Композиция(лат соmpositiо құрастыру, шығарма)



Дата06.02.2022
өлшемі76,42 Kb.
#81324
Байланысты:
Презентация1

Композиция(лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма):

көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндегі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады.

  • Киім материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы,ол табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейпін, дәуірдің көрінісін бейнелейді. Жеке адамның эстетикалық талғамы оның киім кие білуінде ғана емес,сонымен қатар оның жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі, адамдармен қарым қатынасы,қандай салада болсын кәсіби іс әрекетін атқаруында ол қоғамға қандай пайда әкеліп әрі өзін тартымды ұстану нәтижесінде байқалады. Адам бойындағы әсемдік, ұсқынсыздық, күлкілі немесе қайғылы нәрселер жөнінде көзқарасы негізінде, шындықтағы құндылықтарды эстетикалық талғаммен бағалайды. Заман ағымына сай эстетикалық талғам және техника жаңалықтары мен жетістіктеріне байланысты өнер туындыларын әзірлейтін адамдарда талғам болуы қажет, себебі ол өзінің болашақ туындысының сипатын, мәнін белгілі деңгейде бағдарламасын түзідеді,әрі қоғамда эстетикалық талғам заңдылықтарын құрайды.
  • Моданы көшеге алғаш жастар киіп шығады себебі олар жаңалыққа құмар әрі батыл әрекет жасай алады,суретші модельердің, дизайнердің іс-әрекеті мен заттық дүние, қоршаған орта олардың эстетикалық талғамы мен мәдениеттілігін байқатты. Сондықтан да, жастардың психологиясын біздің қоғамымыздың эстетикалық көрсеткіштеріне байланысты ұлттық дәстүрге сай жағымды қасиеттерге тәрбиелеуіміз қажет. Адам, өзінің жеке басында эстетикалық талғамды дамыту үшін ол айналадағы сұлулықты сезініп, түсініп оны қабылдай білуі қажет. Соның нәтижесінде ол әдемі, сұлу нәрсені көріп оның құндылығын бағалауға қабілеті арта түседі. Жеке бастың сапалық қасиеттері негізінде әрбір адамның талғамының дамуы негізінде жақсара түседі.
  • Киімадамның мінез құлқын, сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынасын, беделін,кейпін,жан дүниесін айқындап көрсетеді.Жастардың қоршаған ортадағы заттарға эстетикалық талғамына әсер ететін факторлардың бірі – демонстрациялық залдағы киім үлгілері,газет-журналдар,көрмелердегі киім үлгілері мен суреттеі, қоршаған ортадағы адамдар, ақпараттық құралдар.Киім үлгілерін таңдауға жастардың шығармашылық қабілетін туындату үшін, оларды дайын модельді іздемей, өз бетінше шешім қабылдауға және жағымды әдістерді бойына қаыптастыруға көмектесу қажет.Сондықтан да, мода үлгілерін газет журнал беттерінен оқып, өз ой-өрістерін кеңейтіп,әдемілікті түсініп, сезіне білуге үйрету аса қажет етеді.В.Г.Белинский эстетикалық талғам эстетикалық дамудың неғұрлым жоғары дәрежесін сипатайды деп есептеген, әрі ол жөнінде былай дейді: «Өнерді нағыз толық түсіну үшін мықтап зерттеп, даму қажет;адамның табиғаттан алатын эстетикалық сезімі зерттеу мен даму арқылы алынатын эстетикалық талғам дәрежесіне дейін көтерілуі тиіс».Жеке адамның эстетикалық бағалауларында, көзқарастарында, пікірлерінде әрдайым сол қоғамның, таптың немесе адамдар тобының адамгершілік, әлеуметтік саяси және басқа көзқарастарының өзінше бір таңбасы болып табылады.
  • Адам көзі қоршаған ортаға байланысты өз қалпында қабылдай бермейді,яғни заттардың бейнесін адам көзіне сырт қарағанда сол заттардың шын бейнесі әр уақытта дұрыс көре алмайды. Көздің мұндай кемшілігін киімді модельдеу барысында қолдану өте тиімді. Модельерлер киім үлгілеріндайындауда осы көз бояшылық білімін қолданып, адам денесінің сымбаты мен бетәлпет сұлулығы барлық адамдарда кездесе бермейді. Осы кешіліктерді жасыру үшін модельерлер киімнің көзбояушылық әсерін пайдаланады. Модельерлер киімді көркемдеп жобалау барысында негізгі міндеті адам тұлғасындағы кейбір кемшіліктерді көрсетпей әдемісұлу етіп көрсетуді алдына міндет етіп қояды. Көлемі бірдей төрт фигура- ішінде үшбұрыштың ауданы үлкен болып көрінеді онан соң шеңбер, сосын овал, соңында төрт бұрыш пішімі кішірейіп көрінеді.
  • ара және ақ түсті екі бірдей квадраттардың пішімдері әртүрлі болып көрінеді. Қара квадрат ақ түсті квадраттан кіші болып көрінеді. Квадратты екі бірдей бөлікке горизонталь және вертикаль сызықтарменбөлсек ,вертикаль сызықты квадратұзын, горизонталь сызықты квадрат қысқа болып көрінеді.
  • Көзбояушылықәсердің (иллюзия – латын тілінен аударғанда «illusium» – призрак) үш түрі кездеседі. Олар:
  • Физикалық – ол күн сәулесінің шағылысуы, сәуленің сынуы (стакан ішіндегі суда тұрған қасық) барысында байқауға болады.
  • Физиологиялық– көзбояу, ол адам көзінің құрылымына байланысты /көздің көрермендік жазықтығына қарай түрліше сезінуі/.
  • Психологиялық – тұтас форманы қабылдауға, назар аударуы, жинақталған тәжірибенің әсері болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет