«Жүлдызша» – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады.
«Жулдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады.
Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
Анықтама:
Анықтама:
Сақина» – кабель өзіне компьютерлермен сақинаға тұйықталған.
«Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.
«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.