Кафедрасы: «Қазақ тіл білімі» 6-СӨж тақырыбы: «Күрделі етістік туғызушы тұлғалар мен олардың семантикасы» Орындаған



Дата05.02.2022
өлшемі113,5 Kb.
#130794
Байланысты:
Темірхан Аяжан 6-СӨЖ СӨЗЖАСАМ




Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті





Факультеті: «Филология және әлем тілдері»
Кафедрасы: «Қазақ тіл білімі»
6-СӨЖ


Тақырыбы: «Күрделі етістік туғызушы тұлғалар мен олардың семантикасы»


Орындаған: Темірхан А
Тобы: ҚФ-204
Тексерген: Егізбаева Н.Ж
Алматы
Күрделі етістік – екі негізгі етістіктен құралып, бір ғана ұғымның атауын білдіретін туынды сөздер. Күрделі етістік – аналитикалық сөзжасамның нəтижесінде пайда болатын, екіншілік мағына беретін атаулар. Мысалы: бас қатыру, дем алу, əкеліп сал, оқуға түс, ауыз салды, жек көрді, көз салды, алып қалды, т.б.
Күрделі етістік (КЕ) тұлғалық жағынан екі түрлі сипатта болады:
1) есім сөз бен етістіктің тіркесуінен жасалған КЕ: таң атты, əн салды, дем салды, қол салды, ой салды, сөз салды, т.б.
2) негізгі етістіктердің тіркесуінен жасалған КЕ: жаза түс, жаза сал, айта сал, айта көр, ойлап қой, келіп кет, т.б.
КЕ құрамындағы етістік тұлғалар өздерінің тура мағынасында емес, көбінесе ауыспалы, жаңа екіншілік семада жұмсалып, іс-қимылдың жаңа бір ерекше сипатын танытады, жаңа туынды семаны белгілейді. Мəселен, «жаза түс» белгілі қимылдың атауы, туынды сөз. «Жаз» сөзінің негізгі мағынасы – белгілі ойды қағазға түсіру, белгілі бір нысанды жаю, жазу (дастарқанды жазу); «түс» – белгілі нысанның жоғарыдан төмен қарай түсуі үшін жасайтын қимылы. Ал «жаза түс» КЕ мағынасы – белгілі ойды толығырақ, анығырақ, кеңірек жазу. КЕ құрамындағы сөздердің тура мағынасы емес, ауыспалы мағынасы арқылы жаңа мағынаға ие болып, жеке атау ретінде ерекше ұғымды таңбалайды.


«Алып бар» етістігі
Алып бар деген күрделі етістіктің лексикалық мағынасы-алудың да, барудың да мағынасын қамтитын біртұтас күрделі қимылдың аты. Оның мағынасы жеке алғандағы алу қимылына да, бару қимылына да тең емес, олардың әрқайсысынан да кең мағына. Өйткені ол - біртұтас қимыл болып түсінілетін, ұғынылатын, қабылданатын дәрежеге жеткен күрделі қимылдың аты. Ол күрделі қимыл екі дара қимылдың біртұтас мағынаға көшуінен қалыптасқан. Күрделі етістік талданып отырған алып бар етістігі, күрделі қимыл жымдасып, тұтастуы арқылы жасалған. Күрделі етістіктің лексикалық мағынасы оның құрамындағы ал етістігінің сол сияқты бар етістігінің ешқайсысының мағынасына сай емес. Бұлар ұзақ уақыт біртұтас сөз ретінде қолданылып, халық санасында ол бір қимыл ретінде әбден қалыптасқан. Сондықтан да олардың кейбіреуі сыңарларының дыбыстық жағынан да бірігіп кеткен. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет