ғылымдарының кандидаты

Химия, биология және экология кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілген. Хаттама № «__»______2021ж.

Жаратылыстану-техникалық және спорт факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланған және бекітілген. Хаттама № «__» ________2021 ж.

ХГТУ Әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған. Хаттама № «__» __________2021ж.


КІРІСПЕ

Организмнің жеке дамуының биологиясы олардың көбею жолдарын жынысты жолмен көбейген жағдайда жыныс жасушаларының пайда балуынан бастап жыныс жасушаларының қосылып, зигота түзгеннен тіршілік процесі тоқтағанға дейін дамуын, өзгерістерін, қайта кері кетуін, ақырында өшуіне дейінгі процесстерді зерттейді.


Жеке даму биологиясы - эмбриология, зоология, гистология, жануарлар физиологиясы мен морфологиясы, молекулалық биология және генетика, клетка биологиясы, биохимия сияқты пәндермен тікелей байланысты және оны меңгеру үшін негіз болып табылады. Жеке даму биологиясы оқу құралында бұл пәннің негізгі тақырыптары (гаметогенез, ұрықтану, бөлшектену, гаструляция, нейруляция, құстардың дамуы, сүтқоректілердің дамуы) ғылымның соңғы жаңалықтарына сүйене отырып жан-жақты қарастырылған.
Жеке даму биологиясы гаметогенезді (жыныс клеткаларының дамуын), яғни ұрық пайда болу алдындағы кезеңді, ұрықтық кезеңді және ұрық жарыққа шыққаннан соңғы (постэмбрионалды) кезеңдерді зерттейді. Постэмбрионалды кезең өсу, метаморфоз, жыныссыз көбею, регенерация, соматикалық эмбриогенез сияқты процестерді қамтиды. Жай сөзбен айтқанда даму биологиясының мақсаты: эмбриологиялық, генетикалық, биохимиялық Молекулалық биологиялық әдістерді қолдана отырып ұрықтанған жұмыртқадан қандай жолмен күрделі организмнің пайда болатынын түсіндіру болып табылады.
Сонымен, бұл ғылымның саласы тірі организмдердің дербес дамуы негізіне жататын сан алуан құбылыстарды қарастырады.
Жеке даму биологиясы курсын өткеннен кейін студенттер эмбриология, генетика, биохимия, морфология жетiстiктерiне сүйене отырып онтогенез заңдылықтарын оқып, гаметогенездiң ерекшелiктерiн және гаметаның морфологиясы мен физиологиясын түсiніп, эмбриогенездiң негiзгi этаптары: ұрықтану, бөлшектену, гаструляция сонымен қатар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың органогенезiн бiлулері және алған бiлiмiн және қолданған әдебиеттерiн өздерiнiң теориялық деңгейiн тереңдетулері тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет