Жүргізуші : Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын А. Сейдімбек артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі34,33 Kb.
#131052
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақселеу Сейдімбек
27,42, 7-қазақ тілі ТЖБ 1

1 жүргізуші : Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын А. Сейдімбек артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Ақселеу Сейдімбек перзенті бар біздің халық - шынымен де бақытты. Бүгінгі кешімізде ақын туралы видео сюжеттермен, өмір жолымен, «Аққыз»повесімен, әңгімелерін,естеліктерін ұсынуды жөн көріп отырмыз.

2 жүргізуші: Ақселеу Сейдімбек өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Ақселеу Сейдімбектің өмір жолынан деректерге назар аударайық.
1 Интерактивті тақтадан Ақселеу Сейдімбек туралы бейнеролик жүреді (Видео)

1- жүргізуші: Сейдімбек Ақселеу Сланұлы - 1942 жылы12 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келді. Әкесін соғыс жалмап, анасы жесір қалған Ақселеудің қайғы - қасіретін ұмыттырған әкесінің ағасы Аманбек пен Күләндә еді. Өмірге ғашық өрім жасты Аманбек ақсақал ерте танып, қатарынан қалдырмауға барын салды. Мектеп қабырғасында жүргеннен - ақ үкілі үміт арқалаған ақын атанып, өлеңдері баспасөз беттерінде жарық көрді. 1959 жылы орта мектепті тамамдаған соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау кеңшарында мал шаруашылығында еңбек еткен.1963 - 1968 жылдары КазМҰУ - дың журналистика факультетінде оқыған. Қалам алды алғашқы туындылары туған жер, ауыл тұрмысы тақырыбына арналған.
2-жүргізуші: Қаламгерлік жолын 1968 - 1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші болып бастап, 1976 - 1981 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983 - 1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы қызметтерін атқарады. Сейдімбектің жазушылық қарымын, көркемдік деңгейін мейлінше көрсеткен кітабы «Аққыз». Бұл кітапта жинақталған повестердің ішінен айрықша «Күзеуде» және «Бір атым насыбай» повестерін бөліп айтуға болады. Бұл повестердің қай - қайсысы болмасын өзінің көркемдік концепциясы, тіл өрнегі жөнінен осы тектес шығармалардың класикалық үлгісі деп сипатталған. Әсіресе, сюжет құру тартымдылығы мен тіл көркемдігі, құнарлылығы, сөз жоқ кәнігі шеберліктің куәсі іспеттес. Әрбір сөз сан қырымен барша әрімен құлпырып тұр. Сөз салмағы, мәні, қолданыс орны мінсіз. Оқып отырғанда бұлақтың суын ішкендей мейірің қанады. Кейпкерлердің сезім толқындарына өзін де қоса түсіп кеткеніңді байқамай қаласың. Бұл, әрине, көркемдік қуаттың биік керуенінің әсері деу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет