Тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы



Дата25.12.2016
өлшемі51,19 Kb.
#4785
Тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы.
Мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту (көше, бұрылыстар). Баланы зейінді епті болуға тәрбиелеу. Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам, жол белгілері, қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту.
Көрнекі құралдар: көшелер, жүргіншілерге арналған белгілері бар қиылыстар, жол белгілері салынған суреттер, жаяу жүргіншілер өтетін жер, «Алғашқы дәрігерлік көмек», «Жанармай станциясы», «Тамақтану орны», «Телефон», «Машина қоятын жер», т.б.
Сөздік жұмыс: көше қиылысы, қарама-қарсы бағыттағы жол қозғалысы.
Сабақтың барысы: сабақ алдында жақын жатқан бағдаршам бар көшемен бұрылыстарға мақсатты саяхат жасалады. Бұл саяхатта балалар мен бірге бағдаршамның жұмысына, машиналардың әрлі-берлі жүруіне, жүргізушілерге көңіл аударып, бақылау жасайды. Мұғалім қала көшелері бейнеленген суретті көрсетеді
Мынау қала көшелеріме әлде, ауыл көшелеріме?
Біз қазір сендермен қаламыздың бір көшесіне серуенге барамыз. Егер бәріміз жаяу жүріп барсақ, онда бізді кімдер деп атайды? (Жаяу жүргінші). Ал жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнайы ережелері бар.
Қала мен оның көшесінде,
Жүрмейді тек алаңсыз,
Ережесін білмесеңіз,
Түседі қайғы амалсыз
Сақтық ойлар әрдайым
Кеудесінде жаны бар
Жүргінші мен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар

Ал қазір біз жол ережелерін еске түсіреміз.
Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? (жаяу жүргіншілерге арналған жолмен)
Жолдың қай жағымен жүргені дұрыс (жолдың оң жағымен)
Дұрыс айтасыңдар, жолдың оң жағымен жүрсеңдер басқа жүргіншілерге кедергі жасамайсыңдар.
Жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? (жаяу жүргіншілер өтетін жол)
Дұрыс, ал енді балалар осы көше қиылыстарында жүргіншілердің қозғалысын реттеп тұратын көмекшілер бар. Кәне, мына жұмбақтарды шешіп көрейік:

Күндіз-түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жас пен кәріге
(Бағдаршам)
Қарашы күшін керемет,
Көше тәртібін сақтап тұр.
Сілтеп еді оң қолын,
Дәу машина тоқтап тұр.
(Реттеуші милиционер)

Бағдаршам көздері нені білдіреді?
Қызыл – Тоқта!
Сары – Күт!
Жасыл – Жүр!

2. Жүргіншілердің ғылыми мектебі.
Сендер жол бойында тұрған белгілерді көрдіңдер ме? Бұлар – жол белгілері. Әр жол белгісі нені білдіреді?
Балалар жол белгілеріне қарап, оларды атай бастайды. («Жаяу жүргіншілер өтетін жол», «Алғашқы дәрігерлік көмек», «байланыс көмекшісі», «көлік қоятын орын»). Дымбілмес те балалармен бірге жол белгілерін қайталап, үйрене бастайды.
Бүгін біз жаңа белгілермен танысамыз. Олар үшбұрыш пішінді болып келеді. Онда екі баланың бейнесі салынған. Ол «балалар» деп аталатын белгі. Бұл белгі мектептер мен басқа да балалар мекемелерінің жанында тұрады. Бұл белгі сендердің көмекшілерің, мұнда жүргізушілер өте сақ болғаны дұрыс.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер жол белгілерін жақсы ажыратып. «Жүргіншілердің ғылыми мектебінде» өте жақсы деген баға алдыңдар.

3. «Жүргінші» ойыны.
Біз жаяу жүргіншіден жолаушыларға айналамыз. Біз автобусты қай жерде күтуіміз керек? (аялдамада)
Егер сендер мына жұмбақ шешуін тез тапсаңдар, автобус аялдамаға тез келеді.
Бұл не қылған көк үй,
Айналасы терезе ойып алған.
Аяғында етігі резеңке
Ал өзі бензинге тойып алған.

Ал міне, автобус та келді. Орындықты автобус қылып қояды. («су тасушы» өлеңінің әуені ойналады).
Зуылдаймыз, зулаймыз
Алыс-алыс жерлерге
Бақытты біз достармыз
Сапар шеккен елдерге.
Біз көлікте келе жатқандықтан, қоғамдық көлік ережелері туралы әңгіме етеміз:
А) көлікке кірген кезде бос орынға ұмытылмай, алдымен жан-жағына байыппен қарап ал, өйткені сенің қатарыңда адам немесе балалы ана тұруы мүмкін;
Ә) көлікте орын таңдап, бейбастық көрсетпе, кез келген бос орынға отыруың керек;
Б) көлік қозғалысы кезінде есігін қолмен итеруге болмайды; есікті жүргізушінің өзі ашқанға дейін күтіп тұру керек;
В) көлік жүріп келе жатқанда, жүргізушіні алаңдатуға болмайды;
Г) терезеден сыртқа асылуға тыйым салынады, бұл – өте қауіпті;
Ғ) көлікте қатты сөйлеуге болмайды, басқа жүргіншілерге кедергі жасайсың.

3. Жағдаяттарды шешу.
Абзал әкесімен автобусқа кірді.
Абзал алдына қарай ұмытылып, қолайлы бір орындықты таңдап: «Әке, мен саған орын алып қойдым, тез кел», - деп айқайлайды. Адамдардың барлығы оған таңдана қарады, ал әкесі оның құлағына сыбырлады.
Әкесі Абзалға не деп айтты?
Майра анасымен трамвайға келе жатты. Майра терезе алдында отырған. Аялдамадан көп адам мінді. Анасы жылжып, Майраны тізесіне отырғызып, бір әйелге орын берді. Ол алғыс айтты. Ал Майра болса, қыңырланып, өзіне орынның тар екендігін айтты. Тіпті қасында отырған әйелдің сыпайы сөзіне жауап та берген жоқ.
Майраның қылығына қандай баға бересіңдер?

4. Дәптермен жұмыс.
- өзіңе ұнаған суреттердің астын сыз. Ал ұнамаған суреттерді мүлде сызып таста және неге екендігін түсіндір.
- жарайсыңдар! Сендер өте жақсы жолаушылар екенсіңдер. Автобус пен троллейбуса өздеріңді жақсы ұстасаңдар, ешкім сендерге ескерту жасамайды.
Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Автобуспен жаймен түсеміз де, қайтадан жүргіншілер боламыз.
Балалар, жолдың қарсы бетіне қалай дұрыс өтеміз?
Жаяу жүргіншілер өтетін жерге барумыз кере.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет