Көрнекіліктер: суреттер,сөзжұмбақтар,слайдтар Әдісі: топтық Барысы: I ұйымдастыру



Дата25.08.2017
өлшемі178,2 Kb.
#25797
Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Табиғат тамашалары.

Мақсаты:а/ Табиғат,оның тамашалары туралы,өсімдік,жануар,адамзат арасын-

дағы байланыс туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.

ә/Таным белсенділіктерін арттыру,шығармашылық қабілеттерін

дамыту.


б/Мейірімділікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер,сөзжұмбақтар,слайдтар

Әдісі: топтық

Барысы:

I Ұйымдастыру.

-Оқушылар,сабаққа қатысып отырған қонақтар!

Бүгін бізде «Табиғат тамашалары» тақырыбы бойынша ерекше сабақ.

«Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты»демекші бүгінгі сабағымызда өздеріңді қызықты жұмбақтар,сұрақтар,сайыстар күтуде. Ендеше,өздеріңмен бірге бұл сабақта терең

Ақыл-ой,ептілік,икемділік,көтеріңкі көңіл күйлеріңді ала жүріңдер.

-Сайысымызды бастамастан бұрын 3топқа бөлініп,әр топ өз топ басшыларын сайлап алсын.

I топ «Жасыл желек»

II топ «Жер ана»

III топ «Жануарлар»

Сайысымыз V айналымнан тұрады.

I айналым «Табиғат дегеніміз не?»(Ой қозғау бөлімі)

II айналым «Сөз маржаны»(Нақыл сөздер,мақал-мәтелдер сайысы)

III айналым «Білгенге маржан»(Сұраққа жауап беру)

IV айналым «Танымдық ойын»(Сөзжұмбақ шешу)

V айналым «Ой толғаныс»(Қай жануар,өсімдік,жер туралы сөз болып тұр)
II Негізгі бөлім.

I айналым: «Табиғат дегеніміз не?»(Ой қозғау бөлімі)

Әр топ өз ойларын ортаға салады.

1-оқушы:Табиғат дегеніміз-бұл біздің санамыздан тыс,бізге бағынбайтын,біздің

өмірімізге тірек болып тұрған болмыс,әсем дүние.

2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-

мен былғанып,уланбаған болуы тиіс.Бұны біз табиғат тазалығы дейміз.

3-оқушы: Табиғат тазалығын сақтайтын да,оны былғап,улайтын да –адам.Адам өзінің де,табиғаттың да,қаласа досы санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады.

4-оқушы:Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар,бүкіл адамзат қауы-

мын алаңдатып отыр.Қазақстандағы Арал,Балқаш ,Семей полигонынан зардап шеккендер т.б.адам қолымен жасалған залалдар қаншама.

5-оқушы:


Табиғаттан табар адам керекті,

Отын етіп,кесіп емен,теректі.

Егін егіп,өнімдерін алумен,

Малдарына орып жасыл желекті

Қақпан құрып,бүркіт салып аңына,

Өрт шығарып ну орманның маңына

Неге біздер жол береміз осындай,

Суық қолды адамдардың торына.

6-оқушы:

О,табиғат! Тағдырымсың сен менің,

Сенің барлық өзен,тау мен көлдерің.

Ауаң,суың,өсімдігің болмаса,

Дүниеде қалай өмір сүремін.

Құдіреті мол табиғат,мен саған,

Әрқашан алғыспен бас иемін.
Мұғалім:Адам табиғатқа үнемі аялай қарамаса,не алғысы келсе соны алып,алғаны-

ның орнын толтырмаса табиғат байлығы да таусылады.Табиғатты қорғап күтсе ға-

на ол көбейеді.Қазіргі кезде табиғатты қорғаудың әр түрлі шаралары қолданылады.

Сол себепті Қазақстан бойынша бірнеше қорықтар ашқан.

-Біздің елімізде қанша қорықтар бар?

слайд

Қорықтар

Құрылған мерзімі

Жер көлемі

Қамтитын аумағы

Ақсу-Жабағлы

1927 жыл

85,3мың га

Оңтүстік Қазақстан облысы

Наурызым

1934 жыл

87,7 мың га

Қостанай облысы

Қорғалжың

1968 жыл

243,7 га

Ақмола облысы

Алматы

1961 жыл

73,3 га

Алматы облысы

Марқакөл

1976 жыл

75 мың га

Шығыс Қазақстан облысы

Үстірт

1984 жыл

223 га

Маңғыстау облысы

Батыс Алтай

1992 жыл

56 мың га

Шығыс Қазақстан облысы

Барсакелмес

1939 жыл

30 мың га

Қызылорда облысы

Алакөл

1998 жыл

20,7мың га

Алматы,Шығыс Қазақстан

Мұнда табиғатымыздың шалғын жерлері,аңдар,құстарды,өсімдіктерді қорғауға алынған.

II айналым «Сөз маржаны»(Нақыл сөздер,мақал-мәтелдер сайысы)

Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін нақыл сөздер,мақал-мәтелдер сайысы.



I топ «Жасыл желек»

1.Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын.

2.Дана көптен шығады,дәрі шөптен шығады.

II топ «Жер ана»

1.Диқан жерін анасындай сүйеді,

Жер диқанын баласындай сүйеді.

2.Құс қонбаған көл жетім,

Ел қонбаған жер жетім.

III топ «Жануарлар»

1.Көп құрақ-көлдің сәулеті,аң мен құс елдің дәулеті.

2.Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
III айналым «Білгенге маржан»(Сұраққа жауап беру)

Әр топқа 6сұрақтан қойылады,дұрыс жауап бергендерге 1ұпайдан бағаланады.



слайд

I топ «Жасыл желек»

1.Әлем құсы (көгершін)

2.Құлағы аяғында орналасқан жәндік? (шегіртке)

3.Өте күшті жер сілкінуден пайда болған толқын?(цунами)

4.Шұбалшын қай топқа жатады?(құрттар)

5.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?(9)

6.Аңдар патшасы?(арыстан)

II топ «Жер ана»

1.Қанаты болса да қай құс ұша алмайды?(Түйеқұс)

2.Ең қатты ағаш?(Емен)

3. Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?(Евразия)

4.Құйрығы өздігінен үзілетін жәндік? (кесіртке)

5.Көктемде алғаш шығатын гүл? (жауқазын)

6.Көбелектің дәм сезу мүшесі қай жерінде орналасқан? (аяғында)

III топ «Жануарлар»

1.Қай құс жүзеді,бірақ ұшпайды? (пингвин)

2.Ауылдың байлығы неде? (құнарлы жерде)

3.Әлемдегі ең биік жануар? ( керік)

4. Қазақстандағы ең ірі сүтқоректі? (бұғы)

5.Күнге ең жақын орналасқан планета? (меркурий)

6.Ең ірі жылан? (питон)
IV айналым «Танымдық ойын»(Сөзжұмбақ шешу)

Әр топ сөзжұмбақты толтырады.Қай топ көп торды толтырады?

1.Шөлге төзімді жануар (түйе)

2.Көктемде ақ гүлге оранады,күзде қолға доп болып оралады (алма)

3.Жезге ұқсас сабағы,дәні халық тамағы (бидай)

4.Жем-шөптен бір тартынбайды,сабасы да сарқылмайды (сиыр)

5.Дауылға нық күшті,ағаштың мықтысы (қарағай)

6.Орақ болып туады,табақ болып тынады (ай)

7.Біреуін жерге беріп,күзде оны тереді (тұқым)

8.Кең байтақ су,ішуге болмайды (теңіз)

9.Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай оңбайды.(шырша)

10.Суда өседі,судан шықса өледі.(балық)

11.Сылдырдан қорқады,шошып жортады.(қоян)

12.Тіл ұшында уы бар,ол не екенін біліп ал.(жылан)

13.Еті қызыл,сүті тәтті,күзде жерде өсіп жатады.(қарбыз)

V айналым «Ой толғаныс»(Қай жануар,өсімдік,жер туралы сөз болып тұр)

I топ «Жасыл желек»

Европалықтар тұңғыш рет бұл өсімдікті Американы ашқан кезде Мексиканың

кең байтақ жазықтарынан көрген.

Европаға бұдан 400жүз жыл бұрын алып келген.Алғашқыда оны бақтарда сән

үшін өсірген,кейінен оның тұқымын жеуге жарайтынын байқаған.Қазір бұл өсім-

діктің беретін басты нәрсесі-оның майы.



Қай өсімдік туралы сөз болып тұр?

II топ «Жер ана»

Ол-Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұ-

йық көл.Үлкендігіне қарап,оны теңіз деп атайды.Оның суы 5мемлекеттің жаға-

лауын шайып жатыр.Қазақстан үлесіне 29% (2340км),Ресейге-16%,Азербайжанға-

20%,Түркіменстанға-21%,Иран,Исламға-14% тиеді.Балыққа өте бай.

Қай теңіз туралы сөз болып тұр?

III топ «Жануарлар»

Бұл жануардың мекені Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияда тіршілік етеді.Жо-

тасы дөңес,көзі сығырайған кішкене,жарғақ құлақты,аяғы діңгектей жуан,сойдиған азу тісті алып жануар.

Бұл қай жануар туралы сөз болып тұр?
III Қорытындылау.

Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Зиянды заттардан аулақ бол!

Мақсаты: а/Оқушыларды зиянды заттардың денсаулыққа тигізер зардабымен

таныстыру.

ә/ Оқушылардың ой-өрістерін дамыту.

б/ Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: слайдтар,суреттер
Барысы:

I Ұйымдастыру.

II Кіріспе

1/-Әдет дегеніміз не?

-Әдет туралы не білеміз? (Оқушылардың жауаптарын жазу)

Тіс тазалау Уақытты бос өткізу

Жуыну Жаман сөздер айту

Көмектесу Темекі тарту,ішімдік ішу


-Бұл әдеттерді қалай атаймыз?(Жағымды әдеттер,жағымсыз,зиянды әдеттер)

Жағымсыз әдеттер адамның қалыпты өмір сүруіне,тіршілігіне кедергі

келтіреді,денсаулығына зиянын тигізеді.

2/ Зиянды әдеттер қайдан пайда болады?

Адамда зиянды әдеттердің пайда болу себептері:

-бос уақыт өткізуден,тәрбиенің жоқтығынан;

-үлгі-өнеге көрмегеннен,кітап оқымағаннан;

-«есею», «үлкен болу» дегенді дұрыс түсінбегеннен т.б.

-қиыншылықты жеңе алмау;

-еріншектік,жалқаулық,жамандыққа еті үйрену,түсінбеушілік;
Бұның барлығы адам денесін улаушы.Мұндай жат әдептерден аулақ болу.

Зиянды заттардан аулақ болу


Темекі, есірткі, арақ ішу, нашақорлық
3/Зиянды заттардың адам денсаулығына әсері:
Жөтел адам өмірі қысқарады

құсу Темекі бас айналу


Ұзақ уақыт темекі тартатын адамның бейнесі мынандай болады:

*терісінің түсі-сұрғылт

*тісі-сарғыш

*аузынан-жағымсыз иіс шығады

*даусы-қарлығады

*ақыл-ойы,жұмыс істеу қабілеті-төмендейді

*есту,көру,қабылдау қабілеттері-әлсірейді,төмендейді,жөтел пайда болады

*ағзаның қорғаныш қабілеті-төмендейді.






Ішімдік- еңбекке қабілеті төмендейді,

ерік-жігерін жоғалтады,

жүрек соғу жылдамдайды,

өзін-өзі ұстай алмайды.



Алькоголь –жансыздандырушы зат.Ол қан арқылы миға жетеді.Арақ миға жеткен соң,мидың әрекетіне зиянын тигізеді.Көру,есту,есте сақтау,сөйлеу дағды-

лары төмендейді.Мас адам,жалпы алғанда,дөрекі,тәртіпсіз болады,қажетсіз әрі

айғалап көп сөйлейді.Әсіресе арақ,есту қуатына,мишыққа әсер етіп,бұлшық еттер-

дің тәртіпті қимылын бұзады.Сол себепті,мас адамдар тәлтіректеп жүреді,денесінің

тепе-теңдігін сақтай алмайды.

Міне,осындай күйге түскен маса адам,ешнәрсе ойламайтын,ақылдан адасқан,

сыртқы дүниемен қатысы азайған,адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген,тек қана тыныс алған адам.

Есірткі-адамзаттың соры.

Адамдарды нашақорлыққа баулу-қылмыстың ең соры.Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды,бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады.Бұл біз-

дің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең.Оған қарсы неге күш біріктірмейміз

неге күреспейміз?Күні кешегі күнге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында

болған емес.Есірткі миды құрғатып,кептіріп жібереді.Есірткі пайдаланған адамның

денсаулығын зияндап қана қоймай,оны қылмысқа жетелейді.Есірткіні шегу адамды

жындануға,тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.

Осындай адам өзінің өмірдегі алдына қойған мақсатына жете ала ма?

-Жоқ,ол есірткі,темекі,ішімдікке тәуелді болып,зиянды заттардың тұтқыны болады

-Бұл адам қоғамда мықты тұлғаға айнала ма?

-Білімді,мықты адам болу үшін,ең алдымен білім,ақыл,денсаулық қажет.Ал зиянды

әдеттер адамға кедергі жасап,әр тал темекіні тарту адамның 3 минут уақытын ала-

ды. Ал,есептейік 3:20 тал темекіге=60 минут. Ендеше тәулігіне 1қорап темекі тар-

татын адам 1сағат уақытын босқа,ағзасын улауға жұмсайды екен.

3/Денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуіміз керек?

(Оқушылардың ойларын ортаға салу)

-Бос уақытты тиімді пайдалану керек;

-Жағымсыз әдеттерден сақ болуымыз керек;

-Темекі тартпай,ұстамды,табанды,ерік-жігері мықты болу керек;

-Салауатты өмір салтын ұстануымыз керек;



4/Оқушылардың жағымсыз әдет туралы өздерінің жазып келген әңгімелерін оқу

5/Суреттермен жұмыс./1,2,3,4 слайдтар/
III Қорытындылау.Бекіту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет