Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Болашақ ұстаз болғандықтан «Бағалау» сөзі мен үшін және менің алдымнан білім алып отырған әрбір қаракөз қазақ балалары үшін маңызды деп білемін. Қазақ халқының кемеңгер ұлдарының бірі, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Оқытушыны бағалағанда олардың ісіне қатысы жоқ, сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне яғни оқушыларына қарап бағалау керек»-деген қанатты өсетінің өзектілігі бүгінгі таңда да айқын сезіледі. Кез-келген оқушы алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгілі машықтан өткен кезде оқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан, бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Жалпы қазіргі кезде оқушылар күнделікті белсенді болып жауап береді, бірақ бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау балы жетпей қалса, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес», - дейді Мұхтар Әуезов. Мен осы ойға қосыламын, себебі тек жақсы оқитын балаларды көтермелеу дұрыс емес. Теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы үлкен оқушыға артылған жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін.
Зерттеу мақсаты: оқу – тәрбие үрдісінде сынып оқушыларын өзін – өзі, жұптық, топтық жұмыста әділ бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, қолдану.
Зерттеу нысаны: Білімді бақылау және бағалау
Зерттеу пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау;
Зерттеу міндеттері:
Жаңартылған білім мазмұнына сай бағалауы;
Тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана білу;
Оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыру;
Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренуі;
Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнауы;
Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біліп түсінуі;
Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолдану;
Нақты мәселелерді шешу үшін, өмірде қолдану;
Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
Зерттеу ғылыми болжамы: егер оқушыларды топтық, жұптық, өзін – өзі бағалау арқылы әділ бағаласа, өз – өзіне сенім білдіреді, сыни тұрғыдан ойлай алады, өзгенің қатесі арқылы өзін түзетеді;
Зерттеудің жетекші идеясы: оқушылардың топтық, жұптық, жеке, мұғалім тарапынан бағалауын тұлғалық маңызды сапа ретінде біртұтас педагогикалық үрдісте қалыптастыруды өмірлік құндылық бағдар тұрғысынан талдау рухани – интелектуалдық талаптарды қанағаттандырып, тұлға ретінде дамуын жүзеге асырады.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық, психологиялық, т.б. әдебиеттерге талдау жасау, ресми құжаттарды зерделеу, зерттеу мәселесі бойынша отандық және шет ел ғалымдарының озат іс – тәжірбиелерін жалпылау, педагогикалық эксперемент жүргізу.
Зерттеу көздері: педагогтардың зерттеу тақырыбына қатысты еңбектері, «Қазақстан - 2030» жолдауы, Қазақстан Республикасы Білім мен Ғылым министрлігінің бекіткен ресми құжаттары мен бағдарламалары, психолог – педагогтардың еңбектері, журналдар.
Зерттеу базасы: Тәжірбиелік – эксперементтік жұмыстар Орал қаласы Бәйтерек ауданы Зеленый ауылының Зеленов орта жалпы білім беретін мектебінде жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
Қазіргі кезде оқушыларды бағалауға арналған жинақ шығару;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Мұғаліммен бірлесе отырып жинақ шығару;
Зерттеу нәтижелерін мектептерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында, колледждер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттары қызметінде пайдалану тиімді;
Курстық жұмыстың құрлымы: кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен қортындылардан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшылардан тұрады.
І тарау. Оқыту жүйесінде білімді есепке алу, бақылау және
бағалаудың маңызы, қызметі
Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау және бағалау
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары
Маңызы, міндеттері
Оқыту нәтижелерін бақылау
Танымдық іс – әрекетті басқару
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меігергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс – әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып,
Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. /1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар/. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард /1724-1790/ неміс педагогы, филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл /сан/ арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген.[1].
1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын жалғастырды.
Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері, дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін жетілдіруіне байланысты.
Барлық қабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепілді бола алмайды. Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке айналмайды, интеллектуальді және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланың жеке дамуы қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзі жетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше,
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухарский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пшкало, Т.Л.Коган және т.б теориялық талдау жасаған.[2].
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі «есепке алу», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауда, оның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және прктикалық қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағралаушы (ориентирущая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ:ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтижесінің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ:қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең таралған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, аралық, қорытындыдеген түрлерін көрсетеді. Ал Г.И.Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан көзқарастарын білдіреді. Е.А.Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды деп бөледі.
Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» оқулықтарында тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлген.
Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.[2].
Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары
Бағалау дегеніміз не? Бағалау дегеніміз – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметі белгілеу үшін қолданылатын термин.[5].
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл. Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
• Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
|
Оқу бағдарламасы;
|
Оқу жоспары;
|
Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
|
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
|
Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
|
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
|
1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Критериалды бағалаудың құрылымы Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Мектептегі оқушылар жетістіктерін бағалаудағы халықаралық тәжірибе
Оқытудағы және тұтас әлемдегі заманауи қарқынды дамуы кезеңінде, Қазақстан оқытудың дәстүрлі әдістерінің балалар әлеуетінің толық дамуы үшін жеткіліксіз болып отырған факті алдында тұр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өмір бойы білім алуға, оқудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға жол ашатын білім беру жүйесінің ұлттық моделінің дамуына барынша жағдай жасалғаны аталады. Оқытудың осы кезеңінде балаларды оқуға және сүйсініп оқуға, сыни, шығармашыл, инновациялық және объективті ойлау негіздерін дамытуға үйретуі тиіс. Сондықтан бұл бағыт тұтас Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады. Білім беру жүйесі жаһандық білім беру жүйесіне бара-бара интеграциясы үшін кең мүмкіндіктерге ие. Отандық педагогикалық ойды ұғынуға, ашық қоғам жағдайында білім беру саласының және білімдегі интеграциялық үрдістердің келесі дамуына шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтау ықпал етеді. Әлемдегі білімнің даму бетбұрыстарын түсіну үшін білім сапасының жоғары деңгейі халықаралық зерттеулермен расталып отырған елдердегі білімнің даму тәжірибесін зерттеу анағұрлым маңызды болып табылады. Білімнің жаңартылған мазмұнын және оқушылар жетістітерін критерийлік бағалауды іске асыру мен имплементациясы (іс жүзінде орындалуы) мүмкін болатын ұтымды шарттарды жобалау үшін әзірлеушілерге отандық және халықаралық тәжірибеде орын алып отырған ұқсас тәжірибеге жүгіну қажет болады. Бастауыш мектептегі критерийлік бағалауды едәуір терең зерделеу үшін білім саласындағы Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания мен Жапония секілді озық елдердегі тәжірибені қарастыруға болады.[32].
Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланады.[6].
Финлияндиядағы бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау Финляндиядағы мектеп білімінде бағалауды ұйымдастырудың негізгі факторлары – ішкі, сыртқы және олардың қатар үйлесімділігіндегі бағалау болып табылады.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады. Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім беру үрдісінің жеке қырлары туралы ақпаратты білім беру мекемелерінің қызметі, олардың тиімділігі, нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған сұраныс, мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқуға түсуі мен санды құрамы; мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді құралдар арасындағы байланыс; білім мен қоғам арасындағы арақатынас; оқу жоспарлары мен оқу курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған. Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының материалдық ресурстары). Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру); жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау); тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де); стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу) [18]. Финдер «не біз өмірге дайындаймыз, не – емтиханға дайындаймыз. Біз біріншісін таңдаймыз», деп айтады. Өткізілген зерттеулер көрсетіп отырғанындай, Финляндияның біліміндегі бағалау тұжырымдамасы өз ерекшелігіне ие. Бағалау жүйесінің жеке білім беру орындарының оқудағы теріс нәтижелерін іздестіріп, көрсету арқылы емес, оқу орындары мен білімділік саясатын өткізіп отырғандардың арасында үйлесімді қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы білім сапасын көтеруге ықпал ету керектігі атап көрсетіледі. Бағалау сенім беріп, алға басуға түрті болып, оқу орнының жұмысын жақсы жаққа өзгертуге қабілеттілігіне иландыруы тиіс. Оқу орындары қызметін бағалаудың осындай жүйесінде ынталандыру да, айып кесімдерін қолдануға жол берілмейді. Финляндияның біліміндегі бағалаудың мақсаты – бұл, ең алдымен, түрлі, елдегі оқу орындарының және тұтас мектеп білімі жүйесінің қызметі туралы өзекті және сенімгерлігі жоғары ақпаратты ұсыну арқылы мұғалімдерге және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету. Бағалау нәтижелері, сонымен қатар бағалау үшін қолданылған әдістер мен материалдар қоғам үшін жалпы қол жетімді. Оның нәтижелері Ұлттық оқу жоспарын түзуде ескеріліп, білімділік саясат саласындағы шешімдерді қабылдауға әсерін тигізеді. Осының барлығы ақыр соңында бір мақсатқа- елдегі білім сапасын жақсартуға бағынған. Финляндиядағы мектеп білімін бағалауды ұйымдастырудың негізгі формалары – ішкі, сыртқы және олардың қатар үйлесімділігі. Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді:
салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру);
жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау);
тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де);
стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу).
Бағалау жүйесі төрт негізгі бағыт бойынша нәтижелерді анықтауға бағытталған:
1) оқу орны қызметін өз бетінше бағалау (ішкі бағалау);
2) мектеп оқушысының оқу нәтижелері (ішкі бағалау);
3) оқу орындарының қызметі туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы тұтас білім жүйесінің дамуы туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау);
4) білім беру үрдісінің жеке қырларынан жетістіктер туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау). Финдік мектепте оқушылар бағамен (балмен) 12 жасына дейін бағаланбайды. Бастауыш мектепте емтихандар өткізілмейді. Әр оқушы өз ырғағымен ілгері қадам басып, дамуда. Баға қою оқушының білімділік жетістіктері жолындағы кедергі деп саналады. Баланың ата-анасы оның жетістіктері туралы ақпаратты жылына екі рет алады, онда баға жоқ, бірақ бала жетістіктерін сипаттау орын алады. Бастауыш мектептің өзінде мұғалім оқушыны өз бетінше бағалауға, ол оны өз ерекшеліктерін түсінуге және өз ресурстарын жақсы оқу нәтижелеріне жету үшін шоғырландыруға үйретеді. 1-5 сыныптар аралығында сөзбен бағалау кең тараған. Бұл кезде оқушымен өз қызметін өз бетінше бағалау үрдісіндегі бастауыш мектептің 1-сыныбынан тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушының өз бетінше бағалауының негізгі функциясы – өзін прогрессивті түрде тану және өзінің үнемі оқуға деген қабілеттерін дамыту. Оның мақсаты – оқушыны өз қабілеттерін шындыққа сүйеніп бағалауға, оны өз жетістітерін қадағалауға, оқуда белгіленген мақсаттарын түсінуге, өзіне өз оқуындағы мақсаттарды белгілеуге үйрету. Өз бетінше бағалау жолымен оқушы өз жетістіктерін, өзінің оқу және жұмыс қабілеттерін бақылап, талдауға алады. Бұл жадайда оқушыға мұғалім тарапынан үнемі көмек пен қолдау көрсетіліп отырады [18]. «Жүріс-тұрысын бағалау» финдік негізгі мектебіндегі бағалаудың кешенді жүйесіне енеді. Бұл бағалау оқушының басқа адамдарға және қоршаған ортаға қатынасын, еңбекті қаншалықты бағалайтынын, мектеп қызметін, жалпы қабылданған ережелерді (соның ішінде, мектептік) құрметтейтінін ескереді. Білімділік құндылықтардың арасында мектеп құжаттамасында аталатындары: тіршілікті сүюі; тұрақты даму; бастамашыл, шығармашыл және сындарлы рухы; командада жұмыс жасау және әріптестік рухы; адамдар арасындағы айырмашылықтарды және т.б. оң әсермен қабылдау.
• Мектеп жұмысының барлық міндеттері мен міндеттемелерін саналы қабылдау. • Мектептегі сабақтарға ұдайы қатысып жүру. • Өзінің меншікті қауіпсіздігіне және мектептегі қоғамдастықтың басқа да мүшелерінің қауіпсіздігіне ыпал ету. Оқушының жүріс-тұрысына бағаны нақты оқушының білім алу үрдісіне қатысатын барлық мұғалімдер береді. Бұл баға балдар түрінде (4-тен бастап 10ға дейін) ағымды оқу жетістіктерінде көрініс тауып, қорытынды сертификатта да (оқуды аяқтағанда), аралық сертификатта да (оқушы мектептен өз еркімен кеткенінде) тіркелмейді [5]. Бағалау сұхабы және өз бетінше бағалау. Жыл бойында мұғалім, әдеттегідей, белгіленген мақсаттарға және міндеттерге жету оқушымен қаншалықты сәтті орындалғанын талқылау үшін, ата-аналармен және оқушымен бірнеше рет жолығады. Кездесулердің барысында оқушы алда қол жеткізуге ұмтылуы қажет болатын келешек мақсаттар да ойластырылуы мүмкін. Ата-ана тарапынан қолдау көру оқушы үшін өте маңызды. Бағалау, сонымен қатар, оқушы тарапынан өз жүрістұрысын және үлгерімін өз бетінше бағалауын да құрайды. Өз бетінше бағалаудың нәтижелері жазбаша түрде тіркеліп, оның ата-анасына көрсетіледі. Үлгерім туралы куәліктер мен өзге де құжаттарды көктемде, оқу жылының аяқталысымен оқушы оқу жылы бойындағы үлгерімі туралы куәлік алады. Одан өзге, жыл бойында үлгерімнің аралық табельдері беріледі [6]. Балл түріндегі бағалар (4-тен бастап 10-ға дейін) тек 6-сыныпта пайда болады. Пәнді толық білмеуі «4» балымен бағаланады. Бұл оқудың толық курсын қайталап өту қажеттігін білдіреді. «4» саны кездейсоқ таңдалған жоқ: негізгі мектептегі бағалаудың финдік жүйесінде «0» мәнімен берілетін баға арқылы баланың абыройын, намысын түсіруге болмайды. Түрлі балдар білімнің белгілі деңгейіне сәйкес келеді: 7 балл – орташа нәтиже, 8 балл – жақсы нәтиже, 10 балл – үздік нәтиже. Негізі мектептегі бағалар орта мектептің жоғары – жалпы білім беру немесе кәсіби бағдарлы сыныптарына оқуға түсу үшін негізгі фактор болып табылады. Жоғары сыныптарда да бағалар сол балмен қойылады (4-тен бастап 10-ға дейін), бірақ бұл кезде бағалау жиілігі өзгереді. Бағалау сынақ аптасы түрінде әр 6 апта сайын өткізіледі оның барысында оқушы тесттерді бірнеше уақыт бойында жазады (9.00-ден бастап 12.00-ге дейін). Орта мектептің соңында оқушылар зерделеніп отырған пәні сабақтарының 2/3 мазмұны бойынша өзінің жетістіктерін дәлелдеу керек, бұл орта мектепті аяқтағаны туралы сертификат алу үшін қажет болады. Осы емтихандардың барысында бағалаудың басқа шкаласы («0» балдан бастап – қанағаттанарлықсыз, 7 балл - «үздік нәтиже») қолданылады. Сәтсіз аяқталып, сынақта «0» балл алған жағдайында, оқушылар нақты пәнді зерделеуді қайталауға немесе белгілі мерзімде қайта емтиханнан өту мүмкіндігіне ие. Осылайша, зертету көрсеткеніндей, Финляндиядағы мектеп білімі білім сапасын арттыруда бағалау ең маңызды рөл атқаратын айқын жүйені білдіреді. Бағалау оның көмегімен білім беру жүйесінің жағдайын, дамуындағы бетбұрыстарын, келешекте белгілі педагогикалық түзетулерді талап етуі мүмкін болатын нәтижелерін көрсететін қажетті ақпарат жинақталатын реттеуші құрал болып табылады. Сыртқы және ішкі бағалау нәтижелерінің ашық және қол жетімді болуы оларды басылым нұсқасында да, Интернет желісінде де жариялау арқылы орындалады. Бағалау нәтижелері туралы ақпарат білімді басқарудың жоғары органдарымен елдегі білімнің стратегиялық дамуы және білімділік реформаларды өткізу үшін де, педагогикалық ұжымдармен, жеке мұғалімдермен өзінің педагогикалық қызметін жетілдіру үшін де қолданылады [18]. Финляндия мектебіндегі оқушылар жетістігін бағалаудың уәжді функциясын да атап өткен жөн, ол оқушы мен оның ата-аналарының назарын оқушының не білетініне және не істей алатынына аударады. Жетістіктерді бағалау оқушының оң бейнесін, ең алдымен, оның өзі үшін қалыптастыру үшін қызмет етеді, бұл оны жаңа оқу міндеттерін орындауға ынталандыруы мүмкін [20]. Осы жағдайда бағалау өзінің жарысу сипатынан айырылып, ынталандырушы құралға айналады. Бағалаудың осындай нысанында сыныптағы күйзеліс пен алаңдаушылық жоқтың қатарына жетеді. Негізгі мектепті аяқтағанға дейін стандартталған тесттер мен емтихандардың жоқтығы мұғалімдерге ең алдымен балаларды өз бетінше білім алуға және оларды өз жетістіктерін өз бетінше бағалауға үйрету мақсаттарын белгілеп, бағаларды баяу және оң әсермен қолдану мүмкіндігін береді. Барлық мектептер «Wilma» мемлекеттік электрондық жүйесіне қосылған, бұл электронды мектеп күнделігіне ұқсап, ата-аналар оған арналған рұқсаттың жеке кодына ие болады. Педагогтер бағаларды қойып, өткізіп алған сабақтарды тіркеп, баланың мектептегі өмірі туралы хабардар етіп отырады; психолог, әлеуметтік қызметкер, «болашақтың мұғалімі», фельдшер де онда ата-аналар үшін қажетті ақпаратты қалдырып отырады. Финдік мектепті бағалаудың қаһарлы реңкі жоқ және ол тек оқушының өзі үшін қажет, баланы белгіленген мақсатқа жету және өздігінен тексеру үшін қолданылады, бұл оқушының қалауы бойынша өз білімін жақсартуда қажет. Олар мұғалімнің, мектептің беделіне ешқалай әсерін тигізбейді және аудандық көрсеткіштерді бұзбайды.
1.4 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ мысалында критериалды бағалау жүйесін енгізудің отандық тәжірибесі
Әр уақытта білім мен білікті тексерудің әр түрлі жолдары жүзеге асырылады. Жылдан жылға бағаларды қоюдың тәсілдері, түрлері, бақылау өлшем іс –шаралардың мазмұны мен оны өткізу құрылымы, оқушыларға әсер ету шаралары, уәж ету элементтері және де басқа факторлар өзгеріп отырады. Көп уақыт аралығында бағалау оқушылардың жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырудан тұрды және бұл тәсілдің келесі кемшіліктері бар:
- оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға түсінікті оқыту жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлері жоқ;
- мұғалімдер сыныптың орташа білімін ескеріп бағытталып бағаны қояды;
- қойылған бағалар оқушылардың пән бойынша оқу бағдарламаның әр бір бөлімдері бойынша алған білім, білік, икем мен дағдыларын айқындап көрсетпейді, яғни әрбір оқушының оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді;
- қорытынды бағаны қою барысында ағымдағы бағалар ескеріледі, яғни оқытудың соңғы нәтижесін бағалау объективті боламайды;
- оқушылардың оқуға деген уәждемесін тудыратын мұғаліммен олардың арасында байланыс жоқ.
Бұл мәселелерді шешу үшін «Назарбаев зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеп енгізіп отыр. «НЗМ» ДББҰ-ның іс әрекетін ұйымдастыру 2011 жылғы 29 қарашада Қамқорлық кеңесінің шешімімен мақұлданған «НЗМ» ДБҰҰ 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. «НЗМ» ДББҰ іс әрекеттерінің стратегиялық бағытының бірі ең үздік отандық және халықарарық тәжірибе кіріктірілген білім берудің жаңа базмұнын әзірлеу болады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және шын бағалау жүйесі білім мазмұнының бір ажырамас бөлігі болып табылады. «НЗМ» ДББҰ оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың тұтас жүйесін құрды. Ол отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін әрбір оқушыны конкурстық іріктеуден бастап мектепті бітіріп шыққанға дейін сүйемелдейді. Зияткерлік мектептерінде оқу жетістіктерін бағалау қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау, жетістіктерді мониторингілеу жолдарымен критерийлік тәсіл негізінде жүзеге асырылады, ол оқушылар бастауыш, негізгі және жоғары мектептерді аяқтағаннан кейін жиынтық аттестаттау кезінде сырттай жиынтық бағалау жолымен оқу үдерісін бір жыл бойы және жылдар бойы қадағалауға мүмкіндік береді. Зияткерлік мектептерде оқыту үдерісі Кіріктірілген оқыту бағдарламасы және Кембридж Университетінің сарапшыларымен бірлесіп жасалған пәндер бойынша оқыту бағдарламасының негізінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, келесі 21 ғасырдың дағдыларын дамытуға бағдарланған жаңа мазмұн: алған білімді қолдана білу, ақпаратты іздестіру, өңдеу, талдау және бағалай білу дағдылары, сын тұрғысынан ойлау, эксперименталдық, зерттеу, инфокоммуникациялық дағдылар, коммуникативтік (тілдікті қоса алғанда) дағдылар, жеке және топта жұмыс істей білу [26]. «НЗМ» ДББҰде қолданылатын критериалды бағалау оқу жыл бойында оқушылардың оқудағы прогресі және үлгерімі туралы деректерді жинау үшін үш түрін жүзеге асырылады. Олар қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау мектептшілік бағалауды құрастырады және межелік және жылдық бағаларды қою үшін қолданылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы күнделікті сабақ беруде үнемі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім деңгейін өлшеу үшін қолданылады және сабақты жоспарлауда көмек көрсетеді [27]. Оқушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері «жетті» (оқыту мақсаттары) немесе «ұмтылуда» айқындамалары түрінде тіркеледі. Әрбір сабақта баға қоймау нашар баға алудан қорқатын оқушылардың беймаза күй кешуін болдырмауға, оқудағы мақсаттарға қол жеткізуде деңгейінің өсуі үшін үнемі жұмыс жасауына, ал оқытушының оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты жоспарлауды түзетуіне мүмкіндік береді. Ішкі жиынтық бағалау – тоқсан ішіндегі оқыту ақпараты блогын зерделеуді аяқтаған кезде білімді, икемділікті және дағдыларды қолдану деңгейін айқындау және тоқсандағы, оқу жылындағы жиынтық бағаны айқындау үшін қолданылады Ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары оны өткізер алдында мектептерге жіберіледі. Оқушылардың нормативтік және ішкі жиынтық бағалау үдерісінде оқыту мақсаттарына қол жеткізу нәтижелері 30:70 пайыздық арақатынаста тоқсандағы және оқу жылындағы қорытынды бағаларды айқындау үшін пайдаланылады. Сыртқы жиынтық бағалау оқыту сатысындағы оқу ақпараты блогын зерделеуді аяқтау кезінде білімді, икемділікті және дағдыларды қолдану деңгейін айқындайды және оны бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерден кейін Тәуелсіз бағалау органы жүргізеді. Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері 30% (қалыптастырушы), 40% (ішкі жиынтық) және 30% (сыртқы жиынтық бағалау) пайыздық арақатынаста бір жылдағы қорытынды бағаны айқындау үшін қолданылады. Қорытынды бағадағы сыртқы жиынтық бағалау үлесі ұлғайып отырады және 2012-13 оқу жылы Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бастаған оқушылар мектепті бітірген кезде ол 100%-ға жетеді деп жоспарлап отыр. Бағалау үшін нені болмасын ұсынылатын талаптарға сәйкес бағалау бойынша шешімдер қабылдау негіздері, қағидалар секілді критерийлер қолданылады. Критерийлер дескрипторлармен сипатталады, оларда (әрбір нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал дескрипторға сәйкес бағалау – бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды.
Бағалау 4 критерий бойынша жүзеге асырылады.
Тілдік емес пәндер бойынша:
− «Білу және түсіну»;
− «Білімді қолдану»;
− «Анализ, синтез, зерттеу»;
− «Коммуникация».
Тілдік пәндер бойынша:
− «Оқылым»;
− «Тыңдалым»;
− «Айтылым»;
− «Жазылым». Бір пәннен беретін педагогтар бір тақырыпты оқыту кезінде саны мен сапасы әртүрлі дескрипторларды қолданды, бұл сыныптар мен мектептер арасында қатарлас салыстыру жасауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да, Кембридж университетінің Халықаралық емтихан Кеңесінің сарапшыларымен бірлесіп қалыптастырушы бағалау кезінде оқыту мақсатына қол жеткізетін «табыс критерийлері» деп аталатын критерийлерді әзірлеу мен стандарттауды жүзеге асырылды. Табыс критерийі – бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар. Сыртқы жиынтық бағалау үшін емтихан жұмыстары да бағалау критерийлерін – бағалау саласын қамтиды, соған сәйкес оқушының емтихан жұмысын қаншалықты жақсы орындағаны талқыланады. Емтихан жұмыстарындағы бағалау критерийлері балл шығару дескрипторлары мен сұлбасын қамтиды. Дескрипторларда - оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы - нұсқаулық, әрбір сұрақ үшін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетілген.
«НЗМ» ДБҰҰ оқушыларының (2012 жылғы Кіріктірілген оқу бағдарламасы негізінде оқитын сыныптардағы) оқу жетістіктерін критериалды бағалау Ересежіне сәйкес қалыптастырушы, ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырудың тәртібі бар және ол келесіні қамтиды: − Қалыптастырушы бағалау түзету функциясын атқарады
2 - БӨЛІМ. Оқытудағы бағалау практикада қолданысы.
2.1. Оқытудың жаңа технологиясындағы бағалаудың тиімділігі
Бағалау тиімділігі оқушының оқуға деген белсенділігі мен оқудағы жетістігін арттыруға, мұғалімнің оқу үдерісіне, әдістемелік дамуына үлесін қосады. Бұлай атау себебім, оқушы оқу мен оқыту барысындағы мұғалімнің бірізді тәсілдер арқылы білім беруінен жалығады, әйтсе де, бала өз білімнің бағалануы барысында бағалаудың көрсеткіші арқылы пәнге деген қызығушылығы артуы мүмкін немесе белсенділігі төмендеуі мүмкін. Өткені, әрбір бала сабаққа қатысу сәтінде өзіндік психология қалыптастырады. «Менің жауабым нақты» немесе «менің жауабым күмәнді» деген. Алғашқы пікір қандай жағдайда қалыптасады? Біріншіден – егер бала берілген мәліметті толық оқып меңгергендігіне көз жеткізе алғанда; екіншіден - бергенбер мәліметіне нақты көз жеткізе алмаса да, өзіндік «менікі дұрыс» деген көзқарас қалыптастыруында. Осындағы соңғы «менікі дұрыс» деген шешім бала психологиясына кері әсер беріп, «бағалаудың әділетсіздігіне ұшырадым» деген түйінді пікірмен оқу белсенділігіне ықылассыздық танытады. Міне, бірізді қалыптасқан оқушының осындай кереғар пікірлерін, бағалау тәсілдерінің заманауи тәсілдері мен оқу және оқыту технологияларының түрлі әдістері арқылы оқушы пікірін өзгерте отырып, пәнге деген белсенділігін арттыруға болады. Мұғалім сабақ кезеңдерінде бағалаудың бірнеше тәсілін қолдана алады. Дәстүрлі бағалау, ол – қашанда баланың білімін пән мұғалімнің қорытындысында бағаланса, ал жаңаша технологияда бала білімі – баланың өзін – өзі бағалауы; балалардың өзара бағалауы арқылы немесе мұғалімнің баланы деңгейлі бағалауының түрлі тәсілдері арқылы жүзеге асады. Бағалаудың бүгінгі жаңаша түрлері: «Қалыптастырушы бағалау» және «Жиынтық бағалау» болып іске асады. Қалыптастырушы бағалау – күнделікті оқудың алға жылжуына әсер етсе, жиынтық бағалау – оқушының бөлімдер бойынша берілген сабақтан алған білім нәтижесін көрсете алады. Мысалы:
1. М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.
2. Дембо және Рубинштейннің «Ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;
3. Пікірнама жазу арқылы бағалау;
4. Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау;
5. Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;
6. Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.
Машық барысында бағалау тәсілдерін бала белсенділігін арттыруда түрлендіріп қолдандым.1 – қосымша.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау (Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау) кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тəсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім əр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды : кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сəйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы: -Бұл туралы сіз не ойлайсыз? -Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба? Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және əр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға: Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау.Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?
Топ№
|
Топтағы ынтымақтастық
|
Тәртібі
|
Жұмысқа қатысы
|
Тақырыптың ашылуы
|
Өзге топтарды тыңдауы
|
Ақпараттарды өңдей алуы
|
идеялар
|
Жалпы балл
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спикер бағасы
Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі
Оқушының аты
|
Мадина
|
Нұраман
|
Ернар
|
Топта өз міндетін атқаруы
|
|
|
|
Идея ұсынуы
|
|
|
|
Белсенділігі
|
|
|
|
Көмек бере алуы
|
|
|
|
Өзгені тындай алуы
|
|
|
|
Талқылауды дұрыс жүргізе алуы
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |