Кішіқұм ауылдық округіНІҢ әкімі К. Н. Казбековтың «2017 жылғы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы»



Дата18.02.2018
өлшемі73,63 Kb.
#37827
Кішіқұм ауылдық округіНІҢ әкімі К.Н.Казбековтың

«2017 жылғы АУЫЛДЫҚ округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Кішіқұм ауылдық округі 6 елді мекеннен тұрады, Шілікті, Шағыр, Қарашоқат, Ақеспе, Шоқысу және Сардүлек елді мекендері. Жер көлемі 863188 мың га. Округ бойынша халық саны 2042 адамды құрайды. Шілікті -1104, Шағыр -23, Қарашоқат-452, Ақеспе-47, Шоқысу-403, Сардүлек-13. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 1028 адам.

Округ әкімінің өткен жылғы есеп беру кезінде көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар. 2 мәселе көтеріліп, жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамдық-саяси жағдай

Округте қоғамдық саяси жағдай тұрақты, діни ахуал бір қалыпты. Мешітке келетін жамағат саны – 9. Оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымда деп күдіктенетін жамағаттарды ауданда теологпен кездесуге жіберілді.Оларды ортамызға бейімдеу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Халықпен, әсіресе жастармен көп жұмыстар жасалып, кездесу, жиналыс, дөңгелек үстелдер өткізілуде. «Діни білім-тәрбие бастауы» мақаласы Шалқар газетіне жарияланды. «Матай Қоқанұлы» атындағы мешіттің бас имамы кездесулер өткізіп халықпен түсінік жұмыстарын жүргізеді.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша игі істер атқарылуда. Ауыл тұрғындары кәсіптерін дамыту, мал шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиелер алуда.


Округте қазіргі таңда 3801 бас мүйізді ірі қара (о.і сиыр-2002), 6250 бас қой-ешкі (о.і саулық-3764), 1495 бас жылқы (о.і бие-725), 1465 бас түйе (о.і інген-502) бар, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 109,0; 100,0; 108,0; 108,0 пайызды құрап отыр. Округке мал азығын дайындауға берілген 2 айлық тапсырма 19000 тонна шөп дайындалып, 100 пайызға орындалды.

Округ бойынша 44 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Осы шаруа қожалықтар арқылы бұқа алып, мал басын асылдандыруда. Шаруа қожалықтары 24 бас бұқа алынды. Мемлекетіміздің бағдарламаларының бірі «Құлан» бағдарламасымен «Бедер» шаруа қожалығы жылқы сатып алуға 6,0 млн теңге несие алды. «Береке» бағдарламасы бойынша «Қасым» шаруа қожалығы МІҚ сатып алуға 3,5 млн. теңге несие алды. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы М.Баймұратов 3,9 млн. теңге несие алды мал алып бордақылауға, К.Измаганбетова 600 мың теңге несие алып мал шаруашылығын дамытуға. Мал бордақылау пункттеріне 2017 жылы 94 бас бұқашық тапсырылды.

2017 жылы «Кішіқұм» ауылшаруашылық копперативі құрылды. Осы кооперативке лизинг арқылы Реферижатор көлігі алынды. «Кішіқұм» ауылшаруашылық кооперативтің қолдауымен Ақтөбе, Астана, Тараз, Шалқар қалаларында өткен жәрмеңкелерді өткізіп келеміз.
Шағын кәсіпкерлік

Ауылдық округте 57 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. 44 шаруа қожалығы, 7 азық-түлік дүкені, 1 тойхана, 1 монша, жолаушылар тасымалы-1, тігін цехы-1, жүн өңдеу және киіз басу цехы-1, «Кішіқұм» ауылшаруашылық кооперативі жұмыс істейді.Оларда 109 адам жұмыс істейді.


Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Биылғы жылы 281,0 мыңтеңгеге мектепке жол акциясынан 116 балаға, 106,0 мың теңгеге аз қамтылған жанұядағы балаларға жаңа жылдық сыйлақтар алынып қайырымдылық көмегі көрсетілді және 1 отбасына 15 мың теңгеге қатты отын түсіріліп берілді.

Округке «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Кішіқұмнан шыққан түлектеріміз, азаматтарымыз 1 635 500 теңге қаражатқа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Округте 4 маман «Жастар практикасымен» 6 айға жұмысқаалынды, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 4 жас «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша уақытша жұмысқа алынды.


Білім беру

Округ бойынша білім саласында 2 орта, 1 негізгі мектептерінде 499 оқушы білім алып, 2 бөбек-жай бақшада 57 бала тәрбиеленуде. 2017 жылы 29 бала оқу бітіріп, осы оқу бітірушілерден1 түлек грантпен оқу орнына түсті. 8 түлек жоғарғы оқу орындарына 21 түлек арнаулы оқу орындарына түсіп білімдерін алуда.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1900,0 мың теңге бөлініпТоғыз орта мектеп ғимаратының асханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округ орталығындағы «Құралай» және «Бәйшешек» бөбек-жай бақшасы жұмыс жасауда.


Денсаулық сақтау

Округте 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. ДА 1 дәрігер, 1 фелдьшер, 8 медбике жұмыс жасайды. 3 медбике мектепте, 3 медбике темір жол бойындағы елді мекендерде қызмет етеді..

Округ бойынша 2017 жылы туу көрсеткіші 45 бала, Өлім көрсеткіші 2017 жылы - 11 адам. 1 жасқа дейінгі бала өлімі тіркелмеген.

2017 жылы Тоғыз дәрігерлік амбулаториясы 4724 адамды қабылдап, 338 адамға үйге шақырту қызметін көрсетті. Түрлі аурулар бойынша скринингтік тексеруден 151 ересек адамдар, 340 балалар өтті. Флюрографиялық тексеруден 640 адам өткізу жоспарланса, флюрографиядан 625 адам өткізілді.


Мәдениет және спорт

Мәдениет саласында да бірсыпыра жұмыстар атқарылды деп айтуға негіз бар. Барлық мерекелік шаралар, жастардың демалыс кештері, тұрақты түрде келісілген жоспарға сай өткізіліп тұрады.

Биыл желтоқсан айында жылдағы дәстүр бойынша Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған округтің VIІI ашық аймақтық спартакиадасы өткізілді. Жылдағы қатысатын Қарашоқат, Шоқысу, Шілікті елді мекенінің, Тоғыз ауылдық округінің командаларымен қоса, Шалқар ауылдық округтерінің командалары да қатысып, спартакиадамыздың маңызының арта түскендігін байқатты.

Бұқаралық спортты дамытуда округімізде түрлі шаралар атқарылып жатыр. Округішілік жарыстар спорттың көптеген түрлерінен тұрақты өткізіліп тұрады. Спортпен айналысамын деген тұрғындарға мәдениет үйінде тренажерный зал, мектептің спорт залы, мектеп ауласындағы алаңдар мен қыста коньки, жазда мини-футбол ойнайтын корт әр уақытта да дайын.

Спорт саласындағы бір мақтанышымыз, ол –қазақша күрес секциясы болып табылады. Түрлі обылыстық, республикалық турнирлерде балаларымыз жеңімпаз болып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ақтөбе облыстық дене шнықтыру және спорт басқармасынан 3 чемпион баламызға қазақ күресінен ҚР «Спорт шеберлігіне үміткері» куәлігін алды.

Болашақ ауылымыздың, ауданымыз бен облысымыздың атын шығаратын палуандарымыз өсіп келе жатыр деп айтуға болады.

Шілікті ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің бір бөлмесінде орналасқан. Жалпы кітап қоры 6607 дана, оқырман саны-390, модельді кітапханамызда жұмыс істеп, халық игілігіне жарап тұр.
Жергілікті өзін-өзі басқару

Округ 2018 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға байланысты 4 деңгейлі бюджет түріне көшті. Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетіне 45836,0 мың теңге қаражат берілді. Оның ішінде округ аппаратының әкімшілігінің қызметін қамтамасыз етуге 19511,0 млн теңге, бөбек-жай бақшаларына 25025,0 мың теңге, елді-мекендерді абаттандыруға, жарықтандыруға, санитариясын қамтамасыз етуге 1300,0 мың теңге қаражаттар қаралды.

2017 жылы жергілікті өзін өзі басқарудың дербес шотына 1051,4мың теңге қаржы түсті. Осыдан жұмсалғаны 1641,3 мың теңге. 2017 жылдың 1 қаңтарына 407,4 мың теңге қалдық қалды. Бұл қаражаттарды жергілікті қоғамдастық мүшелерімен келісіліп жұмсалады.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Округте 2 пошта, 287 нүктесі бар сандық АТС жұмыс жасайды. Округтегі елді мекенінің тұрғындарына қызмет көрсету үшін кең жолақты интернет жүйесі қондырылған. KCELL, BEELINE ұялы байланыс түрімен қамтылған. Шілікті, Шағыр, Қарашоқат, Ақеспе, Шоқысу,Сардүлек елді мекендері электр энергиясымен, орталықтандырылған су желісімен қамтылған.

Шілікті ауылында 11 көше бар, оның 4 көшесіне (23 лампамен) жарықтандырылған. 2018 жылы тағы 23 лампа жарықтандыруға қосамыз деп жоспарлап отырмыз.

Есепті мерзімде округтен сегіз жеке тұлғаның өтініші қаралып жалпы көлемі 8817 шаршы метр жер учаскесі жеке меншікке берілді.

Округке 350 түп көшеттер отырғызылды. Түгендеу жұмыстары бойынша бүгінгі күні 350 түп көшет сақталған.

Кішіқұм ауылдық округі бойынша 2017 жылы мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы орын алған жоқ.



Елімізде кеңінен қолданысқа еніп отырған жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің жұртшылықтың белсенді түрде қатысуымен жүзеге асуы керек екендігі мән берілген. Осы мәселе төңірегінде халықпен, мекеме ұжымдарымен кездесулер өткізіп тұрады. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде, пара алу – бұл қылмыс, пара беру-бұл қылмыс тақырыбтарындағы жадынамалар таратылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде Шалқар газетіне мақала жарияланды.

Округте құқықтық тәрбие мақсатты ұйымдастырылып, жеке оқушының талап тілектеріне, мұң-мұқтажына, қоғамдағы міндеттеріне негізделіп жүргізіліп, жас ұрпақтың моральдық мінез-құлқын қалыптастыруға, тәртіптілікке баулуға жол ашатын іс-шаралар ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, оның шығу төркіні және қолданылатын жаза түрлері, тәлім-тәрбие, нашақорлықтың зияны туралы т.б. көкейкесті тақырыптар қозғалды. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында айына бір рет барлық сыныптардан тексеру жұмыстары жүргізіліп қорытындылары шығарылды. Шығарылған қорытынды бойынша тыйым салынған заттар анықталған жоқ.

Кешкілік мезгілде жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі рейд жүргізілсе, учаскелік инспектормен бірлескен 2 рет рейд жұмыстары жүргізілді.
Алда тұрған міндеттер:

-Мемлекеттік бағдарламаларымен несие алуды ұйымдастыру; Мал тұқымын асылдандыру жұмысымен ауыл тұрғындарының шұғылдануына ықпал жасау; Шаруа қожалықтары несие алып өздерінің жаңа трактор техника жаңартуына, көп жылдық шөп егуіне жұмыс жасау;

-Ауылшаруашылығы кооперативтерін құруға жұмыстар жүргізу;

-Мал өнімдерін өңдеу цехтарын ашуға жұмыстар жүргізу;

-Абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жалғастыру.

-Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалық жетекшілері жұмыс беруші есебінде, әрбір жұмысқа тартылған азаматқа еңбек шартын жасап, әлеуметтік аударылымдар жасау;

-Салық базасын нығайту;

-Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру: Ақсақалдар алқасы, ардагерлер және әйелдер кеңесі, жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіп, мәдени көпшілік шараларды өткізуде әкім аппараты, учаскелік полиция қызметкерімен бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру.

-Қоғамдық тәртіпті бақылау, мал ұрлығын болдырмау, халық жасақшыларының жұмысын қалыптастыру, ауыл жастарымен тәрбиелік жиындар өткізу:

-Дін мәселесінде ауыл имамы, мешіт алқасының жұмысын, біздің елдің дәстүрлі мен мәдени нормаларына сай келетін дәстүрлі дінінен ауытқымауын қадағалау;



Негізгі бағыт ауыл тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруына жұмыс жасау болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет