Жеке оқушыға мінездеме



бет1/4
Дата20.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#197920
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
мінездеме (копия)



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


Психологиялық тапсырма

Тобы:1701-51


Орындаған: Сәрсенбек.А.
Қабылдаған:Абдраманова.Н

Шымкент 2023ж


Жеке оқушыға мінездеме

Мен 9”Г”сынып оқушысы Спанов Нурисламнан осы берілген практика бойынша әр апта сайын психологиялық тапсырмаларды алдым.Осы аталған қорытындылар бойынша Жания Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Ол сыныпта қанша сабақ өткен болсам, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады.Сыныптастарымен қарым-қатынасы өте жақсы. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді.Әр апта сайын алынған әдістер негізі бойынша Спанов Нурислам “Мюнстерберг” әдістемесі бойынша 2минут ішінде 35сөзді дұрыс тапты.Жалпы сөздер саны-44. Жания тапсырманы орындау барысында аса қиналмады.Себебі сыныбының көшбасшысы,алғыры.Әр сөзді таба отырып өз ойында қорыта білді, ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесінің басында сөздерді бір-бірімен байланыстырып жаттауда қиналды.Себебі ұғымдарды жақсылап тыңдап,әр сөздің екінші сөзбен қандай белгі бойынша жұптастырылғанын,олардың бір-бірімен байланысын түсініп есте сақтауға тырысты. “Шульте”әдістемесі ең оңай тапсырмалардың бірі болды.Басында тапсырманы аса түсінбей уақыты көп болды алайда кейінгілерін жылдам әрі ұқыпты орындай білді.Жұмыс сапасы-33,4болып соған сәйкес КЖ нәтижесі 1,0ден көп болғандықтан адамның жұмысқа даярланатын уақыты мол болуы керек,ПТ бойынша 1,0-ден кіші болғандықтан психикалық тұрақтылығы өте жақсы екенін көрсетеді.Штур әдістемісінің нәтижесіне сәйкес Нұрисламның әр тапсырмада әртүрлі ашылатынын байқауға болады.Басқалар үшін қиын тапсырма оған оңай болып,басқалар үшін оңай болып келген тапсырма ол үшін қиын болды.Бұл әр оқушының жағдайына байланысты нәтиже беретіндігін көрсетеді.Қиял деңгейін анықтауда қиялының ұшқыр біз білмейтін кейіпкерлер мен формаларды елестетуде ойының биік екенін байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет