Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына



бет1/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#11530
  1   2   3   4


  Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы « » _________
____ № бұйрығына    
қосымша

  Қазақстан Республикасы 


Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы «9» маусымдағы
276 № бұйрығымен    
бекітілген

Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту
жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар



  1. Жалпы ереже

1. Осы Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.





  1. Ұйымдардың қызметкерлерін оқыту тәртібі және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар

     2. Ұйымдарда жұмыс істейтін халықты оқыту өртке қарсы нұсқама және өрт-техникалық минимум түрінде жүзеге асырылады.

3. Ұйымдарда өртке қарсы нұсқама қызметкерлерге өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын жеткізу, өндірістер мен жабдықтың технологиялық процестерінің өрт қауіптілігін, өртке қарсы қорғау құралдарын, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда олардың әрекет етуін зерделеу мақсатында жүргізіледі.

4. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқама және сабақтар көрнекі құралдармен жабдықталған үй-жайда өткізіледі.

5. Өртке қарсы нұсқама осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Өртке қарсы нұсқаманың үлгі бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - Бағдарлама) ұйым басшысы немесе өрт қауіпсіздігіне жауапты адам жүргізеді.

Өртке қарсы нұсқаманы жүргізу кезінде ұйым қызметінің ерекшелігі ескеріледі.

6. Өртке қарсы нұсқама ұйымның қызметкерлерін «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 61-бабының талаптарымен таныстыруды қамтиды.

7. Сипаты және өткізу уақыты бойынша өртке қарсы нұсқама: кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты болып бөлінеді.

8. Кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты өртке қарсы нұсқамалар, Өрт-техникалық минимумды жүргізу бағдарламалары ұйым басшысымен бекітіледі.

9. Кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс, мақсатты өртке қарсы нұсқамалардың жүргізілгені және қызметкерді жұмысқа жіберілгені туралы жазба өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізуді есепке алу журналына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылады.

10. Кіріспе өртке қарсы нұсқама:

1) біліміне, кәсібі (лауазымы) бойынша жұмыс өтіліне қарамастан, жаңадан қабылданған барлық қызметкерлермен;

2) уақытша және маусымдық қызметкерлермен;

3) өндірістік оқуға немесе практикаға келген білім алушылармен және студенттермен жүргізіледі.

11. Кіріспе және алғашқы өртке қарсы нұсқама Заңының 61-бабының талаптарын ескере отырып, бағдарлама бойынша жүргізіледі.

12. Кіріспе өртке қарсы нұсқама қызметкер алған ұйымда белгіленген өртке қарсы режимді сақтау дағдысы мен білімін тексерумен, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды практикалық жаттығумен және өрт сөндіру құралдары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелерін білуін тексерумен аяқталады.

13. Кіріспе нұсқамадан өтпеген адамдар қызметтік міндеттерін атқаруға жіберілмейді.

14. Алғашқы өртке қарсы нұсқама өндірістік объектілерде, сақтау және сауда объектілерінде, сондай-ақ адамдар жаппай болатын объектілерде тікелей жұмыс орнында жүзеге асырылады.

15. Алғашқы өртке қарсы нұсқама:

1) барлық жаңадан қабылданған қызметкерлермен;

2) бір бөлімшеден басқасына ауысқан қызметкерлерімен;

3) ауысқан жағдайда, олар үшін жаңа жұмысты орындайтын қызметкерлермен, іссапарға жіберілген уақытша қызметкерлермен;

4) маусымдық қызметкерлермен;

5) ұйым аумағында құрылыс-монтаждау жұмысты орындайтын құрылыс саласының мамандарымен;

6) өндірістік оқуға немесе практикаға келген білім алушылармен және студенттермен жүргізіледі.

16. Алғашқы өртке қарсы нұсқама алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды, эвакуациялау қағидаларын, зардап шеккендерге көмек көрсетуді практикалық көрсете және дадылануын пысықтай отырып, әрбір қызметкермен жеке-жеке жүргізіледі, сондай-ақ біртекті жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобымен және жалпы жұмыс орнының шегінде жүргізіледі.

17. Өртке қарсы қайта нұсқама ұйым басшысы бекіткен сабақтарды өткізу кестесіне сәйкес мынадай кезеңділікпен жылына кемінде 1 рет жүргізіледі:

1) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау объектілерде – кемінде жарты жылда бір рет;

2) өндірістік объектілерде, сақтау және сауда объектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерде – жылына бір рет;

3) адамдар көп жиналатын объектілерге жатпайтын қоғамдық ғимараттарда – 2 жылда бір рет.

18. Өртке қарсы қайта нұсқаманы жеке немесе жалпы жұмыс орнының шегінде біртекті жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобы жүргізеді.

19. Өртке қарсы қайта нұсқама барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі, эвакуациялау жолдарын, өрт туралы хабарлау жүйелерін және адамдарды эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды білуі тексеріледі.

20. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқама:

1) өндірістің технологиялық процесін өзгеру, жабдықты, құралдарды, негізгі шикізатты, материалдарды ауыстыру немесе жаңғырту кезінде;

2) ұйым қызметкерлері өрттің шығуына әкелген немесе әкелуі мүмкін өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;

3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың лауазымды адамдары ұйымға өрт-техникалық тексеру жүргізу барысында ұйым қызметкерлерінің білімінің жеткіліксіз екенін анықтаған кезде олардың ұйғарымы (тексеру нәтижелері туралы акт) бойынша өрт қауіпсіздігі шараларын қосымша зерделеу үшін;

4) ұқсас өндірістерде, ғимараттар мен құрылыстарда шыққан өрттер туралы ақпараттық материалдар келіп түскен кезде;

5) ұйым қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттанарлықсыз білу фактілері анықталған кезде жүргізіледі.

21. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаманы жеке немесе ортақ жұмыс орны шегінде біртекті жабдықтарға қызмет көрсететін қызметкерлер жүргізеді. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаманың мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізудің қажеттілігінен туындаған себептер мен жағдайларға байланысты анықталады.

22. Мақсатты өртке қарсы нұсқама:

1) жоғары өрт қауіптілігімен және басқа да отты жұмыстармен (ашық отты пайдаланатын, ұшқын түзетін, газ-ауа, бу-ауа және тозаң-ауа қоспаларының, өзге де жанғыш заттардың (электрмен және газбен дәнекерлеу, бензинмен кесу, дәнекерлеу шамдарын, факелдерді, шілтерлерді пайдаланатын жұмыстар, битум қайнату және жылу мен ұшқын шығаратын басқа да жұмыстар) тұтануы (өздігінен тұтануы) мүмкін температураға дейін жабдықты, аспапты, материалдарды қыздыратын жұмыспен) байланысты біржолғы жұмыстарды орындау кезінде;

2) төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде;

3) рұқсат-наряд ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде, жарылыс қауіпті өндірістерде отты жұмыстарды жүргізу кезінде;

4) ұйымдар мен өндірістерде экскурсиялар жүргізу кезінде;

5) адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға дайындық кезінде жүргізіледі.

23. Мақсатты өртке қарсы нұсқама қызметкерлердің ұйымдарда алған белгіленген өртке қарсы сақтау дағдылары мен білімдерін тексеру, өрт туындаған кездегі іс-қимылдарға практикалық машықтануы және өрт сөндіру құралдарын және өртке қарсы қорғау жүйесін білулерін тексеру арқылы аяқталады.

24. Қанағаттандырарлықсыз білімін көрсеткен адамдар өздігінен жұмысқа шығуына жол берілмейді және нұсқамадан қайта өтеді.

25. Өрт қауіпсіздігі саласындағы, өртке қарсы режим, ұйымның технологиялық процесі мен өндірісінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ ұйымда өрт шыққан кезде өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірін, денсаулығын және мүлікті сақтау бойынша практикалық дағдыларды машықтандыруға мүмкіндік беретін тәсілдер мен іс-қимылдар бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу көлемінде өрт-техникалық минимумге оқытуға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өрт-техникалық минимумына міндетті оқытылатын қызметкерлер тізбесінде келтірілген адамдар жатады.

26. Қызмет бағытына қарамастан, ұйымдардың басшылары, мамандары мен қызметкерлерін өрт-техникалық минимумына оқыту жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде және кейіннен соңғы оқытудан өткен күнінен бастап 3 жылда кемінде бір рет өткізіледі.

27. Өрт-техникалық минимумын оқыту өндірістен қол үзіп және өндірістен қол үзбей ұйымдастырады.

28. Оқу орталықтарында өндірістен қол үзіп өрт-техникалық минимумын оқытудан:

1) басшылар және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар;

2) өндірістік объектілер мен өндірістің жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б, В санаттарындағы сақтау объектілерінің, адамдар жаппай болатын объектілердің қызметкерлері;

3) газбен, электрмен дәнекерлеу, бензинмен жұмыс істейтін, қыздыру шамдарымен, шырақтармен, күйдіргіштермен, битуммен жұмыс істейтін және жылу бөлетін әрі ұшқын шашатын жұмыстарды жүргізетін қызметкерлер;

4) басшының шешімімен жұмысшылар өтеді.

29. Өндірістен қол үзбей өрт-техникалық минимумын оқытудан:

1) өрт қауіпті жұмыстарды (желіммен, мастикалармен, битуммен, полимерлермен және өзге де жанғыш заттар мен материалдармен, газбен дәнекерлеу жұмыстары, электр дәнекерлеу жұмыстары, металл кесу, дәнекерлеу жұмыстары және басқа да өрт қауіпті жұмыстар) жүзеге асыратын қызметкерлер;

2) ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері;

3) педагогикалық қызметкерлер;

4) электриктер;

5) жеке меншік күзет ұйымдарының күзетшілерінен басқа, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлер;

6) автожанармай құю станцияларының қызметкерлері өтеді.

30. Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқытуды оқу орталықтарында оқудан өткен, ұйым басшысы немесе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам тікелей ұйымда жүргізеді.

31. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:

1) өрт-техникалық минимумына оқыту бағдарламасы, сағат саны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметінің ерекшелігін, лауазымы бойынша міндеттерді атқару ерекшеліктерін және салалық құжаттардың ережелерін ескере отырып, білім алушылардың әр санаты үшін жасалады;

2) материалдарды қалыптастыру кезінде өрт-техникалық минимумы бойынша оқыту кәсіби қызмет ерекшелігін ескере отырып, білім алушылардың әр санаты үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынады;

3) практикалық сабақтарды өткізу кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды пысықтауға, эвакуациялау және зардап шеккендерге көмек көрсетуге оқыту кезінде қолдануы тиіс.

32. Өрт-техникалық минимумын оқыту аяқталғаннан кейін кемінде үш адамнан құрылған біліктілік комиссиясы өрт қауіпсіздігі талаптарын білуін тексеру жүргізеді, комиссия құрамын ұйым және оқу орталықтарының басшысы белгілейді.

33. Өндірістен қол үзу арқылы оқудан өткен қызметкерлердің білімін тексеруді жүзеге асыратын біліктілік комиссиясының құрамына азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор енгізіледі.

34. Емтихан соңында тестілеудің және (немесе) ауызша емтиханның нәтижелері бойынша құрастырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерді тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасына біліктілік комиссиясының мүшелерімен қол қойылады.

35. Емтихандарды ойдағыдай тапсырған адамдарға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орталығының басшысы қол қойылған өрт-техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін тексеру бойынша біліктілік куәлігі беріледі.

36. Емтихан тапсыра алмаған адам біліктілік емтиханның нәтижесі бойынша емтиханнан өтпеген адам деп танылып, сол күннен бастап бір айдан кешіктірмей қайта тапсырады. Қайта тексеруге дейін қызметкер дербес жұмыс істеуге жіберілмейді.





  1. Жұмыспен қамтылмаған халықты өрт қауіпсіздігі

шараларына оқыту тәртібі
37. Жұмыспен қамтылмаған халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту:

1) оқу кезінде «Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздік негіздері» курсы шеңберінде тиісті бағдарламалар бойынша жалпы білім беру мекемелерінде, ал «Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша арнайы орта және жоғары оқу орындарында сабақтар өткізуді;

2) өрт-техникалық орталықтары базаларында дәрістер, әңгімелесулер, оқу фильмдерін қарау, тақырыптық кештер, экскурсиялар, жалпы білім беру мекемелерінде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқудан тыс кезде конкурстар, өртке қарсы тақырыпта викториналар өткізуді;

3) жарылыс, өрт қауіпті заттар мен материалдарды қолдануға, үй-жайларда адамдар жаппай болатын мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге байланысты сабақтар басталмас бұрын өртке қарсы нұсқаманы;

4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің халықпен әңгімелесулер, дәрістер өткізуді, оқу фильмдерін қарауды;

5) халықты тұрғылықты жері бойынша оқулар мен жаттығуларға қатысу үшін тартуды;

6) мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында ақпаратты, қоғамдық орындарда, теледидар және радиоарналарында әлеуметтік жарнаманы орналастыруды;

7) қоғамдық орындарда, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде билбордтарды, баннерлерді орнатуды, бейне және аудио сөз сөйлеулерді көрсетуді қамтиды.

38. Халықты оқыту кезінде жыл мезгілі мен ауа райы жағдайларына байланысты өрт қауіптілігінің өзгеруі ескеріледі.

39. Күзгі-қысқы кезеңде оқу жылыту және жылу беру қондырғылары мен электр құралдарын пайдалану мәселелері бойынша жүргізіледі.

40. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жыл сайын жылу беру маусымы алдында елді мекендерде өрт қауіпсіздігі айлығын жүргізеді.

41. Көктемгі кезеңде халықпен қоқысты, қалдықтарды және бос ыдысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы әңгімелесулер мен нұсқамалар жүргізеді.

42. Жазғы кезеңде орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары туралы нұсқамалар жүргізіледі.

Ұйымдардың қызметкерлері мен  


халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту жөніндегі оқу 
бағдарламаларының мазмұнына  
қойылатын талаптарға     
1-қосымша

Өртке қарсы нұсқаманың үлгі бағдарламасы
1. Өрт және жарылыс қауіптілігі жағдайлары бойынша ұйымның (өндірістің) ерекшелігі мен өзгешіліктері туралы жалпы мәліметтер.

2. Қызметкерлердің міндеттері және олардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапкершілігі.

3. Ұйымдағы өртке қарсы режиммен таныстыру.

4. Өртке қарсы режимді сақтау жөніндегі бұйрықтармен, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалармен таныстыру.

5. Өрттің алдын алу және оны сөндіру бойынша жалпы шаралар:

құрылымдық бөлімшелердің, цехтарды, учаскелердің басшылары үшін (гидранттар мен ішкі өрт крандарын тексеру және сынау, өрт сөндіргіштерді, автоматты өрт сөндіру және дабыл құралдарын зарядтау мерзімдері, цех немесе учаске персоналын алғашқы нұсқамадан өткізу бағдарламасымен таныстыру, жеке және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тағы басқа да өрт қауіпсіздігі талаптары мен қағидалары);

қызметкерлер үшін (жану немесе өрт кезіндегі іс-әрекеттер, өрт туралы өрт сөндіру бөліміне және тікелей басшыға хабарлау, жануды немесе өртті сөндіру тәсілдері мен құралдары, жеке және ұжымдық қауіпсіздік құралдары мен шаралары, объектіде белгіленген өртке қарсы режимді білу және сақтау).

6. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының, гидранттардың, су қоры мен құм, эвакуациялау жолдары мен шығу жолдарының орналасу орындарымен танысу (эвакуациялау жоспарына сәйкес). Тиісті үй-жайлар мен аумақтарды аралау.

7. Қолданылатын шикізаттың, материалдардың және дайындалатын өнімнің өрт қауіпті қасиеттері. Технологиялық үдерістің өрт қауіптілігі.

8. Өрт сөндіргіштердің түрлері және оларды өрттің сыныбына (жанғыш заттың түріне, жабдықтың ерекшелігіне) қарай қолдану.

9. Электр қондырғылары мен өндірістік жабдықты сөндіру кезіндегі талаптар. Өрт кезінде және эвакуациялау жолында қою түтіндеген кезде нұсқамадан өтушінің жүріс-тұрысы мен іс-қимылы.

10. Өрт туралы хабарлау тәсілдері. Өрт шыққан кездегі жеке қауіпсіздік шаралары. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері.

11. Практикалық сабақ.
Ұйымдардың қызметкерлері мен  
халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту жөніндегі   
оқу бағдарламаларының мазмұнына
қойылатын талаптарға    
2-қосымша

нысан
(ұйымның атауы)

Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізуді есепке алу
№ ___журналы
Журналды жүргізуді бастаған күні 20__ ж. «___» _____

Журнал жүргізуді аяқтаған күні 20__ ж. «___» _______


(ішкі жағы)


р/с



Нұсқаманы өткізген күні

Нұсқамадан өтушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Нұсқамадан өтушінің лауазымы (кәсібі)

Нұсқама түрі

Нұсқаманы өткізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Нұсқаманы өткізген адамның лауазы

мы


Нұсқамадан өтушінің қолы

Нұсқаманы өткізген адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  

Ескертпе:

өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамаларды өткізуді есепке алу журналы нұсқамалардың барлық түрлеріне немесе ұйым басшысының шешімі бойынша нұсқаманың әр түрі үшін бөлек ресімделеді.

Ұйымдардың қызметкерлері мен 


халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт  
қауіпсіздігі шараларына оқыту
жөніндегі оқу бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптарға
3-қосымша

Өрт-техникалық минимумына міндетті оқытылатын
қызметкерлер тізбесі
1. Басшылар және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар.

2. Өндірістік объектілер мен өндірістің жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б, В санаттарындағы сақтау объектілерінің, адамдар жаппай жиналатын объектілердің қызметкерлері.

3. Дәнекерлеу шамдарын, шырақтарды, күйдіргіштерді пайдалану арқылы газбен, электрмен дәнекерлеу, бензинмен кесу жұмыстарын, битумды дәнекерлеуді және жылу бөлетін әрі ұшқын шашатын жұмыстарды жүргізетін қызметкерлер.

4. Өрт қауіпті жұмыстарды (желіммен, мастикалармен, битуммен, полимерлермен және өзге де жанғыш заттар мен материалдармен, газбен дәнекерлеу жұмыстары, электр дәнекерлеу жұмыстары, металл кесу, дәнекерлеу жұмыстары және басқа да өрт қауіпті жұмыстар) жүзеге асыратын қызметкерлер.

5. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері.

6. Педагогикалық қызметкерлер.

7. Электриктер.

8. Жеке меншік күзет ұйымдарының күзетшілерінен басқа, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлер.

9. Автожанармай құю станцияларының қызметкерлері.

Ұйымдардың қызметкерлері мен

халықты өрт қауіпсіздігі шараларына

оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі

шараларына оқыту жөніндегі оқу

бағдарламаларының мазмұнына қойылатын

талаптарға

4-қосымша



Өрт-техникалық минимумына оқыту бағдарламасы
Өндірістің жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санаттардағы өндірістік объектілер мен сақтау объектілерінің басшылары мен өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарға арналған тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с




Тақырыптың атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер.

2

2

Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.

2

3

Ұйымдағы өрт қауіптілігі.

4

4

Өрт қауіпті жұмыстар жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Негізгі нормативтік құжаттама.

4

5

Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.

2

6

Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер.

2

7

Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.

3

8

Қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-қимылдары.

2

9

Практикалық сабақ.

3

Жалпы сағат саны

24



1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер
Өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын бұзғаны және (немесе) орындамағаны үшін өрт жауапкершілігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу.

2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылу-өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық процестерді өрт-жарылу қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері.

3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі
Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Электр тогынан өрт шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.



Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Министерство внутренних дел
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет