САБАҚ: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп: НЗМ Алматы
|
Күні:
|
Мұғалімніңаты-жөні: Оспанова К.Д. Тлеубаева А.С.
|
Сынып: 9Т1
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
8-бөлім. Ә.Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар»
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
АИ5 Автор мен кейіпкер табиғатын түсіну
Т/Ж7 Өзіндік көзқарас
|
Сабақтың мақсаттары
|
Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін түсінеді.
Әртүрлі жағдайда және топта түрлі пікір, идеялармен келісіп не келіспеу барысында спикер ретінде шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданады.
|
Жетістік критерийлері
|
Кейіпкер бейнесін ашады.
Берілген ойға өз пікірін, көзқарасын білдіреді.
Ойын нақты жеткізеді.
Тіл тазалығын сақтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Ұлы Отан соғысы, жастар, махаббат, оқу, т.б.
Пән лексикасы және терминология: роман, журналист, заман көрінісі, т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
махаббат, қызық мол жылдар, махаббатсыз дүние бос, т.б.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
7-бөлім. І.Есенберлин «Қаһар» романы
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
|
Мақсаттар туралы айтып береді.
Күтілетін нәтижелерді белгілейді.
Оқушылар кәмпиттер арқылы 4 топқа бөлінеді.
«Жалауша» ойыны /Қызыл-дұрыс емес, жасыл – дұрыс жауап/
Ербол журналист болам деген мақсат қойды және сол мақсатына жетті;
Қызыл көрпені Меңтайға Зайкүл сыйға тартты;
Маған Меңтай «Ұйқыдағы Венера» картинасынан да сұлу болып көрінді;
Ерболдың алғашқы махаббаты – Сәлима;
Жауды жеңуге жігерлендірген, рух берген – Тоғжан.
|
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма. Төрт топқа 4 кейіпкердің хат үлгісі, монолог, күнделік үзіндісі беріледі. Хат, монолог, күнделік арқылы кейіпкерлердің образын ашады. Хаттағы ойлар арқылы сол заман көрінісін, тынысын түсінеді. Романның идеясын мәтіннің ішінен табады. (жанама тақырып, негізгі тақырып)
Сәлима хаты
Ербол монологы
Тұмажан әкелген хат
Меңтай күнделігі
1. «Жаным Ербол!
Менің сені шексіз сүйетінімді білесің. Өзімде сен дегенде шығарда жаным ғана басқа шығар деуші едім. Осы кеше ғана ауылға каникулға барып қайттым. Бүркітбай бригадир сенің папаңның орнына колхозға председатель болған еді ғой. Жақында соның бұрынғы бала көтермеген кәрі әйелі қайтыс болыпты. Ауылға мен барған күннің ертеңінде біздікіне сол кісі келді.маған амандасты. Сабағымның жайын, оқуды қашан бітіретінімді сұрап, біраз отырып, кетіп қалды. Бірақ кешке шешем маған «сол Бүркітбайға тұрмысқа шығасың, егер мені шешем дейтін болсаң, сөйтесің!» деп қиғылықты салды. ...мен көнбедім. Шешем қасарысып отырып алды.
«Әкең трудармияда, сен оқудасың. Мына екі бала мен мені кәм асырап, сақтайды? Ал Бүркітбайға шықсаң, өзіңнің де, жаныі тыныш – ит өлген жерге оқу іздеп сандалмайсың. Менің де жаным тыныш...»
... Мінеки, сөйтіп ауылдан кеше ғана келдім. Келе сала саған хат жазып, мұңымды шағып отырмын. Не істейін, Ербол? Не қылайын? Жаным, қуатым, ақылды едің ғой, бір амалын тапшы өзің. ... Бүркітбай шалға қалай барамын, сенсіз қалай өмір сүремін?»
2. «Бауырым Меңтай! Тұмажан – менің досым. Елге тірі барса, осының етегінен ұста, сенің басыңды қор қылмайды. Бұл менің саған өлер алдында айтқан өсиетім, бауырым. Орында қалқам, Ағаң Ербосынов»
3. Үйлену оңай, үй болу қиын ғой, - деймін мен белгілі нақылдың белгілі сөзін қайталап, тағы да ақталып. - Сомадай жігіт боп, сөз айтып тұрсаң, саған да біреу тиер-ау. Тән де табыса беретін болар. Бірақ алдымен адамның жаны үйлесуі абзал ғой. Жаны үйлескен жандар ғана жақсы өмір сүріп, қызықты күндер кешпек. Ал, жан жарасымы махаббат арқылы келмек.
Махаббат - жас ғұмырдың жалынды жыры. Жастыққа тән ерекше екі қасиет ерлік пен махаббат болса, біріншісінің сынынан сүрінбегенім аян. Енді екіншісінен де сүрінбесем деймін. Ол үшін өзім сүйген жанды ғана жар етуім керек! Ол - Меңтай ғана... Бірақ «батыл емессің» дегенің рас. Батыл болсам, баяғыда, соғыста, жүргенде Сәлимаға: «Басқа ешкімге барма, тек қана мені тос!» деп кесіп айтпайтын ба едім. Батыл болсам, баяғыда Меңтай: «Өзіңіз айтыңызшы: таста деңізші ол жігітті, бұз деңізші уәдеңді - бұзып-ақ кетейін» деп толқып тұрғанда, «Таста! Бұз!» демейтін бе едім... Жарайды, енді өйтпеймін. Ертең қайтадан барамын.
Барамын да Меңтайға бірден өзімнің оны әлі күнге дейін сүйетінімді айтамын! Содан сон оған: «жарым бол» деп тікелей тілек білдіремін! Бірден осылай деймін!..(Ербол монологы)
4. Ербол. Перзентханага келгелі тұтқынға түскендеймін мен. Осында өзіңсіз өткен үш күн (бүгін үшінші күн) үш жылдай боп көрінді маған. Мен босанғаннан кейін бір күн де қалмаймын мұнда. Мені босана салысымен дәрігерден сұрап алып кет, Ербол. Жарайма, жаным, жарайма?
Жұрт күйеулеріне еркелетіп ат қойып жатады ғой осы: Құрманғалиды - Құрмаш, Уатайды - Уаш деп. Мен сені әлі бір рет еркелетіп атамаппын ғой жаным. Бүгіннен бастап Ертай деп еркелетейінші сені. Ертайым менің!
Сенің халық қамын, мемлекет мүддесін ойлайтын үлкен журналист болғаныңды көрсем деп арман етуші едім іштей. Бағана өзің әкеп берген газетте басылған «Жұмысшы мүддесі» деген мақалаңды оқып, төбем көкке жеткендей боп қалды бүгін. Редакторың мақтаса, мақтағандай екен! Бірақ сен оған мақтанып кетпе, күнім. (Мақтанбайтыныңды білем ғой, әшейін айтамын, оған өкпелеп қалма. Жарайма ?)
Айтпақшы, бүгін майдың 5-і екен гой. Сен әкеп берген газеттен көріп, есіме түсті. Сені баспасөз күнімен құттықтаймын. Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жалғыз мен ғана емес, «Папама менен де сәлем айт!» деп бүйірімді тепкілеп жатыр мына тентегім. Оның да сәлемін қабыл ал!
Ойпырау, мынау Сәлемхат тағы да тынышсыздана бастады ғой... Мен осыны Сәлемхат, Сәлемхат дей
беремін. Түбінде Сәлемхат атанып кетіп жүрмесін осы тентегіміз. Мен бұл тентегіңді қандай болса екен деп ойлайтынымды білесің бе сен ? Ұл болса - саған, қыз болса - маған тартса екен деймін. Бірақ ұл болса да, қыз болса да ақылы, адамгершілігі сендей болса екен. Ал саған тағы да Сәлемхаттан сәлем, папасы.(Меңтайдың соңғы хаты)
2-тапсырма.
Хат пен монологты жеткізудегі автор стилі
Хат рөлі, жазылу стилі
3-тапсырма. «Бұрыш» әдісі.
1-пікір. Қаншама ер-азамат туған жерге жете алмай, туған елдің топырағында өскен қызыл гүлдей қыздардың ақ жүздерін көре алмай, арманда өтті. Олер алдындағы әр солдаттың аузында ең соңғы сөзі әйел аты болды. Біреуі анасын, біреуі
жарын, біреуі ғашығын есіне алып, тілі күрмеліп, мәңгіге көз жұмар алдында ақтық күш жиып, солардың есімін атады. Олардың өздеріне деген махаббатының қарызын солдат сол бір ауыз сөзді ұмытпай айтып өтеуге тырысты. Содан кейін Отан сүйгіш, ана сүйгіш, жар сүйгіш солдат жаны мәңгіге тыншықты.
2-пікір. Сүйекке сіңбеген тәрбие - тәрбие емес. Тәртіпті, ынтымақты әскер ғана жауынан жеңілмейді. Меніңше осы күнгі жастар тәрбиесі үлкен үш бөлімнен құралады. Ол: семья, мектеп және әскери өмір. Осы үш тәрбиені өз бойына дұрыс сіңіре алған жас адам - жақсы азамат. Ондай ұрпағы бар Отан - Ұлы Отан, оны ешқашан да жау ала алмайды.
3-пікір. Әйелге керек негізгі үш қасиет бар. Олар: еңбекшілдік, ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет тегіс бар әйелді төрт құбыласы түгел әйел деп бағалау абзал. Ал соның алғашқы екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге болады.
4-пікір. Адамгершілік, ізгілік шарттарын бұзу өмірде көп кездескенімен, махаббаттан бас тарту сирек болады. Махаббат пен сана бірін-бірі тыңдамайды, әрқайсысы тек өз дегенім ғана болсын дейді.
Жетістік критерийі:
Кейіпкер бейнесін аша алады.
Берілген ойға өз пікірін, көзқарасын білдіре алады.
Ойын нақты жеткізе алады.
Тіл тазалығын сақтайды.
«Автор орындығы». Бір оқушы ортаға келіп, автор орындығына отырады. Қалған оқушылар романға байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қояды.
|
кітап
ғаламтор
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс. Смайлик.
|
|
1. «Жаным Ербол!
Менің сені шексіз сүйетінімді білесің. Өзімде сен дегенде шығарда жаным ғана басқа шығар деуші едім. Осы кеше ғана ауылға каникулға барып қайттым. Бүркітбай бригадир сенің папаңның орнына колхозға председатель болған еді ғой. Жақында соның бұрынғы бала көтермеген кәрі әйелі қайтыс болыпты. Ауылға мен барған күннің ертеңінде біздікіне сол кісі келді.маған амандасты. Сабағымның жайын, оқуды қашан бітіретінімді сұрап, біраз отырып, кетіп қалды. Бірақ кешке шешем маған «сол Бүркітбайға тұрмысқа шығасың, егер мені шешем дейтін болсаң, сөйтесің!» деп қиғылықты салды. ...мен көнбедім. Шешем қасарысып отырып алды.
«Әкең трудармияда, сен оқудасың. Мына екі бала мен мені кәм асырап, сақтайды? Ал Бүркітбайға шықсаң, өзіңнің де, жаныі тыныш – ит өлген жерге оқу іздеп сандалмайсың. Менің де жаным тыныш...»
... Мінеки, сөйтіп ауылдан кеше ғана келдім. Келе сала саған хат жазып, мұңымды шағып отырмын. Не істейін, Ербол? Не қылайын? Жаным, қуатым, ақылды едің ғой, бір амалын тапшы өзің. ... Бүркітбай шалға қалай барамын, сенсіз қалай өмір сүремін?»
2. «Бауырым Меңтай! Тұмажан – менің досым. Елге тірі барса, осының етегінен ұста, сенің басыңды қор қылмайды. Бұл менің саған өлер алдында айтқан өсиетім, бауырым. Орында қалқам, Ағаң Ербосынов»
3. Үйлену оңай, үй болу қиын ғой, - деймін мен белгілі нақылдың белгілі сөзін қайталап, тағы да ақталып. - Сомадай жігіт боп, сөз айтып тұрсаң, саған да біреу тиер-ау. Тән де табыса беретін болар. Бірақ алдымен адамның жаны үйлесуі абзал ғой. Жаны үйлескен жандар ғана жақсы өмір сүріп, қызықты күндер кешпек. Ал, жан жарасымы махаббат арқылы келмек.
Махаббат - жас ғұмырдың жалынды жыры. Жастыққа тән ерекше екі қасиет ерлік пен махаббат болса, біріншісінің сынынан сүрінбегенім аян. Енді екіншісінен де сүрінбесем деймін. Ол үшін өзім сүйген жанды ғана жар етуім керек! Ол - Меңтай ғана... Бірақ «батыл емессің» дегенің рас. Батыл болсам, баяғыда, соғыста, жүргенде Сәлимаға: «Басқа ешкімге барма, тек қана мені тос!» деп кесіп айтпайтын ба едім. Батыл болсам, баяғыда Меңтай: «Өзіңіз айтыңызшы: таста деңізші ол жігітті, бұз деңізші уәдеңді - бұзып-ақ кетейін» деп толқып тұрғанда, «Таста! Бұз!» демейтін бе едім... Жарайды, енді өйтпеймін. Ертең қайтадан барамын. Барамын да Меңтайға бірден өзімнің оны әлі күнге дейін сүйетінімді айтамын! Содан сон оған: «жарым бол» деп тікелей тілек білдіремін! Бірден осылай деймін!..
4. Ербол. Перзентханага келгелі тұтқынға түскендеймін мен. Осында өзіңсіз өткен үш күн (бүгін үшінші күн) үш жылдай боп көрінді маған. Мен босанғаннан кейін бір күн де қалмаймын мұнда. Мені босана салысымен дәрігерден сұрап алып кет, Ербол. Жарайма, жаным, жарайма?
Жұрт күйеулеріне еркелетіп ат қойып жатады ғой осы: Құрманғалиды - Құрмаш, Уатайды - Уаш деп. Мен сені әлі бір рет еркелетіп атамаппын ғой жаным. Бүгіннен бастап Ертай деп еркелетейінші сені. Ертайым менің!
Сенің халық қамын, мемлекет мүддесін ойлайтын үлкен журналист болғаныңды көрсем деп арман етуші едім іштей. Бағана өзің әкеп берген газетте басылған «Жұмысшы мүддесі» деген мақалаңды оқып, төбем көкке жеткендей боп қалды бүгін. Редакторың мақтаса, мақтағандай екен! Бірақ сен оған мақтанып кетпе, күнім. (Мақтанбайтыныңды білем ғой, әшейін айтамын, оған өкпелеп қалма. Жарайма ?)
Айтпақшы, бүгін майдың 5-і екен гой. Сен әкеп берген газеттен көріп, есіме түсті. Сені баспасөз күнімен құттықтаймын. Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жалғыз мен ғана емес, «Папама менен де сәлем айт!» деп бүйірімді тепкілеп жатыр мына тентегім. Оның да сәлемін қабыл ал!
Ойпырау, мынау Сәлемхат тағы да тынышсыздана бастады ғой... Мен осыны Сәлемхат, Сәлемхат дей беремін. Түбінде Сәлемхат атанып кетіп жүрмесін осы тентегіміз. Мен бұл тентегіңді қандай болса екен деп ойлайтынымды білесің бе сен ? Ұл болса - саған, қыз болса - маған тартса екен деймін. Бірақ ұл болса да, қыз болса да ақылы, адамгершілігі сендей болса екен. Ал саған тағы да Сәлемхаттан сәлем, папасы.
1-пікір. Қаншама ер-азамат туған жерге жете алмай, туған елдің топырағында өскен қызыл гүлдей қыздардың ақ жүздерін көре алмай, арманда өтті. Олер алдындағы әр солдаттың аузында ең соңғы сөзі әйел аты болды. Біреуі анасын, біреуі жарын, біреуі ғашығын есіне алып, тілі күрмеліп, мәңгіге көз жұмар алдында ақтық күш жиып, солардың есімін атады. Олардың өздеріне деген махаббатының қарызын солдат сол бір ауыз сөзді ұмытпай айтып өтеуге тырысты. Содан кейін Отан сүйгіш, ана сүйгіш, жар сүйгіш солдат жаны мәңгіге тыншықты.
2-пікір. Сүйекке сіңбеген тәрбие - тәрбие емес. Тәртіпті, ынтымақты әскер ғана жауынан жеңілмейді. Меніңше осы күнгі жастар тәрбиесі үлкен үш бөлімнен құралады. Ол: семья, мектеп және әскери өмір. Осы үш тәрбиені өз бойына дұрыс сіңіре алған жас адам - жақсы азамат. Ондай ұрпағы бар Отан - Ұлы Отан, оны ешқашан да жау ала алмайды.
3-пікір. Әйелге керек негізгі үш қасиет бар. Олар: еңбекшілдік, ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет тегіс бар әйелді төрт құбыласы түгел әйел деп бағалау абзал. Ал соның алғашқы екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге болады.
4-пікір. Адамгершілік, ізгілік шарттарын бұзу өмірде көп кездескенімен, махаббаттан бас тарту сирек болады. Махаббат пен сана бірін-бірі тыңдамайды, әрқайсысы тек өз дегенім ғана болсын дейді.
К.Д.Оспанова, А.С.Тлеубаева
НЗМ
Алматы қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |