Курстық жұмыстың мақсаты,міндеттері.Курс жұмысына қойылатын жалпы талаптар.
Курстық жұмыстың (жобаның) мақсаты мен міндеті
Курстық жұмыс(жоба) қандай да бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрдегі студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Шығармашылық өрісін және тәжірибелік қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бойынша студент оқытушының жетекшілігімен курстық жұмысты орындайды.
Курстық жобаның мақсаты:
– Мамандық бойынша теориялық білімнің ауқымдылылығы, қорытындылылығы және жүйелілігін кеңейтіп, бекіту;нақты зерттеулер кезінде қолдана біру;
– ғылыми, оның ішінде сынды пікірлерді дамыту; кәсіптік міндеттерді шешу үшін теориялық білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуді меңгеру;
– өзіндік жұмыстарды жүргізу тәжірибесін алу және даярланып жатқан курстық жұмыс мәселесін шешу кезінде зерттеу әдістемелерін меңгеру;
– студенттің кәсіптік саладағы өзіндік жұмысты жүргізуге даярлық деңгейін айқындау;
-болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын ынталандыру.
Осы мақсаттарға қол жеткізу курстық жобаны жазу процессінде келесі міндеттер шешіледі деп жорамалдайды:
– зерттеу тақырыбын таңдау;
– әдеби көздер мен методикалық, инструктивтік, анықтама – нормативтік және басқа материалдармен жұмыс жасауын терең игеру;
– жалпы материалды дұрыс жүйеленген ғылыми негізгі нәтижелер және нақты экономикалық көрсеткіштердің ұсынысы бойынша іс-әрекеттерін байланыстыра білу;
– жұмыстың қағаз түрінде дайындалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |